6LR61P1B - батарея PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз 6LR61P1B PHILIPS PDF форматында.

PHILIPS 6LR61P1B - батарея
📄 268 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice PHILIPS 6LR61P1B - page 101
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сілтілік батарея
Модель 6LR61P1B
Кернеу 9 В
Сыйымдылық 550 мА·сағ (типтік)
Химиялық құрамы Сілтілік (мырыш-марганец диоксиді)
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) 26,5 мм x 17,5 мм x 48,5 мм
Салмағы 45 г
Терминалдар Бекіткіш (аталық және аналық)
Сақтау мерзімі 5 жылға дейін (20°C температурада сақтағанда)
Жұмыс температурасы -20°C-тан 54°C-қа дейін
Ағып кетуге төзімділік Ішкі ағынсыз құрылыс
Қауіпсіздік Зарядтамаңыз, қысқа тұйықтамаңыз немесе отқа тастамаңыз
Қайта өңдеу Арнайы батарея қайта өңдеу бағдарламалары арқылы қайта өңделеді
Үйлесімділік Стандартты 9В батарея бөлімі
Бренд Philips

Жиі қойылатын сұрақтар - 6LR61P1B PHILIPS

Philips 6LR61P1B батареясы қанша уақыт жұмыс істейді?
Батареяның қызмет ету мерзімі құрылғыға және пайдалануға байланысты. Әдетте, ол шамамен 550 мА·сағ сыйымдылықты қамтамасыз етеді, ол түтін детекторын шамамен 1 жыл немесе мультиметрді жүздеген сағат бойы қуаттай алады.
Philips 6LR61P1B батареясын зарядтауға бола ма?
Жоқ, бұл бастапқы сілтілік батарея және оны зарядтауға болмайды. Зарядтау әрекеті ағып кетуге немесе жарылуға әкелуі мүмкін.
6LR61P1B сияқты 9В батареяны қандай құрылғылар пайдаланады?
Жалпы құрылғыларға түтін детекторлары, көміртегі тотығы дабылдары, мультиметрлер, гитара педальдары, рациялар және кейбір ойыншықтар жатады.
Батареяны қалай сақтау керек?
10°C пен 25°C аралығындағы салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Шектен тыс температурадан және күн сәулесінің тікелей түсуінен аулақ болыңыз. Қысқа тұйықталуды болдырмау үшін терминалдарды металл заттардан алыс ұстаңыз.
Philips 6LR61P1B батареясы ағынсыз ба?
Оның ағып кетуге төзімді дизайны бар, бірақ ешқандай батарея 100% ағынсыз емес. ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, құрылғылардан алыңыз.
Бұл батареяны қалай жоюға болады?
Тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз. Жергілікті батарея қайта өңдеу бағдарламалары арқылы немесе қабылдау пункттеріне тапсырыңыз. Қауіпті қалдықтарға қатысты жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Батарея толық зарядталған кездегі кернеу қандай?
Жаңа сілтілік 9В батарея әдетте жаңа кезінде шамамен 9,6 вольтты көрсетеді. Пайдалану кезінде ол біртіндеп төмендейді.
Бұл батареяны түтін детекторында қолдануға бола ма?
Ия, ол көптеген 9В батареямен жұмыс істейтін түтін детекторларына жарамды. Үйлесімділік үшін детектордың нұсқаулығын тексеріңіз.
Бұл батарея сынап бар ма?
Жоқ, Philips сілтілік батареялары сынапсыз және экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
Бірнеше 6LR61P1B батареяларын тізбектей немесе параллель жалғауға бола ма?
Бұл ұсынылмайды. Бастапқы батареяларды тізбектей жалғау теңгерімсіздікке және ағып кетуге себеп болуы мүмкін. Жоғары кернеу немесе сыйымдылық үшін осындай конфигурацияларға арналған батареяларды пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы 6LR61P1B PHILIPS

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз 6LR61P1B - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. 6LR61P1B брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 6LR61P1B PHILIPS

Oсы Philips қырыну ұстарасын сатып алғаныңызға рахметімізді айтамыз. Мына қолданушы нұсқасын оқыңыз, себебі ол осы ұстараның керемет мүмкіндіктері және қырынуды жеңіл әрі рахат ететін жақсы кеңестер туралы ақпарат ұсынады.

Маңызды

Осы қырыну ұстарасын, Jet Тазалау Жүйесін және Қуатты Pod-ты қолданар алдында осы қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз. Қолдану нұсқасын келешекте қолдану үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті

- Адаптор суланбағандығына көңіл бөліңіз (Сурет 1).

Ескерту

  • Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
  • Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп алып тастап, оның орнына басқа шанышқы қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
  • Бұл құралды, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса, немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
  • Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

Абайлаңыз

  • Егер осы қырыну ұстарасы, Jet Тазалау Жүйесі, Қуатты Pod немесе адаптер зақымдалған болса, онымен қолдануға болмайды.
  • Ұстараны 5°C және 35°C аралығында ғана зарядтаңыз және сақтаңыз.
  • Сапар шегіп жүргенде қырыну бастарын сақтау үшін, оның үстіне қорғаныс қалпағын кигізіп қойыңыз.
  • Қырғыш және қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанармай немесе ацетон тәрізді агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
  • Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
  • Егер адаптер зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны түпнұсқалық түрімен ғана ауыстырған жөн.
  • Jet Тазалау Жүйесін тек түпнұсқалы HQ200 тазалау сұйықтығымен ғана қолданыңыз.
  • Jet Тазалау Жүйесін ешқашан суға батырмаңыз және оны ағын су астында шаймаңыз. (Сурет 2)
  • Jet Тазалау Жүйесін тек 5°C және 35°C температурасы аралығында ғана қолданып, сақтау керек.
  • Jet Тазалау Жүйесінің ағып кетуінен сақ болу үшін, тек тұрақты, тегіс және көлбеу бетке ғана қойыңыз.
  • Тазалағыш орынды әрбір 15 күн сайын босатып, оны ағынды ыстық су астында шайю арқылы жақсылап тазалап отырыңыз.
  • Jet Тазалау Жүйесін тек қана сұйықтыққа қарсы тұра алатын бетке қойыңыз.
  • Jet Тазалау Жүйесі сіздің ұстараңызды жақсылап тазалайды, алайда ол оны инфекциядан тазаламайды, сондықтан ұстараны басқа адамдармен бірігіп қолданбаңыз.
  • Jet Тазалау Жүйесінің тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
  • Jet Тазалау Жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалағыш сұйықтығы ағып кетпеу үшін, оны қозғалтуға болмайды.
  • Quattro Pod-ты суға батыруға немесе ағын су астында шайуға болмайды (Сурет 3).

Стандарттар бойынша сәйкес

- Құрал халықаралық IEC бекіткен қауіпсіздік заңына сәйкес және оны ағын су астында тазалауға болады (Сурет 4).

- Осы Philips құралы Электрмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.

Жалпы

  • Адаптер 100-240 вольтты қауіпсіз 24 вольттен төмен вольтажға алмастырады.
  • Шу деңгейі: Lc= 64 dB(A)

Шолу (Сурет 5)

A Қорғаныс қақпақ В Қырыну бөлігі © Кесетін қайшы D Кесу қайшы функциясының қосу/өшіру сырғымасы E Ұстара (RQ1090/RQ1062/RQ1060/RQ1052/RQ1050) F Қырыну ұстарасының қосу/өшіру түймесі G Дисплей Н Қырыну ұстарасының ұстағышы Jet Тазалау Жүйесі (RQ1005/RQ1000) J Jet Тазалау Жүйесінің қосу/өшіру түймесі K Тазалау белгісі L Кептіру белгісі M 'Тазалау орны бос' белгісі N Тазалау орны 0 Құат түймесі P Тазалайтын тарақ Q Адаптер R Кішкене шанышқы

Дисплей

Қырыну ұстарасын алғаш қолданар алдында дисплей бетіндегі қорғаныс фольгасын алып тастаңыз.

Бес ұстара түрінде (RQ1090, RQ1062, RQ1060, RQ1052 және RQ1050) төмендегі суреттерде көрсетілгендей әр түрлі дисплей болады.

  • RQ1090 (Сурет 6)
  • RQ1062/RQ1060 (Сурет 7)
  • RQ1052/RQ1050 (Сурет 8)
  • Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
  • Сіз қырыну ұстарасын Тазалау Жүйесіне немесе Куатты Pod-қа салғаныңызда, шамамен 5 сағаттан соң көрсеткіш автоматты түрде сөнеді.

Қырыну ұстарасы зарядталып жатқанда, минут көрсеткіштері мен ток сымы белгісі жыпылықтайды (Сурет 9).

Қырынуға болатын минут саны қырыну ұстарасы толығымен зарядталып болғанша, үдейіп отырады.

Қырыну ұстарасы зарядталып жатқанда, ток сымы белгісі жыпылықтайды. (Сурет 10)

Алдымен төменгі зарядталу деңгейінің жебе бастары жыпылықтайды, содан соң екінші зарядталу деңгейінің жебе бастары жыпылықтайды, сөйтіп, бірте-бірте қырыну ұстарасы толығымен зарядталғанша, жалғаса береді.

Қырыну ұстарасы зарядталып жатқанда, батарея белгісі көк болып жыпылықтайды. (Сурет 11)

Батарея толығымен зарядталып болғанда, минут көрсеткіші көрсеткіште көрініп, ток сымы белгісі көрсеткіштен жойылады. (Сурет 12)

Батарея толығымен зарядталып болғанда, барлық жебе бастары және зарядталу деңгей жарықтары токтаусыз көк болып жанып, ток сымы белгісі көрсеткіштен жойылады (Сурет 13).

Сіз қырыну ұстарасын Jet Тазалау Жүйесінен немесе Куатты Pod-тан алғанда, ең жоғарғы зарядталу деңгей жарығы көк болып жанып, батарея толық екендігін білдіреді (Сурет 14).

- Батарея толығымен зарядталып болғанда, батарея белгісі токтаусыз көк болып жанады. (Сурет 15)

Батареясы отырайын деді

RQ1090

  • Батарея толығымен дерлік таусылғанда, (ол жерде тек қана 5 немесе одан кем минут қалғанда), минут көрсеткіші және ток сымы белгісі жымындай бастайды (Сурет 9).
  • Сіз қырыну ұстарасын сөндіргенде, қырыну минуттары және ток сымы белгісі бірнеше секунд бойы жымыңдағанын токтатпайды. Ешқандай минут қалмаған болса, сіз бип дыбысын естисіз.

RQ1062/RQ1060

  • Батарея толығымен дерлік таусылғанда, (ол жерде тек қана 5 немесе одан кем минут қалғанда), батарея белгісі қызыл болып жымындап, төменгі зарядтау деңгей жебе бастары көк болып жымындайды. (Сурет 16)
  • Сіз қырыну ұстарасын сөндіргенде, батарея белгісі және төменгі зарядтау деңгей жебе бастары көк болып бірнеше секунд бойы жымындағанын токтатпайды.

RQ1052/RQ1050

  • Батарея толығымен дерлік таусылғанда, (ол жерде тек қана 5 немесе одан кем минут қалғанда), батарея белгісі қызыл болып жанады. (Сурет 11)
  • Сіз қырыну ұстарасын сөндіргенде, батарея белгісі бірнеше секунд бойы жымындай бастайды.

Зарядтың қалған деңгейі

RQ1090

- Калған батарея мүмкіндігі көрсеткіштегі минут санымен көрсетіледі. (Сурет 12)

RQ1062/RQ1060

- Қалған батарея мүмкіндігі көрсеткіштегі нақты бір зарядтау деңгейі жебе бастарымен көрсетіледі (Сурет 14).

Қырыну ұстарасын тазалау

Тиімді қырыну жұмысы үшін, біз сізге қолданған сайын қырыну ұстарасын тазалап отыруды кеңес береміз.

- Ағын су белгісі жымындап, сізге қырыну ұстарасын тазалау керектігін еске салады. (Сурет 17)

Ескертпе: RQ1062, RQ1060, RQ1052 және RQ1050 түрлерінің дисплейлері әр түрлі болып көрінгенмен, олардың көрсеткіштері бірдей.

Қыратын құралды алмастырыңыз

Тиімді қырыну жұмысы үшін, біз сізге қырыну бөлігін әрбір екі жыл сайын алмастырып отыруды кеңес береміз.

- Қырыну бөлігін алмастыру керектігін сіздің есіңізге салу үшін, қырыну бөлігі белгісі (барлық түрлерінде) жымындайды, ал сіз қырыну ұстарасын сөндіргеніңізде (тек RQ1090 түрі ғана), бип дыбысын естисіз. Бұл әрбір 7 рет қырынып болған сайын, сізге қырыну бөлігін алмастыру керектігін еске салып, қайталанып отырады. (Сурет 18)

Ескертпе: RQ1062, RQ1060, RQ1052 және RQ1050 түрлерінің дисплейлері әр түрлі болып көрінгенмен, олардың көрсеткіштері бірдей.

Сапар шеккенде бекітетін әдіс

Сіз қырыну ұстарасын сапар шегер кезде бекітіп қоюыңызға болады. Сапар шегу бекітпесі қырыну ұстарасын абайсызда қосылып кетуден сақтайды.

Сапар шеккенде бекітетін әдісті белсендіру

1. Қосу/өшіру түймесін 3 секундтай басып тұрыңыз, сонда сапар шеккенде бекітетін әдіс ендіріледі (Сурет 19).

Бекіту белгісі көрсеткіште пайда болады (барлық түрі) және бекітпе белсендірілгендігін білдіріп, бип дыбысы шығады (тек RQ1090 түрі ғана).

Ескертпе: RQ1062, RQ1060, RQ1052 және RQ1050 түрлерінің дисплейлері әр түрлі болып көрінгенмен, олардың көрсеткіштері бірдей.

Сапар шеккенде бекітетін әдісті сөндіру

1 Қосу/өшіру түймесін 3 секундтай басып тұрыңыз. Сапар шеккенге арналған бекітпе сөндірілгендігін білдіріп, мотор жұмыс жасай бастайды.

Енді сіздің ұстараңыз қайта қолдануға дайын.

Ескертпе: Қырыну ұстарасын токқа қосылған қуатты Pod-қа немесе Jet Тазалау Жүйесіне орнатсаңыз, сапар шеккенге арналған бекітпе автоматты түрде сөндіріледі.

Қырыну бастарының қоқыспен бітіп қалуы

- Егер қырыну бастары қоқыстармен бітіп қалған болса, леп белгісі бар қырыну бөлігі және ағын су белгілері жымындай бастайды. Мұндай жағдайда, мотор жұмыс жасай алмайды, себебі қырыну бастары кірленген немесе зақымдалған болады. (Сурет 20)

Ескертпе: RQ1062, RQ1060, RQ1052 және RQ1050 түрлерінің дисплейлері әр түрлі болып көрінгенмен, олардың көрсеткіштері бірдей.

  • Мұндай жағдайда сіз қырыну бөлігін тазалауыңыз немесе алмастыруыңыз қажет.
  • Леп белгісі бар қырыну бөлігі және ағын су белгілері сіз қырыну бастарын тазалағаныңызша жымындай береді.

Зарядтау

Зарядтау шамамен 1 сағат алады.

Толығымен зарядталған қырыну ұстарасы 65 минутқа дейін қырыну уақытын қамтамасыз етеді, ал бұл шамамен 21 рет қырынуға жетеді. Қырыну ұстарасы нақты қырыну уақытын өзі санайды. Егер сіздің сақалыңыз қалың болса, онда қырыну уақыты 65 минуттан кем болуы ықтимал. Қырыну уақыты уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін, ол сіздің қырыну тәртібіңізге және сақал мұрт түріне байланысты болады.

Жылдам зарядталады

Қырыну ұстарасы 5 минут бойы зарядталған болса, онда ол бір қырынуға жеткілікті болады.

1 Кішкене шанышқыны Қуатты Pod-қа кіргізіңіз (Сурет 21). 2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 3 Қақпағының төбесінен тартып (1) оны алып тастаңыз (2) (Сурет 22). 4 Алдымен қырыну ұстарасының төбесін Қуатты Pod-қа енгізіңіз (1), содан соң Қуатты Pod-тың төменгі бөлігін басыңыз (2) (Сурет 23).

Ескертпе: Егер қырыну бөлігінде қорғаныс фольгасы бар болса, онда қырыну ұстарасын Қуатты Pod-қа орнату мүмкін емес.

Көрсеткіш қырыну ұстарасының зарядталып жатқандығын көрсетеді («Көрсеткіш» тармағын қараңыз).

Jet Тазалау Жүйесінде зарядтау

1 Кішкене шанышқыны Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз. 2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 3 Қырыну ұстарасын қондырғыға Jet Тазалау Жүйесінің алдына көрсеткішін қаратып, төңкеріп қойыңыз (Сурет 24).

Ескертпе: RQ1090, RQ1060 түрлері ғана: ұстараны төңкергенде, дисплейдегі көрсеткіштер де төңкеріледі, сонда батареяда қалған зарядты көруге болады.

4 Қырыну ұстарасын қондырғыға тығыздап итеріңіз, сонда ол орнына түсіп бекітіледі (Сурет 25).

Ескертпе: Егер қырыну бөлігінде қорғаныс фольгасы бар болса, онда қырыну ұстарасын Jet Тазалау Жүйесіне орнату мүмкін емес.

Көрсеткіш қырыну ұстарасының зарядталып жатқандығын көрсетеді («Көрсеткіш» тармағын қараңыз).

Ұстараны қолдану.

Қырыну

1 Ұстараны қосу үшін қосу/өшіру түймесін бір мәрте басыңыз. Көрсеткіш бірнеше минутқа жанады. 2 Қыратын ұстара бастарын теріңіздің үстінен жылдам, тік және айналмалы қозғалыстармен жүргізіңіз (Сурет 26). - Құрғақ бетті қырсаңыз, ең жақсы нәтижеге жетесіз. - Сіздің теріңіз осы Philips қырыну ұстара жүйесіне үйрену үшін 2 немесе 3 апта алады. 3 Ұстараны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін бір мәрте басыңыз. Көрсеткіш бірнеше секунд жанып тұрады да, артынан батареяның қалған зарядын көрсетеді (тек RQ1090/RQ1062/RQ1060 түрлерінде).

Кесетін қайшы

Сіз қайшыны мұрттарыңыз бен жақ сақалыңызды тарау үшін қолдануыңызға болады.

1 Қырыну бөлігін қырыну ұстарасынан тартып алыңыз (Сурет 27).

2 Устараны қосу үшін қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.

Көрсеткіш бірнеше минутқа жанады.

3 Кесетін қайшы сырғымасын алға қарай сырғытып, кесетін қайшыны сырғытып шығарып алыңыз (Сурет 28).

4 Енді сіз қырынуыңызға болады.

5 Кесетін қайшы сырғымасын артқа қарай сырғытып, кесетін қайшының күшін жойыңыз.

6 Устараны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.

Көрсеткіш бірнеше секунд жанып тұрады да, артынан батареяның қалған зарядын көрсетеді (тек RQ1090/RQ1062/RQ1060 түрлерінде).

7 Қырыну бөліктің құлағын қырыну ұстараның төбесіндегі тесікшеге кіргізіңіз (1). Содан соң қырыну бөлікті төмен қарай итеріп (2), оны қырыну ұстараға байланыстырыңыз («сырт» ете түседі) (Сурет 29).

Тазалау және күтім көрсету

Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанар май немесе ацетон тәріздес агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.

  • Қырыну ұстарасын ең жақсы және гигиеналық түрде тазалау, ол Jet Тазалау Жүйесі арқылы тазалау. Сіз, сонымен қатар, қырыну ұстарасын ағын су астында немесе қосымша берілген қылшақпен тазалауыңызға да болады.
  • Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
  • Тиімді қырыну жұмысы үшін, қолданған сайын қырыну ұстарасын тазалап отырыңыз.
  • Қырыну ұстара сыртын сіз дымқыл шүберекпен тазаласаңыз болады.
  • Устараны әрдайым тазалап тұрсаңыз, ол сізге жақсы қырыну қызметін қамтамасыз етеді.

Қырыну бөлігін Jet Тазалау Жүйесінде тазалау.

Jet Тазалау Жүйесінде үш түрлі тазалау бағдарламасы бар: Экологиялық бағдарлама, қалыпты бағдарлама және үдетілген бағдарлама. Қырыну ұстарасы автоматты түрде сәйкес келетін бағдарламаны таңдайды.

Jet Тазалау Жүйесін қолдануға дайындау.

Тазалау орнын алғаш қолданар алдында толтырып алыңыз.

1 Кішкене шанышқыны Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз. 2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. Ұстағыш өзінің ең жоғарғы ұстанымына автоматты түрде апарылады.

3 Тазалау орнының екі жағындағы босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Содан соң Jet Тазалау Жүйесін тазалау орнынан тартып алыңыз (2). (Сурет 30) Тазалағыш орын артында қалады. 4 Тазалау сұйықтығы бар бөтелке қақпағын бұрап ашыңыз да, ауаны тығыздайтын мөрін алыңыз. 5 Тазалау орнын HQ200 тазалау сұйықтығымен MAX көрсеткішіне дейін толтырыңыз (Сурет 31). 6 Jet Тазалау Жүйесін тазалау орнына қайтадан қойыңыз (Сурет 32).

Босату түймелері қайтадан орнына түсіп, сырт ете түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

Jet Тазалау Жүйесін қолдану.

1 Қырыну ұстарасын қондырғыға қойыңыз. Көрсеткіш қырыну ұстарасы зарядталып жатқандығын көрсетеді («Көрсеткіш» тармағын қараңыз) (Сурет 33). 2 Тазалау бағдарламасын бастау үшін, Jet Тазалау Жүйесіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз. (Сурет 34) Қырыну ұстара көрсеткіші зарядталып жатқандығын білдіретін көрсеткішті көрсеткенін тоқтатады. Тазалау жарығы жымыңдап, ұстара автоматты түрде тазалағыш сұйықтыққа батырылады (Сурет 35). Тазалау жарығы бүкіл тазалау бағдарлама бойы жымыңдап тұрады, ол, тазалау бағдарламасына байланысты, 4-тен 6 минутқа дейін уақыт алады. Тазалау бағдарламасының бірінші фазасында ұстара автоматты түрде бірнеше рет қосылып, өшіріліп отырады және әр түрлі ұстанымға келтіріледі. Тазалау бағдарламасының екінші бөлігінде, қырыну ұстарасы кептіру ұстанымына қойылады, ол кептіру белгісінің жымындауы арқылы көрсетіледі. Бұл бағдарлама бөлігі шамамен 2 сағат уақыт алады. Ұстара бұл ұстанымда бағдарлама таусылғанша тұрады. (Сурет 36)

Тазалау бағдарламасынан соң, зарядталу көрсеткіші пайда болады («Көрсеткіш» тармағын қараңыз).

Ескертпе: Егер сіз тазалау бағдарламасы барысында Jet Тазалау Жүйесінің қосу/өшіру түймесін басқан болсаңыз, бағдарлама уақыттан бұрын тоқтатылып және қайта қосылады. Бұл жағдайда тазалау немесе кептіру жарығы жымыңдағанын тоқтатып, қондырғы өзінің бастапқы ұстанымына келеді.

Ескертпе: Егер сіз адаптерді тазалау бағдарламасы барысында қабырғадағы розеткадан суырып алған болсаңыз, бағдарлама уақыттан бұрын тоқтатылады. Қондырғы сол уақыттағы ұстанымда қалады. Адаптерді қайтадан қабырғадағы розеткаға қоссаңыз, қондырғы ең жоғарғы ұстанымға барады.

  • Сұйықтық деңгейі минималды деңгейден төмендегенде, тазалау жарығы және «тазалау орны бос» деген белгі жымыңдап, қондырғы бастапқы ұстанымға оралады (Сурет 37).
  • Егер сіз жуғыш машинаңызды ұстараны тазалау үшін күнделікті қолданатын болсаңыз, тазалағыш орынды шамамен әрбір 15 күнде толтырып тұруыңыз керек болады.

Jet Тазалау Жүйесін тазалау

1 Jet Тазалау Жүйесінің екі жағындағы босату түймелерін бір уақытта басыңыз (1). Содан соң Jet Тазалау Жүйесін тазалау орнынан тартып алыңыз (2). (Сурет 30)

Тазалағыш орын артында қалады.

2 Қалған тазалағыш сұйықтықты тазалағыш орыннан төгіп тастаңыз. (Сурет 38)

Тазалағыш сұйықтықты раковинаға ағызып жіберсеңіз болады.

3 Тазалағыш орынды ағын су астында шайю арқылы тазалап алыңыз (Сурет 39).

Тазалағыш орынды ыдыс жуғышта жууға болмайды.

4 Тазалау орнын HQ200 тазалау сұйықтықпен MAX көрсеткішіне дейін толтырыңыз (Сурет 31).

5 Jet Тазалау Жүйесін қайтадан тазалау орнына қойыңыз. (Сурет 32)

Босату түймелері қайтадан орнына түсіп, сырт ете түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- Jet Тазалау Жүйесін дымқыл шүберекпен тазаласаңыз болады.

- Тазалау орнын әрбір 15 күн сайын тазалаңыз.

Қырыну бөлігін ағын су астында тазалау.

1 Ұстараны сөндіріңіз. 2 Үш қырыну бастарын ашу үшін, бір-бірлеп тартыңыз (Сурет 40). 3 Барлық үш қырыну бастарын және үш шаш жиналатын орындарын ыстық ағын су астында 30 секундтай шайыңыз. (Сурет 41)

Ыстық сумен абай болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін, әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.

4. Мұқият түрде артық суды сілкіп жіберіңіз де, қырыну бастарын толығымен кебу үшін ашық күйде қалдырыңыз.

Ұстараның қыратын бөлігін сүлгімен немесе шүберекпен сүртпеңіз, себебі бұл қыратын бастарға зақым келтіруі мүмкін.

Қырыну бөлігін қосымша берілген қылшықпен тазалау.

1. Ұстараны сөндіріңіз. 2. Үш қырыну бастарын ашу үшін, бір-бірлеп тартыңыз (Сурет 40). 3. Қырыну бастарын және шаш жиналатын орындарын қосымша берілген қылшықпен тазалаңыз (Сурет 42). 4. Қырыну бастарын жабыңыз.

Кесу қайшыны қосымша берілген қылшықпен тазалау.

Құралды қолданған сайын тазалап тұрыңыз.

1. Ұстараны сөндіріңіз.

2. Кесетін қайшы сырғымасын алға қарай сырғытып, кесетін қайшыны сырғытып шығарып алыңыз (Сурет 28). 3. Кесетін қайшыны қосымша берілген қылшықтың қысқа қылшық жағымен тазалаңыз. Кесу қайшысының тістерін жағалай және жоғары-төмен етіп тазалаңыз (Сурет 43). 4. Қырыну ұстарасын қосыңыз және сөндіріңіз де, 3-қадамды қайталаңыз. 5. Кесетін қайшы сырғымасын артқа қарай сырғытып, кесетін қайшының күшін жойыңыз.

Кеңес: Тиімді қайшы жұмысын алу үшін, әрбір алты ай сайын, қайшы тістерін бір тамшы машина майымен майлап отырыңыз.

Сақтау

Ұстараны сақтап қоюдың немесе сапар шеккенде өзіңізбен алып жүрудің екі түрлі жолы бар:

  • Ұстараны Қуатты Pod-қа немесе Jet Тазалау Жүйесіне қойыңыз. Қорғаныс қақпағы қырыну бөлігіне кигізілгендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
  • Қырыну бастарын зақымдамас үшін, қорғаныс қақпағын қырыну бөлігіне сырғытып кигізіңіз (Сурет 44).

Алмастыру

Көрсеткіште қырыну бөлігі белгісі пайда болғанда, қырыну бөлігін алмастырыңыз. Зақымдалған қырыну бөлігін дереу алмастырыңыз.

Тиімді қырыну жұмысы үшін, біз сізге қырыну бөлігін әрбір екі жыл сайын алмастырып отыруды кеңес береміз.

Қырыну бөлігін тек түпнұсқалы RQ10 Philips Arcitec Қырыну Бөлігімен ғана алмастырыңыз.

  1. Ескі қырыну бөлігін ұстарадан тартып шығарыңыз (Сурет 27). 2 Жаңа қырыну бөліктің құлағын қырыну ұстараның төбесіндегі тесікшеге кіргізіңіз (1). Содан соң қырыну бөлікті төмен қарай

итеріп (2), оны ұстараға байланыстырыңыз («сырт» ете түседі) (Сурет 29).

Бөлшектерге тапсырыс беру

Мына төмендегі бөлшектерге тапсырыс беруге болады:

  • HQ8500 адапторы
  • RQ10 Philips Arcitec Қырыну Бөлігі
  • HQ110 Philips Қыратын Бастарды тазалайтын спрей
  • HQ200 Philips Тазалағыш Сұйықтық

Қоршаған орта

  • Құрал өзінің қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, оны күнделікті үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Оның орнына бұл құралды қайта өңдеу мақсатына алатын арнайы жерге өткізіңіз. Сонымен қатар сіз қоршаған ортаны сақтауға көмегіңізді тигізесіз (Сурет 45).
  • Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын батарея құрамында қоршаған ортаға тигізер зиянды заттар бар. Құралды тастар немесе арнайы жинап алатын орынға берер алдында батареяны алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Егер батареяны шығару сіздің қолыңыздан келмесе, құралды Philips қызмет орталығына апаруыңызға болады, ондағы адамдар батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған ортаға зияны тимейтін жағдайда оның көзін жояды.

Батареяны алып тастау

Батареяны тек ұстараны тастар алдында ғана алыңыз.

Батареяны алар алдында оның толығымен таусылғандығын тексеріңіз.

1 Ұстараны Қуатты Pod-тан немесе Jet Тазалау Жүйесінен алыңыз. 2 Ұстараны тоқтағанша жұмыс жасатыңыз. 3 Қырыну бөлігін қырыну ұстарасынан тартып алыңыз. 4 Ұстараның артындағы 2 бұрауышты босатыңыз. (Сурет 46)

ҚАЗАҚША118

5 Ұстараны ашу үшін бұрауышты алдыңғы және артқы панель ортасына кіргізіңіз. (Сурет 47) 6 Панельдерді алыңыз (Сурет 48). 7 Ұстара ішіндегі 3 бұрауышты босатып, артқы жабылғысын алыңыз (Сурет 49). 8 Мотор бөлігінен ток сымдарын жұлып алыңыз да, батареяларды алыңыз (Сурет 50).

Абай болыңыз, батарея ленталары өте өткір болады.

Батареяларды алып тастағаннан соң, ұстараны токқа қосулы Қуатты Pod-қа немесе Jet Тазалау Жүйесіне қоймаңыз.

Кепілдік және қызмет көрсету

Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар орталығына хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилерімен байланысыңыз.

Кепілдік шектері

Қырыну бастары (алмастар және қорғаныстар), олар тез тозатын болғандықтан, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтамасыз етілмейді.

Жиі қойылатын сұрақтар

1 Неліктен ұстара бұрынғыдай жақсы қырмайды?

- Мүмкін Jet Тазалау Жүйесі тазалағыш сұйықтық кірленіп қалғандықтан немесе тазалағыш сұйықтық деңгейі тым төмен болғандықтан жуғыш машина ұстараны дұрыстап тазаламаған болар. Ары қарай жалғастырар алдында ұстараны дұрыстап тазалап алыңыз. Егер қажет болса, тазалағыш орынды тазалап

және оны қайта толтырыңыз («Тазалау және күту» тармағын қараңыз).

- Қыратын бастар зақымдалған немесе тозған болар. Қыратын бастарды ауыстырыңыз («Алмастыру» тармағын қараңыз).

2 Неліктен құрал қосу/өшіру түймесін басқанда қосылмайды?

- Батареясы таусылған болар. Батареяны зарядтаңыз («Зарядтау» тармағын қараңыз).

- Мүмкін сапар шегу бекітпесі белсендірілген болар. Қосу/өшіру түймесін 3 секундтай басып, сапар шегу бекітпесін сөндіріңіз.

- Қырыну бөлігі соншалықты, тіпті моторы жұмыс жасамайтындай болып, кірленген немесе зақымдалған болар. Бұл жағдайда леп белгісі бар қырыну бөлігі және ағын су белгілері жымындай бастайды. Демек, сізге қырыну бөлігін тазалау керек немесе алмастыру керек.

- Мүмкін қырыну ұстара температурасы тым жоғары болар. Бұл жағдайда ұстара жұмыс жасамайды, және көрсеткіште леп белгісі жымыңдайды. Ұстара температурасы әлдеғандай төмендеген бойда, ұстараны қайта қосуыңызға болады.

3 Неліктен қырыну ұстарасы мен оны Jet Тазалау Жүйесінде тазаласам да толығымен таза емес?

- Тазалағыш орындағы тазалағыш сұйықтық кірлеп қалған болар. Тазалағыш орынды босатып, тазалаңыз.

- Тазалағыш сұйықтық деңгейі тым төмен болар. Егер тазалағыш орындағы тазалағыш сұйықтық мөлшері тазалау бағдарламасы барысында минимум деңгейінен түсіп кеткен болса, бағдарлама жұмысын тоқтатады. Тазалау жарығы интервалмен жымындай бастап, ұстағыш өзінің бастапқы ұстанымына келеді. Тазалағыш орнын тазалағыш сұйықтықпен MAX деңгейіне дейін қайтадан толтырыңыз («Тазалау және күту» тармағын қараңыз).

- Мүмкін сіз түпнұсқалы Philips тазалау сұйықтығынан басқа тазалау сұйықтық қолданған боларсыз. Тек HQ200 тазалау сұйықтығын ғана қолданыңыз.

4 Неліктен Jet Тазалау Жүйесі мен қосу/өшіру түймесін басқанымда жұмыс жасамайды?

  • Jet Тазалау Жүйесі токқа қосылмаған болар. Кішкене шанышқыны Jet Тазалау Жүйесіне кіргізіңіз, және адапторды қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
  • Мүмкін Jet Тазалау Жүйесі мен қырыну ұстарасы арасында электрлік байланыс жоқ болар. Қырыну ұстарасын қондырғыға қаттылып орнына бекітілгенше итеріңіз.

5 Неліктен Jet Тазалау Жүйесінің жұмыс жасау уақыты әр түрлі болады?

- Jet Тазалау Жүйесінде үш түрлі тазалау бағдарламасы бар: экологиялық бағдарлама, нормалы бағдарлама, және үдейтілген бағдарлама. Бұл бағдарламалардың әр қайсысының жұмыс жасау уақыты әр түрлі болып келеді. Қырыну ұстарасы автоматты түрде сәйкес келетін тазалау бағдарламасын таңдайды.

6 Неліктен қырыну ұстарасы мен оны Қуатты Pod-та/Jet Тазалау Жүйесінде зарядтасам да, ол толығымен зарядталмады?

- Мүмкін сіз қырыну ұстарасын Қуатты Pod-қа/Jet Тазалау Жүйесіне дұрыстап қоймаған боларсыз. Қырыну ұстарасы орнына түсіп, бекітілгенше итеріңіз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : 6LR61P1B

Санат : батарея