E4D AA W C - тоңазытқыш Hotpoint Ariston - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз E4D AA W C Hotpoint Ariston PDF форматында.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - тоңазытқыш
📄 80 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice Hotpoint Ariston E4D AA W C - page 77
Нұсқаулықты қарау : Čeština CS Ελληνικά EL Suomi FI Magyar HU Қазақша KK Slovenčina SK Slovenščina SL Svenska SV
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы E4D AA W C Hotpoint Ariston

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз E4D AA W C - Hotpoint Ariston және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. E4D AA W C брендінің Hotpoint Ariston.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ E4D AA W C Hotpoint Ariston

Техникалық қызмет және күтіп ұстау, 78

Сақтандыру шаралары, 79

Ақауларды жою, 80

Техникалық қолдау

Техникалық қызмет көрсету

Техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын:

- ақауды өз бетінше жөндеуге болатындығын тексеріп алыңыз (Ақаулар және оларды жою әдістері бөлімін қараңыз). Модель, сериялық нөмірі

Техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласқанда мыналарды хабарлау қажет:

  • ақау типі • бұйым моделі (Мод.) • тех.паспорт нөмірі (сериялық №)

бұл мәліметтердің бәрін тоңазытқыш камерасының сол жақ бетінде төменде орналасқан техникалық сипаттамалары бар кестеден табасыз.

Уәкілетті емес тұлғалардың қызметін пайдаланбаңыздар. Жөндеу жұмыстарында түпнұсқа бөлшектерді талап етіңіздер.

GR - модель HR - модель RS - модель SK - модель SI - модель DK - модель FI - модель NO - модель SE - модель RU - модель BG - модель CZ - модель HU - модель KZ - модель

Модель RG 2330 Код 93139180000, сериялық нөмір 704211801 250-240 В, 5 Гц, 150 Вт, сақтандырғыш A Max 15 Жалпы 340 75 Брутто, брутто, брутто, брутто, брутто, нетто, пайдалы, пайдалы, брутто, брутто, брутто, мұздату қуаты, кг/24 сағ 4,0, класс N, класс Компрессор R 134a, сынақ қысымы ЖОҒАРЫ-235 P.S-I…

GR - сериялық нөмір HR - сериялық нөмір RS - сериялық нөмір SK - сериялық нөмір SI - сериялық нөмір DK - сериялық нөмір FI - сериялық нөмір NO - сериялық нөмір SE - сериялық нөмір RU - сериялық нөмір BG - сериялық нөмір CZ - сериялық нөмір HU - сериялық нөмір KZ - сериялық нөмір

Құрылғы сипаттамасы. Басқару тақтасы

1 МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасы мұздатқыш камерасының температурасын реттеуге арналған. Бұл түйме ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ түймесімен бірге басып, 3 секунд ұстап тұрғанда өнім қосылады/өшеді. 2 ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ түймесі жаңа тағамды мұздату үшін қолданылады. Өнім өшіп тұрғанда, оны қосу үшін түймені басып, 3 секунд ұстан тұрыңыз. 3 ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ түймесі басылғанда, ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ көк шамы жанады. 4 МҰЗДАТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫ сары шамы, мұздатқыштың температурасы шкалада көрсетілген 4 деңгейге сәйкес болады. 5 ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫ сары шамы, тоңазытқыштың температурасы шкалада көрсетілген 4 деңгейге сәйкес болады. 6 ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ түймесі басылғанда, ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ көк шамы жанады. 7 ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ түймесі тоңазытқыш камерасы температурасын жылдам төмендету үшін арналған. 8 ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ ТҮЙМЕСІ ТОҢАЗЫТҚЫШ камерасының температурасын реттеуге арналған.

Индикатор шамдары муздаткыш камерасында температураның әдеттен тыс өсуін көрсету үшін де қолданылады (Ақаулықтарды жою бөлімін қараңыз).

graph LR A["1"] --> B["2"] B --> C["SUPER FREEZE"] C --> D["-262 220 18"] D --> E["3"] E --> F["4"] F --> G["5"] G --> H["6"] H --> I["SUPER COOL"] I --> J["7"] J --> K["8"] K --> L["9"] L --> M["10"] M --> N["11"] N --> O["12"] O --> P["13"] P --> Q["14"] Q --> R["15"] R --> S["16"] S --> T["17"] T…

Осы брошюрадағы нұсқаулық тоңазытқыштың әртүрлі модельдеріне қатысты қолданылады. Суреттер сіз сатып алған модельге сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Барынша нақты сипаттаманы келесі беттерден таба аласыз.

1 Түзулеу аяғы 2 Өнімдерді қатыру және сақтауға арналған бөлім 3 Бөтелке сөресі 4 Food Care Zone / Food Care Zone 0°C / Safe Defrost* 5 Жеміс пен көкөніс жәшігі 6 Алынбалы бірнеше функциялы сөрелер* 7 Баскару тақтасы 8 WINE RACK*.

! Тоңазытқышты токқа қоспас бұрын, алдымен нұсқаулықтармен мұқият танысып алыңыз. Оларда тоңазытқышты пайдалану, орнату және күтіп ұстау жөнінде маңызды ақпараттар болады.

! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану барысында ол сізге қажет болады.

Орнату және қосу

Орнату

  1. Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге орналастырыңыз.
  2. Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз: компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және электр қуатын тұтынуды азайтады.
  3. Құрылғының үсті мен одан жоғары орналасқан кез келген жиһаз арасында кем дегенде 10 см, ал бүйірлері мен кез келген жиһаз/қабырғалар арасында кем дегенде 5 см бос орын қалдырыңыз.
  4. Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз (күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
  5. Құрылғы мен қабырға арасында тиісті аралықты сақтау үшін орнату жинағында берілген төсемдерді нұсқауларға сәйкес қойыңыз.

Электр желісіне жалғау

Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз және электр тоғына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағаттай күтіңіз. Тоңазытқышты электр тоғына қоспас бұрын, мыналарды тексеріп алыңыз:

  • розетка занға сәйкес жерге түйықталып тұруы керек;
  • розетка тоңазытқыш камерасының ішіңдегі төменгі оң жақ бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек (мысалы: 150 Ватт); • тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек (мысалы: 220-240 Вольт)
  • розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек. • сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара); ұзартқыш пен көп көзді токты пайдалануға болмайды.

! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп орналасуы керек.

! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.

! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек, және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).

! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.

Kocy

Бұйымды пайдалануға іске қосу

! Бұйымды қоспас бұрын барлық нұсқаулықтардың тиісті дәрежеде сақталуын тексеріп алыңыз («Орнату» бөлімін қара).

! Бұйымды электр желісіне қоспас бұрын барлық бөлімшелерін және құрылғы заттарын ас содасы қосылған жылы сумен жуып алыңыздар.

! Тоңазытқыш бақылау қорғаныс жүйесімен жабдықталған, осыған байланысты бұйым іске қосылғаннан кейін компрессор шамамен 8 минут өткеннен кейін ғана қосылады. Компрессор әрқашанда электр энергиясы сөніп қалғанда (энергияны үнемдеу үзілісінде) іске қосылады.

  1. Айырды розеткаға қосыңыз, одан кейін тиісті түйменің көмегімен өнімді қосып, тоңазытқыш және мұздатқыш

температураларының сары шамдары жанатынына көз жеткізіңіз

  1. Бірнеше сағаттан кейін тоңазытқышқа тағам салуға болады.
  2. ЖЫЛДАМ МУЗДАТУ түймесін басыңыз: ЖЫЛДАМ МУЗДАТУ индикатор шамы жанады. Тоңазытқыш онтайлы температураға жеткенде индикатор шамы сөнеді, яғни тағам

сақтауды бастауға болады.

Қыраусыз жүйе салқын ауаны үздіксіз айналдырып, ылғалдылықты жинап алады және мұз бен қыраудың пайда болуына жол бермейді. Бұл жүйе камерада оңтайлы ылғалдылық деңгейін қамтамасыз ете отырып, тағамның бастапқы сапасын сақтайды, тағамдардың бір-біріне жабысуына жол бермейді және жібітуді еткен шақ ісіне айналдырады. ! Тоңазытқыштың артқы панеліне тікелей тағам немесе ыдыс тигізіп қойып, ауа ететін ұяшықтарды жауып тастамаңыз.

!Мұздатқыш Жабу Қоңырау соғу үшін басу (көру сандық сурет)

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Бұйымды пайдалануға іске қосу - 1

ЖЕМІС пен КӨКӨНІС жәшігі *

Тоңазытқыш ішіндегі салат бөліктері жеміс пен көкөністі жаңа әрі қатты күйде сақтау үшін арнайы жасалған. Жеміс сияқты тағамды ылғалдылығы одан төмен ортада сақтау керек болса, ылғалдылық реттегішін ашыңыз (В күйі) немесе көкөністер сияқты тағамды ылғалдылығы жоғары ортада сақтау үшін оны жабыңыз (А күйі).

A ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУ B

  • Тоңазытқышты және оның толық күшін пайдалану Температураны реттеу үшін ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ түймесін пайдаланыңыз (Сипаттама бөлімін қараңыз). • температураны жылдам төмендету мақсатында СУПЕР

KZ

САЛҚЫНДАТУ түймесін басыңыз, мысалы, үлкен көлемде азық-түлікті сатып алғанда тоңазытқыштың ішкі температурасы аздап жоғарылайды. Бұл функция температураны уақытша төмендету арқылы өнімді ол керекті деңгейге жеткенге дейін салқындатады.

  • Орналастырылатын азық-түліктер суық немесе жылы болуы керек, бірақ ешқашан олар ыстық болмауы керек («Алдын ала сақтандыру» бөлімін қара).
  • Пісірілген азық-түліктер шикілер секілді ұзақ сақталмайды.
  • Тоңазытқыш камерасына сұйық құйылған беті жабылмаған ыдыстарды қоймаңыздар, өйткені ылғалдың көбеюіне және конденсаттың пайда болуына әкеледі.

СӨРЕЛЕР: тормен және торсыз.

Арнайы бағдарлар көмегімен сөрелердің биіктігін алып тастауға және өзгертуге болады (суретті қараңыз), ол ішінде азығы бар үлкен контейнерлерді сақтауға мүмкіндік береді. Биіктігін сөрені толығымен жылжытпай-ақ өзгертуге болады.

1 2

Food Care Zone *

Ет пен балық сияқты тез бұзылатын тағамды сақтауға арналған камера. Камерадағы төмен температура (-2 / +3°C) құрамын, тағамның түрін және дәмін өзгертпей бір аптаға дейін сақтауға (сынақтар ет өнімдерімен өткізілген) мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, камера тағамды дұрыс жібітуге қолайлы, себебі төмен температурада жібіту арқасында микроорганизмдердің өсуіне жол берілмейді және тағамның дәмі мен органолептикалық сипаттары сақталады. Оны жемістерді, көкөністерді және жасыл салаттарды сақтауға қолданбаған жөн. Дегенмен, оны балғын сүт өнімдері мен сүт, турама салынған паста және тіпті пісірілген тағамдар мен қалып қойған тағамдарды сақтау үшін қолдануға болады.

БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУҒА арналған КОНТЕЙНЕР *

Бұл жаңа қосымша құрал, ол әртүрлі өнімдерді (мысалы ірімшік және суық ет) балғын күйінде ұзақ сақтауға арналған. Егер ол керек болмаса, оны алып тастауға болады. Бөтелкеде тұратын өнімдерге арналған сөре болған жағдайда Балғындықты сақтауға

ТЕМПЕРАТУРА индикаторы *: тоңазытқыштың ең суық жерін көрсетеді.

  1. Индикаторда «ОК» жазуының көрінуіне көз жеткізіңіз (суретті қараңыз).

Hotpoint Ariston E4D AA W C - БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУҒА арналған КОНТЕЙНЕР * - 1

  1. Егер «ОК» жазуы пайда болмаса, ол температураның тым жоғары екендігін білдіреді: ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасы күйін оны жоғары қарай бұрай отырып реттеп алыңыз және температура ретке келгенге дейін шамамен 10 сағаттай күтіңіз.
  2. Индикаторды қайтадан тексеріңіз: қажет болған жағдайда, процесті қайтадан қайталаңыз. Егер азық-түлік көп болатын болса немесе тоңазытқыш есігін жиі ашқан болсаңыз, онда индикатор ОК жазуын көрсетпеуі мүмкін. ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын тағы жоғары бұрамас бұрын 10 сағаттан кем емес уақыт күте тұрыңыз.

Күтіп ұстау функциясы

Тұтынылатын қуат мөлшерін оңтайландыру үшін күтіп ұстау функциясын қосуға болады. Бұл функцияны қосу үшін ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ және ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ түймелерін бірге басып, кем дегенде 6 секунд ұстап тұрыңыз. Функция қосылған кезде 4 индикатор шамы 2 секунд жанады: ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ шамы, ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ шамы және екі температура шамы-біреуі тоңазытқыштың, екіншісі мұздатқыштың шамы. 5 секундтан кейін интерфейс қуат үнемдеу режиміне өтіп, индикатор шамдары сөнеді. Интерфейс есік ашылғанның өзінде де өшіп тұрады. Оны қайтадан қосу үшін кез келген түймені бассаңыз болғаны. Температураны өзгерту үшін реттеу түймелерін басыңыз. Функция қосылғаннан 48 сағаттан кейін қуат тұтыну оңтайландырылады. Күтіп ұстау функциясын өшіру үшін өнімді өшіріңіз (сипаттаманы қараңыз). Өнімді қалыпты режимде жұмыс істету үшін қосуға болады. Күтіп ұстау функциясы ылғал орталарда қосылған кезде, есіктерде аз ғана конденсация пайда болуы мүмкін; функция өшірілген кезде қалыпты жұмыс жағдайлары қалпына келтіріледі.

Мұздатқыш ішіндегі орынды барынша арттыру үшін барлық жәшіктерді орындарынан алып, тамақты бірге берілген тартпаларға/шыны сөрелерге [бар болса] тікелей қоюға болады.

Жасырын сөре*

Мұздатқыш камерасында жоғарғы және төменгі мұздатқыш себеттерінің арасында орналасқан сымнан жасалған сөре бар. Сымнан жасалған сөрені ашу үшін жоғарғы мұздатқыш есігінің себетін шешіп алыңыз. Сымнан жасалған сөрені алдыңғы шетінен ұстап, мұздатқыштан шығарып алуға болады.

Сымнан жасалған сөрені тек ұзақ мерзім сақтау үшін қолданған жөн.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Жасырын сөре* - 1

Арнайы мұз ыдыстарына су құйғаннан кейін оларды мұз құрылғысына қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан кейін мұз текшелері дайын болады. Мұз текшелерін жасау үшін екі түймені оң жаққа бұрсаңыз болғаны. Мұз текшелері астыңғы жақтағы науаға түсіп, қолдануға дайын болады.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Жасырын сөре* - 2

Қосымша сақтау орны қажет болса, мұз жасау құралының жоғарғы жағындағы қадашықты итеру арқылы оны шығарып алуға болады.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Жасырын сөре* - 3

Техникалық қызмет және күтіп ұстау

Тоңазытқышты өшіру

Бұйымды жуар немесе басқа техникалық қызмет көрсету алдында оны электр желісінен ажыратып алыңыз:

  1. МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ түймесін және ЖЫЛДАМ МҰЗДАТУ түймесін 3 басып тұрып, өнімді өшіріңіз. 2. Бұйымның вилкасын электр желісінен ажыратыңыз. ! Жоғарыда аталған іс-әрекеттер легі орындалмаған жағдайда,

апаттық дабыл берілуі мүмкін: осы сигнал бұйымның ақауының бар екендігін білдірмейді. Бұйымның дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін ON/OFF тұтқасын бұрау жетіп жатыр. Бұйымды электр қорегін беруден ажырату үшін 1 және 2 тармақтарда көрсетілген процедураларды орындау керек.

Бұйымды тазалау

  • Бұйымның ішкі және сыртқы бетін, сонымен қатар каучук төсемдерін тазалау үшін ас содасы немесе бейтарап сабын салынған жылы суға малынған губканы пайдалану керек. Еріткіш заттарды, түрпі, хлор және аммиак қосылған заттарды пайдалануға болмайды.
  • Алынатын заттарды сабынды ыстық суға немесе ыдыс жууға арналған құрал құйылған суға жібітіп қою керек. Осыдан кейін оларды шайып, мұқият құрғату керек.
  • Тоңазытқыштың артқы қабырғасына шаң тұрып қалуы мүмкін, оны орташа қуатпен жұмыс істейтін шаңсорғыш көмегімен сорып алуға болады. Бұл ретте тоңазытқышты жуар алдында розеткадан ажыратып алу керек.
  • Муздаткыш камерасының тартпаларының бағыттауыштарын тазалаған кезде, тартпаны автоматты түрде жабу механизмі өшірілуі мүмкін. Оны қайтадан қосу үшін әдеттегіден сәл көбірек күш қолданып, тартпаны жапсаңыз болғаны.

Сүңгі және жағымсыз иістерді болдырмау бойынша іс-әрекеттер

- Осы бұйым гигиеналық материалдардан жасалған, олардың

иісі болмайды. Осы сипаттарды сақтау үшін азық-түліктерді мұқият салып, бетін жауып қою керек. Осы процедура арқылы сүңгіні болдырмауға жағдай жасайсыз.

• егер сіз ұзақ уақыт бұйымыңызды өшіріп қойсаңыз, онда бұйымның ішкі бетін тиісті түрде тазалау керек және есіктерін ашық күйде қалдырып кету керек.

Светодиодтар *

Құралдың шығаратын жарық сәулесіне байланысты, светодиодтары бар жаңа түс беру тоңазытқыштағы барлық азық-түлікті анық көруге мүмкіндік береді, көлеңке түсірмейді. Егер светодиодтарды ауыстыру керек болса, Техникалық қолдау қызметімен хабарласыңыздар.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Светодиодтар * - 1

! Бұл тоңазытқыш дүниежүзілік техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген және шығарылған. Төменде келтірілген кеңестер қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында келтірілген және олармен мұқият танысу қажет.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Светодиодтар * - 2

Бұл бұйым Еуропалық Қауымдастықтың келесі Директиваларына сәйкес шығарылған:

  • 73/23/CEE шыққан уақыты 19/02/73 (Төмен кернеу) және оның келесі өзгерістерімен;
  • 89/339/CEE шыққан уақыты 03/05/89 (электромагниттік сәйкестігі) және оның келесі өзгерістерімен;
  • 2002/96/CE.

KZ

Жалпы қауіпсіздік ережелері

  • Бұл бұйым жай ішінде үй шарттарында пайдалануға арналған, коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда пайдалануға болмайды.
  • Тоңазытқыш үй жағдайында мұздатылған және салқындатылған тағамдарды осы нұсқаулыққа сәйкес мұздату үшін ересек адамдар ғана пайдаланылуы қажет.
  • Тоңазытқышты көшеге, бастырма астына орнатуға тыйым салынады, өйткені оған жаңбыр мен найзағайдың әсері өте қауіпті болып табылады.
  • Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен жақындамаңыз.
  • Тоңазытқыштың ішін суытатын беткейлерін ұстамаңыз, өйткені сізді аяз ұсығы шалып немесе зақымдалуыңыз мүмкін.
  • Бұйымның вилкасын розеткадан ажырату үшін ешқашан өткізгіштен тартпаңыз.
  • Бұйымды тазаламас бұрын вилканы міндетті түрде розеткадан ажырату керек, токпен байланыс болмау керек. Тоңазытқышты толық өшіру үшін тұтқаны ӨШІРУ (OFF) бұрау арқылы өшіру жеткіліксіз.
  • Ақаулар болған жағдайда, ешқашан механикалық бөлшектерге ақауларды жою мақсатында өз бетінше әрекет етпеңіз. Тәжірибесі жоқ адам жүргізген жөндеу жұмысы арқылы зақымдалу немесе құрал жұмысында күрделі ақаулар орын алуы мүмкін.
  • Қатырылған азық-түліктерді сақтауға арналған бөлімше ішіне үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші рұқсат бергендерін қоспағанда электр құралдарын салмаңыздар.
  • Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса алғанда), тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз тұлғалардың бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін немесе бұйымды пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның бақылауысыз пайдалануына рұқсат берілмейді.
  • Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат бермеңіздер.

Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау

  • Тоңазытқышты салқын, жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз, тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына орналастырмаңыз.
  • Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға тырысыңыздар.
  • Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол компрессордың артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы көп жұмсалады.
  • Бұйымды мұз пайда бола салысымен үнемі ерітіп отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара); мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының тұтынылуын арттырады.

Ақауларды жою

Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау қызметіне («Қолдау» бөлімін қараңыз) қоңырау шалмас бұрын төмендегілерді тексеріп алыңыз:

Ешбір индикатор шамы жанбайды.

- Күтіп ұстау функциясы белсенді болмаса (бөлімді қараңыз), демек айыр розеткаға қосылмаған, толық салынбай тұр немесе үйде ток жоқ.

Мотор іске қосылмайды.

- Тоңазытқыш мотордың қорғаныс жүйесімен жабдықталған («Қосу» бөлімін қараңыз)

Дисплей қосулы, бірақ дұрыс жанбайды.

- Вилканы шығарыңыз, оны бұраңыз және оны қайтадан розеткаға қойыңыз.

Hotpoint Ariston E4D AA W C - Дисплей қосулы, бірақ дұрыс жанбайды. - 1

а) Дабыл беріледі.

- Тоңазытқыш есігі екі минуттан аса уақытқа ашық қалған (есікті жапқан кезде, дабыл тоқтайды) немесе дұрыс өшіру процедурасы орындалмаған (Жөндеу бөлімін қараңыз).

b) Дабыл беріледі және екі көк индикатор шамы

Hotpoint Ariston E4D AA W C - b) Дабыл беріледі және екі көк индикатор шамы - 1

жыпылықтайды.

- Мұздатқыш ішіндегі температура тым жоғары. Тағам өнімдерінің сапасын тексеріп, қажет болса лақтырыңыз.

+ сигнал = жылу шамадан тыс

с) Дабыл беріледі және екі көк индикатор шамы мен жасыл шам жыпылықтайды.

- Мұздатқыш ішіндегі температура қауіпті мәнге жеткен. Тағамды дереу тастау керек.

+ сигнал = жылу қаупі

b/c) Осы жағдайлардың екеуінде де, тағам еріп кетпеуі үшін мұздатқыш 0 °С шамасындағы температураны ұстап тұрады.

Дыбыстық сигналды өшіру үшін тоңазытқыш есігін ашып жабыңыз.

Қалыпты жұмысты қалпына келтіру үшін басқару тақтасында түймелердің көмегімен өнімді өшіріп, қайта қосу керек (сипаттаманы қараңыз)

Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.

  • Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары зақымдалған.
  • Есіктер жиі ашылады.
  • Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін қара).
  • Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр.
  • Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.

Тоңазытқыш ішіндегі тағам мұздай бастады.

• Температура дұрыс реттелмеген (сипаттаманы қараңыз)

Мотор үнемі жұмыс істеп тұрады.

• СУПЕР ҚАТЫРУ (жылдам қатыру) түймесі басылған: СУПЕР ҚАТЫРУ сары лампасы қосылған немесе жыпылықтап тұр («Сипаты» бөлімін қара). - Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылады. • Қоршаған орта температурасы өте жоғары.

Тоңазытқыш қатты шулайды.

  • Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын шкафтардың ортасына қойылған.
  • Ішкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап шуылдап тұрады. Бұл қалыпты жағдай.

Тоңазытқыш түбінде су пайда болды.

- Суды ағызу тесігі бітеліп қалған («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара).

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hotpoint Ariston

Модель : E4D AA W C

Санат : тоңазытқыш