EC57366AW - плита GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EC57366AW GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Пеш (пісіру панелі + духовка) |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | EC57366AW |
| Қуат көзі | Электрлік, 230 В / 50 Гц |
| Қуат | шамамен 10 кВт |
| Ені | 60 см |
| Тереңдігі | 60 см |
| Биіктігі | 85 см |
| Салмағы | шамамен 55 кг |
| Пісіру панелі | Шыныкерамикалық пісіру панелі, 4 пісіру аймағы |
| Духовка | Электрлік духовка, конвекция, көлемі шамамен 60 л |
| Духовка температура диапазоны | 50 °C-тан 250 °C-қа дейін |
| Бақылау | Айналмалы тетіктер |
| Жабдықтар | Таймер, ішкі жарық, салқындату желдеткіші |
| Тазалау | Оңай тазаланатын шыныкерамика, эмаль духовка |
| Қауіпсіздік | Балалар қорғанысы, қауіпсіздік өшіруі |
| Жеткізу жиынтығындағы керек-жарақтар | Пісіру табағы, гриль торы |
| Жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер қолжетімді, жөндеу индексі (ЕО) бар |
| Кепілдік | 2 жыл (заңды) |
Жиі қойылатын сұрақтар - EC57366AW GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EC57366AW GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EC57366AW - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EC57366AW брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EC57366AW GORENJE
Құралды электр желісіне алғаш рет қосқаннан кейін және электр қуаты өшірілген жағдайда ағымдағы уақытты орнату қажет.

Ағымдағы уақытты орнатпаған жағдайда, пешті қолдануға болмайды.
Егер құрал пешті өшіру ажыратқышымен жабдықталмаған болса, онда қыздырғыш элементтер пештің ашық есігінде де жұмыс істеуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар!

1 Қоңырау 2 Дайындау уақытының ұзақтығы 3 Дайындау уақытының аяқталуы 4 «—» түймесі 5 «+» түймесі
Ағымдағы уақытты орнату
Құралды электр желісіне қосқанда және электр қуаты өшірілгенде дисплейде 0:00 мен S3 индикаторы жыпылықтайды. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз да, одан кейін 4 пен 5 түймелерімен дәл тәулік уақытын орнатыңыз. Бірнеше секундтан кейін S1 индикаторы жанып, құралдың қолмен іске қосу режимінде жұмыс істейтінін көрсетеді.

Егер «+» немесе «–» түймелерін басып тұрып, көрсеткішті тезірек өзгертуге болады (үлкейеді не керісінше төмендейді).
Қолмен іске қосу режимі
Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз. Орнатылған барлық функциялар өзгертіледі (S3 индикаторы қосылып тұрған жағдайда өшіп қалады). S1 индикаторы қосылады. Бұл құралдың қолмен іске қосу режимінде жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау

Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау үшін пешті қосып, қыздыру режимі мен температураны таңдаңыз. Содан кейін, қажетті функцияны орнатуға болады. Дайындап болған соң, пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.
Дайындау уақытының ұзақтығы
Осы функция арқылы пештің жұмыс істеу ұзақтығын уақытты бағдарламалаумен орнатуға болады (дайындау уақытының ұзақтығы).
Функцияның ең жоғары уақыты 10 сағат құрайды.
• 2 түймесін басыңыз. Дисплейде 0:00 пайда болады. 4 пен 5 түймелерімен дайындау уақытының ұзақтығын орнатыңыз. S3 индикаторы қосылады. Уақыт бір минут қадаммен орнатылады. Функцияның ең жоғары уақыты 10 сағат құрайды. - Орнатудан 5 секунд өткен соң, уақыт санағы басталады. Дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 2 түймесін басып, қалған уақытты тексеруге болады және оны қажет кезде 4 пен 5 түймелері арқылы өзгертуге болады. - Орнатылған уақыт өткен соң, дыбыстық белгі естіледі. Оны 1, 2 не 3 түймелерін басып өшіруге болады немесе 7 минуттан соң дыбыс автоматты түрде өшіп қалады. S1 индикаторы өшіп, S3 индикаторы жыпылықтайды. Пеш автоматты түрде өшіп қалады. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басқанда, S3 индикаторы өшіп қалады. S1 индикаторы қосылады да, пеш қолмен іске қосу режиміне дайын.
Дайындау уақытын аяқтау үшін пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.
Дайындау уақытының аяқталуы
Осы функция арқылы пешті өшіру уақытын бағдарламалауға болады (дайындау уақытының аяқталуы).
Дайындау уақытының аяқталуын функцияны орнатқаннан бастап, 10 сағатқа дейін уақытқа бағдарламалауға болады.
- 3 түймесін басыңыз. Дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 4 пен 5 түймелермен дайындау уақытының аяқталу уақытын орнатыңыз (уақыт ұзақтығы қазіргі уақыттан артық болуы қажет). S3 индикаторы қосылады.
- Орнатудан 5 секунд өткен соң, дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 3 түймесін басып, қалған уақытты тексеруге болады және оны қажет кезде 4 пен 5 түймелермен ауыстыруға болады.
- Орнатылған уақыт өткен соң, дыбыстық белгі естіледі. Оны 1, 2 не 3 түймелерін баса отырып, өшіруге болады немесе 7 минуттан соң дыбыс автоматты түрде өшіп қалады. S1 индикаторы өшіп, S3 индикаторы жыпылықтайды. Пеш автоматты түрде өшіп қалады. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басқанда, S3 индикаторы өшіп қалады. S1 индикаторы қосылады да, пеш қолмен іске қосу режиміне дайын.
Дайындау уақытын аяқтау үшін пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.
Қосуды кейінге шегеру
Осы функция арқылы пештің жұмыс істеу ұзақтығының уақыты (дайындау уақытының ұзақтығы) мен пешті өшіру уақытын бағдарламалауға болады (дайындау уақытының аяқталуы). Дайындау уақытының аяқталуын функцияны орнатқаннан бастап, 10 сағатқа дейін бағдарламалауға болады.
• 2 түймесін басыңыз да, 4 пен 5 түймелермен дайындау уақытының ұзақтығын орнатыңыз. • 3 түймесін басыңыз да, дисплейде қазіргі тәулік уақытының көрсеткіші мен дайындау уақытының ұзақтығы көрсетіледі. 4 пен 5 түймелермен дайындау уақытының аяқталу уақытын орнатыңыз.
- Егер де, дайындау уақытының аяқталу уақыты қазіргі тәулік уақыт көрсеткіші мен дайындау уақытының ұзақтығынан жоғары болғанда S1 индикаторы өшеді. Пеш автоматты түрде белгілі уақытта қосылады да, орнатылған уақытта өшеді.
Мысал:
Қазіргі уақыт 12:00, дайындау уақытының ұзақтығы 1:30 орнатылды, ал аяқталуына 14:00 орнатылды. Демек, пеш 12:30 қосылады.
Дайындау уақытын аяқтау үшін пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.
Коңырау
Бағдарламалаушы қоңырау функциясымен жабдықталған. Ол орнатылған уақыттың өткенін хабарлайды да, пешті өшірмейді. Қоңырауды пештің жұмыс істеуіне тәуелсіз қолдануға болады.
Функцияның ең жоғары уақыты 23 сағат 59 минут құрайды!
• 1 түймесін басып, 4 пен 5 түймелермен қоңырау уақытын орнатыңыз. S2 индикаторы қосылады. Функцияның ең жоғары уақыты 23 сағат 59 минут құрайды! - Орнатудан 5 секунд өткен соң, уақыт санағы басталады. Дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 1 түймесі арқылы қалған уақытты тексеруге болады және оны қажет кезде 4 пен 5 түймелермен өзгертуге болады. - Орнатылған уақыт өткен соң, дыбысты белгі естіледі. Оны 1, 2 не 3 түймелерін баса отырып, өшіруге болады немесе 7 минуттан соң дыбыс автоматты түрде өшіп қалады. S2 индикаторы өшеді.
Дыбыс белгінің дауыс қаттылығын орнату
Сіз дыбыс белгінің дауыс қаттылығының 3 деңгейінің біреуін таңдай аласыз.
• 4 түймесін басып тұрыңыз. Сіз дауыс қаттылығының бірінші деңгейін естисіз. Жіберіңіз де, қайта 4 түймесін басыңыз. Келесі дауыс қаттылығының деңгейі естіледі. Бағдарламалаушы соңғы орнатылған дауыс қаттылығының деңгейін автоматты түрде сақтайды.
- Сіз дыбыс белгінің дауыс қаттылығын қалаған уақытта өзгерте аласыз.
Ағымды функцияны болдырмау
- Кез келген ағымды функцияны болдырмау үшін тек қоңыраудан басқа, бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз. Бағдарламаны орындау мен дайындау автоматты түрде тоқтатылады. Бағдарламалаушы қолмен іске қосу режиміне ауысады.
Функцияны дереу болдырмау
- Функцияны 1, 2 не 3 түймелері арқылы шақыртып, оны болдырмау үшін 4 пен 5 түймелерін басыңыз.
