OMP6251WGH - сорғыш Hansa - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз OMP6251WGH Hansa PDF форматында.

Hansa OMP6251WGH - сорғыш
📄 128 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Hansa OMP6251WGH - page 66
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Түрі Қабырғаға орнатылатын сорғыш
Ені 60 см
Тереңдігі 50 см
Биіктігі (мин-макс) 60-80 см (реттелетін мұржа)
Салмағы 15 кг
Қуат көзі 230 В ~ 50 Гц
Қозғалтқыш қуаты 180 Вт
Максималды сору жылдамдығы 700 м³/сағ
Шу деңгейі (макс) 65 дБ(А)
Басқару Электрондық батырмалар
Жарықтандыру Жарықдиодты, 2x3 Вт
Май сүзгісі Алюминий тор, жууға болады
Көміртекті сүзгі Қосымша, ауыстырылатын
Энергия класы A
Материал Тот баспайтын болат
Орнату Қабырғаға орнатылатын, желдеткіш немесе рециркуляция
Арна диаметрі 150 мм
Қауіпсіздік ерекшеліктері Қызып кетуден қорғау, автоматты өшіру
Күтім Май сүзгілерін ай сайын тазалау; көміртекті сүзгіні 3-6 ай сайын ауыстыру
Жөндеу мүмкіндігі Қосалқы бөлшектер бар: қозғалтқыш, сүзгілер, жарықдиодты шам, басқару тақтасы

Жиі қойылатын сұрақтар - OMP6251WGH Hansa

Қалай Ханса OMP6251WGH сорғышын орнатуға болады?
Орнатуды білікті маман жүргізуі керек. Сорғыш электр плиталарынан кемінде 65 см, газ плиталарынан 75 см биіктікте орнатылуы тиіс. Қабырғаның салмақты көтеруге жеткілікті берік екеніне көз жеткізіңіз. Арна немесе рециркуляция параметрлері үшін қоса берілген орнату нұсқаулығын орындаңыз.
Май сүзгілерін қаншалықты жиі тазалау керек?
Қалыпты пайдалану кезінде алюминий торлы май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз. Оларды ыдыс жуғыш машинада немесе қолмен жылы сабынды сумен жууға болады. Қайта орнату алдында толық құрғатыңыз.
Бұл сорғышқа көміртекті сүзгі қажет пе?
Егер сорғыш рециркуляция режимінде (сыртқы арнасыз) пайдаланылса, иістерді сіңіру үшін көміртекті сүзгі міндетті. Сүзгіні пайдалануға байланысты 3-6 ай сайын ауыстыру керек.
Жарықдиодты шамды қалай ауыстырамын?
Сорғышты токтан ажыратыңыз. Жарықдиодты модульді табыңыз (әдетте май сүзгісінің артында немесе сорғыштың астында). Ескі жарықдиодты ақырын алып, жаңасын қосыңыз. Тек бірдей типтегі ауыстырылатын жарықдиодтарды пайдаланыңыз (мысалы, 3 Вт, 230 В). Токты қосыңыз.
Максималды сору жылдамдығы қандай?
Ханса OMP6251WGH максималды сору жылдамдығы 700 м³/сағ. Нақты өнімділік арна ұзындығына, иілулерге және көміртекті сүзгінің қолданылуына байланысты.
Неліктен сорғышым шамадан тыс шу шығарады?
Май сүзгілері бітелсе, арна бітелсе немесе қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету қажет болса, шу артуы мүмкін. Сүзгілерді тазалаңыз және арнаны бітелуге тексеріңіз. Егер шу сақталса, маманға хабарласыңыз.
Сорғышты қашықтан басқару пультімен басқара аламын ба?
Жоқ, Ханса OMP6251WGH алдыңғы панельдегі батырмалар арқылы басқарылады. Ол қашықтан басқаруды қолдамайды.
Мұржаның өлшемдері қандай?
Телескопиялық мұржа минималды биіктігі 60 см-ден максималды 80 см-ге дейін созылады, бұл сіздің төбе биіктігіне бейімдеуге мүмкіндік береді.
Сорғыш аралдық орнатуға жарамды ма?
Жоқ, бұл модель тек қабырғаға орнатуға арналған. Оны аралдық сорғыш ретінде орнатуға болмайды.
Қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Май сүзгілері, көміртекті сүзгілер, жарықдиодты шамдар және қозғалтқыштар сияқты қосалқы бөлшектерді уәкілетті Ханса қызмет көрсету орталықтарынан немесе интернет-дүкендерден алуға болады. Үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін OMP6251WGH үлгі нөмірін пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы OMP6251WGH Hansa

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз OMP6251WGH - Hansa және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. OMP6251WGH брендінің Hansa.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ OMP6251WGH Hansa

Бүгіннен бастап күнделікті міндеттер анағұрлым жеңілденетін болады. Hansa құрылғысы – бұл айтарлықтай оңай пайдалану мен керемет тиімділіктің үйлесімі. Нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін қызмет көрсету еш қиындық тудырмайды.

Зауыттан шығарылған жабдық қапталар алдында бақылау-сынау стендтерінде қауіпсіздік және атқарымдылық тұрғысынан мұқият тексерілді.

Дұрыс қызмет көрсетпеуінің алдын алу үшін ас үй сорғышын қосар алдында аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият оқып танысу керек. Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды сақтау Сіздің плитаны дұрыс пайдаланбауыңыздың алдын алады. Нұсқаулықты сақтаған дұрыс және оны әрдайым қол астында болатын орындарда ұстаған жөн.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, жұмысты нұсқаулық бойынша бастаңыз.

Күрметпен

Hansa OMP6251WGH - 1

Hansa

Haushaltsgeräte

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

  • Сүзгіні қолданар алдында, пайдалану бойынша осы нұсқауды зер салып оқыңыз
  • Құрылғы тек тұрмыстық мақсатта ғана қолдануға арналған.
  • Өндіруші құрылғы құрылымына қызметіне әсер етпейтін өзгерістерді енгізуге құқылы.
  • Өндіруші осы нұсқаудағы ұсыныстарды қадағаламау нәтижесінде аспапты дұрыс пайдаланбаудан туындаған болуы мүмкін зақымдарға, жануға немесе өртке жауап бермейді.

- Асүй сүзгісі асүй иістерін және булануын жою үшін қызмет етеді. Басқа да мақсаттар үшін қолдануға тыйым салынады.

- Буру тәртібінде жұмыс істеп тұрған сүзгіні, тиісті желдеткіш каналына қосу қажет (жану құрылғылары қосылған қаналушы ауа өткізгіштерге, түтіндіктерге немесе желдету шахталарына қосуға тыйым салынады). Сүзгі үшін ауаның сыртқа қайтуымен ауа өткізгішті орнату қажет. Ауа өткізгіштің ұзындығы (көбінесе Ø 120 мм-лік немесе 150 мм-лік құбыр) 4-5 м-ден артық болмауы тиіс. Ауа өткізгіш сіңіру режиміндегі телескопиялық және жиһаздық сіңіргіштерде де талап етіледі.

- Сорып алу тәртібінде жұмыс істейтін сүзгілер үшін белсендірілген көмірмен сүзгі орнату қажет. Осы жағдайда ауа сыртқа қайтарумен ауа өткізгішті орнату қажеттілігі жоқ, бірақ ауаны қайтаруды реттегіш құрастыру ұсынылады (тек ағынды сүзгі).

Сүзгіш желдеткіш жұмысының бірнеше жылдамдығынан біреуін таңдау мүмкіндігімен, тәуелсіз жарықпен және сүзгіш желдеткішімен жабдықталған.

Құрылғының нұсқасына байланысты сүзгіш газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғаларына (ағынды және жан-жақты сүзгіштер); газ немесе электр плита үстінен төбесіне (аралдық сүзгіштер); газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғасына шкафқа (телескоптық немесе шкафқа салып қоятын) тұрақты құрастыру үшін арналған. Құрастыру алдында Сізбен сатып алынған сүзгішті қабырға/төбе ұстай алатынына көз жеткізу қажет. Сүзгіштің кейбір үлгілері өте ауыр.

Электрлік плитаның үстінен құрылғыны құрастыру биіктігі өнім төлқұжатында көрсетілген (құрылғының техникалық ерекшелігі). Газ жабдықтарын орнату жөніндегі нұсқаулықта ұзақ қашықтық көрсетілген болса, бұны ескеру керек (1 суреті).

Асүй сүзгіштің астында плитадан кастрөлді алу уақытында ашық отты ашық қалдыруға тыйым салынады, алаудың ең төмендігін реттеу керек. Қуаттың орынсыз шығынына және заттың қауіпті шоғырлауына келтіретін болғандықтан, ыдыс-аяқтардың шектен тыс шықпауы үшін алауды ескеріңіз.

Үлкен мөлшерлі маймен немесе сарымаймен ас әзірлеу кезінде плитаны қараусыз қалдыруға болмайды. Қызған май немесе сарымай өздігінен тұтануы және сүзгіштің жануына келтіруі мүмкін.

Әр жолы тазалау, сүзгіні ауыстыру немесе жөндеу алдында қоректендіру көзінен сүзгішті ажыратыңыз.

Асүй сүзгішіне арналған майтұтқы сүзгіні айына 1 рет тазалау қажет, себебі майға қаныққан сүзгі жеңіл тұтанылады.

Сүзгіш орнатылған жайда басқа электрлік емес аспаптарды пайдалану (мысалы, сұйық отындықта жұмыс істейтін пештер, қазандықтар, бойлер немесе ағынды су жылытқыштар), жеткілікті желдеткіштерді қамтамасыз ету қажет. Егер токты ажырату 0,004 мбар аспаған жағдайда ғана осы құрылғыларды орнату

орнында жану құрылғысы бөлме ауасына байланысты және сүзгіштің бір уақытта жұмыс істеуі кезінде пайдалану қауіпсіздігі мүмкін (иістерді сіңіргіш ретінде асүй сүзгіштері қолданылса осы шарттар міндеттелмейді).

  • Асүй сүзгішіне білекпен тірелуге тыйым салынады.
  • Сіңіргіш осы нұсқаулықта көрсетілген консервацияға қатысты нұсқауларды ұстана отырып, ішінен де, сыртынан да жиі (АЙЫНА БІР РЕТТЕН СИРЕТПЕЙ) тазартылуы тиіс. Сіңіргішті тазартуға және сүзгіштерді ауыстыруға қатысты қағидаттарды ұстанбау, өрт шығу қаупінің туындауына себеп болады.
  • Электрлік сымында ақау болған жағдайда оны тек арнайы маманданған жөндеу шеберханасында алмастыру керек.
  • Қос полюсті ажыратқыш немесе розеткадан электр өткізгішін созып тұру көмегімен қоректендіруші желіден аспапты ажырату мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
  • Балаларға және дене, мануальды және ақыл-ой мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, олар оқытылғанға және аспапты пайдалану бойынша нұсқаумен таныстырылғанға дейін аспапты қолдануға рұқсат бермеңіз.
  • Балалар ата-ананың қарауынсыз қалғанда, балалардың құрылғыны қолдана алмайтынына ерекше назар аудару қажет.
  • Асүй сүзіндісінің зауыттық қалқаншасында көрсетілген қуатына желідегі қуаттың сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.
  • Сүзіндіні орнатар алдында электрлік қоректендірудің сымын тарқатып алу және түзету қажет.
  • Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

- Сіңіргішті желілік қуат көзіне қосар алдында қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын және монтаждау жұмыстары барысында сіңіргішпен ҚЫСЫЛМАҒАНЫН тексеріп алған жөн. Құрылғыны орнату аяқталғанға дейін электр желісіне қоспаңыз.

- Май ұстайтын алюминийлі сүзгіштері орнатылмаған сіңіргіштерді пайдалануға тыйым салынады.

- Ашық отты пайдаланумен сүзінді астында ас әзірлеуге қатаң тыйым салынады.

- Пайдаланылған газды бұру үшін қажетті техникалық құралдарды және қауіпсіздік құралдарын қолдану саласында құзыретті жергілікті органдармен берілген ережелерді қатаң қадағалау керек.

- Осы нұсқауда көрсетілген соңына дейін бүркелмеген бұрамалар және бекітілмеген элементтер өмір және денсаулық үшін қауіптілік туындауы мүмкін.

- Аспалы сіңіргіштер иістерді сіңіру режимінде ғана жұмыс істейді.

- ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге әкелуі мүмкін.

- Осы құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар, сонымен қатар шектеулі дене, сипапсезу және ақыл-ой қабілеттері бар адамдар, жабдықты қолдануға тәжірибесі және білімі жоқ адамдар, егер олар үздіксіз бақылауда болған жағдайда немесе жабдықты қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған және осы құрылғыны пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптілік туралы құлақтандырылған жағдайда ғана, қолдануға болады. Балаларға аспаппен ойнауға болмайды. 8 жасқа дейінгі балаларға және құзыретті тұлғаның бақылауынсыз аспапты тазалауға және оған техникалық қызмет көрсетуге болмайды.

ОРАУДАН АШУ

Hansa OMP6251WGH - ОРАУДАН АШУ - 1

Құрылғыны тасымалдау кезінде зағымдалудан қорғау қарастырылған. Құрылғыны ашқаннан кейін орау элементтерін қоршаған ортаны ластамай жинаңыз. Орау үшін қолданылған барлық материалдар, қоршаған ортаға зиянсыз 100% қайта өңделе алады, сәйкес

символмен таңбалауға ие.

Назар аударыңыз! Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

Hansa OMP6251WGH - ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ - 1

Бұл құрылғы 2012/19/ЕС директивасына сәйкес келеді. Мұндай таңбалау бұл құрылғыны пайдаланудан кейін басқа да тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтындығын хабарлайды.

Пайдаланушы құрылғыны қолданыста болған электрлік және электрондық құрылғыларды жинайтын ұйымдарға тапсыруға

міндетті. Қалдықтарды жинаушылар, жинау пункттері, дүкендер және бөлімшелер бұл құрылғыны тапсыруға мүмкіндік беретін жүйені құрайды.

Пайдалануда болған электрлік және электрондық құрылғылар адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қауіпті құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл қаулы мұндай құрылғылардың қайта дұрыс жұмыс істемеуіне және қоймалануына байланысты қауіптіліктің алдын алуға мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНУ

Сіңіргішті басқару

Сіңіргішті басқару панелі 4-суретте көрсетілген және еске түсіру үшін төменде келтірілген:

1 2 3 4

Басқару панелі түймелермен жабдықталған (isostat).

Сүзіндіні қосу үшін, тиісті түймені басу арқылы төменде сипатталған жылдамдық режимдерінің бірін таңдаңыз:

1- Ең төмен жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың онша көп емес мөлшерінде қолданыңыз. 2- Орташа жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың орташа мөлшерінде қолданыңыз, мысалы, бірнеше тағамды бір уақытта әзірлеген кезде. 3- Ең жоғары жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың ең жоғары мөлшерінде, мысалы, қуырған кезде немесе грильде ас әзірлеген кезде. 4- Сүзіндіні сөндіру

🚫 белгісімен белгіленген түйме жарықтандыруды қосуға немесе сөндіруге арналған. Сүзіндідегі жарықтандыру жылдамдық режиміне қарамастан жұмыс істейді.

Сорғыштың жұмысы туралы өзге маңызды ақпарат

Сіңіргіш-сүзгі ретіндегі жұмысы: Бұл нұсқада әдетте сүзілген ауа осы арнайы бейімделген саңылау арқылы орынжайға кері қайтарылады. Осы тәртіпте жұмыс істеу үшін бұрыштық сүзгі орнатылуы тиіс, сондай-ақ шығарушы ауа өткізгішті орнатуға кеңес беріледі (қолжетімдігі үлгіге байланысты, ең алдымен, сорғыш шкафтарда кездеседі).

Ауа шығару тәртібінде жұмыс істеу: Ауаны шығару тәртібінде асүй сүзіндісі арнайы ауа өткізгіш жәрдемімен жайдан сыртқа ластанған асүй ауасын шығарып тастайды. Осы жағдайда сүзіндіден көмір сүзгісін шығарған дұрыс. Мамандандырылған дүкендерде сатып алуға болатын тиісті бекіту қапсырмаларымен және 150 мм немесе 120 мм диаметрлі иілгіш немесе пластикалық сала көмегімен ауаны шығару үшін тесікке сүзінді қосылады. Қосуды тек білікті мамандар ғана орындай алады.

Желдеткіштің жылдамдығы: Шағын және орта жылдамдық қалыпты жағдайларда және булардың төмен концентрациясы кезінде қолданылады, максималды жылдамдық ас үйде булардың жоғары концентрациясы кезінде ғана қолданылады, мысалы, қуыру немесе гриль қолдану уақытында.

Ескертпе (әмбебап сорғыштарға ғана қатысты): Әмбебап сорғыштардың құрылымы жұмыс тәртібін қолмен өзгертуді талап етеді. Өзгерту әдісі 8-суретте көрсетілген.

Ескертпе (телескоптық және кіріктірме сорғыштарға ғана қатысты): Шкафтағы телескоптық және салып қойылған сіңіру тәртібінде істейтін сүзгілер ауаның қайтуы үшін құбырды қосуды талап етеді. Құбырдың екінші соңын жайға бағыттаңыз, сол арқылы тазартылған ауа шығады.

Назар аударыңыз: Аспалы сорғыштар иістерді сіңіру тәртібінде ғана әрекет етеді.

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Консервациялау

Үнемі тазалау және консервациялау асүй сорғышының сенімді және ұзақ жұмысына кепілдік береді. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес алюминий май тұтқыш немесе көмір сүзгілерін ауыстыруға ерекше назар аудару қажет.

  • Қатты дымқыл шүберектерді немесе жөкелерді қолдануға, сонымен қатар суды сорғалатып сорғышты жууға тыйым салынады.
  • Тазалау үшін спиртті және еріткіш құралдарды қолдануға тыйым салынады, себебі олар үстіңгі (тот баспайтын) лакталған қабаттың бұзылуына әкеледі.
  • Тот баспайтын болаттан жасалған үсті тазалау үшін агрессивті жуу құралдарын қолдануға тыйым салынады.
  • Қатты шүберектерді және жөкелерді қолдануға тыйым салынады.
  • Бейтарап жуу құралдарын қолданумен ылғалды матамен тазалау ұсынылады.

Назар аударыңыз: Ыдыс жуу машинасында алюминий сүзгіні бірнеше рет жуғаннан кейін, оның түсі өзгеруі мүмкін. Түстің өзгеруі жарамсыздықты немесе оны ауыстыру қажеттілігін білдірмейді.

Май аулағыш сүзгі

Май тұтқыш сүзгіні жұмсақ жуу құралдарын немесе сұйық сабынды қолданумен ыдыс жуу машинасында немесе қолмен сорғыштың қалыпты жұмысы кезінде айына бір рет тазалау қажет.

Май түтқы сүзгілерін бөлшектеу 5 суретте көрсетілген.

Кейбір үлгілерде акрилдық сүзгілер қолданылады. Жиі қолдану жағдайында оны 2 айда немесе жиірек ауыстыру қажет.

Бұрыштық сүзгі

Көмір сүзгісі желдеткіш ауа өткізгішіне сүзінді қосылған жағдайда қолданылады. Белсендірілген көмір сүзгілері толық қаныққанға дейін иістерді сіңіреді. Осындай сүзгіні жууға, регенерациялауға болмайды, егер сүзінді жиі жұмыс істесе, ластану дәрежесіне қарай 3-4 айда бір рет немесе жиірек ауыстыру қажет.

Көмір сүзгісін бөлшектеу 6 суретте көрсетілген.

Жарықтандыру

Зауыттық орнату шамдары сияқты қыздыру / галоген / диодты үлгілердегі шамдарды қолдану. Шамдарды ауыстыру 7 суретте көрсетілген. Егер осы нұсқаулықта ондай сурет болмаса, жарықтандыру модулін авторландырылған сервистік орталық ғана ауыстыра алады.

Кепілдік қызмет көрсету ережесі кепілдік талонында баяндалған. Өндіруші кір жуғыш машинасын тиісті түрде қолданбау нәтижесінде келтірілген қандай да бір залал үшін жауапкершілік тартпайды.

Сервис

  • Жабдықты өндіруші барлық жөндеу және реттеу жұмыстарын өндірушінің зауыттық сервистік қызметінің немесе авторландырылған сервистік қызметінің орындауына кеңес береді. Қауіпсіздік ережелерін негізге ала отырып, құрылғыны өз бетінше жөндеуге болмайды.
  • Құрылғыны қажетті біліктілігі жоқ тұлғалардың жөндеуі пайдаланушы үшін маңызды қауіп төндіруі мүмкін.
  • Өндіруші, импорттаушы немесе уәкілетті өкілдің құрылғыға беретін ең аз кепілдік мерзімі кепілдік талонында көрсетілген.
  • Құрылғы өз бетінше бейімдеу, өзгерістер енгізу, пломбаларды немесе басқа да жабдықтарды немесе оның бөліктерін қорғау шараларын бұзу, сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмейтін жабдыққа өз бетінше араласу нәтижесінде өз кепілдігін жоғалтады.

Ақауланған жағдайда жөндеуге және көмекке өтінім білдіру

Егер құрылғыны жөндеу қажет болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. Сервистік орталықтың мекенжайы және байланыс телефоны кепілдік талонда көрсетілген. Қолданудың алдында құрылғының сериялық нөмірін дайындау қажет, ол зауыттық тақтайшада көрсетілген. Ыңғайлы болу үшін оны төменде жазыңыз:

Өндірушінің мәлімдемесі

Осымен өндіруші тұрмыстық аспабының төменде көрсетілген негізгі талаптар мен басшылықтарға сәйкес келетінін куәландырады:

• төмен вольтті жабдықтар директивасы 2014/35/EC, - электромагниттік үйлесімділік директивасы 2014/30/ЕС, - қоршаған ортаны жобалау директивасы 2009/125/ЕС, • „төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі үшін“ талап ТР ТС 004/2011, - „техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі” талап ТР ТС 020/2011

Аспап 456 сәйкестік белгісімен таңбаланады, және оған нарықты бақылау мекемелеріне ұсынылатын сәйкестік сертификаты беріледі.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hansa

Модель : OMP6251WGH

Санат : сорғыш