SW8 AM2C XR 2 - тоңазытқыш WHIRLPOOL - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SW8 AM2C XR 2 WHIRLPOOL PDF форматында.
| Өнім түрі | Кіріктірілген тоңазытқыш |
| Бренд | Whirlpool |
| Модель | SW8 AM2C XR 2 |
| Өлшемдер (Биіктік x Ені x Тереңдік) | Шамамен 1770 x 540 x 545 мм |
| Салмағы | Шамамен 60 кг |
| Қуат көзі | 220-240 V, 50 Hz |
| Энергия тұтыну | Smart Display белсенді болғанда оңтайлы |
| Климат класы | SN-ST (субнормальды субтропиктік) |
| Аязсыз жүйе | Иә, тоңазытқыш бөлімінде автоматты жібіту |
| LED жарықтандыру | Иә, ішкі LED жарық жүйесі |
| Басқару түрі | Дисплейі бар электронды |
| Функциялар | Қосу/Күту режимі, Smart Display, 6th Sense Fresh Control, Есік ашық дабылы, Демалыс, Жылдам салқындату, Нөл градус жәшігі, Желдеткіш, Температураны орнату 2-8°C, Ылғалдылықты басқаратын қытырлақ жәшік |
| Есікті ашу бағыты | Қайтымды (сол немесе оң) |
| Реттелетін аяқтар | Иә, алдыңғы тегістеу аяқтары |
| Нөл градус жәшігі | Иә, температура шамамен 0°C |
| Ылғалдылықты басқаратын қытырлақ жәшік | Иә, реттелетін ылғал реттегішімен |
| Желдеткіш | Иә, температураның таралуын жақсартады |
| Бактерияға қарсы сүзгі | Қосымша, желдеткіш қақпағына орнатылады |
| Күту және тазалау | Жылы су және бейтарап жуғыш затпен тазалау; артқы конденсаторды жүйелі түрде тазалау |
| Қосалқы бөлшектер | LED шамды тек сатудан кейінгі қызмет ауыстырады; басқа бөлшектер қолжетімді |
Жиі қойылатын сұрақтар - SW8 AM2C XR 2 WHIRLPOOL
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SW8 AM2C XR 2 WHIRLPOOL
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SW8 AM2C XR 2 - WHIRLPOOL және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SW8 AM2C XR 2 брендінің WHIRLPOOL.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SW8 AM2C XR 2 WHIRLPOOL
3-ТАРАУ: ПАЙДАЛАНУ 106
3.1. ТОНАЗЫТКЫШТЫҢ САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ .....106 3.2. ЕСКЕРТПЕЛЕР 106
4-ТАРАУ: ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ....106
4.1. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ 106 4.2. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ....106 4.3. БАЛҒЫН ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ОРНЫ .....107
5-ТАРАУ: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ДЫБЫСТАР....107
6-ТАРАУ: ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС ......108
6.1. УАҚЫТША ЖОҚ БОЛУ / ДЕМАЛЫС 108 6.2. ОРНЫН АУЫСТЫРУ....108 6.3. ҚҰРАТ ІРКІЛІСІ....108
Бұл нұсқаулар бірнеше үлгілер үшін қолданылады, сондықтан онда өзгешеліктер болуы мүмкін.
Белгілі бір құрылғыларға ғана қатысты қолданылатын бөлімдер жұлдызшамен (*) көрсетіледі.
Жаңа сатып алынған құрылғы үлгіңізге арналған функцияларды ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ
НҰСҚАУЛЫҒЫНАН табуға болады.
1. ОРНАТУ
Құрылғының жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету үшін, оның екі жағынан және үстінен орын қалдырыңыз.
Құрылғының артқы жағы мен құрылғы артындағы қабырғаның арасындағы қашықтық 50 мм болуы тиіс.
Осы бос орынды азайту өнімнің қуат тұтынуын күшейтеді.
Мұздатқыш ① және тоңазытқышты ② бірге орнату барысында мұздатқыш сол жағында және тоңазытқыш оң жағында (суретте көрсетілгендей) орналасқанына көз жеткізіңіз. Құрылғылар арасындағы конденсация мәселелерін болдырмау үшін, тоңазытқыштың сол жағы арнайы құралмен жабдықталған.
Екі құрылғыны байланыстыру жинағымен ③ (суретте көрсетілгендей) бірге орнатқан жөн. Оны қызмет көрсету орталығынан сатып алуға болады.
Есіктердің деңгейін реттелмелі төменгі топса көмегімен реттеу (кейбір үлгілерде ғана)
Егер тоңазытқыш есігі қатырғыш есігінен төмен болса, тоңазытқыш есігін реттеу бұрандасын М10 кілтімен бұрау арқылы көтеріңіз.
Егер қатырғыш есігі тоңазытқыш есігінен төмен болса, тоңазытқыш есігін реттеу бұрандасын М10 кілтімен бұрау арқылы көтеріңіз.

Бұл функция мұздатқыш бөлімдерінің On/Stand-by режимін іске қосады. Өнімді күту режиміне ауыстыру үшін, On/Stand-by түймешігін ⏻ 3 секунд бойы басыңыз. Құрылғы күту режимінде болғанда, тоңазытқыш бөліміндегі шам жұмыс істемейді. Бұл операция құрылғыны қуат көзінен ажыратпайтынын есте сақтаңыз. Құрылғыны қайта іске қосу үшін, On/Stand-By түймешігін ⏻ басыңыз.
2.2. SMART DISPLAY (СМАРТ ДИСПЛЕЙ)*
Бұл қосымша функцияны қуатты сақтау үшін пайдалануға болады. Функцияны қосу/өшіру үшін, қысқаша іске қосу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз. Smart Display (Смарт дисплейді) іске қосудан кейін екі секундтан соң дисплей өшеді. Температураны реттеу немесе басқа функцияларды пайдалану үшін, дисплейді кез келген түймешікті басу арқылы белсендіру қажет. Ақылды дисплейді іске қосқан соң, дисплей өшеді, бірақ “Sense Fresh Control” / ProFresh” индикаторы өшпейді. Smart Display функциясы белсенді болса - температураны реттеу немесе басқа функцияларды пайдалану үшін, дисплейді кез келген түймешікті басу арқылы белсендіру қажет.
10 секунд бойы ешбір әрекет орындалмаса, дисплей қайта өшеді және тек "Sense Fresh Control" / "ProFresh" индикаторы жанған күйі қалады. Функция өшірілгеннен кейін, қалыпты дисплей қосылады. Қуат іркілісінен кейін Smart Display (Смарт дисплей) автоматты түрде өшеді. Бұл функция құрылғыны қуат көзінен ажыратпай, тек сыртқы дисплей тарапынан тұтынылатын қуатты азайтатынын есте сақтаңыз.
Ескертпе: Құрылғының көрсетілген қуат тұтынуы Smart Display (Смарт дисплей) функциясының белсендірілген күйдегі жұмысына байланысты.
2.3. 6TH SENSE FRESH CONTROL 6 /
PROFRESH

Бұл функция құрылғының ішінде оңтайлы сақтау жағдайларының (температура және ылғалдылыққа байланысты) жылдам орнатылуын қамтамасыз етеді. Функция тиісінше жұмыс істеу үшін желдеткіш те қосулы болуы тиіс. "6th Sense Fresh Control" / "ProFresh" әдепкі түрде белсендірілген. Бұл функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз. Қуат өшкеннен немесе күту режимінен қалыпты режимге ауысқаннан кейін "6th Sense Fresh Control" / "ProFresh" күйі әдепкі мәніне, яғни белсенді күйге қайта орнатылады.
2.4. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ
Дабыл белгішесі ⚠ жанып жыпылықтайды және дыбыстық дабыл дауысы шығады. Есік 2 минуттан артық уақыт бойы ашық қалса, дабыл іске қосылады. Есік дабылын өшіру үшін, есікті жабыңыз немесе дыбыс дабылының дауысын басу үшін Дабылды тоқтату түймешігін ⚠ түртіңіз.
2.5. ДЕМАЛЫС

Бұл функция құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланылмау кезінде қуаттың тұтынылуын азайту үшін белсендіріле алады.
Функцияны белсендіруден бұрын барлық тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыш бөлімінен шығарып, тоңазытқыштың жағымсыз иістің түзілуін болдырмау үшін сәйкес температураны орнатуына байланысты (+12°C), есіктің дұрыс жабылуына көз жеткізу керек.
Белсендіру/өшіру үшін Тоқтата тұру режимінің түймешігін 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Функция қосылған кезде сәйкес белгіше жанып, тоңазытқыш бөлімінің температурасы ең жоғарғы нүктесіне орнатылады (температура дисплейінде +12°C тең жаңа температураны орнату нүктесі көрсетіледі).
Температураның орнатылуы нүктесін өзгерту функцияны автоматты түрде өшіреді.
Назар аударыңыз:
- "Жылдам салқындату" функциясымен үйлесімді емес
Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін, "Тоқтата тұру" және "Жылдам салқындату" функцияларын бір уақытта пайдалану мүмкін емес. Сондықтан, "Жылдам салқындату" функциясы бұрыннан қосулы болса, "Тоқтата тұру" функциясын белсендіру үшін, оны алдымен өшіру қажет (және керісінше).
Бұл функцияны пайдалану тағамдардың үлкен көлемін тоңазытқыш бөліміне салу кезінде ұсынылады.
Жылдам салқындату ☑ функциясын пайдаланып тоңазытқыш бөлімінің салқындату мүмкіндігін арттыруға болады. Салқындату мүмкіндігін арттыру үшін желдеткішті қосулы күйде ұстаңыз.
Назар аударыңыз:
- "Тоқтата тұру" функциясымен үйлесімді емес
Оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету үшін, "Тоқтата тұру" және "Жылдам салқындату" функцияларын бір уақытта пайдалану мүмкін емес. Сондықтан, "Тоқтата тұру" функциясы бұрыннан қосулы болса, "Жылдам салқындату" функциясын белсендіру үшін, оны алдымен өшіру қажет (және керісінше).
2.7. НОЛ ГРАДУСТЫҚ ЖӘШИК*
Нөл градустық жәшігі тағамдарды (мыс., ет, балық, жеміс-жидек және көкөніс) ұзақ уақыт бойы балғын күйде сақтау үшін төмен температура мен үйлесімді ылғалдылық деңгейін қамтамасыз етуге арналған.

Жәшікті белсендіру және өшіру
Белсенді күйіндегі жәшіктің ішкі температурасы шамамен 0°C құрайды. Келесі факторлар "Нөл градустық" жәшіктің тиісінше жұмыс істеуі үшін маңызды:
- тоңазытқыш бөлімі қосулы болуы тиіс
- тоңазытқыш бөлімінің температурасы +2°C және +5°C аралығында болуы тиіс
- белсендіру үшін жәшік орнына енгізілуі тиіс
- арнайы функциялар таңдалмаған болуы мүмкін (Күту, Тоқтата тұру – қолданылатын болса).
Бұл арнайы функциялардың бірі таңдалса, "Нөл градустық" жәшігі қолмен өшіріліп, ішіндегі барлық балғын тағам шығарылуы тиіс. Егер қолмен өшіру орындалмаса, жәшік автоматты түрде 8 сағаттан кейін өшіріледі.
Ескертпе:
- егер бұл функция іске қосылған кезде осы белгі жанса, тартпаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз; Егер проблема жойылмаса, ең жақын жердегі өкілетті Сатудан кейінгі қызметпен хабарласыңыз
- егер функция белсенді және жәшік ашық болса, басқару панеліндегі белгіше автоматты түрде өшірілуі мүмкін. Егер жәшік енгізілсе, белгіше қайта белсендіріледі
- функцияның күйіне байланыссыз шу естілуі мүмкін: алаңдаудың қажеті жоқ, бұл - қалыпты жағдай.
- функция белсенді болмағанда жәшіктегі температура тоңазытқыштағы жалпы температураға байланысты болады.
Мұндай жағдайда суық температураға төзімді жеміс және көкөністі (орман жемістері, алма, өріс, сәбіз, шпинат, қырыққабат, т.б.) жәшікте сақтау ұсынылады.
Маңызды: функция белсендірілген жағдайда және құрамындағы ылғалдылығы жоғары азық өнімдер сақталғанда сөрелерде конденсат түзілуі мүмкін. Мұндай жағдайда функцияны уақытша өшіріңіз.
2.8. ЖЕЛДЕТКІШ
Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ сақталуына мүмкіндік береді. Әдепкі ретінде, желдеткіш қосулы болады. 6th Sense Fresh Control / ProFresh функциясы тиісті түрде жұмыс жасау мақсатында және қоршаған ортаның температурасы 27 ÷ 28°C жоғары болғанда немесе әйнек сөрелерде су тамшылары байқалса не ылғалдылық жоғары жағдайларда желдеткішті қосу ұсынылады. Желдеткіш қосылған кезде, оның үздіксіз түрде жұмыс жасамайтынын ескеріңіз. Желдеткіш құрылғының ішіндегі температура және/немесе ылғалдылық деңгейіне байланысты жұмысын бастайды/тоқтатады. Желдеткіш қосулы болған жағдайдың өзінде желдеткіш қозғалмаса, ол толықтай қалыпты құбылыс болып табылады. Бұл функцияны белсендіру немесе өшіру үшін қоса берілген Қысқаша іске қосу нұсқаулығын қараңыз.
Назар аударыңыз: Желдеткішті өшіру 6th Sense Fresh Control / ProFresh функциясын өшіреді.
Ескертпе:
Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз.
Ортаның төмен температурасында (18°C төменірек) оңтайлы өнімділікті қамтамасыз ету және қуат тұтынылуын азайту үшін желдеткішті өшіріңіз.
Желдеткішті өшіру үшін жоғарыда көрсетілген процедураны қараңыз.
Құрылғының желдеткіші болған жағдайында ол бактерияға қарсы сүзгімен жабдықталуы мүмкін.
Оны сақтау бөлімінің тартпасында орналасқан жәшіктен шығарып, желдеткіш қақпағына орнатыңыз.
Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.
Құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін ол зауытта 5°C температурасына орнатылған. Ішкі температураны 8°C және 2°C арасында реттеп, былай жалғастыруға болады:
- Температураны орнату түймешігін (°С) басыңыз. Сақтау температурасы түймешікті әр басқан сайын -1°C қадамымен өзгертіле алады: мәндер циклдік түрде 8°C және 2°C арасында ауысады.
Ескертпе: Көрсетілген орнату нүктелері бүкіл тоңазытқыштың орташа температурасына сәйкес келеді
2.10. NO-FROST ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде орындалады.
Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі артқы қабырғасындағы су тамшылары автоматты еріту процесінің орындалып жатқанын білдіреді. Еріген су төгу саңылауына автоматты түрде төгіліп, кейін контейнерде жиналып, буланады.
2.11. ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМ ЖҮЙЕСІ*
Тоңазытқыш бөліміндегі жарықтандыру жүйесі жарық диодты шам жүйесін пайдаланып, жақсы жарықтандыру мен қуаттың төмен деңгейде тұтынылуына мүмкіндік береді. Жарық диод шамының жүйесі жұмыс істемесе, оны ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Маңызды:
Тоңазытқыштың есігі ашылған кезде тоңазытқыш бөлімінің шамы қосылады. Егер есік 10 минуттан артық ашық күйде қалса, шам автоматты түрде өшіріледі.
3. ПАЙДАЛАНУ
3.1. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ
"НӨЛ ГРАДУСТЫҚ ЖӘШІКТІ"* шығару арқылы сақтау сыйымдылығын артыруға болады. Мұндай жағдайда келесі қадамдарды орындаңыз:
- жөшікті өшіріңіз
- жәшік пен оның астындағы пластик сөрені тартып шығарыңыз.
Ескертпе: жоғарғы сөре және бүйірлік тірек шығарыла алмайды. "Нөл градустық
жөшіктің" жұмысын қалпына келтіру үшін жөшікті орнына енгізу және жұмысын қайта белсендірудің алдында жөшіктің астындағы пластик сөренің ауыстырылуына көз жеткізіңіз. Қуаттың

тұтынылуын оңтайландыру үшін "Нөл градустық" тартпаны өшіріп, шығару ұсынылады.
2.12. ЫЛҒАЛДЫЛЫҚПЕН БАСҚАРЫЛАТЫН КОНТЕЙНЕР*
Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері көкөністер мен жемістерді жас және солмаған күйінде сақтауға арналған. Егер жеміс сияқты тағамды ылғалдылығы төмендеу ортада сақтағыңыз келсе, ылғалдылықты реттегішті ашыңыз (В бағыты) немесе тағамды ылғалдырақ ортада сақтағыңыз келсе оны жабыңыз (А бағыты).

3.2. ЕСКЕРТПЕЛЕР
- Ауа шығару аймағын (өнімнің ішіндегі артқы қабырғада) тағам өнімдерімен бұғаттамаңыз.
- Көлемін барынша арттыруға болады. Мұздатқыш жапқышпен қамтамасыз етілсе, жапқышты алу арқылы сақтау көлемін барынша арттыруға болады.
- Барлық сөрелер, жапқыштар және тартып алынатын себеттерді алуға болады.
- Құрылғының ішкі температураларына қоршаған орта температурасы, есік ашудың жиілігі және құрылғының орналасқан орны әсер етуі мүмкін. Температураны орнату кезінде осы факторларды ескеру қажет.
- Басқасы көрсетілмесе, құрылғы керек-жарақтарын ыдыс жуу машинасында жууға болмайды.
- Smart Display (Смарт дисплей) функциясын мүмкіндігінше жиі пайдаланыңыз.
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және консервіленген тағамды, сүт тағамдарын, жеміс және көкөністер мен сусындарды сақтау үшін ыңғайлы орын.
4.1. АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ
- Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі табиғи циркуляциясы түрлі температуралы аймақтардың түзілуін тудырады. Жеміс және көкөніс сақтау бөлімінің үстінде және артқы қабырға аймағы аса суық. Бөлімнің жоғарғы алдыңғы жағы аса жылы.
- Желдету жолының жеткіліксіздігі қуат тұтынылуының артуына және тоңазытқыш өнімділігінің азаюына әкеледі.
- Қайта өңделе алатын пластик, металл, алюминий және әйнек контейнерлерді, сондай-ақ, тағамды орау үшін ас пленкасын пайдаланыңыз.
- Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі мүмкін тағамдар үшін әрқашан жабық контейнерлерді пайдаланыңыз немесе бетін жабыңыз.
- Этилен газының үлкен мөлшерін беретін және осы газға сезімтал жеміс, көкөністер және салат сияқты тағамдар сақтау мерзімін қысқартпау мақсатында бөлек оралып сақталуы керек; мысалы, қызанақтарды киви жемісімен және орамжапырақпен бірге сақтамаңыз.
- Жеткілікті ауа циркуляциясын қамтамасыз ету үшін тағамды бір-біріне жақын сақтамаңыз.
- Бөтелкелердің аударылып кетуін болдырмау үшін бөтелке ұстағышын пайдалануға болады (кейбір үлгілерде қолжетімді).
- Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың мөлшері аз болса, жеміс және көкөністерді сақтау бөлімінің үстіндегі сөрені пайдалануды ұсынамыз, себебі бұл - бөлімдегі ең суық аймақ.
4.3. БАЛҚЫМ ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ОРНЫ
- Тоңазытқыш сөрелерінде: дайын тамақ, тропикалық жемістер, ірімшіктер, деликатес.
- Ең суық аймақ – Нөл градустық жәшік* (Салқындатқыш бөлімінің үстінде*): ет, балық, ет тілімдері, торт
- Жеміс және көкөніс сақтау бөлімінде: жеміс, салат, көкөніс.
- Есікте: нан, тосап, қатық, тұздық, консервілер, бөтелкелер, сусындар, жұмыртқа
ТАҒАМДАР ОРНАЛАСУЫНЫҢ МЫСАЛЫ
Құрылғылардан шығатын дыбыстар қалыпты болып саналады, себебі құрылғы автоматты түрде қосу және өшіру жұмыстарын реттейтін желдеткіштер және моторлармен қамтылған.
- Ішкі құрамдастардың дұрыс орнатылғанын тексеру.
- Бөтелкелер мен контейнерлердің бір-біріне тимеуін тексеру.
Кейбір функционалдық дыбыстарды келесідей азайтуға болады:
• Құрылғыны тегістеу және тегіс бетке орналастыру - Құрылғы мен жиһаз арасын бөлу және бір-бірінің тиюіне жол бермеу.
Келесідей функционалдық дыбыстарды естуіңіз мүмкін:
Құрылғыны бірінші рет немесе ұзақ іркілістен кейін қосу кезіндегі ысылдаған дыбыс.

Су краны немесе желдеткіш жұмысты бастаған кездегі ызылдаған дыбыс.

Хладагент сұйықтығы түтіктерге кірген кездегі бүлкілдеген дыбыс.

Компрессор іске қосылғандағы немесе дайын мұз бөліктері мұз қорабының ішіне кенет тырс еткендегі, компрессор қосылып және өшкендегі шырт еткен дыбыс.


Жұмыс істеп тұрған компрессордан шығатын "бррр" дыбысы.

Сыртылдаған дыбыс компрессордың қаншалықты жиі жұмыс істейтінін реттейтін термостаттан шығады.

6. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС
Ұзақ уақыт жоқ болған жағдайда азық-түлікті тұтынып, қуатты үнемдеу үшін құрылғыны ажыратқан жөн.
6.2. ОРНЫН АУЫСТЫРУ
- Барлық ішкі бөлшектерін шығарыңыз.
- Оларды орап, бір-біріне соғылмайтындай немесе жоғалмайтындай етіп, жабысқақ таспамен бекітіңіз.
- Реттелетін аяқтарды тіреу бетіне тимейтіндей етіп бұраңыз.
- Есікті жауып, жабысқақ таспамен бекітіңіз және жабысқақ таспаның көмегімен қуат кабелін құрылғыға бекітіңіз.
6.3. ҚУАТ ІРКІЛІСІ
Қуат іркілісі орын алса, электр қуатымен жабдықтайтын компанияның жергілікті кеңсесімен хабарласып, іркілістің ұзақтығы туралы сұраңыз.
Ескертпе: Толық құрылғы ішінара толтырылған құрылғыға қарағанда ұзақ уақыт бойы салқын болып тұратынын есте сақтаңыз.
Тағамның күйі нашар болса, оны лақтырып тастаған жөн.
24 сағатқа дейін созылатын қуат іркілістері үшін.
- Құрылғының есігін жабық күйде ұстаңыз. Бұл сақталған тағамдардың мүмкіндігінше салқын болуына мүмкіндік береді.
24 сағаттан аса созылатын қуат іркілістері үшін.
- Алдымен тез бұзылатын тағамдарды тауысу қажет.
Кез келген тазалау немесе қызмет көрсету жұмысының алдында құрылғыны электр желісінен немесе электр қуатының көзінен ажыратыңыз.
Құрылғыны жүйелі түрде мата және тоңазытқышқа арналған бейтарап тазалау заты қосылған жылы су ерітіндісімен тазалаңыз. Ысқыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Тоңазытқыш бөлшектерін ешқашан жанғыш сұйықтықтармен тазаламаңыз. Бу өрт немесе жарылыс қаупін тудыруы мүмкін. Құрылғының сыртқы жағын және есік тығыздатқышын дымқыл матамен тазалап, жұмсақ матамен кептіріңіз.
Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
Құрылғының артқы жағында орналасқан конденсатор вакуум тазалағышты пайдаланып жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Құрылғының артқы жағында орналасқан конденсатор вакуум тазалағышты пайдаланып жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Маңызды:
- Түймешіктері және басқару панеліндегі дисплей алкоголь немесе құрамында алкоголь бар заттармен тазартылмауы тиіс, тек құрғақ матаны пайдаланыңыз.
- Тоңазытқыш жүйесінің түтіктері еріту поддонының қасында орналасқан және ыстық болуы мүмкін. Оларды жүйелі түрде вакуум тазалағышының көмегімен тазартыңыз.
Ерітілген судың үздіксіз және дұрыс ағуын қамтамасыз ету үшін тоңазытқыштың артқы жағындағы жеміс және көкөніс жәшігінің қасында орналасқан төгу саңылауының ішкі жағын ұсынылған құралды пайдаланып әрқашан тазалаңыз.

"Нөл градустық жәшікті" (сыртын қоса) тазалаудан бұрын жәшікті электр көзінен ажырату үшін шығарыңыз.
Жәшік және оның барлық бөлшектерін мата және тоңазытқышқа арналған бейтарап тазалау заты қосылған су ерітіндісімен жүйелі түрде тазалаңыз (жәшіктің артындағы ақ пластик сөресін судың астына батырмаңыз). Ысқыш тазалау заттарды пайдаланбаңыз.
*Тандамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
Өз бетіңізбен анықтап, ешбір құралсыз түзете алатын шағын мәселелер өнімділік ақаулықтарын жиі тудыруы мүмкін.
| ПРОБЛЕМА ШЕШІМІ | |
| Құрылғы жұмыс істемейді: | Қуат кабелінің көрнеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға қосылған ба?Үйіңздегі электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары менсақтандырғыштарын тексердіңіз бе? |
| Еріту поддонында су бар болса: | Бұл ыстық, дымқыл ауа райы кезінде қалыпты болып табылады. Поддон,тіпті, жартылай толы болуы мүмкін. Құрылғының су төгілмейтіңдей, бірденңгейде еңкеюсіз түрганына көз жеткізіңіз. |
| Егер есік тығыздатқышыменжанасатын құрылғы корпусыныңшеттері жылы болса: | Бұл жағдай ыстық ауа райында және компрессор жұмыс істеп түргандакалыпты болып табылады.. |
| Шам жұмыс істемейді: · Уйіңздегі | электр жүйесінің қорғаушы құрылғылары менсақтандырғыштарын тексердіңіз бе?Қуат кабелінің көрнеуі сәйкес жұмыс істейтін розеткаға қосылған ба?Жарық диодтар закымдалған жағдайда оны тек сатудан кейінгікөрсетілетін қызметті көрсету бөлімінде немесе өкілетті дилерде ғана сатылатын бөлшекпен ауыстыру үшін пайдаланушы Қызмет көрсету орталығына хабарласуы тиіс. |
| Егер мотордың тым көп жұмысістеп түрганы байқалса: | Мотордың жұмыс істеу уақыты түрлі жағдайларға байланысты: есіктіңашылу жийілігі, сақталған тағамның мөлшері, бөлмедегі температура,температураны басқару құралдарының параметрі.Конденсаторда (құрылғының артқы жағы) шаң немесе мамықжиналмаған ба?Есік тиісінше жабылған ба?Есік тығыздатқыштары тиісінше орнатылған ба?Ыстық күндері немесе бөлме жылы болғанда мотор әдеттегідей ұзағырақжұмыс істейді.Құрылғы есігі біраз уақытқа ашық қалдырылса немесе тағамның үлкенкөлемі сақталса, құрылғының ішкі бөлігін салқындату үшін, моторузағырақ уақыт бойы жұмыс істейді. |
| Құрылғы температурасы тымжоғары болса: | Құрылғының басқару элементтері дұрыс орнатылды ма?Құрылғыға тағамның көп мөлшері салынды ма?Есіктің жиі ашылмайтының тексеріңіз.Есіктің тиісті түрде жабылғанын тексеріңіз. |
| Егер есіктер тиісті түрдеашылмаса және жабылмаса: | Тағам орамдарының есікті тіремейтінін тексеріңіз.Ішкі бөлшектер немесе автоматты мүз генераторы орындарында екенінтексеріңіз.Есік тығыздатқыштары кір немесе жабысқақ еместігін тексеріңіз.Құрылғының тегіс түрганына көз жеткізіңіз. |
8.2. АҚАУЛЫҚТАР
Жұмыс дабылдары естілген жағдайда олар, сондай-ақ, сандық жарық диодтарында көрсетіледі (мысалы, 1-ақаулық, 2-ақаулық, т.б.). Кепілдік бойынша қызмет көрсету бөліміне хабарласып, дабыл кодын анықтаңыз. Дыбыстық дабыл дауысы шығады, Дабыл белгішесі ⚠ және төменде сипатталған ақаулық кодына сәйкес сандық дисплейде F әрпі жыпылықтайды:
| Ақаулық коды | Бейнеленуі | |
| Қате 2 | F әрпінің жыпылықтауы 0,5 сек. бойынша қосылады/өшеді.ҚОСУЛЫ кезде 2 рет жыпылықтайдысодан кейін 5 секунд бойы өшірулі болады. Улгі қайталанады. | x2 |
| Қате 3 | F әрпінің жыпылықтауы 0,5 сек. сайын қосылады/өшеді.ҚОСУЛЫ кезде 3 рет жыпылықтайдысодан кейін 5 секунд бойы өшірулі болады. Улгі қайталанады. | x3 |
| Қате 6 | F әрпінің жыпылықтауы 0,5 сек. сайын қосылады/өшеді.ҚОСУЛЫ кезде 6 рет жыпылықтайдысодан кейін 5 секунд бойы өшірулі болады. Улгі қайталанады. | x6 |
*Тандамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН тексеріңіз.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында:
Мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көру үшін құрылғыны қайта қосыңыз. Шешілмесе, құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз және қайта қосудың алдында бір сағат күтіңіз.
Ақаулықтарды шешу нұсқаулығында сипатталған тексерістерді орындаудан кейін және құрылғыны қайта қосудан кейін ол әлі дұрыс жұмыс істемесе, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз және мәселені түсіндіріңіз.
- үлгісі мен құрылғының сериялық нөмірі (техникалық деректер паспортында берілген), • мәселенің сипаты,
SERVICE
0000 000 00000

- қызметтік нөмірі (құрылғының ішкі жағындағы деректер тақтасында SERVICE (ҚЫЗМЕТ) сөзінен кейін жазылған нөмір), • толық мекенжайыңыз,
- телефон нөміріңіз және аймақ кодыңыз.
Ескертпе:
Есіктің ашылу бағытын өзгертуге болады. Бұл операция кепілдік бойынша қызмет көрсету бөлімінің тарапынан орындалса, ол кепілдікте қамтылмайды.
КІЛТ СӨЗДЕР ТІЗІМІ
1-тарау: ОРНАТУ....112
1.1. БІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ 112 1.2. ЕКІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ 112
2-тарау: ФУНКЦИЯЛАР....113
2.1. ҚОСУ/КҮТУ РЕЖИМІ 113 2.2. АҚЫЛДЫ ДИСПЛЕЙ* 113 2.3. 6TH SENSE FRESH CONTROL / PROFRESH 113 2.4. ЕСІК АШЫҚ ДАБЫЛЫ.... 113 2.5. ДЕМАЛЫС 113 2.6. ТЕЗ САЛҚЫНДАТУ 113 2.7. НӨЛ ДӘРЕЖЕЛІ ЖӘШІК* 114 2.8. ЖЕЛДЕТКІШ....114 2.9. ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАПТАУ 114 2.10. АЗЫҚ-ТҮЛІК БӨЛІМІНДЕГІ АЯЗДЫ ЖҮЙЕ 114 2.11. ЖАРЫҚДИОДТЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ* 115 2.12. ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ БАСҚАРЫЛАТЫН ЖӘШІК 115
3-тарау: ПАЙДАЛАНУ 115
3.1. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ САҚТАУ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 115 3.2. ЕСКЕРТПЕЛЕР 115
4-тарау: АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР ....115
4.1. АУА АЛМАСУ 115 4.2. ЖАҢА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН СУСЫНДАРДЫ ҚАЛАЙ САҚТАУ КЕРЕК 115 4.3. ЖАҢА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН СУСЫНДАРДЫ ҚАЙДА ҚОЮ КЕРЕК.... 116
5-тарау: ЖҰМЫС ДЫБЫСТАРЫ....116
6-тарау: ҚҰРЫЛҒЫ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН КЕЗДЕГІ ҰСЫНЫСТАР....117
6.1. ЖОҚТЫҚ / ДЕМАЛЫС.... 117 6.2. КӨШІРУ....117 6.3. ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ӨШУІ....117
7-тарау: КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ......117
8-тарау: АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ ....118
8.1. Есікті қызмет бөліміне хабарласу үшін.... 118 8.2. Функция ақаулары.... 118
9-тарау: ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ....119
Басқалары:
ЕСІКТІ АУЫСТЫРУ (1-НҰСҚА)....201
ЕСІКТІ АУЫСТЫРУ (2-НҰСҚА)....203
ЕСКЕРТУ:
Нұсқаулар бірнеше үлгілерге қатысты, сондықтан айырмашылықтар болуы мүмкін. Тек кейбір құрылғыларға қатысты бөлшектер жұлдызшамен (*) белгіленген.
x2
x3
x6