BEKO

GNE 134605 X - тоңазытқыш BEKO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GNE 134605 X BEKO PDF форматында.

📄 302 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 🔧 SAV 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BEKO GNE 134605 X - page 215
Нұсқаулықты қарау : Français FR Čeština CS English EN Қазақша KK Polski PL Русский RU Slovenčina SK
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BEKO

Модель : GNE 134605 X

Санат : тоңазытқыш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GNE 134605 X - BEKO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GNE 134605 X брендінің BEKO.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GNE 134605 X BEKO

  • Il se peut que les denrées touchent le plafond du tiroir. Disposez à nouveau les denrées dans le tiroir.Бірінші осы нұсқаулықты оқыңыз! Құрметті тұтынушы, Қазіргі заманғы зауыттарда жасалған және сапаны бақылаудың өте мұқият процедуралары арқылы сыналған осы өнім сізге тиімді қызмет етеді деп үміттенеміз. Ол үшін пайдалану алдында өнімнің нұсқаулығын толық оқып алуды және болашақта пайдалану үшін қол астында ұстауды ұсынамыз. Бұл нұсқаулық
  • Құрылғыны жылдам және қауіпсіз түрде қолдануға көмектеседі.
  • Өнімді орнату және іске қосу алдында нұсқаулықты оқыңыз.
  • Нұсқауларды, әсіресе қауіпсіздікке қатыстыларын орындаңыз.
  • Кейін қажет болатындықтан, нұсқаулықты қол оңай жететін жерде сақтаңыз.
  • Сонымен қатар, өніммен берілген басқа да құжаттарды оқыңыз. Осы нұсқаулықтың басқа үлгілер үшін жарамды болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Таңбалар мен олардың сипаттамалары Осы нұсқаулықта мынадай таңбалар бар: C Маңызды мәлімет немесе пайдалы қолданыс туралы кеңестер. A Өмірге және меншікке қауіп төндіретін жағдайлар туралы ескерту. B Электр кернеуі туралы ескерту. Бұл өнімде электрлік және электрондық құрылғыларды сұрыптап (WEEE) тастаудың таңбасы бар. Яғни, қоршаған ортаға тигізер әсерін азайту үшін, бұл өнімді Еуропалық 2002/96/EC ережесіне сай тастау қажет. Қосымша ақпарат үшін жергілікті немесе аймақтық өкілетті орындарға

Сұрыптау процесі арқылы тасталмаған электрондық өнімдер оның құрамындағы қауіпті заттарға байланысты қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін өте қауіпті. RecyclingKK

  • 1 Сіздің тоңазытқышыңыз 3 2 Маңызды қауіпсіздік туралы ескертулер 4 Пайдалану мақсаты p. 4
  • Су диспенсері бар өнімдер үшін; p. 6
  • Балалар қауіпсіздігі p. 6
  • Денсаулықты сақтау туралы ескертулер p. 6
  • Энергияны үнемдеу үшін орындалатын әрекеттер p. 7
  • Балғын азық-түлік бөлімі туралы ұсыныстар p. 7
  • 3 Орнату 8 Тоңазытқышты қайта тасымалдау кезінде ескерілетін кеңестер p. 8
  • Тоңазытқышты іске қосу алдында .8 Электрлік байланыс p. 9
  • Қорапты тастау p. 9
  • Ескі тоңазытқышты тастау p. 9
  • Орналастыру және орнату p. 9
  • Еден теңгерімін реттеу p. 10
  • Жоғарғы есік арасындағы саңылауды реттеу p. 10
  • Су сүзгісін орнату p. 12
  • Су құбырын тоңазытқышқа жалғау p. 12
  • Су шлангын құмыраға жалғау p. 13
  • Су құбырын орталық суық су жүйесіне қосу p. 14
  • Су диспенсерін алғаш қолдану алдында p. 16
  • 4 Дайындау 17 5 Тоңазытқышты пайдалану 18 Көрсеткіш шамдар тақтасы p. 18
  • «Есік ашық» дабылы: p. 21
  • Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелу үшін жасалатын әрекеттер p. 22
  • Сырғымалы негізгі текшелер p. 23
  • Жұмыртқа науасы p. 23
  • Көкөніс пен жеміс-жидек сақталатын бөлік p. 23
  • Ет салатын бөлік p. 23
  • Қозғалмалы орталық бөлік p. 24
  • Көп функциялы сақтау бөлігі p. 24
  • Көк шам p. 24
  • Артқы ілмектері бар сырғымалы негізгі сөрелер p. 25
  • Май мен сыр бөлімі p. 25
  • Су ағызу p. 25
  • Су тамшыларының науасы p. 25
  • Шағын науа 6 Тазарту және күтім жасау 27 Пластмассалық беттерді қорғау .27 7 Проблемаларды шешу ұсыныстары 28KK p. 26

C Осы нұсқаулықтағы суреттер сызба түрінде берілген және сатып алынған өнімге сәйкес келмеуі мүмкін. Тақырыпта берілген бөлшектер сіз сатып алған өнімде болмаса, онда ол басқа үлгідегі өнімдерге арналған. 1 Сіздің тоңазытқышыңыз

1- Тоңазыту бөлігінің сөрелері

2- Тоңазыту бөлігінің шыны текшелері

5- Қозғалмалы орталық бөлік

9- Мұздатылған азық-түлік сақталатын

12- Шөлмек қоятын сөре

13- Азық-түлік сақталатын бөлік

14- Азық-түлік сақталатын бөліктер

16- Сүт тағамдары сақталатын бөлік

19- Көп функциялы аймақKK

2 Маңызды қауіпсіздік туралы ескертулер Мына мәліметті қайта қарап шығыңыз. Осы ақпаратты оқымау жарақаттануға немесе материалдық шығынға себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, кепілдік немесе сенім міндеттемелерінің күші де

Бұл өнімнің қолданылу мерзімі – 10 жыл. Бұл – құрылғы сипатталған түрде жұмыс жасау үшін қажетті қосалқы бөлшектерді пайдалану мерзімі. Пайдалану мақсаты Бұл өнімді пайдалануға болатын

– үйлер сияқты жабық аймақтарда және бөлме ішінде; – қоймалар мен офистер сияқты жабық жұмыс істеу орталарында; – фермадағы үйлер, қонақ үйлер немесе пансиондар сияқты жабық тұрғылықты аймақтарда.

  • Бұл өнімді үй сыртында пайдалануға

Жалпы қауіпсіздік шаралары

  • Өнімді тастау немесе бөлшектеу қажет болса, өкілетті орындар мен қажет ақпарат туралы өкілетті қызмет көрсету орталығынан кеңес алуды
  • Тоңазытқышқа қатысты барлық сұрақтар мен проблемалар бойынша өкілетті қызмет көрсету орталығынан кеңес алыңыз. Тоңазытқыштың ішкі бөліктерін өкілетті қызмет көрсету орталығына ескертусіз ашпаңыз және басқаларға да ашқызбаңыз.
  • Қатырғыш бөлігі бар өнімдер үшін: конус тәріздес балмұздақты немесе мұз кесектерін қатырғыш бөліктен алысымен бірден жемеңіз! (Себебі аузыңыз үсіп қалуы мүмкін.)
  • Қатырғыш бөлігі бар өнімдер үшін: шөлмектегі немесе қауашақтағы сусындарды қатырғыш бөлікке салмаңыз. Әйтпесе олар жарылуы
  • Қатқан тағамды қолмен ұстамаңыз, олар қолға жабысып қалуы мүмкін.
  • Тоңазытқышты тазалау немесе мұзын еріту үшін, розеткадан ажыратыңыз.
  • Тоңазытқышты тазалау немесе еріту барысында бу немесе бу шығаратын тазалау материалдары ешқашан қолданылмауы керек. Ондай жағдайларда, бу электрлік бөлшектерге өтіп, қысқа тұйықталуға немесе электр шогына себеп болуы
  • Есік сияқты тоңазытқыш бөлшектерін тірек немесе саты ретінде пайдаланбаңыз.
  • Тоңазытқыш ішінде электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.
  • Салқындатқыш сұйық айналатын бөліктерді тесу немесе кесу құралдарымен зақымдап алмаңыз. Буландырғыштың газ арналары, түтік ұзартқыштары немесе беткі қабаттар тесілгенде, тері тітіркенеді немесе көз зақымданады.
  • Тоңазытқыштағы желдету тесіктерін кез келген материалмен жаппаңыз немесе бітемеңіз.
  • Электрлік құрылғыларды тек білікті мамандар жөндеуі керек. Біліксіз адам орындаған жөндеу жұмыстары салдарынан пайдаланушыға қауіп
  • Кез келген сәтсіздік немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу барысында тоңазытқышты қуат көзінен сақтандырғышты ажырату немесе қосқышты розеткадан суыру арқылы өшіріңіз.
  • Қосқышты сымынан тартып
  • Жоғары алкогольді сусындарды мықтап жауып, тігінен қойыңыз.
  • Жарылғыш және жанғыш заттары бар спрей қауашақтарын тоңазытқышта сақтамаңыз.KK
  • Еріту процестерін тездету үшін, өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық құрылғыларды немесе басқа да құралдарды пайдаланбаңыз.
  • Бұл құрылғыны физикалық, сезу және ойлау қабілеттері шектеулі (балаларды қоса), не болмаса тәжірибесі не білімі жоқ адамдар олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауымен және құрылғыны пайдалануға байланысты нұсқауларды бермейінше қолданбауы
  • Зақымдалған тоңазытқышты пайдаланбаңыз. Кез келген сұрағыңыз болса, қызмет өкіліне хабарласыңыз.
  • Электрлік қауіпсіздікке тек үйдегі жерге қосу жүйесі стандарттарға сай болғанда ғана кепілдік беріледі.
  • Өнімді жауынға, қарға, күн шуағына немесе желге шығару электрлік қауіпсіздікке сәйкес қауіпті.
  • Қуат кабелі зақымданған кезде қауіп-қатердің алдын алу үшін, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Орнату кезінде тоңазытқышты ешқашан розеткаға қоспаңыз. Әйтпесе өлім қаупі немесе жарақаттану болуы мүмкін.
  • Бұл тоңазытқыш тек азық-түлік элементтерін сақтауға ғана арналған. Ол басқа мақсат үшін пайдаланылмауы керек.
  • Техникалық сипаттамалар жапсырмасы тоңазытқыштың ішкі оң жақ қабырғасында орналасқан.
  • Тоңазытқышты электрлік қорғау жүйелеріне ешқашан қоспаңыз, олар тоңазытқышты зақымдауы мүмкін.
  • Тоңазытқыштың көк шамы жанса, көк жарыққа оптикалық құралдармен
  • Қолмен басқарылатын тоңазытқыштар қуаты ажыратылса, оны қайта қосу алдында кемінде 5 минут күтіңіз.
  • Өнімді басқаларға бергенде, жаңа иесіне оның пайдалану нұсқаулығын да беру керек.
  • Тоңазытқышты тасымалдау барысында қуат кабелін зақымдап алмаңыз. Кабельді бүктеу салдарынан өрт шығуы мүмкін. Қуат кабеліне ешқашан ауыр заттар қоймаңыз. Өнімді қуат көзіне жалғағанда, қосқышты су қолмен
  • Розетка тесіктері кеңейіп кетсе, тоңазытқышты оған қоспаңыз.
  • Қауіпсіздік мақсатында өнімнің ішкі және сыртқы бөлшектеріне суды тікелей шашпаған дұрыс.
  • Өрт және жарылыс қаупін болдырмас үшін, құрамында пропан сияқты жанғыш газы бар заттарды тоңазытқыш жанында шашпаңыз.
  • Тоңазытқыш үстіне суға толы ыдыстарды қоймаңыз, әйтпесе электр шогы немесе өрт болуы мүмкін.
  • Тоңазытқышқа шамадан тыс көлемде азық-түлік салу арқылы жүк түсірмеңіз. Шамадан тыс жүк түссе, есікті ашқан кезде тағамдар құлап кетіп, сізді жарақаттауы немесе тоңазытқышты зақымдауы мүмкін. Тоңазытқыштың үстіне ешқашан заттар қоймаңыз, әйтпесе, тоңазытқыш есігін ашып-жапқанда, ол заттар құлап кетуі мүмкін.
  • Дәл сақтау температурасы қажет болғандықтан, вакциналарды, ыстық сезгіш дәрі-дәрмектерді және ғылыми материалдарды және т.б. тоңазытқышта сақтамау керек.KK
  • Тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны розеткадан ажырату керек. Кабельдегі проблема болса, ол өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
  • Қосқыш істікшелерін тұрақты түрде тазалап тұру керек, әйтпесе ол өртке себеп болуы мүмкін.
  • Қосқыш ұшын құрғақ шүберекпен тұрақты түрде тазалап отыру керек, әйтпесе ол өрт тудыруы мүмкін.
  • Реттелетін аяқтары еденге дұрыс орнатылмаса, тоңазытқыш жылжып кетуі мүмкін. Еденге берік орнатылған реттелетін аяқтар тоңазытқыштың жылжуының алдын алады.
  • Тоңазытқышты тасымалдағанда, оны есік тұтқасынан ұстамаңыз. Әйтпесе, ол сынып кетуі мүмкін.
  • Бір құрылғыны тоңазытқыш немесе қатырғыш жанына қою керек болса, олардың арасындағы арақашықтық кемінде 8 см болуы керек. Әйтпесе, іргелес бүйірлік қабырғалары ылғалдануы мүмкін. Су диспенсері бар өнімдер

Су түтіктерінің қысымы кемінде 1 шкала болуы керек. Су түтіктерінің қысымы 8 шкаладан аспауы керек.

  • Тек ішуге жарамды суды ғана пайдаланыңыз. Балалар қауіпсіздігі
  • Есікте құлып болса, кілтті балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
  • Өнімді зақымдамас үшін, балаларды қадағалау керек. Денсаулықты сақтау туралы ескертулер Өнімнің салқындату жүйесінде R600a болса: Бұл – жанғыш газ. Сондықтан, тасымалдау немесе пайдалану барысында салқындату жүйесі мен түтіктерді зақымдап алмаңыз. Зақымдалған жағдайда, өнімге от тиіп кетпес үшін, оны ықтимал өрт көздерінен аулақ ұстаңыз және өнім орналасқан бөлмені желдетіңіз. Өніміңіздің салқындату жүйесінде R134a болса, бұл ескертуді

Өнімде пайдаланылатын газ түрі тоңазытқыштың ішкі қабырғасындағы тақтада жазылған. Өнімді қоқысқа тастаған кезде, оны ешқашан отқа тастамаңыз.KK

Энергияны үнемдеу үшін орындалатын әрекеттер

  • Тоңазытқыш есігін ұзақ уақытқа ашық қалдырмаңыз.
  • Тоңазытқышқа ыстық тағам немесе сусын салмаңыз.
  • Тоңазытқыш ішіндегі ауа айналымына кедергі жасамау үшін, оны шамадан тыс толтырмаңыз.
  • Тоңазытқышты тура күн түсетін жерге немесе пештер, ыдыс-аяқ жуғыштар немесе радиаторлар сияқты жылу шығаратын құрылғылардың қасына орнатпаңыз.
  • Тағамның жабық ыдыстарда сақталғанына назар аударыңыз.
  • Қатырғыш бөлігі бар өнімдер үшін; қатырғыш сөрелері мен тартпаларын алсаңыз, оның ішіне көбірек азық-түлік сақтауға болады. Тоңазытқыштың қуат тұтыну шамасы қатырғыштағы тартпа мен сөрені алып, оны барынша жүктеу арқылы анықталды. Сөрені немесе тартпаны қатырылатын азық-түліктердің пішініне және мөлшеріне байланысты пайдаланудың ешқандай қаупі жоқ.
  • Қатқан азық-түлікті тоңазыту бөлімінде еріткенде, қуат үнемделеді және азық-түлік сапасы сақталады. Балғын азық-түлік бөлімі туралы ұсыныстар
  • Балғын азық-түлік бөлімінде тамаша сақтау температурасын сақтау үшін ешбір азық-түліктің балғын азық-түлік бөліміндегі температура датчигіне тиюін болдырмаңыз. Азық-түлік датчикті жаппауы керек.

3 Орнату C Нұсқаулықта берілген мәліметтер зерттелмеген болса, өнімді жасаушы ол үшін жауапты емес екенін

Тоңазытқышты қайта тасымалдау кезінде ескерілетін кеңестер

1. Кез келген түрдегі тасымалдау

алдында тоңазытқышты босатып, тазалау керек.

2. Қорапқа қайта салу алдында,

тоңазытқыш ішіндегі текшелерді, қосымша бөлшектерді, азық-түлік салатын ыдыстарды және т.б. бөлшектерді кез келген соққы түрінен сақтау үшін жабысқақ лентамен мықтап орау керек.

3. Буманы қалың баулармен және

мықты жіптермен байлап, қорапқа жабыстырылған тасымалдау ережелерін ұстану керек. C Әрқашан есте сақтаңыз... Кез келген қоқысқа тасталатын зат табиғат пен ұлттық ресурстар үшін қажет көздер. Орам материалдарын тиісті орындарға тапсырғыңыз келсе, толық мәліметті экологиялық ұйымдардан немесе жергілікті органдардан алуға болады. Тоңазытқышты іске қосу

Тоңазытқышты пайдалануды бастау алдында, мыналарды тексеріңіз:

1. Тоңазытқыштың ішкі бөлігі құрғақ па

және ішкі бөлігінің артқы жағында ауа еркін айналады ма?

2. Төмендегі суретте көрсетілгендей,

артқы желдету қақпағына пластмассадан жасалған екі сынаны енгізіңіз. Ол үшін өнімдегі бұрандаларды алып тастаңыз да, сол дорбадағы бұрандаларды орнатыңыз. Пластмассадан жасалған сыналар тоңазытқыш пен қабырға арасындағы қажетті қашықтықты сақтап, ауа айналымының жүріп тұруына мүмкіндік береді.

3. Тоңазытқыштың ішкі бөлігін

«Техникалық қызмет көрсету және тазалау» бөлімінде ұсынылған жолмен тазалаңыз.

4. Тоңазытқышты розеткаға қосыңыз.

Есік ашылған кезде ішкі жарық

5. Компрессор іске қосылғанда дыбыс

естіледі. Салқындату жүйесіне қолданылған сұйықтық пен газ компрессор жұмыс істемесе де дыбыс шығаруы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.

6. Тоңазытқыштың алдыңғы шеттері

жылы болып сезілуі мүмкін. Ол қалыпты нәрсе. Ол аймақтар су жинақталудың алдын алу мақсатында қызады.KK

Электрлік байланыс Тоңазытқышты шамасы сәйкес сақтандырғышпен қорғалған және жерге қосылған розеткаға қосыңыз.

B Байланыс ұлттық ережелерге сай болуы керек. B Орнатылған соң, қуат сымының қосқышына қол оңай жетіп тұру керек. B Кернеу мен рұқсат етілген сақтандырғыш туралы «Техникалық сипаттамалар» бөлімінде жазылған. BТоңазытқышта көрсетілген кернеу розетка кернеуімен тең болуы керек. B Жалғау үшін ұзартқыш сымдар мен көп бағытты қосқыштар қолданылмауы керек. B Зақымдалған қуат сымын білікті маман ауыстыруы керек. B Құрылғыны жөндемей тұрып пайдаланбау керек! Электр шогы

Қорапты тастау AОрам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Орам материалдарын балалардан аулақ ұстаңыз немесе оларды қоқысқа тастау туралы нұсқауларға сәйкес сыныптарға бөліп тастаңыз. Оларды қалыпты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Тоңазытқыш қорабы қоқысқа тастауға болатын материалдардан жасалған. Ескі тоңазытқышты тастау Ескі құрылғыны қоршаған ортаға еш зияны тимейтіндей жолмен тастаңыз. A Тоңазытқышты тастау туралы кеңесті өкілетті сатушыдан немесе қоқыс жинау мекемесінен алуға болады. A Тоңазытқышты тастау алдында, электр сымын қиып алыңыз, ал есіктерде құлып болса, балалардың қауіпсіздігі үшін оларды бұзып

Орналастыру және орнату B Ескерту: Орнату кезінде тоңазытқышты ешқашан розеткаға қоспаңыз. Әйтпесе, өлім немесе қатты жарақаттану қаупі болады. A Тоңазытқыш орнатылатын бөлмеге кіру есігі жеткілікті кең болмаса, өкілетті қызмет орнымен хабарласып, олардан тоңазытқышты ішке кіргізу үшін оның есігін уақытша алып тастауды сұраңыз.

1. Тоңазытқышты оңай

пайдаланылатын жерге орналастырыңыз.

2. Тоңазытқышты жылу көздерінен,

дымқыл орындардан және тіке күн көзінен аулақ ұстаңыз.

3. Тиімді пайдалану үшін,

тоңазытқыштың айналасында жеткілікті ауа айналымы болуы керек. Тоңазытқышты тар жерге орнату қажет болса, тоңазытқыш пен төбеге дейін және қабырғаларға дейін кемінде 5 см арақашықтық болуы қажет. Еденде кілем төселген болса, өнімді 2,5 см-ге еденнен көтеру керек.

4. Тоңазытқышты соққылардан қорғау

үшін тегіс жерге орналастырыңыз.

5. Тоңазытқышты температурасы 10°C

градустан төменгі ортаға қоймаңыз.KK

Еден теңгерімін реттеу AТоңазытқыш тепе-тең қалыпта

B Алдымен өнімді ток көзінен ажыратыңыз. Теңгерімді реттегенде, өнім ток көзінен ажыратылған болу керек. Ток соғу қаупі бар.

1- Процедураны бастамас бұрын,

суретте көрсетілгендей, бұрандаларын шығару арқылы желдету қақпағын ашу керек. Тоңазытқыш теңгерімін алдыңғы аяқтарын суретте көрсетілгендей реттеу арқылы теңеуге болады. Қара көрсеткі бағытымен бұрағанда, аяқ орналасқан жақтағы бұрыш төмендейді, ал керісінше бағытта бұралса, көтеріледі. Біреу тоңазытқышты аздап көтерсе, бұл процесс оңайланады.

2. Тепе-теңдік қалпы реттеліп болғанда,

желдету қақпағын орнына қойып, бұрандалармен бекітіңіз.

3. Төменгі желдету қақпағын ұстап

тұрған бұрандаларды Philips бұрауышымен шешіңіз. Жоғарғы есік арасындағы саңылауды реттеу C Тоңазыту бөлігі есіктерінің арасындағы саңылауды суреттерде көрсетілгендей реттей аласыз. Есік биіктігін реттеген кезде есік текшелері бос болуы керек. C Бұрауышты пайдаланып реттелетін есіктің жоғарғы топсасының қабын бұрап алыңыз.KK

C Бұрандаларды босатып, есікті сәйкесінше реттеңіз. C Орналасуын өзгертпей, реттелген есікті бұрандалармен

C Топса қабын орнына салып, бұрандамен бұраңыз.KK

Су сүзгісін орнату (кейбір үлгілерде) Тоңазытқышқа суды жеткізетін екі түрлі су көзін жалғауға болады: орталық су жүйесіндегі суық су және құмырадағы су. Орнату талаптары Құмыра суын пайдаланғанда, сорғыны да қолдану керек. Өніммен бірге төменде көрсетілген бөлшектер келгенін тексеріңіз.

1. Су құбырын құралдың артқы жағына

жалғауға арналған муфта. (Сәйкес келмесе, ең жақын өкілетті қызмет көрсету орнынан сатып алыңыз.)

2. 2 құбыр қысқышы (қажет болса, су

құбырын бекіту үшін) Ескерім: Төмендегі бөлшектер құмырамен пайдалану үшін қажет болмағандықтан, жинақпен бірге берілмеуі мүмкін.

4. Торлы сүзгі орнатылған суық су

жүйесінің клапаны (кран адаптері)

5. Су сүзгісі немесе сырттан жалғанатын

сүзгі тоңазыту бөлігінің ішіндегі қапсырмаға бекітілу керек. Алдымен сыртқы сүзгі орнатылатын орынды анықтап алу керек. (Тоңазытқыштың сыртына орнатылатын сүзгіге қатысты.) Содан кейін сүзгі мен тоңазытқыш арасындағы қашықтықты және сүзгі мен тоңазытқыштың су кірісі арасында жалғанатын шланг ұзындығын анықтау қажет. Су сүзгісі суретте көрсетілгендей тігінен қойылу керек. Сүзгіні су кірісі мен су шығысы орындарына дұрыс тағу

Сүзгіні орнатқаннан кейін бастапқы 3-4 стақан суды пайдаланбаңыз. Су құбырын тоңазытқышқа

1. Муфтаны су құбырына орнатқаннан

кейін, құбырды тоңазытқыштың кіріс клапанына қатты басып салыңыз.

2. Муфтаны, суретте көрсетілгендей,

қолмен қысып, тоңазытқыштың кіріс клапанына кіргізіңіз. (a - су құбыры, b - муфта, c -клапан) C 1-ескертпе: Әдетте муфтаны құралмен тартудың қажеті жоқ. Су ағатын болса, муфтаны гайка кілтімен немесе қысқашпен тартыңыз.

(кейбір үлгілерде) Тоңазытқышқа суды құмырадан жалғау үшін сорғы қажет. Сорғыдан шығатын су құбырының бір ұшын алдыңғы бетте сипатталған жолмен тоңазытқышқа жалғағаннан кейін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

1. Су құбырының екінші ұшын, суретте

көрсетілгендей, сорғының су құбыры кірісіне кіргізіп, байланысты аяқтаңыз.

2. Сорғы шлангысын суретте

көрсетілгендей құмыраға салып, орнына бекітіңіз.

3. Байланысты орнатып болған соң,

қосқышты қуат көзіне жалғап, сорғыны іске қосыңыз. Сорғы дұрыс жұмыс істеу үшін, оны қосқаннан кейін 2-3 минут күтіңіз. C Су байланысын орнату үшін сорғының пайдаланушы нұсқаулығын қолдануға болады. C Құмыра пайдаланылған жағдайда су сүзгісін қолданудың қажеті жоқ. C Құмыраны пайдаланғанда, сорғыны да қолдану керек.KK

Су құбырын орталық суық су жүйесіне қосу (кейбір үлгілерде) Тоңазытқышты суық су жүйесіне қосып пайдалану үшін, үйіңіздегі су жүйесіне сәйкес келетін стандартты 0,5 дюймдік бітеуіш штуцерін жалғау керек болады. Мұндай штуцер болмаған немесе қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, білікті сантехник маман көмегіне жүгініңіз.

1. Муфтаны кран адаптерінен

ажыратыңыз. (A суреті)

2. Кран адаптерін, суретте

көрсетілгендей, 0,5 дюймдік бітеуіш штуцерге орнатыңыз. (B суреті)

3. Су құбырын муфтаға салып, кран

адаптеріне орнатыңыз да, суретте көрсетілгендей кранға кіргізіңіз. (С

4. Муфтаны қолмен тартыңыз. Су

ағатын болса, муфтаны гайка кілтімен немесе қысқашпен тартыңыз. A Ескерту: Зақымдалу, дұрыс орналаспау немесе байқаусызда ажырау жағдайлары орын алмау үшін, жинақпен берілген құбыр қысқыштар көмегімен су құбырын қажетті жерлерге бекітіп қойыңыз. A Ескерту: Су клапанын қосқаннан кейін, су құбырының жалғанған екі жерінен су ағып тұрмағанын тексеріңіз. Су ағып тұрса, клапанды дереу өшіріп, барлық қосылған орындарды қайтадан гайка кілтімен немесе қысқашпен

A Ескерту: Стандартты 0,5 дюймдік бітеуіш штуцерге су келіп тұрғанын және ол толық өшіп тұрғанын тексеріңіз.KK

Су сүзгісін орнату үшін, төмендегі нұсқауларды оқып, берілген суреттерді

1. Дисплейдегі мұз қатырмау түймесін

2. Тоңазыту бөлігіндегі сүзгі қақпағын

алдыға тартып, шешіңіз.

3. Төмен қарай бұрап, су сүзгісінің

айналмалы қақпағын ашыңыз. A Ескерту: Айналмалы қақпақты ашпас бұрын, «Мұз жасауды өшіру» режимі қосылып тұрғанын тексеріңіз. Ескерім: Қақпақты ашқаннан кейін бірнеше тамшы судың болуы — қалыпты жағдай.

4. Су сүзгісінің үстіндегі қақпақты ашып,

суретте көрсетілгендей қойыңыз да, төмен қарай бұрап бекітіңіз.

5. Бұл режимнен шығу үшін, дисплейдегі

мұз қатырмау түймесін қайта

Су сүзгісін 6 ай сайын ауыстырып тұру

Сүзгіні ауыстыру уақыты автоматты түрде есептеліп, пайдалану мерзімі аяқталғанда ескерту берілу үшін, «Сүзгіні пайдалану уақытын автоматты түрде есептеу» бөлімін қараңыз.KK

Су сүзгісін ауыстыру немесе тастау қажет болғанда, суретте көрсетілгендей шешіп, айналмалы қақпағын жабу керек. Сүзгіні шығарғанда, міндетті түрде «Мұз жасауды өшіру» режимі қосылып тұру керек. A Ескерту: Су сүзгісі суды артық бөлшектерден тазартады. Бірақ ол судағы микроағзаларды өлтірмейді. A Ескерту: Су сүзгісін ауыстырғанда немесе айналмалы қақпақты жапқанда, Мұз жасауды өшіру түймесі міндетті түрде басылып тұру керек. Су диспенсерін алғаш қолдану алдында C Су жүйесінің қысымы 1-деңгейден төмен болмау керек. C Су жүйесінің қысымы 8-деңгейден жоғары болмау керек. C Су жүйесінің қысымы 1-деңгейден азайса немесе құмыра қолданылатын болса, сорғыны пайдалану керек. C Тоңазытқыштың су жүйесін орталық суық су желісіне жалғау керек. Оны ыстық су желісіне қосуға болмайды. C Тоңазытқышты алғаш рет пайдаланғанда, су ақпауы мүмкін. Бұл жүйеде ауаның болуына байланысты. Ауаны жүйеден шығару үшін, диспенсерден су аққанша, 1 минут сайын оның басқару тетігін басып тұрыңыз. Басында су ағымы бірқалыпты болмауы мүмкін. Жүйедегі ауа шығарылғаннан кейін, су ағымы қалыпты күйіне келеді. C Тоңазытқышты алғаш рет қосқанда, суық су шамамен 12 сағаттан кейін

C Мұз/су диспенсері бірқалыпты істеп тұру үшін, су жүйесінің қысымы 1-8 деңгейде болу керек. Ол үшін 1 стақан су (100 мл) 10 секундта толтырылатынын тексеріңіз. C Бірінші 10 стақанды есепке алмауға

C Мұз диспенсерінен шыққан бастапқы 30 кесек мұзды пайдалануға болмайды. C Құмыра қолданылмағанда, әрдайым су сүзгісін пайдаланыңыз.KK

4 Дайындау C Тоңазытқыш конфорка, пеш, орталық жылу жүйесі және духовка сияқты жылу көздерінен кемінде 30 см, ал электр пештерінен кемінде 5 см қашықтықта орнатылу керек және оны күн түсетін жерге қоймаған дұрыс. C Тоңазытқыш орнатылған бөлме температурасы кемінде 10°C градус болуы керек. Тоңазытқышты осыдан салқынырақ жағдайларда іске қосу тиімсіз болғандықтан ұсынылмайды. C Тоңазытқыштың ішкі бөлігін мұқият тазалау қажет. C Екі тоңазытқыш қатар орнатылатын болса, олардың арасында кемінде 2 см арақашықтық болуы керек. C Тоңазытқышты бірінші рет іске қосқанда, бастапқы алты сағат ішінде мына нұсқауларды орындаңыз. - Есік жиі ашылмауы керек. - Оған ешқандай тағам салмай бос күйінде жұмыс істету керек. - Тоңазытқышты қуат көзінен суырмаңыз. Егер қуат көзі ажыратылса, «Проблемаларды шешуге арналған ұсыныстар» бөліміндегі ескертулерді қараңыз. C Қорап пен қатты көбік материалдарын болашақта тасымалдау немесе көшу үшін сақтап қойыңыз.KK

5 Тоңазытқышты пайдалану Көрсеткіш шамдар тақтасы Бұл сенсорлы көрсеткіш панелі температураны тоңазытқыштың есігін ашпай орнату мүмкіндігін береді. Температураны орнату үшін, жай ғана саусақпен тиісті түймені түртіңіз.

1. Eco-Extra / Демалыс түймесі

2. Жылдам қатыру түймесі

3. Қатыру бөлігінің температурасын

4. Тоңазыту бөлігінің температурасын

5. Жылдам салқындату түймесі

6. Көп функциялы аймақ бөлігінің

температурасын орнату түймесі

7. Демалыс функциясының көрсеткіші

8. Eco-Extra функциясының көрсеткіші

9. Жылдам қатыру функциясының

10. Қатыру бөлігі температурасының

11. Тоңазыту бөлігі температурасының

12. Жылдам салқындату

функциясының көрсеткіші

13. Көп функциялы аймақ бөлігі

температурасының көрсеткіші

14. Үнемдеу режимінің көрсеткіші

15. Қате күйінің көрсеткіші

16. Пернелерді құлыптау

функциясының көрсеткіші

17. Мұз қатырмау түймесі

18. Мұз жасауды өшіру функциясының

19. Сүзгіні ауыстыру туралы

ескертуден бас тарту түймесі

20. Сүзгіні ауыстыру туралы ескерту

C Осы нұсқаулықтағы суреттер сызба түрінде берілген және сатып алынған өнімге сәйкес келмеуі мүмкін. Тақырыпта берілген бөлшектер сіз сатып алған өнімде болмаса, онда ол басқа үлгідегі өнімдерге арналған.KK

1. Eco Extra/Демалыс түймесі

Eco Extra функциясын қосу үшін, осы түймені қысқа басыңыз. Демалыс функциясын қосу үшін, осы түймені 3 секунд басып тұрыңыз. Таңдалған функцияны өшіру үшін, осы түймені қайта басыңыз.

2. Жылдам қатыру түймесі

Жылдам қатыру функциясын қосу үшін, осы түймені қысқа басыңыз. Таңдалған функцияны өшіру үшін, осы түймені қайта басыңыз.

температурасын орнату түймесі Қатыру бөлігінің температурасын сәйкесінше -18, -20, -22, -24, -18... мәндеріне орнату үшін, осы түймені басыңыз. Қатыру бөлігі үшін қажетті температураны орнату үшін, осы түймені басыңыз.

4. Тоңазыту бөлігінің

температурасын орнату түймесі Тоңазыту бөлігінің температурасын сәйкесінше 8, 6, 4, 2, 8... мәндеріне орнату үшін, осы түймені басыңыз. Тоңазыту бөлігі үшін қажетті температураны орнату үшін, осы түймені басыңыз.

5. Жылдам салқындату түймесі

Жылдам салқындату функциясын қосу үшін, осы түймені қысқа басыңыз. Таңдалған функцияны өшіру үшін, осы түймені қайта басыңыз.

6. Көп функциялы аймақ бөлігінің

температурасын орнату түймесі Көп функциялы аймақ бөлігін қатырғыш немесе салқындатқыш ретінде пайдалануға болады. Көп функциялы аймақ бөлігін қатырғыш немесе салқындатқыш ретінде орнату үшін, осы түймені ұзақ (3 секунд) басып тұрыңыз. Зауытта бұл бөлік қатыру бөлігі ретінде орнатылған. Көп функциялы аймақ бөлігін қатырғыш күйіне орнатса, түймені басқан сайын оның температурасы сәйкесінше -18, -20, -22, -24, -18... ретімен өзгереді. Көп функциялы аймақ бөлігін тоңазытқыш күйіне орнатса, түймені басқан сайын оның температурасы сәйкесінше 10, 8, 6, 4, 2, 0, -6, ... ретімен өзгереді.

7. Демалыс функциясының

Демалыс функциясының қосылып тұрғанын көрсетеді. Функция қосылып тұрса, тоңазыту бөлігінің көрсеткішінде «- -» таңбасы пайда болып, ол суытпайтын болады. Басқа бөліктер орнатылған температурамен салқындата береді. Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті түймені қайта басыңыз.

8. Eco-Extra функциясының

Eco-Extra функциясының қосылып тұрғанын көрсетеді. Функция қосылып тұрса, тоңазытқыш автоматты түрде ең аз пайдаланылатын кездерді анықтап, сол уақыттарда құрылғы қуатты үнемдеп салқындататын болады. Тоңазытқыш қуатты үнемдеп салқындатқанда, үнемдеу көрсеткіші жанып тұрады. Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті түймені қайта басыңыз.KK

9. Жылдам қатыру функциясының

Жылдам қатыру функциясының қосылып тұрғанын көрсетеді. Бұл функцияны қатыру бөлігіне жаңа азық- түліктерді салғанда немесе мұз қажет болғанда пайдаланыңыз. Бұл функция қосылып тұрғанда, тоңазытқыш белгілі бір уақыт істеп тұрады. Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті түймені қайта басыңыз.

температурасының көрсеткіші Қатыру бөлігі үшін орнатылған температураны көрсетеді.

температурасының көрсеткіші Тоңазыту бөлігі үшін орнатылған температураны көрсетеді.

12. Жылдам салқындату

функциясының көрсеткіші Жылдам салқындату функциясының қосылып тұрғанын көрсетеді. Бұл функцияны тоңазыту бөлігіне жаңа азық-түліктерді салғанда немесе азық-түліктерді жылдам суыту қажет болғанда пайдаланыңыз. Бұл функция қосылып тұрғанда, тоңазытқыш 2 сағат бойы тоқтаусыз істеп тұрады. Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті түймені қайта басыңыз.

13. Көп функциялы аймақ бөлігі

температурасының көрсеткіші Көп функциялы аймақ бөлігі үшін орнатылған температураны көрсетеді.

14. Үнемдеу режимінің көрсеткіші

Тоңазытқыштың қуатты үнемдеу режимінде істеп тұрғанын көрсетеді. Қатыру бөлігінің температурасы Бұл көрсеткіш функция -18 мәніне орнатылғанда немесе Eco-Extra функциясы қосылғандықтан қуатты үнемдеп салқындату режимінде тұрғанда жанады.

15. Қате күйінің көрсеткіші

Тоңазытқыш дұрыс суытпаса немесе сенсор істемей қалса, осы көрсеткіш қосылады. Бұл көрсеткіш қосылып тұрғанда, қатыру бөлігі температурасының көрсеткішінде «Е», ал тоңазыту бөлігі температурасының көрсеткішінде «1,2,3…» сияқты сандар көрсетіледі. Көрсеткіштегі бұл сандар қызмет көрсету мамандарына қателік туралы ақпаратты береді.

16. Пернелерді құлыптау

Тоңазытқыштың орнатылған температурасы өзгеріссіз тұру үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндікті қосу үшін, Жылдам салқындату және Икемді аймақ бөлігінің температурасын орнату түймесін бірге ұзақ (3 секунд) басып

Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті түймелерді қайта басыңыз.

17. Мұз қатырмау түймесі

Мұз жасау жұмысын тоқтату үшін, мұз қатырмау түймесін 3 секунд басып тұру керек. Мұз қатырмау функциясы таңдалғанда, мұз ыдысына су құйылмайтын болады. Бұған қарамастан, мұз ыдысында кішкене мұз қалып қалуы мүмкін. Оны шығарып алуға болады. Мұз жасау жұмысын қайта қосу үшін, мұз қатырмау түймесін 3 секунд басып тұру керек.KK

18. Мұз қатырмау функциясының

Тоңазытқыштан мұз алу қажет болмаса, осы функция қолданылады. Бұл функцияны қолдану үшін, мұз қатырмау түймесін 3 секунд басып тұру керек.

19. Сүзгіні ауыстыру туралы

ескертуден бас тарту түймесі Тоңазытқыштың сүзгісін 6 ай сайын ауыстырып тұру керек. Тоңазытқыш бұл уақытты автоматты түрде есептеп, сүзгінің жарамдылық мерзімі аяқталғанда, сүзгіні ауыстыру туралы ескерту көрсеткіші жанады. Сүзгіні ауыстырғаннан кейін тоңазытқыш жаңа уақытты есептеу үшін, Сүзгіні ауыстыру туралы ескертуден бас тарту түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

20. Сүзгіні ауыстыру туралы

ескертуден бас тарту көрсеткіші Сүзгінің жарамдылық мерзімі аяқталғанда, сүзгіні ауыстыру туралы ескерту көрсеткіші жыпылықтай

«Есік ашық» дабылы: Тоңазыту немесе икемді аймақ бөлігінің есігі 1 минуттан артық ашық қалса, «Есік ашық» дыбысты сигнал дабылы беріледі. Дабылдың үнін өшіру үшін, көрсеткіштегі кез келген түймені басыңыз немесе ашық тұрған есікті жабыңыз.KK

Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелу үшін жасалатын әрекеттер (Орталық су жүйесіне қосылған және сүзгісі бар өнімдерге арналған)

1- Тоңазытқышты ток көзіне қосқан соң, А және В түймелерін бірге басып,

пернелер құлпын қосыңыз.

2- Содан кейін сәйкесінше Eco-Extra (1), Тоңазыту бөлігінің температурасын

орнату түймесін (4), Жылдам салқындату (5) және Қатыру бөлігінің температурасын орнату түймесін (3) басыңыз. Түйме конфигурациясы қажетті тәртіппен басылса, пернелер құлпының таңбасы өшіп, қысқа уақытқа қоңырау сигналы беріледі де, сүзгіні ауыстыру туралы ескерту көрсеткіші жанады. Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелу үшін, сүзгіні ауыстыру туралы ескертуден бас тарту түймесін (дисплей сипаттамаларындағы 19-элемент) басыңыз. C Сүзгіні пайдалану уақыты автоматты түрде есептелсе, өнімді ток көзіне қосқаннан кейінгі бірнеше секундта сүзгіні ауыстыру туралы ескерту көрсеткіші жанады. C Сүзгіні пайдалану уақытын автоматты түрде есептеу функциясының зауыттық параметрі — өшірулі. Оны сүзгісі бар өнімдерде қосу керек. C Сүзгіні пайдалану уақытын есептеу функциясын өшіру үшін, сүзгіні пайдалану уақытын есептеу функциясы қосылған өнімдерге қолданылатын процедураны қайталаңыз.KK

Жұмыртқа науасы Жұмыртқа салғышты қалаған есікке немесе негізгі текшеге орнатуға

Жұмыртқа салғышты қатыру бөлігіне ешқашан орнатпаңыз. Сырғымалы негізгі

Сырғымалы негізгі текшелерді алдыңғы жағынан жайлап көтеріп, алға немесе артқа жылжытуға болады. Оларды тартсаңыз, текшенің артқы жағында орналасқан тағамды алуға мүмкіндік беру үшін алға қарай жылжып барып тоқтау нүктесіне тіреледі. Текше құлап кетпес үшін, оның астынан мықтап ұстау қажет. Негізгі текше тоңазытқыш корпусының ішкі бүйірлеріндегі бір төменгі және бір жоғарғы деңгейлі сырғытпа жолақтарға орналастырылады. Негізгі текшені орнына толық түсіру үшін артқа итеріңіз.

Көкөніс пен жеміс-жидек сақталатын бөлік Тоңазытқыштың ыдысы сақталған азық-түліктің ылғалдылығын жоғалтпай жас күйінде сақтап қалатындай етіп жасалған. Осы мақсатта көкөніс пен жеміс-жидек сақталатын бөліктің айналасында ауа айналымы пайда болады. Көкөніс пен жеміс-жидек сақталатын бөліктерді шығармас бұрын, олармен тураланып тұрған есік сөрелерін шығарыңыз. Көкөніс пен жеміс-жидек сақталатын бөліктер суретте көрсетілгендей шығарылады. Ет салатын бөлік Ет салатын бөліктер қатырылатын азық-түліктерді қатыруға дайындайды. Бұл бөліктерді азық-түліктерді тоңазыту бөлігінен бірнеше градус төмен температурада сақтау үшін пайдалануға болады. Ет салатын бөліктердің кез келгенін шығарып, тоңазытқыштың ішкі көлемін үлкейтуге болады. Ол үшін, бөлікті өзіңізге қарай тартыңыз, бөлік тежегішке дейін еңкейеді де, тоқтайды. Бөлікті 1 сантиметрге көтеріп, өзіңізге қарай тартсаңыз, ол шешіледі.KK

Қозғалмалы орталық бөлік Қозғалмалы орталық бөлік тоңазытқыштың ішіндегі суық ауаны сыртқа шығудан қорғап тұрады.

1- Есіктегі аралық қабат қозғалмалы

орталық бөлік бетін қысқанда, тоңазыту бөлігінің есіктері жабық тұрса, оқшаулау қамтамасыз етіледі.

2- Тоңазытқышта қозғалмалы орталық

бөлік болуының екінші себебі — ол тоңазыту бөлігінің стандартты көлемін үлкейтеді. Стандартты орталық бөліктер тоңазытқыштың пайдаланылмайтын жерлерін алып

3- Тоңазыту бөлігінің сол жақ есігі

жабық тұрғанда, қозғалмалы орталық бөлік те жабық болады.

4- Оны қолмен ашуға болмайды.

Есік жабық тұрғанда, ол корпустың пластмасса бөлігі астында қозғалады.

Ыдыстарда сақталған азық-түлік көк шаммен жарықтандырылған, ол көк жарықтың толқын ұзындығы әсерімен тағамдардың фотосинтезін жалғастырады, осылайша олар жас күйінде сақталады және дәрумендер құрамы көбейеді. Көп функциялы сақтау

Тоңазытқыштың көп функциялы сақтау бөлігін тоңазыту (2/4/6/8 °C) немесе қатыру (-18/-20/-22/-24) температурасына реттеп, қалаған режимде пайдалануға болады. Бөлікті көп функциялы сақтау бөлігінің температурасын орнату түймесі көмегімен қалаған температураға қоюға болады. Көп функциялы сақтау бөлігінің температурасын тоңазыту бөлігінің температурасына 0-10 градус немесе қатыру бөлігінің температурасына -6 градус қосып орнатуға болады. 0 градус гастроном тауарларын ұзағырақ сақтау, ал -6 градус етті 2 аптаға дейін оңай туралатын қалыпта сақтау үшін пайдаланылады.

Тоңазыту немесе қатыру бөлігі арасында ауыстыру қызметін тоңазытқыштың артындағы жабық бөлікте (компрессор бөлігі) орналасқан салқындату элементі атқарады. Бұл элемент істеп тұрғанда, аналогтық сағаттағы секундтар дыбысына ұқсас дыбыс естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және ақау болып табылмайды.KK

Артқы ілмектері бар сырғымалы негізгі сөрелер Артқы ілмектері бар сырғымалы негізгі сөрелерді артқа және алдыға жылжытуға болады. Сөрелерді шығарып, жоғары немесе төмен орнату арқылы олардың биіктігін реттеуге болады. Шығару үшін, сөрені сәл жоғары көтеріп, өзіңізге қарай

Май мен сыр бөлімі Май, сыр және маргарин сияқты азық- түліктерді осы қақпағы бар бөлімде сақтауға болады.

Диспенсерден аққан бастапқы бірнеше стақан судың жылы болуы — қалыпты

Диспенсер жиі қолданылмаған жағдайда, тың су алыну үшін, судың біраз мөлшерін ағызып тастау керек. Су тамшыларының науасы Су ағызғанда тамған су тамшылар науасына жиналады. Су тамшыларының науасын өзіңізге қарай тартып немесе шетінен басып (үлгісіне байланысты) шығаруға болады. Су тамшыларының науасын жөкемен немесе жұмсақ шүберекпен шығаруға болады.KK

Тоңазытқышты пайдаланғанда, минибар есігі қосымша ыңғайлылықпен қамтамасыз етеді. Тоңазытқыштағы есік сөресіне оның есігін ашпай қол жеткізуге болады. Осы мүмкіндік арқасында тоңазытқыштан жиі қолданатын тағамдар мен сусындарды алуға болады. Тоңазытқыш есігін жиі ашудың қажеті болмағандықтан, тұтынылатын қуат мөлшері азаяды. Шағын науа есігін ашу үшін, оны қолмен басып, артқа қарай тартыңыз. Шағын науаның есігі ашық тұрғанда, оның ішкі бетін үстел ретінде қолданып, суретте көрсетілгендей аз уақытқа бөтелкелер мен стақандарды қоюға

A Ескерту: Есікке қысым келтірмеңіз: отырмаңыз, мінбеңіз, асылып тұрмаңыз және ауыр заттар қоймаңыз. Тоңазытқыш зақымдалуы немесе жарақат алып қалуыңыз мүмкін. A Ескерту: Шағын науа есігінің үстіне тағам қойып турамаңыз және есікті өткір заттармен зақымдап алмаңыз.KK

6 Тазарту және күтім жасау A Тазалау мақсатында бензин, газолин немесе сол сияқты нәрселерді пайдаланбаңыз. B Құрылғыны тазалау алдында оны розеткадан ажыратуды ұсынамыз. C Тазалау үшін ешқандай өткір және беті тегіс емес құрал, сабын, тұрмыстық тазартқыш, тазартқыш химикат және балауыз политурасын пайдаланбаңыз. С Тоңазытқыштың корпусын жылы сумен тазалап, құрғатып сүртіңіз. C Ішкі бөлікті тазалау үшін, натрий бикарбонатының ерітіндісін 0,473 л суға қосып, сол суға батырылған шүберекті пайдаланыңыз да, соңында құрғатып сүртіңіз. B Шам қақпағына және басқа электрлік элементтерге су кірмеуін қадағалаңыз. B Тоңазытқыш біраз уақытқа дейін пайдаланылмайтын болса, қуат көзінен сымды ажыратыңыз, барлық тағамдарды алып тастап, оны тазалаңыз да, есігін жартылай ашық қалдырыңыз. C Есіктің аралық төсеніштерінің тағам қалдықтарынан тазалығын тексеріңіз. A Есік ілгектерін алу үшін, барлық нәрселерді алып тастап, есік ілгегін негізінен жоғары қарай көтеріңіз. Пластмассалық беттерді

C Сұйық майды немесе майға пісірілген тамақтарды тоңазытқыш ішіне төсенішсіз ыдыспен қоймаңыз, себебі олар тоңазытқыштың пластмассалық беттерін зақымдайды. Пластмассалық беттерге май шашыраса немесе жағылса, сол жерді жылы сумен дереу шайыңыз және тазалаңыз.KK

Қызметті шақыру алдында осы тізімді қайта қарап шығыңыз. Ол уақыт пен қаражатты үнемдеуі мүмкін. Бұл тізімде ақаулығы бар өнім мен материалды қолдану салдарынан көтерілмеген жиі кездесетін шағымдар бар. Осы жерде сипатталған мүмкіндіктердің кейбіреулері өнімде болмауы мүмкін. 7 Проблемаларды шешу ұсыныстары Тоңазытқыш жұмыс істемейді.

  • Тоңазытқыш дұрыс қосылған ба? Қосқышты розеткаға енгізіңіз.
  • Тоңазытқыш қосылған розетканың сақтандырғышы немесе желінің сақтандырғышы күйіп кетті ме? Сақтандырғышты тексеріңіз. Тоңазыту бөлігінің бүйірлік қабырғасына су жиналу (MULTIZONE (мультиаймақ), COOL CONTROL (салқындықты басқару) және FLEXI ZONE (жұмсақ аймақ).
  • Бөлме температурасы өте салқын болған жағдайлар. Есікті жиі ашып-жабу. Жоғарғы ылғалды орта жағдайлары. Құрамында сұйықтығы бар тағамды ашық ыдыстарда сақтау. Есікті қапсырып ашу. Термостатты салқындау деңгейге қосу.
  • Есік ашық болу уақытын азайту немесе оны сирек пайдалану.
  • Ашық ыдыстарда сақталған тағамдардың бетін сәйкес материалмен жабу.
  • Жиналған суды құрғақ шүберекпен сүртіңіз, ал қайталана берсе оны тексеріңіз. Компрессор ажыратылған
  • Қуат көзі кенеттен ажыратылғанда немесе қосқыш қосып-ажыратылғанда, компрессордың қорғаныш термостаты ажыратылады, себебі тоңазытқыштың салқындату жүйесіндегі салқындатқыш сұйықтық қысымы әлі теңгерілмеген. Тоңазытқыш шамамен 6 минуттан соң іске қосылады. Осы уақыт ішінде тоңазытқыш іске қосылмаса, қызмет көрсету орталығына телефон шалыңыз.
  • Тоңазытқышта еру процесі жүруде Бұл – толықтай автоматты түрде еритін тоңазытқыш үшін қалыпты құбылыс. Еру процесі кезеңді түрде қайталанады.
  • Тоңазытқыш қосқышы розеткаға қосылмаған. Қосқыштың розеткаға дұрыс енгізілгенін тексеріңіз.
  • Температура параметрлері дұрыс орнатылды ма?
  • Қуат көзі ажыратылуы мүмкін.KK

Тоңазытқыш жиі немесе ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуде.

  • Жаңа өніміңіз бұрынғысына қарағанда кеңірек болғандықтан. Ол өте қалыпты нәрсе. Кең тоңазытқыштар ұзақ уақыт бойы іске қосылған күйде болады.
  • Бөлме температурасы жоғары болуы мүмкін. Ол өте қалыпты нәрсе.
  • Тоңазытқыш жақында іске қосылған немесе азық-түлікпен толтырылған болуы мүмкін. Тоңазытқышты толық салқындату процесі екі сағатқа созылуы мүмкін.
  • Тоңазытқышқа жақында үлкен көлемдегі ыстық тамақ салынған болуы мүмкін. Ыстық тағам тиісті температураға дейін салқындағанша тоңазытқыш жұмыс істей
  • Есік жиі ашып-жабылған немесе ұзақ уақыт бойы ашық қалған. Тоңазытқышқа кірген жылы ауа тоңазытқыштың ұзақ уақыт бойы іске қосылған күйде болуына себеп болады. Есіктерді жиі ашып-жаппаңыз.
  • Қатырғыш немесе тоңазыту бөлігінің есігі жартылай ашық қалған болуы мүмкін. Есіктердің мықтап жабылғанын тексеріңіз.
  • Тоңазытқыш өте төменгі температураға орнатылған. Тоңазытқышты жылылау деңгейге орнатып, қалаған температураға қол жеткенше күтіңіз.
  • Тоңазытқыш немесе қатырғыш есігінің аралық төсеніші кірлеген, жыртылған, сынған немесе дұрыс кигізілмеген болуы мүмкін. Аралық төсенішті тазалаңыз немесе ауыстырыңыз. Зақымданған/сынған аралық төсеніш ағымдағы температура тиісті деңгейге жеткенше тоңазытқыштың ұзақ уақыт бойы іске қосылған күйде болуына себеп болады. Тоңазыту бөлігінің температурасы жеткілікті, бірақ қатырғыш температурасы өте
  • Қатырғыш өте төменгі температураға орнатылған. Қатырғыш температурасын жылылау деңгейге орнатыңыз және тексеріңіз. Қатырғыш бөлігінің температурасы жеткілікті, бірақ тоңазыту температурасы өте
  • Тоңазыту температурасы өте төмен температураға орнатылған болуы мүмкін. Тоңазыту температурасын жылылау деңгейге орнатыңыз және тексеріңіз. Тоңазыту бөлігі тартпаларына салынған тағам қатуда.
  • Тоңазыту температурасы өте төмен температураға орнатылған болуы мүмкін. Тоңазыту температурасын жылылау деңгейге орнатыңыз және тексеріңіз. Тоңазытқыш немесе қатырғыш температурасы өте жоғары.
  • Тоңазыту температурасы өте жоғары температураға орнатылған болуы мүмкін. Тоңазыту параметрі қатырғыш температурасына әсер етеді. Тоңазытқыш пен атырғыштағы температура жеткілікті деңгейге жеткенше тоңазытқышты немесе қатырғышты ауыстырыңыз.
  • Есік жиі ашып-жабылған немесе ұзақ уақыт бойы ашық қалған. Оларды жиі ашып-жаппаңыз.
  • Есік жартылай ашық қалған болуы мүмкін. Есікті толық жабыңыз.
  • Тоңазытқышқа жақында үлкен көлемді ыстық тамақ салынған болуы мүмкін. Тоңазытқыш немесе қатырғыш температурасы қалаған деңгейге жеткенше
  • Тоңазытқыш жақында розеткаға жақында ғана қосылған болуы мүмкін. Тоңазытқыштың толық салқындауына уақыт кетеді.KK

Тоңазытқыш іске қосылған кезде оның дыбысы күшейеді.

  • Тоңазытқыштың жұмыс істеу өнімділігі бөлме температурасына байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл ақаулық емес, қалыпты жағдай. Діріл немесе шуыл.
  • Еден тегіс емес немесе әлсіз. Аздап жылжытылған кезде тоңазытқыш шайқалады. Еденнің тоңазытқышты жылжытуға жарайтындай қатты және тегіс екеніне көз жеткізіңіз.
  • Дыбыс тоңазытқыш үстіне қойылған заттар әсерінен болуы мүмкін. Тоңазытқыштың үстіндегі заттарды алып тастау керек. Тоңазытқыштан сұйықтық ағып немесе шашырап жатқан сияқты дыбыстар шығады.
  • Сұйықтық және газ тоңазытқыштың жұмыс істеу принциптеріне сәйкес ағады. Бұл ақаулық емес, қалыпты жағдай. Жел соққан сияқты дыбыс шығады.
  • Тоңазытқышты салқындату үшін желдеткіштер қолданылады. Бұл ақаулық емес, қалыпты жағдай. Тоңазытқыштың ішкі қабырғаларына су жиналады.
  • Ыстық және ылғалды ауа-райының әсерінен мұз қату және су жиналу процестері күшейеді. Бұл ақаулық емес, қалыпты жағдай.
  • Есіктер жартылай ашық қалған болуы мүмкін. Есіктердің толық жабылғанын тексеріңіз.
  • Есік жиі ашып-жабылған немесе ұзақ уақыт бойы ашық қалған. Оларды жиі ашып-жаппаңыз. Тоңазытқыш сырты мен есік аралады дымқылданады.
  • Ауа ылғалдылығынан болуы мүмкін, бұл – ауа-райы ылғалды болғанда өте қалыпты нәрсе. Ылғалдылық деңгейі азайғанда, жиналған су жоғалады. Тоңазытқыш ішінен жағымсыз иіс шығады.
  • Тоңазытқыштың ішін тазалау керек. Тоңазытқыштың ішкі бөлігін губкамен, жылы сумен немесе газдандырылған сумен тазалаңыз.
  • Иістің шығуына кейбір ыдыстар немесе бума материалдары себеп болуы мүмкін. Басқа ыдыс немесе басқа түрдегі бума материалын пайдаланыңыз. Есік жабылмайды.
  • Азық-түлік орамдары есіктің жабылуына кедергі болуы мүмкін. Есікке кедергі жасаудағы орамдарды дұрыстап қойыңыз.
  • Тоңазытқыш тігінен тұрған жоқ және жылжытылған кезде тербетіледі. Көтеру бұрандаларын реттеңіз.
  • Еден тегіс немесе берік емес. Еденнің тоңазытқышты жылжытуға жарайтынына және тегіс екеніне көз жеткізіңіз. Ыдыстар алынбайды.