HOTPOINT ARISTON HNC 9.8 ABI XHA - ас үй желдеткіші

HNC 9.8 ABI XHA - ас үй желдеткіші HOTPOINT ARISTON - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HNC 9.8 ABI XHA HOTPOINT ARISTON PDF форматында.

📄 84 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice HOTPOINT ARISTON HNC 9.8 ABI XHA - page 79
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HOTPOINT ARISTON

Модель : HNC 9.8 ABI XHA

Санат : ас үй желдеткіші

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HNC 9.8 ABI XHA - HOTPOINT ARISTON және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HNC 9.8 ABI XHA брендінің HOTPOINT ARISTON.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HNC 9.8 ABI XHA HOTPOINT ARISTON

Пайдалану нұсқаулығы

Пайдалану нұсқаулығы,3 Ескертулер:,26 Көмек,30 Орнату,79 CHIMNEY басқару құралдары,80 Техникалық қызмет көрсету жəне күтім көрсету,81 Ақаулықтарды жою,824 6x Ø 8 x 40 6x Ø 5 x 45

  • Upozornenie! Pri použití prístupných častí spolu so zariadeniami na ohrev môže dôjsť k ohriatiu týchto častí na veľmi vysokú teplotu. Ескертулер: ! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны сатқан, тасымалдаған немесе басқа жерге жылжытқан кезде, нұсқаулық өніммен бірге болатынына көз жеткізіңіз. ! Нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз – олардың ішінде орнатуға, пайдаланушыға жəне қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат болады. ! Өнімнің немесе оның ауа шығару түтіктерінің электр немесе механикалық жабдығын өзгертпеңіз. Жалпы қауіпсіздік туралы ақпарат
  • Тағам пісіру құрылғысының ыдыстар тұратын беті мен плита сорғышының ең төмен бөлігі арасындағы қашықтық төмендегідей болуы тиіс: 65 см – сорғыш газ плитасы үстіне орнатылған болса 55 см – сорғыш электр плита үстіне орнатылған болса. Газ плитаны орнату нұсқаулығында одан үлкен қашықтық берілген болса, оны ескеру керек.
  • Плита сорғышымен бірге қабырғалардың/төбелердің көбісінде қолдануға болатын болт тығындары

Дегенмен, қабырға/төбе түрі материалы жағынан сəйкес келетінін, яғни құрылғы салмағын көтере алатынын білікті маманға тексерту

  • Абай болыңыз! Орнату аяқталғанша құрылғыны токқа қосуға болмайды.
  • Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес бұрын, қуат айырын ағыту я негізгі айырып қосқышты ажырату арқылы оны токтан ағыту
  • Құрылғыны орнатқан жəне оған қызмет көрсеткен кезде жұмыс қолғаптарын киіңіз.
  • Қауіпсіздігіне жауапты адам бақыламаса я нұсқау бермесе, балалар немесе сезіну не ой қабілеті төмен жəне тəжірибесі не білімі аз адамдар бұл құрылғыны қолданбауы тиіс.27
  • Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
  • Май сүзгісі орнатылмаған болса, құрылғыны қолданушы болмаңыз!
  • Анық түрде нұсқау берілмесе, сорғышты тірек ретінде қолданушы
  • Газ немесе басқа отынды жағатын жабдықпен бір уақытта сорғыш қолданылғанда, бөлмеде тиісті вентиляция болуы керек.
  • Сорғыштан шығатын ауа газ немесе басқа отынды жағатын жабдықтың түтінін шығаратын құбыр
  • Ауа шығаруға қатысты барлық ережелерді ұстаныңыз.
  • Сорғыш астында жалаң отпен тағам пісіруші болмаңыз; жалаң от сүзгілерді зақымдауы жəне өртке себеп болуы мүмкін. Ешқашан олай істеуші болмаңыз.
  • Қызған май тұтанбауы үшін, қуырған кезде əрдайым бақылап тұрыңыз.
  • Түтін шығару үшін қолданылатын техникалық жəне сақтандыру шараларына қатысты жергілікті ережелердің барлығын бұлжытпай
  • Өнімнің іші мен сыртын жиі тазалап тұрыңыз (КЕМ ДЕГЕНДЕ АЙЫНА БІР РЕТ; осы нұсқаулықта берілген техникалық қызмет көрсету нұсқауларын орындаңыз).
  • Сорғышты тазалау жəне сүзгіні тазалау/ауыстыру нұсқаулары орындалмаса, өрт шығуы мүмкін.
  • Шамдарын дұрыстап орнатпай сорғышты қолданушы болмаңыз – ток соғу қаупі бар.
  • Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды орындамау нəтижесінде пайда болған қиындық, залал немесе өртке өндіруші жауапты болмайды.
  • Абай болыңыз! Тағам пісіру жабдығымен бірге қолданылғанда, құрылғының кейбір бөліктері қатты қызуы мүмкін.28 Assistenza ! Non ricorrere mai a tecnici non autorizzati. Comunicare:

! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз. Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

  • Туындаған проблема түрі.
  • Құрылғының моделі (Мод.).
  • Сериялық нөмірі (С/н). Кейінірек мəліметтердің екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.IT

Орнату процедурасы осы нұсқаулықтың алғашқы беттерінде көрсетілген. Орнатуды білікті маман орындауы тиіс. Электр қосылымдар Желідегі кернеу сорғыш ішіндегі номиналды сипаттар тақтасында берілген кернеуге сəйкес келуі қажет. Сорғыштың қуат айыры болса, оны оңай қол жеткізуге болатын реттелмелі розеткаға қосыңыз. Айыры болмаса (желіге тікелей қосу) немесе розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болмаса, орнату ережелеріне сəйкес III санат кернеу күшінің артуы жағдайында толығымен электр желіден ажырату мүмкіндігі болуы үшін екі полюсті реттелмелі айырып қосқышқа қосыңыз. Абай болыңыз! Сорғышты электр желіге қайта қоспас бұрын ток кабелі дұрыс жалғанғанын жəне ол дұрыс жұмыс істейтінін тексеріп отырыңыз.

(ауа шығаратын түтігі бар құрылғылар үшін) Сорғышты түтікке жəне диаметрі ауа шығаратын фланецтің диаметріне тең қабырғадағы ауа шығару тесігіне жалғаңыз. Диаметрі одан кіші түтік пен ауа шығаратын тесік қолданылса, сорғыштың ауа тарту қуаты төмендейді жəне оның жұмыс істеген кездегі шуылы артады. Өндіруші мұндай əрекеттің салдарына жауапты

! Ауа шығару үшін қажетті ең қысқа түтікті қолданыңыз. ! Түтік мүмкін болғанша аз майысуы керек ! Түтіктің диаметрін күрт өзгертпеңіз. ! Түтіктің іші мүмкін болғанша тегіс болуы тиіс. ! Түтік нормаларға сəйкес келетін материалдан жасалған болуы тиіс. ! Түтікті басқа жабдықтың (бойлер, мұрша, пеш, т.б.) түтінін таситын құбырларға жалғауға болмайды. ! Құзыретті мемлекеттік органдардың ауа шығаруға қатысты нұсқауларын орындаңыз. Ауа шығаруға арналмаған болса, қабырғадағы қуысқа ауа шығаруға

! Сорғыш бөлме ішінде теріс қысым (оның мəні 0,04 мбар-дан аспауы тиіс) тудырмауы үшін бөлмені ауа кіретін саңылаулармен жабдықтаңыз. ! Өндіруші бұл нұсқауларды орындамау салдарынан туындаған жағдайларға жауапты болмайды. Сүзетін бе немесе түтікке жалғанған ба? ! Сіздің сорғышыңыз түтікке жалғануы тиіс. Оны сүзетін құрылғы ретінде пайдаланғыңыз келсе, тиісті КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ЖИЫНЫН орнату қажет. Ескертпе: Сорғышпен бірге жеткізілсе, қосымша белсендірілген көмір сүзгі орнатылған болуы мүмкін. Сорғышты түтікке жалғанатын түрден сүзу нұсқасына түрлендіру нұсқаулары осы нұсқалықта берілген («Сүзу нұсқасы» бөлімін қараңыз). Түтікке жалғанатын нұсқа Сорғышты ауа тазартып, шығару фланеціне қосылған шығару түтігі (диам. 150 мм) арқылы оны сыртқа жібереді. Шығару түтігінің диаметрі шығару фланецінің диаметрімен бірдей болуы тиіс. Абай болыңыз! Шығару түтігі бірге берілмейді, оны бөлек сатып алу қажет. Көлденең бағытталған кезде, ауа сыртқа оңай шығуы үшін түтікті сəл жоғары (шамамен 10°) қарату

Сорғыш көмір сүзгілермен жабдықталған болса, оларды алдымен шешіп алу керек. Сүзу нұсқасы Сорғыш ауаны тазартып, оны бөлмеге қайтарады. Сорғыштың бұл нұсқасына қосымша белсенді көмір сүзгі қажет. Бұл нұсқаға ауа дефлекторы, азайту адаптері жəне көмір сүзгі (-лер) қажет. Үстіңгі түтіктің ауа шығаратын саңылаулары ең жоғары жерде орналасуы тиіс. Техникалық деректері МодельБиіктігі (см)Ені (см)Тереңдігі (см)ауа шығару түтігінің диам. (см)CHIMNEY 60 см 61-82 59.8 50 15/12CHIMNEY 90 см 61-82 89.9 50 15/12 Модель коды Шам (В) Шам қуаты (Вт)Жалпы қуат (Вт)HNC 6.8 ABI X/HAHNC 9.8 ABI X/HAГалогенді 2 x 40 290 Модель коды Шам (В) Шам қуаты (Вт)Жалпы қуат (Вт)HNC 9.6S AMI X/HAHNC 6.6 AMI X/HAГалогенді 2 x 40 210Қуаты кернеуі цоколі ӨлшемдеріГалогенді 25 W 2 x 25 W 230 V G9 L40xØ14 20 W 2 x 20 W 12 V G4 L30xØ10 LED

EN 62471 стандартына сəйкес 1-тəуекел тобы Сорғыштар құрылғы төмендегі ЕО директиваларына сəйкес келеді:

Тек белгілі бір модельдерде бар80

Механикалық панельмен жабдықталған

HNC 9.6 AMI X/HA - HNC 6.6 AMI X/HA T1 T2 T3 T4 T5 T1 Моторды тоқтату Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда басылса, ол ӨШЕДІ T2 Жылдамдық 1 Түйме басылғанда сорғыш 1-жылдамдыққа орнатылады. T3 Жылдамдық 2 Түйме басылғанда сорғыш 2-жылдамдыққа орнатылады. T4 Жылдамдық 3 Түйме басылғанда сорғыш 3-жылдамдыққа орнатылады. T5 Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ Сенсорлық панельмен жабдықталған

T1 Моторды тоқтату T2 Жылдамдық 1 Түйме басылғанда сорғыш 1-жылдамдыққа орнатылады. T3 Жылдамдық 2 Түйме басылғанда сорғыш 2-жылдамдыққа орнатылады. T4 Жылдамдық 3 Түйме басылғанда сорғыш 3-жылдамдыққа орнатылады. T5 Күшейткіш Түйме басылғанда сорғыш жоғары жылдамдыққа орнатылады. 5 минуттан кейін, сорғыш алдыңғы жылдамдыққа оралады; жылдамдық түймесі басылса (T2, T3 немесе T4), сорғыш күшейткіш режимінен шығып, таңдалған жылдамдықты орнатады. T6 Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ Май/иіс сүзгілерінің ескертулері T2 белгішесі жыпылықтаса, демек май сүзгісі қаныққан, ал T3 белгішесі жыпылықтаса, ол иіс сүзгісінің қаныққанын білдіреді, ал екеуі де жыпылықтаса, демек екі сүзгі де қаныққан. Ондай жағдайда, май сүзгісін (A) я иіс сүзгісін (B) немесе екеуін де тазалау/ауыстыру қажет («Техникалық қызмет көрсету жəне күтім көрсету» бөлімін қараңыз). Сүзгі санағышын қалпына келтіру: Сорғыш қосылып тұрған кезде, T5 түймесін басып, үш секунд ұстап тұрыңыз. Ескерту диоды үш рет жыпылықтайды да, қалыпты режимге оралады. Бір уақытта сүзгі ескертулерінің екеуі де қосылса, олардың əрқайсысын бөлек қалпына келтіру керек. Алдымен май сүзгісі, одан кейін иіс сүзгісі қалпына келтіріледі. Сорғыш конфигурациясы: Сорғыштың жұмыс режимін орнату үшін өнім өшіп тұрған кезде T4 түймесін басып, 6 секунд ұстап тұрыңыз. Орнату түрін көрсету үшін Т2 не Т3 белгішелері жанады: Т2 - желдету, Т3 - сүзу. T4 түймесін қайта-қайта басып, орнату түрін өзгертуге

Жаңа конфигурацияны сақтау үшін Т1 түймесін жеке

Сенсорлық панельмен жəне дисплеймен жабдықталған модельдер (Тек белгілі бір модельдерде бар) T1 T2 T3 T4 T5 T6

1 Моторды ҚОСУ/ӨШІРУ T2 Жылдамдық - Түйме басылғанда сорғыш алдыңғы жылдамдыққа

T3 Жылдамдық + Түйме басылғанда сорғыш келесі жылдамдыққа

T4 Күшейткіш Түйме басылғанда сорғыш жоғары жылдамдыққа орнатылады; дисплейде «b» əрпі баяу жыпылықтайды. 5 минуттан кейін, сорғыш алдыңғы жылдамдыққа оралады; күшейткіш режим қосылып тұрғанда кез келген жылдамдық түймесін (T2 немесе T3) басу арқылы да алдыңғы жылдамдыққа оралуға болады. Сорғыш өшіп тұрған кезде, түймені басып, 1-жылдамдықты орнатыңыз. Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда басылса, ол

Сорғыш өшіп тұрған кезде, түймені басып, 1-жылдамдықты орнатыңыз. Сорғыш жұмыс істеп тұрғанда басылса, ол ӨШЕДІ.81

T5 Таймер Бұл түйме басылса, сорғыштың автоматты түрде өшуі 5 минутқа кейінге қалдырылады. Таймер дисплейде минуттарды көрсетіп, артқа санайды. Таймерді тек қолмен орнатылатын жылдамдықтар үшін орнатуға болады, күшейткіш режимі үшін бұл мүмкін емес. T6 Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ Май/иіс сүзгілерінің ескертулері Жоғарғы сол жақтағы жолақ жыпылықтап, май сүзгісі қаныққанын білдіреді. Жоғарғы оң жақтағы жолақ жыпылықтап, иіс сүзгісі қаныққанын білдіреді. Екі жолақ та жыпылықтап тұрса, демек екі сүзгі де қаныққан. Ондай жағдайда, май сүзгісін (A) я иіс сүзгісін (B) немесе екеуін де тазалау/ауыстыру қажет («Техникалық қызмет көрсету жəне күтім көрсету» бөлімін қараңыз). Соңғы мəлімет тек сүзу нұсқасына қатысты. Сүзгі санағышын қалпына келтіру: Сорғыш қосылып тұрған кезде, T4 түймесін басып, үш секунд ұстап тұрыңыз. Бір уақытта сүзгі ескертулерінің екеуі де қосылса, олардың əрқайсысын бөлек қалпына келтіру керек. Алдымен май сүзгісі, одан кейін иіс сүзгісі қалпына келтіріледі. Сорғышты бейімдеу Сорғыштың жұмыс режимін орнату үшін өнім өшіп тұрған кезде T4 түймесін басып, 6 секунд ұстап тұрыңыз.. Ұзақ сигналдан кейін орнату түрі көрсетіледі: Түтікке жалғанатын нұсқа ( төменгі сол жақтағы шаршы жыпылықтайды). Сүзу нұсқасы ( төменгі оң жақтағы шаршы жыпылықтайды). T4 түймесін басып, орнату түрін өзгертуге болады. Бейімдеу режимінен шығу үшін T1 түймесін бір рет басыңыз; оны басқан кезде құрылғы өшіп, соңғы болып көрсетілген параметрді сақтайды. Техникалық қызмет көрсету жəне күтім көрсету Абай болыңыз! Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес бұрын, қуат айырын ағыту я негізгі айырып қосқышты ажырату арқылы оны токтан ағыту керек. Алғашқы тазалау

  • Қорғағыш үлдірді шешіп алыңыз
  • Аз ғана бейтарап сабын қосып, дымқыл губкамен
  • Дымқыл шүберекпен шайыңыз
  • Жұмсақ шүберекпен сүртіп, құрғатыңыз; сорғыш тот баспайтын болаттан жасалған болса, текстура бойымен құрғатыңыз Жүйелі тазалау Сорғыштың іші мен сыртын жиі тазалап тұру қажет (кем дегенде, май сүзгісін ауыстырған кездерде). Дымқыл шүберек пен бейтарап сұйық жуғыш зат қосылған жылы су қолданыңыз. Қырғыш немесе тотықтырғыш заттарды пайдаланбаңыз. Ескерту: Сорғышты тазалау жəне сүзгілерді тазалау/ ауыстыру нұсқаулары орындалмаса, өрт шығуы мүмкін. Нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз. Өндіруші моторға келген зақымдарға немесе дұрыс күтім жасамау я жоғарыдағы нұсқауларды орындамау салдарынан шыққан өртке жауапты болмайды. Май сүзгісіне қызмет көрсету (А)

Май сүзгісі тағам пісірген кезде шығатын май бөлшектерін ұстайды; оны кем дегенде айына бір рет, əлсіз жуғыш затпен қолмен немесе төмен температуралы қысқа ыдыс жуғыш циклымен тазалау

Май сүзгісін шығарып алу үшін серіппелі тұтқаны тартыңыз. Ыдыс жуғышта жуылса, металл сүзгінің түсі өзгеруі мүмкін, бірақ оның жұмысына нұқсан келмейді. Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В) Көмір сүзгісі жағымсыз тағам пісіру иістерін ұстайды. Сүзгі пісірілетін тағам түріне жəне май сүзгісін тазалау жиілігіне байланысты əр түрлі жиілікпен қанығып отырады. Картридж кем дегенде жиырма айда бір рет ауыстырылуы тиіс. Бұл сүзгіні жууға немесе қалпына келтіруге болмайды

Бөлшектеу: Сорғышқа бекітіп тұратын алдыңғы екі иінтіректі басып, белсендірілген көмір сүзгісін шешіп алыңыз.82

Құрастыру: Белсендірілген көмір сүзгісін алдымен сорғыштың артқы жағындағы металл тілдердің, одан кейін алдыңғы жағындағы екі иінтіректің көмегімен

Шамдарды ауыстыру Құрылғыны токтан ағытып, май сүзгісін шешіп алыңыз. Абай болыңыз! Ұстамас бұрын, шамдар салқындағанына көз жеткізіңіз.

шығарып алыңыз: кішкене тегіс басты бұрағышпен немесе оған ұқсас құралмен

ауыстырыңыз. Түрі бірдей шамдарды ғана қолданыңыз (мəлімет алу үшін, төмендегі нұсқаулықта берілген техникалық деректі қараңыз).

3. Сақтандырғышты орнына орнатыңыз (итеріп,

орнатыңыз). Шамдарды ауыстыру LED * Сорғышта диод технологиясына негізделген жарықтандыру жүйесі бар. Диодтар əдеттегі шамдарға қарағанда оңтайлы жарықтандыруды, ұзағырақ жұмыс істеуді жəне азырақ қуат пайдалануды қамтамасыз етеді. Оларды ауыстыру үшін көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз. Электр кабелі Қуат кабелі зақымдалса, тəуекелдердің алдын алу үшін оны өндірушіге немесе оның техникалық қызметіне ауыстыртуға болады. ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ Бұл құрылғы Қоқыс электр жəне электрондық жабдыққа (WEEE) қатысты EC/2012/19 Еуропалық директивасына сəйкес келеді деп белгіленген. Құрылғы қоқысқа дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы пайдаланушы қоршаған орта мен қоғамның денсаулығын қорғауға ат

Өнімдегі немесе оның құжаттамасындағы

өнімді тұрмыстық қоқыс тасталмауы, оның орнына электр жəне электрондық қоқысты сұрыптау орталығына табысталуы тиіс екенін білдіреді. Жергілікті қоқыс тастау заңдарына сəйкес əрекет етіңіз. Өнімді қолдану, қалпына келтіру жəне қайта өңдеу туралы қосымша мəлімет алу үшін жергілікті құзырлы органдарға, қоқыс жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған орынға хабарласыңыз. Ақаулықтарды жою Жұмыс істемей қалса, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын төмендегі қарапайым жағдайларды тексеріңіз: Сорғыш жұмыс істемесе: Келесі жағдайларды тексеріңіз:

  • құрылғы қосылып тұр.
  • жылдамдық орнатылған. Сорғыш тиімді жұмыс істемесе: Келесі жағдайларды тексеріңіз:
  • таңдалған мотор жылдамдығы шыққан түтін мен бу көлемін өңдеуге жеткілікті.
  • құрылғы ауа алуы үшін ас үйде тиісті вентиляция бар.
  • көмір сүзгі қанықпаған (сүзу нұсқасы). Жұмыс істеп тұрған кезде, сорғыш өшіп қалатын

Келесі жағдайларды тексеріңіз:

  • құрылғы қосылып тұр.
  • айырып қосқыш қосылмаған. Ақаулы жұмыс істеген жағдайда, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, айырын ағыту арқылы құрылғыны токтан кем дегенде 5 секундқа ағытып, қайта қосыңыз. Ақаулық шешілмесе, техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Тек белгілі бір модельдерде бар83 KZ84