XWDE 1071481XKKK - жууғыш кептіргіш INDESIT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз XWDE 1071481XKKK INDESIT PDF форматында.

Page 15
Нұсқаулықты қарау : Français FR Қазақша KK Русский RU
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : INDESIT

Модель : XWDE 1071481XKKK

Санат : жууғыш кептіргіш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жууғыш кептіргіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз XWDE 1071481XKKK - INDESIT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. XWDE 1071481XKKK брендінің INDESIT.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ XWDE 1071481XKKK INDESIT

Пайдалану нұсқаулығы КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ! Бұл таңба осы пайдаланушы нұсқаулығын оқуды еске салады. KZ Қазақша

Мазмұны Орнату, 16-17

Қаптамадан алу және түзулеу Ток пен суды қосу Бірінші жуу циклы Техникалық деректері

Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету, 18 Су мен токты өшіру Кір жуғыш машинаны тазалау Жуғыш зат тартпасын тазалау Құрылғының есігі мен барабанына күтім көрсету Сорғыны тазалау Судың кіріс түтігін тексеру

Сақтық шаралары мен кеңес, 19 Жалпы қауіпсіздік Қоқысқа тастау Есікті қолмен ашу Сақтау және тасымалдау шарттары

Кір жуғыш машина сипаттамасы, 20-21 Басқару тақтасы Дисплей

Жуу циклын немесе кептіру циклын іске қосу» тарауын қараңыз, 22 Жуу циклдары мен опциялары, 23-24 Жуу циклдарының кестесі Жуу опциялары Push & Wash + Dry

Жуғыш заттар мен кірлер, 25-26 Жуғыш зат тартпасы Ағартқыш Кірлерді дайындау Арнайы жуу циклдары Жүкті теңестіру жүйесі

Ақаулықтарды жою, 27 Қызмет көрсету, 28

! Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып қалмайтындай бір жерге сақтап қою керек. Кір жуғыш машина сатылса, тасымалданса немесе көшірілсе, нұсқаулық құрылғымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз, солайша жаңа иесі оның жұмысы мен мүмкіндіктерімен танысады. ! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде құрылғыны қауіпсіз орнату және қолдану туралы маңызды ақпараттар қамтылған.

Қаптамадан алу және түзулеу Қаптамадан алу 1. Кір жуғыш машинаны қаптамасынан алыңыз. 2. Тасымалдау барысында кір жуғыш машина зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және орнату үдерісін тоқтатыңыз. 3. Құрылғының артқы жағында орналасқан 4 қорғаныш бұрандасын (тасымалдау кезінде қолданылады) және тиісті төсемі бар резеңке тығырықты алып тастаңыз (суретті қараңыз). 4. Тесіктерді бірге берілген пластикалық тығындармен жабыңыз. 5. Барлық бөлшектерді сақтап қойыңыз: кір жуғыш машинаны басқа жерге тасымалданатын болса, олар керек болады. ! Балалардың орама материалдармен ойнауына рұқсат етпеңіз. ! Ораушы және жеке оның элементтерi азықпен байланысу үшiн арналмаған. Түзулеу 1. Кір жуғыш машинаны қабырғаға, жиһазға, шкафқа немесе басқа кез келген затқа сүйемей, тегіс әрі қалыпты еденге орнатыңыз. 2. Еден түзу болмаса, алдыңғы аяқтарды қатайту немесе босату арқылы құрылғыны түзулеңіз (суретті қараңыз); құрылғының үстіңгі жағымен салыстырып 16

өлшенген еңкею бұрышы 2°-тан аспауы керек. Құрылғы дұрыс түзулеу оған тұрақтылық береді, дірілдеу мен шамадан тыс шуылдың болмауына көмектеседі және жұмыс істеген кезде қозғалуына жол бермейді. Құрылғы кілемге немесе кілемшеге қойылса, аяқтарын оның астында вентиляция үшін жеткілікті орын болатындай реттеу керек.

Ток пен суды қосу Судың кіріс түтігін жалғау 1. Су жеткізу түтігін суық су шүмегіне 3/4 газдық бұранда қосылымын пайдалана отырып бұрап жалғаңыз (суретті қараңыз). Жалғамас бұрын су тап-таза болғанша, оны ағызып алыңыз. 2. Кіріс түтігін кір жуғыш машинаның артқы жағының жоғарғы оң жағында орналасқан тиісті су кірісіне бұрап жалғаңыз (суретті қараңыз). 3. Түтік бүктелмегеніне немесе майыстырылмағанына көз жеткізіңіз. ! Шүмектегі су қысымы Техникалық деректер кестесінде көрсетілген мәндер ауқымында болуы тиіс (келесі бетті қараңыз). ! Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған маманға хабарласыңыз. ! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз. ! Құрылғымен бірге берілген түтіктерді қолданыңыз.

Ағызу түтігін жалғау

Ағызу түтігін майыстырмай, еденнен 65100 см жоғары орналасқан ағызу құбырына немесе қабырғадағы канализация құбырына жалғаңыз; немесе, оны ваннаға, шұңғылшаға немесе шылапшынға салып, берілген түтікті шүмекке бекітіңіз (суретті қараңыз). Түтіктің шеті су астында болмауы тиіс.

! Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс. Ескерту! Осы стандарттар сақталмаған жағдайда, компания жауапты болмайды.

Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас бұрын, "Өзін-өзі тазалау" жуу циклын қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді салмайақ, жуу циклын іске қосыңыз («Кір жуғыш машинаны тазалау»).

Техникалық деректері Үлгі

XWDE 1071481 ені 59,5 см Өлшемдері биіктігі 85 см тереңдігі 60,5 см жуу бағдарламасы үшін 1-10 кг; Сыйымдылығы кептіру бағдарламасы үшін 1-7 кг құрылғыға бекітілген ! Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа Электр техникалық деректер амалы болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі қосылымдары тақтасын қараңыз бастапқы түтіктің диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150 см-ден ең жоғары қысым 1 МПа аспауы керек. (10 бар) төмен қысым 0,05 МПа Су қосылымдары ең Электр қосылымдары (0,5 бар) барабан сыйымдылығы Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына 71 литр жағдайларға көз жеткізіңіз: • розетка жерге тұйықталған және Айналдыру 1400 айналым/мин мәніне қолданыстағы заңды ережелерге сәйкес жылдамдығы дейін келеді; Жуу: 11 бағдарламасы; • розетка Техникалық деректер кестесінде температура 60°C; 10 кг көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына жүкті қолдана отырып. төзімді (жанындағы ақпаратты қараңыз); Қуатты есептеу Кептіру: Аз жүктемені • қуат көзінің кернеуі Техникалық бағдарламалары кептіру деңгейін таңдау деректер кестесіндегі мәндер ауқымында мына арқылы кептіру керек (3kg). (жанындағы ақпаратты қараңыз); стандартқа Жүктеме 3 ақжаймадан, 2 • розетка кір жуғыш машинаның айырына сәйкес: жастыққаптан және 1 қол сәйкес келеді. Олай болмаса, розетканы EN 50229 орамалынан тұруы тиіс; немесе айырды ауыстырыңыз. жүктеменің қалғанын кептіру деңгейін таңдау ! Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны арқылы кептіру қажет. сыртта орнатпау қажет. Құрылғыны Бұл құрылғы төмендегі жаңбыр, боран және басқа да ауа-райы ЕО директиваларына жағдайларында қалдыру аса қауіпті. сәйкес келеді: ! Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін - 2004/108/ЕС (Электр розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс. магниттік үйлесімділік) ! Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш - 2006/95/EC (Төмен кернеу) сымдарын пайдаланбаңыз. - 2012/19/EU (WEEE) ! Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға болмайды. 17

Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету KZ

Су мен токты өшіру • Әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін жауып отырыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып кетудің алдын алуға көмектеседі. • Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.

Кір жуғыш машинаны тазалау • Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз. • Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған «Өзін-өзі тазалау» бағдарламасы бар, оны барабанға ешбір зат салмай іске қосу керек. Бұл циклды оңтайландыру үшін кір жуғыш машинаны тазалау мақсатында жуғыш затты (қатты ластанған киімдер үшін берілген мөлшердің 10%) немесе арнайы қосымша заттарды пайдалануға болады. Тазалау бағдарламасын әр 40 жуу циклында бір рет іске қосқан абзал. Бағдарламаны бастау үшін A және B түймелерін бір уақытта басып 5 секунд ұстап тұрыңыз (Кестені қараңыз). Бағдарлама A автоматты түрде қосылады және шамамен 70 минут орындалады. B Циклды тоқтату үшін START/PAUSE түймесін басыңыз.

Жуғыш зат тартпасын тазалау 1

Тартпаны шығарып алу үшін тұтқаны басып (1), тартпаны сыртқа қарай тартыңыз (2) (суретті қараңыз). Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл процедураны жиі қайталап тұру керек.

Құрылғының есігі мен барабанына күтім көрсету • Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.

Сорғыны тазалау Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін, өзінөзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар немесе түймелер сияқты) сорғының астындағы алдыңғы қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін. ! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан ағытыңыз. Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:

1. Қақпақ панелін алдымен ортасынан басу және одан кейін шығарып алынатындай оны екі жағынан ұстап төмен қарай тарту арқылы панельді шешіп алыңыз (суреттерді қараңыз). 2. Қақпақты сағат тіліне қарсы бағытта бұру арқылы бұрап шығарып алыңыз (суретті қараңыз): кішкене су ағып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

3. Ішін жақсылап тазалаңыз. 4. Қақпақты орнына бұраңыз. 5. Құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына қойыңыз.

Судың кіріс түтігін тексеру Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Шатынаған болса, оны дереу ауыстыру керек: жуу циклдарының барысында су қысымы өте жоғары болады және шатынаған түтік жарылып кетуі әбден мүмкін. ! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.

Сақтандырулар мен кеңестер ! Бұл кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік

ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ақпарат қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.

Жалпы қауіпсіздік • Дозволяється використання цієї сушильної машини з боку осіб (включаючи дітей віком від 8 років і старше) з обмеженими фізичними, сенсорними або розумовими здібностями, а також з боку осіб без необхідного досвіду і навичок, якщо вони перебувають під наглядом або отримують інструкції щодо експлуатації приладу від особи, відповідальної за їх безпеку. - Кептіргіш ішінде жуылмаған заттарды кептірмеңіз. - Ас майы, ацетон, спирт, бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз бен балауыз кетіргіштері сияқты заттармен кірленген нәрселерді кептіргіште кептіруден бұрын көбірек жуғыш зат қосып, ыстық суда жуу керек. - Пенопласт (латекс көбігі), душ қалпақтары, су өткізбейтін маталар, резеңке қосылған маталар мен киімдер немесе пенопласт төсемдері бар жастықтарды кептіргіште кептіруге болмайды. - Кондиционерлерді немесе оған ұқсас өнімдерді кондиционер нұсқауларына сәйкес қолдану керек. - Кептіргіш циклының соңғы бөлігі қызусыз орындалады (салқындату циклы), солайша заттар зақымдалмайтын температурада ұсталатыны қамтамасыз етіледі. ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып, қызу шашылып кететіндей таратылмаса, кептіру циклы аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз. • Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған. • Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз. • Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз. • Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат тартпасын ашпаңыз. • Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның температурасы өте жоғары болуы мүмкін. • Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ ашудан қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы механизмі зақымдалуы мүмкін. • Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз. • Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз. • Жуу циклы барысында есік қатты қызып кетуі мүмкін. • Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және де өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындаушы болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр. • Кірлерді кір жуғыш-кептіргіш машинаға салмас бұрын, барабан бос екеніне көз жеткізіңіз. • Кептіру кезеңі барысында есік өте қызып кетуі мүмкін.

• Жанғыш еріткіштермен (мысалы, трихлорэтилен) жуылған киімдерді кептіру үшін құрылғыны пайдаланбаңыз. • Құрылғыны пенопластты немесе оған ұқсас эластомерлерді кептіру үшін қолданбаңыз. • Кептіру циклдары барысында су шумегі ашық екеніне көз жеткізіңіз.

• Әрдайым бақылап отырмаған жағдайда, 3-ке толмаған балаларды құрылғыдан аулақ ұстау керек. • Қалталардан барлық заттарды алып тастаңыз, мысалы шақпақтар немесе сіріңке.

• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті ережелерді орындаңыз. • Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады. Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа тастау туралы қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар жергілікті басқару мекемелеріне немесе сатушыға хабарласуы тиіс.

Ток өшіп қалғанға байланысты есікті ашу мүмкін болмаса және кірлерді алғыңыз келсе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз: 1. айырды розеткадан ағытыңыз.

2. құрылғы ішіндегі судың деңгейі есік саңылауынан төмен екеніне көз жеткізіңіз; олай болмаса, ағызу түтігінің көмегімен, суретте көрсетілгендей, артық суды шелекке ағызып алыңыз. 3. кір жуғыш машинаның төменгі плинтусын бұрандамен шешіп алыңыз (суретті қараңыз).

4. пластикалық арқалық өзінің тоқтау позициясынан босағанша, суретте көрсетілгендей, ілмектің көмегімен сыртқа қарай тартыңыз; төмен қарай тартып, бір уақытта есікті ашыңыз. 5. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына қойыңыз.

Сақтау және тасымалдау шарттары

• Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін, ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс. Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек. Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым келмеуі үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге бекіту керек. Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген кездегі қалпы) тасымалдануы тиіс.Тиеген және түсірген кезде кір жуғыш машинаға механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. 19

Кір жуғыш машина сипаттамасы KZ

түймесі және индикатор шамы

Жуғыш зат тартпасы Push & Wash + Dry түймесі

ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ

КЕШІКТІРІП БАСТАУ СЫҒУ

Жуғыш зат тартпасы: жуғыш заттар мен жуғыш қосындыларды енгізу үшін пайдаланылады («Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз»).

КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесі: таңдалған жуу циклы үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін басыңыз; кешіктіру уақыты дисплейде көрсетіледі.

ON/OFF түймесі: оны құрылғыны қосу немесе өшіру үшін аз уақыт басыңыз. START/PAUSE индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтап тұрса, демек құрылғы қосылған. Жуу циклы барысында кір жуғыш машинаны өшіру үшін, түймені шамамен 3 секунд басып ұстап тұрыңыз; егер түйме аз уақыт немесе кездейсоқ басылса, құрылғы өшпейді. Құрылғы жуу циклы барысында өшірілсе, бұл жуу циклы доғарылады.

КЕПТІРУ түймес түймесі: кептіруді азайту немесе алып тастау үшін басыңыз, таңдалған құрғақтық деңгейі немесе кептіру уақыты дисплейде көрсетіледі.

Push & Wash + Dry түймесі: («Жуу циклдары мен опциялары»). ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ: қажетті жуу циклын орнату үшін пайдаланылады («Бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесін» қараңыз). ОПЦИЯ түймелері: бар опцияларды таңдау үшін басыңыз. Таңдалған опцияға сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады. ТЕМПЕРАТУРА түймесі: температураны азайту немесе толығымен алып тастау үшін басыңыз; мәні дисплейде көрсетіледі. СЫҒУ түймесі: сығу циклын азайту немесе толығымен алып тастау үшін басыңыз; мәні дисплейде көрсетіледі. 20

START/PAUSE түймесі және индикатор шамы: жасыл индикатор шамы баяу жыпылықтап тұрғанда, жуу циклын бастау үшін түймені басыңыз. Цикл басталғаннан кейін индикатор шамы бір қалыпта жанып тұрады. Жуу циклын тоқтата тұру үшін, түймені тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сарғылт түспен жыпылықтайды. таңбасы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен бастау үшін түймені тағы бір рет басыңыз. Күту режимі Осы кір жуғыш машина, жаңа қуатты үнемдеу ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса, шамамен 30 минуттан кейін қосылатын автоматты күту жүйесімен жабдықталған. ҚОСУ-ӨШІРУ түймесін аз уақыт басып, құрылғының іске қосылуын күтіңіз. Өшірулі режимдегі тұтыну: 0,5 W Қосулы режимдегі тұтыну: 8 W

Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы және өте көп ақпарат береді. Бар жуу циклдарының мерзімі мен іске қосылған циклдың аяқталуына дейін қалған уақыт A бөлімінде көрсетіледі; КЕШІКТІРІП БАСТАУ опциясы орнатылған болса, таңдалған жуу циклының басталуына дейінгі кері санақ көрсетіледі. Тиісті түймені басу арқылы орнатылған жуу циклы барысында құрылғыда қолданылатын ең жоғары сығу жылдамдығын, температураны не кептіру уақытының мәндерін, болмаса ең соңғы таңдалған мәндерді көруге болады (орнатылған жуу циклымен үйлесімді болса). Таңдалған бағдарламаға байланысты, құрылғы деректерді өңдеп жатқан кезде құм сағат таңбасы жыпылықтайды. Ең көбі 10 минуттан кейін таңбасы тұрақты түрде жанып тұрады және қалған уақыттың соңғы мөлшері көрсетіледі. Қалған уақыттың соңғы мөлшері көрсетілгеннен шамамен 1 минуттан кейін құм сағат таңбасы сөнеді. Таңдалған жуу циклына сәйкес келетін «жуу циклының кезеңдері» және іске қосылған жуу циклының «жуу циклының кезеңі» B бөлімінде көрсетіледі: Негізгі жуу Шаю Сығу/Ағызу Кептіру «Кешіктіру» таңбасы білдіреді.

, жанып тұрған кезде, орнатылған «кешіктіріп бастау» мәні дисплейде көрсетілген

C бөлімінде жуу опцияларына қатысты үш деңгей бар. D бөлімінде үш кептіру деңгейіне қатысты белгішелер және уақыты белгіленген кептіру опциясы орнатылған кезде жанатын белгішесі болады. ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы: Жанып тұрған таңба есік құлыптаулы екенін білдіреді. Кез келген зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның сөнгенін күтіңіз. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін START/PAUSE түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшсе, есікті ашуға болады.

Жуу циклын немесе кептіру циклын іске қосу» тарауын қараңы KZ

Жылдам бағдарламалау

1. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі беттегі бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесінде көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз. 2. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын ашып, «Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз. 3. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ. 4. Жуу бағдарламасын бастау үшін «Push & Wash + Dry» түймесін басыңыз.

Әдеттегі бағдарламалау

1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз; START/PAUSE индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтайды. 2. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі беттегі бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесінде көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз. 3. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын ашып, «Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз. 4. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ. 5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын қолданыңыз. Әрбір жуу циклы үшін температура мен сығу жылдамдығы орнатылған; бұл мәндерді реттеуге болады. Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі. 6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді қолданыңыз: Температура және/немесе сығу жылдамдығын өзгерту. Таңдалған циклдың ең жоғарғы температурасы мен сығу жылдамдығының мәндерін немесе, таңдалған циклмен үйлесімді болса, ең соңғы рет қолданылған параметрлерді құрылғы автоматты түрде көрсетеді. түймесін басу арқылы температураны суық сумен жуу циклының «OFF» параметріне жеткенше төмендетуге болады. түймесін басу арқылы сығу жылдамдығын толығымен өшірілгенше, біртіндеп төмендетуге болады («OFF» параметрі). Бұл түймелер тағыда басылса, ең жоғарғы мәндер қалпына келеді. ! Қиыс жағдай: 8 бағдарламасы таңдалса, температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады. Кептіру циклын орнату түймесі алғаш рет басылған кезде құрылғы таңдалған жуу циклымен үйлесімді максималды кептіру циклын автоматты түрде таңдайды. Одан кейін басқан кезде кептіру деңгейі мен кептіру уақыты азайтылады, соңында цикл толығымен өшіріледі («OFF»). Кептіруді төмендегідей орнатуға болады: A- кірлердің қажетті құрғақтық деңгейі негізінде: Шкафқа қойылатындай құрғақ : губкалар мен халаттар сияқты толығымен кептірілуі тиіс киімдер үшін қолайлы. Ілгекке ілінетіндей құрғақ : толығымен кептіруді қажет етпейтін киімдер үшін қолайлы. Үтіктеу : кейін үтіктелетін киімдер үшін қолайлы. Қалған ылғалдық қыртыстарды жұмсартып, оларды кетіруді жеңілдетеді. B - орнатылған уақыт аралығы негізінде: 210–30 минут. 22

Жуылып кептірілетін кірлердің салмағы белгіленген ең көп салмақтан едәуір көп болса, жуу циклын орындаңыз және цикл аяқталған кезде, киімдерді топтарға бөліп, кейбіреуін барабанға қайта салыңыз. Осы жерде, «Тек кептіру» циклы үшін берілген нұсқауларды орындаңыз. Қалған киімдер үшін осы үдерісті қайталаңыз. Әрбір кептіру циклының соңына әрқашан салқындау мерзімі қосылады. Тек кептіру Тек кептіру циклын орындау үшін түймесін басыңыз. Қажетті циклды (киім түрімен үйлесімді) таңдағаннан кейін, жуу фазасын алып тастап, таңдалған цикл үшін кептіру фазасын ең жоғары деңгейде бастау үшін түймесін басыңыз. Кептіру деңгейін не уақытын кептіру түймесін басу арқылы орнатуға және өзгертуге болады (13- және 14-циклдармен үйлесімді емес).

Кешіктіріп бастауды орнату. Таңдалған цикл үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда, дисплейде таңбасы жанады. Кешіктіріп бастау функциясын алып тастау үшін дисплейде «OFF» мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз. Цикл параметрлерін өзгерту. • Опцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге сәйкес келетін индикатор шамы жанады. • Опцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сөнеді. ! Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтайды және опция қосылмайды. ! Опциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін. 7. ЖУУ ЦИКЛЫН БАСТАҢЫЗ. START/PAUSE түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы жасыл түспен қалыпты түрде жанып тұрады және есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы жанады). Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту үшін START/PAUSE түймесінің көмегімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (START/ PAUSE индикатор шамы сарғылт түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін қажетті циклды таңдап, START/PAUSE түймесін тағы бір рет басыңыз. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін START/PAUSE түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшсе, есікті ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін START/PAUSE түймесін тағы бір рет басыңыз. 8. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі «END» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз. ! Басталып қойған циклды доғару қажет болса, түймесін басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.

Жуу циклдары мен опциялары

8 Мақта: өте лас ақ және қатты түрлі-түсті кір. 9 Синететикa (3): қатты кірлеген мықты боялған түрлі-түсті бұйым. Түрлі-түсті киімдер Eco Мақта 60° (1): өте лас ақ және қатты түрлі-түсті кір. Eco Мақта 40° (2): өте лас ақ және күтіммен жуылатын түрлі-түсті кір. Eco Синететикa Automatic 13 Жуу мен кептіру 45’ 14 AirFresh Толық емес циклдар Шаю/Ағартқыш 10 11 11 12

Сығу + Ағызу Тек ағызу

Жуу үшін ең көп жүктеме (Kg)

Жуу циклының ұзақтығы

Кептіру үшін ең көп жүктеме (Kg)

30° 30° 60° 40° 30° 40° 30°

Жуу циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады.

Special Спорттық жеңіл Қою түстер Иіске қарсы (Мақта) Иіске қарсы (Синететикa) Нәзік киімдерді Жүн: жүн, кашемир және т.б. үшін. Жылдам 30’ Standard 7 Алдын ала жууы бар Мақта циклы 90°: өте қатты кірленген ақ киімдер. 1 2 3 3 4 5 6

Ең жоғ. жылдамдық (айн/мин)

Жуу циклының сипаттамасы

Жуу циклдарының кестесі

бағдарламасын таңдап, сығу циклын алып тастасаңыз, құрылғы сықпай, тек суды ағызады.

Дисплейде немесе осы кітапшада көрсетілген циклдың мерзімі тек шамамен берілген және ол стандартты жұмыс жағдайларына сәйкес есептеледі. Нақты мерзім су температурасы мен қысымы, қолданылған жуғыш зат мөлшері, салынған кірлердің мөлшері мен түрі, жүктің теңестірілуі және таңдалған кез келген опциялар сияқты ықпалдарға байланысты болады.

Барлық сынақ мекемелері үшін: 1) Жуу циклын EN 50229 стандартына сәйкес тексеріңіз: 11 жуу циклын 60°C температурасымен таңдаңыз. 2) М/м бұйымдарына арналған ұзақ программа: 11 жуу циклын 40°C температурасымен таңдаңыз. 3) Синтетикалық ұзақ бағдарлама: 40° С температурада бағдарлама 9 орнату.

Жуу опциялары ! Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен

үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтайды және опция қосылмайды.

Дақтарды кетіру Бұл опция дақтарды кетіру мақсатында циклды оңтайлы түрде реттеу үшін кір түрін таңдауға мүмкіндік береді. Төмендегі кір түрлерін таңдауға болады: Тамақ, мысалы тамақ пен сусын дақтары үшін. Жұмыс, мысалы май мен сия дақтары үшін. Аула, мысалы лай мен шөп дақтары үшін. ! Жуу циклының ұзақтығы таңдалған кір түріне байланысты әр түрлі болады.

KZ Push & Wash + Dry

Бұл функция құрылғы өшіп тұрған кезде, алдымен ON/OFF түймесін баспай-ақ немесе құрылғыны қосқаннан кейін ешбір түймені немесе таңдау тетігін қоспай-ақ (әйтпесе, Push & Wash + Dry функциясы өшеді), автоматты жуу және кептіру циклын бастауға мүмкіндік береді. Push & Wash + Dry циклын бастау үшін түймені басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз. Индикатор жанып, циклдың басталғанын білдіреді. Бұл жуу және кептіру циклы мақта немесе синтетикалық маталар үшін ең қолайлы, себебі ол 30° температурада және 1000 айналым/минут жылдамдығында жуады. Кептіру циклы кезінде ең жоғары температура 60°С болады. Циклдың соңында қалдық ылғалдық “ ” деңгейіндегі ылғалдықпен бірдей болады. Қолдануға болатын ең көп жүктеме – 3,5 кг. Көрсетілген уақыт – «Басып жуу және кептіру» циклында қолданылатын ең көп уақыт. Жүктеме ең көп жүктемеден аз болса немесе киім синтетикалық материалдардан жасалған болса, циклдың нақты уақыты одан аз болады. Ол қалай жұмыс істейді? 1. Кірлерді (мақта және/немесе синтетикалық киімдер) салып, есікті жабыңыз. 2. Жуғыш затты және/немесе қоспаларды құйыңыз. 3. Push & Wash + Dry түймесін басып, 2 секунд ұстап тұру арқылы циклды іске қосыңыз. Тиісті индикатор шамы жасыл түспен жанып, есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы жанады). Ескертпе: Push & Wash + Dry түймесі көмегімен жуу циклы басталса, мақта мен синтетикалық маталарға ұсынылатын реттелмейтін, автоматты цикл қосылады. 4. Автоматты циклды кептіру фазасын қоспай, тек жуу үшін қолдануға болады. Push & Wash + Dry түймесін, одан кейін кептіру түймесін басыңыз: “ ” деңгейінің кептіру белгішесі сөнеді. Тек жуу қолданылса, ең көп жүктеме 4,5 кг болады. Циклды одан әрі реттеу мүмкін емес. Автоматты цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін START/PAUSE түймесін басыңыз. ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы сөніп тұрса, есікті тек жуу фазасы барысында ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін START/PAUSE түймесін тағы бір рет басыңыз. 5. Бағдарлама аяқталғаннан кейін END индикатор шамы жанады.

Жуғыш заттар мен кірлер Жуғыш зат тартпасы

Ойдағыдай жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.

Спорттық жеңіл (бағдарламасы 1) аз ластанған спорттық киімдерді (спорттық костюмдер, шолақ шалбарлар және т.б.) жууға арналған; ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін «Жуу циклдарының кестесі» көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеу жөн. Сұйық жуғыш затты жартылай жүктеуге қолайлы мөлшерде қолдануды ұсынамыз. Қою түстер: Қою түсті киімдерді жуу үшін 2 бағдарламасын қолданыңыз. Бағдарлама қою түстерді сақтау үшін арналған. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты пайдаланған жөн, әсіресе қою түсті киімдерді жуған кезде. Кептіру функциясын таңдаған кезде, жуу циклының соңында құрылғы киімдердің түстерін сақтайтын нәзік кептіру циклын автоматты түрде орындайды. Дисплейде “ ” деңгейі көрсетіледі. Макс. салмақ: 3 кг. Иіске қарсы: 3 бағдарламасын иісі жағымсыз (мысалы, түтін, тер, қуырылған тағам) киімдерді жуу үшін қолданыңыз. Бағдарлама матаның талшықтарын сақтай отырып, жағымсыз иістерді кетіруге арналған. Синтетикалық маталарды немесе аралас кірлерді 40°та, ал төзімді түрлі-түсті маталарды 60°-та жуған жөн. Нәзік киімдерді: өте сезімтал киімдерді жуу үшін 4 бағдарламасын қолданыңыз. Жумас бұрын киімдердің ішін сыртқа қаратқан жөн. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін нәзік киімдермен сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз. Тек уақытқа негізделген кептіру функциясын таңдаған кезде абайлап өңдеу мен су ағынының температурасын тиісті түрде басқару арқасында аса нәзік болатын жуу циклының соңында кептіру циклы орындалады. Ұсынылған мерзімдер мынадай: 1 кг синтетикалық киімдер --> 150 мин 1 кг синтетикалық және мақта киімдер --> 180 мин 1 кг мақта киімдер --> 180 мин Құрғақтық деңгейі жүктеме мен мата құрамына байланысты болады. Жүн - Woolmark Apparel Care - Blue: Осы құрылғының «Жүн» жуу циклы киім жапсырмасындағы нұсқауларды және осы кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау шартымен, The Woolmark Company тарапынан «қолмен жуу» деп белгіленген жүн киімдерін жууға расталған. (M1135)

! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды

қолданбаңыз;; олар тым көп көбік түзеді. Жуғыш зат тартпасын ашып, жуғыш затты немесе жуғыш қосындыны төмендегідей салыңыз. 1-бөлік: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат (ұнтақ) Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік алынғанына көз жеткізіңіз. 2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық) Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс мөлшерлеу үшін ауыстырмалы пластикалық А өлшеу бөлігін қолданған жөн. Ұнтақ жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті B ұясына қойыңыз. 3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.) Кондиционер орталық бөлімде көрсетілген «max» деңгейінен аспауы тиіс. Қосымша 4-бөлік: Ағартқыш

Қосымша 4-бөлікті (берілген) 1-бөлікке салыңыз. Ағартқышты құйған кезде орталық бөлімде көрсетілген «max» деңгейінен асырмаңыз. Ағартқышты қосымша 4-бөлікке құйып, бағдарламаны орнату арқылы ағартуды орындаңыз. ! Әдеттегі ағартқышты төзімді ақ маталарға, ал нәзік ағартқышты түрлі түсті және синтетикалық маталарға, сондай-ақ жүнге қолдану керек.

Кірлерді дайындау • Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз: - мата түрі/жапсырмадағы таңба - түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз. • Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз. • «Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің құрғақ кездегі салмағы берілген. Кірлердің салмағы қандай?

1 ақжайма 400-500 г 1 жастыққап 150-200 г 1 асжаулық 400-500 г 1 монша халаты 900-1200 г 1 орамал 150-250 г

Жылдам 30’ (бағдарламасын 6): Жылдам 30’ циклы ең көбі 4 кг аз кірленген киімдерді 30°-та (жүн мен жібек заттарды қоспағанда) қысқа уақытта жуу үшін арналған: ол тек 30 минут жұмыс істеп, уақыт пен қуатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Түрлі-түсті киімдер: 10 циклын ашық түрлі-түсті киімдерді жуу үшін қолданыңыз. Бағдарлама ашық түстерді сақтау үшін арналған. Eco Синететикa (бағдарламасын 12) циклы кірлену деңгейі орташа аралас жүктемелер (мақта және синтетика) үшін қолайлы. Төмен температураларда қол жеткізілетін тиімді өнімділік деңгейлері ауыспалы жылдамдықта орнатылған орташа аралықтармен орындалатын механикалық әрекеттермен қамтамасыз етіледі. Жуу мен кептіру 45’: аз ластанған киімдерді (мақта және синтетикалық) аз уақытта жуып, кептіру үшін 13 бағдарламасын таңдаңыз. Бұл циклды 1 кг-ға дейінгі кірді 45 минутта жуып, кептіру үшін қолдануға болады. Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты қолданыңыз, сондай-ақ, жеңдерді, жағаларды және дақтарды алдын ала өңдеңіз. AirFresh (бағдарламасын 14) жуу фазасын қолданбай-ақ, 30 минутта мақта және синтетикалық заттардан (ең көбі 2 кг) жағымсыз иістерді, әсіресе түтін иісін кетіру және киімдерді жаңарту үшін қолайлы цикл.

Жүкті теңестіру жүйесі

Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.

Ақаулықтарды жою Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып ақаулықты оңай шешу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіңіз.

Ықтимал себептері / шешімдері:

Кір жуғыш машина қосылмайды.

• Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес. • Үйде ток жоқ.

Жуу циклы басталмайды.

Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған. ON/OFF түймесі басылмаған. START/PAUSE түймесі басылмаған. Су шүмегі ашылмаған. Кешіктіріп бастау орнатылған.

Кір жуғыш машинаға су толтырылмайды («H2O» мәтіні дисплейде жыпылықтайды).

Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған. Түтік майыстырылған. Су шүмегі ашылмаған. Үйде су жоқ. Қысым тым төмен. START/PAUSE түймесі басылмаған.

Кір жуғыш машина сумен толып, оны ағызып тұра береді.

• Ағызу түтігі еденнен 65-100 см биіктікте орналастырылмаған («Орнату» тарауын қараңыз). • Түтіктің бос шеті су астында («Орнату» тарауын қараңыз). • Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған. Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де, Техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болсаңыз, суды ағызуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның нәтижесінде кір жуғыш машина сумен толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде арнайы ағызуға қарсы клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.

Кір жуғыш машина суды ағызбайды не сықпайды.

• Жуу циклында ағызу жоқ: кейбір циклдар үшін суды ағызу үзерісін қолмен қосу қажет. • Ағызу түтігі майысқан («Орнату» тарауын қараңыз). • Ағызу түтігі бітелген.

Кір жуғыш машина сығу циклы барысында көп дірілдейді.

• Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған («Орнату» тарауын қараңыз). • Кір жуғыш машина түзу емес («Орнату» тарауын қараңыз). • Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған («Орнату» тарауын қараңыз).

Кір жуғыш машинадан су ағады.

• Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған («Орнату» тарауын қараңыз). • Жуғыш зат тартпасы бітелген (оны тазалау туралы нұсқауларды «Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауынан қараңыз). • Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген («Орнату» тарауын қараңыз).

«Опция» және START/PAUSE • Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут индикатор шамдары жылдам күтіңіз де, оны қайтадан қосыңыз. жыпылықтайды және дисплейде қате Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз. коды көрсетіледі (мысалы, F-01, F-..). Тым көп көбік болады.

• Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш машиналарға арналған», «қолмен жууға және кір жуғыш машинаға арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек). • Тым көп жуғыш зат қолданылған.

Басып жуу қосылмайды.

• Құрылғыны қосқаннан кейін Push & Wash + Dry басқа басқару тетігі қосылған. Құрылғыны өшіріп, Push & Wash + Dry түймесін басыңыз.

Кір жуғыш-кептіргіш машина кептірмейді.

Құрылғы розеткаға қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес. Ток өшкен. Құрылғы есігі дұрыс жабылмаған. Кешіктіріп бастау орнатылған. КЕПТІРУ түймесі OFF параметріне қойылған.

Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын: • Ақаулықты өзіңіз шеше алатыныңызды тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз). • Ақаулық шешілгенін тексеру үшін жуу циклын қайтадан бастаңыз. • Олай болмаса, өкілетті Техникалық көмек беру орталығына хабарласыңыз.

! Тек уәкілетті мамандардан көмек сұраңыз. Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз: • ақаулықтың түрі; • құрылғының моделі (Мод.); • сериялық нөмірі (С/н). Бұл ақпаратты кір жуғыш машинаның артқы жағына бекітілген және есікті ашу арқылы құрылғының алдынан көруге болатын техникалық деректер тақтасынан табуға болады.