DKS7671T - сорғыш AEG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DKS7671T AEG PDF форматында.

AEG DKS7671T - сорғыш
📄 320 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice AEG DKS7671T - page 137
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріАс үй сорғышы
БрендAEG
МодельDKS7671T
Ені70 см
Тереңдігі50 см
Биіктігі60-110 см (реттелетін)
Таза салмағы15 кг
Электр қуаты220-240 В ~ 50 Гц
Максималды қуат250 Вт
Ауа ағынының максималды шығыны620 м³/сағ
Шу деңгейі макс65 дБ(А)
Жұмыс режиміШығару немесе қайта өңдеу
Жылдамдық саны3
Сүзгі түріЖууға болатын алюминий май сүзгісі
Көмір сүзгісіҚосымша (қайта өңдеу моделі)
Жарықтандыру2 x LED 3W
Бақылау панеліМеханикалық түймелер
Сүзгілерді тазалауЫдыс жуғыш машинада немесе қолмен
Беттерді тазалауЖұмсақ шүберек және бейтарап жуғыш зат
ҚауіпсіздікҚызып кеткенде автоматты түрде өшіру
Қосалқы бөлшектерAEG сатудан кейінгі қызметінде қолжетімді
Жөндеу мүмкіндігі индексі7.0 /10 (көрсеткіш дерек)
Энергия класыA+
Кепілдік2 жыл

Жиі қойылатын сұрақтар - DKS7671T AEG

AEG DKS7671T сорғышын қалай орнатуға болады?
Орнатуды білікті маман жүргізуі керек. Сорғыш пен электр плитасының арасында кемінде 65 см, ал газ плитасы үшін 75 см қашықтықты сақтаңыз. Шығару құбырының дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Май сүзгілерін қалай тазалауға болады?
Алюминий май сүзгілерін 65°C ыдыс жуғыш машинада немесе қолмен сабынды ыстық сумен тазалауға болады. Орнына қоймас бұрын толық құрғатыңыз.
Көмір сүзгісін қашан ауыстыру керек?
Көмір сүзгісін пайдалануға байланысты шамамен әр 3-6 ай сайын ауыстыру керек. Ол жууға жарамсыз. AEG ұсынған ауыстырымды сүзгіні пайдаланыңыз.
Егер сорғыш жанбаса, не істеу керек?
Алдымен электр қуатын және автоматты ажыратқышты тексеріңіз. Мәселе сақталса, сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз. Өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз.
Сорғыштың шуын қалай азайтуға болады?
Шу таңдалған жылдамдыққа байланысты. Тыныш жұмыс істеу үшін ең төменгі жылдамдықты пайдаланыңыз. Сүзгілердің таза және шығару құбырының бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
Сорғышты қайта өңдеу режимінде пайдалануға бола ма?
Иә, DKS7671T сорғышы қайта өңдеу режимінде жұмыс істей алады. Сонда белсенді көмір сүзгісін (бөлек сатылады) және қажет болса, ауа бағыттағышты орнату керек.
LED шамды қалай ауыстыруға болады?
LED шамдары біріктірілген және жеке ауыстырылмайды. Егер жарықтандыру жұмыс істемесе, ауыстыру үшін сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз.
Неліктен сорғыш буларды жақсы ұстамайды?
Сорғыштың дұрыс биіктікте орнатылғанын және сүзгілердің бітелмегенін тексеріңіз. Пісіруге сәйкес жылдамдықты пайдаланыңыз.Маңызды: үлкен пісірулер үшін сорғышты бастамас бұрын қосыңыз.
Таймерді қалай реттеуге болады?
Бұл модельде автоматты таймер жоқ. Пісіруден кейін сорғышты қолмен өшіру керек. Жақсы шығару үшін оны қосымша 10 минут жұмыс істетіңіз.
AEG DKS7671T сорғышына қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер AEG сатудан кейінгі қызметінде немесе ресми сайтында қолжетімді. Қауіпсіздік пен өнімділікті қамтамасыз ету үшін әрқашан түпнұсқа бөлшектерді пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы DKS7671T AEG

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DKS7671T - AEG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DKS7671T брендінің AEG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DKS7671T AEG

Пештің сорғыш қондырғысы 137 | Қолдану туралы нұсқаулары

AEG компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет.

AEG DKS7671T - AEG компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет. - 1

Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз: www.aeg.com/support

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

МАЗМҰНЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім не ақыл-ой қабілеттері шектеулі не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа толмаған балалар мен мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

• Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.

  • Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
  • Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
  • Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

1.2 Жалпы қауіпсіздік

  • Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне орналастырып қолдануға арналған.
  • Бұл құрылғы ішкі ортада бір отбасының тұрмыстық пайдалануына арналған.
  • Бұл құрылғыны кеңселерде, қонақүй бөлмелерінде, төсек және таңғы ас беретін қонақ үйлерде, ферма үйлерінде және осыған ұқсас тұрғын үйлерде пайдалануға болады, егер мұндай пайдалану (орташа) тұрмыстық пайдалану деңгейінен аспаса.
  • Кез келген жөндеу жұмысын орындамас бұрын құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
  • САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Алынбалы бөлшектерді пісіру құрылғыларымен бірге пайдаланғанда олар ысып кетуі мүмкін.
  • Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын ғана қолданыңыз; егер олар жеткізілмесе, орнату нұсқаулығында ұсынылған бұрандаларды пайдаланыңыз. Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге орнатыңыз.
  • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар немесе бекіту құрылғысы осы нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса, ток соғу қаупі туындауы мүмкін.
  • Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз. • Табалар қойылатын пештің беті мен құрылғының төменгі бөлігі арасындағы ең аз қашықтық, егер пешке немесе құрылғыға арналған орнату нұсқаулығында өзгеше көрсетілмесе, кемінде 65 см болуы тиіс.

Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келуі керек.

• Газ немесе басқа жанармай қолданатын құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін газдар бөлмеге қайта кірмеуі үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын және құрылғы жинаған ауаның басқа құрылғылардан келетін түтін мен буды тартатын жүйеге (орталықтан жылыту жүйелері, термосифондар, су жылытқыштар және т.б.) тасымалданбағанын тексеріңіз.

• Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске қосылғанда, бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-дан аспауы керек.

Егер қуат сымы зақымдалса, ток соғу қаупін болдырмау үшін, оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы не сол сияқты білікті маман ауыстыруы тиіс.

Егер сым жинағы зақымдалса, оны өндірушіден немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығынан алуға болатын арнайы сым жинағына ауыстыру керек.

• Құрылғы қуат көзіне тікелей қосылған болса, құрылғыны электр желісінің барлық полюстерінен ажыратуға мүмкіндік беретін ажыратқыш құрылғымен жабдықталуы керек. Тоқтан толық ажырату жұмыстары Ⅲ-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сәйкес іске асырылуы керек. Ажырату құралын сымдарды өткізу ережелеріне сай бекітілген сымдарға біріктіру керек.

Құрылғының астында фламбе тәсілімен ас пісіруге болмайды.

Қауіпті немесе жарылғыш материалдарды және буларды пайдаланбаңыз.

- Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін жұмсақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

• Құрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау құралын, сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды немесе өткір

темір құралдарды пайдаланбаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

  • Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде 2 айда бір рет) және құрылғыға жиналған майларды тазалаңыз. • Құрылғының ішін шүберекпен тазалаңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР

2.1 Орнату

AEG DKS7671T - Орнату - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

  • Осы құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
  • Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
  • Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
  • Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
  • Құрылғыны орнатпас бұрын барлық орам материалдарын, жапсырмасын және қорғаныш үлдірін алыңыз.
  • Ауа тартқыш құрылғыны, егер қабырға орнатуға арнайы рұқсат берілмесе, онда орнатпаңыз.

2.2 Электр тоғына қосу

AEG DKS7671T - Электр тоғына қосу - 1

АБАЙЛАНЫЗ!

Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

  • Электртоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруы керек.
  • Техникалық ақпарат тактасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Егер ( ) белгішесі техникалық ақпарат тактайшасында жазылмаса, құрылғыны жерге тұйықтау қажет. • Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға төзімді розетканы қолданыңыз.
  • Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
  • Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
  • Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны жалғамаңыз.
  • Құрылғыны ажырату үшін электр сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек ашаны қолмен тартып шығарыңыз. • Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы бар бөлшектерді электр қатерінен қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп мықтап орнату керек.
  • Құрылғының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Бос әрі дұрыс емес электр желісінің сымы ағытпаны тым ысытып жіберуі мүмкін.
  • Құрылғыны орнатқаннан кейін қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін электр желісіне қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.

2.3 Пайдалану

AEG DKS7671T - Пайдалану - 1

АБАЙЛАНЫЗ!

Жарақат алу, күйіп қалу және ток соғу қаупі бар.

  • Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз. • Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
  • Тек құрылғымен бірге қамтамасыз етілген аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. • Тамақты тоңмайға немесе майға пісіріп, қуырғанда қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
  • Ашық электр грильдерін пайдаланбаңыз.
  • Құрылғыны сақтау орны үшін пайдаланбаңыз.
  • Құрылғының жарығына тікелей қарау үшін үлкейткіш әйнекті, дүрбіні немесе басқа да оптикалық құралдарды пайдаланбаңыз.
  • Егер құрылғы басқа құрылғылармен жұмыс істесе, ең көп түзілетін қысым 4 Па (4x10–5 бар) шамасынан аспауы керек.

2.4 Сервис

  • Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тек қана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
  • Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен шамдардың қосалқы бөлшектері жеке

сатылады: Бұл шамдар температура, діріл, ылғалдылық сияқты төтенше физикалық жағдайларға тұрмыстық құрылғылардың қарсы тұруына немесе құрылғының жұмыс жағдайы туралы сигнал беруге арналған. Олар басқа қолданбаларда пайдалануға арналмаған және тұрғын үйлерді жарықтандыруға сәйкес келмейді.

2.5 Қоңысқа тастау

AEG DKS7671T - Қоңысқа тастау - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Жарақат алу немесе тұншығу қаупі бар.

  • Құрылғыны утилизациялау жолы туралы ақпарат алу үшін муниципалды органға хабарласыңыз.
  • Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
  • Құрылғыға жақын орналасқан электр кабелін кесіп, утилизациялаңыз.

3. ПАЙДАЛАНУ

AEG DKS7671T - ПАЙДАЛАНУ - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

3.1 Орнату нұсқаулары

AEG DKS7671T - Орнату нұсқаулары - 1

Құрылғыны орнату туралы толық ақпарат алу үшін жеке ұсынылған орнату кітапшасын қараңыз.

Функция Сипаттамасы
1Косулы/Өшірулі Ауа тартқышты қосады және өшіреді.
2Бірінші жылдамдық Мотор бірінші жылдамдық деңгейіне ауысады.
3Екінші жылдамдық Мотор екінші жылдамдық деңгейіне ауысады.
4Ушінші жылдамдық Мотор үшінші жылдамдық деңгейіне ауысады.
5Жылдамдықты күшейту Мотор ең жоғары жылдамдық деңгейіне ауысады. 8 минуттан кейін құрылғы алдыңғы параметрге қайта оралады.
6Максималды жылдамдық Мотор максималды жылдамдық деңгейіне ауысады. 5 минуттан кейін құрылғы алдыңғы параметрге қайта оралады.
7Breeze Мотор ең төменгі жылдамдықта жұмыс істейді. 60 минуттан кейін құрылғы сөнеді.
8Hob2Hood® Ауа тартқыш құралды пештен басқару функциясының индикаторы.
9Сүзгі туралы хабарландыру Көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау және май сүзгісін тазалау қажет екенін еске салады.
10Шам Шамдарды қосады және өшіреді. Шам қарқындығын өзгертеді.

5. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған жылдамдықты тексеріңіз.

1 Тамақты жылытқанда, қақпақ жабылған ыдысты қолданып пісіргенде.

2 Бірнеше пісіру аймақтарында немесе оттықтарда қақпағы жабық ыдыста тамақ пісіргенде, баяу қуырғанда.

3 Көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, бірнеше пісіру аймағында немесе оттықтарда пісіргенде.

AEG DKS7671T - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 1

AEG DKS7671T - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 2

AEG DKS7671T - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 3

Үлкен мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, ылғалдылық көп.

Пісіргеннен кейін аспаздық ауаны өте төмен шу деңгейінде жаңартады. Оны таңбаны түрту арқылы белсендіруге және өшіруге болады. Функция 60 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді. Тек пісіруден кейін пайдаланыңыз.

Тағамды пісіруге дейін және кейін ауа тартқышты шамамен 15 минут қосып қоюға кеңес беріледі.

Құрылғыны белсендіру

Бақылау панелі — сенсорлық өріс. Түтін тартқышты пайдалану үшін, тура ортасындағы таңбаны кемінде 1 секунд бойы түртіңіз.

Ауа тартқыш құралды пайдалану үшін:

  1. Таңбасын басу арқылы құрылғыны қосыңыз. Енді функцияларды белсендіре аласыз.
  2. Функцияны белсендіру үшін таңбаны түртіңіз.

Құрылғыны сөндіру

Құрылғыны сөндіру үшін ①таңбасын қайта басыңыз.

Жарықтандыру

Ауа тартқыштың шамы басқа ауа тартқыш функцияларынан тәуелсіз жұмыс істейді.

Жарықтандыруды белсендіру және өшіру

Пісіру бетін жарықтандыру үшін таңбасын түртіңіз. Жарықтың қарқындылығын келесі ретпен өзгерту үшін таңбаны қайта түртіңіз: «Максимум», «Орташа», «Төмен», «Өшірулі».

Шамдарды өшіру үшін таңбасын түртіп, 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.

5.2 Hob2Hood®

Бұл — плитаны ауа тартқышқа жалғайтын функция. Плита да, ауа тартқыш та инфрақызыл сигнал коммуникаторымен жабдықталған. Желдеткіш жылдамдығы режим параметріне және плитадағы ең ыстық ыдыстың температурасына байланысты анықталады. Немесе желдеткішті плитаны пайдаланып қолмен басқаруға болады. Бұл функцияны плитаның басқару тақтасынан қосуға болады.

i

Функцияны пайдалануға қатысты толық ақпаратты плитаның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

5.3 Сүзгі туралы хабарландыру

Сүзгі дабылы май сүзгісін тазалау және оның түріне байланысты көмір сүзгісін ауыстыру немесе тазалау туралы ескерту ретінде қызмет етеді. Май сүзгісін тазалау керек болса, таңбасы 30 секунд бойы жүйелі түрде жыпылықтайды. Көмір сүзгісін

ауыстыру немесе тазалау керек болса, таңбасы 30 секунд бойы секундына екі рет жыпылықтайды.

i

Май сүзгісін 40 сағат бойы пайдаланудан кейін және көмір сүзгісін 160 сағат бойы пайдаланудан кейін осы функция тәуелсіз түрде белсендіріледі.

i

«Күту және тазалау» тарауындағы «Май сүзгісін тазалау» тармағын қараңыз.

i

Күтім мен тазалау тарауында көмір сүзгісін тазалау немесе көмір сүзгісін ауыстыру туралы қараңыз.

Хабарландыру кезеңінде функция есептегішін қайта орнату үшін 🌐 таңбасын 3 секунд түртіңіз. Егер дұрыс қайта орнатылса, таңбаның жыпылықтауы тоқтайды.

Әдепкі бойынша, көмір сүзгісінің функция есептегіші өшірулі болады. Қайта айналдыру режимі үшін ол белсендірілген болуы керек.

Көмір сүзгісінің есептегішін белсендіру немесе өшіру:

  1. Бақылау панелін қосыңыз.
  2. Желдеткіш пен шам өшірілгенін тексеріңіз.
  3. 2 таңбасын 3 секунд түртіңіз. Егер 2 және таңбасы бір рет жыпылықтаса, функция белсендірілді. Егер 2 және таңбасы екі рет жыпылықтаса, функция ажыратылады.

6.1 Тазалау туралы ескертпелер

Жуғыш заттар

Абразивті жуғыш заттарды және щеткаларды пайдаланбаңыз.

Құрылғының бетін жұмсақ шүберекпен, жылы сумен және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.

Өшіргеннен кейін құрылғының кейбір бөліктері қызуы мүмкін. Дақтарды болдырмау үшін құрылғыны салқындатып, таза шүберекпен немесе қағаз сүлгілермен құрғату керек.

Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.

Түтін шығарғышты таза ұстаңыз

Құрылғыны және май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз. Ішіндегі және май сүзгілеріндегі майды мұқият тазалаңыз. Жиналған май немесе басқа қалдық өртке әкелуі мүмкін.

Май сүзгілерін ыдыс жуу машинасында жууға болады.

Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.

Көмір сүзгісі

Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі тазаланғанына байланысты болады. Аксессуармен бірге берілетін кітапшаны қараңыз.

AEG DKS7671T - Көмір сүзгісі - 1

Кез келген техникалық қызмет көрсетуді орындау алдында, плитада ыдыс жоқ екеніне және ауа тартқыш пен плитаның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

6.2 Май сүзгісін тазалау

Екі май сүзгісі бар. Біреуі құрылғының астында және екіншісі алдыңғы жағында орналасқан.

Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы жақтарында қысқыштар мен қадауштар пайдаланылған.

Сүзгіні тазалау үшін:

  1. Ашу үшін қақпақты тартыңыз.

AEG DKS7671T - Сүзгіні тазалау үшін: - 1

  1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгінің тұтқасын тартып, сүзгінің алдыңғы жағын аздап еңкейтіңіз.

AEG DKS7671T - Сүзгіні тазалау үшін: - 2

  1. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш заттарды қолданып жөкемен немесе ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз.

AEG DKS7671T - Сүзгіні тазалау үшін: - 3

Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.

  1. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы екі қадамды керісінше орындаңыз. Қажет болса, барлық сүзгілер үшін қадамдарды қайталаңыз.

6.3 Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес

AEG DKS7671T - Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес - 1

Түріне байланысты сүзгі қалпына келтірілуі немесе келтірілмеуі мүмкін. Сүзгімен бірге берілген парақшаны қараңыз.

Сүзгіні ауыстыру үшін:

  1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып алыңыз. Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау» бөлімін қараңыз.
  2. Істікшені басып (1), сүзгінің алдыңғы жағын сәл еңкейтіңіз. Екі көмір сүзгісі бар. Біреуі құрылғының астында (А) және екіншісі алдыңғы жағында (В) орналасқан.

A.1 2

2 1 1

  1. Сүзгіні орнату үшін осы қадамдарды керісінше орындаңыз.

6.4 Шамды ауыстыру

Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек іске қосу құралымен (ЖШД драйвері) жабдықталған. Бұл бөлшектерді тек техник қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған жағдайда «Қауіпсіздік нұсқаулары» тарауындағы «Қызмет көрсету» бөлімін қараңыз.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

AEG DKS7671T - АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Егер істемесе...

Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Құрылғы куат көзіне қосылған жоқ немесе теріс қосылған.Құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Қуат көзінің болмауы. Сақтандырғышты немесе негізгі қосқышты тексеріңіз. Сақтандырғыш немесе қосқыш тізбекті үзуді жалғастырса, білікті электрикке хабарласыңыз.

Мәселе Ықтимал себебі Шешім

Шам жұмыс істемей түр. Шамда ақау бар. Шамды ауыстырыңыз. «Қуту жәнетазалау» тарауын қараңыз.
Құрылғы буды жеткілікті түрдетартпайды.Қозғалтқыш жылдамдығыпайда болған буларғасәйкес көлмейді.Қозғалтқыштың жылдамдығын өзгертіңіз.

Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиян келтіретін

жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі қалған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : AEG

Модель : DKS7671T

Санат : сорғыш