NDB8791CB - дәретхана AEG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз NDB8791CB AEG PDF форматында.

AEG NDB8791CB - дәретхана
📄 372 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice AEG NDB8791CB - page 165
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Су шаятын унитаз
Бренд AEG
Модель NDB8791CB
Өлшемдері (Ұ x Т x Б) 670 x 370 x 800 мм
Нетто салмағы 30 кг
Материал Эмальданған фарфор
Сумен қамтамасыз ету Су қысымы 0,1 - 0,5 МПа
Шаю түрі Қос шаю 3/6 л
Орнату орны Еденге
Ыдыс пішіні Ұзын сопақ
Қақпақ кіреді Иә
Шаю механизмі Қос басқару түймесі
Ағызу қосылымы Көлденең немесе тік (модельге байланысты)
Күтім және тазалау Жұмсақ, абразивті емес тазартқыш, концентрацияланған ағартқыштан аулақ болыңыз
Қауіпсіздік Еденге берік бекіту, тайғаққа қарсы орындық
Қосалқы бөлшектер Шаю механизміне арналған қосалқы жиынтық, қақпақ, тығыздағыштар
Жөндеу мүмкіндігі Жөндеу көрсеткіші 7/10 (бағалау)
Кепілдік 2 жыл бөлшектер мен еңбек
Құрастыру нұсқаулығы Пайдалану нұсқаулығында берілген

Жиі қойылатын сұрақтар - NDB8791CB AEG

AEG NDB8791CB унитазын қалай орнатуға болады?
Орнату берілген дубльдердің көмегімен ыдысты еденге бекітуді, су кіруін және ағызуды қосуды талап етеді. Берілген нұсқаулықтағы егжей-тегжейлі нұсқауларды орындаңыз.
Шаюдың су шығыны қандай?
Унитаз қос шаю механизмімен жабдықталған: кіші шаю үшін 3 литр және үлкен шаю үшін 6 литр, суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ыдысты зақымдамай қалай тазалауға болады?
Жұмсақ, абразивті емес тазартқышты және губканы пайдаланыңыз. Эмальды зақымдауы мүмкін концентрацияланған хлор өнімдерінен аулақ болыңыз.
Шаю дұрыс жұмыс істемесе не істеу керек?
Алдымен су кіруін және қалтқы деңгейін тексеріңіз. Егер мәселе сақталса, шаю клапаны немесе толтыру құрылғысы ластанған немесе тозған болуы мүмкін. Бөлшектеу үшін нұсқаулықты қараңыз.
Қақпақ кіреді ме?
Иә, унитаз ұзын сопақ пішінді қақпақпен бірге жеткізіледі. Қажет болса, оны стандартты үлгімен ауыстыруға болады.
Ыдыстың нақты өлшемдері қандай?
Өлшемдер шамамен ені 670 мм, тереңдігі 370 мм және биіктігі 800 мм. Нақты өлшемдер үшін нұсқаулықты тексеріңіз.
Резервуарға тазартқыш таблеткаларды қолдануға бола ма?
Тазартқыш таблеткаларды қолдану ұсынылмайды, себебі олар тығыздағыштарды және шаю механизмін бұзуы мүмкін. Қолмен тазалауды қалаңыз.
Су қысымын қалай реттеуге болады?
Ұсынылған су қысымы 0,1 - 0,5 МПа аралығында. Егер қысым тым жоғары болса, алдыңғы жағына қысымды төмендеткішті орнатыңыз.
Бұл модельге қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Шаю механизмі, тығыздағыштар немесе қақпақ сияқты қосалқы бөлшектерді AEG ресми сатушыларынан немесе қосалқы бөлшектер сайттарынан табуға болады.
Унитаз шаю кезінде шулы ма?
Модель үнсіз жұмыс істеуге арналған. Қалыптан тыс дыбыс пайда болса, су кіруінің тым күшті еместігін және бекіткіштердің тартылғанын тексеріңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы NDB8791CB AEG

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз дәретхана PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз NDB8791CB - AEG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. NDB8791CB брендінің AEG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ NDB8791CB AEG

Пештің сорғыш қондырғысы 165 | Қолдану туралы нұсқаулары

AEG компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет.

AEG NDB8791CB - AEG компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет. - 1

Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз: www.aeg.com/support

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

МАЗМҰНЫ

Құрылғыны орнатып іске қосар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім не ақыл-ой қабілеттері шектеулі не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа толмаған балалар мен мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.

  • Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
  • Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
  • Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

1.2 Жалпы қауіпсіздік

  • Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне орналастырып қолдануға арналған.
  • Бұл құрылғы ішкі ортада бір отбасының тұрмыстық пайдалануына арналған.
  • Бұл құрылғыны кеңселерде, қонақүй бөлмелерінде, төсек және таңғы ас беретін қонақ бөлмелерінде, ферма үйлерінде және осыған ұқсас тұрғын үйлерде пайдалануға болады, егер мұндай пайдалану (орташа) тұрмыстық пайдалану деңгейінен аспаса.
  • Кез келген жөндеу жұмысын орындамас бұрын құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
  • САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Алынбалы бөлшектерді пісіру құрылғыларымен бірге пайдаланғанда олар ысып кетуі мүмкін.
  • Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын ғана қолданыңыз; егер олар жеткізілмесе, орнату нұсқаулығында ұсынылған бұрандаларды пайдаланыңыз. Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес қолайлы және қауіпсіз жерге орнатыңыз.
  • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар немесе бекіту құрылғысы осы нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса, ток соғу қаупі туындауы мүмкін.
  • Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз. • Табалар қойылатын пештің беті мен құрылғының төменгі бөлігі арасындағы ең аз қашықтық, егер пешке немесе құрылғыға арналған орнату нұсқаулығында өзгеше көрсетілмесе, кемінде 65 см болуы тиіс.

- Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің талаптарына сәйкес болуы керек.

• Газ немесе басқа отын қолданатын құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін газдар бөлмеге қайта кірмеуі үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

- Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын және құрылғы жинаған ауаның басқа құрылғылардан келетін түтін мен буды тартатын жүйеге (орталық жылыту жүйелері, термосифондар, су жылытқыштар және т.б.) тасымалданбағанын тексеріңіз.

• Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске қосылғанда, бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-дан аспауы керек.

- Егер қуат сымы зақымдалса, ток соғу қаупін болдырмау үшін, оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы не сол сияқты білікті маман ауыстыруы тиіс.

- Егер сым жинағы зақымдалса, оны өндірушіден немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығынан алуға болатын арнайы сым жинағына ауыстыру керек.

• Құрылғы қуат көзіне тікелей қосылған болса, құрылғыны электр желісінің барлық полюстерінен ажыратуға мүмкіндік беретін ажыратқыш құрылғымен жабдықталуы керек. Тоқтан толық ажырату жұмыстарын Ⅲ-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сәйкес іске асыру керек. Ажырату құралын сымдарды өткізу ережелеріне сай бекітілген сымдарға қосу керек.

- Құрылғының астында фламбе тәсілімен тамақ пісіруге болмайды.

- Қауіпті немесе жарылғыш материалдарды және буларды пайдаланбаңыз.

- Кұрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін жұмсақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

• Кұрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау құралын, сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды немесе өткір

темір құралдарды пайдаланбаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

  • Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде 2 айда бір рет) және құрылғыға жиналған майларды тазалаңыз. • Кұрылғының ішін шүберекпен тазалаңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР

2.1 Орнату

AEG NDB8791CB - Орнату - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

  • Осы құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
  • Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
  • Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
  • Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
  • Құрылғыны орнатпас бұрын барлық орам материалдарын, жапсырмасын және қорғаныш үлдірін алыңыз.
  • Ауа тартқыш құрылғыны, егер қабырға орнатуға арнайы рұқсат берілмесе, онда орнатпаңыз.

2.2 Электр тоғына қосу

AEG NDB8791CB - Электр тоғына қосу - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

  • Электр тоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруы керек.
  • Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Егер ( ) белгішесі техникалық ақпарат тақтайшасында жазылмаса, құрылғыны жерге тұйықтау қажет. • Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға төзімді розетканы қолданыңыз.
  • Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
  • Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
  • Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны жалғамаңыз.
  • Құрылғыны ажырату үшін электр сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
  • Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы бар бөлшектерді электр қатерінен қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп мықтап орнату керек.
  • Құрылғының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Бос әрі дұрыс емес электр желісінің сымы ағытпаны тым ысытып жіберуі мүмкін.
  • Құрылғыны орнатқаннан кейін қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін электр желісіне қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.

2.3 Пайдалану

AEG NDB8791CB - Пайдалану - 1

АБАЙЛАНЫЗ!

Жарақат алу, күйіп қалу және ток соғу қаупі бар.

  • Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз. • Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
  • Тек құрылғымен бірге қамтамасыз етілген аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. • Тамақты тоңмайға немесе майға пісіріп, қуырғанда қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
  • Ашық электр грильдерін пайдаланбаңыз. • Құрылғыны сақтау орны үшін пайдаланбаңыз.
  • Құрылғының жарығына тікелей қарау үшін үлкейткіш әйнекті, дүрбіні немесе басқа да оптикалық құралдарды пайдаланбаңыз.
  • Егер құрылғы басқа құрылғылармен жұмыс істесе, ең көп түзілетін қысым 4 Па (4x10–5 бар) шамасынан аспауы керек.

2.4 Сервис

  • Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тек қана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
  • Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен шамдардың қосалқы бөлшектері жеке

сатылады: Бұл шамдар температура, діріл, ылғалдылық сияқты төтенше физикалық жағдайларға тұрмыстық құрылғылардың қарсы тұруына немесе құрылғының жұмыс жағдайы туралы сигнал беруге арналған. Олар басқа қолданбаларда пайдалануға арналмаған және тұрғын үйлерді жарықтандыруға сәйкес келмейді.

2.5 Қоңысқа тастау

AEG NDB8791CB - Қоңысқа тастау - 1

АБАЙЛАНЫЗ!

Жарақат алу немесе тұншығу қаупі бар.

  • Құрылғыны утилизациялау жолы туралы ақпарат алу үшін муниципалды органға хабарласыңыз.
  • Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
  • Құрылғыға жақын орналасқан электр кабелін кесіп, утилизациялаңыз.

3. ПАЙДАЛАНУ

AEG NDB8791CB - ПАЙДАЛАНУ - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

3.1 Орнату нұсқаулары

AEG NDB8791CB - Орнату нұсқаулары - 1

Құрылғыны орнату туралы толық ақпарат алу үшін жеке ұсынылған орнату кітапшасын қараңыз.

Функция Сипаттамасы
1Косулы/Өшірулі Ауа тартқышты қосады және өшіреді.
2Бірінші жылдамдық Мотор бірінші жылдамдық деңгейіне ауысады.
3Екінші жылдамдық Мотор екінші жылдамдық деңгейіне ауысады.
4Ушінші жылдамдық Мотор үшінші жылдамдық деңгейіне ауысады.
5Жылдамдықты күшейту Мотор ең жоғары жылдамдық деңгейіне ауысады. 8 минуттан кейін құрылғы алдыңғы параметрге қайта оралады.
6Максималды жылдамдық Мотор максималды жылдамдық деңгейіне ауысады. 5 минуттан кейін құрылғы алдыңғы параметрге қайта оралады.
7Breeze Мотор ең төменгі жылдамдықта жұмыс істейді. 60 минуттан кейін құрылғы сөнеді.
8Hob2Hood® Ауа тартқыш құралды пештен басқару функциясының индикаторы.
9Сүзгі туралы хабарландыру Көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау және май сүзгісін тазалау қажет екенін еске салады.
10WiFi WiFi қосылымының қуйін көрсетеді.
11Шам түсі температурасы Шам түсі температурасын өзгертеді.
12Шам Шамдарды қосады және өшіреді. Шам қарқындығын өзгертеді.

5. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған жылдамдықты тексеріңіз.

1 Тамақты жылытқанда, қақпақ жабылған ыдысты қолданып пісіргенде.

2 Бірнеше пісіру аймақтарында немесе оттықтарда қақпағы жабық ыдыста тамақ пісіргенде, баяу қуырғанда.

3 Көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, бірнеше пісіру аймағында немесе оттықтарда пісіргенде.

AEG NDB8791CB - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 1

AEG NDB8791CB - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 2

Үлкен мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, ылғалдылық көп. 8 минуттан кейін құрылғы алдыңғы параметрге қайта оралады.

AEG NDB8791CB - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 3

Пісіргеннен кейін асүйдегі ауаны өте төмен шу деңгейінде жаңартады. Оны таңбаны түрту арқылы белсендіруге және өшіруге болады. Функция 60 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді. Тек пісіруден кейін пайдаланыңыз.

AEG NDB8791CB - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - 4

Тағамды пісіруге дейін және кейін ауа тартқышты шамамен 15 минут қосып қоюға кеңес беріледі.

Құрылғыны белсендіру

AEG NDB8791CB - Құрылғыны белсендіру - 1

Бақылау панелі — сенсорлық өріс. Түтін тартқышты пайдалану үшін, тура ортасындағы таңбаны кемінде 1 секунд бойы түртіңіз.

Ауа тартқыш құралды пайдалану үшін:

  1. Таңбасын басу арқылы құрылғыны қосыңыз. Енді функцияларды белсендіре аласыз.
  2. Функцияны белсендіру үшін таңбаны түртіңіз.

Құрылғыны сөндіру

Құрылғыны сөндіру үшін ①таңбасын қайта басыңыз.

Perfect Illumination - Жарықтандыру

i

Ауа тартқыштың шамы басқа ауа тартқыш функцияларынан тәуелсіз жұмыс істейді.

Жарықтандыруды белсендіру және өшіру

Пісіру бетін жарықтандыру үшін таңбасын түртіңіз. Жарықтың қарқындылығын келесі ретпен өзгерту үшін таңбаны қайта түртіңіз: «Максимум», «Орташа», «Төмен», «Өшірулі».

Шамдарды өшіру үшін 🔒 таңбасын түртіп, 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз.

Шам түсі температурасын орнату

i

Ауа тартқыш жарық түсі температурасының соңғы параметрін сақтайды.

Шам түсі температурасын орнатудың екі әдісі бар:

  1. Түс температурасын бейтараптан, жылыдан суыққа өзгерту үшін таңбасын түртіңіз.
  2. Шам түсі температураларын бірқалыпты жылжыту үшін таңбасын түртіп тұрыңыз. Қажетті параметрге жеткенде оны жіберіңіз.

AuroraTech®

Бұл күн уақытына қарай жарықтандыру түсі мен қарқындылығын автоматты түрде реттейтін, оңтайлы атмосфераны

жасайтын функция. Бұл функцияны белсендіру үшін қолданбаны пайдаланыңыз.

i

Қолданбадан белсендірілгеннен кейін функция жарықтандыру қосылған сайын жұмыс істейді. Сіз әлі де және түймелерін пайдаланып жарықтандыру параметрлерін қолмен реттей аласыз. Дегенмен, AuroraTech® функциясы ажыратылады.

5.2 Hob2Hood®

Бұл — плитаны ауа тартқышқа жалғайтын функция. Плита да, ауа тартқыш та инфрақызыл сигнал коммуникаторымен жабдықталған. Желдеткіш жылдамдығы режим параметріне және плитадағы ең ыстық ыдыстың температурасына байланысты анықталады. Немесе желдеткішті плитаны пайдаланып қолмен басқаруға болады. Бұл функцияны плитаның басқару тақтасынан қосуға болады.

i

Функцияны пайдалануға қатысты толық ақпаратты плитаның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

5.3 Сүзгі туралы хабарландыру

Сүзгі дабылы май сүзгісін тазалау және оның түріне байланысты көмір сүзгісін ауыстыру немесе тазалау туралы ескерту ретінде қызмет етеді. Май сүзгісін тазалау керек болса, ☐ таңбасы 30 секунд бойы жүйелі түрде жыпылықтайды. Көмір сүзгісін ауыстыру немесе тазалау керек болса, ☐ таңбасы 30 секунд бойы секундына екі рет жыпылықтайды.

Май сүзгісін 40 сағат бойы пайдаланудан кейін және көмір сүзгісін 160 сағат бойы пайдаланудан кейін осы функция тәуелсіз түрде белсендіріледі.

«Күту және тазалау» тарауындағы «Май сүзгісін тазалау» тармағын қараңыз.

Күтім мен тазалау тарауында көмір сүзгісін тазалау немесе көмір сүзгісін ауыстыру туралы қараңыз.

Хабарландыру кезеңінде функция есептегішін қайта орнату үшін қаңбасын 3 секунд түртіңіз. Егер дұрыс қайта орнатылса, таңбаның жыпылықтауы тоқтайды.

Эдепкі бойынша, көмір сүзгісінің функция есептегіші өшірулі болады. Қайта айналдыру режимі үшін ол белсендірілген болуы керек.

Көмір сүзгісінің есептегішін белсендіру немесе өшіру:

  1. Баскару панелін қосыңыз.
  2. Желдеткіш пен шам өшірілгенін тексеріңіз.
  3. 2 таңбасын 3 секунд түртіңіз.

Егер 2 және ☐ таңбасы бір рет жыпылықтаса, функция белсендірілді. Егер

2 және ☒ таңбасы екі рет жыпылықтаса, функция ажыратылады.

5.4 WiFi қосылымын реттеу

Бұл мүмкіндік құрылғыны WiFi желісіне қосуға және оны мобильді құрылғымен жұптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, сіз қосымша функцияларға қол жеткізе аласыз, мобильді құрылғыдан құрылғыңызды басқара және бақылай аласыз және хабарландырулар аласыз.

Құрылғыны жалғау үшін төмендегілер қажет:

  • Интернет байланысы бар сымсыз желі.
  • Мобильді құрылғы сымсыз желіңізге жалғанып тұруы керек.

Құрылғыны WiFi қолданбасына жалғау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

  1. Құрылғының розеткаға қосылып, іске қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
  2. Мобильді құрылғыңыз құрылғы жалғанған сымсыз желіге жалғанғанын тексеріңіз.
  3. Қолданбаны жүктеп алу үшін мобильді құрылғының камерасы арқылы пайдаланушы нұсқаулығының артқы бетінде орналасқан QR кодын сканерлеңіз. Сондай-ақ қолданбаны Google Play (Android) немесе App Store (iOS) дүкенінен тікелей жүктеп алуға болады.
  4. Қолданбаны ашып, есептік жазбаны жасау үшін тіркеңіз.

Құрылғының сымсыз қосылымын конфигурациялау

Басқару панелін іске қосқаннан кейін 20 секунд ішінде қосуға болады. Егер

таңбасы өшсе, басқару тақтасын өшіріп, қайта қосыңыз.

Қосу процесін аяқтау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз:

  1. Желдеткіш пен шам өшірілгенін тексеріңіз.
  2. Құрылғыдағы белгісін түртіп, 3 секунд ұстап тұрыңыз, таңбасы үздіксіз жыпылықтай бастайды. Қосылу процесі жалғасуда.
  3. Қосу процесін аяқтау үшін қолданбадағы нұсқаулардың орындалуын жалғастырыңыз.

Қосылу процесін тоқтату үшін ① түймесін немесе жылдамдық деңгейі таңбаларының кез келгенін түртіңіз.

Сәтті қосылғаннан кейін құрылғыдан бір дыбыстық сигнал шығып, 📞 индикаторы жыпылықтауын тоқтатады.

Егер қосу процесі сәтсіз болса, индикатор 6 секунд бойы жылдам жыпылықтайды, содан кейін өшеді. Удерісті қайталаңыз.

Қосылу процесі 1 минуттан асса, басқару тақтасы күту режиміне өтеді, индикаторы өшеді және қолданба қосу күйі туралы кері байланыс береді.

Косылғаннан кейін басқару тақтасы іске қосылғаннан және интернетке қосылым орнатылғаннан кейін таңбасы көрінеді.

Әрекет қолданба арқылы орындалған сайын 📌 индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

Құрылғының сымсыз байланысын өшіру/қосу WiFi қосылымын уақытша өшіру:

  1. Желдеткіш пен шам өшірілгенін тексеріңіз.
  2. таңбасын түртіп, сигнал естілгенше 3 секунд бойы ұстаңыз. 1 таңбасы екі рет жыпылықтап, таңбасы сөнеді.

WiFi қосылымын қайта қосу:

  1. Желдеткіш пен шам өшірілгенін тексеріңіз.
  2. таңбасын түртіп, сигнал естілгенше 3 секунд бойы ұстаңыз. Қосылым орнатылғанда, таңбасы бір рет жыпылықтап, таңбасы қосылады.

Құрылғының сымсыз байланысын қайта орнату WiFi желісін өшіру:

  1. Желдеткіш пен шам өшірілгенін тексеріңіз.
  2. таңбасын 3 секунд түртіп тұрыңыз. Құрылғы бір дыбыстық сигнал шығарады және сәтті қалпына келтіргенше таңбасы жыпылықтайды. Кейбір жағдайларда таңбасы бір рет жыпылықтай алады.

Бұл әрекет құрылғыны WiFi желісінен шығаруға әкеледі. Қосылымды қайта орнату үшін «Құралдың сымсыз қосылымын конфигурациялау» бөлімінде сипатталған барлық қадамды қайталаңыз.

6.1 Тазалау туралы ескертпелер

Жуғыш заттар

Абразивті жуғыш заттарды және щеткаларды пайдаланбаңыз.

Құрылғының бетін жұмсақ шүберекпен, жылы сумен және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.

Өзірлеуден кейін құрылғының кейбір бөліктері қызуы мүмкін. Дақтарды болдырмау үшін құрылғыны салқындатып, таза шүберекпен немесе қағаз сүлгілермен құрғату керек.

Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.

Түтін шығарғышты таза ұстаңыз

Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы төмендемеуі үшін құрылғыны ай сайын тазалап тұрыңыз. Ішіндегі және май сүзгілеріндегі майды мұқият тазалаңыз. Жиналған май немесе басқа қалдық өртке әкелуі мүмкін. Сүзгі туралы хабарландыру қосулы кезде сүзгілерді тазалау туралы нұсқауларды орындаңыз. «Күнделікті пайдалану» тарауын қараңыз.

Көмір сүзгісі

Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі тазаланғанына байланысты болады. Аксессуармен бірге берілетін кітапшаны қараңыз.

AEG NDB8791CB - Көмір сүзгісі - 1

Кез келген техникалық қызмет көрсетуді орындау алдында, плитада ыдыс жоқ екеніне және ауа тартқыш пен плитаның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

6.2 Май сүзгісін тазалау

Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы жақтарында қысқыштар мен қадауштар пайдаланылған.

Сүзгіні тазалау үшін:

  1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгінің тұтқасын (1) тартып, сүзгінің алдыңғы жағын аздап еңкейтіңіз.

AEG NDB8791CB - Сүзгіні тазалау үшін: - 1

  1. Май сүзгілерін жеміргіш емес жуғыш заттарды және губканы қолданып қолмен тазалаңыз немесе оларды ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз. Май сүзгілерін қолмен тазалауды ұсынамыз.

AEG NDB8791CB - Сүзгіні тазалау үшін: - 2

Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.

  1. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы екі қадамды керісінше орындаңыз. Қажет болса, барлық сүзгілер үшін қадамдарды қайталаңыз.

6.3 Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес

AEG NDB8791CB - Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес - 1

Түріне байланысты сүзгі қалпына келтірілуі не келтірілмеуі мүмкін. Сүзгімен бірге берілген парақшаны қараңыз.

Сүзгіні ауыстыру үшін:

  1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып алыңыз. Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау» бөлімін қараңыз.
  2. Істікшені басып (1), сүзгінің алдыңғы жағын аздап еңкейтіңіз.

AEG NDB8791CB - Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес - 2

  1. Жаңа сүзгіні орнату үшін осы қадамдарды керісінше орындаңыз.

6.4 Шамды ауыстыру

Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек іске қосу құралымен (ЖШД драйвері) жабдықталған. Бұл бөлшектерді техник қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары" тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін қараңыз.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

AEG NDB8791CB - АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Не істерсіз, егер...

Мәселе Ыктимал себебі Шешім
Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Құрылғы куат көзіне қосылған жоқ немесе теріс қосылған.Құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Қуат көзінің болмауы. Сақтандырғышты немесе негізгі қосқышты тексеріңіз. Сақтандырғыш немесе қосқыш тізбекті үзуді жалғастырса, білікті электрикке хабарласыңыз.
Шам жұмыс істемей түр. Шамда ақау бар. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жарықтылық деңгейі немесе ашық түс температурасы нұсқауларда сипатталғандай емес.Қате Perfect illumination параметрі.Барлық үш түс температурасын өзгерту мүмкіндігін тексеру үшін - белгісін түртіңіз.
Шамда ақау бар. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы буды жеткілікті түрде тартпайды.Қозғалтқыш жылдамдығы пайда болған буларға сәйкес көлмейді.Мотордың жылдамдығын арттырыңыз.
Қолданба құрылғыға қосыла алмайды.Қосылым ақаулары.Сымсыз сигналды тексеріңіз.
Сымсыз байланыс қосулы екеніне көз жеткізіңіз. «WiFi қосылу мүмкіндігі» тарауын қараңыз.
Мобильді құрылғының сымсыз желіге қосылған не қосылмағанын тексеріңіз.
Уйдегі желіні және роутерді тексеріңіз.
Роутерді қайта іске қосыңыз.
Сымсыз желіге қатысты тағы басқа мәселе болса, сымсыз желі провайдеріне хабарласыңыз.
Құрылғыны, мобильді құрылғыны немесе екеуін де қайта конфигурациялау керек, себебі жаңа роутер орнатылған немесе роутердің конфигурациясы өзгерген. «WiFi қосылу мүмкіндігі» тарауын қараңыз.

Мәселе Ықтимал себебі Шешім

Колданба құрылғыға жиі қосыла алмай қалады.Қосылым ақаулары.Құрылғыға сымсыз сигналдың жетіп түрғанына көз жеткізіңіз. Уйдегі роутерді құрылғыға барынша жақындатуға тырысыңыз немесе сымсыз сигнал ауқымын кеңейткішті сатып алыңыз.
Сымсыз сигналға микротолқын кедергі жасамай түрғанына көз жеткізіңіз. Микротолқынды пешті сөндіріңіз. Микротолқынды пеш пен құрылғының қашықтан басқару құралын бір уақытта қолданбаңыз.

Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиян келтіретін

жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі қалынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өндеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : AEG

Модель : NDB8791CB

Санат : дәретхана