WNBB20SC22R - тоңазытқыш WHIRLPOOL - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WNBB20SC22R WHIRLPOOL PDF форматында.
| Өнім түрі | Тоңазытқыш-мұздатқыш |
| Бренд | Whirlpool |
| Модель | WNBB20SC22R |
| Өлшемдері (Биіктік x Ені x Тереңдік) | 177 x 70 x 71 см |
| Таза салмақ | 68 кг |
| Электрмен жабдықтау | 220-240 В, 50 Гц, 0,8 А |
| Энергия тиімділігі класы | A+ |
| Жылдық тұтыну | 250 кВт·сағ |
| Таза толық сыйымдылық | 300 л |
| Тоңазытқыш сыйымдылығы | 220 л |
| Мұздатқыш сыйымдылығы | 80 л |
| Негізгі функциялар | No Frost, Multi-air flow, жарықдиодты жарықтандыру |
| Күтім және тазалау | Ішкі бетін жұмсақ шүберекпен және жылы сабынды сумен тазалаңыз |
| Қауіпсіздік | Балалардың қауіпсіздігін құлыптау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Бөлшектер Whirlpool кейінгі қызмет көрсету арқылы қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Желдетілетін салқындатқыш тоңазытқыш, климаттық класс SN-T |
Жиі қойылатын сұрақтар - WNBB20SC22R WHIRLPOOL
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WNBB20SC22R WHIRLPOOL
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WNBB20SC22R - WHIRLPOOL және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WNBB20SC22R брендінің WHIRLPOOL.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WNBB20SC22R WHIRLPOOL
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулық үшін жауапты емес.
⚠️ Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіндіктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауына болмайды.
3 пен 8 жас аралығындағы балаларға тоңазытқыш құрылғысына азық-түліктерді салып, алуға рұқсат етіледі.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралы сияқты алмастыру қондырғысымен пайдаланылуға арналмаған.
⚠️ Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты қолданыстарда пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
⚠️ Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
⚠️ Құрылғы ішінде пайдаланылған шам тұрмыстық техника үшін арнайы жасақта және үй ішіндегі жалпы бөлме жарығы үшін жарамсыз болып табылады (244/20 ЕО ережесі).
⚠️ Құрылғы, техникалық төлқұжатта берілген климат класына сәйкес, сыртқы температура келесі ауқымдарда болатын жерлерде жұмыс істеу үшін құрастырып шығарылған. Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақыт қалдырылған кезде, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қоршаған орта температуралардың климаттық тобы:
SN: 10 °C және 32 °C аралығы; N: 16 °C және 32 °C аралығы;
ST: 16°C және 38°C аралығы; Т: 16°C және 43°C аралығы
Бұл құрылғы құрамында фреон жоқ. Салқындатқыш құрамында R600а (HC) бар.
Құрамында изобутан (R600а) бар құрылғылар: изобутан - қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылатын, бірақ жанғыш табиғи газ.
Сондықтан, хладагент тізбегінің құбырларын зақымдалудан қорғаңыз, әсіресе хладагент тізбегін ағызу уақытында.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғыдағы хладагент тізбегінің құбырларын зақымдап алмаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғы корпусындағы немесе кірістірілген құрылымдағы желдету саңылауларын кедергісіз ашық қалдырыңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық, электрлік не химиялық құралдарды пайдаланбаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Электрлік құрылғыларды өндіруші арнайы рұқсат бермеген түрге жатса, оларды пайдаланбаңыз немесе құрылғы бөлімдерінің ішіне орналастырмаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Су көздеріне тікелей қосылмаған мұздатқыштар және/немесе су диспенсерлері тек ауыз сумен толтырылуы керек.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Автоматты мұз жасағыштарды және/немесе су диспенсерлерін тек ауыз су беретін су көзіне жалғау керек, ағын су қысымы 0,17 және 0,81 мПа (1,7 және 8,1 бар аралығында болуы керек).
⚠️ Құрылғының ішінде немесе жанында аэрозоль қауашақтары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз және бензинді немесе басқа да жанғыш заттарды қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Мұз пакеттерінің (кейбір үлгілерде кездеседі) ішіндегісін (уытты емес) жұтпаңыз. Мұз текшелері немесе жеміс мұзы суық күйіктерін тудыра алатындықтан, оларды мұздатқыштан алған соң бірден аузыңызға салмаңыз.
⚠️ Қолжетімді желдеткіш қақпағының ішінде ауа сүзгісін пайдалану үшін жасақталған өнімдер үшін, тоңазытқыш жұмыс істеген кезде сүзгі әрқашан орнында болуы керек.
⚠️ Мұздату бөліміндегі сұйықтықтар жарылып кете алатындықтан, әйнек контейнерлерді бос мұздату бөлімімен сақтаңыз.
Тамақты желдеткішке (бар болса) кедергі келтіретіндей етіп қоймаңыз.
Азық-
туліктерді орналастырған соң, бөлімдердің есіктері, әсіресе мүздатқыш бөлімнің есігі дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған аралық тығыздағыш мүмкіндігінше дереу ауыстырылуы керек.
⚠️ Тоңазытқыш бөлімін тек жаңа піскен тағамды сақтау, ал мүздату бөлімін тек тоңазытылған тағамды сақтау, жаңа піскен тағамды тоңазыту және мүз текшелерін жасау үшін пайдаланыңыз.
⚠️ Қапталмаған тағамды тоңазытқыш не мүздатқыш бөлімдерінің ішкі беттеріне тікелей тигізіп сақтаудан сақ болыңыз.
Құрылғылардың арнайы бөлімдері болуы мүмкін (Жаңа піскен тағам бөлімі, нөл градустық жәшік,...). Өнімге арналған кітапшасында басқаша көрсетілмесе, баламалы функцияларын сақтай отырып, оларды алып тастауға болады.
С-пентан оқшаулағыш көбікте көбіктендіретін агент ретінде пайдаланылады және жанғыш газ болып табылады.
Құрылғының әртүрлі бөліктерінде әртүрлі температураларды қамтамасыз ете отырып, белгілі бір типтегі азық-түліктерді сақтауға жарамды ең жақсы бөліктер төмендегідей: - Тоңазытқыш бөлімі:
1) Тоңазытқыш бөлімінің есігінің үстіңгі жағы - температуралық аймақ: Мұнда тропикалық жемістерді, қалбырларды, сусындарды, жұмыртқаларды, тұздықтарды, тұздалған азық-түліктерді, майлар мен тосаптарды сақтаңыз
2) Тоңазытқыш бөлімінің ортаңғы аймағы - салқындату аймағы: Мұнда ірімшік, сүт,
сүт өнімдерін, дүкен өнімдерін, йогурттарды, тұздатылған өнімдерді сақтауға, балмұздақ пен мұз текшелерін жасап, сақтауға болады.
3) Тоңазытқыш бөлімінің астыңғы бөлімі – балғын өнімдерді бір, екі немесе үш суық аймақ: Мұнда ет тілімдерін, десерттерді, балмұздақты бөліктерге салып мұздатпаңыз.
ет пен балық, чизкейктер, жаңа пісірілген. Егер тоңазытқыш құрылғы ұзақ уақытқа бос қалдырылған болса, оны өшіріңіз де, ерітіп, тазалап, құрғатыңыз, құрылғы іші көгеріп кетпес үшін есігін ашық қалдырыңыз.
OPHATY
4) Тоңазытқыш бөлімінің төменгі жағында орналасқан көкөністер мен жемістер салатын тартпа: Мұнда жемістер мен көкөністерді сақтаңыз (тропикалық жемістерден басқа)
5) Салқындатқыш бөлімі: Ет пен балықты тек ең суық бөлікте сақтаңыз
Мұздатқыш бөлімі:
4 жұлдызды аймақ (****) бөлігінде температура біркелкі таралатындықтан, бұл бөлікте азық-түліктерді қоршаған орта температурасында мұздатуға және мұздатылған өнімдерді сақтауға болады. Дүкеннен сатып алынған мұздатылған өнімдердің орамасында жарамдылық мерзімі көрсетіліп тұрады. Мұндай жарамдылық мерзімі сақталатын өнімнің түрін ескеретіндіктен, ол өнімді сол мерзімге сай сақтау аса маңызды. Балғын өнімдерді төмендегідей уақыт ішінде сақтаған жөн: Ірімшік, ұлулар, балмұздақ, ветчина/шұжық, сүт, балғын сұйықтықтарды - 1-3 ай; Стейк немесе жаншылған еттер (сиыр еті, қой еті, шошқа еті) - 4 ай; Май немесе маргарин, құс еті (тауық еті, күркетауық еті) - 6 ай; Жемістер (цитрустардан өзге), қуырылған ет (сиыр еті, шошқа еті, қой еті) - 8-12 ай. Екі жұлдызды аймақтағы азық-түліктердің орамасындағы жарамдылық мерзімін сақтау керек.
Азық-түліктер бұзылып кетпес үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
– Есікті ұзақ уақытқа ашып қоятын болса, құрылғы бөліктеріндегі температура айтарлықтай көтерілуі мүмкін.
– Азық-түлікпен және қолжетімді жерде орналасқан су ағызу жүйелерімен жанасуы мүмкін беттерді жиі тазалап тұрыңыз.
– Су толтыратын сыйымдылықтар 48 сағат ішінде пайдаланылмаған болса, оларды тазалаңыз; егер соңғы 5 күн ішінде су пайдаланылмаған болса, су құбырына жалғанған сумен қамту жүйесін жуып жіберіңіз.
– Шикі ет пен балық өзге азық-түліктерге тиіп және тамып кетпеуі үшін, оларды қолайлы контейнерлерге салып сақтаңыз.
– Мұздатылған өнімдер сақтайтын екі жұлдызды бөліктерде алдын ала
⚠️ Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері. ⚠️ Құрылғыны орнатуды, оның ішінде қуатпен жабдықтауды (егер болса), электр сымдарын жалғауды және жөндеу жұмыстарын білікті техник маман орындауы тиіс. Егер пайдаланушы нұсқаулығында атап көрсетілмеген болса, құрылғының қандай да бір бөлігін жөндемеңіз және ауыстырмаңыз. Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз. Құрылғыны орамасынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулар орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғыны орнатқан соң орамасының қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек, әйтпесе олардың тұншығып қалу қаупі бар. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет, әйтпесе электр тоғы соғу қатері бар. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз, әйтпесе өрт шығу немесе электр тоғы соғу қатері бар. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
⚠️ Құрылғыны жылжытқан кезде, есіктерді (мысалы, паркет) зақымдап алудан сақ болыңыз. Құрылғыны салмағын ұстау үшін еденге немесе жеткілікті қолдау көрсететін орынға және өлшемі мен қолданысы үшін жарамды жерге орнатыңыз және деңгейлеңіз. Құрылғы жылу көзінің жанына орнатылмағанына және орнату барысында төрт аяғының мықты және еденге тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз, қажет болса оларды реттеп, деңгейді өлшеу құралымен құрылғының түзу тұрғанына көз жеткізіңіз. Хладагент тізбегі толығымен жұмыс істеуге қабілетті екендігіне көз жеткізу үшін құрылғыны қоспас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғыны орнатқан кезде, қуат сымының қысылып қалмағанына немесе бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Өнімнің тұрақсыздығынан орын алатын қауіпті болдырмау үшін,
құрылғыны орналастыру не бекіту жұмыстары өндіруші нұсқауларына сәйкес орындалуы керек. Тоңазытқышты газ жанарғысының металл шлангісі, газ немесе металл құбыр желісі, электр сымдар жүйесі тоңазытқыштың артқы жағымен (жылан түтікпен) қақтығысып қалатын жолмен орнатуға тыйым салынады.
Құрылғыны орнату үшін керек мөлшерді және қажет қашықтықты орнату нұсқау кітапшасында табасыз.
Құрылғыны орнату барысында оны қуат көзіне жалғамас бұрын, қуат сымын конденсатор ілмегінен суырып алуыңызды өтінеміз.
ЭЛЕКТРЛІК ЕСКЕРТУЛЕР
⚠️ Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы немесе электр сымдар жүйесі ережесіне сәйкес ол розеткадан ажыратылуы қажет.
⚠️ Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
⚠️ Егер қуат сымы зақымдалса, қатерді болдырмау мақсатында, өндіруші, оның қызмет көрсетуші персоналы немесе соған білікті маманы соған ұқсас қуат сымымен алмастыруы тиіс – электр тоғымен зақымдану қаупі бар.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғының артқы жағына тасымал розеткаларды немесе тасымал ықшам қуат блоктарын қоймаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғы өшірулі және қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Жарақат алу қаупін болдырмау үшін қорғаныш қолғаптарын (кесу қаупі) және қауіпсіз аяқ киімді (соғып алу қаупі) киіңіз; міндетті түрде екі адаммен жүктеніз (жүктемені азайтыңыз); бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз (электр тоғымен зақымдану қаупі бар). Өндіруші рұқсат етпеген кәсіби емес жөндеулер өндіруші жауап бермейтін денсаулық пен қауіпсіздік қатер әкелуі мүмкін. Кепілдік кәсіби емес жөндеу немесе қызмет көрсету нәтижесінде туындаған ақаулар мен зақымдарды қамтымайды, оның шарттары құрылғымен бірге берілген құжатта көрсетілген.
Эйнек спрейлері, таратқыш құрамдар, жанатын сұйықтықтар, тазалағыш балауыздар, қоюлатылған тазартқыштар, тағартқыштар немесе мұнай өнімдерін қамтитын тазартқыштар сияқты қырғыш немесе қатты тазартқыштарды пластикалық бөліктеріне, ішкі бөлігіне және есік төсемелеріне немесе тығыздауыштарына қолданбаңыз. Қағаз сүлгілерді, тазалағыш губкаларды немесе басқа қырғыш тазалау құралдарын қолданбаңыз.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орам материалы 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу таңбасымен белгіленген 🚫. Орамның әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдардан жасалған. Оны қоқысқа тастағанда жергілікті қоқыс тастау ережелерін сақтаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін жергілікті құзыретті билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрал Еуропалық директивасына 2012/19/EU, Электрлік және Электрондық жабдықтардың (WEEE) қалдықтары туралы және 2013 жылғы Электрлік және Электронды жабдықтың қалдықтарына арналған ережелеріне (өзгертулермен) сәйкес таңбаланған. Бұл өнімді қоқысқа дұрыс тастау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз. Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғы тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі керек және электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, орнату нұсқауларын қадағалаңыз. Өнімнің артындағы жеткіліксіз желдету қуат тұтынылуын арттырады және салқындату тиімділігін азайтады. Есіктің жиі ашылуы қуат тұтыну көлемінің артуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғының ішкі температурасына және қуат тұтыну көлеміне қоршаған орта температурасы, құрылғының орналасқан жері әсер етуі мүмкін. Температураны орнатқанда осы факторларды ескеру қажет. Есіктің ашылу жиілігін барынша азайтыңыз.
Мұздатылған тағамды жібіткен кезде тоңазытқыштың ішіне қойыңыз. Мұздатылған өнімдердің төмен температурасы тоңазытқыш ішіндегі тағамды салқындатады. Жылы тағам мен сусындарды құрылғы ішіне салмас бұрын, оларға салқындауға мүмкіндік беріңіз.
Тоңазытқыштағы сөрелердің орналасуы қуаттың тиімді қолданылуына әсер етпейді. Тағам тиісті ауа айналымын қамтамасыз ету үшін сөрелерге қойылуы керек (тағамдар бір-біріне тимеуі керек және тағам мен артқы қабырға арасында қашықтық сақталуы керек).
Мұздатылған тамақтың сақтау аумағын арттыру үшін себетті және, егер бар болса, Аяз Тоқтату сөресін суырып алып тастаңыз. Компрессор туындаған шу ол қалыпты жұмыс істеу шулары болып табылады.