BWD41740 - Шаңсорғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BWD41740 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Қапты циклонды шаңсорғыш |
| Модель | BWD41740 |
| Бренд | Bosch |
| Түсі | Көк-күміс |
| Өлшемдері (ені x биіктігі x тереңдігі) | 280 x 320 x 400 мм |
| Салмағы | 5,2 кг |
| Кабель ұзындығы | 8 м |
| Әсер ету радиусы | 10 м |
| Шаң жинағыштың сыйымдылығы | 3,5 л |
| Сору қуаты | 550 Вт |
| Максималды кіріс қуаты | 700 Вт |
| Шу деңгейі | 76 дБ(А) |
| Сүзгілеу | HEPA 13 (ауыстырылатын) |
| Қап жүйесі | Иә, SensorBag қаптары |
| Қуатты реттеу | Электрондық, тұтқада |
| Кабельді автоматты орау функциясы | Иә |
| Қаптың толу көрсеткіші | Иә, оптикалық |
| Қозғалтқыш сүзгісі | Қайта қолдануға болатын, жуылатын |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Едендік, саңылаулық, жиһаздық сорғыштар, турбощетка |
| Тасымалдау жүйесі | Дөңгелектер, тасымалдау тұтқасы |
| Қауіпсіздік шаралары | Қызып кеткенде автоматты өшіру |
Жиі қойылатын сұрақтар - BWD41740 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы BWD41740 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BWD41740 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BWD41740 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BWD41740 BOSCH
Біздің құрылғымызды таңдағаныңызбен құттықтаймыз және Bosch тауарлары тұтынушыларының арасында болғаныңызды құптаймыз. Оңтайлы нәтижелерге жету үшін тек Bosch компаниясының түпнұсқалық аксессуарларын қолдануыңызға кеңес береміз. Олар осы өнім үшін арнайы жасалған.
Қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты зейін сала танысып шығуыңызды өтінеміз. Техникалық қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударған жөн. Құрылғыны алдағы пайдалануда қолдана алу үшін, нұсқаулықты сақтап қоюыңызды өтінеміз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

ҚАУІПТІ! / ЕСКЕРТУ! Сақтамау жарақат алуға алып келуі мүмкін
- Егер қорек сымында ақау болса, оны өндіруші немесе арнайы қызмет көрсету орталығында алмастыру керек, немесе қауіпсіздік мақсатында білікті маманға хабарласу керек.
- Аспапты тазарту мен профилактикалық қызмет көрсету, монтаждау және бөлшектеу алдында жалғастырғыш баусымды әрқашанда желілік розеткадан суырып алыңыз.
- Қозғалып тұрған бөлшектерді қолмен ұстамаңыз және жабдығын алмастырар алдында құралды сөндіріңіз.
- Аталмыш құрылғыны 8 жастан асқан балалар және құрылғыны қауіпсіз пайдалану мен мүмкін қауіптер туралы нұсқаулар берілген, бақылау қамтамасыз етілген жағдайда құралмен жұмыс тәжірибесі жоқ және дене және ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар пайдалана алады. Балалар құралды ойыншық етпеуі керек. Балалар тиісті қадағалаусыз құралды тазаламауы немесе құралды күту бойынша басқа да әрекеттер жүзеге асырмауы керек.
Егер қуаттау баусымы зақымданған немесе корпустың және тұтқаның көзге көрінетін зақымданулары болса аспапты желіге қоспаңыз. Осы мәселемен сервистік жөндеу орталығына жүгініңіз. - Құрылғыны жөндеуді тек арнайы оқыған қызметкерлер ғана жүзеге асыруы тиіс. Жөндеу дұрыс болмаған жағдайда пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін. Ақауларын анықталған жағдайда мамандырылған сервис орталығына жүгініңіз. - Егер аспап желіге қосылған болса, оны су қолыңызбен ұстамаңыз. - Шаңсорғышты адамдарда немесе жануарларда пайдалануға болмайды, сорғыш саптамалардың көзге немесе құлаққа бағытталмауын айрықша қадағалау керек. - Аспапты тек орынжайларда ғана бөлме температурасында және теңіз деңгейінен 2000 м артық емес биіктікте пайдаланыңыз. - Пластик қаптар мен пленкаларды балалар қолы жетпейтін жерде сақтағыз және қоқысқа тастаңыз. Тұншығу қаупі бар!

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Осы талаптарды сақтамау мүліктің зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін
- Шаңсорғышты 16 А сақтандырғышпен қорғалған тек 230 В айнымалы ток желісіне ғана қосыңыз.
- Айырды розеткадан суырғанда сымынан ұстап тартуға болмайды. Жалғастырғыш баусымның істікшесін сулануын болдырмаңыз.
- Шаңсорғышпен және сорғыш щеткалармен желілік сымды баспаңыз, себебі бұл сым оқшауламасының зақымдануына алып келуі мүмкін.
- Шаңсорғышпен жинамаңыз: сіріңкелерді, тұқылдарды, жанып тұрған күлді. Шаңсорғышпен өткір заттардың сорылуына жол бермеңіз.
- Шаңсорғышпен ұн, цемент, гипс, принтерлер мен ксерокстарға арналған тонерлер сияқты және т.б. ұсақ бөлшектерді жинамаңыз.
- Шаңсорғышта күйдіргіш, уытты, бензин, керосин немесе басқа да оңай тұтанатын немесе жарылу қаупі бар сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.
- Егер тазартқыш сұйықтыққа арналған контейнерде тазартқыш сұйықтық ерітіндісі мен суы болған жағдайда ғана шаңсорғышты қосуға болады. Оның болмауы сорғыштың қатты жұмыс істеп тұрғанында айқындалады. Жұмыс істеген кезде шаңсорғышты аудармаңыз және су құймаңыз.
- Шаңсорғышты атмосфералық факторлардың (жауын, аяз) әсеріне ұшыратпаңыз. Сүзгіш блогында көбікке қарсы сүзгі орнатылмаса, шаңсорғышты қолданбаңыз.
- Шаңсорғышты жұмыс істеп тұрған күйінде және жұмыс режимінде қалдырмаңыз.
- Шаңсорғыш табиғи қалпында, яғни еденде төрт аяқшасымен тұрғанда ғана жұмыс істей алады.

КЕҢЕС Өнім туралы және пайдалануға қатысты нұсқаулар
● Құрылғы тек үй шаруашылығында және ұқсас ортада пайдалануға ғана тағайындалған.
- Қозғалғыш доңғалақтарды үнемі тазарту керек. Дөңгелектердің өстерінде жиналған балшық олардың айналуына қиындық жасауы мүмкін. Су толқынын болдырмау үшін шаңсорғышты табалдырықтан және еденнің басқа да тегіссіздіктері арқылы өткізген кезде абайлаңыз. Бұл шағын су мөлшерінің сыртқа төгілуінің себебі болуы мүмкін.
Электростатикалылық
Шаңсорғышпен кейбір жазықтықтарды төмен ауа ылғалдылығында жинау құрылғының аз электрленуін туғызуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, ол құрылғыны зақымдамайды және оның ақаулығы болып табылмайды. Осындай жағдайларды азайтуға арналған ұсыныстар:
- түтікпен бөлмедегі темір заттарды тигізіп шығу арқылы құрылғыны тоғынан айыру, бөлменің ылғалдығын арттыру,
- ① қол жетімді антиэлектростатикалық құралдарды қолдану.
Шаңсорғыштың ерекшесі
Шаңсорғыш 2,5 литрден артық сұйықтықты кетіруге арналған, сондай-ақ құрғақ кірді, яғни шаңды, талшықтарды, жіптерді сіңіріп алу атқарымына ие. Шаңсорғыш бүрку және экстракция, яғни тазартылатын жабынға су мен жуғыш затты жағу арқылы ылғалмен жинап-тазарту, содан кейін жабдықтың ішкі жағынан вакуумның көмегімен жасалатын ауа ағыны арқылы кірмен бірге кетіру атқарымына да ие.
Техникалық деректер
Шаңсорғыштың түрі мен оның техникалық деректері аспаптың суреттеуінде жазылған. Тораптың сақтандырғышы 16 А.
Теледидар мен радионың жұмысын бұзбайды.
Дыбыс деңгейі (LWA): 85 дБ(А).
ШАҢСОРҒЫШ ТҮРЛЕРІ
| VIB | Kap/melsher | Шығу сізгі | Ауа тартатын Шланг | Телескоптык трубкалар | Саптама шетчасы | Кішкене саптамасы | Санылау саптамасы | Кішкене щетка | Еден үшін щеткасы | Турбо шетке | Шашыратын үлкен саптамасы | Шашыратын кішкене саптамасы | Матрастарға арналған саптама | Су тазалау үшін саптамасы | Экологиялық күш реттеуі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| BWD421PRO | 1 дана | HEPA | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | - | + | + |
| BWD421PET 1 | дана | HEPA | + | + | + | + | + | + | - | + | + | + | + | + | + |
| BWD421POW | 1 дана | HEPA | + | + | + | + | + | + | - | + | + | + | - | - | + |
| BWD420HYG | 1 дана | HEPA | + | + | + | + | + | + | + | - | + | + | + | + | + |
| BWD41700 | 1 дана | EPA | + | + | + | + | + | + | - | - | + | + | - | - | - |
| BWD41720 | 1 дана | EPA | + | + | + | + | + | + | + | - | + | + | - | + | - |
| BWD41740 | 1 дана | EPA | + | + | + | + | + | + | - | + | + | + | - | - | - |
Бөлшектер мен керек-жарақтар

1 Тұтқасы 2 Контейнер қақпағын ашу түймесі 3 Еден/кілем әмбебап қылшағын бекітуге арналған тұтқыш 4 Электр айырғыны 5 Жабдықтар үшін жасырын орын 6 Зияпат жұмыстың индикаторы 7 Зияпаттың ВКЛ/ВЫКЛ түймесі 8 ВКЛ/ВЫКЛ түймесі 9 Күштің өзгерту түймесі +/- (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO) 10 Күштің деңгей индикаторы (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO) 11 Электр шнурдың тасу/орау үшін түймесі 12 Ауа тартатын тесігін тықтыру индикаторы (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO) 13 Еден жабындары үшін щетка (BWD41720, BWD420HYG, BWD421PRO) 14 Кішкентай заттар үшін айырғышпен саптама щеткасы 15 Турбо щетка (BWD41740, BWD421PET, BWD421PRO) 16 Матрастарға арналған саптама (BWD420HYG, BWD421PET) 17 Кішкентай щетка 18 Кішкентай саптама 19 Тесік саптама 20 Телескоптық ұзарту түтігін иілгіш 21 Ауа тартатын шланг 22 Шаңжинағышы орнатылған қоржын 23 Су сүзу модулы:
Ⓐ Сүзу коллективі
В Айырғыш
24 Камера 25 Тазалау сұйықтық бөлмесі 26 Шашыратқыш коллективі 27 Шашыратқыш үлкен саптамасы 28 Шашыратқыш кішкене саптамасы 29 Су жинау үшін саптамасы (BWD41720, BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO) 30 Шашыратқыш саптамасына қосылатын резенке саптамасы 31 Кір жуғыш құрамы 32 Көбік сүзгі I (шаңсорғышқа орнатылған) 33 Көбік сүзгі II (шаңсорғышқа орнатылған) 34 Мотордың сүзгісі (шаңсорғышқа орнатылған) 35 Шығу сүзгісі ЕРА/НЕРА (шаңсорғышқа орнатылған)
Шаңсорғышты қолдануға дайындауы

① Иілгіш шлангті шаңсорғыш корпусының жоғарғы қақпағында орналасқан ауақоршау тесігіне салыңыз. Иілгіш шлангтің соңында мен шаңсорғыш корпусында
орналасқан ▲ белгілері қарсыларында орналасуы тиіс. Сонан кейін бұрап сағаттық тіліне қарай орнатылыңыз 📄.
② Шлангтың соңын (тұтқасын) телескоптық ұзарту түтігіне қосыңыз. ③ Телескоптық түтіктің шығыршығынан ұстап, түтікті кіргізу немесе шығару арқылы өзіңізге лайықты ұзындықты орнатыңыз. ④ Керекті щетканы таңдап алыңыз және оны телескоптық ұзарту түтігіне қосыңыз. ⑤ Шаң жинағыш қаппен дәстүрлі тазалау үшін немесе су сүзгісін қолданумен тазарту үшін келесі саптамалар мен қылшақтар пайдаланылады: ұсақ заттар айырғышы бар ауыстырмалы сорғыш қылшақ, шағын қылшақ, саңылауларға арналған саптама, матрастарға арналған саптама, паркет қылшағы немесе турбоқылшақ. ⑥ Кішкентай заттар үшін айырғышы бар саптама щеткасында кішкентай элементтерді жинау үшін себетті орналастыруға болады. Ол үшін себеттің жапсырмасын алып шығарып, себетті қойыңыз. ⑦ Еден жабындары үшін саптама-щеткасы – ағаш, керамика, пластмассадан жасалған еден жабындары, сурет бойынша саптамада орналасқан түймесін басып, щетканы ұзартыңыз. ⑧ Шаңсорғышта жабдықтар үшін жасырын жер орналасқан. Жасырын жер жәй арқылы ашылады/жабылады. Жасырын жерді ашу/жабу үшін жәйді жоғары/төмен түсіріп, керекті саптаманы алыңыз/қойыңыз. ⑨ Шаңсорғышты көлденең күйінде сақтауға болады; ол үшін әмбебап шығыршық-қондырманың ұстағышын арнайы әмбебап шығыршық-қондырмаға арналған ұяшыққа салыңыз. Шланг шаңсорғышқа бекітілуі мүмкін, алайда ол сақтау кезінде қатты иіліп қалмауын қадағалау керек. ⑩ Қақпағын жабыңыз. ⑪ Электр айырғыны (4) алып, шаңсорғыштан шығарыңыз.
Электр сымының айырғыны розеткаға тығыңыз.

Шаңсорғышты ВКЛ/ВЫКЛ (8) түймесімен қосу алдында контейнерде керекті модуль орналасқанына назар аударыңыз (С, Е немесе F нүктесіне қараңыз).
⑫ Шаңсорғышты қосу үшін ВКЛ/ВЫКЛ түймесін басыңыз (8).
Шаңсорғышты дымқыл қолдануға дайындау үшін:
⑬ Шашыратқыш коллекторды орнатыңыз - ауа тартатын шлангті тұтқасына жапсырманы. - Шлангтің тұтқаларын ауа тартатын шлангке және телескоптық ұзарту түтігіне қосыңыз. ⑭ Телескоптық ұзарту түтігін ілгіш шлангтің сабына қосыңыз. Шашыратқыштың кішкене немесе үлкен саптамасын таңдап алыңыз және оны телескоптық ұзарту түтігіне қосыңыз. ⑮ Дымқыл тазалау немесе су жинау үшін қолданылатын саптамалар: шашыратқыштың кішкене немесе үлкен саптамасы немесе су жинауға арналған саптама.
⑯ Түтіктің қақпағындағы кранды төмен түсіріңіз.
- Шлангты шаңсорғыштың корпусында орналасқан тұтқасына қойыңыз.
- Түтіктің қақпағы дұрыс жабылғанына назар аударыңыз.

Жоғарыдағы элементтерді қосу кезінде пломбаларды су немесе техникалық вазелинмен дымқылдаңыз.
Шаңсорғыштың функциялары
① Шаңсорғыш бөлмесінің ашу түймесін басып (2), бөлменің қақпағын жоғарыға тартыңыз. ② Камераға (22) шаңжинағышы орнатылған қоржынды қойыңыз. Қоржынның дұрыс орнатылғанына, яғни камераның саңылауларына қондырылып, қорғайтын бітеудің жылжығанына көз жеткізіңіз. Камерада шаңжинағышты жайып тастаңыз.

Шаңжинағышы орнатылған қоржынды дымқыл камераға қоюға тыйым салынады. Камераның іші дымқыл болса, оны кептіру керек. Шаң жинағышы дымқылданбауы керек.
③ Бөлмені сүзу коллекторымен жабыңыз.

Шаңжинағышы бар қоржын дұрыс орнатылмаған болса, қорғайтын бітеу камераны сүзгіш элементпен жабуға мүмкіндік бермейді.
- Шаңсорғышты В нүктесімен байланысты қолдануға дайындаңыз. ④ Шаңсорғыш соңғы өшірілген уақыттағы сору қуаты деңгейінде қосылады. Қуат реттеуішінің көмегімен +/- (9) керекті қуат деңгейін орнатыңыз (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO).

Шаңсорғыш берілген сору қуаты деңгейін есте сақтау атқарымымен жабдықталған (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO). Шаңсорғышты «қосу/өшіру» (8) түймесін басу арқылы өшіру барысында ағымдағы берілген сору қуаты деңгейін есте сақтау жүзеге асады. Келесі қосуда шаңсорғыш соңғы өшірудегі жұмыс істеген қуатын қайта қосылады.

Шаңсорғыш басқару панелі сору қуатының жарық көрсеткіші жарықтығын орнату (10) және ауа өткізуші саңылауының бітелу көрсеткіші (12) атқарымдарымен жабдықталған (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO). Сору қуатының жарық көрсеткіштері жарықтығын орнату үшін уақытта қуат түзету түймелерін басып + және - (9), түймелердің басылған күйінде,
шаңсорғышты «қосу/өшіру» түймелері көмегімен қосу керек (8). Сору қуатының MIN, 2, MAX деңгейлік көрсеткіштері жанады, ал шаңсорғыш қозғалтқышы қосулы қалады. Содан кейін қуат түзетудің көмегімен +/- (9) жарық көрсеткішінің (10) және индикатордың (12) жарығын азайтып немесе көбейту керек. Насос жұмысының жарық көрсеткішінің жарықтығын өзгертуге болмайды (6). Талап етілген жарық көрсеткіштердің жарықтығын орнатқаннан кейін «қосу/өшіру» (8) түймелері арқылы шаңсорғышты токтан ажырату керек. Осылайша жарық көрсеткіші жарықтығын орнату режимінен шығады, ал берілген деңгей қалады.

Шаңсорғышта күштің шек қою функциясы орналасқан, қап толық немесе ауа тартатын тесігін бітеген кезде. Сол жағдайларда шаңсорғыштың мотор қуаты нашарлап, жұмыс істеу кезде күштің шек қою мен ауа тартатын тесігін бітеу жарығы жанады (12) (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO). Сол жағдайда ВКЛ/ВЫКЛ түймені (8) басып электр айырғыны розеткадан алыңыз, құбырды тазалаңыз немесе қапты ауыстырыңыз.
Қаптың демонтажы/құрастыру

① Камерадан сүзгіш элементті алып, (22) шаңжинағышы орнатылған қоржынды алып тастаңыз. ② Шаңжинағышының пластинкасын жоғарыға сәл көтеріп, бағыттаушылардан алып тастаңыз. ③ Жаңа шаң жинағышының пластинкасын бағыттаушыға шаңжинағышта көрсетілген нұсқарға қарап салыңыз, және оны қатты тартыңыз, пластинка бағыттаушыларда бітеліп қалуы керек. ④ (22) шаңжинағышы орнатылған қоржынды камераға салыңыз және камераның үстін т. көрсетілгендей сүзгіш элементпен жауып қойыңыз. С2 және С3.

Егер шаңжинағышы қоржында орнатылмаса, қорғайтын бітеу камераны сүзгіш элементпен жабуға мүмкіндік бермейді.

Қосымша сатып алуға болатын қаптар жиынтығының нөмірі себеттегі жапсырмада көрсетілген.
Шаңсорғышты ылғалды жинау режимінде қолданар алдында көбік сөндіргішті қолданыңыз. Осы құралды қолданбау КЕПІЛДІКТЕН АЙЫРЫЛУҒА әкеледі. Ылғалды жинау режимінде жұмысты аяқтағаннан кейін шаңсорғышты кептіру үшін оны максималды қуатпен қосылған күйінде 30 с қалдырыңыз.
① Шаңсорғыш бөлмесінің ашу түймесін басып (2), бөлменің қақпағын жоғарыға тартыңыз. ② Камераға қалқаны қойыңыз. Қалқаның дұрыс орнатылғанына, яғни камераның саңылауларына қондырылып, қорғайтын бітеудің жылжығанына көз жеткізіңіз. ③ Бөлмені 1,3–1,5 л сумен толтырыңыз. Су деңгейі контейнердің қабырғасындағы белгіге сәйкес болуы тиіс.

Су сүзгі модулін қолданған кезде сусыз қоспаңыз.
аспабы
④ Бөлмені сүзу коллекторымен жабыңыз.

Егер қалқа дұрыс орнатылмаса, қорғайтын бітеу камераны сүзгіш элементпен жабуға мүмкіндік бермейді.
- Шаңсорғышты В нүктесімен байланыстырып, қолдануға дайындаңыз.
- Шаңсорғыш соңғы өшу уақытындағы сору қуаты деңгейінде қосылады. Қуат реттеуішінің көмегімен +/- (9) керекті қуат деңгейін орнатыңыз (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO).

Бөлмесіндегі суды ауыстырмай, шаңсорғышты ұзақ уақыт қолданбаңыз.
Шаңсорғышты ылғалды жинау режимін қолданар алдында көбік сөндіргішті қолданыңыз. Осы құралды қолданбау КЕПІЛДІКТЕН АЙЫРЫЛУҒА әкеледі. Ылғалды жинау режимінде жұмысты аяқтағаннан кейін шаңсорғышты кептіру үшін оны максималды қуатпен қосылған күйінде 30 с қалдырыңыз.
Ылғалды жинау алдында жиналатын жерлерді тазалаңыз. Шаңсорғышты қолдану алдында контейнері бос және су сүзгі модулі, басқа сүзгілермен таза болуы тиіс.
① Шаңсорғыштың контейнерінің ашу түймесін басып (2), бөлменің қақпағын жоғарыға тартыңыз. ② Су сүзгі модулін контейнерден шығарыңыз (сүзгі коллекторы мен бөлімі). ③ Тазалау сұйықтық контейнерінің тұтқасынан (25) алып, жоғарыға тартыңыз. ④ Төкпелі мойынның тығынын шығарыңыз және жуғыш құралға арналған су қоймасын (25) жапсырмада көрсетілген мөлшерде жуғыш затпен толтырыңыз (G 500 O Tens (31) жуғыш зат қоспасы және суық су):
- «G 500 O Tens» BUZIL, Германия.
- тазалау сұйықтық контейнерінің тесігін бітеуішпен жабыңыз.

Кілемді ылғалды тазалаудан бұрын кілем бояуының төзімділігін тексеріңіз. Дайындалған қоспаның кішкене бөлігін ақ матаға жағыңыз және кілемнің ең көрінбейтін жерін тазартыңыз. Егер мата бояуы өңсе, бұл кілемнің бояуы төзімді емес және ол кілемді G 500 O Tens жуғыш затының көмегімен тазалауға болмайтынын білдіреді.
⑤ Тазалау сұйықтық контейнерін (25) бұрынғы орнына қойыңыз. ⑥ Бөлімді су сүзгі модулімен бірге шаңсорғышқа қойыңыз.
Көбік пайда болуын болдырмау үшін немесе көбікті жою үшін Bosch ұсынған көбік бейтараптандырғышты қолданыңыз. Суретте көрсетілгендей:
– «G 478 Buz® Defoam» неміс BUZIL фирмасының өнімі. - Шаңсорғышты В нүктесіне қосып, қолдануға дайындаңыз.

Ылғалды тазалау үшін тек үлкен немесе кіші шашыратқыш саптамаларды қолданыңыз.
- Шаңсорғыш соңғы өшу уақытындағы сору қуаты деңгейінде қосылады. Қуат реттегішінің көмегімен +/- (9) қажетті қуат деңгейін орнатыңыз (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO).
⑦ Сүзгінің қосу/өшіру түймесін басыңыз (7).

Шашыратқышты тек бөлмеде тазалайтын сұйықтықты бүрку кезінде қосыңыз. Сұйықтықсыз сүзгі дауысты жұмыс істейді.
Егер сүзгіні қосқан кезде шашыратқыш саптамасы су шашпаса, тазалау сұйықтығы контейнерінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (оны қатты басыңыз). Түтіктің қақпағындағы кранды, шлангтің щетка саптамасындағы тұзағын және шашыратқыш саптамасының бос екенін тексеріңіз. ⑧ Саптамаға су ағынын реттейтін шланг тұтқасындағы түймені басыңыз.
Түймені пульстік басыңыз, бұл саптамаға су ағынын тоқтатады. Ал түймені басып, артқа жылжыту саптамаға тұрақты су ағынын береді.
Тұтқасында ауа реттеуге арналған тесік бар. Су жинау кезінде тесікті ашпаңыз.

Тазалау сұйықтығын ұзақ уақыт кілемнің бір жеріне шашыратпаңыз. Ол сіңіп кетуі мүмкін.
Кілемді тазалау барысында және тазалаудан кейін тазаланған кілемнің үстімен жүрмейтіндей етіп тазалау жұмысын жүргізіңіз. Кілемнің бір бөлігін тазалап болғаннан кейін, жуу құралын шашуды тоқтатыңыз
және сол жерді соратын қондырманың көмегімен құрғатыңыз. Осы әрекетті кілемнің беті түгелдей құрғағанға дейін жалғастырыңыз. Қондырманы кілемнің бетінде ілгері-кейін қозғаңыз.
- Шашырату аяқталғаннан соң шашыратқышты сөндіріңіз және саптамаға келетін суды реттейтін түймені басыңыз – «қалдықты кетіру» үшін.

Шаңсорғыш сепаратор көбікшесі II (33) қатты ластанғанда немесе сұйықтық деңгейі ең жоғарғы белгіден асқан жағдайда соруды автоматты түрде тоқтататын сақтандырғыш қалтқымен жабдықталған.
Бұл қозғалтқыш қуатының қысқа мерзімді төмендеуімен және ауа сору саңылауының бітелу көрсеткішінің (12) (BWD420HYG, BWD421PET, BWD421PRO) жануымен белгілі болады. Мұндай жағдайда шаңсорғышты қосу/өшіру түймесі (8) арқылы сөндіріп, айырды желілік розеткадан ажырату және сүзгіні тазартып, контейнерді босату қажет.

Килемді қатты сіңіруге болмайды. Бұл жағдай оның деформациялануына себеп болады.
Шаңсорғышты су жинау үшін қолдану үшін, су сүзгі модулін қолданумен тазалау сияқты дайындау керек. Мына жағдайларды қоспағанда:
- Бөлме (бос) сусыз болуы тиіс.
- Шашыратқыш саптамалар (кішкене, үлкен) үлкен шашыратқыш саптаманы немесе су жинау саптамасын қолданыңыз.

Контейнер толы болғанда шаңсорғышты қолданбаңыз. Бір уақытта сұйықтықтың үлкен мөлшерін жинамаңыз.
Жинаған кезде сұйықтық максималды деңгейден асып кеткенде, шаңсорғышта орналасқан қалтқы емісті тоқтатады. Контейнердің максималды ауқымы 5 л. Сол жағдайда жоғарыда жазылған жағдайлардағыдай жасаңыз (мотордың пульсті қызметі).
- Шаңсорғышты қосу үшін ВКЛ/ВЫКЛ түймесін басыңыз (8). Электр айырғыны розеткадан алыңыз. Электр сымын орау үшін арнайы тасу тұтқасын (11) горизонтальді түсіріңіз және оны басыңыз, оралып тұрған шнурды қолыңызбен жайлап ұстап тұрыңыз, ол бұзылмау үшін.
- Шлангтің соңғы бөлігін айналдырыңыз – шланг пен шаңсорғыштың корпусындағы белгілер қарсыларында орналасуы тиіс.
- Қақпақта орналасқан қызыл түймені басып, кішкентай шлангтің кранын алып шығарыңыз және өзіңізге тартыңыз.
- Телескоптық ұзарту түтігін иілгіш шлангтің сабынан, саптамадан және щеткадан бөліңіз. Бөлмедегі ласты суды шығарыңыз.
- Шаңсорғышты пайдаланған соң шаңсорғыш бөлмесін, сүзгілерін (төмендегі демонтажы) және бөліктерін жақсылап тазалаңыз – бірнеше рет су ауыстырып. Түпкілікті тазаланған соң шаңсорғыштың барлық қолданылатын жабдықтарын жуыңыз (шланг, құбыр, саптамалар).

Шаңсорғыштың жабдықтарын нашар тазалау көбіктің және енгізбелердің сүзу функцияларының жоғалуы мен бактериялардың көбеюінің себебі болады. Жабдықтарды қайта құрастыру алдында жуылған саптамаларды кептіріңіз.
СҮЗГІЛЕРДІ ДЕМОНТАЖДАУ
КӨБІК СҮЗГІ I

Сол сүзгіні алу үшін коллектордың қақпағын тұтқасынан жоғары тартып ашыңыз. ② Сүзгіні шығарып, суда шайыңыз. Сүзгіні кептіріп, орнына қойыңыз. Сүзгі коллекторының қақпағын жабыңыз. Дұрыс салынғанда дыбыс шығады.
КӨБІК СҮЗГІ II

Сүзгіні демонтаждау алдында қолғап қолдану ұсынылады.
① Көбік сүзгіні саусақтарыңызбен алып, сүзгі коллекторының корпусынан шығарыңыз. ② Сүзгіні шығарып, суда шайыңыз. Сүзгіні кептіріп, орнына қойыңыз.

Сүзу көбігін қолмен немесе кір жуғыш машинада жууға болмайды. Тазалағаннан кейін бөлме температурасында кептіріңіз. Көбікті радиаторда кептіруге тыйым салынады.
EPA/HEPA ЖӘНЕ МОТОР СҮЗГІСІ

EPA/HEPA (ауа) кіру сүзгісі 30 сағат жұмыс істеген соң немесе 6 ай ішінде ауыстырылуы тиіс. Ал қатты ластанған кезде одан да ертерек.
① Сүзгі қақпағының найзағайын төмен түсіріп, сүзгінің қақпағын ашыңыз. ② EPA/HEPA сүзгісі ластанған кезде алып шығып, жаңа сүзгімен ауыстырыңыз. ③ Мотор сүзгісі ластанған кезде алып шығып, жаңа сүзгімен ауыстырыңыз. ④ EPA/HEPA сүзгісі мен салқындату сүзгісін суда шайуға болады. Келесі қолдану алдында сүзгілерді кептіріңіз.
Сүзгінің қақпағын жабыңыз да, найзағайды жоғары тартыңыз.
ТУРБОҚЫЛШАҚ
Турбоқылшақтың сипаттамасы
Турбоқылшақ – турбинаның көмегімен қозғалатын, айналмалы қылшақты сорғыш саптама. Кілемдер мен ковролинді тек шаңсорғышпен бірге тазалауға арналған. Пластмассадан жасалған тұрқы эстетикалық кескінді қамтамасыз етеді. Айналмалы қылшағының арқасында турбоқылшақ тазалауға қиын ластануды, мысалы, жіптер, мата қалдықтары, қағаз және т.б. кетіре алады. Әсіресе, кілемдер мен ковролиннен жүнді тазалау өте қиын болғандықтан, үй жануарлары (мысық, ит) мекендейтін пәтерлерге аса қажет. Қылшақтың білікшесі қайыс жетек арқылы иілген жерінде орналасқан турбинамен қозғалысқа келтіріледі. Реттеуіштің сәйкесінше орнатылуы кілем түгінің биіктігіне қарай турбоқылшақтың тиісті жұмысын қамтамасыз етеді, оның кілем бетіндегі қозғалысын жеңілдетеді.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Турбоқылшақты пайдалану барысында келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

ҚАУІПТІ! / ЕСКЕРТУ! Сақтамау жарақат алуға алып келуі мүмкін
- Айналып тұрған қылшақты ұстамаңыз.
- Турбоқылшақты электр құралдарының жалғастыратын сымдары арқылы қозғалтпаңыз. Бұл сымдардың айыру қаптары зақымдануы мүмкін. Жұмыс істеп тұрған турбоқылшаққа балаларды жақындатпаңыз.
- Айналып тұрған қылшақты ұстау жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
- Аталмыш құрылғыны 8 жастан асқан балалар және құрылғыны қауіпсіз пайдалану мен мүмкін қауіптер туралы нұсқаулар берілген, бақылау қамтамасыз етілген жағдайда құралмен жұмыс тәжірибесі жоқ және дене және ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар пайдалана алады. Балалар құралды ойыншық етпеуі
керек. Балалар тиісті қадағалаусыз құралды тазаламауы немесе құралды күту бойынша басқа да әрекеттер жүзеге асырмауы керек. Ешбір жағдайда турбоқылшақты мыналарды тазалау үшін қолданбаңыз:
- Еденді жылтырату.
- Мыналарды сору үшін: • сулы және ылғалды шаң-тозаң, • ЫСТЫҚ КҮЛ,
- темекі мен сіріңке қалдықтары, ұстараның жүзі, шаш түйреуіш, кнопкалар, шыны сынықтары және т.б. сияқты үшкір және қатты заттар,
- ұн, цемент, гипс, принтер және ксерокстардың тонерлерін және т.б.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы талаптарды сақтамау мүліктің зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін
- Турбоқылшақтың жұмыс істеу барысында айналмалы қылшақтың білікшесі немесе оның сорғыш арнасы мата қалдықтарының, қағаздың және т.б. әсерінен оқшаулануы мүмкін.

КЕҢЕС Өнім туралы және пайдалануға қатысты нұсқаулар
- Турбоқылшақ қателесіп қатты еденде қолданғанда бүлінбес үшін дөңгелекшелермен жарақталған.
Құрылғының құрылысы
1 Реттеуіш 2 Қосқыш 3 Нығайтыш ілмек 4 Дөңгелекшелер 5 Айналмалы қылшақ 6 Турбина қорғанысы

Турбоқылшақты шаңсорғышқа орнату
Шаңсорғышты пайдалану нұсқаулығында көрсетілген сипаттамаға сәйкес турбоқылшақты шаңсорғышқа орнатыңыз.
Турбоқылшақты пайдалану

Шаңсорғышты қолданбас бұрын айналмалы бөлшектің оқшаулануын алдын алу үшін еденді барлық ластан тазарту керек.
- Шаңсорғышты қосыңыз.
- Шаңы сорылуға тиісті кілем түгінің биіктігіне қарай турбоқылшақтың корпусында орналасқан реттеуішті орнатыңыз.
- Қысқа түкті кілем – реттеуішті белгісіне қарай жылжытыңыз.
- Ұзын түкті кілем – реттеуішті белгісіне қарай жылжытыңыз.

Турбоқылшақты пайдалану арқылы, әсіресе ұзын түкті кілемдер мен аң терілерін тазалаудың қауіпсіздігін ой отырып, сіздерден турбоқылшақты қолданбас бұрын шаңы сорылатын заттың аздаған жерінде турбоқылшақтың сору күшін сынауды сұраймыз.
● Қылшақты алға және артқа қарай ақырындап қозғалтыңыз.

Турбоқылшақты ұзақ уақытта бір ұстап тұрмай, үнемі қозғалтып тұрыңыз, себебі кілем зақымдануы мүмкін.

Кілемнің шашақтарын тазалау барысында турбоқылшақты тек тілмен көрсетілген бағытта қозғалтыңыз (к суреті). Бұл айналып тұрған қылшаққа шашақтардың оралуынан сақтайды.

Шаң-тозанды жинаушы қап пен сүзгілердің ластануы қылшақ білікшесінің айналым санына әсер етеді. Білікше кілемде айналмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда қап пен сүзгілерді жаңасына ауыстыру керек.
Турбоқылшақты күту және тазалау

Турбоқылшақты тазаламас бұрын қылшақты шаңсорғыштан ажырату керек.
Айналмалы қылшақты тазалау


Пайдалану барысында айналмалы қылшақта жіптердің, баулардың, шаштың, мата қалдықтарының және т.б. бөлшектері жиналуы мүмкін.
Мұндай ластануды кетіру үшін:
① Қайшының ұштарын айналмалы қылшақтың тесігіне салыңыз. ② Қайшыны қылшақта оралып қалған шашты немесе жіпті іліп алатындай қозғалтыңыз. ③ Оларды қиып, қолыңызбен немесе тістеуікпен шығарып алыңыз. Тазалау барысында айналмалы қылшақтың қылдарына зақым келтірмейтіндей сақ болыңыз.
алу

Сіріңке, қағаз немесе мата қиындылары сияқты қоқыс турбоқылшақ сорғыш арнасының бітелуіне әкеліп, бұл сору күшін азайтып, қылшақ білікшесінің айналымын төмендетеді (толықтай тоқтап қалуы да мүмкін).
Турбоқылшақтың сорғыш арнасын тазалау

Турбоқылшақтың сорғыш арнасындағы ластануды тазарту үшін келесі амалдарды орындаңыз:
① Турбоқылшақты дөңгелекшелері жоғары қарайтындай аударыңыз. ② Турбинаның қорғанысындағы ысырманы басып, турбоқылшақтан қорғанысты алып тастаңыз. ③ Сорғыш арнадағы, турбина қалақтарындағы және турбина камерасындағы ластануды тазартыңыз. ④ Турбинаның қорғанысын оның екі шығыңқы жерін турбоқылшақтың корпусындағы тесіктеріне дәл келтіріп, ысырманы бекітіп жабыңыз. Сырт еткен дыбыс шықса, турбинаның қорғанысы дұрыс орнатылған болып саналады.
Турбоқылшақты тазалау әдісі

Турбоқылшақты тазалау үшін ешқашан бензинді, еріткіштерді, майды және корпустың түсін өзгертпейтін басқа да химиялық заттарды пайдалануға болмайды.

Корпусты сырып кететін абразивті тазартқыш заттарды қолданбаңыз.
- Қажет болған жағдайда турбоқылшақты ылғал шүберекпен сүртіңіз (оны ыдыс жуатын сұйықтықпен сулауға болады).

Турбоқылшақты ыстық пештерден, бумен жылыту батареяларынан, жылытқыштардан және т.б. заттардан алшақ ұстаңыз. Жоғары температура турбоқылшақ корпусының берік деформациялануына әкелуі мүмкін.
Өндіруші құралды тағайындалғанына сәйкес немесе онымен дұрыс қолданбауының нәтижесінде мүмкін болған зиянға жауап бермейді.
Өндіруші кез келген уақытта заңға сүйенген нормалардың, нормативтік актілердің, директивтердің немесе конструкцияның өзгертулерін енгізу үшін, және де конструкциялық, эстетикалық және басқа да себептермен алдын ала хабарламастан құралды модификациялау құқығын сақтайды.
Бұл құрылғы Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (waste electrical and electronic equipment WEEE) қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына сәйкес келетін таңбасымен белгіленген. Бұл директива қолданған бұйымдарды Еуропа Одағы бойынша қабылдау және қайта өңдеу үшін шеңберлерін белгілейді.
Осы құрылғы үшін сатып алған мемлекетте фирмамыздың өкілеті арқылы шығарылған кепілдік шарттары жарамды болады. Бұл туралы мәліметтерді Сізге құрылғыны сатқан сатушы сұрағаныңызда береді. Кепілдеме қызметтерінен пайдалану үшін әр жағдайда сатып алу туралы чек-қағазының көрсетілуі талап етіледі.