UE32N4010AU - телевизор SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз UE32N4010AU SAMSUNG PDF форматында.

SAMSUNG UE32N4010AU - телевизор
📄 168 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice SAMSUNG UE32N4010AU - page 67
Нұсқаулықты қарау : English EN Қазақша KK Монгол MN Русский RU
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріLED теледидар
Экран өлшемі32 дюйм (81 см)
АжыратымдылықHD Ready (1366 x 768)
Жаңарту жиілігі60 Гц
Дыбыс шығысы10 Вт (2 x 5 Вт)
Қуат көзіАйнымалы ток 100-240 В, 50/60 Гц
Қуат тұтыну (әдеттегі)30 Вт
Күту режиміндегі қуат< 0,5 Вт
Өлшемдер (тұғырмен)737,4 x 465,4 x 150,3 мм
Өлшемдер (тұғырсыз)737,4 x 438,5 x 74,5 мм
Салмақ (тұғырмен)4,2 кг
Салмақ (тұғырсыз)4,0 кг
VESA орнату200 x 200 мм
HDMI порттары1 (v1.4)
USB порттары1 (v2.0)
Композиттік кіріс1 (компонентпен бірге)
Ethernet портыЖоқ
Wi-FiЖоқ (тек адаптер арқылы сымды)
Қашықтан басқару пультінің моделіTM1240A
Жөндеу индексі (Франция)8,0 / 10

Жиі қойылатын сұрақтар - UE32N4010AU SAMSUNG

Теледидарды алғаш рет қалай қосуға болады?
Қуат сымын қосыңыз, пульттегі немесе теледидардағы Қуат түймесін басыңыз. Экрандағы орнату шеберіне сәйкес тілді, елді таңдап, арналарды іздеңіз.
Неге дыбыс бар, бірақ сурет жоқ?
Кіріс көзінің дұрыс екенін тексеріңіз. Пульттегі Көзі түймесін басып, HDMI, USB және TV арасында ауысыңыз. Сондай-ақ қосылған құрылғының қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Экранды қалай тазалауға болады?
Теледидарды өшіріп, ажыратыңыз. Құрғақ микрофибра шүберекпен экранды ақырын сүртіңіз. Сұйықтықтарды, еріткіштерді немесе қағаз сүлгілерді қолданбаңыз.
Бұл теледидарды қабырғаға орнатуға бола ма?
Иә, теледидар VESA 200x200 мм орнатуды қолдайды. Үйлесімді қабырғаға орнату жинағын пайдаланып, нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Бұл теледидарда кірістірілген Wi-Fi бар ма?
Жоқ, UE32N4010AU кірістірілген Wi-Fi жоқ. Интернетке қосылу үшін USB-to-Ethernet адаптері (жинаққа кірмейді) арқылы сымды Ethernet қосылымын пайдалануға болады.
Теледидарды зауыттық параметрлерге қалай қалпына келтіруге болады?
Мәзір > Жүйе > Қалпына келтіру бөліміне өтіңіз. PIN кодыңызды енгізіңіз (әдепкі 0000). Қалпына келтіруді растаңыз. Теледидар қайта іске қосылып, барлық параметрлерді тазартады.
Қашықтан басқару пульті неге жұмыс істемейді?
Батареяларды тексеріңіз (AAA, екі дана). Қажет болса, ауыстырыңыз. Пульт пен теледидар сенсоры арасында кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер әлі жұмыс істемесе, қайта жұптастыруды (егер Bluetooth болса) немесе теледидар түймелерін пайдаланып көріңіз.
Теледидардың микробағдарламасын қалай жаңартуға болады?
Бұл теледидарда желі болмағандықтан, USB арқылы жаңартуға болады. Samsung қолдау сайтынан микробағдарламаны жүктеп алыңыз, USB дискіне көшіріңіз, теледидарға салыңыз және Мәзір > Қолдау > Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту бөліміне өтіңіз.
Энергия тиімділігінің класы қандай?
Бұл үлгі ЕО энергия белгісі бойынша А энергия класына ие. Әдеттегі қуат тұтынуы 30 Вт.
Теледидар субтитрлерді қолдайды ма?
Иә, ол телемәтіндік субтитрлерді (аналогты) және DVB субтитрлерін (цифрлы) қолдайды. Оларды пульттегі TTX/МӘЗІР түймелері арқылы қосуға болады.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы UE32N4010AU SAMSUNG

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз телевизор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз UE32N4010AU - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. UE32N4010AU брендінің SAMSUNG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ UE32N4010AU SAMSUNG

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

4 & 5-серия

UE32N4000AU

UE32N4010AU

Осы Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын

Осы теледидармен бірге осы пайдаланушы нұсқаулығы және кіріктірілген электрондық нұсқаулық келеді.

Осы пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын төмендегіні қарап шығыңыз:

SAMSUNG UE32N4010AU - Осы Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын - 1Пайдаланушы нүсқаулығыҚұрылғының қауіпсіздігі, орнатылуы, керек- жарактары, бастапқы конфигурациясы және өнімнің техникалық сипаттамалары туралы акпаратты көру үшін жинакқа кіретін пайдаланушы нүсқаулығын оқыңыз.
SAMSUNG UE32N4010AU - Осы Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын - 2e-ManualОсы теледидар туралы толық акпарат алу үшін оған кіріктірілген электрондық нүсқаулықты оқыңыз.• Электрондық нүсқаулықты ашу үшін MENU☐→Колдау→e-Manual→ENTER☐

Веб-сайттан пайдаланушы нұсқаулығын жүктеп алып, оның мазмұнын компьютерден немесе ұялы құрылғыдан қарауға болады.

Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар

Теледидарды пайдаланар алдында қауіпсіздік нұсқауларын оқып шығыңыз.

НАЗАР САЛЫНЫЗ II класс өнімі: Бүл таңба ____ ыны жергеSAMSUNG UE32N4010AU - Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар - 1түйықтау (қосу) арқылы қауіпсіз қосылым жасаудың қажет емес екенін білдіреді.
ЭЛЕКТР ТОФЫ СОФУ ҚАТЕРІ. АШПАНЫЗ.
АБАЙ БОЛЫНЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ УШІН ҚАҚПАФЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАФЫН) АЛМАНЫЗ. ҚұРЫЛФЫНЫН ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖұмыСТАРЫНЫН БАРЛЫГЬІН БІЛІКТІ МАМАНФА ТАПСЫРЫНЫЗ.SAMSUNG UE32N4010AU - Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар - 2АТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін атаулы кернеу – АТ кернеуі.
SAMSUNG UE32N4010AU - Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар - 3Бүл белгіше ұрылғының ішінде жогары кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.SAMSUNG UE32N4010AU - Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар - 4ТТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін атаулы кернеу – ТТ кернеуі.
SAMSUNG UE32N4010AU - Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар - 5Бүл белгі осы ұрылғыны іске пайдалануға және күтіп ұстауга қатысты маңызды нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.Абай болыңыз. Пайдалану нұсқаулығын қараңыз: Бүл таңба қауіпсіздікке қатысты толық ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қарауды ұсынады.

- Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету және қатты қызып кетуден қорғау үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылауларды ешқашан бітемеу немесе жабық ұстамау керек.

  • Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.
  • Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.
  • Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра, т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.
  • Осы құрылғыға жаңбыр тигізбеңіз немесе суға жақын жерге (ваннаның, легеннің, ас үй шүңғылшасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына, ылғалды жертөленің ішіне немесе бассейн т.с.с. қасына қоймаңыз). Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да, дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз.
  • Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін. Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.
  • Розеткаға, қуат сымына немесе адаптерге көрсетілген жүктемесінен асыра күш салмаңыз, себебі өрт немесе электр тоғы соғу қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
  • Қорек сымдарын аяқпен басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.
  • Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбаған кезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны бүлінуден сақтайды.
  • Айнымалы ток қорек сымын адаптерге жалғау үшін, адаптердің кернеуінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.
  • Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуы мүмкін.
  • Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.
  • Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.
  • Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Теледидар пайдаланылмастан тұрып қалса немесе үйде ұзақ уақыт болмасаңыз (әсіресе балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) қуат ашасын розеткадан суыруды ұмытпаңыз.

- Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.

  • Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары не төмен, ылғалдылығы жоғары, химиялық заттары бар жерге немесе әуежай, теміржол вокзалы, т.с.с. тәрізді, теледидар тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін жерлерге орнататын болсаңыз, міндетті түрде Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Олай етпесеңіз, теледидарға елеулі нұқсан келуі мүмкін.
  • Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.

– Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (І-ші сынып құрылғысына ғана қатысты.)

  • Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз. Қажет болған жағдайда осы аспаптың тоқтан жылдам суырылуын қамтамасыз ету үшін қабырғадағы розетка мен қуат ашасына оңай жетуге болатынына көз жеткізіңіз.
  • Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
  • Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Құрылғы бүлінген болса, қуат сымын суырыңыз да, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырсқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар ТД-дың сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.
  • Осы аспапқа сұйық затты тамшылатпаңыз немесе шашыратпаңыз.
  • Батареяларды отқа тастамаңыз.
  • Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.
  • Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.
  • Samsung компаниясынан алған арнайы АТ адаптері болып табылатын ашаны пайдаланғанда келесіге назар аударыңыз:
  • АТ ашасын адаптерге «сырт» еткен дыбыс естілгенше кіргізіңіз.
  • АТ ашасын суққаннан кейін ешқашан алмаңыз. (Алынбайды)
  • АТ ашасын шыбыс уясына жалғамаңыз.
  • Басқа құрылғылармен берілген АТ ашасын пайдаланбаңыз.
  • Адаптерге берілген АТ ашасынан басқа ашаларды жалғамаңыз.
  • Адаптерді шығыс ұясынан адаптерден ұстап, тігінен суырып алыңыз.
  • Адаптерді төбедегі розеткаға жалғамаңыз.
  • Адаптердің үстіне зат құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз.
  • Адаптерде көрсетілген ауқымнан асырып айналдырмаңыз. Электр қатерін тудыруы немесе өрт шығаруы мүмкін.
  • Адаптерді пайдалану алдында адаптердің винил жапсырмасын алыңыз. Себебі өрт шығуы мүмкін.
  • Өрт немесе электр қатері қаупін азайту үшін құрылғыны жаңбыр немесе ылғалға тигізбеніз.
  • Құрылғыға сұйық зат тамызбау немесе шашыратпау, үстіне сұйық құйылған құмыра тәрізді заттарды қоймау керек. • ЕСКЕРТУ: ТЕК ҮЙМАРАТ ІШІНДЕ ҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

* Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Мазмұны

Осы Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын 2

Ескерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар 3

01 Қорап ішінде не бар?

02 ТД-ды орнату

ТД-ды қабырғаға орнату 9

ТД-ды дұрыс желдету 10

ТД-ды тұрғыға бекіту 11

Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол

бермеу үшін оны қабырғаға бекіту 11

Қашықтан басқару пультінің түймелері туралы 12

Қашықтан басқару пультіне батареяларды салу

(батарея өлшемі: AAA) 13

04 Параметрлерді алғашқы орнату мүмкіндігін қосу

Теледидарды басқару функциясын пайдалану 14

05 Сигналдың Сигнал көзі өзгерту

Сигнал көзі 15

Атын өзгерту параметрін пайдалану әдісі 15

Ақпарат 15

06 "CI немесе CI+ Card" картасын COMMON INTERFACE ұясы арқылы жалғау

"CI немесе CI+ Card" картасын пайдалану 16

07 Эл. нұсқаулықты пайдалану әдісі

Бейнебет көрінісі 17

Эл. нұсқаулықтың тақырыбы мен тиісті бейнебет

мәзір(лер)інің бірінен біріне өту жолдары. 18

08 Ақаулықты түзету және жөндеу

Ақаулықты түзету 19

Телемәтін мүмкіндігі 24

Телемәтін беттеріндегі ақпарат алты санатқа

бөлініп жіктелген 25

Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы 25

09 Техникалық сипаттамалары және басқа ақпарат

Техникалық параметрлері 27

Жұмыс ортасының жағдайлары 28

Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту 28

Лицензиялар 28

Күту режимі 33

01 Қорап ішінде не бар?

Келесі бөлшектердің теледидар жинағына кіретініне көз жеткізіңіз. Керек-жарақтардың бірі жетіспесе, дилерге хабарласыңыз.

  • Қашықтан басқару пульті & батареялар (ААА x 2)
  • Кепілдік түбіртегі / Реттеуші құжаттама (кейбір жерлерде болмайды)

• Пайдаланушы нұсқаулығы

• ТД қуат кабелі (Елге және үлгі түріне байланысты)

SAMSUNG UE32N4010AU - Қорап ішінде не бар? - 1

Қуат адаптері (Елге және үлгі түріне байланысты)

SAMSUNG UE32N4010AU - Қорап ішінде не бар? - 2

SAMSUNG UE32N4010AU - Қорап ішінде не бар? - 3

  • Элементтердің түсі мен формасы теледидар үлгісінің түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
  • Жинаққа кірмеген сымдарды жеке сатып алуға болады.
  • Қорапты ашқан кезде керек-жарақтардың орам материалдарының артқы жағында немесе ішінде қалып қоймағанына көз жеткізіңіз.

Келесі жағдайларда әкімшілік төлемақы алынуы мүмкін:

(а) Техникті үйге шақырсаңыз, бірақ құрылғыдан ешбір ақау табылмаса (яғни, пайдаланушы нұсқаулығын оқымасаңыз). (ә) Құрылғыны жөндеу орталығына апарсаңыз, бірақ құрылғыдан ешбір ақау табылмаса (яғни, пайдаланушы нұсқаулығын оқымасаңыз).

Техник маман үйіңізге келер алдында сіз төлейтін төлемақы мөлшерін хабарлайды.

SAMSUNG UE32N4010AU - Қорап ішінде не бар? - 4

Ескерту: Дұрыс ұстамаған кезде түскен салмақтың әсерінен экранға зақым келуі мүмкін. Теледидарды суретте көрсетілгендей екі шетінен ұстап көтеруді ұсынамыз.

Бұл экранға қол тигізбеңіз!

02 ТД-ды орнату

ТД-ды қабырғаға орнату

SAMSUNG UE32N4010AU - ТД-ды қабырғаға орнату - 1

Егер осы ТД-ды қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші белгілеген нұсқауларды бүлжытпай орындаңыз. Егер дұрыс орнатылмаса, ТД жылжып немесе құлап қалып, баланы немесе ересек адамды қатты жарақаттауы және ТД-ға елеулі зақым келтіруі мүмкін.

Қабырғаға ілінетін адаптерлер берілетін үлгілерде қабырғаға ілу жинағын орнатардан бұрын адаптерлерді орнатыңыз.

- Samsung қабырғалық аспа жинағымен бірге берілетін орнату нұсқаулығын қараңыз.

ТД-ды қабырғалық аспа жинақтың көмегімен қабырғаға орната аласыз (жеке сатылады).

SAMSUNG UE32N4010AU - ТД-ды қабырғаға орнату - 2

  • Samsung Electronics қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз не басқа адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, ешбір жауапкершілік көтермейді.
  • Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа жинақты гипсокартоннан басқа қабырғаға орнату алдында қосымша ақпарат алу үшін ең жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Егер ТД-ды төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатсаңыз, құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.
  • Қабырғаға ілу жинағының әдеттегі өлшемдері келесі беттегі кестеде көрсетілген.
  • Егер басқа компанияның қабырғаға ілу жинағын орнататын болсаңыз, теледидарды қабырға жинағына бекіту үшін пайдалануға болатын бұрандалардың ұзындығы келесі беттегі кестедегі С бағанында көрсетілген.
  • Қабырғаға ілу жинағын орнатқан кезде, барлық төрт VESA бұрандасын бұрауды ұсынамыз.
  • Егер қабырғаға небары екі үстіңгі бұранданың көмегімен бекітілетін қабырғаға ілу жинағын орнатқыңыз келсе, міндетті түрде орнатудың осы түрінде қолданылатын Samsung қабырғаға ілу жинағын пайдаланыңыз. (Географиялық аймаққа байланысты қабырғаға ілу жинағының осы түрін сатып ала алмауыңыз мүмкін).
ТД өлшемі,дюймVESA бүранда тесігініңтехникалық шарттары(А * В), миллиметрС (мм)СтандарттыбұрандаСаныSAMSUNG UE32N4010AU - ТД-ды қабырғаға орнату - 3
32 100 x 100 26,0-28,0 M44
43200 x 20025,2-27,2M8
49 25,5-27,5

SAMSUNG UE32N4010AU - ТД-ды қабырғаға орнату - 4

Қабырғаға ілу жинағын теледидар токқа қосулы тұрғанда орнатуға болмайды. Бұл адамның электр тоғы соғуынан жарақат алуына себеп болуы мүмкін.

  • Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін. • VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса, бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ спецификациясына байланысты басқаша болуы мүмкін.
  • Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі құрылғыға зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам жарақат алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
  • VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғаға ілу жинағы қолданылса немесе сатып алушы өнімді орнату нұсқауларын орындамай, өнімге нұқсан келсе не адам жарақат алса, Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді. • Теледидарды 15 градустан асыра кисайтпаңыз. • ТД-ды үнемі екі адам қабырғаға орнатуға тиіс.

ТД-ды дұрыс желдету

ТД-ды жақсы желдету үшін оны орнатқан кезде, ТД мен басқа заттардың (қабырғалар, жиһаздың, қабырғалары т.с.с.) арасында кем дегенде 10 см орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс желдетпеген кезде, құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы немесе оған зақым келуі мүмкін. ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолдануды ұсынамыз. Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе ол құлап, адам жарақат алуы мүмкін.

Түргыға орнату Қабырғалық аспа жинаққа орнату

ТД-ды тұрғыға бекіту

Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында көрсетілген жолмен құрастырыңыз.

Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін оны қабырғаға бекіту

SAMSUNG UE32N4010AU - Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін оны қабырғаға бекіту - 1

Абайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ, балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз. Бұл әрекет теледидардың төңкеріліп кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін төменде сипатталған, аударылып қалуға қарсы құралды сатып алып орнатыңыз.

SAMSUNG UE32N4010AU - Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін оны қабырғаға бекіту - 2

ЕСКЕРТУ: Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз. Теледидар қондырғысы құлап кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. Мына сияқты қарапайым сақтық шараларын орындау арқылы көптеген зақымдарға, әсіресе балалардың жарақат алуына жол бермеуге болады.

  • Теледидар өндірушісі жиһазды немесе тұрғыны пайдалануды ұсынады.
  • Теледидарды қауіпсіз көтеріп тұра алатын жиһазды ғана пайдаланыңыз.
  • Теледидардың астындағы жиһаз жиегінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
  • Теледидар мен жиһаз екеуін де жарамды тірекке бекітпей тұрып, теледидарды жиһаз үстіне (мысалы, шкаф не кітап сөресіне) қоймаңыз.
  • Теледидарды теледидар мен оның астындағы жиһаз арасындағы шүберекке не басқа материалға қоймаңыз.
  • Балаларға теледидарға және оның басқару құралдарына бару үшін жиһазға өрмелеудің қауіпті екенін үйретіңіз.

Егер осы жаңа қондырғымен алмастырып жатқан теледидарды қалдыратын немесе орнын ауыстыратын болсаңыз, ескі теледидарды орнатқандағы сақтық шараларын қабылдау қажет.

ТД-дың құлап қалуына жол бермеу

  1. Тиісті бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын қабырғаға мықтап бұрап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекітілетініне көз жеткізіңіз.

- Қабырғаның түріне байланысты қабырға анкері тәрізді қосымша зат қажет болуы мүмкін.

  1. Тиісті өлшемді бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын теледидарға мықтап бұрап бекітіңіз.

– Бұранданың техникалық параметрлерін "ТД-ды қабырғаға орнату" тармағындағы стандартты бұранда бөлімінен қараңыз.

  1. ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан кейін сымды мықтап байлаңыз.

– ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға жақын орнатыңыз.

- Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген қапсырмалармен бір деңгейде немесе олардан төменірек тұру үшін сымды жалғаңыз.

SAMSUNG UE32N4010AU - ТД-дың құлап қалуына жол бермеу - 1

Қашықтан басқару пультінің түймелері туралы

  • Бұл қашықтан басқару пультінің Қосу, Арна, Дыбыс деңгейі және Енгізу түймелерінде көзі нашар көретін адамдар қолдануға арналған Брайль нүктелері бар.
  • Баскару пультіндегі суреттер, түймелер және функциялар үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

ТД-ды қосуға және сөндіруге арналған. Сонымен қатар Телемәтін режимін, Толық > Қос > Аралас > Сөндіру функцияларын таңдайды. Дыбысты қосуға/сөндіруге арналған. Дыбысты реттейді. Негізгі бейнебет мәзірін көрсетуге арналған. Media Play қарап шығу. Жиі қолданылған функцияларды жылдам таңдауға арналған.…

Қашықтан басқару пультіне батареяларды салу (батарея өлшемі: ААА)

Батареялардың полюстерін батарея үяшығындағы таңбаларға келтіріп салыңыз.

SAMSUNG UE32N4010AU - Қашықтан басқару пультіне батареяларды салу (батарея өлшемі: ААА) - 1

  • Қашықтан басқару пультінің түсі мен пішімі үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
  • Қашықтан басқару пультін ТД-дан 7 м-ден алыс емес қашықтықтан пайдаланыңыз.
  • Өткір жарықтар қашықтан басқару пультінің жұмысына әсер етуі мүмкін. Қашықтан басқару пультін люминесцентті немесе неон белгілерінің қасында қолданбаңыз.
  • Батареяның қолданыс мерзімін ұзарту үшін сілті батареяларын пайдалануды ұсынамыз.
  • Батарея қақпағының кертігін баппен тартып, содан кейін босаған қақпақты алып қойыңыз.
  • 2 AAA сілті батареяларының оң және теріс полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
  • Қашықтан басқару құралына батареяның қақпағын салып, қашықтан басқару құралының қақпағын салыңыз.
  • Батарея қақпағын көрсетілген бағытта қашықтан басқару құралын мықтап жапқанша сырғытыңыз.

04 Параметрлерді алғашқы орнату мүмкіндігін қосу

Теледидарыңызды алғаш рет қосқанда, параметрлерді орнату мүмкіндігі дереу іске қосылады.

Параметрлерді алғаш орнату функциясы бағдарлама сигналын қабылдау, арнаны іздеу және желі байланысы тәрізді теледидарды іске пайдалануға қажетті негізгі параметрлерді конфигурациялауға мүмкіндік береді.

- Параметрлерді алғаш орнату функциясын бастау алдында сыртқы құрылғыларды міндетті түрде қосып алыңыз.

Бастапқы орнату процесін теледидар мәзірі (MENU☐ > Жүйе > Орнату) арқылы бастауға да болады.

Параметрлерді алғаш орнату экранында пайда болған нұсқауларды орындап, теледидардың негізгі параметрлерін өзіңіздің теледидар көруге қоятын талаптарыңызға сәйкес реттеңіз.

Егер бұл функцияны қайта орнатқыңыз келсе...

Жүйе → Орнату (бастапқы параметрлерді орнату) тармағын таңдаңыз. 4 орынды PIN кодты енгізіңіз.

Әдепкі PIN нөмірі: "0000".

PIN код нөмірін өзгерткіңіз келсе, PIN кодын өзгерту функциясын пайдаланыңыз.

Орнату (MENU→Жүйе) функциясын дүкенде орнатсаңыз да, үйде тағы бір рет орнатуыңыз керек.

- Егер PIN кодын ұмытып қалсаңыз, қашықтан басқару пультіндегі түймелерді Күту режимінде төмендегі ретпен басыңыз, сонда PIN коды "0000" нөміріне қалпына келтіріледі: MUTE → 8 → 2 → 4 → POWER (қосулы)

Теледидарды басқарушы функциясын пайдалану

Теледидардың астыңғы жағындағы Теледидарды басқарушы түймесінің көмегімен теледидарды іске қосып, содан кейін Басқару мәзірі мәзірін пайдалануға болады. Басқару мәзірі мәзірі теледидар қосулы тұрғанда теледидарды басқару түймесі басылғанда пайда болады. Басқару мәзірін пайдалануға қатысты көбірек ақпаратты төмендегі суреттен қараңыз.

SAMSUNG UE32N4010AU - Теледидарды басқарушы функциясын пайдалану - 1

Теледидарды басқарушы / Қашықтан басқару пультінің датчигі

Басыңыз: Жылжыту

Басып тұрыңыз: Таңдау

Теледидарды басқарушы ТД-дың артқы жағына орнатылған.

05 Сигналдың Сигнал көзін өзгерту

Сигнал көзі

Теледидарды немесе теледидарға жалғанған DVD / Блю-рей ойнатқыштары / кабель қорапшасы / жерсерік ресивері сияқты басқа сыртқы кіріс көздерін таңдау үшін пайдаланыңыз.

  1. Қашықтан басқару пультіндегі SOURCE түймешігін басыңыз.
  2. Қажетті сыртқы сигнал көзін таңдаңыз.

Атын өзгерту параметрін пайдалану әдісі

Сигнал көзі тізімінде TOOLS түймесін басып, содан кейін сыртқы сигнал көзіне қалаған атау бере аласыз.

Ақпарат

Жалғанған сыртқы құрылғыға қатысты толық ақпаратты қарай аласыз.

06 "CI немесе CI+ Card" картасын COMMON INTERFACE ұясы арқылы жалғау

  • Елге және үлгі түріне байланысты.
  • "CI немесе CI+ Card" картасын жалғау немесе ажырату үшін теледидарды өшіріңіз.
  • Үлгі түріне қарай теледидар қарау картасына ("CI немесе CI+ Card") қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

"CI немесе CI+ Card" картасын COMMON INTERFACE ұясына төмендегі суретте көрсетілген жолмен жалғаңыз.

CI CARD™ COMMON INTERFACE

- Улгі түріне қарай суреттер әр түрлі болуы мүмкін.

"CI немесе CI+ Card" картасын пайдалану

Ақылы арналарды көру үшін "CI немесе CI+ CARD" картасын салу керек.

- Samsung ТД CI+ 1.3 стандартына сай. Теледидарда қалқыма хабар пайда болса, оған CI+ 1.3 нұсқасының тұрақсыздығы әсер етуі мүмкін. Мәселе туындаса, Samsung байланыс орталығына хабарласыңыз.

– Samsung теледидарыңыз CI+ 1.3 стандарттарына сәйкес келеді.

  • CI+ жалпы интерфейс модулі осы құрылғымен үйлесімсіз болса, модульді ағытып, CI+ операторына хабарласып көмек алыңыз. – Егер "CI немесе CI+ CARD" картасын салмасаңыз, кей арналарда қалқыма хабарлар пайда болады.

- 2-3 минуттан кейін бейнебетте телефон нөмірі, "CI немесе CI+ CARD" коды, хост коды және басқа да деректерді қамтыған келісім туралы мәлімет көрсетіледі. Егер ақаулық туралы ақпарат пайда болса, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.

- Арна деректерін теңшеу жұмысы аяқталған кезде, арна тізімінің жаңартылғанын білдіретін "Жаңарту аяқталды" хабары көрсетіледі.

  • "CI немесе CI+ CARD" картасын жергілікті кабельдік телевидение провайдерінен алу керек.
  • "CI немесе CI+ CARD" картасын еппен шығарып алыңыз, себебі "CI немесе CI+ CARD" картасы жерге түсіп кетсе, оған нұқсан келуі мүмкін.

- "CI немесе CI+ CARD" картасын онда көрсетілген бағытта орнатыңыз.

– COMMON INTERFACE орналасатын жері, үлгіге қарай әр түрлі болуы мүмкін. - Кей елдер мен аймақтарда "CI немесе CI+ CARD" модуліне қолдау көрсетілмеуі мүмкін, уәкілетті дилерге хабарласыңыз.

– Мәселе туындаған жағдайда, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.

- Ағымдық антенна параметрлеріне қолдау көрсететін "CI немесе CI+ CARD" картасын салыңыз. Әйтпесе экран дұрыс көрінбеуі мүмкін.

07 Эл. нұсқаулықты пайдалану әдісі

SAMSUNG UE32N4010AU - Эл. нұсқаулықты пайдалану әдісі - 1

Теледидардың функциялары туралы ақпаратты теледидардың e-Manual арқылы көре аласыз. Қолдану үшін қашықтан басқару пультіндегі E-MANUAL түймесін басыңыз.

Санатты, содан кейін тақырыпты бөлектеу үшін жоғары/төмен/оң/сол түймелерімен курсорды жылжытып, содан кейін ENTER түймесін басыңыз. e-Manual көргіңіз келген бетті көрсетеді.

Оған сонымен қатар мәзір арқылы да бара аласыз:

MENU→Қолдау→e-Manual→ENTER

- e-Manual бас мәзіріне қайту үшін қашықтан басқару пультінің E-MANUAL түймесін басыңыз.

Бейнебет көрінісі

Ағымдық көрсетіліп тұрған видео, теледидар бағдарламасы т.с.с.

Негізгі функциялар Алдын ала орнатылған сурет режимін өзгерту Сурет параметрлерін реттеу Сурет параметрлерін өзгерту Алдын ала орнатылған дыбыс режимін өзгерту Дыбыс параметрлерін реттеу Көрсеткіш Бұғану Exit

Санат тізімі. Қалаған санатты таңдау үшін ◀ немесе ▶ түймесін басыңыз.

Ішкі мәзір тізімін көрсетеді. Мензерді жылжыту үшін қашықтан басқару пультінің көрсеткі түймешіктерін қолданыңыз. Қалаған ішкі мәзірді таңдау үшін ENTER түймесін басыңыз.

Іске қосу түймешіктері

D Көрсеткіш: Индекс бейнебетін көрсетеді.

- Көрсеткіш қолжетімділігі тілдерге байланысты.

Енгізу: Санат немесе ішкі мәзірді таңдаңыз.

→ Шығу: e-Manual экранынан шығу.

<Мазмұнын қарау>

Казір көру: Тақырыпқа сай келетін БМ мәзірін көрсетеді. e-Manual экранына қайту үшін E-MANUAL түймесін басыңыз.

◀▶ Бет: Алдыңғы немесе келесі бетке өтуге арналған.

Экранды үлкейту үшін Ⓔ (Масштаб) түймесін басыңыз. Үлкейтілген бейнебетте ▲ немесе ▼ түймешіктерін қолданып шарлауға болады. Экранды қалыпты өлшемге қайтару үшін RETURN түймесін басыңыз.

Эл.нұсқаулықтың тақырыбы мен тиісті бейнебет мәзір(лер)інің бірінен біріне өту жолдары.

- Кей мәзірлерде бұл функция жұмыс істемейді.

- Мәзір белсенді күйде тұрмаса, Казір көру функциясын қолдана алмайсыз.

1-эдіс 2-эдіс
1. e-Manual такырыбына сай келетін мәзірді қолданғыңыз келсе, Қазір көру функциясын қолданыңыз.2. e-Manual экранына қайту үшін E-MANUAL түймесін басыңыз.1. Такырып көрсетілген кезде ENTER← түймесін басыңыз. "Мұны орындағыңыз келе ме?" жазуы көрсетіледі. Иә параметрін таңдап, содан кейін ENTER← түймесін басыңыз. БМ терезесі көрсетіледі.2. e-Manual экранына қайту үшін E-MANUAL түймесін басыңыз.

• Тілге қарай бұл функцияға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

  1. Кілт сөз бойынша іздеу қажет болса, Көрсеткіш экранын ашу үшін көк түймені басыңыз.
  2. Қалаған әріптердің ретін таңдау үшін ◀ немесе ► түймесін басыңыз.
  3. Көргіңіз келген негізгі сөзді таңдау үшін ▲ немесе ▼ түймешігін басыңыз да, содан кейін ENTER түймешігін басыңыз.
  4. Сәйкес e-Manual нұсқаулық экранын көруге болады.

- Көрсеткіш экранын жабу үшін, RETURN түймесін басыңыз.

08 Ақаулықты түзету және жөндеу

Ақаулықты түзету

Егер теледидарда ақау бар сияқты болса, әуелі осы тізімдегі ақаулықтарды оқып, ықтимал шешімдерді қолданып көріңіз. Ақаулықты түзетуге қатысты кеңестердің ешбірі көмектеспесе, "www.samsung.com" сайтына өтіп, содан кейін "Қолдау көрсету" қойындысын басыңыз немесе Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Суреттің сапасы

- Әуелі ТД-дың сынақ бейнені дұрыс көрсететін-көрсетпейтінін тексеру үшін Суретті тексеру сынағын өткізіңіз. (MENU☐ - Қолдау - Өзін-өзі диагностика - Суретті тексеру тармағына өтіңіз) Сынақ бейнесі дұрыс көрсетілсе, бейне сапасының төмен болуына сигнал көзі себеп болуы мүмкін.

ТД бейнені дүкенде тұрған кездегідей жақсы көрсетпейді.

  • Егер аналогтік кабель немесе жерсерік қорапшасы бар болса, оны сандық кабельге немесе жерсерік қорапшасына ауыстырыңыз. HDMI не құралас элемент сымдарын, ЖА (жоғары ажыратымдылықты) сурет сапасын көру үшін қолданыңыз.
  • Кабель/Жерсерік сигналының абоненті: Арналар тізімінен сандық станцияларды қосып көріңіз.
  • Антенна қосылымы: Авто баптаудан кейін ЖА станцияларын қосып көріңіз.
  • Көптеген ЖА арналар, СА (стандартты ажыратымдылық) мазмұндары негізінде жасалған.
  • Кабель немесе жерсерік ресиверінің шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p шамасына реттеңіз. • ТД-ды өлшемі мен сигнал ажыратымдылығына сай ұсынылған ең минимум қашықтықтан қарап отырғаныңызға көз жеткізіңіз.

Сурет бұрмаланған: үлкен текше, кішкене текше, нүктелер, пиксел қателері.

  • Бейнежазба мазмұнын "қысу", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдері тәрізді жылдам қозғалыстағы видео көрсетілген кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін.
  • Сигналдың төмен немесе сапасының нашар болуы, суреттің бұзылып көрсетілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл ТД-ға қатысты мәселе емес.
  • Ұялы телефондарды ТД-ға жақын тұрып қолдансаңыз (шамамен 1м), аналогты және сандық ТД суреттерінде шуыл пайда болуы мүмкін.

Түсі теріс немесе түстер жетіспейді.

- Құралас элемент қосылымын қолдансаңыз, Құралас элемент сымдарының дұрыс ұяшықтарға жалғанғанын тексеріңіз. Теріс немесе босаң қосылымдар, түс мәселесінің орын алуына немесе бейнебеттің бос көрсетілуіне себеп болуы мүмкін.

Түс немесе жарықтылық сапасы нашар.

  • ТД мәзірінен Сурет параметрлерін реттеңіз. (Сурет режимі / Түс / Ашықтық / Айқындық тармағына өтіңіз)
  • ТД мәзірінен Қуат үнемдеу параметрін түзетіңіз. (MENU☐ - Жүйе - Унемдеу шешімі - Қуат үнемдеу тармағына өтіңіз)
  • Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін, оның бастапқы параметрлерін орнатып көріңіз. (MENU-Сурет - Сурет - Сур. з.мән-н кел-у тармағына өтіңіз)

Бейнебеттің шетінде нүктелерден тұратын сызық пайда болады.

  • Егер суреттің өлшемі Экранға сәй-у қалпында тұрса, 16:9 пішіміне қойыңыз.
  • Кабель немесе жерсерік ресиверінің ажыратымдылығын өзгертіңіз.

Сурет ақ немесе қара болып көрінеді.

• Аудио-видео сигналын қолдансаңыз, видео сымын (сары) ТД-дың 1-ші құралас элементінің жасыл ұяшығына жалғаңыз.

Арналарды ауыстырған кезде, сурет қимылсыз қалады не бұзылып немесе баяу жылжиды.

  • Егер кабель немесе жерсерік ресивері арқылы қосылсаңыз, кабель немесе жерсерік ресиверін қалпына келтіріп көріңіз. АС сымын қайта жалғап, кабель немесе жерсерік ресивері өшіп-қосылғанша күте тұрыңыз. Бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.
  • Кабельдік ресивер немесе жерсерік ресиверінің шығыс ажыратымдылығын 1080і немесе 720р шамасына орнатыңыз.

Үнділік сапасы

  • Әуелі ТД аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін Дыбыс сынағы сынағын өткізіп көріңіз. (MENU☐ - Қолдау - Өзін-өзі диагностика - Дыбыс сынағы тармағына өтіңіз)
  • Аудио дұрыс болса, дыбыс мәселесі сигнал көзіне не сигналға байланысты болуы мүмкін.

Ешбір дыбыс жоқ немесе дыбыс параметрі ең жоғары деңгейде тұрса да дауыс ақырын шығады.

• ТД-ға қосылған құрылғының (кабель/жерсерік ресивері, DVD, Blu-ray т.б.) дыбысын тексеріңіз.

Сурет жақсы көрсетілсе де, дыбыс шықпайды.

  • Дыбыс шығысы параметрін ТД динамигі қалпына дыбыс мәзірі арқылы қойыңыз.
  • Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, аудио сымдардың ТД-дың аудио кіріс ұяшықтарына дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
  • Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, құрылғының аудио шығыс параметрін (мысалы, теледидарға HDMI жалғанып тұрса, кабельдік немесе жерсеріктік ресивердің аудио параметрін HDMI параметріне орнату қажет болуы мүмкін) тексеріңіз. • DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.
  • Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Үндеткіштер жағымсыз шуыл шығарып тұр.

  • Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып тұрмағанын тексеріңіз.
  • Антенна немесе кабель қосылымдарының сигнал қарқынын тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті бұзуы мүмкін.

Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді

Теледидар іске қосылмайды.

  • АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
  • Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
  • Ақаулықтың қашықтан басқару пультіне қатысы жоқ екендігін тексеру үшін ТД төменгі жағындағы POWER (Ⓞ) түймесін басып көріңіз. Егер теледидар қосылса, "Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді" деп аталатын тақырыпты қараңыз.

ТД автоматты түрде сөніп қалады.

  • Ўйцы таймері параметрінің Өшіру қалпына Уақыт мәзірі арқылы қойылғанына көз жеткізіңіз.
  • Егер ДК ТД-ға жалғанып тұрса, ДК қуат параметрлерін тексеріңіз.
  • АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
  • Теледидар белгілі бір уақыт аралығында ешқандай сигнал қабылдамаған жағдайда, Сигн. ж. кезде қуат ажыр. теледидарды өшіреді. Пайдаланушы төрт сағат ішінде еш әрекет істемеген жағдайда, Қуат. авто ө. теледидарды өшіреді.

Ешбір сурет/видео жоқ.

  • Сым қосылымдарын тексеріңіз (ТД мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып алыңыз да, қайта жалғаңыз).
  • Сыртқы құрылғыңыздың (кабель/жерсерік ресивері, DVD, Blu-ray т.б.) бейне сигналын теледидардағы кіріс ұяшықтарға сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы құрылғының шығыс ұяшығы HDMI болса, оны ТД-дың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.
  • Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
  • Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі SOURCE түймесін басып, теледидар сигналының көзін дұрыс таңдаңыз.
  • Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Ауа желісіне (ауа/кабель) қосылым (кабель: елге байланысты)

ТД арналардың барлығын көрсетпейді.

  • Антенна кабелінің мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
  • Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметрін қолданыңыз. MENU☐ - Жүйе - Орнату (Бастапқы параметрлерді орнату) тармағына өтіп, қолжетімді арналардың барлығы сақталғанша күтіңіз.
  • Антеннаның дұрыс орынға қойылғанына көз жеткізіңіз.

Сурет бұрмаланған: үлкен текше, кішкене текше, нүктелер, пиксел қателері.

  • Бейнежазба мазмұнын "сығымдау", әсіресе спорт және экшн бейнефильмдерін көрсеткен кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін. • Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл ТД-ға қатысты мәселе емес.

Басқа мәселе

Сурет экранда толық көрсетілмейді.

  • ЖА арналар, СА (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде бейнебеттің қайбір жағына қара жолақ қалдырып отырады.
  • Өлшемдерінің қатынасы ТД-дан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.
  • Сыртқы құрылғы немесе ТД сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетте толық көрсетілетін етіп реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.

  • Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/−) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
  • Пульт сенсорының сигнал шығатын терезесін тазалаңыз.
  • Қашықтан басқару пультін ТД-ға 1,5 \~ 1,8 м қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Кабель немесе жерсерік ресиверінің қашықтан басқару пульті теледидарды іске қоспайды не сөндірмейді немесе дыбысын реттемейді.

- Кабель немесе жерсерік қорапшасының қашықтан басқаратын пультін теледидарды басқаратын етіп бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын кабель немесе жерсерік қорапшасының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

"Режим қолданылмайды" хабары көрсетіледі.

- Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс ажыратымдылығын сәйкесінше реттеңіз.

ТД-дан пластмасса иісі шығады.

- Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.

Теледидардың Сигнал ақпараты параметрі Өзін-өзі диагностика сынақ мәзірінде қолжетімді емес.

- Бұл функция тек Антенна / RF/ Соах қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана жұмыс істейді.

Теледидар оңға немесе солға қарай қисайған.

- Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.

Тұрғы тағанын құрастыру қиын.

• ТД-дың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды теледидардан ала алмасаңыз, магнитті бұранда бұрағышты қолданыңыз.

Тарату мәзірі сұр болып тұр (қолжетімсіз).

- Тарату мәзірі ТД сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.

Cl+ жұмыс істемейді.

  • Samsung теледидарыңыз Cl+ 1.3 стандарттарына сәйкес келеді.
  • Cl+ жалпы интерфейс модулі осы құрылғымен үйлесімсіз болса, модульді ағытып, Cl+ операторына хабарласып көмек алыңыз.

Параметрлер 5 минут өткеннен кейін немесе ТД сөндірілгеннен кейін сақталмай қалады.

- Егер ТД Көрсету режимінде тұрса, аудио немесе сурет параметрлерін 5 минут сайын бастапқы қалпына қойып отырады. Параметрлерді Көрсету режимінен Үйде пайд. режиміне өзгерткіңіз келсе, SOURCE түймесін басып, ТД режимін таңдаңыз және MENU☐ – Қолдау - Пайдалану режимі тармағына өтіңіз.

Аудио немесе видео мезгіл-мезгіл жоқ болып кетеді.

  • Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз.
  • Аудио немесе видеоның жоқ болып кетуіне, тым қатты не жуан сымдарды қолдану себеп болуы мүмкін. Сымдардың иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екенін тексеріңіз. ТД-ды қабырғаға орнатқыңыз келсе, 90 градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды ұсынамыз.

ТД жақтауының жиегіне өте жақыннан қарағанда өте кішкене бөлшектерді көресіз.

- Бұл өнімнің ақаулығы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.

PIP мәзірі жұмыс істемейді.

- PIP функциясы тек HDMI немесе құралас элемент көздерін қолданғанда ғана жұмыс істейді.

45 минут бұрын сөндірілген ТД қайта қосылды.

• Бұл қалыпты жағдай. ТД ӘА (әye арқылы) функциясын, ТД қарап отырған кезде қотарылған бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін қосады.

Сурет/үнділік мәселелері жиі-жиі туындайды.

- Сигнал/сигнал көзін тексеріңіз де, өзгертіңіз.

Түрғғы тағанындағы резеңке жастықшалар мен кейбір жиһаздардың сыртқы қаптамасы арасында реакция пайда болуы мүмкін.

- Бұның алдын алу үшін, ТД-дың жиһазға тура жанасатын кез келген жеріне киіз жастықша қолданыңыз.

"Бұл файл дұрыс ойнатылмауы мүмкін." хабары көрсетіледі.

- Бұл хабар мазмұн таратылымының жылдамдығының жоғары болуына байланысты көрсетілуі мүмкін. Мазмұн ойнатылады, бірақ ойнату барысында мәселе туындауы мүмкін.

ТД жұмысын ең оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасын (www.samsung.com → Қолдау) USB құралымен жаңартуға болады.

Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясы қолданылады. Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.

Осы нұсқаулықта көрсетілген кей функциялар мен суреттер, үлгілердің кейбірінде ғана кездеседі.

Телемәтін мүмкіндігі

  • Teletext функциясына кіру үшін қашықтан басқару пультіндегі ТТХ/МІХ түймесін басыңыз.
  • Teletext функциясынан шығу үшін қашықтан басқару пультінің түймесін ТД трансляциясы пайда болғанша басып тұрыңыз.
  • Бұл функция телемәтін қызметіне қолдау көрсететін арнада ғана жұмыс істейді.
  • Үлгіге немесе географиялық аймаққа байланысты бұл функцияға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Телемәтін қызметінің индекс бетінде қызметті пайдалану әдісі туралы ақпарат берілген. Телемәтін ақпаратын дұрыс көрсету үшін арна тұрақты қабылданып тұруға тиіс. Арна тұрақсыз болса, ақпарат жартылай көрсетілуі немесе оның кейбір беттері көрсетілмеуі мүмкін.

- Телемәтін беттерін қашықтан басқару пультіндегі сандары бар түймешіктерді басып өзгертуіңізге болады.

SOURCE 1 2 3 4 ·5 6 7 8 9 TTX/MIX 0 PRE-CH + MUTE VOL CH — CH LIST MEDIA MENU GUIDE TOOLS i INFO RETURN EXIT A B C D

List/Flof: Телемәтін режимін таңдайды. LIST режимі кезінде басылса, режимді Тізімді сақтау режиміне ауыстырады. Тізімді сақтау режимінде Телемәтін бетін (Store) түймесі арқылы тізімге сақтауға болады. 2 Full TTX / Double TTX / Mix / Өшіру: Телемәтін режимі көріп отырған арнада қосылады. Түймесін басқан сайын телемәтін режимі мына ретпен өзгереді: Full TTX → Double TTX → Mix → Өшіру. 3 Sub Page: Қолжетімді ішкі бетті көрсетеді. 4 Store: Телемәтін беттерін сақтайды. 5 Index: Телемәтін қарап отырғанда индекс (мазмұн) бетін кез келген уақытта экранға шығару үшін пайдаланылады. 6 Size: Телемәтінді бейнебеттің үстіңгі жарты бөлігіне шығарып, екі есе үлкейте көрсету үшін басыңыз. Мәтінді бейнебеттің астыңғы жағына қарай жылжыту үшін түймешікті қайта басыңыз. Бейнебетті қалыпты режимге көшіру үшін қайта бір рет басыңыз. 7 Hold: Автоматты түрде көрсетілетін қосымша беттер болған жағдайда, ағымдық бетті бейнебетте ұстап тұрады. Бұлай істемеу үшін қайта басыңыз. 8 Page Up: Келесі Телемәтін бетін көрсетеді. 9 Page Down: Алдыңғы Телемәтін бетін көрсетеді. 10 Reveal/Conceal: Жасырын мәтінді (мысалы, жұмбақ ойындардың жауаптары) экранға шығарады немесе жасырады. Бейнебетті қалыпты түрде көрсету үшін осы түймешікті қайта басыңыз. 11 Cancel: Ағымдық таратылым бейнебетінің үстіне, телемәтін бейнебетін қабаттастыру үшін оны кішірейтеді. 12 Түрлі-түсті түймешіктер (қызыл, жасыл, сары, көк): Егер хабар тарату компаниясы FASTEXT жүйесін пайдаланса, телемәтін бетінде берілген түрлі тақырыптар түстермен кодталады да, оларды түрлі-түсті түймешіктерді басу арқылы таңдауға болады. Таңдаған тақырыпқа сай келетін түсті басыңыз. Түс арқылы кодталған жаңа бет көрсетіледі. Элементтерді де осылайша таңдауға болады. Алдыңғы немесе келесі бетті көрсету үшін, түрлі-түсті түймешіктердің тиісті біреуін басыңыз.

Телемәтін беттеріндегі ақпарат алты санатқа бөлініп жіктелген.

Бөлімі Мазмұны
А Таңдалған беттің нөмірі.
В Таратылымдағы арнаның атауы.
САғымдық беттің нөмірі немесе іздеунәтижелері.
D Күн-ай және уақыт.
Е Мәтін.
F Қалып-қүй акпараты. FASTEXT акпараты.
ABCD
E
F

Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы

Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды. Кенсингтон құлпы - құрылғыны қоғамдық жерлерге орнатқан кезде бекітуге арналған құрал. Құлыптың сыртқы көрінісі және құлыптау тәсілі өндірушісіне байланысты әр түрлі болып келеді. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдануға қатысты қосымша ақпаратты, құлыптың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

- Теледидардың артқы жағындағы "☒" белгішесін табыңыз. Кенсингтон ұяшығы "☒" белгішесінің артында орналасқан.

- Орналасатын орны мен түсі үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

graph TD A["Lock Icon"] --> B["Output"] style A fill:#f9f,stroke:#333 style B fill:#ccf,stroke:#333

<Қосымша>

Құрылғыны бекіту үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Кенсингтон құлпының сымын такта немесе орындық тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап бекітіңіз.
  2. Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз.
  3. Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз.
  4. Құлыпты бекітіңіз.

– Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

- Құлыпты жеке сатып алуға болады.

ТД-ды күтіп ұстау

  • Егер ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарауға кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз. • ТД корпусының сыртын және экранын тазалаған кезде сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және экранына сызат түспеуі үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз. • ТД-ға су немесе кез келген сұйық затты тура шашпаңыз. Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін.
  • Экранды тазалау үшін теледидарды өшіріңіз де, панельдегі дақтар мен саусақ таңбаларын микроталшықты шүберекпен ақырындап сүртіңіз. Теледидардың корпусын немесе панелін шамалы су сіңірілген микроталшықты шүберекпен тазалаңыз. Осыдан кейін ылғалды құрғақ шүберекпен сүртіп кетіріңіз. Тазалаған кезде панельдің бетіне қатты күш түсірмеңіз, себебі бұл панельді бүлдіруі мүмкін. Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы, бензол, сұйылтқыш, т.с.с.) немесе тазалағыш затты ешқашан қолданбаңыз. Қатып қалған дақтарды кетіру үшін экран тазартқыш құралдың шағын мөлшерін микроталшықты шүберекке себіңіз де, онымен дақтарды сүртіп кетіріңіз.

SAMSUNG UE32N4010AU - ТД-ды күтіп ұстау - 1

09 Техникалық сипаттамалары және басқа ақпарат

Техникалық параметрлері

LED теледидары

Улгі атауыUE32N4000AU / UE32N4010AU UE32N5000AU
Бейнебеттің ажыратымдылығы1366 x 768 1920 x 1080
Бейнебет өлшемі32 дюйм32 дюйм
Диагональ бойынша өлшенген80 см80 см
Дыбыс (Шығысы)10 Вт 10 Вт
Өлшемдері (Е х Б х Т)
Корпус737,4 x 438,0 x 74,1 мм737,4 x 438,0 x 74,1 мм
Түрғымен бірге737,4 x 465,4 x 150,5 мм737,4 x 465,4 x 150,5 мм
Салмағы
Түрғыны қоспағанда3,8 кг3,8 кг
Түрғымен бірге3,9 кг3,9 кг
Куат көзіАйнымалы ток 100-240В~ 50/60ГцАйнымалы ток 100-240В~ 50/60Гц
Куат тұтынуы 59 Вт 66 Вт
Улгі атауы UE43N5000AU UE49N5000AU
Бейнебеттің ажыратымдылығы1920 x 10801920 x 1080
Бейнебет өлшемі43 дюйм49 дюйм
Диагональ бойынша өлшенген108 см123 см
Дыбыс (Шығысы)20 Вт20 Вт
Өлшемдері (Е х Б х Т)
Корпус979,9 x 571,9 x 77,3 мм1112,8 x 646,5 x 78,7 мм
Түрғымен бірге979,9 x 596,6 x 170,3 мм1112,8 x 673,6 x 187,5 мм
Салмағы
Түрғыны қоспағанда8,0 кг10,3 кг
Түрғымен бірге8,2 кг10,6 кг
Куат көзіАйнымалы ток 100-240В~ 50/60ГцАйнымалы ток 100-240В~ 50/60Гц
Куат тұтынуы 105 Вт 138 Вт

Жұмыс ортасының жағдайлары

Жұмыс температурасы

Жұмыс ортасының ылғалдылығы

10°C бастап 40°C дейін (50°F бастап 104°F дейін)

-20°C бастап 45°C дейін (-4°F бастап 113°F дейін)

5% - 95%, конденсатсыз

  • Дизайны мен техникалық сипаттамалары алдын ала ескертусіз өзгертіледі.
  • Қуат көзіне қосу туралы ақпарат және тұтынылатын қуат туралы көбірек ақпарат алғыңыз келсе, өнімге жапсырылған жапсырманы қараңыз.
  • Теледидардың артқы жағындағы жапсырмадағы ақпаратты қарауға болады. (Кей үлгілерде ағытпаның қақпағының ішкі жағынан ақпаратты көруге болады.)
  • Адаптердің АТ кернеуіне байланысты анықталады. Құрылғының ТТ кернеуі туралы ақпаратты оның жапсырмасынан қараңыз.

Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту

ТД-ды сөндірген кезде Күту режиміне ауысады. Күту режимінде тұрған кезде де шамалы мөлшерде электр қуатын пайдаланады. Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін ТД-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде ток көзінен ағытыңыз.

Лицензиялар

SAMSUNG UE32N4010AU - Лицензиялар - 1

Ұсыныс - тек ЕО үшін ғана

CE

Samsung Electronics осы құрылғының 2014/53/ЕО Директивасына сәйкес екенін мәлімдейді.

ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтінін интернеттегі мына тораптан алуға болады: http://www.samsung.com Қолдау көрсету және Өнімді іздеу тармағына үлгі атауын енгізіңіз.

Бұл құрылғыны барлық ЕО елдерінде қолдануға болады.

SAMSUNG UE32N4010AU - CE - 1

Осы өнімнен (Электрлік және электрондық жабдық қалдықтарынан) дұрыс арылу (Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)

Өнімдегі, оның керек-жарақтары немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағыш құралы, құлақаспабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек дегенді білдіреді. Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына келетін зиянның алдын алуға және материалдық ресурстарды қайтадан қажетке жаратуға өз үлесіңізді қосу үшін бұндай заттарды басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қалдық өнімдерді қайта өңдеуден өткізетін жерге апарып тапсырыңыз.

Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар, осы заттарды қоршаған ортаға залалсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін осы құрылғыны қайда апарып тапсыру, қалай тапсыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті мекемеге хабарласып алуына болады.

Коммерциялық мақсатта қолданушылар, өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының талаптарымен танысуы керек. Осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық өнімдердің қалдықтарымен араластырып тастауға болмайды.

SAMSUNG UE32N4010AU - Осы өнімнен (Электрлік және электрондық жабдық қалдықтарынан) дұрыс арылу (Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты) - 1

Осы өнімнің батареяларын қоқысқа дұрыс тастау

(Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)

Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы мына белгі, осы өнімнің батареяларын, қолданыстан шыққаннан кейін басқа да тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Таңбаламасы бар жерлердегі химиялық Hg, Cd немесе Pb таңбалары батареяның құрамында ЕК 2006/66 ережелеріндегі шартты деңгейден асатын сынап, кадмий немесе қорғасын бар екенін білдіреді. Егер батареялардан дұрыс арылмаса, бұл заттар адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.

Табиғи ресурстарды қорғап, материалдарды қайта қолдануға өз үлесіңізді тигізу үшін, батареяларды басқа қоқыстардан бөліп, таусылған батареяларды қабылдайтын жергілікті мекемеге тапсырыңыз.

Колдау көрсетілетін бейне пішімдер

Файл кецейтіміКассетаВидео кодек АжыратымдылықКадр алмасу жилігі (fps)Бит жилігі (мегабит/ сек)Аудио кодек
*.avi*.mkv*.asf*.wmv*.mp4*.3gp*.vro*.mpg*.mpeg*.ts*.tp*.trp*.mov*.flv*.vob*.sviAVI MKV ASF MP4 3GP VRO VOB PS TSMPEG4 SP/ASP1920 x 10806 ~ 3030
H.264 BP/MP/HP
HEVC (H.265 - Main, Main10 - L4, L4.1)
Motion JPEG 640x 480 8
Window Media Video v91920 x 1080 30
MPEG2
MPEG1

Басқа шектеулер

  • Егер мазмұнда немесе кассетада ақаулық болса, видео мазмұн ойнатылмауы немесе дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
  • Егер мазмұнның стандартты бит жиілігі/кадр алмасу жиілігі жоғары кестеде көрсетілген сыйысымды кадр алмасу/секунд мәндерінен жоғары болса, үнділік немесе видео дұрыс естілмеуі, көрсетілмеуі мүмкін.
  • Егер индекс кестесіне қатысты қателік орын алса, Іздеу (Jump) функциясына қолдау көрсетілмейді.
  • Кейбір USB/сандық камера құралдары ойнатқышпен сыйысымды болмауы мүмкін.
  • Бейнефайлдың бит жылдамдығы 10 Мбит/с мәнінен артық болса, мәзірді бейнебетке шығаруға көп уақыт кетуі мүмкін.
  • HEVC кодегі тек MKV/MP4/TS кассеталарында ғана жұмыс істейді.

Бейне декодері

• H.264, 4.1 деңгейіне дейін қолдау көрсетеді (FMO/ASO/RS-ға қолдау көрсетпейді) • H.265 - Main, Main10 - L4, L4.1 дейін қолдау көрсетеді - Кадр жылдамдығы:

-1280 x 720-дан төмен: макс. 60 кадр

-1280 x 720-дан жоғары: макс. 30 кадр

• VC1 AP L4-ке қолдау көрсетпейді. • GMC 2 немесе жоғарыға қолдау көрсетілмейді.

Аудио декодер

  • WMA 9, 10 Pro 5.1 арнасына және M2 профайлына қолдау көрсетеді.
  • WMA жоғалтпайтын аудиоға қолдау көрсетілмейді. • Vorbis 2 арнаға дейін қолдау көрсете алады.
  • Dolby Digital Plus 5.1 арналарына дейін қолдау көрсетеді.

Қолдау көрсетілетін субтитр пішімдері

Сыртқы

Атауы Файл кеңейтімі
MPEG-4 yaқыты есептелген матін .ttxt
SAMI .smi
SubRip .srt
SubViewer .sub
Micro DVD .sub немесе .txt
SubStation Alpha .ssa
Кеңейтілген SubStation Alpha .ass

Ішкі

Атауы Кассета Пішімі
Xsub AVI Сурет пішімі
SubStation Alpha MKV Мәтін пішімі
Кенейтілген SubStation Alpha MKV Мәтін пішімі
SubRipMKV Мәтін пішімі
MPEG-4 уакыты есептелген матінMP4 Мәтін пішімі

Дыбыстық сипаттама/субтитрлер функциясы жайында e-Manual нұсқаулығын қараңыз.

Қолдау көрсетілетін фотосурет пішімдері

Файл кенейтіміТүріАжыратымдылық
*.jpg / *.jpegJPEG15360 x 8640
*.bmpBMP4096 x 4096
*.mpoMPO15360 x 8640

- МРО түріндегі файл Масштаб, Бұру және Слайдшоу әсері функцияларына қолдау көрсетпейді.

Қолдау көрсетілетін саз пішімдері

Файл кеңейтіміТүріКодекЕскертпе
*.mp3MPEGMPEG1 дыб.сығымдау тех. 3
*.m4a / *.mpа /*.aacMPEG4AAC
*.flacFLACFLAC2арнаға дейін қолдау көрсете алады.
*.oggOGGVorbis2арнаға дейін қолдау көрсете алады.
*.wmaWMAWMAWMA 9,10 Pro 5.1 арнасына және М2 профайлынаколдау көрсетеді. (WMA жоғалтпайтын аудиоғақолдау көрсетілмейді.)
*.wavwavwav
*.mid / *.midimidimidi0 түрі және 1 түрі

Толық қолжетімді ажыратымдылық

UN4000 қатары үшін оңтайлы ажыратымдылық: 60 Гц шамасында 1366 x 768 / UN5000 қатары: 60Гц шамасында 1920 x 1080.

Қолжетімді ажыратымдылықтардың толық тізімін техникалық сипаттама бетінен қараңыз.

РежимАжыратымдылықКөлденен жиілік (кГц)Тік жиілік (Гц)Пиксел сағатының жиілігі (МГц)Синхрондау полярлығы (Н / V)1366 x 7681920 x 1080
IBM720 x 40031,46970,08728,322-/+
MAC640 x 480 35,00066,667 30,240-/-
832 x 62449,72674,55157,284-/-
1152 x 87068,68175,062100,000-/-
VESA DMT640 x 48031,46959,94025,175-/-
640 x 48037,86172,80931,500-/-
640 x 48037,50075,00031,500-/-
800 x 60037,87960,31740,000+/+
800 x 60048,07772,18850,000+/+
800 x 60046,87575,00049,500+/+
1024 x 76848,36360,00465,000-/-
1024 x 76856,47670,06975,000-/-
1024 x 76860,02375,02978,750+/+
1152 x 86467,50075,000108,000+/+
1280 x 72045,00060,00074,250+/+
1280 x 80049,70259,81083,500-/+
1280 x 102463,98160,020108,000+/+
1280 x 102479,97675,025135,000+/+
1360 x 76847,71260,01585,500+/+
1366 x 76847,71259,79085,500+/+
1440 x 90055,93559,887106,500-/+
1600 x 900RB60,00060,000108,000+/+
1680 x 105065,29059,954146,250-/+
1920 x 108067,50060,000148,500+/+
  • Интерфейс режиміне қолдау көрсетілмейді.
  • Стандартты емес бейне пішімін таңдағанда, теледидар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
  • Оңтайлы ажыратымдылық үлгіге байланысты болады.

Күту режимі

Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін ТД-ды ұзақ пайдаланбағанда электр көзінен ажыратыңыз.

SAMSUNG UE32N4010AU - Күту режимі - 1Символ Кедендік одактың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
SAMSUNG UE32N4010AU - Күту режимі - 2Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

EAC

  • Техникалық сипаттамасы: Мәтін мен графикалық ақпараттарды көрсетуге арналған құрылғы.
  • Импорттаушы

ЖШС Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 36 үй, 3, 4 қабат

- Импортер

  • Бұл өнім «SAMSUNG ELECTRONICS CO., LTD.» толық өндірістік бақылауында өндірілген. Өндіруші атауы (моделіне байланысты және өнімде көрсетілген), өндіріс мекенжайы:
  • Өндіруші

- Өндірілген күнін өнімдегі затбелгіден қараңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : SAMSUNG

Модель : UE32N4010AU

Санат : телевизор