VC73184NHAR - Шаңсорғыш LG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз VC73184NHAR LG PDF форматында.
| Өнім түрі | Канистрлі шаңсорғыш |
| Бренд | LG |
| Модель | VC73184NHAR |
| Түс | Қызыл |
| Шаң сыйымдылығы | 1,5 л |
| Сым ұзындығы | 8 м |
| Сору қуаты | 410 Вт |
| Мотор қуаты | 1600 Вт |
| Шу деңгейі | 78 дБ(А) |
| Салмағы | 5,6 кг |
| Өлшемдері (Е x Т x Би) | 260 x 400 x 280 мм |
| Сүзгі жүйесі | HEPA 13 |
| Қап түрі | Микроталшықты қап |
| Керек-жарақтар | Саңылау щеткасы, жиһаз щеткасы, еден саптамасы |
| Қуат сымының түрі | Автоматты сым орағыш |
| Басқару түрі | Тұтқадағы электронды сору бақылауы |
| Энергия класы | А |
| Жылдық энергия тұтыну | 28 кВт·сағ/жыл |
| Жұмыс радиусы | 10 м |
| Ауыстырылатын қап | LG VK80 сериясының қабы |
Жиі қойылатын сұрақтар - VC73184NHAR LG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы VC73184NHAR LG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз VC73184NHAR - LG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. VC73184NHAR брендінің LG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ VC73184NHAR LG
Бұл ақпараттың құрамында осы шаңсорғышты қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша маңызды нұсқаулар бар. Әсіресе, қауіпсіздігіңіз үшін 4, 14, 15, 16 беттердегі бүкіл ақпаратты оқыңыз. Осы нұсқаулықты қол жеткізуге оңай жерде сақтап, одан кез келген уақытта пайдаланыңыз.

Мазмұны
Мазмұны
Мазмұны
Мазмұны
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар 4,14~16
Пайдалану 17~29
Пайдалану
Кілем және еден қондырмасын пайдалану / Қатты еден қондырмасы
Кілем шебері қондырмасын және мини турбина қондырмасын пайдалану 22
"Carpet master" қондырмасын және мини турбина қондырмасын пайдалану
Екеуі біреуінде қондырмаларын пайдалану
Шаң контейнерінен шаңды тазарту
Ауа сүзгісін және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін тазалау
Шаңсорғыш жұмыс істемей жатса не істеу керек
Сору күші азайса не істеу керек
Шаңсорғышты пайдаланғанда өрттің, электрошоктың, өзіңізге зақым келтірудің немесе бұзылудың алдын алу үшін барлық нұсқауларды оқып, орындаңыз. Бұл нұсқаулықта орын алуы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Түсінбейтін мәселелеріңізге қатысты әрқашан қызмет көрсету агентіне немесе өндірушіге хабарласыңыз. Бұл құрылғы Еуропа комиссиясының келесі директиваларына сай келеді: -2006/95/ЕС, 93/68/ЕЕС-төмен кернеулі ток - 2004/108/ЕС директивасы.

Бұл қауіпсіздік туралы хабарландыру таңбасы.
Бұл таңба сізді немесе басқаларды өлтіруі немесе зақымдауы мүмкін ықтимал қауіптер туралы хабарландырады. Барлық қауіпсіздік хабарлары қауіпсіздік хабарландыруы таңбасынан және "ЕСКЕРТУ" немесе "САҚ БОЛЫНЫЗ" сөзінен кейін келеді.
Бұл сөздердің мағынасы:

Бұл таңба ауыр дене жарақатына немесе өлімге әкелуі мүмкін қауіптер немесе қауіпті әрекеттер туралы хабарландырады.

Бұл таңба дене жарақатына немесе заттарға зиян әкелуі мүмкін қауіптер немесе қауіпті әрекеттер туралы хабарландырады.

ЕСКЕРТУ
- Бұл құрылғыны (балаларды қосқанда) физикалық, сезу не сана мүмкіндіктері шектелген немесе тәжірибе мен білімі жоқ адамдарға, құрылғыны қолдану барысында олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларды бақылап не нұсқау бергенше қолдануға арналмаған.
- Балаларды олар осы құрылғымен ойнамау үшін қадағалау керек.
- Егер қуаттану сымы зақымдалған болса, оны қауіп тудырмау үшін LG Electronics қызметінің агенті ауыстыру керек.
- Бұл құрылғыны 8 жас және одан жоғары балаларға және физикалық, сезу не сана мүмкіндіктері шектелген немесе тәжірибе мен білімі жоқ адамдарға, егер қолдану барысында олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларды бақылап не құрылғыны қауіпсіз жолмен қолдану жайында нұсқау беріп ықтимал қауіпті түсіндірсе, қолдануға болады. Балаларға бұл құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бұл құрылғыны бақылаусыз тазалауға не күтім көрсетуге болмайды.

- Басқару тұтқасы OFF күйінде болмаса желіге қоспаңыз.
Денеге немесе өнімге зиян тиюі мүмкін.
- Денеге зиян тиюдің алдын алу үшін сымды қайта орау кезінде балаларды алыс ұстаңыз және кедергілерден сақ болыңыз.
Қайта орағанда сым тез жылжиды.
- Құрылғыға қызмет көрсету немесе тазалау алдында немесе шаңсорғыш пайдаланылып жатпағанда электр тогын ажыратыңыз.
Бұлай істемеу электрошокқа немесе дене жарақатына әкелуі мүмкін.
- Шаңсорғышты темекі немесе ыстық күл сияқты жанып жатқан нәрселерді соруға пайдаланбаңыз.
Бұлай істеу өлімге, өртке немесе электрошокқа әкелуі мүмкін.
- Бензин, бензол, араластырушы, пропан (сұйықтықтар немесе газдар) сияқты жанатын немесе жарылатын заттарды шаңсорғышпен тартпаңыз.
Бұл заттардың түтіні өрт қаупін немесе жарылысты тудыруы мүмкін.
- Розетканы немесе шаңсорғышты су қолдарыңызбен ұстамаңыз.
Бұлай істеу өлімге немесе электрошокқа әкелуі мүмкін.
- Желіден сымды тарту арқылы ажыратпаңыз. Бұлай істеу өнімнің зақымдануына немесе электрошокқа әкелуі мүмкін. Желіден ажырату үшін сымды емес, розетканы ұстаңыз.
- Шашты, киімді, саусақтарды және дененің барлық бөліктерін ашық жерлерден және жылжитын бөліктерден алыс ұстаңыз.
Бұлай істемеу электрошокқа немесе дене жарақатына әкелуі мүмкін.
- Сымды тартуға немесе сыммен жылжытуға, сымды тұтқа ретінде пайдалануға, сымның үстінен есікті жабуға немесе сымды өткір жиектердің немесе бұрыштардың үстінен жылжытуға болмайды. Шаңсорғышты сымның үстінен өткізбеңіз. Сымды қызған беттерден аулақ ұстаңыз.
Бұлай істемеу электрошокқа, дене жарақатына, өртке немесе өнімнің зақымдануына әкелуі мүмкін.
- Шлангтың ішінде электр сымдары бар. Зақымдалған, тесілген болса, оны пайдаланбаңыз.
Бұлай істемеу өлімге немесе электрошокқа әкелуі мүмкін.
- Ойыншық ретінде пайдалануға жол бермеңіз. Балалар пайдаланғанда немесе олардың жанында пайдаланғанда қатты көңіл аудару керек.
Денеге немесе өнімге зиян тиюі мүмкін.
- Ток сымы немесе розетка зақымданған болса шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Денеге немесе өнімге зиян тиюі мүмкін. Бұл жағдайларда қауіпті болдырмау үшін LG Electronics компаниясының қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
- Шаңсорғыш суда болған болса, оны пайдаланбаңыз.
Денеге немесе өнімге зиян тиюі мүмкін. Бұл жағдайларда қауіпті болдырмау үшін LG Electronics компаниясының қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
- Қандай да бір бөліктері жоқ немесе зақымданған болса, шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Денеге немесе өнімге зиян тиюі мүмкін. Бұл жағдайларда қауіпті болдырмау үшін LG Electronics компаниясының қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
- Бұл шаңсорғышпен ұзарту сымын пайдаланбаңыз.
Өрт қаупі тууы немесе өнімге зиян тиюі мүмкін.
Дұрыс емес кернеуді пайдалану қозғалтқыштың бұзылуына және пайдаланушының жарақат алуына әкелуі мүмкін. Тиісті кернеу шаңсорғыштың төменгі жағында көрсетілген.
- Желіден ажыратудың алдында барлық басқару тұтқаларын өшіріңіз.
Бұлай істемеу электрошокқа немесе дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Розетканы ешқандай жолмен өзгертпеңіз.
Бұлай істемеу электрошокқа, дене жарақатына немесе өнімнің зақымдануына әкелуі мүмкін. Бұлай істеу өлімге әкелуі мүмкін. Егер розетка сыймаса, тиісті розетканы орнату үшін маман электрикке хабарласыңыз. Ток сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе солар сияқты білікті адамдар ауыстыруы керек.
- Электр құрылғыларын тек қана білікті қызмет көрсету инженерлері жөндей алады.
Дұрыс емес жөндеу пайдаланушыға ауыр жарақат тигізуі мүмкін.
• Тісті доңғалақтың жанына саусақтарыңызды қоймаңыз.
Бұлай істемеу дене жарақатына әкелуі мүмкін.


САҚ БОЛЫҢЫЗ
- Ашық жерлерге ешқандай нысандарды қоймаңыз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Келесі заттардың кез келгені ашық жерлерге тұрып қалғанда пайдаланбаңыз: шаңнан, жіптерден, шаштан және ауа ағынын төмендетуі мүмкін кез келген нәрседен таза ұстаңыз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Шаңсорғышты шаң ыдысынсыз және/немесе сүзгілерсіз пайдаланбаңыз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Шаңсорғышпен кілем тазалау заттарын, ұнтақтарды және ұсақ шаңды тартқаннан кейін әрқашан шаң ыдысын тазалаңыз. Бұл заттар сүзгілерді ластайды, ауа ағынын төмендетеді және шаңсорғышқа зақым тигізуі мүмкін. Шаң ыдысын тазаламау шаңсорғышты бұзуы мүмкін.
- Шаңсорғышты қатты заттарды, кішкентай ойыншықтарды, түйреуіштерді, скрепкаларды, т.б. сору үшін пайдаланбаңыз. Олар шаңсорғышты немесе шаң ыдысын зақымдауы мүмкін.
- Шаңсорғышты үйде сақтаңыз. Шалынбау үшін шаңсорғышты пайдаланғаннан кейін ары қойыңыз.
- Шаңсорғыш жас балалардың немесе әлсіз адамдардың қадағалаусыз пайдалануы үшін арналмаған. Бұлай істемеу денеге немесе өнімге зиян тигізуі мүмкін. • LG Electronics компаниясының қызмет көрсету агенттері жасаған немесе ұсынған бөліктерді ғана пайдаланыңыз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Тек осы нұсқаулықта сипатталғандай пайдаланыңыз. Тек қана LG компаниясы ұсынған немесе бекіткен құрылғыларды және аксессуарларды пайдаланыңыз. Бұлай істемеу денеге немесе өнімге зиян тигізуі мүмкін. • Сатыны тазалағанда дене жарақатын болдырмау және машинаның құлауының алдын алу үшін оны әрқашан сатының астына қойыңыз. Бұлай істемеу денеге немесе өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Қосымша қондырмаларды диван күйінде пайдаланыңыз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Шаңсорғышты жылжытқанда ыдыстың тұтқасын ұстамаңыз. Ыдыс пен корпусты ажыратқанда шаңсорғыштың корпусы құлауы мүмкін. Денеге немесе өнімге зиян тиюі мүмкін. Шаңсорғышты жылжытқанда жылжыту тұтқасын ұстау керек. (25-бет)
- Шаң ыдысын босатқаннан кейін дабыл естілсе, шаң ыдысын тазалаңыз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Машинада ауыстырудан бұрын сүзгілер (қатты заттар сүзгісі және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісі) толығымен құрғақ екенін тексеріңіз. Бұлай істемеу өнімге зиян тигізуі мүмкін.
- Сүзгіні духовкада немесе микротолқындық сүзгіде кептірмеңіз. Бұл өртке әкелуі мүмкін.
- Сүзгіні киім кептіргіште кептірмеңіз. Бұл өртке әкелуі мүмкін.
- Ашық оттың жанында кептірмеңіз. Бұл өртке әкелуі мүмкін. • Кептірілмеген сүзгілерді пайдаланбаңыз.
- Сым зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны LG Electronics компаниясының бекітілген қызмет көрсету агенті ауыстыруы керек.
- Бұл құрылғы дене, сезу немесе ақыл қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдардың (соның ішінде балалардың) пайдалануына арналмаған. Олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қадағалағанда ғана немесе құрылғыны қолдану туралы нұсқаулар бергенде ғана бұлай істеуге болады. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
Ыстықтан қорғау құрылғысы:
Бұл шаңсорғышта қозғалтқыш шектен тыс қызғанда оны қорғайтын термостат бар.
Шаңсорғыш кенет өшсе, сөндіргішті өшіріп, шаңсорғышты желіден ажыратыңыз.
Шектен тыс қызуының ықтимал себебін анықтау үшін шаңсорғышты тексеріңіз, мысалы толған шаң ыдысын, бітеліп қалған шланг немесе сүзгі.
Егер осы жағдайлар табылса, оларды түзетіп, шаңсорғышты пайдалануға әрекет жасаудың алдында ең кемі 30 минут күтіңіз.
30 минуттан кейін шаңсорғышты желіге қайта қосып, сөндіргішті қосыңыз.
Шаңсорғыш әлі жұмыс істей алмаса, білікті электрикке хабарласыңыз.

Қалай пайдалану керек: Шаңсорғышты жинау
Шланг тұтқасы
Шланг тұтқасы
Шланг тұтқасы
Шланг тұтқасы

Кілем және еден кондырмасы (модельге байланысты)
Телескоптық түтікті кондырмаға енгізіңіз.
② Телескоптық түтік
Калай пайдалану керек Шаңсорғышты жинау

Шлангты шаңсорғышқа қосу
Иілгіш шлангтегі біріктіруші түтікті шаңсорғыштың бекіту нүктесіне енгізіңіз.
Шаңсорғыштан иілгіш шлангты ажырату үшін біріктіруші түтіктегі түймешікті басып, содан кейін патрубокты шаңсорғыштан шығарыңыз.
Калай пайдалану керек Шаңсорғышты басқару
1
• Сымды қалаған ұзындыққа шығарып, желіге қосыңыз.
- Шаңсорғышты басқару үшін шланг тұтқасының басқару түймешігін басыңыз.
- Өшіру үшін басқару түймешігін OFF қалпына орналастырыңыз.
- Пайдаланғаннан кейін сымды қайта орау үшін сым катушкасының түймешігін басыңыз.
- Әрдайым шаң ыдысын индикатор МАХ белгісіне жеткен кезде міндетті түрде тазалаңыз.

ЕСКЕРТУ
Сұйықтықты сормаңыз.
Сұйықтықты сіңірмейді.
Сұйықтықты сіңіру, ақаулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

• Койып коюдан бұрын баскару түймесін өшірулі позицияға орнатыңыз.
- Шан, сору кезінде сақтау үшін, мысалы кішкентай жиңазды немесе кілемді жылжыту үшін, иілгіш шлангты және қондырманы ұстап тұру үшін орында тұру күйін пайдаланыңыз.
- Кондырмадағы ілгекті шаңсорғыштың жанындағы тесікке түсіріңіз.

Калай пайдалану керек Кілем және еден қондырмасын пайдалану/ Қатты еден қондырмасы

Кілемге және еденге арналған саптама (модельге байланысты)
Катты еден кондырмасы (модельге байланысты)
• Катты едендерді нәтижелі тазалау (ағаш, линолеум, т.б.)

Кілемге және еденге арналған саптаманы және мини турбина кондырмасын пайдалану

Мини турбина кондырмасы (модельге байланысты)
Астындағы 2 винтті шығарып, көрсетілгендей мини турбина кондырмасының сыртын ашыңыз.
• Щетка аймағында шаш, жіп және мамықты жиі тазалаңыз. Булай істемей мини турбина кондырмасын закымдауы мүмкін.

Екеуі біреуінде кондырмаларын пайдалану

Каптауш кондырмасы (модельге байланысты)
Каптауш кондырмасы каптауштын, матрастардын, т.б. шацын соруға арналған.
Түймешікті басыңыз
Түймешікті басыңыз
Түймешікті басыңыз

< Каптауш кондырмасы >

Шаң сору щеткасы сурет рамаларының, жиһаз рамаларының, кітаптардың және басқа тегіс емес беттердің шаңын соруға арналған.
Қақпақты тартыңыз
Қақпақты тартыңыз
Қақпақты тартыңыз
Қаптаушты тартыңыз

Тесік құралы өрмек немесе диван жастықтарының арасындағы сияқты жету қиын жерлердің шаңын соруға арналған.

Қаптауш кондырмасы қаптауштың, матрастардың, т.б. шаңын соруға арналған. Жіп жинағыштар жіптерді және мамықты сорады.

Шаң сору щеткасы сурет рамаларының, жиһаз рамаларының, кітаптардың және басқа тегіс емес беттердің шаңын соруға арналған.
ЕСКЕРТУ
Қосымша кондырмаларды диван күйінде пайдаланыңыз.


Шаңға арналған қаптың іші толып ең жоғары дәреже сызығына жеткенде қаптың ішін босатып қою керек.
① Шаңсорғышты өшіріп, желіден ажыратыңыз. ② Ыдыстың тұтқасын ұстап, содан кейін ыдысты ажырату түймешігін басыңыз. Шаң ыдысын шығарыңыз. ③ Ыдысты босатып, содан кейін шаң ыдысын көрсетілгендей жинаңыз.
- Шаңсорғышты жылжытқанда ыдыстың тұтқасын ұстамаңыз.
Ыдыс пен корпусты ажыратқанда шаңсорғыштың корпусы құлауы мүмкін.
Шаңсорғышты жылжытқанда жылжыту тұтқасын ұстау керек.


Шаң ыдысын тазалағаннан кейін сору күші азайса, ауа сүзгісін және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін тазалаңыз. ➡ Келесі бет

Қалай пайдалану керек: Ауа сүзгісін және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін тазалау
![graph LR A["① Dust separator<br>Пылеотделитель<br>Пиловловлювач<br>Шаң бөлгіш"] --> B["② Guide cover lever<br>Рычаг направляющей крышки<br>Важіль ковзної кришки<br>Бағыттауыш қаптауыштың рычагы"] B --> C["③ Guide cover<br>Направляющая крышка<br>Ковзна кришка<br>Бағыттауыш қаптауыш"] C --> D["④ Air f…](/content/2026/06/1388184/images/958e550b3881d134bc7aceace224b519b4da0e2987a1b9b89100d4c84ead1c02.jpg)
① Түймешікті басу арқылы шаңсорғыштың сыртын ашыңыз. ② Шаң бөлгіш тұтқасын ұстап, оны шығарыңыз. ③ Бағыттаушы қаптаушы рычагын тартып, бағыттаушы қаптаушыны ашыңыз, сөйтіп шаңды тазалаңыз. ④ Ауа сүзгісінің қаптауыш рычагын басу арқылы ауа сүзгісін ашыңыз, сөйтіп ауа сүзгісін шығарыңыз.

Қалай пайдалану керек: Ауа сүзгісін және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін тазалау
![graph LR A["Air filter\n6 воздушный фильтр\nПовітряний фільтр\nАуа сузгіci"] --> B["Motor safety filter\nЗащитный фильтр электродвигателя\nФільтр захисту двигуна\nКозғалтқыш қауінсіздігі сузгіci"] B --> C["Before inspection: Air filter and motor safety filters are removed"] C --> D["After inspection…](/content/2026/06/1388184/images/2876d46eb48fdaebc8968d19cd778aa4d3edaf2878e70ff2348f11a38f993f14.jpg)
ЕСКЕРТУ
Көлеңкеде 24 сағаттан астам уақыт бойы мүлдем құрғақ болып қалады.
⑤ Қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін шаң бөлгіштен ажыратыңыз. ⑥ Ауа сүзгісін және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін жуыңыз.
Сүзгілерді ыстық сумен жумаңыз.
⑦ Көлеңкеде ылғал толығымен кеткенше кептіріңіз.
Ауа сүзгісін және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісін жоғарыдағы суреттегідей жуу керек.
ХАБАРЛАМА
Сүзгілер зақымдалған болса, оларды пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда, LG Electronics компаниясының қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
Сүзгілерді кем дегенде айына бір рет жуыңыз.

① Қатты заттар сүзгісін тазалау үшін оның корпусындағы қаптауышын шығару арқылы оны алыңыз. ② Қатты заттар сүзгісін ажыратыңыз. ③ Сүзгіні шаңнан тазартыңыз. (Сүзгілерді ыстық сумен жумаңыз.) ④ Қатты заттар сүзгісін ең кемі жылына бір рет тазалау керек.
Қатты заттар сүзгісінің қаптауышын жинау
- Қатты заттар сүзгісінің қаптауышының шығыңқы жерлерін шаңсорғыш корпусының тесіктеріне кіргізіңіз.
- Оны корпусқа қосыңыз.
Қатты заттар сүзгісін ең кемі жылына бір рет тазалау керек.

Шаңсорғыштың дұрыс қосылғанын және розетканың жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Сору күші азайса не істеу керек
- Шаңсорғышты өшіріп, желіден ажыратыңыз.
- Телескоптық түтікте, иілгіш шлангта және тазалау құралында кедергілер бар-жоқ екенін тексеріңіз.
- Шаң ыдысының толған-толмағанын тексеріңіз. Қажет болса оны босатыңыз. • Қатты заттар сүзгісі бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Қажет болса қатты заттар сүзгісін тазалаңыз.
- Ауа сүзгісі және қозғалтқыш қауіпсіздігі сүзгісі бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Қажет болса оларды тазалаңыз.
- Шаң бөлгіштің ішін тексеріңіз. Қажет болса шаң бөлгіштің ішін тазалаңыз.

Ескі құрылғыны тастау
- Барлық электр және электрондық өнімдерді үкімет немесе жергілікті билік бекіткен жинау орындарына, жалпы қоқыстан бөлек тастау керек.
- Ескі құрылғыны дұрыс тастау қоршаған орта және адамдардың денсаулығы үшін ықтимал теріс салдарлардың алдын алуға көмектеседі.
- Ескі құрылғыны тастау туралы қосымша ақпарат үшін қала әкімшілігіне, қоқыс жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

LG
Life's Good
| НапряжениеНапругаКернеу | 230 V~(В~) 50 Hz(Гц) |
| Страна происхожденияКраїна походженняӨндіруші ел | КореяКореяКорея |
| Дата производстваДата виробництваӨндірілген күні | Смотрите на упаковкеДивіться на упаковціРейтинг затбелгісін караңыз |
| Эл Джи Электроникс Инк.Ул. Уанам, 84, Сонгсан, город Чангвон, Гуёнгсангнам, 642-713, Республика КореяЛГ Електронікс Інк.84, Уанам-ро, Сонгсан-гу, Чангвон-сі, Г’ьонгсангнам-до, 642-713, Південна КореяЭлджи Электроникс Инк.Уанам көшесі 84, Сонгсан, Чангвон қаласы, Гуенгсангнам, 642-713, Корея Республикасы | |