SID 4-A22 - Бұрғы/бұрауыш HILTI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SID 4-A22 HILTI PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз бұрғы-бұрауыш |
| Бренд | Hilti |
| Моделі | SID 4-A22 |
| Батарея кернеуі | 22 В (Li-Ion) |
| Қозғалтқыш түрі | Щеткасыз |
| Макс. айналу моменті | 180 Нм |
| Жүктемесіз жылдамдық | 0 - 1200 / 2400 / 3600 / 4000 айн/мин (4 жылдамдық) |
| Соққы жиілігі | 0 - 1800 / 3600 / 5400 / 6000 соққы/мин |
| Патрон түрі | Тез босатылатын алтыбұрышты (1/4") |
| Бұрғылау қабілеті (болат) | 13 мм |
| Бұрғылау қабілеті (ағаш) | 50 мм |
| Бұранда диаметрінің диапазоны | 4 - 16 мм |
| Салмағы (батареямен) | 2,3 кг |
| Өлшемдері (Ұ x Би x Ен) | 210 x 210 x 80 мм |
| Қуат көзі | Батарея 22В, Hilti B22 сериясымен үйлесімді |
| Негізгі функциялар | Бұрғылау, бұрау, соққылы бұрғылау |
| Күту | Желдеткіштерді үнемі тазалаңыз; құрғақ жерде сақтаңыз |
| Қауіпсіздік ерекшеліктері | Электронды муфта, шамадан тыс жүктемеден қорғау, жұмсақ іске қосу |
| Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі | Қосалқы бөлшектер Hilti қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді |
| Жөндеу мүмкіндігі | Hilti уәкілетті қызметімен жөнделеді; пайдаланушы ауыстыратын көмір щеткалары қажет емес (щеткасыз) |
| Жалпы ақпарат | Кәсіби пайдалануға арналған; IP20 қорғаныс дәрежесі |
Жиі қойылатын сұрақтар - SID 4-A22 HILTI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SID 4-A22 HILTI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұрғы/бұрауыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SID 4-A22 - HILTI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SID 4-A22 брендінің HILTI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SID 4-A22 HILTI
Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Бұл құжаттама туралы
EAC
Импорттаушы және өндірушінің өкілетті ұйымы
- (RU) Ресей Федерациясы "Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., 25-ғимарат • (BY) Беларусь Республикасы 222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34 бөлімі • (KZ) Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй • (KG) Қырғыз Республикасы "T AND T" ЖШК, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі • (АМ) Армения Республикасы Эйч-Кон ЖШК, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз. Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз. Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен басқа арнайы талаптар қойылмайды. Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.
- Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін алғышарт болып табылады.
- Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
- Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз.
1.2 Шартты белгілердің анықтамасы
1.2.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер пайдаланылады:

ҚАУІПТІ
ҚАУІПТІ !
▶ Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

ECKEPTY
ECKEPTY !
- Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ !
Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.2.2 Құжаттамадағы белгілер
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:

Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат

Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу

Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз
1.2.3 Суреттердегі белгілер
Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:
| 2 | Бүл сандар осы нүсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді |
| 3 | Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін |
| 11 | Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты бөлгілердің нөмірлеріне сілтейді |
| [ХДХД] | Аталмыш бөлгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады. |
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Өнімдегі белгілер
Төмендегі белгілер өнімде қолданылады:
| n0 | Жуктемесіз номиналды айналу жилігі |
| /min | Айналым/минут |
| === | Түрақты ток |
![]() | Құрылғы iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды. |
| Li-Ion | Литий-иондық, аккумулятор |
| Hilti | Пайдаланылған Hilti литий-ион аккумуляторларының сериясы.Қолдану мақсаты бөліміндеі нұсқауларды орындаңыз. |
![]() | Аккумуляторды еш жағдайда сокпа құрал ретінде пайдаланбаңыз. |
| [62HY] | Аккумуляторды құлатып жіберменіз. Соққы тиген немесе басқа жолмен зақымдалған аккумуляторды пайдаланбаңыз. |
1.4 Өнім туралы ақпарат

Өнімдер кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
| Гайка бурауыш SID 4-A22 | |
| Буын 01 | |
| Сериялык, нөмір |
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
⚠️ ЕСКЕРТУ: Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларында қолданылатын «электр құралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен) және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралын қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығарады және ұшқындар шаңды немесе буларды тұтандыруы мүмкін. ▶ Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралына жақындауына рұқсат етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады. Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға) және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр тогының соғуының үлкен қаупі туындайды. Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады. - Байланыс сымын басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Байланыс сымын жылу, май, өткір жиектер немесе жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз.
Байланыс сымының зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
HILTI
▶ Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш сымды пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады. ▶ Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
- Сақ болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралын қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы мүмкін. Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді, естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады. Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құралы өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Электр құралын тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған электр құралы желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Электр құралын қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр құралының айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін. Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік береді.
- Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын шаш оларға ілінуі мүмкін. ▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
- Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз.
Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
- Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ, осы жұмысқа арналған электр құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы қауіпті және оны жөндеу керек. Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
- Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады. Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
- Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу. Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. ▶ Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына жол бермейді.
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
- Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз. Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы мүмкін.
- Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл заттардан алыс сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға әкелуі мүмкін.
- Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
- Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін тудырады.
- Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
- Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз етеді.
- Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2 Бұрауыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
- Бұранда жасырын электр сымдарын зақымдауы мүмкін жұмыстарды жүргізгенде электр құралын оқшауланған тұтқа беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы электр сымдарына тиген жағдайда аспаптың металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналып, электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
- Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
- Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін. ▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
- Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
- Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
▶ Күралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Корғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жаракаттауы мүмкін.
Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын анықтаңыз. Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз. Құрамында қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды болуы мұмкін.
Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға арналған респираторды тағыңыз. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық, реакциялардың және/немесе дем алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Саусактарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусак, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне кері әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Электр құрал блокталған кезде құралды бірден өшіріңіз. Аспап бүйірімен ауытқуы мүмкін.
Электр күралды алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
2.4 Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Li-Ion аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың талаптарын орынданыз. - Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз. - Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары температураға дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады. Сокцы тиген, бір метрден жоғары биіктіктен құлаған немесе басқа жолмен зақымдалған аккумуляторларды пайдалануға немесе зарядтауға болмайды. Мүндай жағдайда әрдайым Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз. ▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аспапты түтану қаупі жоқ орынға, түтанғыш материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және суытып қойыңыз. Мұндай жағдайда әрдайым Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу 1
① Күрал бекіткіші (4" ішкі алты қырлы) ② Жарық ③ Қосуды бұғаттауы бар солға/оңға айналудың ауыстырып-қосқышы ④ Реттелетін негізгі сөндіргіш (айналу жиілігі электрондық түрде басқарылатын) ⑤ Тұтқыш
⑥ Айналу моментінің индикаторы ⑦ Айналу моментінің ауыстырып-қосқышы ⑧ Белдікке ілуге арналған ілгек (таңдау бойынша) ⑨ Аккумулятор ⑩ Аккумулятордың зарядтау күйін көрсеткіш ⑪ Аккумуляторды босату түймесі
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім ағашта, металда және басқа материалдарда орташа бұранданы бекітуге арналған алты қырлы ұяшығы бар шағын аккумуляторлы бұранда бұрағышы болып табылады.
Келесідей қолдану жолдары бар:
- ∅ 4,8 мм дейінгі болаттан жасалған өздігінен оятын бұранда мен бұрандалы шегелерді орнату • 6 мм HUS бұрандалы анкерін кірпіш және бетон қабырғаға орнату
- Hilti HRD ∅ 8 мм - 10 мм жақтауға арналған дюбельдерді орнату
- Ағаш материалға ∅ 8 мм дейінгі бұранданы бекіту
- Ағашты WDB-S тегіс фрезерлеу бұрғысымен бұрғылау
- Бұл өнім үшін тек В 22 сериялы Hilti Li-Ion аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
- Бұл аккумуляторлар үшін тек Hilti компаниясы мақұлдаған зарядтағыш құрылғыларды қолданыңыз. Қосымша ақпаратты Hilti Store дүкенінен немесе мына веб-сайттан алуға болады: www.hilti.group
3.3 Зарядтау дәрежесінің индикациясы
Li-Ion аккумуляторының зарядталу деңгейі екі аккумуляторды босату түймесінің біреуін (ең көбі қарсылық сезілгенше) сәл басу арқылы көрсетіледі.
Құралдың бөлшектері Сипаттамасы
| 4 жарык диоды жанады. Зарядтау күйі: 75% - 100% |
| 3 жарык диоды жанады. Зарядтау күйі: 50 % - 75 % |
| 2 жарык диоды жанады. Зарядтау күйі: 25 % - 50 % |
| 1 жарык диоды жанады. Зарядтау күйі: 10% - 25% |
| 1 жарык диоды жыпылыктайды. Зарядтау күйі: < 10 % |

Негізгі сөндіргіш басылып тұрғанда және негізгі сөндіргішті жібергеннен 5 секундтан кейін зарядтау күйіне сұрау салу мүмкін болмайды.
3.4 Жеткізу жинағы
Гайка бұрауыш, пайдалану бойынша нұсқаулық.

Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан табуға болады: www.hilti.group
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Гайка бұрауыш
| Номиналды кернеу | 21,6 В | |
| ЕРТА 01/2003 процедурасына сай салмағы | 2,5 кг | |
| Бос жүрістегі айналу жилігі І саты | 0 А/мин ...1000 А/мин | |
| II саты | ||
| III саты | ||
| Соққылар жиілігі | ≤ 3500 соғу/мин | |
| Айналу моментін реттеу | 3 қадам | |
| Улкен стандартты бұрандалар | M8 - M16 | |
| Жоғары беріктікті үлкен бұрандалар | M6 - M12 | |
| Құрал бекіткіші | 1/4 " ішкі алты қырлы, қауіпсіздік манжетасымен | |
| Сақтау температурасы | -20 °C ... 70 °C | |
| Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы | -17 °C ... 60 °C | |
4.2 EN 62841 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді.
Алайда, егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін.
Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай азаюы мүмкін.
Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.
Шуыл туралы ақпарат
| Дыбыс күшінің деңгейі (Ін) | 98 дБ(А) |
| Дыбыс күшінің деңгейі бойынша дәлсіздік (К) | 3 дБ(А) |
| Эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі (Ц) | 87 дБ(А) |
| Дыбыс қысымының деңгейі бойынша дәлсіздік (КрА) | 3 дБ(А) |
Дірілдің жалпы көрсеткіші
| Максималды рүксатты өлшемдегі бұрандалармен гайкаларды тарту бойынша дірілдің шығысмәні ( acar ) | 12 м/с 2 |
| Максималды рүксатты өлшемдегі бұрандалармен гайкаларды тарту бойынша дәлсіздік | 1,5 м/с 2 |
4.3 Аккумулятор
| Аккумулятордың жұмыс кернеуі | 21,6 В |
| Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы | -17 °C ... 60 °C |
| Сақтау температурасы | -20 °C ... 40 °C |
| Зарядтаудың басындағы аккумулятор температурасы | -10 °C ... 45 °C |
5 Жұмысқа дайындық

АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
- Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
- Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
- Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
- Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
- Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз.
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
- Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
- Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
- Аккумуляторды аспап ұстағышына шерту дыбысы шыққанша мұқият салыңыз.
- Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3 Аккумуляторды шығару
- Аккумулятордың босату түймелерін басыңыз.
- Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
5.4 Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша) 2
Белдікке ілуге арналған ілгектің көмегімен арнайы электр құралды белдікке бекітуге болады. Оны оң және сол жақтан ұстау үшін орнатуға болады.
АБАЙЛАНЫЗ
Жарақат алу қаупі электр құралдың құлауынан!
Жұмысты бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін тексеріңіз.
- Белдікке ілуге арналған ілгекті орнатыңыз.
- Электр құралыңызды белдікке ілуге арналған ілгекке бекітіңіз.
- Белдікке ілуге арналған ілгек пен электр құралдың берік ұсталғанын қадағалаңыз.
5.5 Алмалы-салмалы құралды орнату
- Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы позицияға орнатыңыз немесе аккумуляторды құрылғыдан ажыратыңыз.
- Алмалы-салмалы аспаптың енгізу шеті таза екендігіне көз жеткізіңіз. Қажет болса, оны тазалаңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты аспап қысқысына тірелгенше салыңыз.
- Алмалы-салмалы аспаптың берік бекітілгенін тексеріңіз.
6 Жұмыс істеу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. Қате қолдану себебінен!
Сөндіргішті жұмыс барысында айналу бағытын және/немесе функцияны таңдау үшін пайдаланбаңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.1 Айналу моментін орнату
- Айналу моментінің қалаулы қадамы айналу моментінің индикаторында көрсетілгенше айналу моментінің ауыстырып-қосқышын баса беріңіз.
6.2 Оңға/солға айналу бағытын орнату
- Қажетті айналдыру бағытын орнату үшін, сағат тіліне бағыттас/сағат тіліне қарама-қарсы айналдыратын ауыстырып-қосқышты пайдаланыңыз.
Ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде болғанда, негізгі сөндіргіш бұғатталған болады (қосуды құлыптау). Бұғаттау электр қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда бағытты ауыстырудан қорғайды.
6.3 Қосу
▶ Бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
Басу тереңдігі арқылы айналу жиілігін реттеуге болады.
6.4 Бұрап бекіту
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақымдалған тетіктерінен жарақат алып қалу қаупі бар! Егер айналдыру моменті тым жоғары болатын болса, бұрандалар мен тетіктер зақымдалуы мүмкін. Бұл жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Бұрандалы бекіткіштер мен өңделетін бөлшек құрал тудыратын айналу моментіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
- Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйіне орнатыңыз.
- Айналу моментінің ауыстырып-қосқышы арқылы қалаулы айналу моментін орнатыңыз. → Бет 166
- Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына орнатыңыз.
6.5 Өшіру
▶ Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
6.6 Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Алмалы-салмалы құралды мұқият пайдаланбаса, одан жарақат алу қаупі бар! Алмалы-салмалы аспап ыстық не өткір болуы мүмкін.
- Аспапты қолданғанда және алмалы-салмалы аспапты алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
- Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге орнатыңыз немесе аккумуляторды аспаптан ажыратыңыз.
- Қысқыш сақинасын алға тартып шығарып, ұстап тұрыңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен шығарыңыз.
- Алмалы-салмалы аспаптың сақинасын босатыңыз.

ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар!
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Аспапқа қызмет көрсету
- Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
- Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
- Корпусты тек сөл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
- Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
- Корпусты тек сөл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
- Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
- Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
- Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
- Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, жұмысын тексеріңіз.

Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
8 Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау

АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу!
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз! - Аккумуляторларды шығарыңыз. - Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз. - Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау

АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу!
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз! - Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз. - Аккумуляторларды ешқашан күн астында, жылу көздерінің жанында немесе әйнек артында сақтамаңыз. - Аспап пен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. - Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт сақтаған соң, оларды пайдалану алдында зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
9 Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
| Ақаулық ықтимал | себеп Шешім | |
| Аспап жұмыс істемейді. | Аккумулятор толығымен салынбаған. | ▸ Аккумуляторды қос шырт еткен дыбыс естілгенше бекітіңіз. |
| Аккумулятор заряды бос. | ▸ Аккумуляторды алмастырып, бос аккумуляторды зарядтаңыз. | |
| Аспап жұмыс істемейді. | Аккумулятор толығымен салынбаған. | ▸ Аккумуляторды қос шырт еткен дыбыс естілгенше бекітіңіз. |
| Аккумулятор заряды бос. | ▸ Аккумуяторды алмастырып, бос аккумуляторды зарядтаңыз. | |
| Айналымдар саны тым тез төмендейді. | Аккумулятор заряды бос. | ▸ Аккумуляторды алмастырып, бос аккумуляторды зарядтаңыз. |
| Аккумулятор заряды әдеттегіден тезірек бітеді. | Қоршаған орта температурасы тым төмен. | ▸ Аккумуляторды үзақ үақытта бөлме температурасында жылытыңыз. |
| Ақаулық Ықтимал | себеп Шешім | |
| Аккумулятор бекітілгенде оған тән "қос шырт еткен дыбыс" естілмейді. | Аккумулятордағы құлып шоқылары кірленген. | ► Тіреуіш шығыңқы жерлерін тазалаңыз және аккумуляторды салыңыз. Мәселе шешілмесе, Hilti сервис орталығына хабарласыңыз. |
| Аспап немесе аккумулятор жылуды қарқынды түрде шығарады. | Электр бөлігі бойынша ақаулық. | ► Аспапты бірден өшіріңіз, аккумуляторды шығарыңыз, оны қадағалап, салқындауына мүмкіндік беріңіз және Hilti сервис орталығына хабарласыңыз. |
| Аспапқа шамадан тыс жүктеме түскен (пайдалану шегі асырылған). | ► Қолдануға жарамды аспапты таңдаңыз. |
10 RoHS (зиянды заттектердің пайдаланылуын шектеу директивасы)
Төмендегі сілтеме бойынша зиянды заттектердің кестесі келтірілген: qr.hilti.com/r3357052.
RoHS кестесінің сілтемесі осы құжаттаманың соңында QR коды ретінде берілген.
11 Кәдеге жарату

Hilti аспаптары қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдарды қамтиды. Кәдеге жарату алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспабыңызды қайта өңдеу үшін қайта қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилеріңізден сұраңыз.
Аккумуляторларды нұсқаулардан тыс кәдеге жарату нәтижесінде газ не сұйықтықтың шығуы денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
- Зақымдалған аккумуляторларды жіберуге немесе жөнелтуге болмайды!
▶ Қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін материалмен жауып қойыңыз. - Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп кәдеге жаратыңыз. - Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде кәдеге жаратыңыз немесе жергілікті кәдеге жарату кәсіпорнына хабарласыңыз.

Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз!
12 Өндіруші кепілдігі
- Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.

