Compact Cavities EO14552 - Пешка DELONGHI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Compact Cavities EO14552 DELONGHI PDF форматында.

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - Пешка
📄 88 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice DELONGHI Compact Cavities EO14552 - page 71
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Ықшам электр пеші
Бренд DeLonghi
Модель EO14552
Өлшемдері (Е x Т x Б) 45 см x 35 см x 30 см
Салмағы 10 кг
Қуат тұтынуы 1500 Вт
Кернеу 220-240 В ~ 50/60 Гц
Сыйымдылығы 30 л
Температура диапазоны 100 °C - 250 °C
Функциялар Пісіру, Гриль, Еріту, Жылы ұстау
Басқару түрі Батырмалар және механикалық таймер
Таймер 120 минутқа дейін автоматты өшірумен
Ішкі жарық Иә
Қауіпсіздік мүмкіндіктері Салқын жанасу тұтқасы, автоматты өшіру, қызып кетуден қорғау
Тазалау Оңай тазаланатын эмаль ішкі жағы, алынатын үгінді науасы
Қосымша керек-жарақтар Пісірме науа, сым тор, үгінді науасы
Энергия тиімділік класы A
Түсі Тот баспайтын болат

Жиі қойылатын сұрақтар - Compact Cavities EO14552 DELONGHI

DeLonghi EO14552 пешін қалай алдын ала қыздыруға болады?
Функция тетігін қажетті режимге (мысалы, Пісіру) бұраңыз және температураны орнатыңыз. Индикатор шамы сөнгенше күтіңіз, бұл белгіленген температураға жеткенін білдіреді.
Бұл пештің максималды температурасы қандай?
Максималды температура 250 °C.
Пеште алюминий фольгасын қолдануға бола ма?
Иә, алюминий фольгасын қолдануға болады, бірақ жылыту элементтерін немесе пештің түбін жаппаңыз, жылудың дұрыс айналуын қамтамасыз ету үшін.
Ішкі жағын қалай тазалауға болады?
Пеш салқындағаннан кейін ішкі жағын дымқыл шүберекпен және жұмсақ жуғыш затпен сүртіңіз. Эмаль жабыны тазалауды жеңілдетеді. Үгінді науасын үнемі алып, тазалаңыз.
Пеште балалар құлпы бар ма?
Жоқ, бұл модельде балалар құлпы жоқ. Дегенмен, салқын жанасу тұтқасы күйік қаупін азайтады.
Пісірме науасының өлшемдері қандай?
Пісірме науасының өлшемдері шамамен 35 см x 25 см.
Неліктен пеш қызбайды?
Электр сымының қосылғанын, таймердің орнатылғанын және функция тетігінің пісіру режиміне бұрылғанын тексеріңіз. Мәселе сақталса, тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Бұл пеште тамақты грильдеуге бола ма?
Иә, онда гриль функциясы бар. Тамақты сым торға қойып, гриль параметрін таңдаңыз.
Таймерді қалай орнатуға болады?
Таймер тетігін сағат тілімен қажетті минутқа (120-ге дейін) бұраңыз. Таймер нөлге жеткенде пеш автоматты түрде өшеді.
Пеш энергияны үнемдей ме?
Иә, ол энергия тиімділігі А класына ие, өзінің сыйымдылығы үшін салыстырмалы түрде аз қуат тұтынады.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Compact Cavities EO14552 DELONGHI

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Пешка PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Compact Cavities EO14552 - DELONGHI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Compact Cavities EO14552 брендінің DELONGHI.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Compact Cavities EO14552 DELONGHI

A Үстіңгі қыздыру элементі, B ішкі шам (кейбір үлгілерде ғана), E термостат деңгелегі, F таймер тетігі, G функцияны таңдау дөңгелегі, H термостат шамы, I астыңғы қыздыру элементі, L шыны қақпақ, M қиқым науасы

C сым текше – (*) Кейбір үлгілерде ғана

D пісіру науасы (кейбір үлгілерде ғана)

ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

Өлшемі: Ұзындығы x Биіктігі x Диаметрі:

490 x 235 x 370 мм

Салмағы: 8.3 кг

ФУНКЦИЯЛАР

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - ФУНКЦИЯЛАР - 1

ДӘСТҮРЛІ ПЕШ ФУНКЦИЯСЫ барлық дәстүрлі пісіру түрлері үшін ыңғайлы

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - ФУНКЦИЯЛАР - 2

ЕРІТУ ФУНКЦИЯСЫ барлық өнімдерді ыңғайлы ерітуге мүмкіндік береді (кейбір үлгілерде ғана)

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - ФУНКЦИЯЛАР - 3

КОНВЕКЦИЯ жылдамырақ және біркелкі пісіру үшін өте ыңғайлы (кейбір үлгілерде ғана)

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - ФУНКЦИЯЛАР - 4

Ескеріңіз: Әр түрлі функциялар және тамақ пісіру кестелеріне қатысты қосымша ақпаратты мына беттегі суреттерден көріңіз: 73-81.

ТЕРМОСТАТ ШАМЫ

Термостат шамы (H) пеш қосылған кезде және орнатылған температураға дейін қызған кезде жанады, ал қажетті температураға жеткенде өшеді.

Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.

Ескеріңіз:

Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.

  • Пешті бірінші рет пайдаланбас бұрын, пештің ішіндегі қорғаныш қатырма қағаз, кітапшалар, полиэтилен қалталары, т.б. сияқты кез келген қағазды және басқа нәрселерді алып тастаңыз. • Құрылғы қосылған розеткадан кемінде 20 см қашықтықта орналасуы керек.
  • Тасымалдау алдында қыздыру элементтеріне жабыстырылған қорғаныш заттардың болуынан туындайтын кез келген түтінді және «жаңа» иісті кетіру үшін, бірінші рет пайдалану алдында құрылғының термостатын кемінде 20 минутқа қойып, пешті бос күйінде қосыңыз. Бөлмені желдетіңіз.
  • Барлық керек-жарақтарды пайдалану алдында жуыңыз.
  • Пештің қуыстарын немесе қосымша құралдарын тазалаған кезде, шіріткіш, қышқыл немесе өткір химикаттарды ешқашан пайдаланбаңыз.

! Маңызды!

Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.

- Бұл пеш тамақ пісіруге арналған. Оны ешқашан басқа мақсаттар үшін пайдалануға, кез келген түрде құрылымын өзгертуге немесе жасанды түрде жасалмауы керек.

Құрылғыны орамынан шығарған соң, оның қақпағының зақымданбағанын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Қақпақ шыныдан жасалған, сондықтан ол сынғыш болып келеді. Егер оның шытынағаны, соғылғаны немесе сызылғаны байқалса, оны ауыстыру керек. Құрылғыны пайдалану, тазалау және жылжыту кезінде қақпақты қатты жаппаңыз немесе ұрмаңыз. Құрылғы ыстық болған кезде шыныға сұйық зат құймаңыз.

- Құрылғыны әрқашан биіктігі кемінде 85 см, беті көлденең және балалардан қорғалған жерге орналастырыңыз.

• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі

жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың осы құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз. Балалар сегіз жастан аспаған болса және қадағалауда болмаса, тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балалар бақылаусыз орындамаулары керек.

• Құрылғыны және қуат кабелін сегіз жастан аспаған балалардан аулақ ұстаңыз. • Құрылғыны қолдану барысында жылжытпаңыз. • Бұл құрылғыны мына жағдайларда пайдаланбаңыз: - қуат кабелінде ақаулық болса; - құрылғы құлап кеткен болса, оның зақымданғаны немесе ақаулығы байқалса.

Мұндай жағдайларда барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін құрылғыңызды ең жақын жердегі уәкілетті тұтынушы қызметтеріне алып барыңыз.

  • Бұл құрылғыны ешқашан ыстық көздердің қасына қоймаңыз. • Бұл құрылғыны жылу көзі ретінде пайдаланбаңыз.
  • Пештің ішіне ешқашан қағаз, қатырма қағаз немесе пластмассаны салмаңыз және құрылғының үстіне ешқашан ешнәрсе қоймаңыз (құралдар, торлар, басқа заттар).
  • Желдету саңылауларына ешқашан ешнәрсе салмаңыз. Оларға ешнәрсе тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз. • Бұл пеш кірістіріп орнатуға арналмаған.
  • Ашық қақпақтың үстіне ауыр заттарды, қайнап жатқан табаларды немесе ыдыстарды қоймаңыз. Тұтқаны төмен қарай баспаңыз.
  • Кәсіби немесе дұрыс емес қолдану немесе пайдалану нұсқауларын орындамау өнім жасаушысын

барлық жауапкершіліктерден босатады және кепілдікті жарамсыз етеді.

- Бұл – тек үйде пайдалануға арналған құрылғы.

Оны мынадай жерлерде пайдалануға болмайды: дүкендердегі, офистердегі және

ұқсас жұмыс орталарындағы қызметкерлер тамақтанатын орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге; төсек қақ және таңғы ас беретін орталарда.

  • Пайдаланылмаған кезде және тазаламас бұрын, құрылғыны әрқашан розеткадан ажыратып жүріңіз.
  • Бұл құрылғыны таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылмауы керек.
  • Бұл құрылғыны артын қабырғаға қаратып орналастыру арқылы пайдалану керек.
  • Тазалау алдында таймерді «0» бағытына бұрау және оны розеткадан ажырату арқылы әрқашан құрылғыны ажыратып отырыңыз.

Күйіп қалу қаупі бар!

Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.

- Жұмыс істеп тұрған кезде қақпақ және қол жетімді сыртқы беттері қатты қызуы мүмкін. Әрқашан құлақшаларды, тұтқаларды және түймелерді ғана ұстап пайдаланыңыз. Металл бөліктерді немесе шыныны ешқашан ұстамаңыз. Қажет болса ас пісіру

қолғабын киіңіз.

• Бұл құрылғы өрт шығуына әкеп соқтыруы мүмкін жоғарғы температураларда жұмыс істейді. - Өнімдерді ешқашан пештің қасына немесе ол орналасқан жердегі жұмыс істелетін бетке қоймаңыз. - Бұл құрылғыны ешқашан қабырға шкафының, текшесінің астында немесе перделер, жалюздер және т.б. сияқты тұтанғыш материалдардың қасында пайдаланбаңыз. - Егер тамақ немесе пештің басқа бөліктері өртенсе, өртті ешқашан сумен өшіруге әрекеттенбеңіз.

Қақпақты жабыңыз, розеткадан суырыңыз және отты дымқыл шүберекпен бүркеңіз.

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - Күйіп қалу қаупі бар! - 1

Қайынды!

Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.

• Розеткаға қоспас бұрын, мынаған көз жеткізіңіз: - Құрылғының төлқұжат жапсырмасында көрсетілген кернеуі үйдегі розетканың кернеуіне сәйкес. - розетка жерге тұйықталған болуы керек және онда кемінде 16 А қуат болуы керек.

Осы апатты жағдайдың алдын алуға арналған ереже орындалмаған жағдайда өнім жасаушысы ешнәрсе үшін жауапты болмайды.

- Қуат кабелінің түйдектеліп қалуына жол бермеңіз және пештің ыстық бөліктерін ұстамаңыз.

Құрылғыны қуат кабелін тарту арқылы ешқашан ажыратпаңыз.

  • Егер Berg кабельді пайдаланғыңыз келмесе, оның жақсы күйде тұрғанына, розетканың тұйықталғанына және сымдардың айқасқан бөліктері кемінде құрылғымен бірге берілген қуат сымына тең екеніне көз жеткізіңіз.
  • Электрлік шоктың барлық қауіптерінің алдын алу үшін, қуат кабелін, ашаны немесе құрылғының өзін ешқашан суға батырмаңыз.
  • Егер қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін оны өнім жасаушысы, өнім жасаушысының тұтынушылық қызметтері немесе білікті маман

ауыстыруы керек.

- Жеке қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыны ешқашан өз бетіңізше бірнеше бөлікке бөлшектемеңіз. Әрқашан тұтынушыларды қолдау қызметтерімен хабарласыңыз.

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - Қайынды! - 1

Бұл құрылғы мына ЕО директиваларына сәйкес:

• 2006/95/EC төменгі кернеу директивасы және кезекті толықтырулары; • EMC 2004/108/EC директивасы және кезекті толықтырулары; • Еуропалық ережелердің (ЕС) 1935/2004 тағам тиетін материалдар мен керек-жарақтар ережесіне сәйкес.

Бүйым түрі:өнімdegі таңбалауға қараңыз
Улгі:
Кернеу:
Жиілік:
Қуаты:

Қытайда:

De'Longhi Appliances s.r.l.

via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy

Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін жасалған.

Кедендік одақтар территориясында тұтынушыларға тасымалдау үшін жауапкершілікті және импортер:

"Делонги" ЖШК

127055 Ресей, Мәскеу қ.,

Сущёвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат

Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында көрсетілген жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастан 2 жылға созылады.

Бұйым шығарылған күнін бұйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бұл жерде А – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастан автоматты түрде есептеледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)

EAC

DELONGHI Compact Cavities EO14552 - EAC - 1

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : DELONGHI

Модель : Compact Cavities EO14552

Санат : Пешка