WSPE7H616W - кір жуғыш машина BEKO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WSPE7H616W BEKO PDF форматында.

BEKO WSPE7H616W - кір жуғыш машина
📄 88 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BEKO WSPE7H616W - page 34
Нұсқаулықты қарау : English EN Қазақша KK Русский RU
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріЕркін тұратын кір жуғыш машина
МодельWSPE7H616W
БрендBeko
ТүсіАқ
Өлшемдері (Биіктігі x Ені x Тереңдігі)850 x 600 x 540 мм
Таза салмағы63 кг
Номиналды сыйымдылығы (Мақта)7 кг
Максималды айналу жылдамдығы1200 айн/мин
Энергия тиімділігі класыA+++
Жылдық энергия тұтынуы (кВт·сағ/жыл)180 кВт·сағ
Жылдық су тұтынуы (литр/жыл)9900 л
Шу деңгейі (Жуу/Айналдыру)56 дБ / 76 дБ
Бағдарламалар саны15
Кіретін бағдарламаларМақта, Синтетика, Нәзік, Жүн, Жылдам 14 мин, Күнделікті, т.б.
ЕрекшеліктерЖылдам бағдарлама, Кешіктіру старты, Бала құлпы, Судан қорғау жүйесі
Қуат кірісі (Кернеу / Жиілік)220-240 В / 50 Гц
Қуат тұтынуы (Жуу/Қыздыру)2000 Вт
Су қысымының диапазоны1 - 10 бар
Техникалық қызмет көрсету және тазалауҰнтақ салғышты, сүзгіні және барабанды үнемі тазалаңыз
Қауіпсіздік ерекшеліктеріБала құлпы, Су тасқынына қарсы жүйе, Қызып кетуден қорғау
Қосымша бөлшектердің қолжетімділігіБелбеу, барабан, сорғы, есік тығыздағышы, басқару тақтасы, т.б.
Жөндеу мүмкіндігі индексі8.1/10

Жиі қойылатын сұрақтар - WSPE7H616W BEKO

Beko WSPE7H616W максималды айналу жылдамдығы қандай?
Максималды айналу жылдамдығы 1200 айн/мин, бұл кептіру уақытын қысқартуға көмектесіп, маталарға жұмсақ әсер етеді.
Осы кір жуғыш машинада бала құлпын қалай қосуға болады?
'Бала құлпы' түймесін (әдетте құлып белгішесі) 3 секунд басып тұрыңыз. Бала құлпы индикаторы жанады. Өшіру үшін қайталаңыз.
Beko кір жуғышымдағы H1 қате коды нені білдіреді?
H1 қате коды жылыту мәселесін көрсетеді. Су кіруінің бітеліп қалғанын немесе жылытқыштың ақаулы екенін тексеріңіз. Ақаулықты жою бойынша нұсқаулықты қараңыз.
Ұнтақ салғышын қалай тазалауға болады?
Босату рычагін басу арқылы салғышты алыңыз. Оны жылы су астында щеткамен жуыңыз, әсіресе сұйық ұнтаққа арналған бөлімдерді. Кептіріп, қайта салыңыз.
Осы үлгінің энергия тиімділігі класы қандай?
Beko WSPE7H616W энергия тиімділігі бойынша A+++ деп бағаланған, яғни ол төмен бағаланған үлгілермен салыстырғанда энергияны айтарлықтай аз тұтынады.
Кір жуғыш машинаның жылдам жуу бағдарламасы бар ма?
Иә, оған 'Жылдам 14' бағдарламасы кіреді, ол шағын жүкті 14 минутта жуады, аздап кірленген киімдерге өте ыңғайлы.
Осы машинаға қандай ұнтақ ұсынылады?
Жоғары тиімді (HE) ұнтақты немесе сұйық түрінде қолданыңыз. Салқын жуу кезінде сұйық ұнтақ жақсы ериді. Шамадан тыс қолданудан аулақ болыңыз.
Барабанның сасып иіс шығаруын қалай болдырмауға болады?
Әр 2-3 ай сайын техникалық қызмет көрсету циклін (мысалы, Барабанды тазалау бағдарламасын) іске қосыңыз. Әр циклден кейін есік пен салғышты кептіру үшін ашық қалдырыңыз.
Осы кір жуғыш машинаның өлшемдері қандай?
Өлшемдері: 850 мм (биіктік) x 600 мм (ені) x 540 мм (тереңдік), бұл оны стандартты асүй немесе кір жуу бөлмесі кеңістігіне жарамды етеді.
Beko WSPE7H616W пайдаланушы нұсқаулығын қайдан жүктеп алуға болады?
Нұсқаулықты notice-facile.com сайтынан PDF форматында тегін жүктеп алуға болады. Сайтта WSPE7H616W үлгісін іздеңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WSPE7H616W BEKO

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кір жуғыш машина PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WSPE7H616W - BEKO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WSPE7H616W брендінің BEKO.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WSPE7H616W BEKO

Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.

Құрметті сатып алушы!

БЕКО компаниясының өнімдерін таңдағаныңыз үшін рахмет. Ең заманауи технологияларды қолдана отырып жасалған сіздің жоғары сапалы машинаңыз пайдаланудың ең жақсы нәтижелерін көрсетеді деп үміттенеміз. Ол үшін пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты және барлық ілеспе құжаттаманы мұқият оқып шығыңыз және оны одан әрі анықтағыш ретінде пайдаланыңыз. Машинаны басқа тұлғаға бергенде осы нұсқаулықты бірге беріп жіберіңіз. Нұсқаулықта көрсетілген барлық ескертулер мен ақпаратты ұстаныңыз. Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық бірнеше модельдер үшін қолданылуы мүмкін. Модельдер арасындағы айырмашылықтар нұсқаулықта көрсетілген.

Шартты белгілер

Берілген нұсқаулықта келесі шартты белгілер пайдаланылады.

BEKO WSPE7H616W - Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. - 1

Маңызды ақпарат немесе пайдалану бойынша пайдалы кеңестер.

BEKO WSPE7H616W - Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. - 2

Жарақаттану қаупі немесе мүліктің зақымдануы туралы ескерту.

BEKO WSPE7H616W - Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. - 3

Электр тогымен зақымдану қаупі туралы ескерту.

BEKO WSPE7H616W - Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. - 4

Кір жуғыш машинаңыздың қаптамасы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес қайта өңдеуге жататын материалдардан жасалған.

BEKO WSPE7H616W - Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. - 5

Өнім сертификатталған. Сертификаттау туралы ақпарат тел. бойынша: 8-800-200-23-56 (Ресей аумағында қоңырау шалу тегін). «БЕКО» ЖШҚ, 601021, Ресей, Владимир обл., Киржачский ауд., муниципалдық білім беру Першинское ауыл қоңысы, Федоровский ауылы, Сельская көш., 49-үй.

Өткізудің арнайы шарттары белгіленбеген.

Өнім ТШ 27.51.13-001-58880098-2017 бойынша "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы КО ТР 004, "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі КО ТР 020, «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» ЕАЭО ТР 037 сәйкес жасалған.

Сапа менеджменті, экология және энергетика жүйесі 9001, 14001, 50001 стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

BEKO WSPE7H616W - Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. - 6

Бұл өнім қоршаған ортаға зиян келтірмей, ең заманауи технологияны қолдану арқылы жасалған.

1 Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маңызды нұсқаулықтар

Бұл бөлімде қауіпсіздік техникасы ережелері бар, оларды орындау жарақат алудан немесе материалдық залалдан құтылуға мүмкіндік береді. Осы ережелер сақталмаған жағдайда барлық кепілдік міндеттемелер жойылады.

1.1. Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері

  • Бұл бұйымды 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі, не тәжірибесі мен білімі жоқ адамдардың құрылғыны қауіпсіз пайдалануына жол беріледі, егер олар қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға байланысты және тәуекелдерге қатысты басшылық жасалса ғана. Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат етпеңіз.
  • Ересектердің үнемі бақылауынсыз үш жасқа толмаған балаларды жақындатпаңыз.
  • Кілем жабынына машинаны орнатпаңыз. Машинаның түбіндегі жеткіліксіз желдету электр бөлшектерінің қызып кетуіне және бұйым жұмысындағы қиындықтарға әкелуі мүмкін.
  • Жөндеу жүргізу үшін фирмалық қызмет көрсету орталығына жүгінгенге дейін ақаулығы бар бұйымды пайдаланбаңыз. Бұл электр тогының соққысына әкелуі мүмкін!
  • Бұл бұйымда үзілістен кейін электр энергиясын беруді қалпына келтірілгенде жұмысты қайта бастау көзделген. Бағдарламаны орындауды болдырмау үшін «Бағдарламаны жою» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
  • Бұл құрылғыны 16 А сақтандырғышпен қорғалған, жерге қосылған розеткаға қосу керек. Міндетті түрде жерге қосуды орнатыңыз. Жерге қосуды білікті электрик орындауы тиіс. Жергілікті ережелерге сәйкес орындалған жерге қосуы болмаған жағдайда, дайындаушы-компания залалды өтеу бойынша кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
  • Су беру шлангісі мен ағызу шлангісі сенімді бекітілуі тиіс және ағып кетуді болдырмау үшін ақаулықтары болмауы қажет.
  • Жүктеу люгінің есігін ашпаңыз және сүзгіні алмаңыз, егер барабанда су бар болса. Бұл талап орындалмаған жағдайда су басу және ыстық судан күйік алу қаупі туындайды.
  • Жүктеу люгінің есігі бұғатталып тұрғанда, оны ашуға тырыспаңыз. Жүктеу люгінің есігін жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін ашуға болады. Бұғатталған есікті ашу әрекеті есік пен құлыпты зақымдауы мүмкін.
  • Машина пайдаланылмағанда, оны электр желісінен ажыратыңыз. Су беру шлангісінің су құбыры кранын жабыңыз.
  • Машинаны су ағынымен жууға тыйым салынады. Бұл электр тогының соққысына әкелуі мүмкін!
  • Қуаттандыру бауының ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз. Ашаны розеткадан суырғанда, бауынан тартпаңыз, ашасынан ғана ұстаңыз.
  • Автоматты кір жуғыш машиналарға арналған жуу құралдары мен қоспаларды ғана пайдаланыңыз.
  • Киім мен киім-кешек заттаңбаларының нұсқауларын, сондай-ақ жуу құралдары қаптамасындағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
  • Машинаны орнату, техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе жуу алдында оны электр желісінен ажыратыңыз.
  • Машинаны орнату және жөндеу бойынша жұмыстарды тек авторизацияланған сервис орталығының мамандары ғана орындауы тиіс. Дайындаушы-компания оған құқығы жоқ тұлғалардың жұмыстарды орындау нәтижесінде туындаған залал үшін жауап бермейді.
  • Қуаттандыру бауының зақымдануы болған жағдайда тәуекелдерді болдырмау үшін оны өндіруші, оның сервис жөніндегі өкілі, осыған ұқсас біліктілігі бар тұлға (электрик болғаны абзал) немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға ауыстыруы тиіс.

1.2. Тағайыны бойынша пайдалану

  • Бұл бұйым тұрмыстық қолдануға арналған. Бұйымды коммерциялық мақсатта, сондай-ақ тікелей тағайынына сай емес қолдануға тыйым салынады.
  • Бұйымды тек тиісті таңбалануы бар киім мен киім-кешекті жуу және шаю үшін ғана пайдалануға болады.
  • Дайындаушы-компания дұрыс қолданбау немесе тасымалдау нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты болмайды.
  • Бұйымның жобалық қызмет мерзімі 10 жылды құрайды. Осы мерзім ішінде бұйымның сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін дайындаушы-компания фирмалық қосалқы бөлшектерді ұсынады.

1.3. Балалар қауіпсіздігі

Қаптама материалдары балаларға қауіп төндіреді. Қаптамалық материалдарды балалардың қолы жетпейтін, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

Электр құралдары балаларға қауіп төндіреді. Балаларды жұмыс істеп тұрған машинаға жақын жібермеңіз. Олардың машинаны зақымдамауын қадағалаңыз. Машинаның жұмысына араласуды болдырмау үшін балалардан бұғаттауды пайдаланыңыз.

Машина орнатылған үй-жайдан кеткенде, жүктеу люгінің есігін міндетті түрде жабыңыз. Жуу құралдары мен қоспаларды балалардың қолы жетпейтін, қауіпсіз жерде сақтаңыз, жуу құралы контейнерінің қақпағын жауып отырыңыз немесе оның қаптамасын жапсырып қойыңыз.

1.4. Қаптаманы кәдеге жарату

BEKO WSPE7H616W - Қаптаманы кәдеге жарату - 1

Аспаптың қаптамасы қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік заңдарға сәйкес, қайталама өңдеуге жататын шикізаттан дайындалған. Қаптама материалдарын тұрмыстық немесе басқа да қалдықтармен бірге лақтырып тастамаңыз. Қаптама материалдарын қалдықтарды жинау және жинақтау мақсатында ұйымдастырылған арнайы орындарға (алаңдарға) апарыңыз. Қаптама қалдықтарын түрлері мен топтарына қарай, біртекті қалдықтар (бөлек жинақтау) бойынша бөлек жинау қажет. Мысалы, қаптамалық үлдірді пластикалық қалдықтарды жинауға немесе қайта өңдеуге және т. б. жататын қалдықтарды жинауға арналған контейнерге жинау қажет. Қалдықтарды уақытша жинақтау орындарына қойылатын нақты талаптарды (оның ішінде контейнерлерді белгілеу түрлерін) өңірлік құжаттардан табуға болады.

1.5. Ескі бұйымды кәдеге жарату

Бұл өнім қайта пайдалануға және қайта өңдеуге жататын жоғары сапалы бөлшектер мен материалдардан жасалған. Сондықтан бұйымды пайдаланылуы аяқталғаннан кейін қалыпты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын кәдеге жарататын арнайы орынға тапсырыңыз. Жақын жердегі қалдықтарды жинау пунктінің орналасқан жері туралы жергілікті биліктен біле аласыз. Өңделген материалдардан жасалған өнімді пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беріңіз. Бұйымды кәдеге жаратар алдында қуаттандыру бауын қиыңыз және балаларға қауіпті болдырмау үшін, жүктеу люгі есігінің құлпын сындыру қажет.

1.6. Электр және электрондық жабдықты (WEEE) кәдеге жарату және пайдаланудан шыққан жабдықты кәдеге жарату туралы ЕО Директивасына сәйкестік:

BEKO WSPE7H616W - Электр және электрондық жабдықты (WEEE) кәдеге жарату және пайдаланудан шыққан жабдықты кәдеге жарату туралы ЕО Директивасына сәйкестік: - 1

Бұл бұйым электр және электрондық жабдықты (2012/19/EU) кәдеге жарату туралы ЕО Директивасына сәйкес келеді. Бұл бұйымда электр және электрондық жабдық (WEEE) ретінде кәдеге жарату қажеттігін көрсететін таңбалауы бар.

1.7. ЕАЭО ТР 037 және зиянды заттарды пайдалануды шектеу жөніндегі ЕО Директивасына сәйкестігі

Кір жуғыш машина ЕАЭО ТР 037 „Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламентіне және зиянды заттарды пайдалануды шектеу бойынша ЕО Директивасына (2011/65/EU) сәйкес келеді. Онда директивада және регламентте көрсетілген зиянды және тыйым салынған материалдар жоқ.

2 Кір жуғыш машинаның сипаттамасы

2.1. Жалпы түрі

1- Қуаттандыру бауы 2- Жоғарғы тақта 3- Баскару тақтасы 4- Ағызу шлангісі 5- Жүктеу люгінің есікшесі 6- Сүзгі қақпағы 7- Реттелетін аяқшалар 8- Жуу құралдарын таратқыш

1 2 3 4 5 6 7 8

2.2. Қаптаманың ішіндегісі

BEKO WSPE7H616W - Қаптаманың ішіндегісі - 1

1 - Ағызу шлангісі 2 - Қуаттандыру бауы 3 - Тасымалдау сақтандырғыш бұрандалары * 4 - Су құбыры суын беретін шланг (сүзгілердің келесі түрлерінің бірі су құбыры суын беретін шлангіні қосу үшін пайдаланылады.)

5 - Пайдалану бойынша нұсқаулық

6 - Пластмассалы бітеуіш торабы

*Машина моделіне байланысты тасымалдау сақтандырғыш бұрандалар саны әр түрлі болуы мүмкін.

BEKO WSPE7H616W - Қаптаманың ішіндегісі - 2

Бүйымның жетілдірілуіне байланысты техникалық сипаттамалар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

2 Кір жуғыш машинаның сипаттамасы

2.3. Техникалық сипаттамалары

Моделі WSPE7H616W MVSPE7H9616W WSPE7H616A WSPE7H616S
Құрғақ киім-кешектің макс. жүктелімі (кг)7,5 7,5 7,57,5
Биіктігі (см) 84 848484
Ені (см)60606060
Терендігі (см)49 494949
Салмағы нетто (±4 кг)62626262
Электр қуаттандыруы (В/Гц)230 V / 50 Hz230 V / 50 Hz230 V / 50 Hz230 V / 50 Hz
Ток (А)10101010
Тұтыну қуаты (Вт)2200220022002200
Сығудың макс. жылдамдығы (мин./айнал.)1200120012001200
Құту режиміндегі энергия тұтынуы (Вт)1.001.001.001.00
Өшірілген күйдегі энергия тұтынуы (Вт)0.250.250.250.25
Энергетикалық тиімділік сыныбыАААА
Осы нүсқаулықтағы суреттер сулбалық сипатқа ие және нақты бұйымға толық сәйкес келмеуі мүмкін.
Бұйымның заттаңбасында және ілеспе құжаттамада көрсетілген деректер тиісті стандарттарға сәйкес зертханалық жағдайларда алынған. Бұл деректер бұйымның пайдалану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Басқару панелінде көрсетілген энергия тиімділігінің класы Еуропалық Одақтың энергия тиімділігі класына сәйкес келеді.
Кір жуғыш машина санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға, соның ішінде келесі критерийлерге сәйкес:- максималды дыбыс деңгейі - 75 дБа артық емес;- діріл үдеуінің түзетілген деңгейі - 80 дБ артық емес.

3 Орнату

Бүйымды орнату үшін жақын жердегі фирмалық сервис орталығына жүгініңіз. Фирмалық сервис орталығына жүгінбес бұрын пайдалану нұсқаулығымен танысып, бұйымның электр желісіне, су құбырына және кәрізге қосу мүмкіндігін тексеріңіз. Қажет болған жағдайда қажетті дайындық жұмыстарын орындау үшін білікті электрикке немесе сантехникке жүгініңіз.

[722W]Бүйымды орнату үшін орын дайындау,оның ішінде электр желісін, суқұбыры мен кәрізді бүйымды қосуғадайындау сатып алушының міндетіболып табылады.
[28H7]ЕСКЕРТУ:Бүйымды орнатуды және оны электржелісіне қосуды фирмалық сервисорталығының мамандары орындауытиіс. Дайындаушы-компанияоган құқығы жок түлғалардыңжұмыстарды орындау нәтижесіндетуындаған залал үшін жауапberмейді.
BEKO WSPE7H616W - Орнату - 1ЕСКЕРТУ: Орнату алдында бүйымдыақаулардың болувына қатыстытексеру қажет. Егер ондайларбар болса, өнімді орнатпаңыз.Зақымданған бүйымдар жазатайымоқифаға себеп болуы мүмкін.
BEKO WSPE7H616W - Орнату - 2Бүйымды орнату немесе тазалаукезінде жылжыту кезінде электрқуаттандыру бауының, құю жәнеағызу шланғыларының майысуына,қысылуына немесе зақымдануынажол бермеңіз.
  • Оңтайлы өнімділік үшін машинаны қатты еденге орнату керек. Аспапты ұзын түкті кілем жабынына немесе ұқсас беттерге орнатпаңыз.
  • Ағаш едендерді діріл деңгейін және/немесе біркелкі емес жүктемелену мүмкіндігін төмендету үшін бекіту қажет болуы мүмкін. Кілем жабындары мен кафель едендері дірілге төзімді емес, және кір жуғыш машина сығу кезінде біршама жылжуы мүмкін.
  • Кептіргіш автоматын кір жуғыш машинаға орнатқан жағдайда толық жүктеу кезінде аспаптың жалпы салмағы шамамен 180 кгды құрайды, сондықтан оларды тек осындай жүктемеге төзімді тегіс қатты еденге ғана орнату керек.
  • Аспапты қуаттандыру бауының үстіне қоймаңыз.
  • Аспапты температура 0 °С-ден төмен түсуі мүмкін үй-жайларға орнатпаңыз. Аспап тікелей күн сәулесі әсерінен қорғалуы қажет.
  • Аспап пен басқа жиһаздың арасында кемінде 1 см саңылау қалуы тиіс.

2-ҚАДАМ. Қаптама материалдарын жою

BEKO WSPE7H616W - 2-ҚАДАМ. Қаптама материалдарын жою - 1

ЕСКЕРТУ: Қаптама материалдары балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Барлық қаптама материалдарын (пластикалық және полистирол пакеттері мен т.б.) балалардың қолы жетпейтін орынға орналастырып кәдеге жаратыңыз.

3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою

BEKO WSPE7H616W - 3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою - 1

ЕСКЕРТУ: Каптама материалдарын жоймағанша, тасымалдау бекітпелерін шешіп алмаңыз.

Кір жуғыш машинаны пайдаланар алдында тасымалдау бұрандаларын шығарыңыз! Бұл шартты орындамау машинаның сынуына әкеп соғады.

  1. Бұрандаларды гайка кілтімен босатыңыз, олар бос айналатындай болуы керек.
  2. Пластмасса және резеңке төлкелері бар қауіпсіздік транзиттік болттарды абайлап бұрап алыңыз.
  3. Артқы қабырғадағы саңылауларды нұсқаулықпен бірге қапшықта орналасқан пластикалық тығындармен жабыңыз.

BEKO WSPE7H616W - 3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою - 2

BEKO WSPE7H616W - 3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою - 3

BEKO WSPE7H616W - 3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою - 4

BEKO WSPE7H616W - 3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою - 5

Егер кір жуғыш машинаны тасымалдау қажет болса, сақтандырғыш бұрандаларды сақтап қойыңыз.

Егер сақтандырғыш тасымалдау бұрандалары орнатылмаса, бұйымды тасымалдауға тыйым салынады.

4-ҚАДАМ. Аяқшаларын реттеу

BEKO WSPE7H616W - 4-ҚАДАМ. Аяқшаларын реттеу - 1

ЕСКЕРТУ: Кір жуғыш машина тыныш және дірілсіз жұмыс істеуі үшін, ол түзу және орнықты тұруы қажет. Аяқшалардың биіктігін реттеп, машинаны түзетіңіз. Егер мұны жасамаса, машина өз орнынан жылжып кетуі мүмкін, бұл жоғары діріл мен зақымдарға әкеледі.

3 Орнату

  1. Қолмен аяқшалардағы контргайкаларды босатыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Орнату - 1

  1. Машина түзу және орнықты тұруы үшін аяқшалар биіктігін реттеңіз.

BEKO WSPE7H616W - Орнату - 2

  1. Содан кейін қолмен барлық контргайкаларды тартыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Орнату - 3

BEKO WSPE7H616W - Орнату - 4

ЕСКЕРТУ:

Контргайкаларды босатқанда оларды зақымдамау үшін, қандай да бір саймандарды қолданбаңыз.

BEKO WSPE7H616W - ЕСКЕРТУ: - 1Машинаның қалыпты жұмыс істеуі үшін су беру жүйесіндегі қысым 1-ден 10 бар (0,1-1 МПа) шегінде болуы тиіс. Бүл ретте толық ашық кран жағдайында су шығыны минутына 10-80 литр суды құрайды. Егер су құбырында қысым біршама жоғары болса, редукциялық клапан орнату қажет.
Егер екі су қабылдағыш келтекұбыры бар бұйымды бір су (суық) келтірімі бар бұйым ретінде пайдалану ұйғарылса, ыстық су қабылдағыш клапанына тығын орнату керек (бул тығын жинақталымына кіретін бұйымдарға қатысты).
BEKO WSPE7H616W - ЕСКЕРТУ: - 2ECKEРТУ: Бір су беру келтекұбыры бар модельдерді ыстық су кранына қосуға болмайды. Бұл жағдайда киім-кешек бұзылады, немесе қорғаныс жүйесі іске қосылады және машина жұмысын токтатады.
ECKEРТУ: Жаңа кір жуғыш машина үшін бұрын пайдаланылған қую шлангілерін пайдаланбаңыз. Бұл киім-кешекте дақтардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
  1. Барлық гайкаларды қолмен тартыңыз. Гайкаларды тарту үшін гайка кілтін пайдаланбаңыз.

BEKO WSPE7H616W - ЕСКЕРТУ: - 3

  1. Шлангтарды қосқаннан кейін ағатын жерлерді тексеру үшін крандарды толығымен ашыңыз. Ағып кету жағдайында кранды жабыңыз және гайканы бұрап шешіп алыңыз. Төсемді тексеріңіз және гайканы тағы бір рет мұқият тартыңыз. Мүмкін болатын ағып кетулерді және осыған байланысты залалдарды болдырмау үшін, машина пайдаланылмаған кезде, крандарды жабыңыз.

6-ҚАДАМ. Суды ағызу

- Ағызу шлангісінің ұшын тікелей кәрізге қосу керек немесе раковинаға шығару керек.

BEKO WSPE7H616W - 6-ҚАДАМ. Суды ағызу - 1

ЕСКЕРТУ: Егер ағызу кезінде шланг қосылған жерден жұлынып қалса, су бүкіл үйге ағып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, күйік қаупі бар, себебі су температурасы өте жоғары болуы мүмкін! Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, сондай-ақ суды беру және ағызу жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін ағызу шлангісінің ұшын сенімді бекітіңіз.

- Шлангіні 40 см-ден 100 см-ге дейінгі биіктікке бекіту қажет.

- Егер шлангіні еден деңгейінен 40 см-ден кем биіктікте салып, кейіннен көтеру керек болса, суды ағызу қиын болады, және киім-кешек дымқыл болып қалады. Сондықтан суретте көрсетілген биіктіктің параметрлерін сақтау керек.

макс. 100 мин. 40

- Кір жуғыш машинаға кір судың түсуін болдырмау үшін және шлангінің ұшын кедергісіз ағызуды қамтамасыз ету үшін ағызу тесігіне 15 см-ден тереңірек батырылмаған жөн. Егер шлангі тым ұзын болса, оны кесіп тастау керек.

- Ағызу шлангісінің майысусыз салынуын және ештеңемен қысылмауын, ал ағызу шлангісінің соңы бұралмауын қадағалаңыз.

- Егер шлангі тым қысқа болса, оны фирмалық ұзартқыш шлангімен

3 Орнату

ұзартыңыз. Шлангінің жалпы ұзындығы 3,2 м-ден аспауы тиіс. Судың ағып кетуін болдырмау үшін ағызу шлангісі мен ұзартқыш шлангіні жалғау үшін тиісті қамытты қолдану қажет.

7-ҚАДАМ. Электр желісіне қосу

Бұл құрылғыны 16 А сақтандырғышпен қорғалған, жерге қосылған розеткаға қосу керек. Жергілікті ережелерге сәйкес орындалған жерге қосуы болмаған жағдайда, дайындаушы-компания залалды өтеу бойынша кез келген жауапкершіліктен бас тартады.

  • Қосу жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
  • Аспапты қуаттандыру бауын электр желісіне қосу орны оңай қолжетімді болатындай етіп орнату қажет.
  • Егер сіздің үйіңізде 16 А-ден аз токқа есептелген сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыш орнатылған болса, 16 А сақтандырғышты орнату үшін білікті электрикке жүгініңіз.
  • Желідегі кернеу «Техникалық сипаттамалар» бөлімінде көрсетілген кернеуге сәйкес болуы тиіс.
  • Өнімді ұзартқыштар немесе бірнеше ұяшығы бар розеткалар арқылы электр қуаттандыру желісіне қосуға тыйым салынады.

BEKO WSPE7H616W - 7-ҚАДАМ. Электр желісіне қосу - 1

ЕСКЕРТУ: Бүлінген қуаттандыру бауын тек фирмалық сервис орталығының маманы ғана ауыстыруы керек.

Бұйымды тасымалдау

  1. Тасымалдау алдында бұйымды электр желісінен ажыратыңыз.
  2. Құю және ағызу шлангілерін ажыратыңыз.
  3. Құрылғыда қалған суды төгіңіз. 6.5. қараңыз
  4. Тасымалдау бұрандаларын оларды шешіп алуына кері ретпен орнатыңыз 3 қар. (3-қадам).

BEKO WSPE7H616W - Бұйымды тасымалдау - 1

Егер сақтандырғыш тасымалдау бұрандалары орнатылмаса, бұйымды тасымалдауға тыйым салынады.

4 Кір жууға дайындау

4.1. Киім-кешекті сұрыптау

  • Киім-кешекті матаның түрі, түсі, ластану дәрежесі және жуудың рұқсат етілген температурасы бойынша сұрыптаңыз.
  • Киім мен киім-кешектің жапсырмаларындағы нұсқауларды орындаңыз.
КИМ-КЕШЕКТІ ЖУУ ТАНБА
BEKO WSPE7H616W - Киім-кешекті сұрыптау - 1КІР ЖУУМашинаменкір жуутаңбаларыӨдеттегі кіржууҮтіктеусізНезік кір жууҚолмен кір жууЖуугажарамайдыСыгусыз
ТемпературасыМаксимум95°C70°C60°C50°C40°C30°C
Таңба(лар)..................
BEKO WSPE7H616W - Киім-кешекті сұрыптау - 2КЕПТІРУКептірудібантауКептіргішмашинадакептіругеболадыҮтіктеусізНезік кептіруКептіргішмашинадакептірменізКептірменізХимиялық тазалауға тыйымсалынған
Кез кепген температурадаЖоғары температурадаОрташа температурадаТөмен температурадаКыздырусызКептіру үшін ініп қойыңызКептіру үшін жайып қойыңызКептіру үшін дымқыл күйінде ініп қойыңызКептіру үшін көленкөге жайып қойыңызХимиялық тазалауға рүқсат етітген
BEKO WSPE7H616W - Киім-кешекті сұрыптау - 3УТИКТЕУУтіктеу -Құргақ үтікпен немесе буменЖоғары температурада үтіктеуОрташа темперарада үтіктеуТөмен температурада ү тіктеуУтіктемеуБусыз үтіктеу
Максималды температура200°C150°C110°C
BEKO WSPE7H616W - Киім-кешекті сұрыптау - 4АГАРТҚЫШБарлық ағартқыштар жарамдыАғартқышты қолдануға болады (Натрий гипохлорит)Ағартуга болмайдыҚұрамында хлоры жок ағартқыштарды ғана пайдалануға жол беріледі

4.2. Киім-кешекті жууға дайындау

  • Металл элементтері бар киім-кешекті (мысалы, сүйектері бар бюстгальтерлер, капсырмалы белдіктер мен металл түймелер) машинаны зақымдауы мүмкін. Жуар алдында металл бөлшектерді шешіп алыңыз немесе киім-кешекті торлы қапшыққа немесе жастықтың тысына салыңыз.
  • Қалталардан барлық заттарды (монеталар, қаламдар, қыстырғыштар және т.б.) алып, оларды тексеріп, тазалаңыз. Бөгде заттардың болуы машинаның зақымдануына әкелуі немесе жұмыс кезінде қатты шу тудыруы мүмкін.
  • Ұсақ заттарды (балалар шұлықтарын, нейлон шұлықтарын және т.б.) торлы қапшыққа немесе жастықтың тысына

салыңыз.

  • Гардиндерді барабанға жазылған күйінде салу керек. Жуар алдында олардан бекітпелерді алып тастаңыз.
  • Жүгіртпесін жауып қойыңыз, босап қалған түймелерді тігіп қойыңыз, жыртықтарды жамаңыз және сөгілгендерді тігіп қойыңыз.
  • «Машинамен кір жуу» немесе «қолмен кір жуу» заттаңбасы бар бұйымдарды жуу үшін тек тиісті бағдарламаларды пайдаланыңыз.
  • Түрлі-түсті және ақ киім-кешектерді бірге жумаңыз. Жаңа түрлі-түсті киім-кешек қатты өңуі мүмкін. Оны бөлек жуыңыз.
  • Жуу алдында қатты ластанған жерлер мен дақтарды тиісті түрде өңдеу қажет. Күмәнданған жағдайда химиялық тазартуға жүгініңіз. • Бояуға немесе түстерді қалпына келтіруге арналған құралдарды және машинамен

4 Кір жууға дайындау

жууға жарайтын жуу құралдарын

ғана пайдаланыңыз. Қаптамадағы

нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз.

  • Шалбар мен жұқа іш киімдерді ішін сыртқа аударып жуыңыз.
  • Ангор жүнінен жасалған бұйымдарды жуу алдында бірнеше сағатқа мұздатқыш камераға салып қойыңыз. Бұл жүннің түзілуін азайтады.
  • Ұнмен, әкпен, құрғақ сүтпен және т.б. қатты ластанған киім-кешекті машинаға жүктер алдында қағу керек. Мұндай түрдегі ластанулар уақыт өте келе машинаның ішкі компоненттерінде жиналып қалуы мүмкін және оның зақымдануына себеп болады.

4.3. Электр энергиясын үнемдеу бойынша ұсыныстар

Бұл ұсыныстар қоршаған ортаны ластамай үнемді кір жууға көмектеседі.

  • Таңдалған бағдарлама бойынша максималды киім-кешекті машинаға жүктеңіз, бірақ машинаны артық жүктемеңіз (қара. «Энергияны тұтыну және бағдарламаларды таңдау кестесі»).
  • Жуу құралының қаптамасында келтірілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз.
  • Аз ластанған киім-кешекті төмен температурада жуыңыз. • Аз мөлшерде кір жуу үшін қысқа бағдарламаларды пайдаланыңыз.
  • Жоғары температурада тек қатты ластанған киім-кешекті немесе дақтары бар киім-кешекті жуу және жібіту үшін пайдаланыңыз.
  • Егер сіз кептіргіш автоматында киім-кешекті кептіруді жоспарласаңыз, сығудың максималды жылдамдығын орнатыңыз.
  • Қаптамада көрсетілген жуу құралының мөлшері бойынша нұсқауларды сақтаңыз. Қажетінен артық ұнтақты пайдаланбаңыз.

4.4. Алғаш рет қосу

Бұйымды пайдалануды бастамас бұрын «Орнату» және «Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маңызды нұсқаулықтар» бөлімдерінде сипатталған барлық қажетті дайындық процедураларын орындаңыз.

Кір жуғыш машинаны кір жууға дайындау үшін «Барабанды тазалау» бағдарламасын іске қосыңыз. Егер машинада мұндай бағдарлама жоқ болса, 6.2-тармағында сипатталған әдісті қолданыңыз.

iКір жуғыш машиналарға арналған жуу құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Кір жуатын машинада дайындаушыкәсіпорында сапаны бақылау процесінде пайдаланылған біраз су қалуы мүмкін. Бүл машина үшін қауіп тудырмайды.

4.5. Жүктеудің дұрыс көлемі

Жүктеудің максималды көлемі киім-кешектің түріне, ластану дәрежесіне және қолданылатын жуу бағдарламасына байланысты.

Машина автоматты түрде жүктелген кірдің салмағына сәйкес су көлемін реттейді.

ECKERTY:«Бағдарламаларды таңдау жәнеәнергияны тұтыну кестесінде»келтірілген мәліметтердіпайдаланыңыз. Жүктеудің рүқсатетілген көлемінің артуы жуусапасының нашарлауына, сондай-ақ машинаның жұмыс істеуі кезіндежоғары діріл мен шуылға алыпкеледі.
Киім-кешектің түріСалмағы (г)
Шомылу халаты1200
Майлықтар100
Көрпе тысы700
Ақжайма500
Жастықтысы200
Дастарқан250
Сүлгі200
Қолға арналған сулгі100
Кешкі көйлек200
Іш киім100
Ерлердің жұмыс комбинезоны600
Ерлерге арналған көйлек200
Ерлерге арналған пижама500
Блузалар100

4.6. Кірді жүктеу

1. Жүктеу люгінің есігін ашыңыз. 2. Кірді түзеп, оны сықпай машинаға салыңыз. 3. Есікті жабыңыз және құлыптың сыртылы естілгенше басыңыз. Кірдің есікке қысылып қалмауын қадағалаңыз.

Бағдарламаны орындау кезінде жүктеу люгінің есігі бұғатталады.Есікті бағдарлама аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткеннен кейін ғана ашуға болады.
ЕСКЕРТУ: Егер киім-кешек барабанға дұрыс таратылып салынбаса, бұл машина жұмыс істеп түрғанда жоғары діріл мен шу тудыруы мұмкін.

4. Кір жууға дайындық

4.7. Жуу құралы мен кондиционерді пайдалану

BEKO WSPE7H616W - Жуу құралы мен кондиционерді пайдалану - 1

Жуу құралын, кондиционерді, крахмалды, мата бояғыштарын, ағартқыштарды немесе әктас кетіргіштерді пайдаланғанда, өндірушінің жуу құралын қолдану және мөлшерлеу жөніндегі нұсқауларын қатаң орындаңыз. Егер бар болса, мөлшерлеу тостағанын пайдаланыңыз.

Жуу құралдарын таратуға арналған үш бөлімше бар:

  • (1) алдын ала жуу үшін
  • (2) негізгі жуу үшін
  • (3) кондиционер үшін – (*) сонымен қатар, кондиционер бөлімшесінде сифон бар.

① ② ③

Жуу құралы, кондиционер және басқа да жуу құралдары

  • Жуу бағдарламасын бастамас бұрын, жуу құралын («2» бөлімшесі) және кондиционерді (қажет болса) салыңыз.
  • Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда, жуу құралдарын тарату жәшігін ашық қалдырмаңыз.
  • Егер алдын ала жуусыз бағдарлама қолданылса, жуу құралын алдын ала жуу бөлімшесіне («1» бөлімшесі) салмаңыз.
  • Алдын ала жуу бағдарламасын қолданғанда, алдын ала жуу бөлімшесіне («1» бөлімшесі) сұйық жуу құралдарын салмаңыз.
  • Жуу құралы арнайы қапшықта немесе үлестіргіш шаригінде пайдаланылса, жібіту бағдарламасын таңдамаңыз. Арнайы қапшықтағы жуу құралын немесе үлестіргіш шарикті машина барабанындағы киім-кешектің арасына салыңыз.
  • Сұйық жуу құралын пайдаланғанда оны мөлшерлеу сыйымдылықта («2» бөлімше) негізгі кір жууға арналған бөлімшеге салыңыз.

Жуу құралын таңдау

Жуу құралының түрін таңдау матаның түрі мен түсіне байланысты.

• Түрлі-түсті және ақ киім-кешек үшін әр түрлі жуғыш заттарды пайдалану керек. - Ұқыпты қарауды талап ететін киім-кешек үшін тек арнайы жуу құралдарын (сұйық құралдар, жүн және т.б. арналған құралдар) пайдалану керек.

  • Қара маталардан жасалған бұйымдар мен құрақ көрпелерді жуу үшін сұйық жуу құралдарын пайдалану ұсынылады.
  • Жүн бұйымдарын жуу үшін арнайы жүнге арналған жуу құралдарын пайдалану керек.

BEKO WSPE7H616W - Жуу құралын таңдау - 1

ЕСКЕРТУ: Кір жуатын машиналарға арналған жуу құралдарын ғана пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ: Сабын ұнтағын пайдаланбаңыз.

Жуу құралдарын мөлшерлеуі

Жуу құралын мөлшерлеу киім-кешектің санына, судың ластану дәрежесі мен кермектілігіне байланысты.

  • Көбіктің аса көп пайда болуын, сапасыз шаюды болдырмау үшін, сондай-ақ құралдарды үнемдеу үшін және, сайып келгенде, қоршаған ортаны қорғау үшін жуу құралының қаптамасында ұсынылған мөлшерден аспаңыз.
  • Аз мөлшердегі онша ластанбаған киім-кешекті жуу үшін жуу құралының аз мөлшерін пайдаланыңыз.

Кондиционерді жуу құралдарын тарататын тиісті бөлімшесіне жүктеу керек.

  • Кондиционерді тарату бөлімшесіне максимальды деңгей белгісінен (> max <) жоғары қоспаңыз.
  • Егер кондиционер ағуы жойылса, таратқышқа қосар алдында оны сумен араластырыңыз.

Жуғыш заттарды қолдану

BEKO WSPE7H616W - Жуғыш заттарды қолдану - 1

Кір жуғыш машина үлгісінде сұйық жуғыш зат үлестіргіш қақпағы нұсқаулықтар қапшығында болады.

Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде қақпақтың орналасуы:

Егер сұйық жуғыш затты пайдаланғыңыз келсе, содан кейін нұсқаулық қалтасынан қақпақты алыңыз және оны тартпаға салыңыз, қақпақ төмен (жабық) күйде болуы керек. Ол сұйық жуғыш затқа тосқауыл ретінде қызмет етеді.

BEKO WSPE7H616W - Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде қақпақтың орналасуы: - 1

Ұнтақ жуғыш затты пайдаланған кезде қақпақтың орналасуы:

Жуғыш затты қолдансаңыз, демпфер жоғары (ашық) күйде болуы керек. Сондай-ақ, қақпақты орнатпай-ақ ұнтақты жуғыш заттарды қолдануға болады.

4 Кір жууға дайындау

BEKO WSPE7H616W - Кір жууға дайындау - 1

Сүйык жуғыш зат үлестіргішін қажетінше сумен шайыңыз.
Ылғалдау бар бағдарламаларда сулау үшін сүйык жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Кешіктіріп бастау кезінде сүйык жуғыш заттар кірде дақ қалдыруы мүмкін. Кешіктіріп бастау функциясы пайдаланылса, сүйык жуғыш заттарды қолданбау керек.

Гель тәрізді және таблетка түріндегі жуу құралдары

  • Егер ақпа консистенциялы гель тәрізді жуу құралы пайдаланылса, жуу құралын негізгі кір жууға арналған бөлімшеге жүктеңіз.
  • Егер қою гель тәрізді жуу құралы пайдаланылса немесе капсулдағы жуу құралы пайдаланылса, оны кір жуу алдында тікелей барабанға салыңыз.
  • Таблеткадағы жуу құралдарын жуу құралдарын («2» бөлімше) таратқышқа, сондай-ақ кір жуу алдында тікелей барабанға салуға да болады.
iТаблеткадағы жуу құралдарын пайдалану кезінде таратқыш бөлімшесінде жуу құралының біраз мөлшері қалуы мүмкін. Мүндай жуу құралын кір жуу алдында киім-кешек арасына барабанға (барабанның төменгі бөлігіне) салған жақсырақ болады.
Гель тәріздес немесе таблеткалы жуу құралдарды жібіту бағдарламаларында пайдаланбаңыз.

Крахмалды қолдану

  • Сұйық крахмалды, ұнтақ тәрізді крахмалды немесе матаға арналған бояғышты кондиционердің бөлімшесіне қосу керек.
  • Кондиционерді және крахмалды бір уақытта пайдаланбаңыз.
  • Крахмалды қолданғаннан кейін барабанды таза дымқыл матамен сүртіп алыңыз.

Ағартқышты қолдану

- Жібіту бағдарламасын таңдап, жібіту циклының басында ағартқышты қосыңыз. Жуу құралын жібіту бөліміне жүктеуге болмайды. Сондай-ақ, шаюдың қосымша циклы бар бағдарламаны таңдауға және шаюдың бірінші циклы үшін машина су алған кезде негізгі жууға арналған бөлімшеге ағартқышты жүктеуге болады.

• Ағартқышты жуу құралымен араластырмаңыз. - Ағартқыштың аз мөлшерін пайдаланыңыз (шамамен 50 мл) және киім-кешекті мұқият шайыңыз, өйткені ағартқыш терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Ағартқышты киім-кешекке құймаңыз және оны түрлі-түсті киім-кешекті жуу кезінде пайдаланбаңыз. - Оттекті ағартқышты пайдалану кезінде төмен температурадағы бағдарламаны таңдаңыз. - Оттекті ағартқыштарды жуу құралымен бірге пайдалануға болады. Алайда, егер олар консистенциясы бойынша өзгеше болса, алдымен «2» бөліміне жуу құралын салыңыз.

4 Кір жууға дайындау

4.8. Тиімді жууға арналған кеңестер

Киім-кешек
Ашык, және ақ, Турлі-түсті маталар ҚараНәзік / жүн / жібек бүйымдары
(Ластану деңгейіне сәйкес ұсынылатын температуралық диапазон: 40-90 °C)(Ластану деңгейіне сәйкес ұсынылатын температуралық диапазон: суық су - 40°C)(Ластану деңгейіне сәйкес ұсынылатын температуралық диапазон: суық су - 40°C)(Ластану деңгейіне сәйкес ұсынылатын температуралық диапазон: суық су - 30°C)
Ластану дәрежесіЕлеулі ластану (Қыын кететін дақтар, мысалы, шептін, кофенің, жемістер мен қанның)Дақтарды алдын ала өңдеу немесе жуу қажеттілігі туындауы мүмкін. Ақ киімді жууға ұсынылатын ұнтақ тәрізді және сүйық жуу құралдарын қатты ластанған заттарды жууға қолайлы мөлшерлерде пайдалануға болады. ұнтақ тәрізді жуу құралдары саз бен жерің дақтарын, сондай-ак ағартқыштарға сезімтал дақтарды кетіру үшін пайдалану ұсынылады.Түрлі-түсті киім- кешекті жууға ұсынылатын ұнтақ тәрізді және сүйық жуу құралдары едәуір ластанған заттарды жууға арналған мөлшерде қолдануға болады. ұнтақ тәрізді жуу құралдарын саз бен жердің дақтарын, сондай-ак ағартқыштарға сезімтал дақтарды кетіру үшін пайдалану ұсынылады. Құрамында ағартқышы жоқ жуу құралдарын пайдалануға болады.Түрлі-түсті және қара киім- кешекті жууға ұсынылатын сүйық жуу құралдарын едәуір ластанған заттарды жууға қолайлы мөлшерде пайдалануға болады.Нәзік заттарды жуу үшін сүйық жуу құралдарын таңдауға басымдық беріңіз. Жүн және жібек заттарды жүн бұйымдарын жууға арналған арнайы жуу құралдарымен жуу керек.
Орташа ластану (Мысалы, жағалар мен жендерде терімен жанасудан пайда болған дақтар)Ақ киімді жууға ұсынылатын ұнтақ тәрізді және сүйық жуу құралдарын орташа ластанған заттарды жууға арналған мөлшерде пайдалануға болады.Түрлі-түсті киім- кешекті жууға ұсынылатын ұнтақ тәрізді және сүйық жуу құралдарын орташа ластанған заттарды жууға арналған мөлшерде қолдануға болады. Құрамында ағартқышы жоқ жуу құралдарын пайдалануға болады.Түрлі-түсті және қара киім- кешекті жууға ұсынылатын сүйық жуу құралдарын орташа ластанған заттарды жууға қолайлы мөлшерде пайдалануға болады.Нәзік заттарды жуу үшін сүйық жуу құралдарын таңдауға басымдық беріңіз. Жүн және жібек заттардыжүн бұйымдарын жууға арналған арнайы жуу құралдарымен жуу керек.
Елеусіз ластану (Кезге керінетін дақсыз)Ақ киімді жууға ұсынылатын ұнтақ тәрізді және сүйық жуу құралдарын шамалы ластанған заттарды жууға арналған мөлшерде пайдалануға болады.Түрлі-түсті киім- кешекті жууға ұсынылатын ұнтақ тәрізді және сүйық жуу құралдарын шамалы ластанған заттарды жууға арналған мөлшерде қолдануға болады. Құрамында ағартқышы жоқ жуу құралдарын пайдалануға болады.Түрлі-түсті және қара киімді жууға ұсынылатын сүйық жуу құралдарын шамалы ластанған заттарды жууға арналған мөлшерде пайдалануға болады.Нәзік заттарды жуу үшін сүйық жуу құралдарын таңдауға басымдық беріңіз. Жүн және жібек заттарды жүн бұйымдарын жууға арналган арнайы жуу құралдарымен жуу керек.

5 Машинаны пайдалану

5.1. Басқару панелі

BEKO WSPE7H616W - Басқару панелі - 1

  1. Бағдарламаларды таңдау тұтқасы
  2. Жарықтық температура таңдау индикаторлары
  3. Сығу жылдамдығын таңдаудың жарықтық индикаторлары
  4. Дисплей
  5. Бастау/Кідіріс» батырмасы
  6. Қашықтан басқару батырмасы
  7. «Кейінге қалдырылған старт» батырмасы 8.3 қосымша функция батырмасы 9.2 қосымша функция батырмасы 10.1 қосымша функция батырмасы
  8. Сұйық жылдамдығын таңдау батырмасы
  9. Температураны таңдау батырмасы

5.1.1. Құрылғы дисплейіндегі

a b c d e 90° 1200 8:00 60° 1000 40° 800 30° 600 20° r p o n m l k j i f g h

а. Температура индикаторы b. Сұйық жылдамдығы индикаторы с. Уақыт индикаторы d. Есікті қосулы бұғаттау таңбасы е. Бағдарламаны орындау барысы индикаторы f. Судың болмауы туралы индикатор g. Киім-кешекті қосу индикаторы h. Bluetooth-қосылыс индикаторы i. Қашықтан басқару индикаторы

Бұл бөлімде машинаны анағұрлым көрнекі сипаттау үшін пайдаланылған суреттер сұлбалық сипатқа ие және сіздің машинаңыздың функцияларына дәлме-дәл сәйкес келмеуі мүмкін.

5 Машинаны пайдалану

5.2. Кір жуғыш машинаны дайындау

  1. Құбыршектердің сенімді жалғанғанын тексеріңіз.
  2. Машинаны электр желісіне қосыңыз.
  3. Кранды толық ашыңыз.
  4. Кірді машинаға салыңыз.
  5. Жуғыш зат пен кондиционерді қосыңыз.

5.3. Бағдарламаларды таңдау және тиімді жуу бойынша кеңестер

  1. Кірдің түріне, оның мөлшеріне, ластану дәрежесіне және жуу температурасына сәйкес «Бағдарламалар және энергияны тұтынуды таңдау кестесінен» бағдарламаны таңдаңыз.
  2. Бағдарламаны таңдау тұтқасын пайдаланып қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
Синтетика бағдарламалары үшін бағдарлы мәндер
Максималды жуктеме (кг)Су шығыны (л)Энергияны тұтыну (кВт/сағ)Бағдарлама ұзақтығы (минималды)Қалдық ылғалдылығы (%) ** 1000 Қалдық ылғалдылығы (%) **>1000
Синтетика 60 3665 1.20100/12045 40
Синтетика 40 3630.85 90/11045 40
*Таңдалған бағдарламаның орындалу уақыты машина дисплейінде көрсетіледі. Накты жуу уақыты дисплейдегі мәннен сәл өзгеше болуы мүмкін. Бүл қалыпты жағдай.
**Сығудан кейінгі ылғалдылық таңдалған айналу жылдамдығына байланысты өзгеше болуы мүмкін.

5 Машинаны пайдалану

5.4 Бағдарламаны және электр тұтынуды таңдау кестесі

Косымша функциялар
БағдарламаМаксималды жукте (кг)Су шығыны (л)Энергиялы тұтыну (кВт/сағ)Сығудың максималды жылдамдығы (айн/мин)ЖібітуЖылдам жүүУй жануарларының жүнін жоюБуОңай үтіктеу
Мақта90 дейін7,5942.301200
Мақта60 дейін7,5941.701200
Мақта40 дейін7,5920.951200
Мақта Эко60** дейін7,5551.1251200
Синтетика60 дейін3651.201200
Синтетика40 дейін3630.851200
Экспресс90 дейін7,5662.151200
Экспресс60 дейін7,5661.151200
Экспресс30 дейін7,5660.201200
Экспресс + Жылдам жүү30 дейін2390.151200
Жүн / Қолмен жүү40 дейін1,5530.501200
Қамқорлы40 дейін3530.70800
Мамық60 дейін1,5751.201000
Спорт / Мембрана40 дейін3510.451200
Қара киімдер / Джинсы40 дейін3750.801200
Дақтарды кетіру60 дейін3,5751.551200
Жейделер60 дейін3571.20800
Анти-аллергия90 дейін7,51202.801200*
Барабанды тазарту90 дейін-732.60600*
Жуктелген бағдарлама***
Микс40 дейін3620.75800
Іш-киім30 дейін1550.30600
Жүмсақ ойыншықтар40 дейін1530.50600
Орамалдар60 дейін2751.201000
Перделер40 дейін2550.65800

• : Таңдау мүмкіндігі. * : Таңдау автоматты түрде жүзеге асырылады, оны болдырмауға болмайды. ** : Бұл бағдарлама барабан толық жүктелгенде және максималды айналымда EN 60456 стандартына сәйкес эталондық бағдарлама болып табылады. *** : Бұл бағдарламаларды HomeWhiz қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

iЭлектр энергиясын ўнемдеу мақсатында жуудың накты температурасы бағдарламалар кестесінде көрсетілгеннен төмен болуы мүмкін.
Су мен электр энергиясын және уақытты тұтынудың накты мәндері судың қысымына, температурасы мен кермектілігіне, қоршаған ортаның температурасына, кірдің түрі мен мөлшеріне, қосымша атқарымдарды қолдануға және сығу жылдамдығына, сондай-ак, электрмен жабдықтау желісіндегі кернеуге байланысты кестеде көрсетілгеннен ерекшеленуі мүмкін.
Таңдалған бағдарламаның орындалу уақыты машина дисплейінде көрсетіледі. Накты жуу уақыты дисплейдегі мәннен сәл өзгеше болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Қосымша атқарымдар жынтығы кір жуғыш машинаның моделіне байланысты кестеде көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

5 Машинаны пайдалану

5.5. Негізгі бағдарламалар

Матаның түріне байланысты келесі негізгі жуу бағдарламаларын қолданыңыз.

•Макта

Бағдарлама мақтадан жасалған берік бұйымдарды (ақ жаймалар, төсек-орын жабдықтары, сүлгілер, суға түсетін халаттар, іш киімдер және т.б.) жууға арналған. Егер жылдам жуу функциясын іске қосу батырмасы басылса, бағдарламаның ұзақтығы айтарлықтай қысқарады, алайда бұл барабанның қарқынды қозғалысы есебінен тиімді жууды қамтамасыз етеді. Егер жылдам жуу функциясы таңдалмаса, қатты ластанған кірді сапалы жуу және шаю қамтамасыз етіледі.

•Синтетика

Бұл бағдарлама синтетикалық өнімдерді жуу үшін қолданылады (мысалы, жейделер, блузкалар, синтетикалық/мақта-мата аралас маталар және т.б.). Бағдарламаның ұзақтығы айтарлықтай қысқарады және машина жоғары тиімділікпен жұмыс істейді. Егер жылдам жуу функциясы таңдалмаса, қатты ластанған кірді сапалы жуу және шаю қамтамасыз етіледі.

•Жүн / Қолмен жуу

Жүннен тігілген киімдер немесе ұқыпты жууды талап ететін бұйымдарды жуу үшін қолданыңыз. Бұйымдарды жуу температурасын киім заттаңбаларында көрсетілген ақпаратқа сәйкес таңдау керек. Бұл бағдарламаның көмегімен кірді зақымдамау үшін өте ұқыпты жуылады.

5.6. Қосымша бағдарламалар

Кір жуғыш машинада жуудың ерекше түрлеріне арналған қосымша бағдарламалар бар.

BEKO WSPE7H616W - Қосымша бағдарламалар - 1

Қосымша бағдарламалар кір жуғыш машинаның моделіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұл бағдарламаның көмегімен мақта мен зығырдан жасалған орташа ластанған берік маталарды жууға болады. Жуу басқа бағдарламаларды қолданғаннан гөрі ұзаққа созылады, бірақ электр қуаты мен суды айтарлықтай үнемдеу қамтамасыз етіледі. Судың нақты температурасы көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Машинаға киім-кешектің аз көлемін салу кезінде (мысалы, барабан көлемінің жартысы немесе одан аз) бағдарламаның кезеңдерін орындау уақыты автоматты түрде қысқаруы мүмкін. Осылайша, энергия мен суды тұтыну азаяды және жуу үнемді болады.

•Анти-аллергия

Бағдарламаның басында бумен өңдеу кезеңін орындау ластануды оңай жұмсартуға мүмкіндік береді.

Осы бағдарламаның көмегімен жоғары температура мен ұзақ қарқынды циклдарда аллергияға қарсы және гигиеналық жууды қажет ететін кірді (балалар киімі, сейсептер, төсек-орын жабдығы және іш киімдер және т.б.) жуыңыз. Жоғары гигиеналық деңгейге бағдарламаны орындаудың алдында буды қолдану, ұзақ қыздыру уақыты мен қосымша шаю кезеңінің арқасында қол жеткізіледі.

* Бағдарлама 60 °C температурасында аллергияға қарсы күрес бойынша Британдық қормен (Allergy UK) тестіленді және аллергендермен, бактериялармен және зеңмен күресте тиімді деп сертификатталды.

•Камкорлы

Бағдарлама мақта/синтетика немесе трикотаж қоспасынан жасалған тоқылған бұйымдар сияқты нәзік киімдерді жууға арналған. Бұл бағдарлама кір жуудың нәзігірек режимін қамтамасыз етеді. 20 градус температурада немесе суық жуу функциясын таңдау арқылы өңіп кетуі мүмкін бұйымдарды жуыңыз.

•Экспресс

Бұл бағдарламаны аздап ластанған және дақтары жоқ мақтадан жасалған киімдерді жуу үшін қысқа циклмен қолданыңыз.

Жылдам жуу функциясы таңдалғанда, бұл бағдарламаның ұзақтығын 14 минутқа дейін қысқартуға болады. Жылдам жуу функциясын таңдағанда, ең көбі 2 (екі) кг кірді жууға болады.

•Қара киімдер / Джинсы

Бұл бағдарламаны қара киімдердің немесе джинсының түсін сақтау үшін пайдаланыңыз. Бұл бағдарламаның көмегімен барабанның арнайы қозғалыстарының арқасында тіпті төмен температурада да жоғары тиімді жуу қамтамасыз етіледі. Қара киімді жуу үшін сұйық жуғыш заттарды немесе жүн өнімдеріне арналған құралдарды пайдалану ұсынылады. Құрамында жүні бар ұқыпты жууды талап ететін киімдерді жууға болмайды.

•Микс

Макта мен синтетикалық маталардан жасалған бұйымдарды сұрыптаусыз бірге жуу үшін қолданылады.

• Жейделер

Бұл бағдарлама мақтадан, синтетикалық және аралас маталардан жасалған жейделерді бір уақытта жууға арналған.

Машина жуғыш затқа арналған тартпадан су ала бастағанда, алдын-ала өңдеу химиялық затын тікелей киімге жағу немесе оны жуғыш затқа қосу ұсынылады. Осылайша сіз анағұрлым аз уақыт жұмсай отырып, әдеттегі жуу кезіндегідей тиімділікке қол жеткізе аласыз. Көйлектеріңіздің ұзаққа жарамдылығы ұзартылады.

• Спорт / Мембрана

Бұл бағдарлама мақта мен синтетика қоспасынан тұратын спорттық және сыртқы киімдерді, сондай-ақ мембраналық су өткізбейтін материалдарды және т.б. жууға арналған.

Ол арнайы айналмалы қозғалыстардың арқасында киімді жұмсақ жууға мүмкіндік береді.

• Дақтарды кетіру

Бұл кір жуғыш машинада әр түрлі дақтарды тиімді кетіруге мүмкіндік беретін дақтарды өңдеудің арнайы бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаны тек қатты түсті, тозуға төзімді мақта маталары үшін қолданыңыз. Бұл бағдарламаны жұмсақ және бояғыш заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз. Жуу алдында өнімнің заттаңбалары туралы ақпаратпен танысыңыз (мақта жейделер, шалбар, шолақ шалбар, жеңіл жейделер, балалар киімі, пижамалар, алжапқыштар, дастархандар, төсек-орын, көрпе жамылғылары, ақжаймалар, жастыққаптар, монша және жағажай сүлгілері, майлықтар, шұлықтар, жоғары температурада ұзақ уақыт жууға болатын мақта іш киімдері үшін ұсынылады). Дақтарды кетірудің автоматты бағдарламасы 24 түрлі дақтарды кетіре алады. Жылдам жуу функциясын таңдау бойынша олар үш топқа бөлінеді. Жылдам жуу функциясын таңдауға байланысты дақтар топтары көрсетіледі.

5 Машинаны пайдалану

өңдеудің арнайы бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаны тек қатты түсті тозуға төзімді мақта маталары үшін қолданыңыз. Бұл бағдарламаны жұмсақ және бояғыш заттарды жуу үшін пайдаланбаңыз. Жуу алдында өнімнің заттаңбалары туралы ақпаратпен танысыңыз (мақта жейделер, шалбар, шолақ шалбар, жеңіл жейделер, балалар киімі, пижамалар, алжапқыштар, дастархандар, төсек-орын, көрпе жамылғылары, ақжаймалар, жастыққаптар, монша және жағажай сүлгілері, майлықтар, шұлықтар, жоғары температурада ұзақ уақыт жууға болатын мақта іш киімдері үшін ұсынылады). Дақтарды кетірудің автоматты бағдарламасы 24 түрлі дақтарды кетіре алады. Жылдам жуу функциясын таңдау бойынша олар үш топқа бөлінеді. Жылдам жуу функциясын таңдауға байланысты дақтар топтары көрсетіледі.

Жылдам жуу функциясына байланысты дақтар топтары төменде көрсетілген:

Егер жылдам кір жуу функциясы таңдалмаса:Егер жылдам жуу функциясы батырмасы 1 (бір) рет басылса:Егер жылдам жуу функциясы батырмасы 2 (екі) рет басылса:
ТерҚанЧай
Жағадағы кірШоколадКофе
ТағамПудингЖеміс шырыны
МайонезШәпКетчуп
Салат түздығыБатпақҚызыл шарап
МакияжЖұмыртқаКрахмал
Машина майыСары майДжем
Балалар тағамыКарриКөмір

- Дақтарды өңдеу бағдарламасын таңдаңыз.

- Жоғарыдағы топтарда тазартылатын дақты таңдап, жылдам жуу батырмасын және қосымша функция батырмасын пайдаланып, тиісті топты таңдаңыз.

- Өнімнің затбелгісіндегі ақпаратты мұқият оқып шығыңыз және барабанның температурасы мен айналу жылдамдығының дұрыс реттелгенін тексеріңіз.

•Мамық

Бұл бағдарламаның көмегімен сіз қауырсындары бар және «машинамен жууға арналған» жапсырмасы бар күрткелерді, кеудешелерді, пенжектерді және т.б. жууға болады.

•Іш киім

Тек қолмен жууға болатын ұқыпты жууды талап ететін кимдерді, сондай-ақ нәзік іш кимдерді жууға арналған. Бұйымдардың аздаған мөлшерін кір жууға арналған торлы қапшықта жуған жөн. Ілгектер, түймелер, сыдырмалар және т.б. бекітілуі тиіс.

•Жұмсақ ойыншықтар

Жұмсақ ойыншықтар нәзік маталардан жасалғандықтан және керек-жарақтарды қамтығандықтан, оларды жұмсақ жуумен жуу керек. Бағдарлама «Жұмсақ ойыншықтар» оларды жуу кезінде жұмсақ қозғалыстар мен барабанның арнайы айналу режимдерінің арқасында қорғайды. Сұйық жуғыш заттарды қолдану ұсынылады.

BEKO WSPE7H616W - •Жұмсақ ойыншықтар - 1Қатты беті бар жұмсақ, ойыншықтарды жууға қатаң тыйым салынады.
Ойыншықтарды киіммен бірге жууға болмайды, өйткені ойыншықтар кірді зақымдауы мұмкін.

•Орамалдар

Бұл бағдарлама тозуға төзімді мақта маталарын (сүлгілер сияқты) жуу үшін қолданылады. Сүлгілерді жүктеудің алдында, олар жүктеу есігінің қалпақшасына немесе есіктің әйнегіне қысылмағанын бақылаңыз.

•Перделер

Бұл бағдарлама перделер мен тюль гардиналарын жууға арналған. Тор құрылымына байланысты көп мөлшерде көбік пайда болғандықтан, негізгі жууға арналған бөлімге әдеттегіден аз жуғыш зат қосылуы керек. Бұл бағдарлама арнайы айналдыру режимін қолданады, соның арқасында перделер мен гардиналар кішірейеді. Перделерді зақымдамау үшін оларға рұқсат етілген нормадан артық салмақ түсірмеңіз.

BEKO WSPE7H616W - •Перделер - 1Бүл бағдарламаны пайдалану кезінде перделерді жууға арналған жуғыш заттарды қолдану ұсынылады.

•Жүктелген бағдарлама

Бұл қажет болған жағдайда әртүрлі бағдарламаларды жүктеуге болатын арнайы бағдарлама. Алдымен HomeWhiz қолданбасында әдепкі бағдарламаны көресіз. HomeWhiz қолданбасының көмегімен берілген тізімнен бағдарламаны таңдап, қолданар алдында оған өзгерістер енгізе аласыз.

BEKO WSPE7H616W - •Жүктелген бағдарлама - 1Eger HomeWhiz және қашықтан басқару мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келсе, «Жуктелген бағдарламаны» таңданыз. Толығырақ ақпаратты 5.18-бөлімнен қараңыз.

5.7. Арнайы бағдарламалар

Кір жуғыш машинада жуудың ерекше функцияларына арналған келесі бағдарламалар қарастырылған:

•Шайқау

Белекше шайқау циклы, оны кірді шаюға немесе крахмалдау үшін қолдануға болады.

•СЫҒУ+АҒЫЗУ

Бұл бағдарлама киімнен суды кетіруге немесе машинадан суды ағызуға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарламаны іске қоспас бұрын, қажетті сығу жылдамдығын таңдап, содан

5 Машинаны пайдалану

кейін «Старт/Кідіріс» түймесін басу арқылы бағдарламаны іске қосыңыз. Алдымен машинадан су сорылады, содан кейін таңдалған жылдамдықта кірді сығып, сығылған су сорып алынады. Егер сығу қажет болмаса, тек машинадан суды сорып алу керек болса, «Ағызу+Сығу» бағдарламасын таңдаңыз, содан кейін сығу жылдамдығын реттеу түймесінің көмегімен «Сығусыз» функциясын таңдаңыз. «Бастау/Кідірту» батырмасын басыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Машинаны пайдалану - 1

Жұқа киімдер үшін сығу жылдамдығын төмендету керек.

Жаңа бағдарламаны таңдағанда, температура индикаторында осы бағдарлама үшін ең жоғары температура көрсетіледі.

Егер температураны төмендету қажет болса, температураны таңдау батырмасын басыңыз: температура біртіндеп төмендейді.

iЕгер бағдарлама суды жылыту циклын элі бастамаса, температураны машинаны «Узіліс» режиміне ауыстырмай өзгертуге болады. Егер температураны сувік суда жуу деңгейіне дейін төмендеткеннен кейін температураны таңдау батырмасын қайтадан бассаңыз, дисплей таңдалған бағдарлама үшін ұсынылған ең жоғары температураны көрсетеді. Температураны төмендету үшін температураны таңдау батырмасын қайтадан басыңыз.

5.9. Сығу жылдамдығын таңдау

8:38

Бағдарламаны таңдағанда, сығу жылдамдығының индикаторында осы бағдарлама үшін ұсынылған сығу жылдамдығы көрсетіледі.

Сығу жылдамдығын азайту қажет болса, сығу жылдамдығын реттеу батырмасын басыңыз: Сығу жылдамдығы біртіндеп төмендейтін болады. Осыдан кейін, машина моделіне байланысты, дисплейде «Шайқауды кідірту» және «Сықпай» функциялары көрсетіледі.

Шайқауды кідірту

Егер кір жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін кірді бірден түсіру қажет болмаса, кірдің

мыжылуын болдырмау үшін шаюды кідірту функциясын қолдануға болады. Бұл функция соңғы шаюдан кейін кірді суда қалдыруға мүмкіндік береді. Егер осыдан кейін кірді сығусыз суды ағызу қажет болса, «Старт/Үзіліс» батырмасын басыңыз.

Суды ағызғаннан кейін бағдарлама жұмысын қайта бастайды және жуу циклын аяқтайды. Суда қалдырылған киімді сығу үшін, сығу жылдамдығын таңдап, «Старт/ Кідіріс» түймесін басыңыз.

Бағдарламаны орындау жалғасады. Суды ағызу және сығу жүзеге асырылады, содан кейін бағдарлама аяқталады.

BEKO WSPE7H616W - Шайқауды кідірту - 1

Егер бағдарлама айналдыру циклын әлі бастамаса, айналдыру жылдамдығын машинаны «Үзіліс» режиміне ауыстырмай өзгертуге болады.

5.10. Қосымша функцияларды таңдау

8:00

Бағдарламаны іске қоспас бұрын қажетті қосымша функцияларды таңдау керек. Сонымен қатар, машина жұмыс істеп тұрған кезде «Старт / Үзіліс» батырмасын баспай-ақ, орындалатын бағдарламамен үйлесімді қосымша функцияларды таңдай аласыз немесе алып тастай аласыз. Ол үшін машина таңдауды қалайтын немесе алып тастағыңыз келетін қосымша функцияның алдындағы сатыда болуы тиіс.

Егер қосымша функцияны таңдау немесе алып тастау мүмкін болмаса, тиісті функция индикаторы 3 рет жыпылықтау түрінде ескерту береді.

BEKO WSPE7H616W - Қосымша функцияларды таңдау - 2Машинаны іске қоспас бұрын бірінші таңдалған функциға сәйкес келмейтін функцияны таңдаған жағдайда, соңғы таңдалған функция қосылады, ал алдыңғы функция жойылады.
Егерқосымшафункция бағдарламаға сәйкес келмесе, оны таңдауға болмайды. («Бағдарламалар мен энергияны тұтынуды таңдау кестесін» қараңыз).
Қосымша функцияларды таңдау батырмалары кір жуғыш машинаның үлгісіне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

• Жібіту

«Жібіту» функциясы тек қатты ластанған кір үшін қажет. Электр қуатын, суды, жуғыш заттарды және уақытты үнемдеу үшін қажет

5

Машинаны пайдалану

болмаған жағдайда жібітуді қолданбаңыз.

BEKO WSPE7H616W - Машинаны пайдалану - 1

Перделер мен селдір тұтас перделерді жуу үшін жуғыш затсыз алдын-ала жуу ұсынылады.

• Жылдам жуу

Бұл функцияны таңдаған кезде тиісті бағдарламаның ұзақтығы 50 %-ға қысқарады. Жуудың оңтайландырылған кезеңдерінің, жоғары механикалық белсенділіктің және суды оңтайлы тұтынудың арқасында қысқа уақыт ішінде тиімді жууға қол жеткізіледі.

BEKO WSPE7H616W - • Жылдам жуу - 1

Осы қосымша функцияны таңдағанда, бағдарламалар кестесінде көрсетілген кірдің ең көп мөлшерінің жартысын машинаға салу керек.

Бұл бағдарлама мақта, синтетикалық немесе аралас кірді дақтарсыз аз мөлшерде жүктеу кезінде қатпарлар мен үтіктеу уақытын азайту үшін қолданылады.

•Қашықтықтан басқару

Бұл қосымша функция батырмасы машина мен зияткерлік құрылғылар арасында байланыс орнату үшін қолданылады. Толық мәліметтерді 5.18. бөлімінен қараңыз. «HomeWhiz функциясы және қашықтықтан басқару».

•Теншелетін бағдарлама

Бұл қосымша функция тек HomeWhiz қолданбасымен бірге «Мақта» және «Синтетика» бағдарламаларына арналған. Осы қосымша функцияны қосқаннан кейін бағдарламаға төрт қосымша шаю кезеңін қосуға болады. Сіздің машинаңызда жоқ болса да, кейбір қосымша мүмкіндіктерді таңдауға және пайдалануға болады. Қауіпсіз ауқымда «Мақта» және «Синтетика» бағдарламаларының уақытын көбейтуге және азайтуға болады.

BEKO WSPE7H616W - •Теншелетін бағдарлама - 1

«Жүктелген бағдарлама» қосымша функциясын таңдау кезінде жуу тиімділігі мен энергияны тұтыну мәлімделген мәннен өзгеше болады.

5.10.1. Батырмаларды 3 секунд басу және ұстап тұру арқылы таңдалатын функциялар/бағдарламалар

•Барабанды тазарту

Бағдарламаны таңдау үшін 1 қосымша атқарым батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз. Барабанды тазалауға және залалсыздандыруға арналған. Бұл бағдарламаны әрбір 1-2 айда қолданған жөн. Бағдарламаны жасамас бұрын жуғыш заттардың қалдықтарын жұмсарту үшін бу қолданылады. Бағдарламаны машина толығымен бос болған кезде іске қосу керек. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кір жуғыш

машиналарға арналған қақтан тазарту құралын № «2» жуғыш зат бөліміне салыңыз. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін, машинаны ішінен кептіру үшін жүктеу люгінің есігін сәл ашық қалдырыңыз.

BEKO WSPE7H616W - •Барабанды тазарту - 1

Бұл бағдарлама кір жууға арналмаған. Оны тек кір жуғыш машинаның күтіміне пайдалану керек.

Егер машинада қайсыбір заттар болса, бұл бағдарламаны іске қоспаңыз. Бұл жағдайда машина барабанның жүктелгенін анықтайды және бағдарламаның орындауын тоқтатады.

BEKO WSPE7H616W - •Барабанды тазарту - 2

Балалардың машинаның жұмысына араласуына жол бермеу үшін балалардан бұғаттау функциясын қолданыңыз. Бұл орындалатын бағдарламаның өзгеруіне жол бермейді.

BEKO WSPE7H616W - •Барабанды тазарту - 3

Егер балалардан бұғаттау қосулы тұрған кезде бағдарламаны таңдау тұтқасын бұрасаңыз, дисплейде «Сон» жазуы пайда болады. Балалардан бұғаттауды қосқаннан кейін температура мен сығу жылдамдығын өзгерту мүмкін емес, сонымен қатар қосымша функцияларды таңдау немесе болдырмау мүмкін емес.

Егер бағдарламаны таңдау тұтқасын балалардан бұғаттау қосулы кезінде басқа күйіне бұрасаңыз, ағымдағы бағдарламаны орындау жалғасады.

Балалардан бұғаттау режимін қосу:

3 секунд бойы қосымша функция батырмасын басып тұрыңыз. Осы батырмаларды 3 секунд бойы басып тұрғанда, дисплейде сәйкесінше «CL 3-2-1» таңбалары пайда болады. Содан кейін, 3 қосымша функциялар батырмасының жарық диоды жыпылықтап тұрған кезде, дисплейде «CL On» жазуы пайда болады, бұл балалардан бұғаттаудың қосылғандығын білдіреді. Егер балалардан бұғаттау қосылып тұрған кезде бағдарламаларды таңдау тұтқасын бұрасаңыз немесе қандай да бір батырманы бассаңыз, дәл осындай жазба дисплейде пайда болады. Балалардан бұғаттау режимін болдырмау үшін: Жұмыс істеп тұрған кезде 3 қосымша функция батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз. Осы батырмаларды 3 секунд бойы басып тұрғанда, дисплейде сәйкесінше «CL 3-2-1» таңбалары пайда болады. Санақ аяқталғаннан кейін дисплейден «CL On» таңбасы жоғалады, бұл балалардан бұғаттау өшірілгенін білдіреді.

5

Машинаны пайдалану

BEKO WSPE7H616W - Машинаны пайдалану - 1

Егер бағдарламалардың ешқайсысы орындалмаса, балалардан бұғаттау режимін «Қос./Сөнд.» күйіне бағдарламаларды таңдау тұтқасын бұру арқылы да өшіруге болады.

Электр энергиясын беруде іркілістер болған немесе машина желіден ажыратылған кезде балалардан бұғаттау қосулы күйінде қалады.

• Оңай үтіктеу

BEKO WSPE7H616W - • Оңай үтіктеу - 1

Бұл функцияны таңдау 3 секунд ішінде айналдыру жылдамдығын таңдау батырмасын басып, ұстап тұрғаннан кейін және бағдарламаның тиісті кезеңінің орындалу барысы индикаторы жанғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл функцияны таңдағаннан кейін, бағдарлама аяқталғаннан кейін кірдің мыжылып кетуіне жол бермеу үшін барабан 8 сағатқа дейін айналады. Бағдарламаны болдырмауға және кірді осы 8 сағаттық кезең ішінде кез келген уақытта алып тастауға болады. Функцияны болдырмау үшін функцияларды таңдау батырмасын немесе Қос./Сөнд. батырмасын басыңыз. Бағдарламаның орындалу барысы индикаторы функция жойылғанға дейін немесе кезең аяқталғанша жанады. Егер функция жойылмаса, ол келесі жуу циклінде де іске қосылады.

• Үй жануарларының жүнін жою

BEKO WSPE7H616W - • Үй жануарларының жүнін жою - 1

Бұл мүмкіндікті таңдау үшін қосымша 2 функциясы батырмасын басып, оны 3 секунд ұстап тұрыңыз. Бұл функция киімнен жануарлардың жүнін неғұрлым тиімді жою үшін арналған. Бұл функцияны таңдаған кезде стандартты бағдарламаға алдын ала жуу циклы мен қосымша шаю циклы қосылады. Сонымен қатар, кір жуу көп мөлшердегі сумен жүргізіледі және жануарлардың жүнінен киімді тиімді тазалауға мүмкіндік береді.

- Bluetooth ✦3"

Құрылғыны зияткерлік құрылғыңызға қосу үшін Bluetooth қосылымы функциясын пайдалануға болады. Осылайша, өзіңіздің машинаңыз туралы ақпарат алу және оны басқару үшін зияткерлік құрылғыны қолдана аласыз.

Bluetooth байланысын қосу үшін:

Қашықтан басқару функциясы батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз. 3-2-1 кері санағы көрсетіледі, содан кейін дисплейде «Bluetooth» белгішесі пайда болады. Қашықтан басқару функциясы батырмасын босатыңыз. Құрылғы зияткерлік құрылғымен қосылған кезде Bluetooth белгішесі жыпылықтай бастайды. Байланыс орнатылғаннан кейін белгіше үнемі жанып тұрады.

Bluetooth байланысын өшіру үшін:

Қашықтан басқару функциясы батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз. 3-2-1 кері санағы

көрсетіледі, содан кейін дисплейде «Bluetooth» белгішесі өшеді.

BEKO WSPE7H616W - Bluetooth байланысын өшіру үшін: - 1

Bluetooth қосылымын қосу үшін HomeWhiz қолданбасының бірінші теңшелімін орындау керек. Орнатқаннан кейін, тұтқаны бағдарламаны жүктеу/қашықтан басқару күйіне қойып, Bluetooth қосылымын қосу үшін қашықтан басқару функциясы батырмасын басыңыз.

5.11. Кейінге қалдырылған бастау

«Кейінге қалдырылған старт» атқарымын қолдана отырып, бағдарламаның аяқталуын 24 сағатқа дейін кейінге қалдыруға болады.

BEKO WSPE7H616W - Кейінге қалдырылған бастау - 1

Кейінге қалдырылған стартты орнату кезінде сұйық жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз! Киімде дақтар пайда болуы мүмкін.

  1. Киім жүктеу есігін ашыңыз, кірді салыңыз және үлестірушіге жуғыш құралды салыңыз және т.б.
  2. Жуу бағдарламасын, температураны, сығу жылдамдығын таңдаңыз және қажет болған жағдайда, қосымша функцияларды таңдаңыз.
  3. «Кейінге қалдырылған старт» түймесі арқылы қажетті уақытты орнатыңыз. 4. «Бастау/Кідірту» батырмасын басыңыз. Дисплей таңдалған бағдарламаның аяқталу уақыты мен ұзақтығынан тұратын бағдарламаның аяқталу уақытын көрсетеді. Осыдан кейін уақытты кері санау басталады.

BEKO WSPE7H616W - Кейінге қалдырылған бастау - 2

Кейінге қалдырылған старт уақытын санап жатқанда, кірді машинаға қосуға болады.

  1. Кешіктірілген басталу уақыты аяқталғаннан кейін дисплейде таңдалған бағдарламаның орындалу ұзақтығы көрсетіледі және бағдарламаның орындалуы басталады.

Кейінге қалдырылған старт аралығын өзгерту. Кері санау кезінде старт уақытын өзгерту.

1. «Кейінге қалдырылған старт» батырмасын басыңыз. Батырманы әр басқан сайын аралық 1 сағатқа ұлғайтылады. 2. Аяқтау уақытын қысқарту үшін дисплейде бағдарламаның қажетті аяқталу уақыты пайда болғанша кейінге қалдырылған бастау түймесін басыңыз.

Кейінге қалдырылған старт функциясын жою. Кешіктірілген аяқталу уақытынан бас тарту және бағдарламаны дереу іске қосу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Бағдарламаларды таңдау тұтқасын кез келген күйге бұраңыз.
  2. Содан кейін қажетті бағдарламаны қайта таңдау керек.
  3. Бағдарламаны іске қосу үшін «Старт/Кідіріс» батырмасын басыңыз.

5 Машинаны пайдалану

  1. Бағдарламаның басталғанын көрсететін орындалу көрсеткіші қосылады.

5.12. Бағдарламаның орындалу барысы

Бағдарламаның орындалу барысын бағдарламаның орындалу индикаторының көмегімен бақылауға болады. Бағдарламаның әрбір циклінің басында тиісті индикатор қосылады.

Бағдарламаны орындау барысында сіз қосымша функцияларды таңдауды, сығу жылдамдығын және температураны орындалып жатқан бағдарламаны тоқтатпай өзгерте аласыз. Барлық өзгерістерді осы өзгерістер енгізілген кезең басталғанға дейін ғана жасауға болады. Егер өзгерістер орындалатын бағдарламаға сәйкес келмесе, тиісті индикатор үш рет жыпылықтайды.

BEKO WSPE7H616W - Бағдарламаның орындалу барысы - 1

Егер машина сығу сатысына өтпесе, онда сумен тоқтау функциясы қосулы немесе барабанның ішіндегі кірдің біркелкі бөлінбеуіне байланысты автоматты теңдестіру жүйесі іске қосылды.

5.13. Жүктеу люгінің есігін бұғаттау

Кір жуғыш машинаның жүктеу люгінің есігі судың жоғары деңгейінде есікті ашу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттау жүйесімен жабдықталған.

Машинаны тоқтату режиміне ауыстырған кезде, жүктеу люгі есігінің индикаторы жыпылықтай бастайды және машина барабандағы су деңгейін анықтайды. Егер су деңгейі рұқсат етілген болса, онда жүктеу люгі есігінің индикаторы біркелкі жарықпен жана бастайды және 1-2 минуттан кейін есікті ашуға болады.

Егер су деңгейі қолдануға жарамсыз болса, жүктеу люгі есігінің индикаторы сөніп, есікті ашу мүмкін болмайды. Егер есіктің индикаторы жанбаған кезде жүктеу люгінің есігін ашу қажет болса, орындалатын бағдарламаны болдырмау керек. «Бағдарламаны болдырмау» қараңыз.

Қоректендіруді ажырату кезінде тиеу люгінің есігін ашу

Электр куаты ажыратылған жағдайда, сорғы сүзгісінің қақпағының астында орналасқан апаттық түтқа көмегімен тиеу люгінің есігін қолмен ашуға болады.
ЕСКЕРТУ: Тиеу люгінің есігін ашпас бұрын судың толып кетуін болдырмау үшін машинаның ішінде судың жоқтығына көз жеткізіңіз.

BEKO WSPE7H616W - Қоректендіруді ажырату кезінде тиеу люгінің есігін ашу - 1

- Сорғы сүзгісінің қақпағын ашыңыз.

- Құралдың көмегімен жүктеу люгі есігінің апаттық ашылу арқанын төмен қарай тартыңыз және босатыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Қоректендіруді ажырату кезінде тиеу люгінің есігін ашу - 2

  • Жүктеу люгінің есігін ашып, арқанды орнына қайтарыңыз.
  • Егер жүктеу люгінің есігі ашылмаса, арқанды тартып, тағы бір рет көріңіз.

5.14. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін теңшеулерді өзгерту

Машинаны тоқтату режиміне ауыстыру

Бағдарламаны орындау кезінде кір жуғыш машинаны тоқтату режиміне ауыстыру үшін «Старт/Үзіліс» батырмасын басыңыз.

Дисплейде кідіріс индикаторы жыпылықтайды. Қосымша атқарымдар, сығу жылдамдығын және температураны таңдауды өзгерту

Бағдарламаны орындау сатысына қарай функцияларды таңдауға немесе болдырмауға болады. «Қосымша функцияларды таңдау» бөлімін қараңыз.

Сондай-ақ, сығу жылдамдығы мен жуу температурасының теңшелімдерін өзгертуге болады. «Сығу жылдамдығын таңдау» және «Температураны таңдау» бөлімдерін қараңыз.

BEKO WSPE7H616W - Бағдарламаны іске қосқаннан кейін теңшеулерді өзгерту - 1

Егер теңшелімдерді өзгертуге тыйым салынса, сәйкес индикатор үш рет жыпылықтайды.

Кірді қосу немесе шығару

BEKO WSPE7H616W - Бағдарламаны іске қосқаннан кейін теңшеулерді өзгерту - 2

Егер машинадағы су деңгейі үйғарынды болса, «Бастау/Үзіліс» батырмасын басқан кезде, жүктеу есігінің бұғаттау белгісі сөніп, бұғаттау өшіріледі, бұл кірді қосуға/шығаруға мүмкіндік береді. Содан кейін есікті жауып, кір жуу циклын жалғастыру үшін «Бастау/Үзіліс» батырмасын басыңыз.

Егер «Бастау/Үзіліс» батырмасын басқан кезде су деңгейі қолайсыз болса, онда есікті бұғаттау өшірілмейді және жүктеу есігінің бұғаттау таңбасы дисплейде жарқырай береді. Бұл жағдайда кірді қосу немесе алып шығару мүмкін емес.

5

Машинаны пайдалану

BEKO WSPE7H616W - Машинаны пайдалану - 1

Егер машинадағы судың температурасы 50°-тан жоғары болса, су деңгейі рұқсат етілген болса да, қауіпсіздік мақсатында жүктеу есігін бұғаттауды өшіру мүмкін емес.

5.15. Бағдарламаны болдырмау

Бағдарламаны болдырмау үшін бағдарламаны таңдау тұтқасын басқа бағдарламаға сәйкес келетін күйге бұраңыз. Бұрын таңдалған бағдарлама жойылады. Бағдарламаны тоқтатқаннан кейін «Аяқтау/Болдырмау» индикаторы үздіксіз жыпылықтай бастайды. Бағдарламаны таңдау тұтқасын бұрау кезінде ағымдағы бағдарлама жойылады, бірақ машинадан су ағып кетпейді. Жаңа бағдарламаны таңдап, іске қосқаннан кейін оның орындалуы алдыңғы бағдарламаның қай кезеңде тоқтатылғанына байланысты басталады. Мысалы, машина судың қосымша мөлшерін жүктей бастайды немесе барабандағы суды пайдаланып жууды жалғастыра береді.

BEKO WSPE7H616W - Бағдарламаны болдырмау - 1

Алдыңғы бағдарламаның қай кезеңде тоқтатылғанына байланысты, жаңа бағдарламаны таңдап, іске қосқаннан кейін жуғыш құрал мен кондиционерді қосу қажет болуы мүмкін.

5.16. Бағдарламаны аяқтау

Бағдарлама аяқталғаннан кейін дисплейде «End» жазуы пайда болады,

1. Жүктеу люгі есігінің индикаторы біркелкі жарықпен жана басталғанша күтіңіз. 2. Сөндіргішпен машинаны өшіріңіз. 3. Кірді машинадан шығарып, жүктеу люгінің есігін жабыңыз. Осыдан кейін машина келесі жууға дайын.

5.17. Машинаның «Күту режимінің» ерекшеліктері

Егер машинаны батырма қосқышымен қосқаннан кейін ешқандай бағдарлама іске қосылмаса немесе таңдау сатысында басқа рәсім орындалмаса немесе сіз таңдаған бағдарлама аяқталғаннан кейін екі минут ішінде ешқандай әрекет жасалмаса, машина автоматты түрде қуат үнемдеу режиміне өтеді. Бұл ретте, индикаторлардың жарықтылығы азаяды. Бұдан басқа, егер машинаның дисплейінде бағдарламаның орындалу ұзақтығы бейнеленсе, ол сөнеді. Бағдарламаны таңдау тұтқасын бұрап немесе кез-келген түймені басқаннан кейін индикаторлар мен дисплейдің алдыңғы күйі қалпына келеді. Энергияны үнемдеу режимінен шыққан кезде жасалатын теңшелімдер өзгеруі мүмкін. Бағдарламаны іске қоспас бұрын, ағымдағы теңшелімдердің дұрыстығына көз жеткізіңіз. Қажет болса, осы теңшелімдерді қайта орнатыңыз. Бұл ақаулық болып табылмайды.

5.18. HomeWhiz функциясы және қашықтықтан басқару

HomeWhiz кір жуғыш машинаңызды тексеру және оның жағдайы туралы ақпарат алу үшін зияткерлік құрылғыны пайдалануға мүмкіндік береді. HomeWhiz қолданбасының көмегімен әртүрлі рәсімдерді орындау үшін зияткерлік құрылғыны пайдалануға болады, оны машинада да жасауға болады. Сонымен қатар, кейбір мүмкіндіктер HomeWhiz қолданған кезде ғана қол жетімді.

Құрылғының Bluetooth функциясын пайдалану үшін HomeWhiz қолданбасын зияткерлік құрылғының қолданбалар дүкенінен жүктеу керек.

Бағдарламаны орнату үшін зияткерлік құрылғының Интернетке қосылғанына көз жеткізіңіз.

Егер бағдарламаны бірінші рет қолдансаңыз, пайдаланушының есептік жазбасын тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін сіз HomeWhiz функциясы бар барлық өнімдеріңізді басқару үшін осы есептік жазбаны пайдалана аласыз.

Есептік жазбаңызбен жұпталған құрылғыларды көру үшін HomeWhiz қолданбасындағы «Құрылғыны қосу/жою» батырмасын басыңыз. Сіз осы беттегі өнімдермен жұптау рәсімдерін орындай аласыз.

Қолданбаны орнатқаннан кейін HomeWhiz функциясы кір жуғыш машинаға зияткерлік құрылғы арқылы хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

BEKO WSPE7H616W - HomeWhiz функциясы және қашықтықтан басқару - 1

HomeWhiz функциясын пайдалану үшін зияткерлік құрылғыңызға қолданба орнатылып, кір жуғыш машинаңыз Bluetooth арқылы зияткерлік құрылғыға қосылуы керек. Егер кір жуғыш машинаңыз зияткерлік құрылғыға қосылмаған болса, ол HomeWhiz функциясы жоқ құрылғы ретінде жұмыс істейді.

5.19. HomeWhiz теңшеу

Бағдарламаны іске қосу үшін машина мен HomeWhiz қолданбасы арасында байланыс орнату керек.

  • Машинаны бірінші рет қосқан кезде HomeWhiz қолданбасындағы «Құрылғыны қосу/жою» батырмасын басыңыз.
  • Орнатуды бастамас бұрын, машинаның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Бір уақытта температура батырмасын және қашықтан басқару функциясы батырмасын басып, машинаны HomeWhiz теңшеу режиміне орнату үшін оларды 3 секунд ұстап тұрыңыз.

8:88

5 Машинаны пайдалану

- Машина HomeWhiz теңшеу режимінде болғанда, дисплей анимацияны көрсетеді және Bluetooth белгішесі машинаны зияткерлік құрылғыға қосқанға дейін жыпылықтайды. Бұл режимде тек бағдарламаны таңдау тұтқасы жұмыс істейді. Басқа батырмалар қол жетімді емес.

BEKO WSPE7H616W - Машинаны пайдалану - 1

  • Бағдарлама экранында кір жуғыш машинаны таңдап, «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
  • HomeWhiz сізден зияткерлік құрылғыға қандай құрылғыны қосқыңыз келетінін сұрағанша экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  • Кір жуғыш машинаны құрылғыңызға сәтті қосқан кезде, дисплей автоматты түрде қалыпты режимге өтеді, Bluetooth белгішесі қосулы болып қалады және орнату сәтті аяқталған әуен ойнатылады.
  • HomeWhiz қолданбасына оралыңыз және теңшеу аяқталғанша күтіңіз. Теңшеу аяқталғаннан кейін кір жуғыш машинаның атын енгізіңіз. Содан кейін HomeWhiz қолданбасына қосылған құрылғыны көру үшін түртіңіз. Егер сіз 5 минут ішінде орнатуды аяқтамасаңыз, кір жуғыш машина автоматты түрде өшеді. Бұл жағдайда теңшеу рәсімін қайтадан бастау керек.
[НН6С]ЕСКЕРТУ: HomeWhiz орнату үшінзияткерлік құрылғы Интернеткекосылуы керек. Әйтпесе, HomeWhizқолданбасы орнату рәсімін сәттіаяқтауға мүмкіндік бермейді.
[ĞDKS]Кір жуғыш машинаны бірнешезияткерлік құрылғыларменпайдалануға болады. Ол үшінHomeWhiz қолданбасын басқазияткерлік құрылғыға жуктеңіз.Қолданбаны іске қосқан кезде сізбурын жасалған және кір жуғышмашинаға қосылған есептік жазбағакіруіңіз керек. Әйтпесе, «Басқатіркелгіге қосылған кір жуғышмашинаны орнату» бөлімін қараңыз.
HomeWhiz қолданбасы сізденөнімнің затбелгісінде көрсетілгенөнім нөмірін енгізуді талап етуімүмкін. Өнімнің жапсырмасымашина есігінің ішкі жағындаорналасқан.

5.20. Басқа есептік жазбаға қосылған кір жуғыш машинаны теңшеу

Егер сіз пайдаланғыңыз келетін кір жуғыш машина бұрын басқа есептік жазбамен байланысқан болса, HomeWhiz қолданбасы мен машина арасында жаңа байланыс орнату керек.

• HomeWhiz қосымшасын пайдаланғыңыз келетін жаңа зияткерлік құрылғыға жүктеңіз. - Жаңа есептік жазба жасаңыз және оған HomeWhiz қосымшасында кіріңіз. - HomeWhiz орнату кадамдарын орындаңыз (5.19-бөлім «HomeWhiz теңшеу») және теңшеу рәсіміне өтіңіз.

5.21. Қашықтықтан басқару және оны қолдану функциясы

HomeWhiz орнатқаннан кейін Bluetooth автоматты түрде қосылады. Егер сіз Bluetooth қосылған кезде машинаны өшіріп, қоссаңыз, қосылым автоматты түрде қалпына келтіріледі. Егер жұпталған құрылғы қол жетімді болмаса, Bluetooth автоматты түрде өшеді. Осы себепті қашықтан басқару функциясын пайдалану үшін Bluetooth функциясын қайта қосу керек. Байланыс күйін анықтау үшін дисплейдегі Bluetooth таңбасын тексеріңіз. Егер таңба үнемі жанып тұрса, Bluetooth қосылымы орнатылады. Егер таңба жыпылықтаса, қосылу әрекеті орындалады. Егер таңба жанбаса, байланыс жоқ.

BEKO WSPE7H616W - Қашықтықтан басқару және оны қолдану функциясы - 1

ЕСКЕРТУ: Bluetooth қосылымы сіздің өніміңізге қосылған кезде, қашықтан басқару мүмкіндігі таңдау үшін қол жетімді болады. Егер қашықтан басқару мүмкіндігі таңдалмаса, қосылым күйін тексеріңіз. Егер байланыс орнатылмаса, бастапқы теңшеуді машинада қайталаңыз.

Кір жуғыш машинаны қашықтан басқару үшін кір жуғыш машинаның басқару тақтасындағы бағдарламаларды таңдау тұтқасы бағдарламаны жүктеу / қашықтан басқару күйіне ауыстырылған қашықтан басқару батырмасын басу арқылы қашықтан басқару функциясын қосу керек. Машинаны бағалау кезінде төменде көрсетілген экран көрсетіледі. Қашықтан басқару пульті қосылған кезде кір жуғыш машинада тек басқару, өшіру және күйді бақылауды жүзеге асыра аласыз. Балалардан бұғаттаудан басқа барлық функцияларды басқару қолданба арқылы жүзеге асырылады. Қашықтан басқару функциясы қосылғанын тексеру үшін батырмадағы функция индикаторы қолданылады.

Егер қашықтан басқару функциясы өшірілсе, барлық операцияларды басқару кір жуғыш машинада жүзеге асырылады, ал қолданбада тек күй көрсетіледі.

BEKO WSPE7H616W - Қашықтықтан басқару және оны қолдану функциясы - 2

Егер қашықтан басқару функциясын қосу мүмкін болмаса, батырманы басқан кезде машина ескерту сигналын шығарады. Бұл құрылғы қосулы және Bluetooth арқылы жұпталған зияткерлік құрылғы анықталмаған жағдайларда орын алуы мүмкін. Мысалы, Bluetooth теңшелімдері өшірулі немесе машинаның есігі ашық.

Кір жуғыш машинада функция қосылғаннан кейін ол белгілі бір жағдайларды қоспағанда, қосулы болып қалады және Bluetooth арқылы қашықтан машинаны басқаруға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда ол қауіпсіздік мақсатында өзін өшіреді:

  • кір жуғыш машинаның қуаты ажыратылған кезде;
  • бағдарламаны таңдау тұтқасы басқа бағдарламаға бұрылған кезде немесе машина өшірілген кезде.

Егер басқару немесе қосылу кезінде ақаулар пайда болса, мәселе қайталанатынына және сіз жасаған әрекеттермен байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер мәселе жойылмаса, келесі әрекеттерді орындаңыз.

  • Зияткерлік құрылғы тиісті үй желісіне қосылғанын тексеріңіз. • Бұйымның қолданбасын қайтадан іске қосыңыз.
  • Bluetooth функциясын өшіріп, басқару тақтасында қайта қосыңыз.
  • Егер байланыс жоғарыда аталған процестерді қолдана отырып орнатылмаса, кір жуғыш машинада бастапқы орнатуды қайталаңыз.

Мәселе қайтадан туындаса, фирмалық сервис орталығына жүгініңіз.

6

Қызмет көрсету және тазалау

6.1. Жуу құралдары таратқышын тазалау

Жуу құралдарының таратқышын мезгілімен (әрбір 4-5 жуу циклынан кейін) тазалап отырыңыз, кір жуу ұнтағының қалдықтары жинақталмайтындай етіп тазалаңыз.

  1. Сифонды суретте көрсетілгендей шығару үшін оның артқы жағын көтеріңіз.

BEKO WSPE7H616W - Жуу құралдары таратқышын тазалау - 1

Егер кондиционерге арналған бөлімшеде қалыпты көлемнен асатын су мен кондиционерлеу құралы жинала бастаса, сифонды тазалаңыз.

  1. Жуу құралдарының таратқышын және сифонды раковинадағы жылы судың мол мөлшерімен жуып жіберіңіз. Таратқышты тазалағанда қорғаныш қолғаптарын киіңіз немесе жуу құралдарының қалдықтарына жанаспау үшін арнайы қылшақты қолданыңыз.
  2. Тазалағаннан кейін сифонды орнына қойыңыз және оның алдыңғы бөлігін стопор тілі бекігендей етіп төмен қарай сырғытыңыз.

6.2. Жүктеу люгінің, есігі мен барабанды тазалау

Уақыт өте келе машинада кондиционердің, жуу құралдарының және ластанудың қалдықтары жиналуы мүмкін, бұл жағымсыз иіс шығарып, кір жуу сапасын төмендетеді. Мұндай мәселелерді болдырмау үшін «Барабанды тазалау» бағдарламасын пайдаланыңыз. Егер осы модельде «Барабанды тазалау» бағдарламасы қарастырылмаған болса, «Су қосу» немесе «Қосымша шаю» функциясы бар «Мақта-90» бағдарламасын іске қосыңыз. Бұл бағдарламаны іске қосқан кезде машинаға киім-кешек жүктелмейді. Бағдарламаны іске қосар алдында жуу құралын салыңыз (2 бөлім). Бағдарлама аяқталғаннан кейін тығыздағыш манжетті ішінен таза матамен сүртіңіз.

BEKO WSPE7H616W - Жүктеу люгінің, есігі мен барабанды тазалау - 1

Барабанды әр 2 ай сайын тазалау керек.

Кір жуғыш машиналарға арналған жуу құралдарын ғана пайдаланыңыз.

Әрбір кір жуудан кейін барабанды бөгде заттардың бар-жоғына тексеріңіз. Егер суретте көрсетілген тесіктер бұғатталса, оларды тіс тазалағышпен тазалаңыз.

BEKO WSPE7H616W - Жүктеу люгінің, есігі мен барабанды тазалау - 2

Барабанда бөгде металл заттардың болуы тот дақтарының пайда болуына әкеледі. Барабанның бетін тазалау үшін тот баспайтын болатты тазалауға арналған құралдарды пайдаланыңыз. Ешбір жағдайда металл немесе сым жөкелерін пайдаланбаңыз.

BEKO WSPE7H616W - Жүктеу люгінің, есігі мен барабанды тазалау - 3

ЕСКЕРТУ: Ешбір жағдайда қатты губкаларды немесе абразивті материалдарды пайдаланбаңыз. Бұл боялған және пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.

6.3. Корпусты және басқару панелін тазалау

Машинаның корпусын сабын ерітіндісімен немесе жұмсақ жуу құралымен жуыңыз және жұмсақ матамен құрғатып сүртіңіз. Басқару панелін тазалау үшін тек жұмсақ дымқыл матаны пайдаланыңыз.

6.4. Кіріс сүзгілерін тазалау

Сүзгілер машинаның артқы жағындағы су құятын саңылаулардың ұштарында және су шүмектеріне қосылатын су құятын түтіктердің ұштарында орналасқан. Бұл сүзгілер кір жуғыш машинаға сантехникадан келетін бөгде заттар мен кірдің түсуіне жол бермейді. Сүзгілер ластанған сайын тазалануы керек.

BEKO WSPE7H616W - Кіріс сүзгілерін тазалау - 1

2. Енгізу келте құбырларындағы сүзгілерге қол жеткізу үшін құю шлангілеріндегі гайкаларды шешіп алыңыз. Оларды сәйкес келетін қылшақпен тазалап жіберіңіз. Егер сүзгілер қатты ластанған болса, оларды тістеуікпен шығарып, тазалау керек.

  1. Сүзгілерді құю шлангілерінің түзу ұштарынан төсемдермен бірге алып шығыңыз және су ағыны астында мұқият жуып жіберіңіз.

4. Төсемдер мен сүзгілерді кері ретпен ұқыптап орнатыңыз, құю шлангісін гайкамен қысып қолмен жалғаңыз.

6

Қызмет көрсету және тазалау

6.5. Қалдық суды ағызу және сорғы сүзгісін тазарту

Кір жуу машинасы су ағызу кезінде қатты заттардың (түймелер, монеталар, мата талшықтары және т.б.) сорғының қанатшасына түсуін болдырмайтын сүзгілер жүйесімен жабдықталған. Бұл суды кедергісіз ағызуды қамтамасыз етеді және сорғының қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Егер ағызу қалыпты орындалмаса, сорғы сүзгісі бітелген. Сүзгіні ластануына қарай, бірақ кемінде 3 айда бір рет тазалап отыру керек. Сорғы сүзгісін тазартар алдында суды ағызып тастау қажет.

Бұдан басқа, тасымалдау алдында (мысалы, басқа пәтерге көшкен кезде) немесе су қату қаупі бар жағдайда машинадан суды ағызып тастау керек.

ЕСКЕРТУ: Егер бүйым үзак үақыт бойы пайдаланылмаса, кранды жабыңыз, беру шланғысын ажыратып, қатып қалуды болдырмау үшін машинадан суды ағызыңыз.
ЕСКЕРТУ: Әрбір қолданғаннан кейін бүйымға су беру шланғысының кранын жабу керек.

Суды ағызу және лас сүзгіні тазалау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Машинаны электр желісінен ажыратыңыз (ашаны розеткадан суырыңыз).
ECKEРТУ:Машинадағы су температурасы90°C-ге дейін жетуі мүмкін. Күйіктіболдырмау үшін сүзгіні тазалаудытек машинадағы су сувғаннан кейінғана жүргізу керек.

2. Сүзгінің қақпағын ашыңыз.

  1. Кейбір модельдер апаттық су ағызу шлангісімен жабдықталған. Машинадағы суды ағызу үшін, төменде сипатталған әрекеттерді орындаңыз.

BEKO WSPE7H616W - Қалдық суды ағызу және сорғы сүзгісін тазарту - 1

Апаттық ағызу шлангісімен жабдықталған модельдердегі суды ағызу:

a. Апаттық ағызу шлангісін бөліктен шығарыңыз. b. Шлангінің соңына сыйымды ыдыс қойыңыз. Шлангінің соңындағы тығынды алып тастаңыз және суды ағызыңыз. Ыдыс толған кезде шлангіні тығынымен жабыңыз. Ыдыстан суды төгіңіз және су толығымен машинадан ағызылып біткенше, жоғарыда сипатталған процедураны қайталаңыз.

BEKO WSPE7H616W - Қалдық суды ағызу және сорғы сүзгісін тазарту - 2

c. Ағызу аяқталғаннан кейін шлангіні тығынмен жабыңыз және оны орнына салыңыз.

d. Сорғының сүзгісін бұраңыз және оны шығарып алыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Қалдық суды ағызу және сорғы сүзгісін тазарту - 3

ЕСКЕРТУ. Бөгде заттардың сорғы сүзгісінде болуы машинаның зақымдануына немесе жұмыс істеуі кезінде қатты шуылдың шығуына әкелуі мүмкін.

Сорғы сүзгісін тексеріңіз және тазалаңыз!

BEKO WSPE7H616W - Қалдық суды ағызу және сорғы сүзгісін тазарту - 4

Қызмет көрсету және тазалау

Апаттық ағызу шлангісімен жабдықталмаған модельдердегі суды ағызу:

a. Сүзгінің алдына суды ағызуға арналған сыйымды ыдыс қойыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Апаттық ағызу шлангісімен жабдықталмаған модельдердегі суды ағызу: - 1

b. Су аққанға дейін сорғы сүзгісін сағат тіліне қарсы аздап бұрып отырыңыз. Сүзгі алдында орнатылған ыдысқа суды ағызып алыңыз. Төгілген суды жинап алу үшін әрқашан шүберекті дайын ұстаңыз.

с. Су ағып біткенде, сүзгіні толығымен бұрап шығарыңыз және оны машинадан алып шығыңыз.

BEKO WSPE7H616W - Апаттық ағызу шлангісімен жабдықталмаған модельдердегі суды ағызу: - 2

  1. Сүзгінің ішкі бөлігін және сорғы қанатшасының айналасындағы кеңістікті қоқыс пен талшықтардан тазартыңыз.
  2. Сүзгіні орнына салыңыз.

7 Ақаулықтарды жою

Бағдарламаны іске қосу немесе таңдау мүмкін емес.

- Кір жуғыш машина су немесе электр энергиясын берудің бұзылуынан (мысалы, желідегі кернеудің төмендеуі, су қысымы және т.б.) өзін-өзі қорғау режиміне ауыстырылды. Бағдарламаны болдырмау үшін, бағдарламаны таңдау тұтқасын басқа бағдарламаға сәйкес күйге бұрыңыз. Бұрын таңдалған бағдарлама жойылады. («Бағдарламаны жою» бөлімін қараңыз).

Машинада су бар.

- Кір жуғыш машинада дайындаушы-кәсіпорында сапаны бақылау процесінде пайдаланылған біраз су қалуы мүмкін. Бұл ақаулық емес және машина үшін қауіп төндірмейді.

Машина түбінен су ағады.

- Сорғының шлангісі мен сүзгісін тексеріңіз: Кую шлангілеріндегі төсемдердің герметикалығын тексеріңіз. Шлангіні су құбыры кранына тығыздап қосыңыз. - Мүмкін сорғы сүзгісі толық жабық емес. Сорғы сүзгісінің толық жабылғанын тексеріңіз.

Машинаға су ақпайды

• Су құбыры краны жабылған. Крандарды ашыңыз. • Кую шлангісінің майысуы. Шлангіні түзетіңіз. - Су беру келте құбырының сүзгісі бітеліп қалды. Сүзгіні тазалаңыз. - Жүктеу люгінің есігі сәл ашық. Жүктеу люгінің есігін жабыңыз.

Машинадан су ағызылмайды.

  • Ағызу шлангісі бітелген немесе бұралып қалған. >>> Шлангіні тазалаңыз немесе түзетіңіз.
  • Сорғының сүзгісі қоқыстанған. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.

Машина қатты дірілдейді немесе шу шығарады.

  • Машина тұрақсыз тұр. >>> Машинаны тұрақтандыру үшін аяқтарын реттеңіз.
  • Сорғы сүзгісіне бөгде зат түсті. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.
  • Тасымалдау кезіндегі қорғаныс болттары шешілмеген. >>> Тасымалдау кезіндегі қорғаныс болттарын алып тастаңыз.
  • Тым аз киім жүктелген. >>> Машинаға көбірек киім салыңыз.
  • Тым көп киім жүктелген. >>> Машинадан киімнің бір бөлігін алып тастаңыз немесе оны қолмен біркелкі таратыңыз.
  • Машина қисайып тұр, себебі аяқтың астына бөгде зат түскен. >>> Машинаның тік тұруын тексеріңіз, астында бөгде заттың жоқтығына көз жеткізіңіз.

Машина бағдарлама іске қосылғаннан кейін көп ұзамай тоқтады.

- Кір жуғыш машина желідегі кернеудің төмендеуіне байланысты уақытша тоқтап қалуы мүмкін. >>> Қалыпты кернеу қалпына келтірілгеннен кейін ол жұмысты қайта бастайды.

Машинаға құйылатын су бірден ағызылады.

- Ағызу шлангісі тым төмен орнатылған. >>> Пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай, ағызу шлангісін қосыңыз.

Жуу кезінде машинадағы су көрінбейді.

- Сырттан кір жуғыш машинада су деңгейі көрінбейді. Бұл ақаулық болып табылмайды.

Жүктеу люгінің есігі ашылмайды.

  • Есіктің құлпы бұғатталған, себебі машинада су бар. >>> Суды ағызу үшін «Ағызу» немесе «Сығу» бағдарламасын іске қосыңыз.
  • Машина суды қыздырып жатыр немесе сығу циклын орындап жатыр. >>> Бағдарламаны аяқтауды күтіңіз.
  • Балалардан бұғаттау қосылған. Есік құлпы бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін бұғаттан шығады. >>> Есіктің құлпы бұғаттан шыққанға дейін, бірнеше минут күтіңіз.

7 Ақаулықтарды жою

Кір жуу сапасы төмен: киім-кешектің кірі ашылмайды, және онда дақтар қалады. (**)

  • Жуу құралының мөлшері жеткіліксіз. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес ұсынылған мөлшерде жуу құралын пайдаланыңыз.
  • Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз. «Бағдарламаларды сипаттау» кестесіндегі ұсыныстарға сәйкес киім-кешек санын жүктеңіз.
  • Бағдарлама мен температура дұрыс таңдалмаған. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес жуу бағдарламасы мен температурасын таңдаңыз.
  • Жарамайтын жуу құралы. >>> Кір жуғыш машиналарға арналған жоғары сапалы жуу құралдарын пайдаланыңыз.
  • Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. >>> Жуу құралын таратқыштың тиісті бөлімшесіне салыңыз. Кір жуу ұнтағы мен ағартқышты араластырмаңыз.

Кір жуу сапасы төмен: Киім-кешекте майлы дақтар қалады. (**)

- Барабан тазартылмаған. >>> Барабанды мезгілімен тазартып отырыңыз. Тазарту бойынша нұсқаулықты 6.2. қараңыз.

Кір жуу сапасы төмен: киім-кешектің жағымсыз иісі бар. (**)

Төмен температурада жуу нәтижесінде және/немесе қысқа бағдарламаларды қолданғанда барабанда жағымсыз иіс шығаратын бактериялар қабаты жиналады. Кір жуып болғаннан кейін жуу құралдары таратқышын және жүктеу люгінің есігін ашық қалдырыңыз. Осылайша, машина ішінде бактериялардың өсуі үшін қолайлы ылғалды орта пайда бола алмайды.

Түрлі-түсті киім-кешек өңіп кетеді. (**)

• Тым көп киім-кешек жүктелген. Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз. • Жуу құралы дымқылданған. Жуу құралдарын жабық ыдыста құрғақ салқын жерде сақтаңыз. • Жуу температурасы тым жоғары. Кір жуу бағдарламасын және температурасын киімнің түрі мен ластану деңгейіне сәйкес таңдаңыз.

Машина киім-кешекті нашар шаяды.

  • Шаю сапасы қолданылған ұнтақтың мөлшеріне, маркасына және сақталу жағдайына байланысты. Осы киім-кешек түріне арналған кір жуғыш машиналардың жуу құралдарын пайдаланыңыз. Жуу құралдарын жабық ыдыста құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
  • Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. Егер жібіту пайдаланылмаса да, жуу құралын жібіту бөліміне жүктесе, машина бұл құралды шаю немесе кондиционерді қолдану кезінде алып кетуі мүмкін. Жуу құралын тиісті таратқыш бөлімшесіне салыңыз.
  • Сорғының сүзгісі қоқыстанған. Сүзгіні тексеріңіз. • Су ағызу шлангасы қысылып қалған. Ағызу шлангісін тексеріңіз.

Жуғаннан кейін киім-кешек қатты болып қалды. (**)

  • Жуу құралының мөлшері жеткіліксіз. Кермек суда кір жуғанда жуу құралының мөлшері жеткіліксіз болғанда, киім-кешек уақыт өте келе қатты бола бастайды. Судың кермектілігі деңгейіне сәйкес жуу құралының қажетті мөлшерін пайдаланыңыз.
  • Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. Егер жібіту пайдаланылмаса да, жуу құралын жібіту бөліміне жүктесе, машина бұл құралды шаю немесе кондиционерді қолдану кезінде алып кетуі мүмкін. Жуу құралын тиісті таратқыш бөлімшесіне салыңыз.
  • Жуу құралы кондиционермен араласуы мүмкін. Кондиционерді жуу құралымен араластырмаңыз. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз.
  • Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. Егер жібіту пайдаланылмаса да, жуу құралын жібіту бөліміне жүктесе, машина бұл құралды шаю немесе кондиционерді қолдану кезінде алып кетуі мүмкін. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз. Жуу құралын тиісті таратқыш бөлімшесіне салыңыз.
  • Жуу құралы кондиционермен араласуы мүмкін. Кондиционерді жуу құралымен араластырмаңыз. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз.

7 Ақаулықтарды жою

Жуу құралдары таратқышында жуу құралдарының қалдықтары. (**)

  • Жуу құралы ылғалды таратқышқа жүктелген. >>> Жуу құралын жүктер алдында таратқышты құрғатып сүртіңіз. • Жуу құралы дымқылданған. >>> Жуу құралдарын жабық ыдыста құрғақ салқын жерде сақтаңыз.
  • Су қысымы әлсіз. >>> Судың қысымын тексеріңіз.
  • Жібіту үшін су алынған кезде, негізгі кір жуу бөлімшесіндегі жуу құралы суланған. Жуу құралдарын тарату бөліміндегі тесіктер бітеліп қалды. >>> Қажет болса, осы тесіктерді тазалаңыз.
  • Жуу құралдарын тарату клапандарымен проблема. >>> Фирмалық сервис орталығына жүгініңіз.
  • Жуу құралы кондиционермен араласуы мүмкін. >>> Кондиционерді жуу құралымен араластырмаңыз. Таратқышты ыстық сумен жуып, тазалаңыз.
  • Барабан әрдайым тазартылмаған. >>> Барабанды мезгілімен тазартып отырыңыз. Тазарту бойынша нұсқаулықты 6.2. қараңыз.

Кір жуудан кейін жуу құралы қалып қойды. (**)

  • Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз.
  • Бағдарлама мен температура дұрыс таңдалмаған. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес жуу бағдарламасы мен температурасын таңдаңыз.
  • Жарамайтын жуу құралы. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес жуу құралын таңдаңыз.

Жоғары көбіктүзілім. (**)

  • Жуу құралы кір жуғыш машина-автоматтарда пайдалануға жарамсыз. >>> Кір жуғыш машиналарға арналған жуу құралдарын пайдаланыңыз. • Жуу құралы тым көп. >>> Жуу құралының қажетті мөлшерін ғана пайдаланыңыз.
  • Жуу құралы келіспейтін жағдайда сақталған. >>> Жуу құралдарын жабық және құрғақ жерде сақтаңыз. Оларды температурасы жоғары жерлерде сақтамаңыз.
  • Құрылымы ұяшықты кейбір маталарды жуғанда, мысалы, тюль перделері мол көбік түзеді. >>> Мұндай түрдегі киім-кешектерге жуу құралының аз мөлшерін пайдаланыңыз.
  • Жуу құралы таратқыштың тиісті бөлімшесіне жүктелмеген. >>> Жуу құралын таратқыштың тиісті бөлімшесіне салыңыз.
  • Кондиционер уақытынан бұрын қолданылады. >>> Жуу құралдарын тарату клапандарымен қиындықтар туындауы мүмкін. Фирмалық сервис орталығына жүгініңіз.

Жуу құралын таратқышынан көбік шығып жатыр.

  • Жуу құралы тым көп. >>> 1 ас қасық кондиционерді 0,5 литр суға араластырыңыз және жуу құралын таратқыштың негізгі кір жуу бөліміне құйыңыз.
  • Киім кешекті жүктеу нормаларын ескере отырып, жуу бағдарламаларына сәйкес жуу құралдарын пайдаланыңыз («Энергияны тұтыну және бағдарламаларды таңдау кестесі» қараңыз). Дақ кетіргіш, ағартқыштар және т.б. осы сияқты қосымша құралдарды пайдаланған кезде жуу құралының мөлшерін азайту керек.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін киім-кешек дымқыл күйінде қалады. (*)

- Мүмкін, жуу құралының артық мөлшеріне байланысты көп көбік пайда болды да көбік түзілімін бақылаудың автоматты жүйесі іске қосылды. >>> Ысынылған жуу құралын пайдаланыңыз.

* Егер барабандағы киім-кешек біркелкі бөлінбеген болса, машинаның өзі мен қоршаған заттардың зақымдануын болдырмау үшін машина сығуға ауыстырылмайды. Киім-кешекті біркелкі етіп бөліп, сығуды қайта қосу керек.

** Барабанды мезгілімен тазалау жүргізілмеуі мүмкін.>>> Барабанды мезгілімен тазалап отырыңыз. 6.2 қараңыз.

BEKO WSPE7H616W - Бағдарлама аяқталғаннан кейін киім-кешек дымқыл күйінде қалады. (*) - 1

ЕСКЕРТУ: Егер осы ұсыныстар арқылы қиындықтарды шешу мүмкін болмаса, фирмалық сервис орталығына жүгініңіз. Ақаулы бұйымды өздігінен жөндеуге тырыспаңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BEKO

Модель : WSPE7H616W

Санат : кір жуғыш машина