HW90-BP14929AS - кір жуғыш машина HAIER - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HW90-BP14929AS HAIER PDF форматында.
| Өнім түрі | Фронталды жүктемелі кір жуғыш машина |
| Марка | Haier |
| Модель | HW90-BP14929AS |
| Жүктеме | 9 кг |
| Айналдырудың максималды жылдамдығы | 1400 айн/мин |
| Энергия тұтыну класы | A+++ |
| Өлшемдері (Б×Е×Т) | 85 × 60 × 54 см |
| Нетто салмағы | 65 кг |
| Кернеу / Жиілік | 220-240 В / 50 Гц |
| Қуат | 2000 Вт |
| Шу деңгейі (жуу/айналдыру) | 52 / 76 дБ |
| Жуу бағдарламалары | Мақта, Синтетика, Нәзік, Жылдам 30', Эко, Спорт, Мамық көрпе, Шайы + айналдыру, Тек айналдыру, Ағызу |
| Функциялар | Кешіктірілген бастау, Қосымша шайу, Балалардан қорғау, Инверторлы қозғалтқыш, Көбік түзілуін бақылау жүйесі, Ағып кетуден қорғау |
| Күтім және тазалау | Барабанды тазалау, Ағызу сорғысының сүзгісі, Жуғыш заттар науасы |
| Қауіпсіздік | Балалардан қорғау, Төгілуден қорғау, Теңгерімсіздіктен қорғау, Кернеу секірулерінен қорғау |
| Жинақталуы | Пайдалану нұсқаулығы, Кепілдік талоны, Ағызу шлангі, Құю шлангі, Тасымалдау болттарының тығындары |
| Өндіріс елі | Қытай |
Жиі қойылатын сұрақтар - HW90-BP14929AS HAIER
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HW90-BP14929AS HAIER
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кір жуғыш машина PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HW90-BP14929AS - HAIER және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HW90-BP14929AS брендінің HAIER.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HW90-BP14929AS HAIER
Пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Нұсқаулықта құрылғыны барынша тиімді қолдануға мүмкіндік беріп, оны қауіпсіз әрі дұрыс орнатып, пайдалану және қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін маңызды ақпарат бар.
Бұл нұсқаулықты құрылғыны қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін қолдану мақсатында ыңғайлы жерде сақтаңыз.
Егер құрылғыны сатуды немесе көшкенде үй иелеріне қалдыруды шешсеңіз, жаңа иесі құрылғымен және қауіпсіздік туралы ескертулермен таныса алу үшін осы нұсқаулықты қоса беріңіз.
Шартты белгілер

Назар аударыңыз – қауіпсіздік техникасы туралы маңызды ақпарат

Қоршаған орта мен адамзат денсаулығын қорғауға көмектесіңіз.
Қаптамасын өңдеуге арналған тиісті контейнерлерге тастаңыз.
Электрлі және электронды құрылғылар қалдығын қайта өңдеуге үлес қосыңыз. Мына символмен белгіленген бұйымдарды тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға болмайды.
Бұйымды қайталама шикізат өңдейтін кәсіпорынға өткізіңіз немесе жергілікті муниципалды мекемеге жүгініңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі!
Құрылғыны электр көзінен ажыратыңыз. Желілік кабельді кесіп алып, қайта өңдеуге жіберіңіз. Балалар мен үй жануарлары құрылғы ішіне қамалып қалмау үшін есік бекіткішін алыңыз.
KZ
Мазмұны
- Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат
- Кір жуғыш машинаның сипаттамасы 7
- Баскару панелі 8
- Бағдарламалар 11
- Тұтыну....12
- Күнделікті пайдалану 13
- Экологиялық жуу ....18
- Күтім және тазалау....19
- Ақауларды жою 22
- Орнату 25
- Техникалық сипаттамалары .....29
- Клиенттерге қызмет көрсету....31
1. Қауіпсіздік техникасы туралы ақпарат
Машинаны бірінші қосу алдында қауіпсіздік бойынша келесі ұсыныстармен танысыңыз:

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
Бірінші пайдаланар алдында
▶ Тасымалдау кезінде алынған ешқандай бүлінуі жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Барлық тасымалдау бұрандалары шешілгеніне көз жеткізіңіз. ▶ Барлық қаптамаларды алып тастаңыз және оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ▶ Машинаның салмағы үлкен болғандықтан, онымен барлық манипуляцияларды кемінде екі адам орындауы керек.
Күнделікті пайдалану
Бұл машинаны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар, егер олар қадағалауда болса немесе машинаны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар берілсе және олар ықтимал қауіптерді түсінсе, пайдалана алады. ▶ 3 жасқа толмаған балалардың қараусыз машинаға жақындауына жол бермеңіз. ▶ Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынады. Балалардың немесе үй жануарларының машинаға жақындауына рұқсат бермеңіз, егер оның есігі ашық болса. Жуғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Сыдырма ілгекті жабыңыз, бауларды байлаңыз және киімдердің шырмалуының алдын алу үшін ұсақ заттарды алып тастаңыз. Қажет болса, кір жуатын арнайы қап немесе тор қолданыңыз. ▶ Машинаға сулы немесе ылғалды қолмен жанасуға немесе сіз жалаң аяқ, ал қолыңыз немесе аяғыңыз су немесе ылғалды болған кезде машинаны пайдалануға тыйым салынады. Жұмыс кезінде немесе жұмыс аяқталғаннан кейін ылғал кетуі үшін машинаны жұмыс кезінде немесе одан кейін бүркемеңіз және қандай да бір қаппен жаппаңыз. ▶ Машинаға ауыр заттарды немесе жылу не ылғал көздерін орналастыруға тыйым салынады. ▶ Жеңіл тұтанатын құралдарды немесе құрғақ тазалауға арналған құралдарды машинаға тікелей жақын жерде пайдалануға және сақтауға тыйым салынады. Жеңіл тұтанатын аэрозольдарды машинаға тікелей жақын жерде пайдалануға тыйым салынады. ▶ Машинада еріткіштермен өңделген киімдерді алдын ала ауада кептірмей жууға тыйым салынады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Күнделікті пайдалану
▶ Ғимаратта жанғыш зат болған жағдайда қуат көзі бауын электрлік розеткадан алмаңыз және оған вилканы салмаңыз. ▶ Кеукті резеңкені немесе губка тәріздес материалдарды ыстықтай жууға тыйым салынады. ▶ Мұнаймен ластанған киімді жууға тыйым салынады. Жуудың кез келген процесі барысында жуғыш құралдарға арналған жылжымалы контейнерді ашуға тыйым салынады. Жуу кезінде есіктерге жанасуға тыйым салынады, себебі ол қызып кетуі мүмкін. Судың деңгейі жүктегіш астаудың жиегінен жоғары екені көрініп тұрса, машинаның есігін ашуға тыйым салынады. Есікті күштеп ашуға тырыспаңыз. Есік өздігінен бұғатталу құрылғысымен жабдықталған және жуу циклі аяқталғаннан кейін өздігінен бұғаттан шығады. ▶ Әрбір жуу бағдарламасын орындағаннан кейін және оған профилактикалық күту бойынша кез келген әрекетті іске асыру алдында машинаны өшіріңіз, сонымен қатар электр энергиясын үнемдеу және қауіпсіздік мақсаттарында машинаны электр желісінен ажыратыңыз. ▶ Бұйымды розеткадан ажыратқанда қуат беру баусымынан емес, вилкадан ұстаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету/тазалау
▶ Егер құрылғыны тазалау немесе оны күту бойынша әрекеттер орындалып жатса, балалардың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз. ▶ Профилактикалық күтім бойынша қандай да бір әрекеттерді іске асырмас бұрын машинаны электр желісінен ажыратыңыз. Жағымсыз иістердің пайда болуының алдын алу үшін тиеу астауының тесігінің төменгі бөлігін таза ұстаңыз және машина пайдаланылмаған кезде есік пен жуғыш құралдарға арналған контейнерін ашық қалдырыңыз. ▶ Бұйымды тазалау үшін су бүріккіш немесе буды пайдалануға тыйым салынады. ▶ Қауіптің алдын алу үшін зақымдалған қуат сымын тек өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе соған ұқсас біліктілігі бар тұлғалар ауыстыруы керек. ▶ Машинаны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Жөндеу қажет болған жағдайда біздің клиенттерді қолдау қызметімен байланысыңыз.
Орнату
▶ Машинаны жақсы желдетілетін жерде орналастырған дұрыс. Есігін толық ашуға мүмкіндік беретін күйді қамтамасыз етіңіз. ▶ Машинаны ғимараттан тыс жерде, ылғал деңгейі жоғары немесе оған су тиюі мүмкін орындарға, мысалы шүңғылшаның астына немесе оның жанына орнатпаңыз. Машинаға су тиген жағдайда электрлік қуат көзін

іріңіз және машинаның табиғи түрде кебуін күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
Орнату
▶ Машинаны тек 5 °С-тан жоғары температурада орнатыңыз немесе қолданыңыз. ▶ Машинаны тікелей кілемге, қабырғаға жақын жерде немесе жиһаздың жанында орнатуға тыйым салынады. ▶ Машинаны тікелей күн сәулесі түсетін жерге немесе жылу көздеріне (пештер, жылытқыштар сияқты) жақын жерде орнатпаңыз. Зауыттық тақтайшадағы көрсетілген электр сипаттамалары электрлік қуат көзінің сипаттамаларына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкес келмеген жағдайда электриктің көмегіне жүгініңіз. ▶ Үштіктер мен ұзартқыш кабельдерді пайдалануға тыйым салынады. ▶ Құрылғымен бірге берілген қуат көзі кабелі мен шланг жинағын ғана пайдаланыңыз. Электр кабелі мен вилканың зақымданбауын бақылаңыз. Зақымдалса ауыстыру үшін электрикке жүгініңіз. ▶ Машинаны қуаттау үшін оны орнатқан соң оңай қол жеткізуге болатын, жерге тұйықталған бөлек электр розеткісін қолданыңыз. Машина міндетті түрде жерге тұйықталған болуы тиіс. ▶ Шланг арқылы жалғанған жерлерінің беріктігін және су ақпайтынын тексеріңіз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Бұл бұйым кір жуатын машинада жууға болатын киімдерді жуу үшін ғана арналған. Барлық жағдайда киім заттаңбасындағы күтім жасау жөніндегі нұсқауларды орындау қажет. Кір жуғыш машина тек үй ішінде тұрмыстық қолдануға арналған. Ол коммерциялық немесе өнеркәсіптік пайдалануға арналмаған.
Құрылғының құрылымына өзгерту енгізуге жол берілмейді. Мақсаты бойынша пайдаланбау қауіпті жағдайларға алып келуі және барлық кепілдіктердің күшін жоюы мүмкін.

Ескертпе:
Техникалық өзгерістер мен модельдердің алуан түрлі болуына байланысты келесі бөлімдердегі көрнекі суреттер машинаңыздың моделіне толық сәйкес келмеуі мүмкін.
2.1 Кір жуатын машинаның суреті
Алдыңғы жағы (2-1-сүр.):
Арт жағы (2-2-сүр.):

- Жуғыш құралдар мен кондиционерге арналған контейнер
- Жұмыс беті
- Бағдарламаларды ауыстырып қосқыш
- Баскару панелі
- Ecik
- Сервистік люк
- Реттелетін аяқшалар

- Тасымалдау бурандалары (T1-T4)
2. Артқы қақпақ
- Артқы қақпақ бұрамалары (S1-S7)
- Электр қуатының бауы
- Су беретін клапан
- Су ағызатын шланг
Жабдықтар мен құжаттардың бар-жоғын осы тізімге сай тексеріңіз (2-3-сур.):
Құйғыш құбыршек жинақта
5 Бітеуіштер
Су ағызатын шланғының U тәрізді тіреуі
Пайдаланушы нұсқаулығы
Ысқыштар
2-3
3. Басқару панелі
3-1
1 Бағдарламаларды ауыстырып қосқыш 2 Дисплей
3 Жуғыш құралдар мен кондиционерге арналған контейнер
4 Функциялық батырмалар 5 «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасы
3-2
3-3
Машинаны қосу үшін мына тұтқаны кез келген жаққа бұраңыз (Выкл (СӨНД)-ден басқа). Машинаны өшіру үшін тұтқаны ВЫКЛ (СӨНД) күйіне келтіріңіз (3-2-сур.).
3.2 Бағдарламаларды ауыстырып қосқыш
Тұтқаны (3-3-сур.) бұрау арқылы 15 бағдарламаның (ВЫКЛ (СӨНД)-ді қоспағанда) бірін таңдауға болады, дисплейде үнсіз келісіммен баптау пайда болады.
3.3 Дисплей
Дисплейде (3-4 сурет) келесі ақпарат пайда болады:
▶ Жуу уақыты ▶ Кейінге қалған старт (жуу уақыты аяқталатын уақыт бойынша) ▶ Қателер коды және қызмет көрсету бойынша ақпарат ▶ Функциялық батырмалар және «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасы
3.4 Жуғыш құралдарға арналған контейнер
Суырмалы астауды ашып, келесі бөлшектерді көруге болады (3-5 сурет):
- кір жуғыш ұнтақ немесе сұйық жуғыш құралға арналған бөлік.
- кондиционерге арналған бөлік.
- жуғыш құралға арналған селектор қалқа, кір жуатын ұнтақ қолданғанда оны көтеріңіз, сұйық жуғыш құрал пайдаланғанда, түсіріңіз.
- ілмекті дөңес, суырмалы науаны шығару үшін төмен басыңыз.
- дезинфекциялық құралға арналған бөлік, дезинфекция процедурасы бар модельдерге сәйкес келеді. Бұл модельде дезинфекция процедурасы жоқ. Жуғыш құралдар типіне қатысты кеңестер әртүрлі температурада жуу үшін көрсетілген. Жуғыш құрал пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз (11-бет).
3.5 Функциялық батырмалар
Функциялық батырмалар (3-6-сур.) қосар алдында таңдалған бағдарламаға қосымша мүмкіндік қосуға жағдай жасайды. Дисплейге тиісті мәндер шығады. Машинаны өшірер алдында немесе жаңа бағдарлама қосар кезде бапталған қосымша мүмкіндіктер өшеді. Егер батырма бірнеше нұсқа арасынан таңдауға мүмкіндік берсе, ондай таңдау осы батырманы кезекпен басу арқылы жүзеге асады.
Функция батырма басу арқылы таңдалады.



Ескерту: зауыттық баптаулар
Анағұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Haier-дің әр жуу бағдарламасында белгілі бір баптаулар бар. Арнайы талаптар жоқ болған жағдайда әдепкі күйі бойынша баптауларды пайдалану ұсынылады.
3.5.1 «Отл. старт» (Кей. қалғ. старт) функциялық батырмасы
Бағдарламаны кейін іске қосу үшін осы батырманы (3.7-сур.) басыңыз. Кейінге қалған старт жуу аяқталатын уақыт бойынша 30 минуттық қадаммен 0.5-тен 24 сағатқа дейінгі аралықта (аяқталу уақыты бағдарламаның стандарт уақытымен салыстырғанда ұзарады) орнатылады. Мысалы, дисплейдегі 6:30 бағдарлама циклы 6 сағат 30 минуттан кейін аяқталатынын білдіреді. Кейінге қалған старт бағдарламасын қосу үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасын басыңыз. Кейінге қалған старт «Отжим» (Сығу), «Освежить» (Жаңалау) және «Самоочистка» (Өзін-өзі тазалау) бағдарламаларында жұмыс істемейді.
3.5.2 «Пар» (Бу) функциялық батырмасы
Кірді бумен өңдеу функциясын таңдау үшін осы батырманы (3-8-сур.) басыңыз, содан кейін бағдарлама температурасының мәні рұқсат етілген мәнге өзгереді. Бұл функция «Хлопок» (Мақта), «Синтетика», «Смешанная стирка» (Аралас маталар), «Детские вещи» (Балалар киімі), «Ежедневная» (Күнделікті) және «Гигиена» бағдарламаларында жұмыс істейді. Бумен өңдеу функциясын пайдаланғанда белгі жанады.
3.5.3. «Темп.» функциялық батырмасы
Тандалған бағдарламада жуу температурасын өзгерту үшін осы батырманы (3-9-сур.) басыңыз. Дисплейге қандай да бір мән шықпаса (дисплейде «-°С»), су қызбайды.


3. Басқару панелі
3-10
3.5.4 «Отжим» (Сығу) функциялық батырмасы
Тандалған бағдарламада сығу функциясын өзгерту не болдырмау үшін осы батырманы (3-10-сур.) басыңыз. Егер дисплейге қандай да бір мән шықпаса (дисплейде « ☐ »), кір сығылмайды.
3-11
Кірді кубыр суына каркынды шаю ушін осы батырманы (3-11-сур.) басыңыз. Бул режимді терісі сезімтал адамдарға пайдалануға кеңес беріледі. Бул батырманы қайта басқанда бірден ушке дейін қосымшашаюды тандауға болады. Олар дисплейде Р--0/Р--1/Р--2/Р--3 деп тұрады. Қосымшашаюдың ықтимал саны тандалған бағдарламаға байланысты.

Ескертпе: сүйык жуғыш құралмен жуу үшін
Суйык жуғыш құрал пайдаланғанда кейінге қалған стартты қосуға кеңес берілмейді.
3-12
3.6 «Старт/Пауза» (Бастау/Узіліс) батырмасы
Дисплейдегі бағдарламаны іске қосу немесе төқтату үшін осы батырманы (3-12-сур.) басыңыз. Бағдарламаларды баптағанда және бағдарлама қосулы тұрғанда батырма үстіндегі жарықдиод жанып тұрады, ал төқтағанда жыпылықтайды.
3-13
3.7 Балалардан буғаттау
Басқару панелінің барлық элементін бұғаттау үшін «Отл. старт» (Кей. қалғ. старт) және «Пар» (Бу) батырмаларын (3-13-сур.) бір уақытта басыңыз, панельге 📋 белгісі шығады. Бұғаттан шығару үшін осы екі батырманы қайта басыңыз. Балалардан бұғаттауды қосқанда бұғаттау көрсеткіші жанады. Балалардан бұғаттау қосымша функция және машина жұмыс істеп тұрғанда пайдаланушының қалауы бойынша қосылуы мүмкін.
3-14
Егер балалардан бұғаттауды қосқанда қандай да бір батырма басылса, дисплейге cLoT (3-14-сур.) шығады. Панель ондай басуға еш жауап бермейді.
Пайдаланушының қалауы бойынша / Жоқ

Жуғыш құралдарға арналған контейнер бөліктері:
① Жуғыш құралға арналған ② Кондиционер немесе күтім жасау құралына арналған ③ Дезинфекция құралына арналған
| Бағдарлама Хлопок (Мақта) | Макс. жүктеме, кг HW90-BP14929A HW90-BP14929AS HW90-BP14929B HW90-BP14929BS | Температура °С 1) Рүқсат етілетін диапазон | Унсіз келісіммен | 123Мата типі | Барабанның, унсіз келісіммен айналу жылдамдығы, айн/мин | Функция | |||||
| 0 | 0 | / | Мақта | 1000 | о | о | о | ||||
| Синтетика 9 | * 90-ға дейін | 30 | о | о | / | Синтетика немесе аралас маталар | 1000о о о | ||||
| Смешанная стирка (Аралас жуу) | 9 | * 60-қа дейін | 30о | о | / | Сәл кірлеген аралас маталар – мақта мен синтетиканы жуу | 1000о о о | ||||
| Детские вещи (Бала- лар киімі) | 4,5 * 90-ға | дейін 40о о | / | Мақта / Синтетика 1000о о о | |||||||
| Гигиена | 9 | * 90-ға дейін | 60 | о | о | / | Мақта 1000о о о | ||||
| Деликатная (Уқыпты) | 2,0 * 30-ға | дейін 30о о | / | Жібек 600 | / | о | о | ||||
| Освежить (Сергіту) 3) 4) | 1* | * / / | / | Мақта / Синтетика | / | / | / | / | |||
| Быстрая (Жылдам) 15' 2) | 1 | * 40-қа дейін | * | о | о | / | Мақта / Синтетика | 1000 | / | о | о |
| Отжим (Сығу) | 9 | // / | / | / | Осал маталардан басқасының бәрі | 1000 | / | / | / | ||
| Самоочистка (Өзін-өзі тазалау) | / | */90 | 90о | / | / | / | / | / | / | / | |
| Ежедневная (Күнделікті) | 4,5 | * 60-қа дейін | 30о | о | / | Мақта / Синтетика | 1000о о о | ||||
| Шерсть (Жүн) | 2 | * 40-қа дейін | * | о | о | / | Машинада жууға арналған жүнннен жасалған немесе құрамында жүн бар мата | 800 | / | о | о |
| Пуховое одеяло (Мамық қөрпе) | 2,0 | * 40-қа дейін | 30о | о | / | Жамылғы | 800 | / | о | о | |
| Джинсы (Джинса) | 9 | * 60-қа дейін | 30 | о | о | / | Джинса | 1000 | / | о | о |
| Спортивная (Спорттық) | 2,0 | * 40-қа дейін | 20о | о | / | Синтетика немесе аралас маталар | 800 | / | о о | ||
*- Су қызбайды. 1) 90 °C-та жуу температурасын арнайы гигиеналық талаптар болса ғана таңдаңыз. 2) Бағдарлама ұзаққа созылмаса жуғыш құрал көлемін азайтыңыз. 3) Бір үлкен зат 3 шағын заттан артық және 5 ұсақ заттан кішірек. 4) «Освежить» (Сергіту) бағдарламасы жұмыс істегенде киім конденсат әсерінен су болады, бұл қалыпты жағдай. Аяқталған соң кірді сілкіп, кептіріңіз. Киімді суға салуға болмаса, бұл бағдарламаны қолданбаңыз. Пайдаланушы i-Refresh бағдарламасына қандай да бір дезинфекциялық, жуғыш құрал немесе жұмсартқыш қоспауға тиіс.
Шынайы тұтыну жергілікті жағдайларға байланысты көрсетілген мәннен өзгеше болуы мүмкін.
| Бағдарлама Температура,°C | Максимал жуктеме,кг | Электр энергрия-сын тұтынуы,кВт·сағ | Сутұтынуы,л | Жуууақыты,сағ:мин | Сығутиімділігі,% |
| HW90-BP14929A/HW90-BP14929AS/HW90-BP14929B/HW90-BP14929BS | |||||
| 40°C | 4,5 0,47 354:50 53 | ||||
| Хлопок+* (Мақта+) | 60°C | 4,5 0,56 364:55 53 | |||
| 60°C | 90,56 554:50 53 | ||||
* 2010/30 ЕО Директивасына сәйкес тұрмыстық кір жуғыш машиналардың энергия тиімділігін анықтауға және таңбалауға арналған стандарт жуу бағдарламасы: Хлопок+ (Мақта+) 40 °C / 60°C +1400 айн/мин.
60°C және 40°C-та мақта жуатын стандарт бағдарламалар ластану дәрежесі қалыпты мақта киімді жууға жарайды. Олар электр қуаты мен су тұтыну тұрғысынан мақта киім жууға арналған анағұрлым тиімді бағдарламалар болып табылады. Пайдаланылатын судың температурасы циклдің жарияланған температурасынан өзгеше болуы мүмкін.

Ескертпе: автоматты өлшеу
Кір жуатын машина жүктеме салмағын анықтау жүйесімен жабдықталған. Аздаған жүктемеде электр энергиясы, су шығыны және жуу уақыты кейбір бағдарламаларда автоматты түрде азаятын болады. Дисплейдегі үнсіз келісім бойынша уақыт «Смешанная стирка» (Аралас маталар), «Синтетика», «Хлопок» (Мақта) бағдарламаларында жүктеме салмағына тәуелді өзгеруі ықтимал.
6.1 Электрлік қуат беруді қосу
Кір жуғыш машинаны электрлік қуат көзіне қосыңыз (50 Гц жиіліктегі 220-240 В айнымалы ток, 6-1-сурет). Сондай-ақ, «ОРНАТУ» бөлімін қараңыз.
6.2 Су беруді қосу
▶ Косу алдында кірістегі судың тазалығы мен мөлдірлігін тексеріңіз. ▶ Кранды ашыңыз (6-2 сурет).


Ескертпе: саңылаусыздық
Машинаны пайдалануға дейін кранды ашыңыз және кран мен ағызу құбыршегінің жалғауында ағып кету жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
6.3 Кірді жууға дайындау
Жуатын кір мен киімдерді тігілген маталарының типтері бойынша (мақта, синтетикалық маталар, жүн немесе жібек және т.б.) және ластану дәрежесі бойынша сұрыптаңыз. Киімнің затбелгілеріндегі күтім және жуу бойынша нұсқауларға назар аударыңыз. ▶ Ақ және түрлі түсті маталарды бөліп алыңыз. Түрлі түсті маталарды алдымен қаншалықты түссізденетінін анықтау мақсатында қолмен жуып көріңіз. ▶ Киімнің қалталарын босатып (кілт, тиындар және т.б.) және қатты сәндік бұйымдарын (мысалы, түйрегіштер) шешіп алыңыз. Жиектері тігілмеген киімдерді, нәзік маталарды және жұқа тоқыма маталарды, мысалы, жұқа перделерді нәзік бұйымдарды жууға арналған қапшыққа салу керек (оларды қолмен жуған немесе құрғақ тазалау қолданған дұрыс). ▶ Сыдырма ілгектерді, жапсырмаларды және ілгектерді жабыңыз және түймелердің дұрыс тігілгеніне көз жеткізіңіз. ▶ Мұқият пайдалануды қажет ететін бұйымдарды, мысалы, жиектері тиісті түрде тігілмеген заттар, селдір маталы іш киімдер және шұлық, белбеу, бюстгальтер және т.б. жууға арналған қапшыққа салыңыз. ▶ Төсек жаймасы, төсек жабыны және т.с.с. ірі заттарды аударыңыз. Жуу алдында джинсалар және толтырылған, декорациялы немесе ашық түске боялған матасы бар киімдерді теріс аударыңыз; оларды жеке жуу ұсынылады.


НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
Тоқылмаған бұйымдар, сонымен қатар ұсақ, берік бекітілмеген және үшкір заттар киімнің және машинаның бүлінуіне және ақаулыққа әкелуі мүмкін.
Күтім бойынша нұсқаулар
Жуу

Макс. жуу температурасы 95 °C, әдеттегі режим

Макс. жуу температурасы 60 °C, әдеттегі режим

Жууға тыйым салынған
Ағарту

Кез келген тотықтырғыш агентпен ағартуға рұқсат етілген

Құрамында қышқылы бар/ хлорсыз ағартқыш қолдануға ғана рұқсат етілген

Ағартуға болмайды
Кептіру

Барабанмен кептіру мүмкін, әдеттегі температура

Барабанмен кептіру мүмкін, біршама төмен температура

Барабанмен кептіруді қолдануға болмайды

Сығу арқылы жуудан кейін жіпке жайып кептіру

Сығу арқылы жуудан кейін жазықтықта кептіру
Үтіктеу

Максималды 200 °C температурада үтіктеу (жоғары температуралы үтіктеу)

Максималды 150 °C температурада үтіктеу (орташа температуралы үтіктеу)

Максималды 110 °C температурада үтіктеу (төмен температуралы үтіктеу), бусыз (бумен үтіктеудің қайтымсыз салдары болуы ықтимал)

Үтіктеуге тыйым салынған
Текстиль бұйымдарға кәсіби күтім

Көмірсутектерде құрғақ тазалау

Құрғақ тазалауға тыйым салынған

Кәсіби ылғалды тазалау
Ылғалды тазалауға тыйым салынған
6.4 Кір жуғыш машинасын жүктеу
▶ Жуылатын киімді біреуден салыңыз.
▶ Шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз. Әртүрлі бағдарламалар үшін максимальдық жүктеменің әртүрлі мәндері көрсетілгеніне назар аударыңыз. Максималдық жүктемені анықтауға арналған ереже: жуылатын киім мен барабанның үсті арасында алты дюймнан (15,2 см) кем емес аралық қалуы тиіс.
▶ Есікті мұқият жабыңыз. Киімнің қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Есікке қысылып қалған киім люк манжеталарының зақымдалуына әкеледі. Бұл зақымдану кепілдікпен өтелмейді.
6.5 Жуғыш құралды таңдау
Жуудың тиімділігі мен нәтижесі пайдаланылатын жуғыш құралдың сапасымен анықталады. ▶ Машинамен жуу үшін арналған жуғыш құралды ғана пайдаланыңыз. ▶ Қажет болғанда арнайы жуғыш құралдарды пайдаланыңыз, мысалы, синтетикалық және жүн заттарға арналған. ▶ Жуғыш құралдарды өндірушінің ұсыныстарын үнемі ескеріңіз. ▶ Трихлорэтилен және ұқсас өнімдер сияқты құрғақ тазалауға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.
Біршама қолайлы жуғыш құралды таңдаңыз
| Бағдарлама | Жуғыш құралдың түрі | ||||
| Әмбебап | Түрлі түсті маталарға арналған | Нәзік маталарға арналған | Арнайы | Кондиционер | |
| Хлопок (Мақта) | L/P | L/P | - | - | о |
| Смешанная стирка (Аралас жуу) | L | L/P | - | - | о |
| Синтетика | - | L/P | - | - | о |
| Детские вещи (Балалар киімі) | - | - | L/P | L/P | о |
| Гигиена | L/P | L/P | - | - | о |
| Шерсть (Жүн) | - | - | L/P | L/P | о |
| Освежить (Балғындық беру) | - | - | - | - | - |
| Быстрая (Жылдам)15 минут | L | L | - | - | о |
| Отжим (Сығу) | - | - | - | - | - |
| Самоочистка (Өзін-өзі тазалау) | - | - | - | L/P | - |
| Ежедневная (Қүнделікті) | L/P | L/P | - | - | о |
| Деликатная (Құыпты) | - | - | L/P | L/P | о |
| Пуховое одеяло (Мамық көрпе) | - | - | L | L/P | о |
| Джинсы (Джинса) | L | L | - | - | о |
| Спортивная (Спорттық) | - | - | L/P | L/P | о |
L = гель/сұйық жуғыш құрал P = кір жууға арналған ұнтақ о = пайдаланушының қарастыруы бойынша - = жоқ
Сұйық жуғыш құралды пайдалану барысында кейінге қалдырылған бастауды қосу ұсынылмайды.
Әр алуан түрлі жуғыш құралдарды пайдаланып жуудың ұсынылатын температуралары:
▶ Кір жууға арналған ұнтақ: 20–90 °С дейін* (жақсы нәтиже үшін 40–60 °C)
▶ Түрлі түсті маталарға арналған құрал: 20–60 °C дейін (жақсы нәтиже үшін 30–60 °C)
Жүн/нәзік маталарға арналған құралдар: 20–30 °C дейін (жақсы нәтиже үшін 20–30 °C)
* 90 °C жуу температурасын арнайы гигиеналық талаптар жағдайында ғана таңдаңыз.
* 60 °C және одан жоғары жуу температурасы жағдайында жуғыш құралдың азырақ мөлшерін пайдалану керек. Макта немесе синтетикалық мата үшін жарамды арнайы дезинфекциялаушы құралды пайдалану ұсынылады.
* Көбіктенбейтін кір жууға арналған ұнтақ, немесе көбікті аз мөлшерде түсетін ұнтақ, пайдалану ұсынылады.
6-4
6.6 Жуғыш құралдар құю
- Жуғыш құралдарға арналған контейнерді тартыңыз.
- Сәйкес бөліктерін қажетті жуғыш құралдармен толтырыңыз (6-4 сур.).
- Контейнерді машинаға қайтадан мұқият салыңыз.

Ескертпе:
▶ Келесі жуу циклының алдында контейнердегі жуғыш құралының қалдықтарын кетіріңіз. Жуғыш құралды немесе кірге арналған кондиционерді қажетті мөлшерінен асырып құймаңыз. Жуғыш құралдың қаптамасындағы нұсқаулыққа жүгініңіз. ▶ Унемі жуғыш құралды контейнерге тікелей жуу циклін бастау алдында жүктеңіз. ▶ Концентрлі сұйық жуғыш құралды 2 бөлімге құюдың алдында сұйылту қажет болады. Сұйық жуғыш құралды тиімді пайдалануға кірмен бірге кір жуатын машинаның барабанына салатын мөлшерлеуші шарикті пайдаланған жағдайда қол жеткізуге болады. ▶ Кейінге қалдырылған бастау жағдайында сұйық жуғыш құрал пайдаланбаңыз. ▶ Бағдарламаны таңдау кестесіне сәйкес және киімнің затбелгісіндегі жуу және күтім жасау нұсқауларын ескере отырып, бағдарлама баптауларын мұқият таңдаңыз.

6.7 Кір жуғыш машинаны қосу
Машинаны қосу үшін мына тұтқаны кез келген жаққа бұраңыз (Выкл (Сөнд) -ден басқа). Машинаны сөндіру үшін, тұтқаны Выкл (Сөнд.) қалпына бұраңыз (6-5 сур.).

6.8 Бағдарламаны таңдау
Жуудың жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін ластану дәрежесі және жуылатын кірдің типіне біршама жарамды бағдарламаны таңдаңыз. Бағдарламаларды ауыстырып қосқыш тұтқасын бұрау арқылы (6-6 сур.) сәйкес бағдарламаны таңдаңыз. Бұл жағдайда дисплейде үнсіз келісім бойынша баптаулар көрсетіледі.

Алғашқы кір жуу алдында әлеуетті зиянды заттар және қоқыстан тазарту мақсатында контейнер бөліміне (1) аз мөлшерде жуғыш құрал құйып немесе арнайы тазартатын құрал қолданып, кір салмастан «Самоочистка» (Өзін-өзі тазалау) бағдарламасын қосу керек.

Қажетті функциялар мен баптауларды таңдаңыз (6-7 сурет); «Баскару панелі» бөлімін қараңыз.
6.10 Жуу бағдарламасын іске қосу
Іске қосу үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасын басыңыз (6-8 сурет). Машина берілген баптауларға сәйкес жұмыс істейтін болады. Бағдарламаны жойған кезде ғана өзгертулер енгізуге болады.

6.11 Тоқтату – жуу бағдарламасын болдырмау
Ағымдағы бағдарламаны тоқтату үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасын басыңыз. Батырма үстіндегі жарық, диодты индикатор жыпылықтай бастайды. Жұмысты жаңғырту үшін батырмаға тағы бір рет басыңыз.
Іске қосылған бағдарламаны және оның барлық дербес баптауларын болдырмау үшін:
- Қосылған бағдарламаны тоқтату үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасын басыңыз.
- «Отжим» (Сығу) бағдарламасын таңдау үшін тұтқаны бұрып және суды ағызу үшін «Отжим» (Сығу) басыңыз («☐» «Отжим» (Сығу) таңдаңыз).
- Кейін бағдарламаны таңдап, оны қосыңыз.
6.12 Жуудан кейін

Ескерту: есікті бұғаттау
▶ Қауіпсіздік үшін жуу циклін орындау кезінде есік жартылай бұғатталады. Есікті тек жуу аяқталғаннан кейін немесе бағдарламаны дұрыс тоқтатқаннан кейін (жоғарыда сипатталғандай) ашуға болады. Су деңгейі жоғары немесе температурасы жоғары болған жағдайда, сонымен қатар, сығу кезінде есікті ашу мүмкін емес; бұл жағдайда дисплейде « Locf » коды шығады.
- Бағдарлама циклі аяқталған кезде дисплейде End (Соңы) жазуы жанады.
- Кір жуатын машина автоматты түрде өшеді.
- Үтіктеуді жеңілдету және қыртыстардың пайда болуының алдын алу үшін кірді неғұрлым жылдам шығару керек.
- Су беруді өшіріңіз.
- Электрлік қуат беру шнурын ажыратыңыз.
- Ылғалдың жинақталуы және иістің пайда болуының алдын алу үшін есігін ашып қойыңыз. Кір жуғыш машина пайдаланылмайтын кезде есігін ашық күйде қалдырыңыз. Люк манжетінің төменгі бөлігінде және жуғыш құралдарға арналған астауда судың жиналуы қалыпты құбылыс болып табылады.

Қосылу машина бағдарламаны іске қосу алдында немесе ол аяқталғаннан кейін 2 минут ішінде белсендірілмесе, күту режиміне өтеді. Күту режимінде дисплей энергия үнемдеу мақсатында сөнеді. Күту режимін тоқтату үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Үзіліс) батырмасын басыңыз.
6.13 Дыбыстық сигналды қосу және өшіру
Дыбыстық сигналды қажет болған жағдайда өшіруге болады:
- Машинаны қосыңыз.
- «Өзін-өзі тазалау» бағдарламасын таңдаңыз.
- Бір мезгілде «Бу» және «Шаю» батырмаларын басып, шамамен 3 секунд ұстап тұрыңыз. Дисплейде БЕЕР ОФ хабарламасы шығады және дыбыстық сигнал сөндіріледі.
Дыбыстық сигналды қосу үшін осы батырмаларды бір мезгілде қайта басу керек. Дисплейде БЕЕР ОН хабарламасы пайда болады.

Экологиялық жауапты пайдалану
▶ Суды, энергияны, жуғыш құралды және уақытты оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету үшін максималды жуу көлеміне қатысты нұсқауларды орындау керек. ▶ Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз (киімнің үстінде ені алақандай саңылау қалуы тиіс). Жуатын бұйымдар аз болған жағдайда «Жылдам жуу» бағдарламасын таңдаңыз. ▶ Әрбір жуғыш құралдың нақты дозасын пайдаланыңыз. Сәйкес келетін ең төмен жуу температурасын таңдаңыз – заманауи жуғыш құралдар ластануды 60 °C төмен температурада да тиімді тазалайды. ▶ Үнсіз келісім бойынша баптауларды қатты ластанған жағдайда ғана арттырыңыз. Жеке үйде кептіруді пайдаланғанда сығу кезінде барабанның максималды айналу жылдамдығын таңдаңыз.
8.1 Жуғыш құралдарға арналған контейнерді тазалау Контейнердегі жуғыш құралдың қалдықтарын үнемі кетіріп отырыңыз. Контейнерді келесі тәсілмен тұрақты түрде тазалап отырыңыз (8-1 сур.):
1. Контейнерді соңына дейін сырғытыңыз. 2. Бекіткіш батырмасын басып, контейнерді машинадан шығарыңыз. 3. Контейнерді толығымен тазарғанға дейін сумен шайып, оны қайтадан машинаға салыңыз.
8.2 Кір жуатын машинаны тазалау
▶ Кір жуатын машинаны тазалау немесе күтім жасау барысында электрлік қуат беру шнурының айырын розеткадан суырыңыз. ▶ Машинаның корпусын (8-2 сур.) және резина элементтерін тазалау үшін сабынды жуғыш ерітіндіге малынған жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз. ▶ Органикалық химикаттар немесе коррозия тудыратын еріткіштерді пайдалануға болмайды.
8.3 Су беру клапаны және оның фильтрі
Су берілісінің қақ сияқты қатты бөлшектермен бұғатталуының алдын алу үшін су беру клапанының сүзгісін жүйелі түрде тазалап отырыңыз.
Электрлік қуат беру шнурының айырын суырып және су берілісін тоқтатыңыз. ▶ Кую құбыршегін машинаның артқы қабырғасындағы клапаннан (8-4 сур.) және су беру кранынан бұрап алу арқылы шешіңіз. ▶ Фильтрді сумен шайып, оны қылшақтың көмегімен тазалаңыз (8-3 сур.). ▶ Фильтрді салып, кую құбыршегін орнына орнатыңыз.
8.4 Барабанды тазалау
▶ Барабаннан оған кездейсоқ түсіп кеткен металл заттар, түйрегіштер, тиындар және т.б. шығарып отырыңыз (8-5 сур.), себебі олар тат дақтарының пайда болуы және ақаулыққа себеп болуы ықтимал. ▶ Тат дақтарын кетіру үшін құрамында хлор болмайтын тазалау құралын қолданыңыз. Тазартқыш құралды өндірушінің нұсқауларын сақтаңыз. ▶ Тазалау үшін қатты заттарды немесе болат ысқыштарды пайдаланбаңыз.


Ескерту: Өзін-өзі тазалау
Профилактикалық күтім жасау мақсатында 3 айда бір рет әлеуетті зиянды заттар мен қоқыстарды кетіру үшін, кір салмастан «Өзін-өзі тазалау» бағдарламасын қосу керек. Контейнер бөліміне (1) аз мөлшерде жуғыш құрал құйып немесе арнайы тазартқыш құрал пайдалану керек.
8. Күтім және тазалау

8.5 Ұзақ уақыт пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт бойы пайдаланбау жоспарланатын болса, онда келесі дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылады:
- Электрлік вилканы розеткадан суырыңыз (8-6 сур.).
- Су беруді өшіріңіз (8-7 сур.).
- Ылғалдың жинақталуы және иістің пайда болуының алдын алу үшін есігін ашып қойыңыз. Кір жуғыш машина пайдаланылмайтын кезде есігін ашық күйде қалдырыңыз. Келесі пайдалану алдында қуат көзі кабелін, су беруді және су ағызатын құбыршекті мұқият тексеріңіз. Барлығының дұрыс орнатылғанына және ағып кетудің жоқтығына көз жеткізіңіз.

Ескерту: Өзін-өзі тазалау
Узақ уақыт пайдаланбаған жағдайда, әлеуетті зиянды заттар және қоқыстан тазарту мақсатында контейнер бөліміне (2) аз мөлшерде жуғыш құрал құйып немесе арнайы тазартатын құрал қолданып, кір салмастан «Самоочистка» (Өзін-өзі тазалау) бағдарламасын қосу керек.

8.6 Сорғы сүзгісі
Сүзгіні айына бір рет тазалап, машинаның келесі жағдайларында сорғы сүзгісін тексеріңіз:
▶ Суды ағызбайды. ▶ Сығуды орындамайды. Жұмыс кезінде әдеттегіден тыс шу шығарады.

Күйіп қалу қаупі! Сорғы сүзгісіндегі су өте ыстық болуы мүмкін! Кез келген амалды іске асыру алдында судың салқындағанына көз жеткізіңіз.
- Кір жуатын машинаны сөндіріңіз және қуат беру шнурының айырын розеткадан суырыңыз (8-8 сур.).
- Сервистік шағын люкті қолмен басып, оны ашыңыз (8-9 сур.).
- Суды ағызуға арналған тегіс ыдысты қойыңыз (8-10 сур.). Сүзгіден ағып шығатын су көлемі біршама көп болуы мүмкін!
- Ағызу құбыршегін созып және оның ұшын ыдыстың үстінде ұстаңыз (8-10 сур.).
- Ағызу құбыршегінің бітеуішін суырып алыңыз (8-10 сур.).
- Суды толық ағызғаннан кейін ағызу құбыршегін жауып (8-11 сур.) және оны машина ішіне жинаңыз.
- Сорғы сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, оны шығарыңыз (8-12 сур.).
- Ластануды кетіріңіз (8-13 сур.).

8. Күтім және тазалау
- Сорғы сүзгісін мұқият, мысалы, ағын судың көмегімен тазалаңыз (8-14 сур.).
- Сузгіні қайтадан орнына мұқият орнатыңыз (8-15 сур.).
- Сервистік шағын люкті жабыңыз.

Сорғы сүзгісінің тығыздамасы таза және ақаусыз болуы керек. Егер қақпағы тығыз жабылмаса, су ағып кетуі мүмкін. Сузгі өз орнында тұруы керек, керісінше жағдайда ағып кету орын алуы мүмкін.
Туындаған мәселелердің көпшілігінің шешімін пайдаланушы арнайы тәжірибесі болмаса да өз бетінше таба алады. Мәселе орын алған жағдайда, сатудан кейінгі қызмет көрсету ұйымына жүгіну алдында барлық көрсетілген себептерін тексеріңіз және төменде берілген нұсқауларды орындаңыз. «Клиенттерге қызмет көрсету» бөлімін қараңыз.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
▶ Техникалық қызмет көрсету алдында машинаны сөндіріп және электрлік қуат беру шнурының айырын розеткадан ажыратыңыз. Электрлік құрылғыға қызмет көрсетуді тек білікті электриктер ғана жүргізуі керек, себебі қате жөндеу біршама кейінгі салдарға себеп болуы мүмкін. ▶ Қауіпті жағдайдың алдын алу мақсатында зақымдалған электрлік қуат беру кабелін тек дайындаушы, оның сервистік агенті немесе біліктілігі сәйкес маман ғана алмастыруы керек.
Келесі кодтар тек ақпараттық мақсатта шығады және жуу циклына қатысты болады. Олар қандай да бір әрекеттерді орындауды талап етпейді.
| Код | Хабарлама |
| 1:25 | Жуу циклінің қалған уақыты 1 сағат 25 минутты құрайды. |
| 6:30 | Таңдалған кідіру уақытын қоса алғанда, жуу циклының қалған уақыты (циклдың аяқталуы) 6 сағат 30 минутты құрайды. |
| P--0/1/2/3 | 0/1/2/ 1, 2 немесе 3 қосымша шаю (Функциялық батырмалар – «Дополнительное полоскание» (Қосымша шаю) батырмасы бөлімін қараңыз) таңдалды. |
| End | Жуу циклі аяқталды. Кір жуғыш машина автоматты түрде өшеді. |
| cLot | Балалардан бұғаттау белсендірілген. |
| Lock | Судың жоғары деңгейі, жоғары температурасы немесе сығу циклын орындауға байланысты есік жабық. |
| bEEP OFF | Дыбыстық сигнал өшірулі. |
| bEEP on | Дыбыстық сигнал қосулы. |
9.2 Дисплейге код шыққан ақауларды жою
| Мәселе | Себебі | Шешімі |
| CLr FLtr | Су ағызудағы қате, 6 минут бойы су толық ақпайды. | Сорғы сүзгісін тазалаңыз.Ағызу құбыршегінің орнатылуын тексеріңіз. |
| E2 | Бұғаттау қатесі | Есікті дұрыс жабыңыз. |
| E4 | 8 минут өткен соң су деңгейі жеткіліксіз.Су сифон әсері салдарынан ағызу құбыршегі арқылы ағады. | Кран ашық және су қысымы қалыпты екеніне көз жеткізіңіз.Ағызу құбыршегінің орнатылуын тексеріңіз. |
| E8 | Су деңгейі бойынша қорғаныс қатесі. | Сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз. |
| E5 | Ағызу қатесі. Су 1 минут ішінде толық ақпайды («Освежить» (Сергіту) бағдарламасы). | Сорғы сүзгісін тазалаңыз.Ағызу құбыршегінің орнатылуын тексеріңіз. |
| Маселе Себебі Шешімі | ||
| F3 | • Температура сезгегінің қатесі. | • Сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз. |
| F4 | • Қыздыру қатесі. | • Сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз. |
| F7 | • Электр қозғалтқыш қатесі. | • Сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз. |
| FA | • Су деңгейі сезгегінің қатесі. | • Сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз. |
| FCO or FC1or FC2 | • Байланыс қатесі. | • Сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға жүгініңіз. |
| Unb | • Бірқалыпты жуктемеу қатесі. | • Барабанға жуктелген кірді тексеріңіз және бірқалыпты орналастырыңыз. Жуктме қөлемін азайтыңыз. |
9.3 Дисплейге код шықпаған ақауларды жою
| Мәселе Себебі Шешімі | ||
| Кір жуғыш машина жұмыс істемейді. | • Бағдарлама әлі іске қосылған жоқ.• Есік дұрыс жабылмаған.• Кір жуғыш машина қосылмаған.• Электр қуатының істен шығуы.• Балалардан бұғаттау белсендірілген. | • Бағдарламаны тексеріңіз және оны іске қосыңыз.• Есікті дұрыс жабыңыз.• Машинаны қосыңыз.• Электрлік куат көзін тексеріңіз.• Балалардан бұғаттауды өшіріңіз. |
| Кір жуғыш машинаға су толмайды. | • Су берілмейді.• Құю құбырішегінің майысуы.• Құю құбыршегінің сүзгісі толып қалған.• Су қысымы 0,03 МПа-дан төмен.• Есік дұрыс жабылмаған.• Сумен жабдықтаудағы ақаулық. | • Суды жіберу кранын тексеріңіз.• Құю құбырішегін тексеріңіз.• Құю құбырішегінің сүзгісін тазартыңыз.• Судың қысымын тексеріңіз.• Есікті дұрыс жабыңыз.• Су беруді қамтамасыз етіңіз. |
| Кір жуғыш машина суға толған кезде су ағады. | • Су ағызатын құбырішектің көтеру біктігі 80 см-ден аз.• Мүмкін, ағызу құбырішегінің ұшы суға жіберілген. | • Ағызу құбырішегі дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз.• Ағызу құбырішегінің ұшы суда емес екеніне көз жеткізіңіз. |
| Ағызу қателігі. • Ағызу құбырішегі бітелген.• Сорғы сүзгісі бітелген.• Ағызу құбырішегінің ұшы еден деңгейінен 100 см жоғары орналасқан. | • Құю құбыршегін тазалаңыз.• Сорғы сүзгісін тазалаңыз.• Ағызу құбырішегі дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. | |
| Сығу кезінде күшті діріл. | • Тасымал бұрандаларының барлығы алынбаған.• Машина тұрақсыз күйде орналасқан.• Кір жуғыш машина дұрыс жуктелмеген. | • Барлық тасымалдау бұрандаларын шешіңіз.• Қатты негізді бетті қамтамасыз етіп, машинаны тегістеңіз.• Жуктеменің салмағы мен біркелкі орналасқанын тексеріңіз. |
| Кір жуғыш машина жуу циклы аяқталмай тұрып токтайды. | • Су беру немесе электрлік куат көзінің ақаулығы. | • Электрлік куат көзін және сумен жабдықтауды тексеріңіз. |
| Кір жуғыш машина біраз уақытқа токтайды. | • Дисплейде қате коды көрсетіледі.• Қате жуктеуге байланысты мәселе.• Бағдарлама жібіту циклін орындайды. | • Қате кодтарын тексеріңіз.• Жуктемені азайтыңыз немесе реттеніз.• Бағдарламаны токтатып, қайта іске қосыңыз. |
9. Ақауларын жою
| Мәселе | Себебі | Шешімі |
| Барабанда және/немесе жуғыш құралға арналған контейнер-де көбік тым көп. | Жарамсыз жуғыш құрал.Жуғыш құралды шамадан тыс көп пайдалану. | Жуғыш құралды тандау бойынша ұсыныстарды тексеріңіз.Жуғыш құралдың мөлшерін азайтыңыз. |
| Жуу уақытын авто-матты реттеу. | Жуу бағдарламасының ұзақтығы реттеледі. | Бүл қалыпты жағдай және функционалдылыққа әсер етпейді. |
| Сығу кезіндегі бұзылу. | Барабандағы кірдің теңгерімді болмауы. | Машина жуктемесін тексеріп, сығу бағдарламасын қайта қосыңыз. |
| Жуу нәтижесі қанағаттанарлықсыз. | Ластану дәрежесі тандалған бағдарламаға сәйкес келмейді.Жуғыш құралдың мөлшері жеткіліксіз.Максималдық жуктеме асып кетті.Барабанда кір бірыңғай орналаспаған. | Басқа бағдарламаны тандаңыз.Ластану деңгейі мен өндіруші ұсыныстарына сәйкес жуғыш құралды тандаңыз.Жуктемені азайтыңыз.Киімді түзетіңіз. |
| Киімде кір жу-атын ұнтақтың қалдықтары. | Жуғыш құралдың ерімеген түйірлері кірде ак, дақ түрінде қалуы мүмкін. | Қосымша шаюды орындаңыз.Құрғақ кірдің іздерін щеткамен сүртіп көріңіз.Басқа жуғыш құралды пайдаланыңыз. |
| Киімде сүр дақтар бар. | Майлар, кремдер немесе май-лар сияқты майлардың әсерінен туындайды. | Кірді арнайы тазалағыш көмегімен жууға дайынданаңыз. |

Ескертпе: артық көбіктену
Егер сығу циклін орындау кезінде көбік тым көп пайда болса, қозғалтқыш тоқтап, су төгетін сорғы 90 секунд жұмыс істейді. Егер ондай талпыныс 3 рет қатарынан нәтижесіз аяқталса, бағдарлама сығуды орындамай тоқтайды.
Егер қателер туралы хабарлама қабылданған шаралардан кейін де пайда болса, машинаны өшіріңіз, электрлік қуат көзін өшіріңіз және клиенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

9.4 Электрлік қуат көзі істен шыққан жағдайда
Қолданыстағы бағдарлама мен оның баптаулары сақталады. Электр қуаты қалпына келген соң жұмыс қайта басталады.
Егер электр қуаты бағдарлама орындалып жатқанда істен шықса, есік механикалық түрде бұғатталады. Егер кірді шығару қажет болса, су деңгейі әйнек есіктен көрініп тұрмағанына көз жеткізіңіз. – Күйіп қалудан сақтаныңыз!
«Күтім және тазалау (сорғы сүзгісі)» бөліміндегі 1-6-қадамдарды орындап, су деңгейін төмендетіңіз. ▶ Есік шырт етіп бұғаттан шыққанша, сервистік люк (9-1-сур.) астындағы інтіректі (А) тартыңыз. ▶ Барлық элементті орнына қойып, сервистік люкті жабыңыз.

Кір жуғыш машина пайдаланушы үшін қауіпсіз күйде болғанда (су деңгейі белгілі бір қашықтыққа тексеру люкінен төмен, бактың температурасы 55 °С-тан төмен, ішкі бак айналмайды), машинаның есігін ашуға болады.
10.1 Дайындау
▶ Кір жуғыш машинаны қаптамадан шығарыңыз.
▶ Пенопластан жасалған табанын қоса алғанда, барлық қаптау материалын алыңыз және балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Қаптаманы ашу барысында пластик пакет пен жүктеу люгінен су тамшыларын байқауға болады. Бұл суды пайдалану арқылы зауыттық сынақпен туындаған қалыпты құбылыс.

Ескерту: қаптаманы жою
Барлық қаптау материалдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және оларды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жаратыңыз.
10.2 Шу жұтқыш төсемдерді орнату жөніндегі нұсқаулар
- Термошөгімді қаптаманы ашқанда ішінде бірнеше шу жұтқыш төсемі бар түтік болады. Олар шуды азайту үшін қолданылады (10-1-сур.).
- Шу жұтқыш төсемдерді түтікшеден алып, екіжақты жабысқақ қорғаныш қабығын алып тастаңыз; шу жұтқыш төсемдер кір жуғыш машина корпусының астына, 2-суретте көрсетілген орындарға (екі ұзын төсем – 1 және 2-орында, екі қысқа төсем – 2-4-орында) орналасады. Төсемдерді орнатқан соң машинаны тік қалпына қайта қойыңыз.
Кеңес:
шу жұтқыш төсемдер шуды азайтатын қосымша элементтер және пайдаланушы өз қалауы бойынша орнатады не орнатпайды.

10.3 Тасымалдау бұрандаларын алыңыз
Тасымалдау бұрандалары ішкі зақымдануды болдырмау үшін тасымалдау кезінде машина ішіндегі дірілге қарсы компоненттерді бекітуге арналған.
- Артқы қақпағын алыңыз (10-2-сурет).
- Артқы қабырғадағы барлық 4 бұранданы алып, машина ішінде орналасқан пластик бөлшектерді (А) шығарыңыз (10-3-сурет).

- Артқы қақпағын екі саңылауға қойып, орнына дөңес жағын сыртына қаратып орнатыңыз (10-4-сурет).
- Қалған саңылауларға бітегіш қойыңыз (10-5-сурет).

Ескертпе: қауіпсіз жерде сақтаңыз
Тасымалдау бұрандаларын кейін пайдалану үшін қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құрылғы орнын ауыстырар алдында әрдайым осы бұрандаларды орнына қойыңыз.
10.4 Машинаның орнын ауыстыру
Егер кір жуғыш машинаны басқа орынға қою қажет болса, зақымдалуына жол бермеу үшін тасымалдау бұрандаларын қайта орнатыңыз:
- Бітеуіштерді алыңыз.
- Артқы қақпағын алыңыз.
- Пластик бөлшектер мен тасымалдау бұрандаларын қойыңыз.
- Бурандаларды кілтпен тартыңыз.
- Артқы қақпағын орнына қойыңыз.

10.5 Машинаны түзеу
Барынша түзу орналастыру үшін барлық аяқшасын (10-6-сур.) реттеңіз. Бүл дірілдеуін барынша азайтады, нәтижесінде жұмыс кезінде шу да аз болады. Түзеу сонымен қатар машинаның табифи тозуын азайтады. Тегістеу үшін спирттік деңгейді пайдалану ұсынылады. Еден мүмкіндігінше қатты әрі тегіс болуға тиіс.
- Сомындыйк кілт көмегімен қарсысомынды (1) босатыңыз.
- Биіктікті аякты (2) буру арқылы реттеңіз.
- Машина корпусындағы қарсысомынды (1) тартыңыз.
10.6 Су ағызу үшін қосу
Ағызу құбыршегін су құбырына дұрыс қосыңыз. Құбыршектің жоғарғы нүктесі машина түбінен 80-нен 100-ге дейінгі см биіктікте тұруға тиіс. Мүмкіндігінше ағызу құбыршегін үнемі машинаның артқы бөлігіндегі қысқышка бекітіңіз.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
▶ Косу үшін машинамен бірге берілген құбыршектер жинағын ғана қолданыңыз. ▶ Ешкашан ескі кубырішек жинағын пайдаланбаныз! ▶ Кую кубыршегін суык су кубырына гана косыңыз. ▶ Косу алдында судың тазалығы мен мөлдірлігін тексеріңіз.
Келесі қосу нұскалары болуы мүмкін:
10.6.1 Ағызу құбыршегін шүңғылшаға орнату
▶ Ағызу құбыршегін Ա тәрізді тіреу көмегімен өлшемі сәйкес келетін шүңғылша шетіне іліңіз (10-7-сур.). ▶ U тәрізді тіреудің шүңғылшадан сырғуын болдырмау үшін қажет шараларды қолданыңыз.
10.6.2 Ағызу құбыршегін кәріз жүйесіне қосу
Желдеткіш тесігі бар баған құбырының ішкі диаметрі кемінде 40 мм болуы керек. ▶ Ағызу құбыршегін кәріз құбырына шамамен 80 мм тереңдікте орнатыңыз. ▶ U тәрізді тіреуді қосып, мықтап бекітіңіз (10-8-сур.).

10.6.3 Ағызу құбыршегін шүңғылшадағы ағызғышқа қосу
▶ Құбыршекті жалғау сифоннан жоғары орналасуы тиіс. Жалғағыш келтеқұбыр әдетте төсеммен жабылады (А). Дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бұл төсемді жою қажет (1-9-сур.). ▶ Ағызу құбыршегін қамытпен бекітіңіз.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Ағызу құбыршегін суға батыруға болмайды. Ол сенімді түрде бекітілген және герметикаланған болуы тиіс. Егер ағызу құбыршегі жерге төселсе немесе құбырдың биіктігі 80 см-ден аз болса, кір жуғыш машина толтыру кезінде суды үздіксіз төгіп тұрады (автоматты түрде төгу). Су ағызу құбыршегін ұзартуға тыйым салынады. Қажет болса сатқаннан кейін қызмет көрсететін ұйымға хабарласыңыз.

10.7 Құбыр суын беру үшін қосу
Тығыздауыштар орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Су құятын құбыршекті ілген ұшымен машинаға қосыңыз (10-10 сур.). Бұрандалы қосылысты қолмен созыңыз.
- Су құятын құбыршектің екінші ұшын су беретін кранға 3/4 дюйм бұрандамен қосыңыз (10-11-сур.).

Ескертпе: «Аквастоп» су ағудан қорғау жүйесі
Кейбір модельдер су ағудан қорғайтын «Аквастоп» жүйесі бар су құятын құбыршекпен жабдықталады (В). «Аквастоп» жүйесі су құятын құбыршек зақымдалған жағдайда құбырдан келетін суды автоматты өшіру арқылы пайдаланушының мүлкін су салдарынан болған зақымдалудан қорғайды. Қорғаны іске қосылғаны қызыл көрсеткіштен білінеді (С). Мұндай құбыршекті алмастыру қажет.

10.8 Электр көзіне қосу
Әр қосу алдында мыналарды тексеріңіз:
▶ қуат көзі, розетка және сақтандырғыш зауыт тақтайшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келеді. ▶ розетка жерге тұйықталған, бірнеше орынды таратқыштар немесе ұзартқыштар пайдаланылмайды. ▶ вилка мен розетка бір-біріне қатаң сәйкес келеді.
Электр сымының ашасын розеткаға қосыңыз (10-12-сур.).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
▶ Барлық қосылыстардың (электр көзінің, су ағызу және беру құбырларының) толық тартылғанын, құрғақ және су ағатын жері жоқ екенін қадағалаңыз! ▶ Бұл бөліктер ешқашан жаншылмауын, майыспауын және бұралмауын қадағалаңыз. ▶ Егер электр сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу үшін оны ауыстыру керек. Бұл жұмысты қызмет көрсету агенті орындауы керек (кепілдік талонын қараңыз).

Ескертпе: «Гигиена» бағдарламасы
Орнатқаннан кейін немесе ұзақ қолданбаған соң алғаш кір жуар кезде зиянды заттар мен қоқыстан тазарту үшін кір салмай және контейнерге аз ғана жуғыш құрал қосып немесе арнайы тазартқыш көмегімен «Гигиена» бағдарламасын іске қосып, профилактикалық күтім жасауға кеңес беріледі.
| Жеткізуші атауы немесе сауда белгісі Haier | |
| Жеткізуші моделінің сәйкестендіргіші HW90-BP14929A | HW90-BP14929ASHW90-BP14929BHW90-BP14929BS |
| Номиналды жуктеу (кг) 9 | |
| Энергия тиімділігінің класы А+++ | |
| Жылдық электр энергиясын тұтынуы (АЕс, кВт•сағ/жыл)1) | 121 |
| «Хлопок» (Макта) стандарт бағдарламасы бойынша 60 °C | 0,56 |
| температурада және толық жуктемемен жуу кезіндегі электр энергиясының шығыны (кВт•сағ / цикл) | |
| «Хлопок» (Макта) стандарт бағдарламасы бойынша 60 °C | 0,56 |
| температурада және ішінара жуктемемен жуу кезіндегі электр энергиясының шығыны (кВт•сағ / цикл) | |
| «Хлопок» (Макта) стандарт бағдарламасы бойынша 40 °C | 0,47 |
| температурада және ішінара жуктемемен жуу кезіндегі электр энергиясының шығыны (кВт•сағ / цикл) | |
| Өшірілген күйдегі өлшенген тұтынылатын куаттылық (Вт) 0,44 | |
| Сөндірулі күйдегі өлшенген тұтыну куаты (Вт) 0,49 | |
| Жылдық су тұтынуы (АWс л/жыл)2) | 9649 |
| Сығу/кептіру режимінің тиімділік класы3) | В |
| Сығу кезінде барабанның максимал айналу жылдамдығы (айн/мин)4) | 1390 |
| Қалған ылғал мөлшері (%)4) | 53 |
| 60 °C температурадағы «Хлопок» (Макта) стандарт бағдарламасы5) | Хлопок+ (Макта+)60°C +1400 айн/мин |
| 40 °C температурадағы «Хлопок» (Макта) стандарт бағдарламасы5) | Хлопок+ (Макта+)40°C +1400 айн/мин |
| 60 °C температурада және толық жуктемеде «Хлопок» (Макта) бағдарламасын орындау уақыты (мин.) | 290 |
| 60 °C температурада және ішінара жуктемеде «Хлопок» (Макта) бағдарламасын орындау уақыты (мин.) | 295 |
| 40 °C температурада және ішінара жуктемеде «Хлопок» (Макта) бағдарламасын орындау уақыты (мин.) | 290 |
| Қосулы күйде қалу ұзактығы (мин.)6) | 3,0 |
| Ауадағы акустикалық шу деңгейі (жуу/сығу), дБ(А) сал. 1 пВт7) | 54/74 |
| Типі жеке тұратын |
1) 60 °C және 40 °C-та толық және ішінара жүктемемен «Хлопок» (Мақта) бағдарламасы бойынша 220 стандарт жуу циклы, сонымен қатар электр үнемдейтін режимдерде электр энергиясын жұмсау негізінде. Энергияны шынайы тұтынуы кір жуғыш машина қалай қолданылатынына байланысты.
2) 60 °C және 40 °C-та толық және ішінара жүктемемен «Хлопок» (Мақта) бағдарламасы бойынша 220 стандарт жуу циклы негізінде. Суды шынайы тұтынуы кір жуғыш машина қалай қолданылатынына байланысты.
3) С санаты тиімділігі аз болып табылады, ал А санаты - біршама тиімді болып табылады.
4) 60 °C-та толық және 40 °C-та ішінара жүктемемен «Хлопок» (Мақта) стандарт бағдарламасы негізінде.
5) 60 °C-тағы «Хлопок» (Мақта) стандарт бағдарламасы мен 40 °C-тағы «Хлопок» (Мақта) стандарт бағдарламасы заттаңба мен бұйым туралы деректегі ақпараттарды қамтитын стандарт жуу бағдарламалары болып табылады. Бұл бағдарламалар кірлену деңгейі әдеттегі мақта киімді жууға жарайды және жалпы энергия, су тұтыну тұрғысынан анағұрлым тиімді саналады.
6) Электр қуатын басқару жүйесі болса.
7) МЭК стандарт сынақ бағдарламасы негізінде: Хлопок+ (Мақта+) + макс. сығу жылдамдығы + Р-1 баптау.
11. Техникалық сипаттамалары
11.2 Қосымша техникалық сипаттамалар
| Модельдің атауы | HW90-BP14929A |
| HW90-BP14929AS | |
| HW90-BP14929B | |
| HW90-BP14929BS | |
| Өлшемдері (БхЕхТ, мм) 850x595x497 | |
| Кернеуі, В 220-240 В~/50 Гц | |
| Ток күші, А 10 | |
| Макс. куаты, Вт 1950 | |
| Су крысымы, МПа 0,03<R<1 | |
| Таза салмағы, кг 62 | |

| БУЙЫМ ОЛШЕМІ | HW90-BP14929A/HW90-BP14929ASHW90-BP14929B/HW90-BP14929BS |
| А БУЙЫМНЫН жалпы биіктігі, мм 850 | |
| В БУЙЫМНЫН жалпы ені, мм 595 | |
| С БУЙЫМНЫН жалпы терендігі,(негізгі басқару панеліне дейін), мм 497 | |
| D БУЙЫМНЫН жалпы терендігі, мм 583 | |
| Е Жуктеу люгінің есігі ашықтүрғандағы бүйымның терендігі, мм | 1045 |
| F Есігі еркін ашылу үшін машинамен көрші қабырға арасындағысаңылаудын минимал көлемі, мм | 400 |
Ескертпе: машинаңыздың нақты биіктігі аяқшалары машина түбінен қаншалықты көтеріліп тұрғанына байланысты. Сіз машинаны орнататын кеңістік оның өлшемінен кем дегенде 40 мм кеңірек және 20 мм тереңірек болуға тиіс.
Клиенттерді қолдау қызметі
Нуег компаниясының тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне, сондай-ақ түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдалануға кеңес береміз. Егер сіздің тұрмыстық техникамен қиындықтарыңыз болса, алдымен «Ақауларды жою» бөлімін оқып шығыңыз.
Егер де сіз проблемаңыздың шешімін таба алмаған болсаңыз, мынаған жүгініңіз:
— біздің ресми дилерімізге немесе
— www.haier-europe.com сайтына кіріңіз, онда сіз қызмет көрсету туралы сұрау жібере аласыз және жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, төмендегі ақпаратты дайындаңыз, ол сіз төлтеушінің атына және тексеруге болады:
Моделі ____
Сериялық нөмірі ____
Сатылған күні ____
EAC
Сонымен қатар, кепілдігінің және сатылғаны туралы құжаттардың болуын тексеріңіз.
Маңызды! Құралда сериялық нөмірінің болмауы өндіруші үшін Құралды сәйкестендіруді және нәтижесінде кепілдік қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Құралдан зауыттық сәйкестендіру тактайшаларын алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тактайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертүсіз бір өзгерістердің енгізілуі мүмкін. Өндіруші бұдан әрі ескертүсіз бұйымның дизайны мен жабдықтарына өзгерістер енгізуге құқылы.
Өнімді онда көрсетілген белгілерге сәйкес бастапқы орауышына тасымалдау және сақтау керек.
Жүктеу, түсіру және тасымалдау кезінде абай болыңыз.
Көлік құралы және қоймасы сақтау өнімді атмосфералық, жауын-шашыннан және механикалық зақымданудан қорғауы керек.
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай. Сізге таңдауыңыз үшін алғыс білдіреді және пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған кір жуғыш машиналардың ресми қызмет мерзімі бұйымды соңғы тұтынушыға берген күннен бастап 7 жыл құрайды. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты пайдалану мерзімі ресми мерзімнен айтарлықтай артық болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және техникалық талаптарға сәйкестілігіне арналған тиісті сертификаттаудан өткен.
Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік міндеттемелердің шарттарын зейін қойып оқып шығуыңызды және кепілдік талонының дұрыс толтырылғанын тексеруіңізді өтінеміз. Кепілдік талоны дұрыс емес немесе толымсыз толтырылған жағдайда сатушы ұйымға жүгініңіз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Сізге Haier-дің Авторландырылған серіктесіне жүгінуді қатаң ұсынамыз.
Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдікті, сонымен қатар қосымша сервистік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кепілдік мерзім белгілейді және тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 36 ай бойы қосымша сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Кір жуғыш машинаның инверторлық моторына кепілдік мерзім — бұйымды соңғы тұтынушы сатып алған күннен бастап 12 жыл. Ықтимал және қателіктерге жол бермеу үшін қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарлық чек, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) сақтап қойыңыз. Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсету — Өндірушінің кінәсінен бұйымда пайда болған ақауларды тұтынушы үшін тегін жою. Мұндай қызмет тек қана бұйым иесі тауарлық және кассалық чектерді, бұйымды сатып алу дерегін растайтын басқа құжаттарды көрсеткенде ғана көрсетіледі.
Кепілдікті қызмет көрсетуді тек қана Haier Авторландырылған серіктестері жүргізеді. Авторландырылған серіктестердің толық тізімін сіз келесі телефондар арқылы Haier Ақпараттық орталығында біле аласыз:
8-800-250-43-05 — Ресей тұтынушыларына арналған (Ресей өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
7-727-233-30-00/ моб. 3210 — «Сервис Маг» ЖШС (050016, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 38А)
немесе сайт: www.haier-europe.com немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз: help@haieronline.ru. Авторландырылған серіктестердің деректері өзгеріп кетуі мүмкін, анықтамалар үшін Haier Ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға көрсетілмейді:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы; — бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу; — тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту; — пайдалану бойынша нұсқаулық талап еткен жағдайда Бұйымға уақтылы техникалық қызмет көрсетілмегенде; — су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан; — бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған мөлшерлемесінен асып кеткенде; — бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда; — үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі; — стандарттардан және қуат беру желілерінің нормаларынан ауытқу; — еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.); — жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттерінен — бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің тіршілік әрекеттерінің өнімдерінің түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса
Кепілдікті және қосымша қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға; — тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге; — бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Кепілдікті және қосымша қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар жатпайды:
— кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге; — бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге, және де, нәтиже ретінде, оған кепілдікті қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне айналуы мүмкін.
Изготовитель / Өндіруші: «Haier Overseas Electric Appliances Corp. Ltd.» Адрес: Room S401, Haier Brand building, Haier Industrypark Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, China
Сделано в Китае / Қытайда жасалған
Шығарылған күні және кепілдік мерзімі құрылғының заттаңбасында көрсетілген
