TT 22M DR0 - Тостер Hotpoint Ariston - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TT 22M DR0 Hotpoint Ariston PDF форматында.

Hotpoint Ariston TT 22M DR0 - Тостер
📄 20 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Hotpoint Ariston TT 22M DR0 - page 16
Нұсқаулықты қарау : Italiano IT Қазақша KK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Тостер
Бренд Hotpoint Ariston
Модель TT 22M DR0
Өлшемдері (L x P x A) 28 x 18 x 22 см
Салмағы 1,2 кг
Қуат көзі 220-240 V, 50-60 Hz
Қуаты 850 Вт
Тілім саны 2
Функциялары Тосттау, жібіту, жылыту, тоқтату
Қызаруды басқару Таңдағышпен 7 деңгей
Тесіктері Әртүрлі мөлшердегі нанға арналған кең тесіктер
Үгінді жинайтын науа Алынбалы және жууға болатын
Автоматты өшіру Иә, автоматты көтеру функциясымен
Тайғанамайтын аяқшалар Иә
Материалы Тот баспайтын болат және пластмасса
Түсі Қара
Тазалау Ылғал шүберекпен; суға батырмаңыз
Қосалқы бөлшектер Өндіруші көрсетпеген
Жөндеу мүмкіндігі Пайдаланушы жөндей алмайды

Жиі қойылатын сұрақтар - TT 22M DR0 Hotpoint Ariston

Тосттау деңгейін қалай орнатуға болады?
Қызару таңдағышын 1 (ашық) деңгейінен 7 (қараңғы) деңгейіне дейін бұраңыз. Тосттауды бастау үшін тұтқаны басыңыз.
Тостер жанбайды: не істеу керек?
Штепсельдің дұрыс салынғанын және розетканың жұмыс істейтінін тексеріңіз. Мәселе сақталса, сақтандырғышты тексеріңіз немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Үгінді жинайтын науаны қалай тазалау керек?
Науаны шығарып, босатыңыз және су мен бейтарап жуғыш затпен жуыңыз. Қайта салмас бұрын жақсылап құрғатыңыз.
Мұздатылған нанды тосттауға болады ма?
Иә, жібіту (defrost) функциясын пайдаланыңыз. Мұздатылған нанды салыңыз, сәйкес түймені, содан кейін тұтқаны басыңыз.
Тостер автоматты түрде өшеді ме?
Иә, тосттау аяқталғанда автоматты өшірумен жабдықталған. Нан автоматты түрде көтеріледі.
Жылыту функциясын қалай пайдалануға болады?
Тостталған нанды салыңыз, жылыту (reheat) түймесін басып, тұтқаны төмен түсіріңіз. Тостер қарайтпай жылытады.
Тосттауды мерзімінен бұрын тоқтатуға болады ма?
Иә, циклді дереу тоқтату үшін stop (немесе болдырмау) түймесін басыңыз.
Тостер қызып кетуден қорғаныспен жабдықталған ба?
Иә, қызып кеткен жағдайда құрылғыны өшіретін қауіпсіздік термостаты бар.
Тосттау қанша уақытқа созылады?
Қызару деңгейіне байланысты: шамамен 1 минут (1 деңгей) 4 минутқа дейін (7 деңгей). Нан түріне байланысты уақыт өзгеруі мүмкін.
Нанның күйіп кетуін қалай болдырмауға болады?
Төмен деңгейден бастап, біртіндеп арттырыңыз. Пайдалану кезінде тостерді қараусыз қалдырмаңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TT 22M DR0 Hotpoint Ariston

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Тостер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TT 22M DR0 - Hotpoint Ariston және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TT 22M DR0 брендінің Hotpoint Ariston.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TT 22M DR0 Hotpoint Ariston

KZ Пайдалану нұсқаулығы

Біздің өнімді сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз. Солайша, тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны таңдадыңыз.

Бұл құрылғыны дұрыс пайдалануға қатысты нұсқаулар орындалмаса, өндіруші ешбір залалға жауапты болмайды.

Пайдалану нұсқаулығында әр түрлі үлгілерді сипаттауы мүмкін. Кез келген айырмашылық анық көрсетіледі.

Электр құрылғыны қолданған кезде, әрқашан негізгі сақтық шараларын сақтау керек, оның ішінде:

• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны бақылаусыз қалдыруға болмайды. • Құрылғыны балалардан аулақ ұстаңыз. • Құрылғымен ойнамауы үшін балаларды бақылап отыру керек. • Қолданбаған кезде, бөліктерін қоймас немесе алмас бұрын және тазаламас бұрын құрылғыны өшіріп, розеткадан ағытыңыз.

Ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз, одан кейін айырдан ұстап, розеткадан ағытыңыз. Кабельді ұстап тартушы болмаңыз.

- Кабелі немесе айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемей қалғаннан кейін немесе кез келген түрде зақымдалғаннан кейін құрылғыны қолдануға болмайды. Құрылғыны өкілеттік қызмет көрсету орнына апарып көрсетіңіз, жөндетіңіз немесе электр немесе механикалық бөліктерін реттетіңіз.

• Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес немесе нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады.

- Жабдық үй жағдайында немесе төмендегі ұқсас жағдайда қолдануға арналған:

  • дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлердің ас бөлмесінде;
  • ферма үйлерінде;
  • қонақ үйлері, мотельдер және басқа қонақтар тұратын жерлер;
  • кіші қонақ үйлері.
  • Жүздер өткір болады. Абайлаңыз. Шабу жүзі мен кесу/турау дискісін салған немесе алған кезде, жарақат алмау үшін кеспейтін шеттерін ұстаңыз.

• Барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.

- Розетканың кернеуі тостердегі номиналды сипаттар тактасында көрсетілген кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.

- Басқару тетіктерінен басқа бөліктерді ұстамаңыз, себебі қызарту кезінде тостер қызуы мүмкін.

• Ток соғудан қорғау үшін кабельді, айырды немесе тостердің ешбір электр бөлшегін суға немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз.

• Тазаламас немесе сақтамас бұрын құрылғының толық салқындауын күтіңіз.

- Кабель үстелдің шетінен немесе үстінен салбырап тұрмауы, ыстық беттерге тимеуі немесе ұстап көтеретін тұтқа ретінде қолданылмауы керек.

• Қызып тұрған газ немесе электр плитасына немесе оның жанына немесе қызып тұрған пештің ішіне салуға болмайды.

• Құрылғыны көзделген мақсатынан басқа мақсатта қолдануға болмайды.

- Тостерге басқа ешбір затты салуға болмайды, себебі ол зақымдалуы немесе қауіп төндіруі мүмкін.

- Нан жануы мүмкін, сондықтан тостерлерді перде немесе басқа тұтанғыш заттардың жанында немесе астында қолдануға болмайды.

  • Құрылғы өндірушісі ұсынбаған қосымша керек-жарақтардың қолданылса, жарақат алуыңыз немесе залал тигізуі мүмкін. • Құрылғыны тегіс әрі тұрақты жерге қойып қолданыңыз. Тостерді тек тік күйде қосыңыз. • Тостер жұмыс істеп тұрған кезде тағамды шығарып алуға әрекеттенбеңіз
  • Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.
  • Жарақат алмау үшін қызартудан кейін нанды абайлап шығарып алыңыз.
  • Бұл құрылғы жерге тұйықтау айырымен жабдықталған. Үйдегі розетканың жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
  • Ескерту: ұзындығы 8,5 мм-ден аз кіші нан тілімдерін қызартатын болсаңыз, оларды шығарып алған кезде күйіп қалу қаупі бар екеніне назар аударыңыз. • Құрылғыны сыртта қолданбаңыз.
  • Осы нұсқауларды сақтаңыз. • Тостер саңылауын жауып қоймаңыз. • Ілгекті тек қызарту үшін қолданыңыз: оны құлыптаушы болмаңыз. • Ішінде су болатын ванна, шұңғылша немесе басқа ыдыстар жанында қолдануға болмайды.

АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН

Құрылғының сыртында жиналып қалған болуы мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз. Құрғақ орамалмен құрғатыңыз. Құрылғының ток кабелі орналасқан жағын суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз. Терезені ашып қойып, ішіне нан салмай, тостерді ең жоғары қызарту деңгейінде кем дегенде үш минутқа қосып қойыңыз, одан кейін салқындауын күтіңіз.

ҚОЛДАНУ

  1. Тағамды тостердің нан саңылауына салыңыз; екі тілімнен салуға болады.

Қолданбас бұрын қиқым науасы толығымен орналастырылғанына көз жеткізіңіз.

  1. Қуат кабелін розеткаға қосыңыз.
  2. Қызарту деңгейінің түймесімен қажетті қызарту деңгейін орнатыңыз. Ең төменгі деңгей – 1, ал ең жоғарғы деңгей – 7.

Тек бір тілімді қызартатын болсаңыз,

қызарту деңгейін екі тілімге қолданылатын деңгейден төменірек орнатыңыз. Тоқтаусыз қызартатын болсаңыз, бір деңгей қолданылса да, қызарту түсі немесе тілімдердің түсі әр түрлі болуы мүмкін.

  1. Ілгекті құлыпталғанша тігінен төмен қарай басыңыз, сонда қызарту бірден басталады. Нан орнатылған деңгейге қызарғаннан кейін, ілгек автоматты түрде көтеріледі.

Тек айыр қосылып тұрған кезде ғана, ілгек саңылаудың төменгі жағында болуы мүмкін.

  1. Қызарту процесінің барысында қызару түсін бақылауға болады. Ол жеткілікті болса, кез келген уақытта ТОҚТАТУ түймесін басып, тостер жұмысын тоқтатуға болады.
  2. Нан тоңазытқыштан шығарылған болса, қажетті қызарту деңгейін орнатыңыз. Ілгері орнына орналасқанша тігінен төмен қарай басыңыз, одан кейін ЖІБІТУ түймесін басыңыз; бұл режимде нан қажетті түске дейін қызартылады.
  3. Нан тоңазытқыштан шығарылған болса, қажетті қызарту деңгейін орнатыңыз. Ілгері орнына орналасқанша тігінен төмен қарай басыңыз, одан кейін ЖІБІТУ түймесін басыңыз; бұл режимде нан қажетті түске дейін қызартылады.

ЖЫЛЫТУ ТАРТПАСЫН ҚОЛДАНУ

Ұяшықтардың ішіне қойылмайтын (мысалы, роллдар, француз наны, круасан) тағамды жылыту тартпасында жылытуға болады.

  1. Тіректі саңылауға қойыңыз.
  2. Қажетті қызарту деңгейін орнату үшін түймені қолданыңыз.
  3. Ілгері құлыпталғанша тігінен төмен қарай басыңыз.

Жылыту тартпасына алюминий қағазды қоюшы болмаңыз.

Бір уақытта жылытуға және қыздыруға болмайды!

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ

  1. Қызартылатын тағамды тістеуіктің ішіне салыңыз.
  2. Тістеуікті саңылауға кіргізіңіз.
  3. Қажетті қызарту деңгейін орнату үшін түймені қолданыңыз.
  4. Ілгері құлыпталғанша тігінен төмен қарай басыңыз.

АБАЙ БОЛЫНЫЗ

  1. Тостерден түтін шыға бастаса, қызартуды дереу тоқтату үшін ТОҚТАТУ түймесін басыңыз.
  2. Тостерге салмас бұрын қорғауыш ораманың барлығын алып тастаңыз.
  3. Тағамды май сияқты оңай ағып кететін ингредиенттермен қызартпаңыз.
  4. Нанды шығарып алған кезде ішкі механизмді немесе қыздыру элементтерін зақымдап алмаңыз. Тағамды тек қызарғанша қызартыңыз, қоңыр немесе қою қоңыр түске жеткізбеніз. Күйген шеттерді алып тастаңыз. Құрамында крахмал бар тағамдарды, әсіресе дәнді дақыл мен картоп өнімдерін шамадан тыс қызартып жіберменіз (акриламидтердің түзілуін азайту үшін). Қызарту процесінің соңында тілім тостерде тұрып қалса, қуат айырын ағытып, тостер салқындағаннан кейін нанды абайлап шығарып алыңыз.
  1. Тазаламас бұрын айнымалы ток розеткасынан ағытыңыз.
  2. Тостер салқындағаннан кейін жұмсақ әрі құрғақ шүберекпен сыртын сүртіңіз, металл ысқылағышын қолданбаңыз.
  3. Тостердің астыңғы жағындағы қиқым науасын шығарып, босатыңыз. Тостер жиі қолданылатын болса, жиналған қиқымды кем дегенде аптасына бір рет алып тастап отыру керек. Тостерді қайтадан қолданбас бұрын қиқым науасы толығымен жабылғанына көз жеткізіңіз.
  4. Қолданылмаған немесе сақталған кезде қуат кабелін тостердің түбіне орап қоюға болады.
  5. Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
  1. Болатты тазалау үшін арнайы өнімдер қолданатын болсаңыз, дақ қалдырмау үшін хроммен қапталған бөліктерін абайлаңыз.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз. Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысамыз.

Құрылғыға күтім көрсету

Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ariston ұсынатын Professional кәсіби бұйымдар желісі құрылғының қолданыс мерзімін ұзартады және оның істен шығу қаупін азайтады.

Professional кәсіби бұйымдар желісі құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston.ru веб-сайтының "Қызмет көрсету" бөлімінен қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден сұраңыз.

Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары

Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін қалыптастырдық.

Ақау пайда болған жағдайда

Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз ("Ақаулықтар және оларды түзету жолдары" тарауын қараңыз).

Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады.

! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана хабарласуды ұсынамыз

! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық бөлшектерді ғана қолдануды талап етіңіз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп алыңыз:

• Ақаулық түрін сипаттау;

- Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.);

- Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі және сериялық нөмірі (S/N);

• Құрылғының сатылған ай-күні

Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс.

Hotpoint Ariston TT 22M DR0 - Ақау пайда болған жағдайда - 1

Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз

құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу қуатын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектеп қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады. Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері тиісті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.

Hotpoint Ariston TT 22M DR0 - Ақау пайда болған жағдайда - 2

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hotpoint Ariston

Модель : TT 22M DR0

Санат : Тостер