GC-B257SEZV - тоңазытқыш LG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GC-B257SEZV LG PDF форматында.
| Өнім түрі | Тоңазытқыш-Мұздатқыш |
| Бренд | LG |
| Модель | GC-B257SEZV |
| Жалпы сыйымдылық | 700 L |
| Өлшемдер (E x B x T) | 910 x 1750 x 700 мм |
| Салмағы | 100 кг |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50 Гц |
| Энергия тиімділік класы | A+ |
| Салқындату жүйесі | Сызықтық салқындату Smart Inverter компрессорымен |
| Шу деңгейі | 39 дБ |
| Жібіту түрі | Автоматты жібіту (Аязсыз) |
| Сандық дисплей | Иә, LED сенсорлы панель |
| Есік түрі | Француз есігі |
| Мұз жасағыш | Кіріктірілген, су сүзгісімен |
| Сөрелер | Қатайтылған шыны сөрелер |
| Көкөніс жәшігі | Иә, ылғалдылықты басқарумен |
| Есікті салқындату+ | Иә, есік жәшіктерін салқын ұстайды |
| Ақылды функциялар | Wi-Fi қосылған, ThinQ қолданбасымен үйлесімді |
| Техникалық қызмет көрсету | Конденсатор катушкаларын жылына бір рет тазалаңыз; су сүзгісін 6 ай сайын ауыстырыңыз |
| Қауіпсіздік функциялары | Диспенсердегі балалар құлпы, есік дабылы |
| Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі | Сүзгілер, сөрелер, мұз жасағыш бөлшектері 10 жыл бойы қолжетімді |
Жиі қойылатын сұрақтар - GC-B257SEZV LG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GC-B257SEZV LG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GC-B257SEZV - LG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GC-B257SEZV брендінің LG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GC-B257SEZV LG
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Орнатуды бастау алдында осы нұсқауларды мұқият оқыңыз. Бұл орнатуды жеңілдетеді және өнімнің дұрыс және қауіпсіз орнатылуын қамтамасыз етеді. Орнатқаннан кейін болашақта пайдалану үшін бұл нұсқауларды өнімнің жанына қойыңыз.
ҚАЗАҚША
МАЗМҰНЫ
Бұл нұсқаулықта сатып алған үлгіден өзгеше кескіндер немесе мазмұн болуы мүмкін.
Бұл нұсқаулықты өндіруші түзете алады.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.....3
АБАЙЛАҢЫЗ....3
ЕСКЕРТУ 9
ОРНАТУ
Орнату алдында 12
Тоңазытқыш және мұздатқыш есіктерін шешіп алу ....13
Теңестіру және есікті туралау 14
Қуатты қосу....16
Құрылғыны басқа орынға жылжыту....16
Пайдалану
Өнім мүмкіндіктері.....20
Баскару панелі 23
InstaView....25
Қосымша есік 25
Тартпа 26
Cope....26
Есіктері себет....28
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
LG ThinQ қолданбасы .....29
Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын....34



ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
Қауіпсіздік нұсқаулары өнімге қауіп тудыра отырып, пайдалану және дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын қауіптер мен зақымдардың алдын алуға арналған.
Нұсқаулар төменде сипатталғандай «АБАЙЛАНЫЗ» және «ЕСКЕРТУ» болып бөлінеді.
Қауіпсіздік туралы хабарлар

Бұл таңба қауіп тудыратын жағдайлар мен жұмысты анықтау үшін көрсетіледі. Осындай таңбасы бар бөлімді мұқият оқып шығыңыз және қауіптің алдын алу үшін нұсқауларды орындаңыз.

АБАЙЛАНЫЗ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін екенін білдіреді.

ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда өнімнің аз деңгейде зақымдалуы мен бұзылуын білдіреді.
АБАЙЛАНЫЗ
⚠️ АБАЙЛАНЫЗ
Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, тоқ соғу, зақымдау немесе адамды күйдіру қауіпінің алдын алу үшін мыналарды қоса негізгі қауіпсіздік шараларын қолданыңыз:
4 КАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Техникалық қауіпсіздік
- Бұл құрылғы физикалық мүмкіндігі мен ақыл-есі шектеулі немесе құрылғыға қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдарды (балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қадағаламаған кезде немесе құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмеген кезде пайдалануға арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауы қадағалануы қажет.
- Бұл құрылғы үй шаруашылығында және оған ұқсас келесідей қолданыстарда пайдалануға арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі және өзге жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асүй аймақтары;
- фермерлік үйлерде және қонақ үйлердегі, мотельдердегі және өзге тұрғындық орталардағы клиенттер тарапынан;
- "кереует және таңғы ас" түріндегі орталарда;
- Қоғамдық тамақтану және бөлшек емес сауда қолданыстарында.

Бұл таңбалар тұтанатын және күтім жасамаған жағдайда өрт шығу себебі болатын тұтанғыш материалдар туралы ескертеді.
- Бұл жабдық аз көлемдегі изобутан хладагенті (R600а) болады, бірақ ол да оңай жанғыш болып табылады. Жабдықты тасымалдау және орнату кезінде тоңазыту тізбегінде ешбір бөлшектің зақымдалмағанына көз жеткізуіңіз қажет.
- Құрылғыда қолданылатын суытқыш агент пен оқшаулағыш газ арнайы процедураларға сәйкес жойылуы керек. Оларды жоймас бұрын техникалық қызмет жасайтын мамандардан немесе тағы басқа дәрежелі мамандардан кеңес алуыңыз жөн.
- Салқындатқыш сұйықтық айналымының түтіктерін зақымдап алмаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған немесе розетканың тесігі босап қалған болса, қуат сымын пайдаланбаңыз және өкілетті қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.



ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
5
• Бірнеше тасымалды розеткаларды немесе тасымалды қуат көздерін құрылғы артына орналастырмаңыз. - Алдын ала ылғал мен шаңды тазалап, электр штепселін розеткаға абайлап салыңыз. - Құрылғыны токтан ешқашан қуат кабелінен тартып ажыратпаңыз. Әрқашан қуат ашасын мықтап ұстап, розеткадан тіке тартып алыңыз. - Желдеткіш саңылауларын құрылғы корпусында немесе кірістірілген құрылғыда кедергісіз қалдырыңыз. • Бұл құрылғыда өртке қауіпті жанармайы бар аэрозоль банкалары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз. • Тасымалдау кезінде құрылғыны еңкейтпеңіз және жиектемеңіз. • Құрылғыны орналастыру барысында қуат сымы қысылмағанына немесе зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. - Өндіруші ұсынғаннан артық етіп, мұздату процесін үдету үшін механикалық құрылғыларды немесе басқа заттарды қолданбаңыз. - Құрылғының ішін кептіру үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз немесе жағымсыз иістен арылу үшін хош иісті шырақты пайдаланбаңыз. - Тоңазытқыштың ішінде электрлік құралдарды пайдаланбаңыз. - Құрылғыны жылжытқан кезде, қол немесе аяқ сияқты дене мүшесі қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз. - Құрылғының ішін немесе сыртын тазалаудан бұрын қуат сымын ажыратыңыз. • Құрылғыны тазалау үшін, оның ішкі немесе сыртқы жағына су немесе тұтанғыш заттарды (тіс пастасы, спирт, еріткіш зат, бензол, жанғыш сұйықтық, жуғыш зат және т.б.) шашпаңыз. • Құрылғыны қатты немесе металл беті бар щеткалармен, шүберектермен немесе губкалармен тазаламаңыз. • Құрылғыны тек LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығының білікті маманы бөлшектеу, жөндеу немесе өзгерту керек. Құрылғыны басқа орынға жылжытатын және орнататын



болсаңыз, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
Өрт және тұтанғыш материалдар қатері
- Егер газ шығып жатқаны анықталса, ашық от көзі немесе от шығаратын заттардың болмауын қадағалаңыз және құрылғы тұрған бөлмені бірнеше рет желдетіңіз. Тоңазыту тізбегінен газ шыққан жағдайда, тұтанғыш газ бен ауа қоспасы пайда болмауы үшін, құрылғы қолданылатын бөлменің өлшемі қолданылатын хладагент мөлшеріне сәйкес келуі керек. Құрылғының ішіндегі әрбір R600а хладагентінің 8 г-на бөлменің 1 м²-ы шақ келуі керек.
- Түтіктен ағатын салқындатқыш агент тұтануы немесе жарылыс тұғызуы мүмкін.
- Осы құрылғының салқындатқыш сұйықтығының мөлшері құрылғы ішіндегі белгілері бар тақтайда көрсетіледі.
Орнату
- Құрылғыны екі немесе одан көп адам абайлап көтеріп тасымалдауы қажет.
• Құрылғыны мықты және тегіс еденге орнатыңыз.
• Құрылғыны ылғал және шаң жерге орнатпаңыз. Құрылғыны кез келген сыртқы аймаққа, тікелей күн көзі, жел немесе жауын сияқты ауа райы жағдайларына ұшырайтын немесе нөлден төмен температуралы аймаққа орнатпаңыз немесе сақтауға қоймаңыз.
• Құрылғыны тікелей күн сәулесінің немесе жылытқыш құрылғының (газ плитасы немесе электр жылытқышы) жылы ауасының тікелей әсері бар жерлерге орнатпаңыз.
- Орнатқан кезде құрылғының артқы жағына тиіп кетпеуді қамтамасыз етіңіз.
- Құрылғыны қуат көзінен оңай ажыратуға болатын орынға орнатыңыз.


ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
7
- Құрастыру немесе бөлшектеу кезінде құрылғы есігінің құлап кетпеуін қамтамасыз етіңіз.
- Құрылғы есігін құрастыру немесе бөлшектеу кезінде қуат сымын қыспаңыз, баспаңыз немесе зақымдамаңыз.
- Қуат сымының тігінен орнатылуына және құрылғының қуат ашасына тиіп тұруына жол бермеңіз.
- Ашалы адаптер немесе басқа да керек-жарақтарды ток көзіне жалғамаңыз. • Қуат сымын өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз.
- Розетканың жерге дұрыс тұйықталғанын және қуат сымындағы жерге тұйықтау ашасының зақымдалмағанын немесе қуат ашасынан алынбағанын тексеріңіз. Жерге тұйықтау туралы қосымша мәліметтерді LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығынан сұраңыз.
- Бұл құрылғы жабдықты жерге тұйықтау өткізгішіне не қуат сымымен және жерге тұйықтау ашасымен жабдықталған. Қуат ашасы барлық жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес және жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы керек.
- Зақым белгілері көрініп тұрған құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Күмәндансаңыз, дилеріңізбен кеңесіңіз.
- Барлық бума материалдарын (мысалы, пластик қалталар мен пенопласт) балалардан алысқа тастаңыз. Бума материалдары тұншықтыруы мүмкін.
- Жабдықты қуат кабелі жоқ (орнатылмаған) көп розеткалы адаптерге жалғауға болмайды.
- Жабдық жеке сақтандырғышы бар арнайы қуат желісіне жалғануы тиіс.
- Жерге тиісті түрде тұйықталмаған (тасымалы) көп розеткалы ұяны пайдаланбаңыз. Тиісті түрде жерге тұйықталған (тасымалы) көп розеткалы ұяны пайдаланған жағдайда, оның кернеу қуаты кабельдің көрсеткіштерімен бірдей немесе одан жоғары болатын розетканы қолданыңыз және оны тек құрылғы үшін пайдаланыңыз.



• Құрылғыны тұрмыстық тағам сақтаудан басқа мақсатта (медициналық немесе сараптамалық материалдарды сақтау немесе тасымалдау) қолданбаңыз.
- Құрылғының электр бөліктеріне су кіріп кететін болса, қуат ашасын ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
• Қатты жауын немесе найзағай кезінде әлде ұзақ уақытқа тоңазытқышты қолданбайтын болсаңыз, токтан ажыратыңыз.
- Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен ұстамаңыз.
- Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
- Өзге дыбыс, жағымсыз иіс немесе құрылғыдан түтін шығатын болса, дереу ашаны қуат көзінен ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
- Салқын ауа шығаратын аймаққа, қақпағына немесе артындағы жылу шығаратын торына қолдарыңызды немесе металл заттарды салмаңыз.
- Құрылғының артқы қақпағына шамадан тыс күш немесе ықпал қолданбаңыз.
- Құрылғы есігін ашқан немесе жапқан кезде, жаныңызда балалар болса, абайлаңыз. Есік балаға тиіп кетіп, зақымдауы мүмкін.
- Балалардың құрылғының ішіне кіріп кету қауіпін тұғызбаңыз. Құрылғы ішіне кіріп кетсе, тұншығып қалуы мүмкін.
- Үй жануарлары сияқты жануарларды құрылғының ішіне салмаңыз.
- Құрылғыға ауыр немесе сынғыш заттар, сұйықтықпен толтырылған контейнерлер, жанғыш, тұтанғыш заттар (мысалы, балауыз, шамдар және т.б.) немесе жылыту құрылғыларын (пештер, қыздырғыштар және т.б.) қоюға болмайды.
- Құрылғының ішіне электрондық құрылғыларды салмаңыз (мысалы, жылытқыш және ұялы телефон).
- Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса, құрылғыны немесе қуат ашасын ұстамаңыз және бөлмені дереу желдетіңіз.
Бұл жабдықта газ түріндегі хладагент (изобутан, R600а) пайдаланылады. Пайдаланылатын газ көлемі аз болса да, ол әлі де оңай жанғыш газ болып табылады. Жабдықты тасымалдау, орнату немесе пайдалануда газ жылыстаған жағдайда ұшқын пайда болса, ол өртке, жарылысқа немесе жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін.
- Құрылғының жанында өртке қауіпті немесе жанатын заттарды (мыс., жанармай, шарап, химикаттар, сұйытылған көмірсутек газы, жанатын шашыратқыш, құрт-құмырсқаларды жоюға арналған құрал, ауаны сергіткіш, косметика, т.б.) қолданбаңыз немесе сақтамаңыз.
Тастау
- Құрылғыны тастаған кезде, сөрелер мен жәшіктерді орнында қалдырыңыз да, есік тығыздауышын шығарып алып, құрылғыны балалардан алыс жерге қойыңыз.
ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті азайту, өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін келесі нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды орындаңыз:
Орнату
- Құрылғыны қорабынан шығарғаннан кейін, оның тасымалдау кезінде зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Хладагент контурының толықтай тиімді екеніне көз жеткізу үшін кемінде 3–4 сағат күте тұрыңыз.
Пайдалану
- Муздатқыш бөлігіндегі металл бөліктерін немесе мұздап тұрған тағамды дымқыл немесе ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Ол қатып қалуға себеп болуы мүмкін.
10 ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
- Әйнектен жасалған контейнерлерді, бөтелкелерді немесе банкаларды (әсіресе газдалған сусындары бар) нөлден төмен температурадағы мұздатқыш камераға, сөрелерге немесе мұз сақтау құтыларына салмаңыз.
- Жабдық есігінің алдыңғы жағындағы қыздырып шыңдалған шыны зақымдалуы мүмкін. Сынып қалған жағдайда оған қолыңызды тигізбеңіз.
- Құрылғы есігіне, сақтау бөлігіне, сөреге сүйкеніп тұрмаңыз немесе оған мінбеңіз.
- Есік жәшіктерінде тым көп су бөтелкелерін немесе гарнирлерге арналған контейнерлерді сақтамаңыз.
- Құрылғы есігін артық күшпен ашпаңыз немесе жаппаңыз.
- Жабдықтың есігіндегі топса зақымдалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, жабдықты пайдалануды тоқтатыңыз және өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Үй жануарларының қуат сымын немесе су шлангісін шайнап тастауына мүмкіндік бермеңіз.
- Ешқашан мұздатқыштан алынған қатып тұрған тағамдарды дереу жемеңіз.
- Жабдықтың есігін немесе есік ішіндегі есікті ашу және жабу кезінде қолды немесе аяқты қыстырып алмаңыз.
Қызмет көрсету
- Бұл құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін ішкі жарықдиод шамымен жабдықталған. Қақпақты немесе жарықдиод шамын жөндеу немесе ауыстыру үшін алмаңыз. LG Electronics тұтынушыларына арналған ақпараттық орталыққа хабарласыңыз.
- Шыны сөрелерін немесе қақпақтарын олар салқын кезде жылы сумен тазаламаңыз. Температураның кенеттен өзгеруіне байланысты олар шытынап кетуі мүмкін.
- Сөрелерді астын үстіне қаратып салуға болмайды. Олар құлап кетуі мүмкін.



ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
11
• Құрылғының мұзын алу үшін LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз. • Ток өшіп қалған кезде, мұздатқыштан мұз сауытындағы мұзды алып тастаңыз.

Өлшемдер және саңылаулар
Құрылғы қасындағы нысандарға дейінгі қашықтық аз болса, ол мұздату мүмкіндігінің нашарлауына және электр шығындарының артуына алып келуі мүмкін. Құрылғыны орнатып жатқан кезде, оның арты мен қабырға арасындағы қашықтық кемінде 50 мм болуын қадағалаңыз.

- Жабдықтың ішіндегі жапсырманы қарау арқылы жабдықтың түрін анықтауға болады.
Қоршаған орта температурасы
- Құрылғы климаттық зонаға байланысты, қоршаған орта температураларының шектеулі ауқымында пайдалануға арналған.
- Құрылғының ішкі температуралары оның орналасқан жеріне, қоршаған орта температурасына, есігінің ашылу жиілігіне және тағы басқаларына байланысты өзгереді. • Құрылғының климаттық класы оның техникалық жапсырмасында берілген.
| Климаттык класс | Коршаған орта температурасының аукымы °C |
| SN (Өте шектеулі) | +10 - +32 |
| N (Шектеулі) +16 - +32 | |
| ST(Субтропикалық) | +16 - +38 / +18 - +38** |
| T (Тропикалық) +10 | +43* / +16 - +43 / +18 - +43** |
- SN және Т дәрежесіндегі жабдықтар 10 °C - 43 °C градус аралығындағы ортада пайдалануға арналған.
1 8 0
6 Аксессуарлар 3
*1 Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде ғана бар.


① А түріндегі гайка кілті*1 ② В түріндегі гайка кілті*1
Тоңазытқыш және мұздатқыш есіктерін шешіп алу
Егер сіздің кіре беріс есігіңіз тар болып, құрылғы одан өте алмайтын болса, құрылғының есігін алып тастаңыз және құрылғыны бір жағымен кіргізіңіз.
⚠ АБАЙЛАҢЫЗ
- Құрылғыны орнатпас бұрын, есіктерді шешіп алмас бұрын немесе құрылғыны тазаламас бұрын, қуат сымын, үй сақтандырғышын немесе автоматты ажыратқышты ажыратыңыз. Бұл нұсқаулық талаптарын орындамаған жағдайда, ол адам өліміне, өрттің шығуына немесе электр тогының соғуына себеп болады.
Мұздатқыштың есігін алу
1 Құрылғының жоғарғы жағындағы шарнир қақпағының бұрандаларын бұрап шығарыңыз. Қақпақтың алдыңғы жағының астында орналасқан ілмекті жалпақ басты бұрағышпен көтеріңіз.

2 Барлық сымды ① ажыратыңыз. Жерге тұйықталған сымның ② бұрандасын бұрап шығарыңыз.

3 Топсалы иінтіректі ⑤ сағат тіліне қарсы бағытта айналдырыңыз. Жоғарғы топсаны ④ иінтірегіндегі ысырмадан көтеріңіз ③.

- Жоғарғы жақ топсаны шығару барысында есіктің алға қарай құлап кетуінен сақ болыңыз. Есікті алу және оны қайта орнына орнату жұмысын екі адам істегені дұрыс.
4 Төменгі шарнир жинағынан босағанға дейін мұздатқыш есігін көтеріп тұрыңыз.

- Есіктің ішкі жағын жоғары қаратып, сызат түспейтін жерге қойыңыз.
Тоңазытқыштың есігін алу
1 Барлық сымдарды ажыратыңыз ①.

- Сымның байламдарының саны модельге байланысты өзгеруі мүмкін.
2 Топсалы інтіректі ② сағат тілі бағытымен айналдырыңыз. Жоғарғы топсаны інтірегіндегі ③ ысырмадан көтеріңіз ④.

- Шарнирлі інітіректі топсадан шарнирді көтергенде, есіктің алға қарай құлап кетуін қадағалаңыз. Есікті алу және оны қайта орнына орнату жұмысын екі адам істегені дұрыс.
3 Төменгі шарнир жинағынан босағанға дейін тоңазытқыш есігін көтеріңіз.

- Есіктің ішкі жағын жоғары қаратып, сызат түспейтін жерге қойыңыз.
Тоңазытқыш және мүздатқыш есігін қайта салу
Кұрылғы есіктен өткенен кейін есікті алғандағы іс-әрекеттерді кері ретпен орындап, есікті қайта салыңыз.
• Алдымен тоңазытқыш есігін орнатыңыз.
Тенестіру және есікті туралау
Бастамас бұрын
Кұрылғы есігі түзу тұрмаса, оны туралау үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
- Кұрылғының үлгісіне байланысты гайка кілті әртурлі болуы мүмкін. Сізге А немесе В түріне жататын гайка кілті беріледі.
- А түріне жататын гайка кілті

- В түріне жататын гайка кілті

- Тоңазытқыштың салмағы ауыр келеді, сондықтан оны мықты және тегіс жерге орнату керек.
- Тактай төселген кейбір едендердің қатты майысуына байланысты есіктерді бір деңгейге келтіру қиынға соғады.
Мұздатқыш және тоңазытқыш есіктерін туралау
Егер құрылғының есігі бір деңгейде тұрмаса, құрылғы есігінің биіктігіндегі айырмашылықты реттеңіз.
Құрылғының деңгейін туралау
Құрылғының алдыңғы жағында реттеуге болатын екі аяғы бар. Алдыңғы-артқы жағын немесе екі бүйір жағын туралау үшін аяқтарын бұрап реттеңіз. Егер құрылғы тұрақсыз болып көрінсе немесе есіктер дұрыс жабылмаса, төмендегі нұсқаулардың көмегімен құрылғының еңкейісін реттеңіз.
Реттеуге болатын аяқтарды гайка кілтінің ① көмегімен солға бұрасаңыз, көтеріледі, ал онға бұрасаңыз, төмен түседі.

1 Есікті ашыңыз және гайка кілтінің ① көмегімен гайканы солға қарай бұрып, босатыңыз.

2 Гайка кілтінің ② көмегімен реттелмелі шарнир істігін солға немесе онға бұрау арқылы биіктікті реттеңіз.

ЕСКЕРТПЕ
- Еден бір деңгейде болмаса немесе осал немесе нашар жасалса, есіктерді бір деңгейге келтіру қиынға соғуы мүмкін.



- Құрал есігінің биіктігін 3 мм-ден артық реттеуге болмайды.
3 Гайка кілтінің ① көмегімен ұстан тұрғыш гайканы оңға бұрап, қатайтыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
- Егер еден бір деңгейде болмаса немесе осал немесе нашар болса, есіктерді бір деңгейге келтіру қиынға соғуы мүмкін.
- Тоңазытқыштың салмағы ауыр, сондықтан оны мықты және тегіс жерге орнату керек.
- Тактай төселген кейбір едендердің қатты майысуына байланысты есіктерді бір деңгейге келтіру қиынға соғады.
Құрылғыны басқа орынға жылжыту
Жылжытуға дайындық
1. Жабдықтың ішіндегі барлық азық-түлікті алып тастаңыз. 2. Қуат ашасын шығарып, оны құрылғының артқы немесе жоғарғы жағындағы қуат ашасының ілгегіне енгізіп, бекітіңіз. 3. Жабдықты тасымалдау кезінде түсіп қалмауы үшін сөрелер мен есік тұтқасы сияқты бөлшектерді таспамен бекітіңіз. 4. Жабдықты кем дегенде екі адам абайлап жылжытуы тиіс. Жабдықты ұзақ қашықтыққа тасымалдағанда, оны тік күйде ұстаңыз. 5. Құрылғыны орнатқаннан кейін, қуат ашасын розеткаға тығып, құрылғыны қосыңыз.
Қуатты қосу
Жабдықты жалғау
Құрылғыны орнатқаннан кейін қуат ашасын розеткаға жалғаңыз. Бұл розеткаға басқа құрылғыларды жалғамаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- Қуат көзінің сымын (немесе ашасын) розеткаға қосқан соң, азық-түлікті жабдыққа 3 немесе 4 сағат өткеннен кейін қойыңыз. Жабдық толық суымай тұрып, азық-түлікті қойсаңыз, азық-түлік бұзылып кетуі мүмкін.
- Құрылғыны өшіріп, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз.



Пайдалануға қатысты ескертпелер
- Есік толық жабылмаса немесе жаз кезінде ылғалдылық жоғары болса, мұздың түзілуі мүмкін екендігін есте сақтауыңыз керек.
- Есіктің толық жабылуы үшін сөреде сақталған тағам мен есік арасында жеткілікті бос орын қалу керек.
- Есікті ұзақ уақытқа ашсаңыз, жабдықтың камераларында температураның артуына әкелуі мүмкін.
- Егер мұздату жабдығы ұзақ уақытқа бос қалса, жабдықтың іші көгеріп кетпеу үшін оны өшіріп, мұзын ерітіп, тазартып, құрғатыңыз және есігін ашық қалдырыңыз.
Есік ашық дабылы
Егер есігі 1 минут бойы ашық қалса немесе толық жабылмаса, 30 секунд сайын 3 рет дыбыстық сигнал береді.
ЕСКЕРТПЕ
- Дыбыс сигналы барлық есікті жапқаннан кейін де естілсе, LG Electronics тұтынушыларына арналған ақпараттық орталыққа хабарласыңыз.
Ақаулықты анықтау
Құрылғы пайдалану кезінде ақаулықтарды автоматты түрде анықтай алады.
ЕСКЕРТПЕ
- Ақаулық туындаса, құрылғы жұмыс істемейді және түйме басылғаннан кейін де қате коды көрсетіледі.
- Егер дисплейде қате коды көрсетілсе, қуатты өшірмеңіз. LG Electronics тұтынушыларына
арналған ақпараттық орталыққа дереу хабарласып, қате кодын айтыңыз. Егер қуатты өшіріп тастасаңыз, ақпараттық орталықтағы жөндеу жөніндегі техник маман мәселені анықтауда қиындыққа тап болады.
Қуат үнемдеуге қатысты ұсыныс
- Қуатты барынша тиімді пайдалану үшін есік сөрелерінің, тартпалардың және сөрелердің дұрыс жиналғанын тексеріңіз.
- Сақталған тағамдар арасында жеткілікті бос орын болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл ауаның тегіс айналуына мүмкіндік береді және электр энергиясын тұтыну шоттарын азайтады.
- Буланудың немесе қатып қалудың алдын алу үшін ыстық тағамды салқындатып барып салыңыз.
- Мұздатқыш ішінде тағамды сақтаған кезде, тоңазытқыш температурасын азықта көрсетілген температурадан төмен етіп орнатыңыз.
- Құрылғының температурасын қажетті температурадан төмен орнатпаңыз.
- Тағамды тоңазытқыштың температура датчигінің жанына қоймаңыз. Датчиктен кемінде 3 см қашықтық қалдырыңыз.
- Құрылғының техникалық сипаттамаларында рұқсат етілген ауқымда мұз ерітілген соң, температураны көтеру қажеттігін ескеріңіз. Температураның көтерілуіне байланысты тағамды сақтауға ықпалды азайтуды қаласаңыз, сақталған тағамды бірнеше қабатқа нығыздап салыңыз немесе ораңыз.
- Құрылғының автоматты мұздату жүйесі қалыпты жұмыс істеу режимінде оның сөрелеріне мұздың жиналмауын қамтамасыз етеді.
18 Пайдалану
Тағамдарды тиімді түрде сақтау
• Тамақ дұрыс температурада сақталмаса, қатып қалуы немесе бүлінуі мүмкін. Тоңазытқышты сақталатын тағам үшін дұрыс температураға орнатыңыз. - Мұздатылған тағамды немесе қатырылған тағамды жабық контейнерлерде сақтаңыз. - Тағамды құрылғыда сақтамас бұрын мерзімі аяқталу күні мен жапсырмасын (сақтау нұсқаулары) қараңыз. - Азық-түлік төмен температурада оңай бұзылатын болса, тағамды ұзақ уақыт сақтамаңыз. - Мұздатылмаған тағамды мұздатылған тағамға жанастырып қоймаңыз. Күнделікті мұздату жоспарланса, мұздатылатын мөлшерді азайту қажет болуы мүмкін. - Мұздатылған тағамды немесе қатырылған тағамды сатып алған соң дереу тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың ішіне салыңыз. - Шикі ет пен балықты тоңазытқыштағы үйлесімді камераларда олар басқа азық-түліктерге тимейтіндей немесе оларға ешнәрсе тамбайтындай етіп сақтаңыз. - Мұздатылған азық-түліктерді және басқа азық-түлік өнімдерін көкөністер тартпасының жоғарғы жағында сақтауға болады. - Толығымен еріп кеткен тағамды мұздатпаңыз. Толығымен еріген тағамды қайтадан мұздату оның дәмін және құнарлылығын төмендетеді. - Жабдыққа азық-түлікті толтырып салмаңыз. Жабдық қатты толып тұрса, суық ауа ішінде дұрыс айналмайды. - Сақтамас бұрын ыстық тағамды суытып алыңыз. Ішіне тым көп ыстық тағам қойылған болса, құрылғының ішкі температурасының артуы және құрылғыда сақталған басқа тағамдарға кері әсер етуі мүмкін. - Тағам үшін тым төмен температураны орнататын болсаңыз, ол қатып қалуы мүмкін. Бастапқы температурадан төмен температураны орнатпаңыз. - Егер құрылғыда мұздатқыш сөрелер болса, көкөністер мен жеміс-жидектерді су күйінше
сол сөрелерге салмаңыз, себебі олар төмен температурада үсіп кетуі мүмкін.
- Электр қуаты үзілген жағдайда, электр компаниясына қоңырау шалып, қуаттың қанша уақыт болмайтындығын сұраңыз.
- Қуат өшірулі кезде есікті көп аша беруге болмайды.
- Қуат қалыпты деңгейде берілген кезде, ішіндегі азық-түліктердің бұзылмағандығын тексеріңіз.
Максималды мұздату мүмкіндігі
- Балғын азық-түлікті мұздатқыш бөліміне салмас бұрын, Express Freeze функциясын 7 сағат қосып қою керек.
- Ауа айналымының жақсырақ нәтижесін алу үшін, жәшіктер мен сөрелер сияқты барлық ішкі бөліктерді орнына салыңыз.
- Құрылғының ең жоғарғы мұздату көлемі тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі техникалық жапсырмада көрсетілген.
- Максималды мұздату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, мұздатқыш температурасын ең суық температура параметріне орнатыңыз.
Азық-түлікті барынша көп мұздату
Көп мөлшердегі азық сақталуы керек болса, басқа барлық мұздатқыш тартпалары құрылғыдан алынуы керек және азық тікелей мұздатқыш бөліміндегі мұздатқыш сөрелеріне қойылуы тиіс.
- Тартпаларды алу үшін алдымен тартпалардағы азық-түлікті шығарыңыз, содан кейін тартпаларды абайлап тартып шығарыңыз. Әйтпесе, жарақат алып

қалуыңыз немесе тартпаларды зақымдауыңыз мүмкін.
- Әрбір тартпаның пішіні әртүрлі болуы мүмкін, әрқайсысын өз орнына қойыңыз.



Құрылғының беті немесе бөліктері үлгі түріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Сырты
*1 Осы мүмкіндік кейбір модельдерде ғана бар.

Бұл – жиі қолданылатын заттарды сақтауға арналған ыңғайлы орын.
② Қосымша есік тұтқасы*1
Қосымша есікті ашады.
③ InstaView қосымша есігі*1
InstaView қосымша есігіндегі бөлім жиі қолданылатын тағам түрлеріне оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

*1 Бұл мүмкіндік кейбір үлгілерде ғана бар.
Құрылғының ішіндегі ЖШД шамдары есік ашылған кезде жанады.
22 Пайдалану
Бұл датчик тоңазытқыш бөліміндегі температураны анықтайды.
- Температураның дәлме-дәл анықталуы үшін, датчик пен азық-түлік арасындағы қашықтық жеткілікті болуы керек.
③ Мұздатқыш сөресі
Ет, балық және балмұздақ сияқты мұздатылатын тағамдарды сақтауға арналған.
- Тағамды жылдам мұздату үшін оны жоғарғы сөренің сол жағына қойыңыз. Көбірек тағам сақтау қажет болса, оларды жоғарғы сөреден бастап ретімен қойыңыз. Аймақтағы тағам жылдам мұздайды.
④ Мұз генераторы*1
Бұл жерде мұз қолмен дайындалып, сақталады.
Узак уакыт бойы сакталуы тиіс тамакты сактауға арналған.
⑥ Муздаткыш есігіндегі себет
Мүздатылған тамақтың кіші пакеттерін сақтайды. Узак уакыт бойы сақталатын балмүздақ немесе тамақты сақтамаңыз.
⑦ Тоңазытқыш сөресі
Салкындатылған тағамдар мен балғын тағамдарды сақтайды.
- Ылғалдылығы қатты тағамдарды сөренің алдыңғы жағында сақтайды.
- Сөре биіктігін басқа биіктіктегі ойыққа енгізу арқылы баптауға болады.
- Сөрелердің нақты саны үлгісіне байланысты өзгеріп отырады.
⑧ Бөтелке сөресі*1
Контейнерлер мен биік бөтелкелерді бөтелке сөресінде сақтайды.
ECKEPTY
- Кыска бөтелкелерді немесе контейнерлерді сақтамаңыз. Заттар құлап, жаракаттануға немесе құрылғының закымдануына себеп болуы мүмкін.
⑨ Жеңіл тамақ тартпасы*1
Контейнерлер мен биік бөтелкелерді бөтелке сөресінде сақтайды.
⑩ Косымша есік бөлімі*1
Дүкендерде сусындар мен тағамдар сияқты жиі қолданылатын тамақ өнімдері.
⑪ Тоңазытқыш есігіндегі жәшік
Тоңазытылған тағамдар, сусындар мен тұздықтар контейнерлерінің кішкентай бумалары сақталатын орын.
⑫ Тоңазытқыш тартпасы
Жемістер мен көкөністерді мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы балғын күйде сақтау үшін сақтайды.
⑬ Жұмыртқа жәшігі*1
Жұмыртқаны сақтау үшін пайдаланылады.



- Оны мұз дайындайтын ұяшық ретінде пайдалануға немесе тоңазытқыштың жоғарғы жағындағы сөреге не көкөністерге арналған тартпаға қоюға болмайды.
⑭ Төменгі тартпа қақпағы
Бұл — төменгі тартпа қақпағы.
ЕСКЕРТУ
• Төменгі сөренің алдыңғы жағына ештеңе сақтамаңыз. Заттар құлап, жарақатқа немесе құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
⑮ Ауа сүзгісі*1
Тоңазытқыш бөлімдегі жағымсыз иісті жояды.
Басқару панелі
Эр үлгіде өзінің нақты басқару панелі бар.
Басқару панелі және функциялары
*1 Осы мүмкіндік кейбір модельдерде ғана бар.

1 °C және 7 °С аралығындағы қажетті температураны таңдау үшін осы түймені қайта-қайта басыңыз. - Тоңазытқыштың әдепкі температурасы – 3 °C.

- Нақты бастапқы температура тағам күйіне байланысты өзгеріп отырады, көрсетілген температура мақсатты температура болып табылады, ол құрал ішіндегі нақты температура емес.
② Мұздатқыш
-23 °C және -15 °C аралығындағы қажетті температураны таңдау үшін осы түймені қайта-қайта басыңыз.
- Мұздатқыштың әдепкі температурасы – -18 °C.
③ Wi-Fi*1
Бұл түйме құрылғыға үйдің Wi-Fi желісіне қосылуға мүмкіндік береді. LG ThinQ қолданбасын бастапқы орнату туралы ақпарат алу үшін «Смарт функциялар» бөлімін қараңыз.
④ Express Cool
Бұл функция көкөніс, жеміс және басқа өнімдер сияқты азық-түліктің үлкен мөлшерін жылдам салқындата алады.
- Бұл функция түймені әрбір басқан сайын қосылады және өшіріледі.
- Бұл функция белгілі бір мерзім өткен соң автоматты түрде тоқтайды.
⑤ Express Freeze
Бұл функция мұздың көп мөлшерін немесе қатқан тағамдарды жылдам мұздатуы мүмкін.
- Функцияны 20 сағатқа іске қосу үшін Express Freeze түймесін басыңыз. Функция 20 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
- Бұл функция түймені әрбір басқан сайын қосылады және өшіріледі.
- Бұл функция белгілі бір мерзім өткен соң автоматты түрде тоқтайды.
⑥ Lock
Құлыптау функциясы дисплейдегі басқа түймелерді өшіреді.
- Басқару панелінің түймелерін құлыптау үшін индикатор шамы жанып, функция іске қосылғанша, Lock түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
- Функцияны өшіру үшін индикатор шамы мен функция өшкенше, Lock түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- Көрсетілетін температура құрылғының ішіндегі нақты температура емес, мақсатты температура болып табылады.
- Құрылғы ішіндегі нақты температура келесі факторларға тәуелді: бөлме температурасы, тамақ мөлшері және құрылғы орналасқан жердегі есіктердің ашылу жиілігі. Осы факторларды есепке ала отырып, температураларды орнатыңыз.
- Қуатты үнемдеу үшін басқару панелі автоматты түрде өшіп қалады.
- Құрылғы энергияны үнемдеу режимінде болған кезде, дисплей есік ашылғанша немесе түйме басылғанша сөніп қалады. Қосылғаннан кейін дисплей 20 секунд бойы жанады.
- Тазалау кезінде басқару панеліне саусақ немесе дене тиіп кетсе, түйме функциясы жұмыс істеуі мүмкін.



- Бұл құрылғыда жерге тұйықтау қосылымы бар, ол тек дұрыс жұмыс істеуге ғана керек.
InstaView
Бұл мүмкіндік кейбір үлгілерде ғана бар.
InstaView есігін пайдалану
InstaView Door in Door функциясы тоңазытқыштың есігін ашпастан сусындар мен жеңіл тамақтар сияқты жиі қолданылатын тағамдардың қаншалықты қалғанын көруге мүмкіндік береді.

1. Door in Door жарық диодының шамын қосып, өшіру үшін әйнекті екі рет қағыңыз.
2. Он секундтан кейін жарық диодты шам автоматты түрде өшеді.
ЕСКЕРТУ
- Құрылғының негізгі есігін қосымша есігі ашық болғанда, ал қосымша есігін негізгі есік ашық болғанда ашпаңыз. Қосымша есік құрылғының жиегіне тиіп кетіп, зақымдалуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
- Мұздатқыштың сол немесе оң жақ есігі жабылғаннан кейін, InstaView Door in Door функциясы 2 секундқа өшеді және мұз
диспенсері қолданылып жатқан кезде, бірден өшеді.
- Әйнектің орталық аймағын қағыңыз. Әйнектің шеткі жақтарын қақсаңыз, InstaView Door in Door функциясы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
- Әйнекті дыбыс шығатындай қаттырақ қағыңыз.
- Тоңазытқыштың жанында қатты дыбыс шығатын болса, InstaView Door in Door функциясы іске қосылуы мүмкін.
- Шыны есікті құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Қатты дақтарды кетіру үшін, таза шүберекті жылы суға немесе шыны тазалағышқа әлсіз малыңыз. Шыны тазалағышты шыны есікке тіке бүркімеңіз.
Қосымша есік
Бұл мүмкіндік кейбір үлгілерде ғана бар.
Қосымша есікті пайдалану
Есіктің төменгі жағындағы тұтқаны есік ішіндегі есік ашылғанша жоғары тартыңыз. Қосымша есіктің ішіндегі және оның айналасындағы сөрелердегі орын жеткілікті, сондықтан тағамдарыңызды реттеп қоюға болады.

- Құрылғының негізгі есігін қосымша есігі ашық болғанда, ал қосымша есігін негізгі есік ашық болғанда ашпаңыз. Қосымша есік құрылғының жиегіне тиіп кетіп, зақымдалуы мүмкін.
Тартпа
ЕСКЕРТУ
- Тартпаларды шығармас бұрын, оның ішіндегілерін босатыңыз. Сондай-ақ оларды екі қолыңызбен шығарып, қайта орнына қойыңыз.
- Тартпаларды шығарып, оларды қайта орнатпас бұрын, тоңазытқыштың есіктері толықтай ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бұл мүмкіндік кейбір үлгілерде ғана бар. Иінтіректі екі бағытқа сырғыту арқылы көкөніс контейнері тартпасындағы ылғалдылықты басқаруға болады.
- Егер сол жаққа қарай жылжытылған болса, ауа бағыттауышы ашылады. Ылғалдылық деңгейін төмендету үшін ауа тартпа арқылы айналады.
- Егер оң жаққа жылжытылған болса, ауа бағыттауышы жабылып қалады және көкөністерге арналған контейнердегі ылғалдылықты сақтап тұрады.

1 Тартпаның ішіндегі нәрселерді алыңыз. Көкөністерге арналған тартпалардың тұтқасын ұстап тұрып, оларды толығымен сыртқа қарай ақырын тартыңыз.
2 Көкөніс тартпасын жоғары көтеріп, оны тартып шығарып алыңыз.

3 Тартпаны орнына алу процесін кері ретпен орындап салыңыз.
- Тартпаларды шығармас бұрын, оның ішіндегілерін босатыңыз. Сондай-ақ оларды екі қолыңызбен шығарып, қайта орнына қойыңыз.
- Тартпаларды шығарып, оларды қайта салмас бұрын, тоңазытқыштың есіктері толықтай ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Әйнектен жасалған сөрелер ауыр болады. Оларды алған кезде ерекше мұқият болыңыз.
- Әйнектен жасалған сөрелер суық болса, оларды жылы сумен тазалауға болмайды. Сөрелер температураның күрт өзгеруіне немесе соққыға байланысты сынып кетуі мүмкін.



Сөрені алу/қайта салу
1. Сөренің алдыңғы жағын жоғары қарай көтеріңкіреп, сөрені тік көтеріңіз. 2. Сөрені тартып шығарыңыз.

3. Оларды алу процесінің кері тәртібімен салыңыз.
- Әйнектен жасалған сөрелер ауыр болады. Оларды алған кезде ерекше мұқият болыңыз.
- Әйнектен жасалған сөрелер суық болса, оларды жылы сумен тазалауға болмайды. Сөрелер температураның күрт өзгеруіне немесе соққыға байланысты сынып кетуі мүмкін.
- Сөрелердің екі жағы бірдей деңгейде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл ережені сақтамау салдарынан сөрелер құлауы немесе тағам төгіліп-шашылуы мүмкін.
Мұз генераторы
Мұз дайындағышты пайдаланбас бұрын
⚠ АБАЙЛАҢЫЗ
- Мұз дайындағыштың немесе диспенсердің суға арналған багын тек ауыз суымен толтырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- Мұз дайындағышы құрылғы бастапқы орнатылған соң 48 сағаттай уақыт өткен соң мұзды қалыпты түрде өндіреді.
- Егер мұз сақтау науасына жартылай қатқан мұз түсіп қалса, барлық мұз текшелері бірігіп қалады. Мұздың дайындалуына -20 °C температурасында 4 сағат қажет болады.
- Мұздатқыштың есігі жиі ашылатын болса, мұздатқыш бөліміне жылы ауа кіреді. Мұздың қатуына көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.
- Сынып кетуі мүмкін болғандықтан мұз жасағышты күшпен тартпаңыз.
- Мұз сақтау себетінде мұзды қатырмаңыз. Ол себетті сындырып, жабдықтың зақымдалуына немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Мұз дайындағышты пайдалану
*1 Осы мүмкіндік кейбір модельдерде ғана бар.
А түріне жататын мұз дайындағыш*1
1 Мұзға арналған қалыпты тұтқасынан ұстап тұрып, тартыңыз.

2 Мұз жасалатын науаның белгіленген сызығына дейін ауыз суын толтырыңыз.




3 Мұз жасалатын науаны өз орнына абайлап қойыңыз.

4 Муз дайындағыштың тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

5 Муз сақталатын ұяшықты ақырын көтеріп, шығарып алыңыз.

В түріне жататын мұз дайындағыш *1
1 Муз жасалатын науаға ауыз суын толтырыңыз және оны мұздатқыш бөлімге қойыңыз.

2 Су қатқан соң, мұз жасалатын науаның екі жағынан ұстап, ақырындап төңкеріңіз.

ЕСКЕРТПЕ
- Муз дайындағышты немесе мұзды сақтау себетін пайдаланбайтын болсаңыз,
мұздатқыштың ішінде орын босату үшін оларды алып тастаңыз.
Есіктегі себет
Есіктегі себетті алу/қайта салу
1 Жәшіктің екі ұшын бірге ұстап тұрып, оны жоғары қарай тарту арқылы шығарып алыңыз.

2 Есіктегі себеттерді қалай шығарсаңыз, сол қадамдарды кері ретпен орындаңыз.



Бұл функция тек Wi-Fi желісі бар үлгілерде қолжетімді.
LG ThinQ қолданбасы смартфон арқылы құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді.
LG ThinQ қолданбасының функциялары
Ынғайлы смарт функцияларды пайдаланып, смартфоныңыз арқылы құрылғыңызды басқарыңыз.
Smart Diagnosis
- Құрылғыны пайдалану кезінде мәселе болса, бұл Smart Diagnosis мүмкіндігі сізге мәселені диагностикалауға көмектеседі.
Параметрлер
• Құрылғы мен қолданбада әртүрлі опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.
- Егер сымсыз роутеріңізді, интернет провайдеріңізді немесе құпия сөзді ауыстыратын болсаңыз, LG ThinQ қолданбасынан тіркелген құрылғыны жойып, оны жаңадан тіркеңіз.
- Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі мүмкін.
- Ерекшеліктері үлгісіне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
LG ThinQ қолданбасын пайдалану алдында
1 Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін) тексеріңіз.
- Жабдық пен сымсыз роутер арасы тым алыс болса, сигнал беру деңгейі әлсірейді. Тіркеуге көп уақыт кетуі мүмкін немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.
2 Смартфоныңыздағы Мобильді интернет немесе ұялы деректер функциясын өшіріңіз.

3 Смартфоныңызды сымсыз роутерге қосыңыз.

- Wi-Fi байланысын тексеру үшін басқару панеліндегі Wi-Fi индикаторы жанып тұрғанын тексеріңіз.
- Құрылғы 2,4 ГГц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
- LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.
- Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
- Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап кетуі мүмкін.
- Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.


- Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметін баяулатуы мүмкін.
- Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын бір минуттай күтіңіз.
- Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай ретінде қосыңыз.
- Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
- Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орната алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және өнімді қайтадан тіркеңіз.
LG ThinQ қолданбасын орнату
Google Play & Apple App дүкенінен смартфон арқылы LG ThinQ қолданбасын табыңыз. Жүктеу үшін нұсқауларды орындап, қолданбаны орнатыңыз.
Wi-Fi желісіне қосылу
Wi-Fi түймесін LG ThinQ қолданбасымен пайдаланғанда, құрылғыны үйдегі Wi-Fi желісіне қосу мүмкін болады. Wi-Fi көрсеткіші құрылғының желілік байланыс күйін көрсетеді. Wi-Fi көрсеткіші құрылғы Wi-Fi желісіне қосылған кезде жанады.
• Куралды алғаш рет тіркеу: Куралды тіркеу үшін, LG ThinQ бағдарламасын іске қосып, ішіндегі нұсқауларды орындаңыз. - Куралды қайта тіркеу немесе басқа пайдаланушыны тіркеу
Уақытша өшіру үшін, Wi-Fi түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Құралды тіркеу үшін, LG ThinQ бағдарламасын іске қосып, қолданбада берілген нұсқауларды орындаңыз.
- Wi-Fi функциясын өшіру үшін Wi-Fi түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз. Wi-Fi көрсеткіші өшеді.
Сымсыз LAN модулінің сипаттамалары
| Улгі LCW-004 | |
| Жилік диапазоны | 2412-2472 МГц |
| Шығыс куаты (Макс.) | IEEE 802.11 b: 17.82 dBm |
| IEEE 802.11 g: 17.72 dBm | |
| IEEE 802.11 n: 16.61 dBm | |
Сымсыз функцияның нұсқасы: V 1.0
Пайдаланушының назарына: бұл құрылғы құрылғы мен дене арасындағы минималды 20 см қашықтықта орнатылып, пайдаланылуы керек.
Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал ескертуі туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа да бастапқы коды ашық лицензиялардағы бастапқы кодты алу үшін https://opensource.lge.com веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті лицензиялардың шарттарын, кепілдік міндеттерінен бас тарту құжаттарын және авторлық құқық туралы мәліметтерін алуға болады.
LG Electronics компаниясы сізге CD-ROM дискісінде ашық бастапқы кодты ақылы түрде береді. Қызмет ақысына opensource@lge.com мекенжайына электрондық хатпен сұрау
жіберілгеннен кейін мұндай үлестіруді орындау құны (мысалы, тасығыш, жеткізу және өңдеу құны) жатады. Бұл ұсыныс осы өнімді соңғы рет жібергеннен кейін үш жыл ішінде жарамды болады. Ұсыныс осы ақпаратты алған әр тұлға үшін жарамды болып келеді.
Smart Diagnosis
Бұл мүмкіндік тек ⚫ немесе ⚫ логотипі бар үлгілерде қолжетімді.
Бұл функция құрылғыға қатысты мәселелерді табу және шешу үшін қолданылады.
- LGE-ге байланысты емес себептер бойынша қызмет сыртқы факторларға байланысты жұмыс істемеуі мүмкін, мысалы, Wi-Fi қол жетімсіздігі, Wi-Fi қосылымының істен шығуы, қолданылған қолданбаларды сақтау саясаты немесе қосымшаның қол жетімді еместігі.
- Бұл мүмкіндік алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін және қайда орналасқаныңызға байланысты басқа түрде болуы мүмкін.
LG ThinQ қолданбасын ақаулықтарды диагностикалау үшін пайдалану
Wi-Fi жабдықталған құрылғыңызда мәселе орын алса, ол LG ThinQ қолданбасын пайдаланып ақаулықтарды жою туралы деректерді смартфонға тасымалдай алады.
- LG ThinQ қолданбасын іске қосып, мәзірде Smart Diagnosis мүмкіндігін таңдаңыз. LG ThinQ қолданбасында қамтамасыз етілетін нұсқауларды орындаңыз.
Мәселелерді диагностикалау үшін дыбыстық диагностикалауды пайдалану
Дыбыстық диагностикалау әдісін пайдалану үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
- LG ThinQ қолданбасын іске қосып, мәзірде Smart Diagnosis мүмкіндігін таңдаңыз. LG ThinQ қолданбасында дыбыстық диагностика үшін нұсқауларды орындаңыз.
1 Lock түймесін басып, құлыптау функциясын белсендіріңіз.
• Дисплей 5 минуттан ұзақ құлыптаулы тұрса, құлыпты алдымен өшіріп, содан кейін қайта белсендіруіңіз қажет.
2 Тоңазытқыш есігін ашыңыз да, телефонды жоғарғы оң жақ динамик саңылауына ұстап тұрыңыз.

3 Деректерді тасымалдау аяқталғанша, телефонды дыбыс шығарғыш жанында ұстап тұрып, Freezer түймесін үш секунд бойы немесе ұзағырақ басып тұрыңыз.
4 Деректерді тасымалдау аяқталғаннан кейін диагноз қолданбада көрсетіледі.
- Ең жақсы нәтижелер алу үшін үндер тасымалданып жатқанда телефонды жылжытпаңыз.



Жалпы тазалау бойынша кеңестер
- Азық-түлік мұздатқышта сақталып жатқанда қолмен жылыту, техникалық қызмет көрсету немесе тазалау салдарынан азық-түлік температурасы көтеріліп, сақталу мерзімі қысқарады.
- Азық-түлікке тиіп кетуі мүмкін беттерді тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
- Жабдықтың ішін не сыртын қатты қылшақпен, тіс қылшағымен немесе тұтанғыш материалдармен тазаламаңыз. Құрамында тұтанғыш заттар бар тазалау құралдарын пайдалануға болмайды. Бұл жабдықтың түссізденуіне әкелуі мүмкін немесе оны зақымдауы мүмкін.
- Тұтанғыш заттар: спирт (этанол, метанол, изопропил спирті, изобутил спирті, және т.б.), сұйылтқыш, ағартқыш, бензол, тұтанғыш сұйықтық, қажағыш материал және т.б.
• Тазалап болғаннан кейін қуат сымының зақымдалмағанын тексеріңіз.
Сыртын тазалау
- Құрылғының сыртқы ауа желдеткіштерін шаңсорғышпен тазалаған кезде, электрондық бөліктеріне зақым келтіретін немесе электр тоғы соғу қаупін туғызатын статикалық зарядтың алдын алу үшін қуат сымын тоқтан ажырату керек. Құрылғының сенімді және үнемді жұмыс істеу күйін сақтау үшін артқы және бүйірлік желдету жабындарын жүйелі түрде тазалап тұру ұсынылады.
- Жабдықтың сыртқы жағындағы ауа желдеткіштерін таза ұстаңыз. Ауа желдеткіштері бұғатталуы нәтижесінде өрттің шығуына немесе жабдықтың зақымдалуына әкеледі.
- Жабдықтың сырт жағы үшін таза губка немесе жұмсақ шүберек пен жылы судағы жұмсақ химиялық тазартқыш құралды
пайдаланыңыз. Жыратын немесе өткір тазартқыштарды пайдаланбаңыз. Жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатып сүртіңіз. Тот баспайтын болаттан жасалған есіктерді тазалаған кезде лас шүберектерді пайдаланбаңыз. Арнайы шүберекті пайдаланып, сол бағытта текстурасы бойынша сүртіңіз. Бұл беттегі ластанулар мен түссізденулерді азайтуға көмектеседі.
Ішін тазалау
- Құрылғының ішінен сөрені немесе тартпаны алған кезде, жарақаттанудың немесе құрылғыны зақымдаудың алдын алу үшін, сөреден немесе тартпадан барлық сақталған тағамдарды алыңыз. Әйтпесе, сақталған тағамдардың салмағына байланысты жарақат алуыңыз мүмкін.
- Сөрелері мен тартпаларын шығарып алып, оларды сумен тазалаңыз да, қайта салмас бұрын мұқият кептіріп алыңыз.
- Есік тығыздауыштарын күнделікті ылғал жұмсақ сүлгімен сүртіп тұрыңыз.
- Есік жәшіктеріндегі төгілген заттар мен іздерді тазалап тұру керек, себебі олар жәшіктің сақтау мүмкіндігін нашарлатады және тіпті зақымдауы да мүмкін.
- Сөрелерді немесе контейнерлерді ешқашан ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл бөлшектер жоғары температураның әсерінен деформациялануы мүмкін.
- Құрылғының автоматты мұздату жүйесі қалыпты жұмыс істеу режимінде оның бөліміне мұздың жиналмауын қамтамасыз етеді. Оның мұзын пайдаланушының ерітуі қажет емес.
Конденсатордың қақпағын тазалау
Конденсатордың қақпағын және желдету саңылауларын шаңсорғышпен және щеткамен тазалаңыз. Конденсатордың ирек түтігін жауып тұрған панельді алмаңыз.
Құрылғы тиімді жұмыс істеуі үшін оны 12 ай сайын жасап тұру керек.

3 Иіс кетіргіштегі ілмектерді басып, шығарып алыңыз.

Иіс кетіргішті қайта пайдалану
Иіс кетіргіштегі іністі кетіріп, қайта пайдалануға болады.
1 Жоғарғы тоңазытқыш тартпасын тартып шығарыңыз.

4 Иіс кетіргішті фенмен немесе күн көзінде кептіріңіз.
- Табиғи пальма ағашының ұнтағы иіс кетіргіштің иісті кетіру қабілетін арттырады. Шөгінді пайда болса да, оның зияны жоқ. Оны сүлгімен немесе шүберекпен сүртіп алыңыз.

2 Иіс кетіргіштегі бұранданы бұрап алыңыз.

Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын
Салкындату
| Белгілер | Ыкțтимал себебі мен шешімі |
| Тоңазыту немесе мүздату әрекеті орындалмауда. | Электр қуатының іркілісі орын алды ма?• Басқа құрылғылардың қуатын тексеріңіз. |
| Басқа құрылғылардың, қуатын тексеріңіз.• Куат ашасын розеткаға дұрыс тығыңыз. | |
| Үйіңіздегі сақтандырғыш қүйіп кеткен немесе автоматты ажыратқыш іске қосылған болуы мүмкін. Немесе құрылғы GFCI (жерге қыска түйықталу ажыратқышы, Ground Fault Circuit Interrupter) розеткасына қосылып, розетканың, автоматты ажыратқышы іске қосылған.• Негізгі электр қалқанын тексеріп, сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе ажыратқышты бастапқы қүйге қайтарыңыз. Сақтандырғыш сыйымдылығын арттырмаңыз. Ақаулық тізбектің шамадан тыс жуктелуіне байланысты болса, оны білікті электршіге жөндетіңіз.• GFCI құрылғысындағы автоматты ажыратқышты бастапқы қүйіне қайтарыңыз. Ақаулық түзетілмесе, электршіге хабарласыңыз. | |
| Белгілер | ЫКТИМАЛ СЕБЕБІ МЕН ШЕШІМІ |
| Тоңазыту немесе мүздату әрекеті нашар. | Тоңазытқыш немесе мүздатқыш температурасы ең жылы деңгейге орнатылған ба?• Тоңазытқыш немесе мүздатқыш температурасын суығырақ параметрге орнатыңыз. |
| Құрылғы пісіретін пеш немесе жылытқыш сияқты жылу шығаратын заттың жанында немесе тікелей күн сәулесінен әсерге ұшырай ма?• Орнату аймағын тексеріңіз және оны жылу бөлетін заттардан әрі қойыңыз. | |
| Сіз ыстық тамақ өнімдерін тоңазытқышқа алдын ала салқындатусыз салдыңыз ба?• Тоңазытқышқа немесе мүздатқышқа салмас бұрын, алдымен ыстық тағамды салқындатып алыңыз. | |
| Тым көп тағам салдыңыз ба?• Тағам арасында сәйкес бос орынды қалдырыңыз. | |
| Құрылғының есіктері толығымен жабылған ба?• Есігін мықтап жауып, сақталған тағамның есіkke кедергі келтіріп түрмағанын тексеріңіз. | |
| Құрылғының айналасында бос орын жеткілікті ме?• Құрылғының айналасында жеткілікті орын қалдыру үшін орнатылған орнын ауыстырыңыз. | |
| Құрылғының ішінде жағымсыз иіс бар. | Тоңазытқыш немесе мүздатқыш температурасы «жылы» деңгейіне орнатылған ба?• Тоңазытқыш немесе мүздатқыш температурасын суығырақ параметрге орнатыңыз. |
| Иісі қатты шығатын тағамды салдыңыз ба?• Қатты иіс шығаратын азық-түліктерді жабық контейнерлерде сақтаңыз. | |
| Тартпадағы көкөністер немесе жеміс бүлінген.• Ескіріп кеткен көкөністерді тастан, көкөністер тартпасын тазалап қойыңыз. Көкөністер тартпасында көкөністерді ұзақ уақыт бойы сақтамаңыз. |



Конденсат және қырау
| Белгілер | ЫКТимал себебі мен шешімі |
| Құрылғының ішінде немесе көкөністер тарпасы қақпағының, төменгі жағында конденсация бар. | Сіз ыстық тамақ өнімдерін тоңазытқышқа алдын ала салқындатусыз салдыңыз ба?ыстық тағамды тоңазытқыш немесе мүздатқыш ішіне салмас бұрын алдымен суытып алыңыз. |
| Құрылғы есігін ашық қалдырдыңыз ба?Құрылғы есігі жабылған соң конденсация да жоғалса да оны құрғақ шүберекпен сүртіп алуға болады. | |
| Құрылғы есігін тым жиі ашып-жабасыз ба?Сырттағы температураның өзгешелігіне байланысты конденсация түзілуі мүмкін. Дымқыл жерді құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз. | |
| Контейнерге салмай ішіне жылы немесе ылғал тағам салдыңыз ба?Тағамды қапталған немесе тығыздалған контейнерде сақтаңыз. | |
| Тоңазытқышта мүз қатып қалған. | Есіктерінің, дұрыс жабылмаған болуы мүмкін.Құрылғының ішкі жағындағы тағамдардың есіkke тіреліп тұрмағанын және есіктің мықтап жабылғанын тексеріңіз. |
| Сіз ыстық тамақ өнімдерін тоңазытқышқа алдын ала салқындатусыз салдыңыз ба?Тоңазытқышқа немесе мүздатқышқа салмас бұрын, алдымен ыстық тағамды салқындатып алыңыз. | |
| Мүздатқыштың ауа кірісі немесе шығысы бітелген бе?Ауа ішінде айнала алатындай ауа кіретін немесе шығатын жерлері бітелмегенін тексеріңіз. | |
| Мүздатқыш шамадан тыс толтырылған ба?Бөліктері арасында сәйкес бос орынды қалдырыңыз. | |
| Қату немесе конденсация құрылғының, ішінде немесе сыртында түзіледі. | Құрылғы есігін жиі ашып-жабасыз ба немесе құрылғы есігі дұрыс жабылмаған ба?Сырттағы ауа жабдықтың ішіне кірген жағдайда қырау немесе конденсат түзілуі мүмкін. |
| Орнататын орын ылғал ма?Орнату аймағы тым ылғал болса немесе жаңбырлы күн сияқты ылғал күн туындаса, құрылғының сыртқы жағында конденсация пайда болуы мүмкін. Кез келген ылғалды құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз. |



| Белгілер | Ыкțимал себебі мен шешімі |
| Құрылғының бүйірі немесе алдыңғы жағы жылы. | Есік аймағы айналасынан конденсацияның түзілуін азайту үшін құрылғының, осы аймақтарында конденсацияға қарсы түтіктер болады.Конденсация түзілуінің алдын алу үшін жылуды шығару түтігі құрылғының алдыңғы жағына және бүйіріне орнатылады. Жаз кезінде немесе құрылғы орнатылған соң оның өте ыстық болып сезілуі мүмкін. Бұл ақаулық еместігіне және қалыпыты жұмысы екендігіне сенімді болуыңызға болады. |
| Құрылғының ішінде немесе сыртында су бар. | Құрылғының айналасына су аққан ба?Судың шұңғылшадан немесе басқа орыннан ағып кеткенін тексеріңіз. |
| Құрылғының төменгі жағында су бар ма?Судың қатқан еріген тағамнан немесе сынған не төгілген контейнерден ағатының тексеріңіз. |
Бөлшектер мен функциялар
| Белгілер | ЫКТимал себебі мен шешімі |
| Құрылғы есігі мықтап жабылмаған. | Құрылғы алға еңкейіп түр ма?Құрылғының бет жағын сәл көтеру үшін алдыңғы аяғын ретке келтіріңіз. |
| Сөрелер дұрыс қойылған ба?Қажет болса, сөрелерін қайта салыңыз. | |
| Есікті қатты қушпен жаптыңыз ба?Есікті жапқан кезде тым көп қуш немесе жылдамдық қолданатын болсаңыз, жаппас бұрын ол аз уақытқа ашық қалуы мүмкін. Жабқанда есікті тарсылдатпаңыз. Есікті жаймен жабыңыз. | |
| Құрылғы есігін ашу қиын. | Оны жапқан бойда қайтадан есікті аштыңыз ба?Оны жапқан бойда 1 минут ішінде құрылғы есігін ашуға әрекет жасасаңыз, құрылғының ішкі жағындағы қысымға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Құрылғы есігін ішкі қысым тұрақтандырылған соң, бірнеше минуттан кейін ашып көріңіз. |
| Құрылғының ішіндегі шам қосылмайды. | Шам ақаулығыЕсікті жауып, қайта ашыңыз. Егер шам жанбаса, LG Electronics тұтынушыларға арналған ақпараттық өрталығына хабарласыңыз. Шамды өз бетіңізбен шығаруға тырыспаңыз. |



| Белгілер | Ыкْтимал себебі мен шешімі |
| Құрылғы шулы және қалыпсыз дыбыстарды шығарады. | Құрылғы әлсіз еденге орнатылған ба немесе деңгейі дұрыс реттелмеген бе?Құрылғыны мықты және тегіс еденге орнатыңыз. |
| Құрылғының артқы жағы қабырғаға тиіп түр ма?Құрылғының айналасында жеткілікті бос орынның болуы үшін орнату қалпын реттеңіз. | |
| Құрылғының артында қандай да бір заттар бар ма?Құрылғының артқы жағына шашылып қалған заттарды жинап алыңыз. | |
| Құрылғының жоғарғы жағына зат қойылған ба?Құрылғының жоғарғы жағындағы затты алыңыз. | |
| Тырс ету шулары | Автоматты мұзын еріту айналымы басталған және аяқталған кезде мұзын ерітуді басқару қосылады. Термо реттегіш (немесе кейбір үлгілердегі құрылғыны реттегіш) те айналым қосылған және өшірілген кезде сырт еткен дыбыс шығарады.Қалыпты жұмысы |
| Тырсылдаған шулар | Тырсылдаған дыбыстардың, салқындатқыш ағынынан, құрылғының артындағы су жолынан (тек тазартқыш бар үлгілерде) немесе құрылғының, айналасында немесе жоғарғы жағына қойылған заттардан туындауы мүмкін.Қалыпты жұмысы |
| Құрылғы еденде тегіс түрған жок.Қалыпты жұмысы. Еден әлсіз не тегіс емес немесе теңестіру аяқтарын түзету қажет. "Есікті теңестіру" бөлімін қараңыз. | |
| Пайдаланған кезде сызықтық компрессор бар құрылғы жылжытылған.Қалыпты жұмысы. Компрессор 3 минуттан кейін тырсылдағанын токтатпайтын болса, құрылғыны токтан ажыратып, қайта қосыңыз. | |
| Гуілдеген шулар | Мотордың булағыш желдеткіші тоңазытқыш пен мүздатқыш бөліктері бойымен ауаны айналдырады.Қалыпты жұмысы |
| Конденсатор желдеткіші арқылы конденсатор үстінде ауа басып түр.Қалыпты жұмысы | |
| Сылдырлаған дыбыстар | Салқындату жүйесінен ағатын салқындатқыш.Қалыпты жұмысы |
| Белгілер | Ыкțимал себебі мен шешімі |
| Тарсылдаған шулар | Температурадағы өзгерістерге байланысты ішкі қабырғаларында нығыздалу және кеңейту орын алуы мүмкін.Қалыпты жұмысы |
| Дірілдеу | Құрылғының бүйірі немесе артқы жағы шкафқа немесе қабырғаға тиіп түрса, қалыпты дірілдеулердің, кейбірі естілетін дыбыс шығаруы мүмкін.Шуды азайту үшін бүйірлері мен артқы жағын қабырғаға немесе шкафқа тигізіп қоймаңыз. |
Wi-Fi
| Белгілер | Ыкțтимал себебі мен шешімі |
| Түрмыстық жабдығыңыз бен смартфоныңыз Wi-Fi желісіне қосылмаған. | Wi-Fi желісіне қосылу үшін пайдаланып жатқан қупиясөзіңіз дұрыс емес.Смартфоныңызға қосылған Wi-Fi желісін тауып, жойыңыз да, жабдығыңызды LG ThinQ қолданбасына қайта тіркеңіз. |
| Смартфоныңыздың мобильді деректері қосулы.Смартфонның Мобильді интернет функциясын өшіріңіз де, жабдықты Wi-Fi желісі арқылы қайта тіркеңіз. | |
| Сымсыз желі атауы (SSID) қате орнатылды.Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әрінтері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз) | |
| Роутердің жиілігі 2,4 ГГц емес.Жиілігі 2,4 ГГц болатын роутерге ғана қолдау көрсетіледі. Сымсыз роутер жиілігін 2,4 ГГц мәніне орнатып, жабдықты сымсыз роутерге қосыңыз. Роутер жиілігін тексеру үшін, интернет провайдеріне немесе роутер өндірушісіне хабарласыңыз. | |
| Жабдық пен роутердің арасы тым алыс.Жабдық пен роутердің арасы тым алыс болса, сигнал әлсіз болып, байланыс дұрыс конфигурацияланбауы мүмкін. Роутерді жабдыққа жақын орналастырыңыз. |



| Информация | Вы можете увидеть месяц и год изготовления на этикетке внутри холодильника. |
| Мэлімет | Дайындалған күні тоңазытқыштың ішінде орналасқан жапсырмада көрсетілген. |
