HAIER HOQ-K4AAN3WB - Пешка

HOQ-K4AAN3WB - Пешка HAIER - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HOQ-K4AAN3WB HAIER PDF форматында.

📄 105 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice HAIER HOQ-K4AAN3WB - page 55
Нұсқаулықты қарау : Қазақша KK Русский RU
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Бұйым түрі Кіріктірілген электрлік пеш
Модель HOQ-K4AAN3WB
Бренд Haier
Өлшемдері (Е x Б x Т) 595 x 595 x 550 мм
Салмағы шамамен 40 кг
Энергия тұтынуы 230 В, 50 Гц, 3.5 кВт
Көлемі 72 литр
Қыздыру функциялары Жоғарғы/төменгі қыздыру, гриль, конвекция
Қосымша функциялар Жібіту, термощуп, жылдам қыздыру
Бақылау Сенсорлық + айналмалы ауыстырғыштар
Дисплей Сандық, LED жарығы
Тазалау Пиролитикалық (жоғары температурада өздігінен тазалау)
Қауіпсіздік Қорғаныстық ажырату, балалардан құлыптау, суық есік
Керек-жарақтар жиынтығы Пісіру табағы, тор, телескопиялық бағыттағыштар
Энергия класы A+
Кепілдік 2 жыл
Өндіріс елі Қытай
Бөлшектердің қолжетімділігі Haier сервис орталықтары арқылы

Жиі қойылатын сұрақтар - HOQ-K4AAN3WB HAIER

Haier HOQ-K4AAN3WB пешінің уақытын қалай орнатуға болады?
Уақытты орнату үшін Сағат түймесін басыңыз, содан кейін сағат пен минуттарды орнату үшін айналмалы ауыстырғыштарды пайдаланыңыз. OK түймесімен растаңыз.
Пеш қосылмаса не істеу керек?
Электр желісіне қосылуды тексеріңіз, есіктің жабық екеніне және балалардан құлыптаудың өшірілгеніне көз жеткізіңіз (Lock түймесі). Мәселе шешілмесе, сервис орталығына хабарласыңыз.
Пиролитикалық тазалауды қалай пайдалануға болады?
Пиролиз режимін таңдаңыз, температура 500°C дейін көтеріледі, барлық ластанулар күлге айналады. Салқындағаннан кейін қабырғаларды дымқыл шүберекпен сүрту жеткілікті.
Пеш неге біркелкі қызбайды?
Конвекция желдеткішінің жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Пешті шамадан тыс толтырмаңыз, біркелкі жылыту үшін Конвекция режимін пайдаланыңыз. Температураны калибрлеу қажет болуы мүмкін (нұсқаулықты қараңыз).
Пеште фольганы қолдануға бола ма?
Иә, бірақ желдетуге кедергі келтірмеу үшін фольганы пештің түбіне салмаңыз. Оны өнімдерді жабу үшін пайдаланыңыз, қыздыру элементтерінен қашықтықты сақтаңыз.
Жарық шамды қалай ауыстыруға болады?
Қуатты ажыратыңыз, пеш ішіндегі шыны қақпақты алып тастаңыз, шамды дәл солайсына ауыстырыңыз (әдетте G9, 25 Вт, ыстыққа төзімді). Қақпақты орнына қойыңыз.
E2 қате коды нені білдіреді?
E2 коды температура датчигінің ақаулығын көрсетеді. Пешті 5 минутқа желіден ажыратып, қайта іске қосуға тырысыңыз. Қате қайталанса, маманды шақырыңыз.
Термощупты қалай дұрыс пайдалануға болады?
Щупты етке енгізіңіз, қосқышқа жалғаңыз. Щупты пайдаланатын бағдарламаны таңдаңыз. Пеш өнім ішіндегі белгіленген температураға жеткенде автоматты түрде өшеді.
Құрылғының сериялық нөмірін қайдан табуға болады?
Сериялық нөмір пештің артқы жағындағы тақтайшада немесе есік ойығында көрсетілген. Ол сервис орталығына хабарласқанда қажет.
Пешке қандай кепілдік және оны қалай ұзартуға болады?
Стандартты кепілдік 2 жыл құрайды. Ұзарту үшін сатып алғаннан кейін 30 күн ішінде Haier сайтында тіркеліңіз. Кепілдік механикалық зақымдарға қолданылмайды.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HOQ-K4AAN3WB HAIER

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Пешка PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HOQ-K4AAN3WB - HAIER және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HOQ-K4AAN3WB брендінің HAIER.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HOQ-K4AAN3WB HAIER

Пайдаланушы нұсқаулығы

Модель / Үлгісі:

HOQ-K4AAN3GB

HOQ-K4AAN3BX

HOQ-K4AAN3WB

HOQ-K4AAN3GG

HAIER HOQ-K4AAN3WB - 1

Haier құрылғысын пайдаланар алдында осы нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.

МАЗМҰНЫ

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ .....1

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ .....1

БІРІНШІ ПАЙДАЛАНУ .....13

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ .....15

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

Осы тұмшапеш күнделікті тамақ дайындау кезінде қауіпсіз жұмыс істеу үшін мұқият жобаланған. Оны пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік техникасы жөніндегі ұсыныстарды сақтаңыз:

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ - 1

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Электр тогымен зақымдану қаупі

Шамды ауыстыру алдында, түмшапешті өшіріп, суытып алыңыз.

Бұл ұсынысты сақтамау электр тогының соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 2

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Кесу қаупі

Абайлаңыз, құрылғының өткір жиектері бар.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау кесуге немесе басқа жарақаттарға әкелуі мүмкін.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 2

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Тұтану қаупі

Пісіру кезінде алюминий фольганы, ыдыстарды, науаларды, суды немесе мұзды пештің түбіне қоймаңыз - бұл эмальға тұрақты зақым келтіреді. Пештің ішкі қабырғаларын алюминий фольгамен жабу өртке әкелуі мүмкін.

Құрылғыңызды бөлмені қыздыру немесе жылыту үшін пайдаланбаңыз.

Бұл күйіп қалуға немесе өртке әкеп соқтыруы мүмкін.

Құрылғының ішінде немесе оның бетінде сақтау: пештің ішінде немесе оның бетінде тез тұтанғыш материалдарды сақтауға тыйым салынады.

Бұл ұсыныстарды сақтамау қызып кетуге, күйікке және жарақатқа әкелуі мүмкін.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 2

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Ыстық бет

Жұмыс кезінде ашық бөліктер қатты қызып кетуі мүмкін.

Күйіп қалмау үшін, балалардың түмшапешке жақындауына жол бермеңіз.

Түмшапештің сөрелері немесе ыдыс сияқты ыстық

беттермен жұмыс істегенде, қолғап, тұтқыштар немесе басқа қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.

Түмшапештің есіктерін ашқанда, абай болыңыз.

Тағамды алып шығар алдында немесе ауыстырар алдында, ыстық ауаны немесе буды шығарыңыз.

Қыздыру элементтеріне немесе ішкі беттерге қол тигізбеңіз.

Қыздырғыш элементтердің түстері қошқыл болып тұрса да, ыстық болуы мүмкін. Түмшапештің ішкі беттерінің қатты қызғаны соншалық, күйіп қалуға болады.

Түмшапешті пайдалану кезінде және одан кейін де,

түмшапеш толық суығанға дейін киімнің немесе басқа жанғыш материалдардың қыздыру элементтерімен немесе түмшапештің ішкі беттеріне жанасуына жол бермеңіз және қол тигізбеңіз.

Құрылғының басқа беттері де қатты қызып, күйік тудыруы мүмкін. Сондай-ақ түмшапештің желдеткіш тесіктері,

желдеткіш тесіктер жанындағы беттер мен түмшапештің есігі де қатты қызуы мүмкін.

Осы ұсыныстарды орындамау күйікке және ыстық будың шарпуынан күйіп қалуға әкелуі мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Түмшапешті пайдалану кезінде өрт, электр тогынан зақымдану, персоналдың жарақаттануы немесе мүліктің зақымдану қаупін азайту үшін, төменде келтірілген маңызды қауіпсіздік нұсқауларын орындау керек:

Түмшапешті пайдаланар алдында, барлық нұсқаулықтарды толық оқып шығыңыз. Түмшапешті осы нұсқаулыққа сәйкес нысанды мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.

Дұрыс орнату: құрылғыны тиісті дәрежеде білікті маман орнатуы және жерге қосуы керек.

▶ Ажыратқыш: түмшапеш куат көзінен толық ажыратуды қамтамасыз ететін ажыратқышы бар желіге қосылуы керек.

Тұрмыстық техника балалар ойынына арналмаған.

Балаларды түмшапештің жанында қараусыз қалдырмаңыз. Құрылғы жұмыс істеп тұрған үй-жайда балаларды жалғыз немесе қараусыз қалдыруға болмайды. Балаларға құрылғының кез-келген бөлігінде отыруға немесе тұруға рұқсат бермеңіз.

Егер үнемі бақылауда болмаса, 8 жасқа дейінгі балаларды құрылғыға жолатпаңыз. Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдар қолдана алады, егер олар бақылауда болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы ескертілсе және онымен байланысты қауіптерді түсінсе. Балаларға құрылғыны ересектердің қатысуынсыз тазалауға және қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Түмшапештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.

Ыңғайлы киім киіңіз. Құрылғыны пайдаланған кезде тым кең киім немесе салпандап тұрған элементтері бар киім киюге болмайды. Олар ыстық элементтерге немесе беттерге тиген кезде өртеніп кетуі немесе еруі мүмкін, бұл күйік тудыруы мүмкін.

Пайдаланушылық қызмет көрсету: нұсқаулықта тиісті нұсқаулар жоқ құрылғының кез келген бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды. Кез келген басқа техникалық қызмет көрсетуді білікті техник орындауы керек.

▶ Тутанған майды немесе тоң майды сумен сөндіруге тырыспаңыз. Өртті сөндіру үшін, құрғақ химиялық немесе көбікті өртсөндіргішті пайдаланыңыз.

Тек құрғақ қолғаптарды немесе қапсырғыштарды пайдаланыңыз. Ылғал қолғаптарды ыстық беттерге тигізу бумен күйіп қалуға әкелуі мүмкін. Тұтқыштардың ыстық аумақтарға немесе қыздыру элементтеріне тиіп кетпейтініне көз жеткізіңіз. Тұтану қаупіне байланысты сүлгіні немесе көлемді шүберекті тұтқыш ретінде пайдаланбаңыз.

▶ Түмшапеште ішіне тамақ өнімдері салынған жабық контейнерлерді қыздырмаңыз. Контейнердегі қысым контейнердің қас қағымда бұзылуына және жарақатқа әкелуі мүмкін.

Азық-түлікпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік: тағамды түмшапешке тікелей салып, пісіргеннен кейін бірден алыңыз. Бұл тамақтан улануды тудыруы мүмкін бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін қажет. Әсіресе, жылы ауа-райында абай болыңыз.

Пештің желдеткіштерін әрқашан ашық ұстаңыз. Сыртқы таймері немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі бар құрылғыны пайдаланбаңыз. Назар аударыңыз: түмшапешті салқындату кезінде ыстық ауа оның жоғарғы жағындағы желдеткіштен шығуы мүмкін. Сөрелерді орналастыру: сөрелерді тек салқындатылған пешке орнатыңыз (алдын ала қыздырылғанға дейін). Егер түмшапеш ыстық болған кезде торды алып тастау керек болса, тұтқыштардың ыстық қыздыру элементтерімен жанасуына жол бермеңіз. Түмшапештің нығыздауыштарын түмшапештерді тазалауға арналған заттардың көмегімен тазаламаңыз және жумаңыз. Бұл түмшапештің тиімді жұмысына кепілдік беретін нығыздауыштардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Нығыздауыштарды ыскылауға, бүлдіруге немесе жылжытуға тыйым салынады. ▶ Егер құрылғы зақымдалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, оны орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз. Егер сіз зақымдалған құрылғыны алсаңыз, дереу өз дилеріңізге немесе орнатушыға хабарласыңыз. ▶ Бу генераторының жұмысы кезінде күйіп қалу қаупін болдырмас үшін түмшапештің есігін ашпаңыз. Түмшапеш тазартқыштарын, агрессивті/абразивті тазартқыштарды, балауыздарды немесе жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз. Қаптауға арналған кез келген материалдарды, қорғаныс жабындарын және түмшапештерді тазалауға арналған заттарды пайдалануға тыйым салынады. Пеш есігінің әйнегін тазалау үшін қатты/абразивті тазалағыштарды, шүберектерді немесе өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар бетті сызып тастайды және есіктің әйнегі сынуы мүмкін. ▶ Осы Нұсқаулықта аталған бөлшектерді ғана тазалауға рұқсат етіледі. Түмшапештің кез келген бөлігін тазалау үшін бумен тазартқышты пайдалануға тыйым салынады. Балаларға керек болуы мүмкін заттарды түмшапештің үстінде сақтамаңыз. Түмшапештің үстіне шығып балалар күйіп қалуы немесе жарақат алуы мүмкін. Түмшапеште қолдануға рұқсат етілген пісіруге арналған ыдысты ғана пайдаланыңыз. Пісіруге арналған ыдыс өндірушісінің нұсқаулықтарын орындаңыз. ▶ Өтпелі сомындардың бүйірлік тіреуден алынып, қоса берілген металл бекіткіш сомындарға ауыстырылғанына көз жеткізіңіз. Тек осы түмшапешке ұсынылған термосүңгіні қолданыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ - 1

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Электр тогымен зақымдану қаупі

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүргізу алдында, құрылғыны міндетті түрде қорек желісінен ажыратыңыз.

Дұрыс жерге қосу маңызды және міндетті болып табылады.

Электр сымдарының ішкі жүйесіне өзгерістер енгізу үшін тек білікті электрикке рұқсат етіледі. Бұл ұсынысты сақтамау электр тогының соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 2

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Тұтану қаупі

Құрылғыны электр желісіне қосу үшін ауыстырып-қосқыш, түрлендіргіш немесе тармақтайтын құрылғы қолданбаған жөн.

Бұл талапты орындамау құрылғының қызып кетуіне, тұтануына немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 2

ЕСКЕРТУ!

HAIER HOQ-K4AAN3WB - ЕСКЕРТУ! - 1

Кесу қаупі

Сақ болыңыз - құрылғыда өткір жиектер бар. Қауіпсіздік ережелерін сақтамау кесуге немесе басқа жарақаттарға әкелуі мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Қауіпсіздік мақсатында тұмшапешті орнатпас немесе пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Бұл ақпаратты монтаж жасайтын адамға хабарлаңыз - бұл құрылғыны орнату сіздің шығыныңызды төмендетуі мүмкін.

Пешті орнатуды және электр желісіне қосуды осы монтаждау жөніндегі нұсқаулыққа және барлық қолданылатын құрылыс және электротехникалық нормативтерге сәйкес жеткілікті біліктілігі бар маман жүргізуі тиіс.

Құрылғыны дұрыс орнатпау кепілдіктің жойылуына әкелуі мүмкін.

Егер қуат кабелі зақымдалған болса, қауіпті жағдайларды болдырмау үшін оны тек өндіруші, қызмет көрсету орталығының өкілі немесе басқа білікті маман ауыстыруы керек. Ажыратқыш: пеш жергілікті электр сымдарының нормаларына сәйкес қуат көзінен толық ажыратуды қамтамасыз ететін ажыратқышы бар желіге қосылуы керек. Тұмшапеш жерге тұйықталуға тиіс.

Қаптама тиісті түрде жойылуы керек.

Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін мүмкіндігінше орау материалдарын қайта өңдеуге тапсырыңыз.

Бұл құрылғы тек тұрмыстық пайдалануға арналған және оны

өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалануға

болмайды.

Өнімді онда көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес

зауыт қаптамасында тасымалдау және сақтау қажет.

Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.

Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және

механикалық зақымдалудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Ескі тұрмыстық техниканы қарапайым тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды. Оны электр жабдықтарын жинау және қайта өңдеу орталығына тапсырыңыз.

Құрылғыдағы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы немесе қаптамадағы таңба олардың қайта өңдеуге жарамды екенін білдіреді.

Түмшапеш ішінде қолданылатын материалдар қайта өңдеуге жарайды және тиісті заттаңбасы бар.

Ұсталған құрылғының материалдары мен бөлшектерін қайта өңдеуге беру арқылы сіз қоршаған ортаны қорғауға маңызды үлес қосасыз.

Пайдаланылған электр аспаптарын кәдеге жарату орталықтары туралы ақпаратты жергілікті билік органдарынан алуға болады.

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ГАБАРИТТЕРІ ЖӘНЕ ӨЛШЕМДЕРІ —A B АЛДЫНАН E C F G ҮСТІНЕН

D ЖАНЫНАН H

KYPBILFBYHbI, ГАБАРИТТЕРІ ЖОНЕ ОЛШЕМДЕРMM
AKypBILFByHbI жалпы біктігі 595
BKypBILFByHbI жалпы ені 597
СКypBILFByHbI жалпы терендігі 565
DKорпустын жалпы біктігі 575
EKорпустын жалпы ені 552
FKорпустын жалпы терендігі 545
GПеш жактауы мен баскару тактасыныңтерендігі20
НТолығымен ашық күйінде түмшапеш есігініңтерендігі450

600 600 580 597 545 565 580 600 560 20

КӨТЕРУ: Түмшапешті есік тұтқасынан ұстап көтермеңіз. Корпустың бүйір жағындағы тұтқаларды пайдаланыңыз (егер бар болса).

Бүкіл қаптаманы алып, барлық қажетті талапты сақтай отырып, кәдеге жаратыңыз. Мүмкіндігінше орау элементтерін қайта өңдеуге тапсырыңыз. Төменгі жиектің зақымдалуын болдырмау үшін қаптамасы ашылған пешті ағаш блоктарға немесе ұқсас тіректерге қойыңыз.

Төменгі шеті

МАҢЫЗДЫ!

Түмшапешті қораптан шығарған кезде, оның төменгі жиегіне зақым келтірмеуге тырысыңыз. Түмшапештің бұл бөлігі дұрыс желдету және артық конденсацияны кетіру үшін маңызды.

АксессуарлартізіміПісіруге арналғантерец табаПісіруге арналғанжалпақ табаГрильге арналғанторСөрелерге арналған бекіткіштерБұрандалар
Саны 1111 пара 2

МАҢЫЗДЫ!

Пісіру кезінде табақтар деформациялануы мүмкін; бұл қалыпты жағдай — салқындағаннан кейін олар бастапқы пішінін қалпына келтіреді.

МАҢЫЗДЫ!

▶ Түмшапешті электр желісіне қосуды тек білікті маман жүзеге асыруы керек. Түмшапеш жерге тұйықталуға тиіс. Түмшапешті электр желісіне қоспас бұрын, ішкі сым жүйесі пештің қуатына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (паспорт кестесінде көрсетілген). Нақты кернеу паспорт кестесінде көрсетілген мәнге сәйкес келуі керек.

Модельдің белгіленуіКөлеміНоминал куатыНоминалды кернеуіНоминалды жилігі
HOQ-K4AAN3GB HOQ-K4AAN3BX HOQ-K4AAN3WB HOQ-K4AAN3GG72 л 3480 Вт 220-240 В~ 50/60 Гц

graph TD L1["L₁"] --> L["Block L"] N["L(N(L₂))"] --> N["Block N"] E["E"] --> E["Block E"] Kөк[Көк (Нөл)] --> Kөк style Kөк fill:#0066cc,stroke:#333 style Kөк fill:#0066cc,stroke:#333 style Jасыл-сары[Жасыл-сары (Жерге косу)] --> Jасыл-сары style Коңыр[Коңыр (фаза)] --> Коңыр style L fill:#999,stroke…

Куат сымын клеммалы қорапқа қосыңыз. Кабель қысқышы бұранда көмегімен тартылғанына көз жеткізіңіз.

  1. Түмшапешті дайындалған тауашаға орнатыңыз.

МАҢЫЗДЫ!

Түмшапешті есік тұтқасынан ұстап көтермеңіз.

  1. Түмшапештің есігін толық ашыңыз.
  2. Пешті ас үй жиһазының тауашасына бекіту үшін жиынтыққа кіретін бұрандаларды пайдаланыңыз.

МАҢЫЗДЫ!

Пешті тауашаға силиконмен немесе желіммен бекітпеңіз. Бұл болашақта техникалық қызмет көрсетуді қиындатады. Haier компаниясы түмшапешті бөлшектегені үшін немесе бөлшектеу барысында келген шығындар үшін жауапкершілік арқаламайды.

Түмшапештің сыртқы пішіні басқаша болуы мүмкін

КІРІСПЕБақылау панелі Есік Тор Пісіруге арналған таба Тұтқа

Қыздыру жүйесіЖоғарғы қыздырғыш элемент Конвекциялық желдеткіш Бүйірлік тіреу Артқы қыздыру элементі (жасырын тұрады) Астыңғы қыздыру элементі (жасырын тұрады)

Сөрелердің орналасуы6 5 4 3 2 1

БАСҚАРУ ПАНЕЛІФункция селекторы Дисплей Мәндерді таңдау реттегіші Балалардан қорғайтын шам / құлып Температура Бастау / Кідірту Уақыт - +

Дисплей индикаторыҰзақтығы Таймер Сағат 88:88 888 vc Құлып Алдын ала қыздыру күйі Автоматты бағдарлама Температура

Пешті бірінші рет қосқанда немесе қуат өшірілгеннен кейін пешті пайдалану үшін сағатты реттеу керек.

1. Уақытты орнату

  1. Дисплейде 12:00 жыпылықтап тұр
  2. Уақытты орнату үшін мәндерді таңдау реттегішін сырғытып шығарыңыз және бұраңыз

32:00 8:00 - +

2. Уақытты өзгерту

  1. Түрту және ұстап тұру арқылы шеңбер бойынша 3 функцияның бірін таңдауға болады. Индикаторы пайда болған кезде саусағыңызды босатыңыз.

2 Уақытты орнату үшін мәндерді таңдау реттегішін бұраңыз. Уақыт сіз басқару панелінен қолыңызды алған соң 2 секундтан кейін автоматты түрде расталады.

82:00 888 - +

3. Пештің жұмысын басқару

  1. Қуат бірінші рет қосылған кезде құрылғы күту режиміне өтеді, дисплей барлық пиктограммаларды 1 с ішінде көрсетеді, дыбыстық сигнал береді, сағат стандартты сағат 12:00-ді көрсетеді және жыпылықтайды. 2 Функцияны қосу және таңдау үшін функциялар селекторын айналдырыңыз. 3 және түймесін түрту арқылы температура мен сәйкес жұмыс уақытын орнату үшін мәндерді таңдау реттегішін айналдырыңыз.
  2. Дүймесін бір рет басыңыз, сонда пеш жұмыс істей бастайды. Жұмысты кідірту үшін Дүймесін қайта басыңыз. Жұмысты аяқтау үшін түймені 3 секунд басып тұрыңыз.

4. Пешті жұмысқа дайындау

Түмшапешті пісіру немесе пісіру үшін бірінші рет қолданар алдында оны дайындау керек. Тамақты дайындау кезінде барлық зауыттық қалдықтар жойылады. Бұл ең басынан жақсы нәтиже алуға кепілдік береді.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Пешті жұмысқа дайындау - 1

  1. Пісіру функциясын таңдау үшін функция селекторын айналдырыңыз. Әрбір режимде алдын ала орнатылған қыздыру температурасы бар және пісіру режимінде пеш 180 °С дейін қыза бастайды. 2 Температураны 200 °С-қа орнату үшін мәндерді таңдау реттегішін бұраңыз.

▶ Қызу барысында температура индикаторы шынайы және белгіленген температураны кезек-кезек көрсетіп тұрады. Берілген температураға жеткенде, дыбыстық сигнал беріледі.

Индикатор берілген температура мен қалған уақытты кезек-кезек көрсете бастайды.

  1. 30 минуттан кейін конвекциялық гриль режимін таңдаңыз. 200 °C температураны 5 минутқа қалдырыңыз.
  2. 5 минуттан кейін желдеткіш Ⓤ режимін қосыңыз. 200 °C температураны 20 минутқа қалдырыңыз.
  3. 20 минуттан кейін пешті өшіріңіз.

Дайындалу процесі кезінде өндірістік қалдықтар жанатындықтан соған тән иіс пен азғантай түтін шығады. Бұл әсте қалыпты жағдай, бірақ дайындалу кезінде бөлмедегі ауа айналымын қамтамасыз ету керек.

Суыған соң түмшапешті жұмсақ тазалағыш құрал жағылған дымқыл шүберекпен сүртіп, мұқият кептіріңіз.

Уақыт параметрлерін кез келген уақытта ① түймесін басу арқылы өзгертуге болады.

Пісіру ұзақтығын, таймерді және пісіру уақытының аяқталу уақытын кезекпен орнату үшін 〒 түймесін басуды жалғастырыңыз.

Таймер минуттармен кері санауды жүргізеді (сағат:мин). Таймерді қоюға болатын максимал уақыт – 23 сағат 59 минут.

1. Пісіру уақытының ұзақтығын орнату

  1. ① түймесін басыңыз, пісіру уақытының индикаторы пайда болады.
  2. Мәндерді таңдау реттегішімен уақытты орнатыңыз.
  3. Пісіру уақыты саусағыңызды басқару тақтасынан алғаннан кейін 6 секундтан кейін орнатылады.

Тәулік уақытын көру үшін таңдау үшін басыңыз. Бұл әрекет таймердің жұмысына әсер етпейді.

Пісіру ұзақтығының баптауларын өзгерту

  1. Қалған уақытты ① таңдау үшін батырмасын басыңыз.
  2. Мәндерді таңдау реттегішімен уақытты орнатыңыз.
  3. Саусағыңызды панельден алыңыз, сонда уақыт расталады.

Белгіленген уақыт аяқталғанда

Дисплейде "END" жазуы пайда болады және бірнеше секунд сайын естілетін дыбыстық сигнал шығады. Дисплейде соңғы пайдалану ұзақтығы көрсетіледі.

МАҢЫЗДЫ:

▶ Егер дайындау ұзақтығын белгілемей ас әзірлей бастасаңыз, түмшапеш сіз қолмен тоқтатқанша үздіксіз жұмыс істейтін болады, ал дисплейде уақыт санау 00:00-ден басталады.

▶ Егер дисплейде уақыт қаналып жатса және сіз ұзақтығын белгілесеңіз, дисплей белгіленген уақыт аяқталғанша кері санауды жүргізеді. ▶ Егер сіз ас дайындау ұзақтығын белгілесеңіз, түмшапеш белгіленген уақыт аяқталғанда өшеді. Акватазалау ° функциясы үшін тазалау ұзақтығын орнату мүмкін емес.

2. Таймерді орнату

Уақытты кері санауды орнату бұл функция құрылғының жұмысына әсер етпейді.

Уақытты таңдаңыз және орнатыңыз. Уақыт аяқталған соң дыбыстық сигнал беріледі. Таймерді түмшапеш өшіп тұрған кезде де пайдалануға болады

Жұмысты бастау немесе аяқтау туралы еске салу үшін таймерді орнату.

  1. индикаторы пайда болған кезде түймесін басып, саусағыңызды басқару тактасынан алыңыз.
  2. Мәндерді таңдау реттегішімен уақытты орнатыңыз.
  3. Таймер саусағыңызды басқару тактасынан алғаннан кейін 6 секундтан кейін орнатылады.
  4. Дисплейде уақытты кері санау пайда болады.
  5. Уақыт өткен соң бірнеше секунд дыбыстық сигнал беріледі.
  1. индикаторы пайда болған кезде түймесін басып, саусағыңызды басқару тактасынан алыңыз.
  2. Уақытты 00:00-ге орнату үшін мәндерді таңдау реттегішін айналдырыңыз.

Жалпы ұсыныстар

МАҢЫЗДЫ!

Модельге байланысты Сізге төмендегі кейбір функциялар ғана қол жетімді болуы мүмкін.

▶ Пештің функцияларын қолданған кезде оның есігі жабық болуы керек.

1. Пісіру

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Пісіру - 1

жоғарғы сыртқы элемент және төменгі элемент

Жылу жоғарғы және төменгі элементтерден келеді. Бұл функцияда желдеткіш қолданылмайды. Ұзақ уақыт немесе төмен температурада пісіруді қажет ететін торттар мен тағамдар пісіруге өте ыңғайлы.

Печенье дайындау үшін 160~180°C температура ұсынылады. Бұл функция бірнеше деңгейде тағам дайындауға ыңғайлы.

Шырынды жеміс бәліштері сияқты ұзақ уақытты қажет ететін дымқыл өнімдерге өте ыңғайлы.

желдеткіш және артқы элемент

Орталық артқы қыздыру элементі мен желдеткіштің көмегімен ыстық ауа пештің қуысына итеріліп, барлық деңгейлерде тұрақты температураны қамтамасыз етеді, бұл режимді бірнеше деңгейде пісіруге өте ыңғайлы етеді. Әр түрлі деңгейде дайындалған пісіру табағындағы пісіру сыртқы жағынан қытырлақ және ортасы жұмсақ болады. ▶ Ет пен құс еті шырынды және нәзік болып, көмей суыратын қызыл қыртысты жасайды. ▶ Кыш құмыраларда тамақ дайындауға тамаша ыңғайлы. Қайта қыздыру тез және тиімді жүреді. Бірнеше деңгейде пісіру кезінде деңгейлер арасында бос орын қалдыру маңызды (мысалы ауаның еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін 3 және 5 деңгейлерді қолданыңыз). Бұл төменгі деңгейдегі өнімдердің сапалы қызаруына мүмкіндік береді. Пісіру режиміне арналған рецептті мәжбүрлі конвекция режиміне бейімдеу кезінде пісіру уақытын азайтуды немесе температураны шамамен 20°C төмендетуді ұсынамыз. Пісіру уақыты ұзағырақ (мысалы, бір сағаттан астам) өнімдер үшін уақытты да, температураны да азайту қажет болуы мүмкін.

Бисквит, печеньелер, тоқаштар, маффиндер мен кекстер пісіру үшін өте қолайлы.

желдеткіш және ішкі және сыртқы элементтердің қосылуы

Бұл функция үстіңгі элементтерден қатты жылуды пайдаланып, бетінде қызарған қабық пайда болады, ал желдеткіш тағамды біркелкі пісіру үшін қолданылады. ▶ Ет, құс еті мен көкөніс тамаша дайындалады; өнімдер қытырлап әрі сырттай қызарып піседі, ал іші сөлді және жұмсақ болады.

Тұтас тауық еті, сыр еті немесе гриль тауық еті, балық және сүйікті рецепт бойынша стейк үшін өте қолайлы.

4. Классикалық пісіру

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Классикалық пісіру - 1

тек төменгі элемент

Жылу тек төменгі элементтен келеді, желдеткіш қолданылмайды. Бұл ескі үлгідегі пештерге арналған рецепттерге сәйкес келетін дәстүрлі пісіру функциясы. Пісіру кезінде тек бір деңгейді қолданыңыз. Түмшапештің жоғарғы жағы анағұрлым ыстық болады.

Нәзік пісіруді қажет ететін және қамырдың негізі бар, мысалы, қайнатылған пирожныйлар, бәліштер, киши және чизкейктер, сондай-ақ тікелей қыздыру мен қызаруды қажет етпейтін кез келген тағамдар үшін өте қолайлы.

желдеткіш және жоғарғы сыртқы элемент және төменгі элемент қосылады

▶ Пештің желдеткіші ыстық ауаны сыртқы жоғарғы элементтен және төменгі элементтен бағыттап, оны пештің қуысына таратады. ▶ Дайындалған тағамдар дәстүрлі "Пісіру" функциясында дайындалған тағамдарға қарағанда тезірек қызарады. Сізге дәстүрлі рецепттерде ұсынылғанға қарағанда пісіру уақытын азайту қажет болуы мүмкін. Жемістерді, көкөністерді және шөптерді 50°C сияқты төмен температурада кептіру үшін конвекциялық пісіру режимін қолданыңыз.

Бір деңгейде пісіруге өте ыңғайлы; маффиндер, тоқаштар және кекстер сияқты тағамдарды немесе, мысалы, энчиладас (ащы ет салмасы бар құймақ) дайындау бір сағаттан аз уақытты алады.

6. Гриль

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Гриль - 1

үстіңгі ішкі және сыртқы элементтер

Жоғарғы екі элемент те қарқынды жылу шығарады. Төмен және жоғары (100% қуат) температура диапазоны 11 деңгейге бөлінеді. Алдын ала қыздыру қажет емес, дегенмен кейбіреулер тағамды грильдің астына қоймас бұрын элементті бірнеше минут қыздыруды жөн көреді. Бұл картоп гратині мен фриттатаның үстіңгі жағын қызарту сияқты көптеген тағамдарды "аяқтау" үшін ең қолайлы функция.

Нанды қуыруға немесе тағамның жоғарғы жағын қызаруға өте ыңғайлы.

7. Қуырдақ

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Қуырдақ - 1

1-кезең: желдеткіш және жоғарғы ішкі және сыртқы элементтер; 2-кезең: жоғарғы ішкі элемент және төменгі элемент

Қуыру

Еттің беткі бөлігінде қытырлақ алтын түстес қабықша пайда болу үшін, алдын ала карамельдейтін 20 минуттық кезең. Белгіленген температурада пісіру:

қуырғаннан кейін температура сіз белгілеген деңгейге дейін көтеріледі және пісіру аяқталғанға дейін өзгермейді, бұл қуыруды нәзік және шырынды етеді.

▶ Алдын ала қыздыру қажет емес. Функцияны тікелей іске қосу алдында азық-түлікті түмшапешке орналастыру керек. ▶ Қажет болса, табаны немесе гриль торын қолданыңыз немесе көкөністерді ет шырынын сіңіру үшін қуырылатын тағамның астына қойыңыз. Бұл ет астындағы ыстық ауа айналымын қамтамасыз етеді.

Ет пен көкөніс пісіру үшін өте ыңғайлы. Еттің үлкен кесегін пісіру үшін ұсынылады.

Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін, қосымша етке арналған термосуңгіні пайдалануға болады.

МАҢЫЗДЫ!

Қуыру функциясы пеш жұмысының екі кезеңін білдіреді:

1-кезең: Алғашқы 20 минутта пеш желдеткішті және жоғарғы ішкі және сыртқы элементтерді пайдаланады (егер температура 250°C-қа жетсе, қыздыру автоматты түрде тоқтайды).

2-кезең: Температураны белгіленген деңгейге дейін төмендеткеннен кейін, пісіру жоғарғы ішкі және төменгі элементтерді қолдана отырып жалғасады.

Егер пісіру уақыты 20 минуттан аз болса, тек 1-кезең қатысады.

8. Кондитерлік пісірме

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Кондитерлік пісірме - 1

желдеткіш және астыңғы элемент

Бұл функцияны 8 минут пайдаланған кезде АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ 180°C дейін орындалады.

Желдеткіш жылуды төменгі элементтен бүкіл түмшапешке таратады. Қыртысты жұмсақ қызарта отырып, тағамның негізін қарқынды қыздыруды қамтамасыз етеді.

Фриттата, киша сияқты қытырлақ негізді және үстіңгі қыртысты қажет ететін тәтті және дәмді кондитерлік өнімдер мен нәзік тағамдарды дайындауға өте ыңғайлы.

9. Пицца

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Пицца - 1

Бұл функцияны 10 минут бойы пайдаланған кезде АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ 250°C дейін орындалады.

Желдеткіш пештің төменгі бөлігінен жылу айналымын қамтамасыз етеді.

Пицца дайындауға тамаша келеді, өйткені салмасын артық құырмай, негізін жақсы құырады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін пицца табасын кем дегенде 1 сағат қыздырыңыз және пеш сөресінде 1 немесе 2 күйде пісіріңіз.

Пицца түріАксессуарлар/ыдыс-аякСөреденгейіТемпература °CПісіру уақыты минутпен
МұздатылғанЖұқақамырдаСым тор 2190~21015~20
КлассикалыққамырдаСым тор 2180~20020~25
Уйде дайындалғанЖұқақамырдаПісірмеге арналғанқаңылтыр таба2230~250 10~15
ЖұқақамырдаПиццаға арналғаныдыс2230~250 8~12
Классикалыққамырдапісірмеге арналғанқаңылтыр таба2210~220 15~20
КлассикалыққамырдаПиццаға арналғаныдыс2210~220 15~20

МАҢЫЗДЫ!

Егер Пицца режимінің ұзақтығын орнатпасаңыз, пеш оны қолмен өшіргенше жұмысын жалғастыра береді. Қатты пісіп кетуін болдырмау үшін пештегі тағамды мұқият қадағалаңыз.

10. Аэрогриль

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 1

Мұздатылған тағамдарды немесе әдетте клярдағы және ұнға аунатылған жартылай дайын тағамдарды пісіруге тамаша қолайлы.

Пісірудің жақсы нәтижесіне қол жеткізу үшін тағамды пісіру табағына немесе аэрогриль себетіне салыңыз.

Бұл режим аэрогрильде пісіру шарттарын қайталайды.

Қуырудың пайдалы әдісі, онда тағамдар аз мөлшерде қолданылған маймен қытырлақ болады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өнімдерді 1-2 ас қасық маймен майлаңыз.

▶ Қаптамадағы өнімдер үшін: егер өндіруші желдеткішті пайдаланбай өнімді дайындауды ұсынса, температураны 20°C (70°F) төмендетіңіз.

Бір сөреде пісіру: пештің жоғарғы жағында пісіріңіз, бірақ ең жоғарғы сөреде емес.

Өнім Сөрелер Температура (°C) Уакыт (мин)Сөредеңгейі
ЧипсілерПісіругеарналған таба20515~20 4.
ЧипсілерАэрогрильсебеті20515~20 3
Дерундар Тор 20020~25 3
Тауык наггетстеріПісіругеарналған таба20018~23 4.
Тауык наггетстеріАэрогрильсебеті20518~23 3
Тауык канаттары Тор 18020~25 3

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін төмендегі кестені пайдалануды ұсынамыз. Әрбір функцияның алдын ала орнатылған температурасы бар, оны тағамның түріне және салмағына қарай өзгертуге болады.

Белгі ФункцияАлдын ала орнатылған температура (°C)Температура диапазоны (°C)Пісіру узактығының диапазоныАлдын ала қыздыру
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 2Пісіру 18030-250
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 3Мәжбурлі конвекция16030-250
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 4Конвекциялық гриль18030-250×
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 5Классикалық пісіру16030~220
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 6Конвекциямен пісіру20030-2500:01-23:59
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 7Гриль ЖОFAPЫТӨМЕН, 1-9, ЖОFAPЫ×
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 8Құырдақ 16530-250×
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 9Кондитерлік пісірме16030-250
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 10Пицца 220160~250
HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 11Аәрогриль 200160-220×

Арнайы бағдарламалар сізге тиімдірек әрі дәмді пісіруге көмектеседі. Бұл режимде құрылғыны тазалауды да таңдауға болады.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Аэрогриль - 12

Арнайы бағдарламаларды пайдалану үшін функциялар селекторын күйіне бұраңыз және барлық функцияларды айналдыру үшін мәндерді таңдау реттегішін айналдырыңыз.

1. Вакуумда дайындау

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Вакуумда дайындау - 1

Бұл функцияны әдеттегіден төмен температурада пісіру үшін пайдаланыңыз. Сіз ет, көкөніс немесе жемістерді олар өте жұмсақ әрі сөлді болатындай етіп дайындай аласыз. Сапасы жоғары болуын қамтамасыз ету үшін азық-түлікті абайлап қолданыңыз.

Жоғары сапалы және барынша балғын азық-түлікті пайдаланыңыз.

Шикі азық-түлікті әзірлемес бұрын әрдайым тиісті шарттарға сай сақтаңыз.

Тағам дайындамас бұрын үнемі азық-түлікті жуыңыз.

Сапалы әрі қауіпсіз ас дайындау үшін азық-түлікті ас дайындау кестесінде көрсетілген мәндерге сай дайындаңыз.

▶ Қауіпті болдырмау үшін өнімдер тұмшапеште 60 °С-тан төмен температурада ұзақ тұрмауы керек.

Пісірудің әсіресе төмен температурасын тек шикі жеуге болатын тағамдарға және қысқа уақытқа ғана қолдануға болады.

Вакуумда пісіргеннен кейін түмшапештен шығарылған тағамдар ең дәмді, оларды пісіргеннен кейін бірден жеген дұрыс. Сіз жасай аласыз:

- температураны тез төмендетіңіз (тағамды мұз контейнеріне салып, тоңазытқышқа қоюға болады), тағамды тоңазытқышта 2-3 күн сақтауға болады.

▶ Қалған тамақты қайта жылыту үшін вакуумда дайындау функциясын пайдаланбаңыз.

Шикі және піскен азық-түліктің жанасуын болдырмау үшін оларды бөлек сақтаңыз.

Ет пен көкөніс үшін бір ғана керек-жарақты пайдаланбаңыз. Кері жағдайда ас үй жабдықтарын мұқият жуу керек.

Рецептерде шикі жұмыртқалар болғанда, ақуыз бен сарысының жұмыртқа қабығының сыртқы бөлігіне тиюіне жол бермеңіз.

ВАКУУМДА ПІСІРУ КЕЗІНДЕ МАҢЫЗДЫ:

Вакуумда даярлау функциясы үшін вакуумды қаптағыш пен вакуумды пакеттер қажет. ▶ Егер сіз вакууммен сұйықтық қаптауды қаласаңыз, камералық вакуумды қаптағыш қолданыңыз. Бұл функция тек осы типтегі қаптамалармен жабдықталған. Вакуумда даярлау функциясына сай келетін вакуум пакеттер пайдаланыңыз. Вакуумдық пакеттерді қайта пайдаланбаңыз.

Біркелкі пісіруге қол жеткізу үшін өнімдерді үшінші деңгейдің ортасына қойыңыз.

Пісіруді тезірек және біркелкі ету үшін вакуумның максималды дәрежесін орнатыңыз.

Вакуумдық пакеттің сенімді жабылуын қамтамасыз ету үшін герметикалық аймақтың ластанбағанына көз жеткізіңіз.

  1. Вакуумда пісіруге арналған жалпы ұсыныстар:

Сіз тағамға аздап май және дәміне қарай дәмдеуіш қоса аласыз. Вакуумда пісірудің басында орташа мөлшерде дәмдеуіш қосыңыз. Шикі сарымсақтың орнына сарымсақ ұнтағын қолданыңыз. Зәйтүн майының орнына бейтарап майды қолдануға болады. Тамақты тезірек және біркелкі пісіру үшін вакуумдау дәрежесін мүмкіндігінше жоғары ұстаңыз (99,9%).

2.1 Вакуумда пісіру: ет

Дұрыс құырылмай қалуын болдырмас үшін кестеде көрсетілгеннен жуан ет кесегін пайдаланбаңыз.

Кестелерде ас дайындаудың минимал қажет уақыты көрсетілген. Пісіру уақытын жеке қалауыңызға сәйкес көбейтуге болады.

Вакуумдық пакеттерге зақым келтірмеу үшін тек сүйексіз етті қолданыңыз.

Құстың төс еті дәмдірек болу үшін вакуумда дайындар алдында немесе содан кейін оны тері жағынан құырыңыз.

▶ Вакуумда даярлап болған соң еттің беткі бөлігін сары майға құырыңыз, дәмі әлдеқайда жақсы болады.

ӨнімӨнімніңқалыңдығыӨнім саны (г)Температура(°C)Уақыт(мин)Середенгейі
Сиыр еті
Орташакуырылғансиыр еті4 см 400631203
Шамаментолыққуырылғансиыр сүбесі4 см 400661203
Толыққуырылғансиыр еті4 см 400701203
Орташакуырылғанбузау еті4 см 400601203
Толыққуырылғанбузау сүбесі4 см 400651203
Қозы еті/аң - құс еті
Орташакуырылғанқозы еті3 см 40065105-1153
Қабан3 см 400901203
Сүйексіз қоянеті1,5 см 400751203
Құс еті
Тауықтыңсүйексіз төс еті3 см 500701203
Үйректіңсүйексіз төс еті2 см 50065140-1603
Қүркетауықтыңсүйексіз төс еті2 см 5007075-853
Төмен температурада дайындалған жұмыртқа
Тосттарға тамашакеледіҚалыптыөлшем/ 60903
Жұмыртқаныңсарысы иілгіш, пішінінсақтайтын, жұмсақ жәнежылтырҚалыптыөлшем/ 65903
Жұмыртқаның сарысықатая бастайды, бірақәлі де жұмсақҚалыптыөлшем/ 71603
Сарысы түйіршікті жәнеыдырайды, жасыл түскеие бола бастайдыҚалыптыөлшем/ 80603

2.2 Вакуумда дайындау: балық және теңіз өнімдері

Дұрыс құырылмауын болдырмас үшін кестеде көрсетілгеннен жуан балық кесектерін пайдаланбаңыз. Вакуумдық пакетке салмас бұрын балық сүбесін қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Мидияларды дайындаған кезде вакуумдық пакетке аздап су қосыңыз.

ӨнімӨнімнің қалынддығыӨнім саны (г)Температура (°C)Уақыт (мин)Сөре деңгейі
Балық және теңіз өнімдері
Теңіз табан балығының сүбесі4 сүбе 1 см 50070253
Теңіз алабұғасының сүбесі4 сүбе 1 см 50070253
Нөлім 2 сүбе 2 см 50065903
Теңіз ирекшелеріipi 50060100-1103
Асшаяндар бақалшақсызipi 5007526-303

Қажет болса көкөністердің қабығын аршыңыз.

Кейбір көкөністер тазартылып, вакуумдық пакетте пісірілсе, түсі өзгеруі мүмкін. ▶ Артишоктың түсін сақтау үшін оларды тазалап, кескеннен кейін лимон шырыны қосылған суға салыңыз.

Өнім Өнімнің қалындығы Өнім саны (г)Температура(°C)Yaқыт(мин)Сөредөңгейі
Көкөністер
Қек қасқыржемБүтін күйінде50068903
Ақ қасқыржемБүтін күйінде50068903
Қәдітілімдер 1 см 50090903
Порей пиязысопақша немеседөңгелек50095903
Баялдылартілімдер 1 см 50090903
Өнім Өнімнің қалындығы Өнім саны (г)Температура(°C)Уақыт(мин)Сөреденгейі
Көкөністер
Аскабақжуандығы 2 см кесектер50090903
Бұрышсопақша немесе ширек50095903
Сельдерей сақина 1 см 50095903
Сәбіз 0,5 см-лік тілімдер 50095903
Сельдерей тамырытілімдер 1 см 50095903
Фенхель тілімдер 1 см 50095903
Картоп тілімдер 1 см 50095903
Артишоктың өзектеріширекке кесілген 50095903
Артишоктың өзектеріширекке кесілген 50095903

2.4 Вакуумда пісіру: жемістер мен тәттілер

Жемістерді тазалаңыз, қажет болса тұқымдар мен өзектерін алып тастаңыз. Алма мен алмұрттың түсін сақтау үшін оларды тазалап, кескеннен кейін лимон шырыны қосылған суға салыңыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өнімдерді дайындағаннан кейін бірден пісіріңіз.

Өнім Өнімнің қалындығы Өнім саны (г)Температура(°C)Уақыт(мин)Сөредеңгейі
Жемістер
Шабдалыжартыға бөліптуралған2 жеміс90603
Өріктержартыға бөліптуралған50090603
Манго2 текшелергетуралған 2 см1 жеміс90603
Нектаринсопақша немеседөңгелек1 жеміс90603
Ананастілімдер 1 см 50090603
Алмаширекке кесілген 2 жеміс95603
Алмүртжартыға бөліптуралған2 жеміс95603
Ванильді кремәр пакетте 350 г5008560

2. Жібіту функциясын пайдалану (✿)

Бұл функцияны тағамды пісірер алдында ерітіту үшін пайдаланыңыз.

МАҢЫЗДЫ!

Еріту үшін төмен температура қажет.

Түмшапеш белгіленген температурада автоматты түрде жұмыс істейді.

  1. (Бріту бағдарламасына дейін мәндерді таңдау реттегішін бұраңыз. Ескерту. Дисплейге белгіленген 40 °C температурасы шығады.
  2. Азық-түлікті қаптамадан шығарып, тәрелкеге салыңыз. Азық-түлікті табақ немесе тәрелкемен жаппаңыз, өйткені бұл жібіту уақытын ұзартуы мүмкін. Төменгі бөлігіндегі бірінші деңгейді пайдаланыңыз.
  3. Ерітуді бастау үшін, батырмасын басыңыз.

Қажет болса, өріту уақытын орнатуға болады, дисплейде қалған уақытты кері санау жүреді.

3. Кептіру

желдеткіш және артқы элемент

Кептіру - бұл жемістерді, көкөністерді және дәмдеуіш шөптерді керемет нәтижелермен кептіруге мүмкіндік беретін нәзік жылыту режимі.

Дайындаудың бұл әдісімен кептіру нәтижесінде өнімдердің хош иісі күшейе түседі. Бұл функцияның көмегімен тағамдар, бұқтырылған тағамдар және бұқтырылған пісірмелер сияқты баяу қайнатуды қажет ететін тағамдарды дайындауға болады.

Құрылғы ас дайындауға арналған бөлімге энергия беруді барынша қадағалайды. Тағамдар қалдық жылуды қолдана отырып, кезең-кезеңмен дайындалады. Бұл олардың шырынды болып, азғантай қуырылатындығын білдіреді.

Кептіру үшін тек бүлінбеген жемістерді, көкөністер мен шөптерді қолданыңыз, оларды жақсылап жуыңыз. Сым торын май өткізбейтін немесе пергамент қағазымен төсеңіз. Жемістерден артық суды ағызып, құрғатыңыз.

Ұсынылатын температура 60-110°C.

Қажет болса, жемістерді бірдей бөліктерге немесе жұқа тілімдерге кесіңіз.

Тазартылмаған жемістерді табаққа кесігін жоғары қаратып салыңыз.

Жемістер де, саңырауқұлақтар да сым торына тиіп кетпейтініне көз жеткізіңіз.

Көкөністерді үккіштен өткізіп, содан кейін оларды ыстыққа буқтырыңыз.

Шырынды қопсытылған көкөністерден ағызып, оларды сым торға біркелкі таратыңыз.

Көк шөптерді сабақтарымен бірге кептіру керек. Көк шөптерді сым торға біркелкі және сәл үймелеп жайыңыз.

Өте шырынды жемістер мен көкөністерді бірнеше рет аударыңыз. Кептіру аяқталғаннан кейін кептірілген өнімдерді дереу қағаздан алыңыз.

Бұл функция негізінен тағам дайындағанда энергия үнемдеуге арналған.

Өнім ДайындауТемпература (°C)УақытСөре деңгейі
Қырыққабат жапырағы Қайнату 701 сағ. 30 мин 3
Қояншөп үрме бұршақтарыҚайнату 553 сағ. 3
Тәтті картоп кесектері Буға ұстау 5513 сағат, 2 сағаттан кейін аударыңыз3
Манго тілімдері / 708 сағат, 4 сағаттан кейін аударыңыз3
Банан тілімдеріТұздалған суға шылау557 сағат, 2 сағаттан кейін аударыңыз3
Лимон тілімдері / 5515 сағат, 2 сағаттан кейін аударыңыз3
Алма тілімдеріТұздалған суға шылау558 сағат, 2 сағаттан кейін аударыңыз3
Шикі майсыз шошка еті / 557 сағат, 2 сағаттан кейін аударыңыз3
Піспеген тауық төс еті / 705 сағат, 1 сағаттан кейін аударыңыз3
Сауыттағы асшаяндар Қайнату 706 сағат, 2 сағаттан кейін аударыңыз3
Ысталған сиыр етіҚайнату және маринадтау902 сағ. 3

4. Қамырды толықсытуға арналған функцияны пайдалану

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Қамырды толықсытуға арналған функцияны пайдалану - 1

Бұл функцияны пісірер алдында қамырды толықсыту үшін пайдаланыңыз. Қажет болса, қамырды бірнеше толықсытуға болады.

МАҢЫЗДЫ!

▶ Қамырды тексеру үшін төмен температура қажет. Түмшапеш белгіленген температурада автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл функция түмшапештің қуысы салқындаған жағдайда ғана жұмыс істейді.

  1. Қамырды өсіру функциясын таңдау үшін мәндерді таңдау реттегішін бұраңыз. Дисплей 35°C алдын ала орнатылған температураны көрсетеді. Ескерту: егер түмшапеш іші тым ыстық болса:

Дыбыстық сигнал шығады, индикатор жыпылықтайды, және желдеткіш іске қосылуы мүмкін. Түмшапешті салқындату үшін есікті ашыңыз.

Қамырды ыстыққа төзімді ыдысқа салыңыз да, пластикалық орамамен және/немесе таза, дымқыл шүберекпен жабыңыз, содан кейін ыдысты түмшапештің ортасына қойыңыз.

  1. Сіздің аспаздық тәжірибеңізге байланысты сіз қамырды тексеру уақытын белгілей аласыз.
  2. Қамырды толықсыту функциясын іске қосу үшін түймесін түртіңіз.

Егер сіз уақытты белгілесеңіз, дисплейде қалған уақыт кері санала бастайды.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 1

Түмшапеш суығанша оған қамыр салмаңыз.

4.

▶ Егер сіз қамырды тексеру функциясы аяқталған кезде қамырды тексеру уақытын белгілесеңіз,

дыбыстық сигнал шығады және тостағанды пештен шығаруға болады. Қамырдың жеткілікті көтерілгенін тексеріңіз (қамырдың көлемі кәдімгідей ұлғаюға тиіс). Қамырдың дайын болғанын тексеру үшін саусақпен ақырын басып көріңіз. Басқан жеріңіз баяу қалпына келуі керек.

▶ Егер сіз қамырды өсіру уақытын орнатпаған болсаңыз, процесті қадағалап, қамырды өсіру аяқталған кезде түймесін басу арқылы функцияны өшіру керек.

▶ Қамырды өсіру функциясына оралу үшін мәндерді таңдау реттегішін бұраңыз. ▶ Қамырды толықтыру функциясын қайта іске қосу үшін алдыңғы бетте сипатталған әрекеттерді орындаңыз.

  1. Қамырды толықтыруға арналған функцияны тоқтату

Басқа функцияны таңдау үшін пернесін басып тұрыңыз немесе функция селекторын бұраңыз.

5. Автотазалау

Мүмкіндігінше ласты қолмен кетіріңіз. Бүйір қабырғаларын тазарту үшін сөрелер мен сөре тіректерін алыңыз. Су тазарту функциясы түмшапештің қуысын бумен тазартуды қамтамасыз етеді. Тазалау тиімділігін арттыру үшін бұл функция құрылғы салқындағаннан кейін іске қосылуы керек.

Көрсетілген уақыт функцияның жұмыс уақытына байланысты және пайдаланушының қуысты тазартуға кететін уақытын қамтымайды.

Сумен тазарту функциясы жұмыс істеген кезде температура мен уақытты орнату мүмкін емес.

  1. Түмшапештің түбіне 200 мл су құйыңыз
  2. аква тазалау функциясын таңдаңыз.
  3. Функцияны іске қосу үшін басыңыз. Дисплейде 00:20 көрсетіледі және қалған уақытты санау басталады.
  4. Бағдарлама аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал беріледі.
  5. Түмшапештің ішкі беттерін қажамайтын губкамен сүртіңіз. Пеш қуысын тазарту үшін жылы суды немесе пештерге арналған арнайы жуғыш заттарды қолдануға болады.

Тазалағаннан кейін түмшапештің есігін шамамен 1 сағатқа ашық қалдырыңыз. Құрылғының толық кебуін күтіңіз. Кептіруді тездету үшін, түмшапешті шамамен 15 минут бойы 150 °С температурада ыстық ауамен қыздыруға болады. Тазалау функциясының максимальды әсерін алу үшін функция аяқталғаннан кейін құрылғыны қолмен тазалаңыз.

ЕСКЕРТУ!

Күйіп қалу қаупін болдырмау үшін жұмыс кезінде пештің есігін ашпаңыз. Ішкі бетін ыскышпен тазалағанда қолды қорғау үшін жылуды оқшаулайтын қолғап киіңіз.

6. Панельді бұғаттау

Бұл функция түмшапешті кездейсоқ пайдалануды болдырмауға арналған (мысалы, балалардың пайдалануын). Құлыптау қосылған кезде басқару элементтері белсенді емес және пеш қосылмайды.

Құлыпты орнату:

Жарық шамы қосылғанша түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

Панель бұғатталғанда тек қосу/өшіру және жарық түсіру батырмаларын басқаруға болады.

Кез келген басқа түймесін басқан кезде 3 рет жыпылықтайды және дыбыстық сигнал шығады.

Бұғаттан шығару:

Жарық индикаторы сөнгенше түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз.

7. Шаббат режимі

Бұл режим сенбіде (шаббат) жұмыс істемеу талабын орындайтын діни конфессиялардың өкілдеріне арналған.

Түмшапеш «Шаббат» режимінде жұмыс істеу үшін бапталғанда:

Дисплей мен индикаторлар жанбайды, куат және жарық түсіруден басқа батырмалар қосулы болмайды. Дыбыстық сигналдар берілмейді. Ескерту немесе температураның өзгеру кодтары көрсетілмейді. Шаббат режимінде тек пісіру функциясы қол жетімді.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Шаббат режимі - 1

«Шаббат» режиміне арналған баптауларды орнату

  1. тандамас бұрын функциялар селекторын бұраңыз, және бір уақытта үш секунд басып тұрыңыз; дисплейде көрсетіледі.
  2. Шаббат режимін орнату үшін »Түймесін басыңыз. Тек пісіру функциясын қолдануға болады.
  3. Температура мен жұмыс мерзімін таңдаңыз. Уақытты 99 сағатқа дейін орнатуға болады. Егер уақыт белгіленбесе, түмшапеш «Шаббат» режимі сөндірілгенге дейін көмештеу режимінде жұмыс істей береді.
  4. Артқы жарықты қосу/өшіру үшін түймесін басыңыз - ол бұл күйді Шаббат режимі өшірілгенге дейін сақтайды.
  5. Шаббат режимін іске қосу үшін түймесін басыңыз.

Пеш белгіленген температураға дейін қызады және дисплей өшеді.

Ескерту:

Пеш өшірілгенде, Шаббат режимінен шығу мүмкін емес. Қайта қосылған кезде пеш автоматты түрде алдыңғы жұмыс күйі ретінде Шаббат режиміне өтеді.

"Шаббат" режимінің баптауларынан шығу Функция селекторын күйіне дейін бұраңыз, сонда пеш өшеді.

8. Дыбыстық сигналдың дыбыс деңгейін реттеу

  1. Функция селекторын күйіне дейін бұраңыз.
  2. ⑤түймесін 3 секунд басып тұрыңыз, дисплейде және көрсетіледі.
  3. Дыбыстық сигналдың күйін өзгерту үшін селекторды on/o күйіне айналдырыңыз.
  4. Параметрлерді сақтау және шығу үшін түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Дыбыстық сигналдың дыбыс деңгейін реттеу - 1

Дыбыстық сигналдың үнсіз келісім бойынша мәні -.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Дыбыстық сигналдың дыбыс деңгейін реттеу - 2

9. Дисплей жарықтығын реттеу

  1. Функция селекторын күйіне дейін бұраңыз.
  2. түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
  3. Дисплейдің жарықтық баптауларын түртіп, айналдырыңыз - дисплейде және көрсетіледі.
  4. Дисплейдің жарықтық деңгейін өзгерту үшін мәндерді таңдау реттегішін айналдырыңыз (01: 02: 03).
  5. Параметрлерді сақтау және шығу үшін түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

Үнсіз келісім бойынша жарықтығын баптау - 02.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Дисплей жарықтығын реттеу - 1

  • Қолмен тазалау немесе техникалық қызмет көрсету операцияларын жасамас бұрын, алдымен пешті қауіпсіз температураға дейін суығанша күтіңіз, содан кейін сымды розеткадан шығарып, қуатты ажыратыңыз.
  • Пешті тазалауды бастамас бұрын, осы тазалау нұсқаулығын және қауіпсіздік ережелері бөлімін оқып шығыңыз.
  • Ластануды қабаттастырмау және кетіру қиын болмауы үшін, әр қолданғаннан кейін мүмкіндігінше пештен сұйықтықтың төгілуін, тамақ қалдықтары мен май дақтарын кетіріп отыру ұсынылады.
  • Бу тазартқышты пайдалануға жол берілмейді.
  • Түмшапеште тұтанғыш материалдар сақтауға тыйым салынады.
  • Ешқашан қатты немесе қажақ тазалағыш құралдар, шүберек немесе сым жөке пайдаланбаңыз. Кейбір нейлон жөкелер де эмальді сыруы мүмкін. Алдымен затбелгісін тексеріңіз.
  • Ешқашан каталитикалық панельдерге түмшапеш тазалайтын құралдарды пайдаланбаңыз.
  • Еш уақытта түмшапеш бетінде сілті (тұзды сұйықтық) немесе қышқыл заттарды (мысалы, лимон шырыны немесе сірке суы) қалдырмаңыз.
  • Ешқашан хлор немесе қышқылдарға негізделген құралдарды пайдаланбаңыз.

НЕ? ҚАЛАЙ? МАҢЫЗДЫ!

Шыны беттер

(пеш есігінің әйнегі, басқару панелі)

Есік үш шыны панельден тұрады.

С ішкі В ортаңғы А сыртқы

Шыны панельді тазалау үшін алдымен есік пен ішкі панельді шешіп алу керек. Нұсқаулықтар "Есік әйнегін тазалау үшін алу және ауыстыру" бөлімінде келтірілген.

  1. Жұмсақ жуғыш құрал немесе ас содасымен және ыстық су ерітіндісімен тазалаңыз, содан кейін құрғатыңыз.
  2. Әйнек тазалағышпен сүртіп, түксіз жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.

- Шыны беттерді тазалау үшін пеш тазалағыштарды және кез келген басқа абразивті тазалағыштарды, матаны, металл губкаларды, болат жөкелер немесе өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз. Олар шыныны сырып, арнайы жабынын зақымдауы мүмкін, бұл өз кезегінде оның шытынап, бүлінуіне әкеледі.

- Тіпті ішкі панельді (С) тазаласаңыз да, алдымен есік пен панельді шешіп алыңыз. Есікке орнатылған панельмен шыныны тазалау тазартқыш сұйықтықтың саңылауларға ағып кетуіне және оның ішкі бөліктерінде кеуіп қалуына әкелуі мүмкін.

• * Баскару панелінің әйнегін тазалаған кезде өте сақ болыңыз. Тек жуғыш құрал мен дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.

НЕ? ҚАЛАЙ? МАНЫЗДЫ!
Тот баспайтын болаттан жасалған жолақ/ пеш есігінің алдыңғы түтқасыЖұмсақ жұғыш құрал мен ыстық су ерітіндісінің көмегімен тазалап, артынан микроталшықтан жасалған шүберекпен құргатып сүртіңіз.Қажет болса сәйкес келетін тазалағыш пен тот баспайтын болатқа арналған полирольді пайдаланыңыз.Тот баспайтын болаттан жасалған тазартқышта хром қосылыстары жоқ екеніне көз жеткізу үшін жапсырманы оқып шығыңыз, себебі олар агрессивті және пештің сыртқы түрін зақымдауы мүмкін.Тот баспайтын болаттың бетін әрдайым жылтырату бағытында сүртіңіз.
Пеш есігінің алюминий жақтауы және пластик бұрыштық қыскыштарЖұмсақ жұғыш құрал мен ыстық су ертінідісімен тазалап, артынан құргатып сүртіңіз./
Денгейлердің телескоптық сырғымалы тіреулеріЫлғал шүберекпен және жұмсақ жұғыш құралдармен сүртіңіз. Ақ түсті консистенттік майды сүртпеніз және шаймаңыз (сыргымалы бағыттағыштарды жылжытқанда көрінеді).Бүл бөлшектерді ыдыс жұғыш машинада жууға, сабынды суға батыруға, пеш тазалағыштарды пайдалануға руксат етілмейді, өйткені ақ майлау алынып тасталады және сырғымалы рельстердің жатық қозғалысы мүмкін болмайды.
Түмшапештің ішкі кұысыПештен барлық деңгейлер мен науаларды, бүйірлік торларды, каталитикалық панельдерді шығарып алыңыз.1. Есігін алыңыз (келесі беттердегі нұсқаулықты қараңыз).2. Түмшапештің ішкі бетін тұрмыстық жұғыш құралмен немесе аммиакқа негізделген тазалағыш құралмен сүртіңіз.3. Ёлғал шүберекпен тап-таза етіп сүртіп, толық кебуіне мүмкіндік беріңіз.Ластануды қабаттастырмау және кетіру қыын болмауы үшін, әр қолданғаннан кейін мүмкіндігінше пештен сүйықтықтың төгілуін, тамақ қалдықтары мен май дақтарын кетіріп отыру ұсынылады.Пештің ішкі беттерін тазалауды жеңілдету үшін пештің есігін алып тастауға болады. Нұсқаулықтар келесі беттерде жазылған.Түмшапештің төбесін тазалауды жеңілдету үшін грильдің қыздырғыш элементін түсіруге болады. Нұсқаулықтар келесі беттерде жазылған.
НЕ? ҚАЛАЙ?МАҚЫЗДЫ!
Грильге арналған науаша Грильге арналған тор Бүйірлік торлар тұмшапеш деңгейлері ТабаЖұмсақ жұғыш құрал мен ыстық су ерітіндісімен тазалаңыз.Кетуі қыын күйген дақтарды ыдыс жұғыш машинаға арналған ұнтақ пен ыстық су ерітіндісімен алдын ала сулап қойыңыз.Табадан басқа бөліктерін ыдыс жұғыш машинада жууға болады./
ТушапештіңнығыздауыштарыЖұмсақ жұғыш құрал мен ыстық су ерітіндісімен тазалаңыз./
Тамшы арнасыЕсіктің арт жағындағы тамшы арнасына жиналатын ылғалды сіңіріп алу үшін, губканы пайдаланыңыз./

Бүйірлік тіректі алып тастау

МАҢЫЗДЫ!

Алдымен міндетті түрде қорек бауын розеткадан суыру арқылы түмшапешті өшіріңіз. Жұмысқа кіріспес бұрын түмшапештің толық өшкеніне көз жеткізіңіз.

Бүкіл сөрені тартып, шығарыңыз.

Оңай қол жеткізу үшін, түмшапештің есігін алуға кеңес беріледі.

"Түмшапеш есігін алу және қайта орнату" бөлімін қараңыз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 1

Екі жақ бүйірлік тіреулерін алу:

Бүйірлік тіреудің алдыңғы бөлігіндегі бекіткіш сомынды бұрап, шығарыңыз. Қажет болса бұранданы босату үшін, монетаны пайдаланыңыз.

  1. Бүйірлік тіреуді алдыңғы таяныш бекіткіш бұрандадан босайтындай етіп, түмшапештің ортасына қарай тартыңыз.
  2. Бүйірлік тіреуді артқы істіктер саңылаудан шыққанша алға қарай жылжытыңыз.

Бекіткіш сомын Бекіткіш бұранда Артқы істіктер

Бүйірлік тіреуді орнына қою:

  1. Бүйірлік тіреудің артқы істіктерін түмшапештің арт жағындағы саңылауларға орнатыңыз.
  2. Бүйірлік тіреудің алдыңғы таянышын бекіткіш бұранданың үстіне қойыңыз.
  3. Бекіткіш сомынды орнына қойыңыз. Сомынды тарту үшін, монетаны пайдалануға болады.

Бүйірлік тіреу Артқы істіктер Бекіткіш сомын

Сөрелердің сырғымалы тіреулерін алу және қайта орнату (бөлек сатып алынады)

МАҢЫЗДЫ!

Тек шкаф-түмшапештер үшін:

Сөрелердің сырғымалы тіреулері 3 және 4-қалыпта қолданылмайды.

Орнату

  1. Бағыттағыштардың дұрыс орналасқанына (бағыттағыштың алдыңғы бөлігінде суретте көрсетілгендей үшбұрыш пішінді дөңес болу керек) көз жеткізіңіз.
  2. Қысқыштардың жоғарғы бөлігін бүйірлік тіреулердің үстіне қойыңыз. Алдыңғы қысқыш бүйірлік тіреудің алдыңғы шетіне барынша жақын орналасуға тиіс. Артқы қысқыштың бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
  3. Бағыттағышты төмен бұрып, қысқыштардың төменгі бөлігін "сырт еткенше" қойыңыз.

Денес Кыскыш

Денес Кыскыш

Алу

Қысқыштарды босатып, бағыттағышты алу үшін бағыттағышты қолмен ұстап, төменнен жоғары қарай бұраңыз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Алу - 1

Сөрелердің сырғымалы тіреулерін орнына қойған кезде мыналардың орнатылғанына көз жеткізіңіз:

алдымен бүйірлік тіреулер; бағыттағыштар деңгейдің жоғарғы бағыттауыш шыбығында (1 және 2-деңгейлер тек шағын түмшапештерде); бағыттағыштардың әр жұбының екі жағы

Түмшапеш науалары мен грильге арналған табаны орнату

Қажет сөрелерді қойыңыз. Келесіге көз жеткізіңіз: Деңгейлер сөренің екі бағыттағыш шыбықтары арасында сырғиды (егер сөренің сырғымалы тіреуі қолданылса); Тоқтау көрсеткіштері төмен қарап тұр. Қорғаныс қоршауы арт жақта тұр.

Токтау керсеткіштері

Деңгейді екі бағыттағыш шыбық арасына орнату

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Алу - 3

Денгейді сөренің сырғымалы тіреуіне орнату

Түмшапеш есігін алу және қайта орнату

МАҢЫЗДЫ!

Абай болыңыз, түмшапештің есігі ауыр.

Есікті алу:

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 1

  1. Түмшапештің есігін толық ашыңыз. Есік топсасының екі шетіндегі шағын металл бекіткіш иінтіректі табыңыз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 2

  1. Есікті топсадан алу үшін, әр бекіткіш иінтіректі толық көтеріңіз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 3

  1. Есікті екі шетінен ұстап тұрып, оны абайлап сыртқа қарай тартыңыз да, топсадан алыңыз.

Есікті орнына қою:

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 4

  1. Есікті екі шетінен ұстап тұрып, есіктің түбін топсаға сәйкестендіріңіз де, есікті топсаға кигізіңіз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 5

  1. Есік толықтай топсада тұрғанда, оны топсаға бекіту үшін әр бекіткіш иінтіректі толық түсіріңіз.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 6

Есікті жауып көрмес бұрын, екі иінтіректің де толық бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Есіктің шыны панельдерін тазалау үшін оларды шығарып алу

МАҢЫЗДЫ!

Жоғарғы элементті түсірмес бұрын, міндетті түрде қорек бауын суыру арқылы түмшапешті розеткадан ажыратыңыз. Жұмысты бастар алдында түмшапештің толық өшкеніне көз жеткізіңіз.

Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары мен төменде жазылған нұсқаулықтарды сақтаңыз. Әйнектер мен есікті дұрыс орнатпау түмшапештің зақымдалуына және кепілдік күшінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Сақ болыңыз, түмшапештің есігі ауыр (11 кг). Егер күдігіңіз болса, есікті алуға тырыспаңыз. ▶ Түмшапеш пен оның барлық бөлшектерінің суығанына көз жеткізіңіз. Ыстық түмшапештің бөліктеріне қол тигізуге тырыспаңыз.

Шыны панельдерді ұстағанда аса сақ болыңыз. Шынының бұрыштары мен шеттерін басқа беттерге соғып алмаңыз. Шыны сынуы мүмкін.

Әйнек беттерді тазалау үшін, түмшапешті тазалауға арналған және басқа қатты немесе абразивті тазалағыш құралдар, зімпара қабығын, қырғыш немесе сымды жөкелер пайдаланбаңыз. Олар шыныны сырып, арнайы жабынын зақымдауы мүмкін, бұл өз кезегінде оның шытынап, бүлінуіне әкеледі.

Шыны панельдің зақымдану белгілері (мысалы, сынықтар немесе жарықтар) табылса, пешті пайдаланбаңыз. Авторланған сервистік орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалыңыз. Барлық шыны панельді ауыстыру дұрыс орындалғанына көз жеткізіңіз. Әйнек панельдер орнына тиісінше орнатылғанша түмшапешті пайдаланбаңыз. ▶ Егер шыны панельдерді алу немесе ауыстыру қиын болса, оларды алуға күш салмаңыз. Авторланған сервистік орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалыңыз.

Ескертпелер: Кепілдік түмшапешті пайдалану немесе оған қызмет көрсету бойынша көмек көрсететін мамандардың баруына қолданылмайды.

Әйнек тазалауды жеңілдету үшін, есікті шешіп алған дұрыс болады. Нұсқаулықтар "Тұмшапештің есігін алу және қайта орнату" бөлімінде жазылған. Есікті алған соң оны жұмсақ, таза, тегіс бетке қойыңыз.

Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары мен төменде жазылған нұсқаулықтарды мұқият сақтаңыз. Әйнектер мен есікті дұрыс орнатпау түмшапештің зақымдалуына және кепілдік күшінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Ішкі панельді алу

  1. Есіктің екі шетіндегі таяныш төңесін басыңыз.
  2. Әйнек таянышын деңестер жоғарғы саңылауға орын ауыстырғанша көтеріңіз.
  3. Ішкі әйнектің жоғарғы бөлігінен ұстап тұрып, әйнек есіктің төмен жағындағы қыскыштан босағанша ақырын тартыңыз, содан кейін көтеріңіз. Әйнекті тым қатты еңкейтпеңіз, оны зақымдап алуыңыз мүмкін.

Ішкі панель Эйнек таянышы ① Кыскыш ③ Денес

Ортаңғы панельді алу

  1. Есіктің екі шетіндегі таяныш төңесін басыңыз. Содан кейін әйнек таянышын толық тартуға болады.
  2. Ортаңғы панельді есіктің төменгі бөлігіндегі қыскыштан босағанша есіктің жоғарғы жағына қарай ақырын тартыңыз.
  3. Панельді көтеріңіз. Панельдің жоғарғы бұрыштарындағы резеңке таяныштар әйнекке бекітулі күйінде қалады.

HAIER HOQ-K4AAN3WB - Ортаңғы панельді алу - 1

Тазалап болған соң есіктің әйнек панельдерін орнына қойыңыз.

Эйнек панельдерді ауыстырғанда мыналарға көз жеткізіңіз:

сіз ішкі панельді суретте көрсетілгендей етіп орнаттыңыз. Панельдің есікке дұрыс қойылуын және түмшапештің қауіпсіз әрі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, бұл панель төменде сипатталғандай қалыпта болуы керек.

эйнек шеттерінің басқа затқа немесе бетке ұрылуын болдырмас үшін, сақтық шаралары сақталды. Панельді орнына қою үшін, қатты күш салмаңыз. Панельдерді орнату барысында қиындық түындаған жағдайда оларды алып, процесті қайта бастаңыз. Егер бұрынғыдай көмектеспесе, Клиенттерді қолдау орталығына жүгініңіз.

Ортаңғы панельді орнату

Панельдің дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз (есіктің төменгі жағындағы ескерту жақсы оқылуы керек)

  1. Резенке таяныштар бұрынғыдай панельдің жоғарғы бұрыштарына бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
  2. Панельдің төменгі жиегін есіктің төменгі жағындағы төменгі ойыкқа салыңыз.
  3. Панельді есікке тусірініз, резенке тіректер сыртқы әйнекке тіреледі

Резенке таяныштар ① ② Төменгі ойык ③

Ішкі панельді орнату

Панельдің дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз

(ягни, есіктің, төменгі жағында логотип көрінуі керек)

  1. Панельді есіктің төменгі жағында орналасқан ойыққа салыңыз.
  2. Панельді есіктің жоғарғы жағындағы қысқышқа түсіріңіз.
  3. Әйнек таяныштарын қайта орнына қойып, олардың орнына берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

МАҢЫЗДЫ!

Әйнек таяныштар орнына дұрыс қойылғанына, ал әйнек панель сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Жоғарғы ойық ④ ⑤ ⑥

Пеш шамдарын ауыстыру

Ескертпе: Түмшапештің шамдарын ауыстыру кепілдікке кірмейді.

Жарықтандыру шамы түмшапештің төбесінде, центр бойынша алдыңғы бөлігінде орналасқан.

Кейбір модельде қуаты 25 Вт, 220–240 В, 50 Гц-ке шақталған галогенді G9 шамдары қолданылады.

Ауыстыратын шамды жұмсақ шүберекпен ұстаңыз. Шамды қолмен ұстау оның қызмет ету мерзімін қысқартады.

Шамды ауыстыру

  1. Шамды ауыстырмас бұрын пештің қуысы мен грильдің қыздыру элементі толығымен салқындауы керек.

МАҢЫЗДЫ!

Жалғастырмас бұрын, айырды розеткадан шығарып, пешті ажыратыңыз.

  1. Қорғаныш қақпағын сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.

3. Істен шыққан галогенді шамды абайлап шығарып алыңыз.

4. Жаңа шамды абайлап орнатыңыз.

  1. Қорғаныш қақпағын сағат тілі бойынша бұрап, оны бұрап кіргізіңіз.
  2. Түмшапешті қайта қосып, уақытты орнатыңыз (нұсқаулықтар "Алғаш қосу" бөлімінде жазылған).

HAIER HOQ-K4AAN3WB - МАҢЫЗДЫ! - 1

Ақауларды іздеу және оларды жою кестесі

Ақау пайда болған жағдайда оны жою қолыңыздан келетін-келмейтінін төмендегі кесте арқылы тексеріңіз. Егер мәселені шешу мүмкін болмаса немесе ақау жойылмаса, авторланған сервистік орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне жүгініңіз.

АҚАУЛЫҚ ЬІҚТИМАЛ СЕВЕПТЕР ЖОЮ
Негізгі ақаулар
Түмшапеш жұмыс істемейді.Қуат көзі жоқ.Электр розеткасының (қабырғалық) қосулы екенін, сақтандырғыштардың бүтін екенін және сіздің аймағыңызда электр қуаты өшпегенін тексеріңіз.
Түмшапештің есігін ашқанда, шам жанбайды.Түмшапештің шамы (-дары) күйіп кеткен. Есік дұрыс орнатылмаған. Пеш Шаббат режимінде жұмыс істеп түр, артқы жарығын өшіру функциясы іске қосылған. Жарықты өшіру.Шам (-дар)ды ауыстырыңыз. Нұсқаулықтарды "Тазалау және күтім" бөлімінен қараңыз. Есікті дұрыс орнату бойынша нұсқауларды Тазалау және күтім бөлімінен қараңыз. "Шаббат" режимін өшіру үшін, токтату түймесін басып, үстан тұрыңыз. Артқы жарықты өшіру функциясын өзгерту туралы нұсқаулар үшін Пайдаланушылық таптаулар бөлімін қараңыз.
Түмшапеш қызбайды.Есік дұрыс жабылмаған немесе ас дайындау кезінде тым жиі ашылады.Есік ашылғанда, қыздыратын элементтер өшіп қалады. Есік нығыз жабылғанына көз жеткізіңіз және ас өзірлегенде оны жиі ашпаңыз.
Түмшапеш есігінің әйнегі шытынаған, жарылған немесе сынған.Дұрыс тазаламау немесе әйнектің шетін басқа затқа согу.Түмшапешті пайдаланбаныз. Авторланған сервистік орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалыңыз.
АҚАУЛЫҚ ЬІҚТИМАЛ СЕБЕПТЕР ЖОЮ
Herizrì ақаулар
Пешті қосқаннан кейін желдеткіш саңылаулардан ыстық ауаның шығуы сезіледі.Бүл қалыпты жағдай.Қауіпсіздік үшін салқындататын желдеткіштер тұмшапеш өшкеннен кейін де жұмысын жалғастырады. Пеш салқындаған кезде желдеткіштер автоматты түрде өшеді.
Пештің желдеткіші желдеткішті пайдаланбайтын функцияны тандағанда қосылады (мысалы, пісіру немесе классикалық пісіру).Бүл қалыпты жағдай. Пешті алдын ала қыздыру кезінде желдеткіш іске қосылады. Пеш белгіленген температураға жеткенде ол өшеді.Үзак дыбыстық сигнал шыққанша және барлық қыздыру шамдары жанғанша күтіңіз: пеш пайдалануға дайын.
Пеш қызады, бірақ дисплей өшірілген.Тұмшапеш “Дисплейді өшіру” режимінде түр. Тұмшапеш “Шаббат” режимінде жұмыс істеп жатыр.«Шаббат» режимін өшіру үшін функция селекторын қүйіне орнатыңыз, сонда пеш өшеді.

Пеште проблема туындаған жағдайда:

түмшапеш барлық функциялардың жұмысын автоматты түрде тоқтатады, бес рет дыбыстық сигнал береді, қате кодын немесе ескертуді көрсетеді.

МАҢЫЗДЫ!

Қате коды немесе ескерту пайда болған жағдайда пешті розеткадан ажыратпаңыз, егер бұл келесі кестеде көрсетілген нұсқауларға сәйкес жасалуы керек болса. Пеште салқындатқыш желдеткіштер бар, олар пештің компоненттерін салқындату үшін қажет. Әлі ыстық пешті қуат көзінен ажырату құрылғының өзіне және айналасындағы жиһазға зақым келтіруі мүмкін.

Қате коды немесе ескерту пайда болса не істеу керек

  1. Егер пеш дыбыстық сигнал бере берсе, оны тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз. 2. Көрсетілген қате немесе ескерту кодын жазыңыз. Сізге бұл ақпарат қажет болуы мүмкін.
  2. Мәселені өзіңіз шеше алатыныңызды білу үшін келесі кестені тексеріп, нұсқауларды орындаңыз.
  3. Егер сіз мәселені шеше алсаңыз және қате коды немесе ескерту пайда болмаса, пешті пайдалануды жалғастыра аласыз.

Егер мәселені өз бетіңізше шеше алмасаңыз немесе қателік коды немесе ескерту қайта шықса, ал мәселе шешілмесе: салқындататын желдеткіштер тоқтап, түмшапеш толық суығанша күтіңіз, содан кейін айырды қабырғадағы розеткадан суыру арқылы түмшапешті қорек көзінен ажыратыңыз да, авторланған сервистік орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалып, қате коды мен ескертуді хабарлаңыз.

ҚАТЕ КОДЫ НЕМЕСЕ ЕСКЕРТУЛЕРЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕР ЖОЮ
Er+сан Техникалық ақау

Құрметті сатып алушы!

Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай. Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады және пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалану үшін арналған тұрмыстық бұйымның жұмысқа жарамды ресми мерзімі: бұйым кесімді тұтынушыға табысталған күннен бастан теледидарларға, микротолқынды пештер — 5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге және теледидарлық приставкаларға — 3 жыл, шаңсорғыштарға — 4 жыл, ұялы телефондар мен гироскутерлерге — 2 жыл, қалған тауарларға — 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты пайдалану мерзімі айтарлықтай ресми мерзімнен артық болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және техникалық талаптардың сәйкестілігіне арналған тиісті сертификаттауды өткен.

Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдікті міндеттемелердің шарттарын зейін қойып оқып шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Сізге Haier-дің Авторландырылған серіктесіне жүгінуді қадала ұсынамыз.

Осы кепілдік талонымен Haier корпорациясы бұйымның ақаулары анықталған жағдайда қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамамен, басқа нормативтік актілермен белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдағанын растайды. Бірақ Haier корпорациясы төменде аталған шарттарды сақтамаған жағдайда кепілдікті де, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуден де бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Кепілдікті және сервистік қызмет көрсетудің шарттары

Haier корпорациясы тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімін белгілейді және тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 36 ай ішінде қосымша сервистік қызмет көрсетеді. Ықтимал түсінбестікке жол бермеу үшін бұйымды сатқан кезде оған қоса берілетін құжаттарды (тауар чегі, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) қолдану мерзімі ішінде сақтаңыз. Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсету – Өндірушінің кінәсінен туындаған бұйымның ақауларын жою тұтынушы үшін тегін. Бұл қызмет бұйым иесі тауар және кассалық чектерін, бұйымды сатып алу дерегін растаушы басқа құжаттарды көрсеткен кезде ғана көрсетіледі.

Кепілдікті сервистік қызмет көрсету ерекше Haier-дің Авторландырылған серіктестерімен ғана көрсетіледі. Авторландырылған серіктестердің толық тізбесін Сіз Haier ақпараттық орталығынан мына телефондар бойынша біле аласыз:

8-800-250-43-05 — Ресей тұтынушыларына арналған (Ресей өңірлерінен қоңырау шалу тегін)

7-727-233-30-00/ моб. 3210 — «Сервис Маг» ЖШС (050016, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 38А)

7-727-397-75-75 — «Ascon-7» ЖШС (050010, Алматы қ., Сағадат Нұрмағамбетов к-сі, 25)

немесе www.haier-europe.com сайтында немесе help@haieronline.ru электрондық поштасында.

Авторландырылған серіктестердің деректері өзгертілуі мүмкін, анықтама алу үшін Haier ақпараттық орталығына жүгініңіз.

Кепілдікті және қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан туындаған бұйымдарға таратылмайды:

— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау шарттары мен ережелерін бұзу;

— бұйымды дұрыс орнатпау және/немесе іске қосу;

— тоңазыту контурымен және электрлік қосылыстармен жұмыс технологияларын бұзу, сондай-ақ бұйымды монтаждау үшін құжаттармен расталған, тиісті біліктілігі болмаған тұлғаларды тарту;

— бұйымның пайдалану жөніндегі нұсқаулық талап еткен техникалық қызмет көрсету мерзімде болмауы;

— суқұбыр желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;

— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды қолдану, сондай-ақ жуғыш құралдардың мөлшерлемесін асып кету;

— бұйымды тағайындалмаған мақсаттарда пайдалану;

— үшінші тұлғалардың әрекеттері: уәкіл етілмеген тұлғалармен жөндеу немесе өндірушімен санкцияланбаған құрылымдық немесе сұлбалық техникалық өзгерістерді енгізу;

— стандарттардан және желілерді қуаттаушы нормалардан ауытқу;

— еңсерілмейтін күштердің әрекеттері (апат, өрт, найзағай және т.б.);

— жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттері;

— егер бұйым ішіне бөгде заттар, сұйықтықтар, жәндіктер, жәндіктердің тіршілік ету өнімдері түскеннен ақаулар анықталған болса;

— су жылытқыштың сумен толтырылмаған / толық толтырылмаған бөгін қосу салдарынан термокорғаныстың іске қосылуы.

Кепілдікті және қосымша қызмет көрсету келесі жұмыс түрлеріне таратылмайды:

— бұйымды пайдалану жерінде орнату және іске қосу;

— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқалама және кеңес беру;

— бұйымды сырттан немесе ішінен тазарту.

Төменде аталған шығыс материалдар мен аксессуарлар кепілдікті және қосымша қызмет көрсетуге жатпайды:

— желдеткіштерге арналған сүзгілер;

— кір жуғыш / ыдыс жуғыш машиналар үшін суды жеткізуге / ағызуға арналған сүзгілер, құбыршектер;

— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар, шаңжинағыштар;

— қысқа толқынды пештерге арналған тәрелкелер, істіктер, ыдыстар мен тіреуіштер;

— сүзгілер, иісті сіңіргіштер, ләмпішкелер, сөрелер, жәшіктер, тіреуіштер және тағамдарды тоңазытқышта сақтауға арналған өзге сыйымдылықтар;

— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуаттандыру элементтері, сыртқы қуаттандыру блоктары және зарядтау құрылғылары;

— бұйымға қоса берілетін құжаттама.

Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша төлем арқылы жүргізіледі.

Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіру мүмкіндігін бермейді және осы салдарынан оған қызмет көрсету мүмкіндігі болмайды. Аспапта зауыттық сәйкестендіруші мандайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық мандайшалардың зақымдалуы немесе болмауы кепілдік міндеттемелерден бас тартудың себебі болуы мүмкін.

* қосымша сервистік қызмет көрсету электрлік су жылытқыштарға, қысқа толқынды пештерге, HRB-331 модельді тоңазытқыштарға, мұздатқыштарға, газ плиталарына, шаңсорғыштарға, робот-шаңсорғыштарға, теледидарларға, теледидарлық приставкаларға, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге, ұялы телефондарға, гироскутерлерге таралмайды.

Клиенттерді қолдау қызметі

Haier компаниясының тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне, сондай-ақ түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдалануға кеңес береміз. Егер сіздің тұрмыстық техникамен қиындықтарыңыз болса, алдымен «Ақауларды жою» бөлімін оқып шығыңыз.

Егер де сіз проблемаңыздың шешімін таба алмаған болсаңыз, мынаған жүгініңіз:

— біздің ресми дилерімізге немесе

— www.haier-europe.com сайтына кіріңіз, онда сіз қызмет көрсету туралы сұрау жібере аласыз және жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, төмендегі ақпаратты дайындаңыз, ол сіз төлтеушінің атына және тексеруге болады:

Үлгісі

Сериялық нөмірі ____

Сатылған күні ____

Сонымен қатар, кепілдігінің және сатылғаны туралы құжаттардың болуын тексеріңіз.

EAC

Маңызды! Құралда сериялық нөмірінің болмауы өндіруші үшін Құралды сәйкестендіруді және нәтижесінде кепілдік қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Құралдан зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.

Осы құжатқа алдын ала ескертусіз бір өзгерістердің енгізілуі мүмкін. Өндіруші бұдан әрі ескертусіз бұйымның дизайны мен жабдықтарына өзгерістер енгізуге құқылы.

Энергия тиімділігі класы - А+;

Таза салмағы - 38 кг;

Брутто салмағы - 42 кг;

Haier

Изготовитель: «Haier Overseas Electric Appliances Corp. Ltd.» Адрес: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, China

Өндіруші: «Haier Overseas Electric Appliances Corp. Ltd.» Мекенжайы: Рум S401, Хайер бренд билдинг, Хайер индастри парк Хай-тек зон, Лаошан дистрикт, Циндао, Кытай

Импорттаушы: «ХАР» ЖШК Мекенжайы: 121099, Мәскеу қаласы, Новинский бульвары, 8-үй, 16-қабат, кеңсе 1601 Тел.: 8-800-250-43-05, эл.поштаның мекенжайы: info@haierrussia.ru

Сделано в Китае Кытайда жасалған

Шығарылған күні және кепілдік мерзімі құрылғының заттаңбасында көрсетілген

EA[

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HAIER

Модель : HOQ-K4AAN3WB

Санат : Пешка