Hansa AMM 20BIH - Микротолқынды пеш

AMM 20BIH - Микротолқынды пеш Hansa - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AMM 20BIH Hansa PDF форматында.

📄 72 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Hansa AMM 20BIH - page 16
Нұсқаулықты қарау : Български BG Deutsch DE Magyar HU Қазақша KK Română RO Русский RU
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Гриль бар микротолқынды пеш
Модель AMM 20BIH
Бренд Hansa
Сыртқы өлшемдері (B × H × T) 595 × 313 × 382 мм
Таза салмағы шамамен 16,1 кг
Пеш көлемі 20 литр
Қуат көзі 230 В ~ 50 Гц
Микротолқынды пеш қуаты 800 Вт
Гриль қуаты 1000 Вт
Жалпы қуат 1150 Вт
Жұмыс жиілігі 2450 МГц
Айналмалы табақ диаметрі 245 мм
Жұмыс режимдері Микротолқын, Гриль, Комбинация (3 деңгей)
Дыбыс деңгейі 61,6 дБ(A)
Орнату Иә (орнатуға арналған)
Қауіпсіздік Қауіпсіздік құлпы, есік тығыздағышы
Тазалау Ішкі бөлігін дымқыл шүберекпен сүрту, керек-жарақтарды ыдыс жуғыш затпен жуу
Кепілдік Кепілдік картасына сәйкес

Жиі қойылатын сұрақтар - AMM 20BIH Hansa

Микротолқынды пешті қалай қосуға болады?
Қуат реттегішін қалаған деңгейге, содан кейін уақыт реттегішін қалаған уақытқа қойыңыз. Микротолқынды пеш автоматты түрде іске қосылады.
Металл ыдыстарды қолдануға болады ма?
Жоқ, металл ыдыстар немесе металл жиегі бар ыдыстар ұшқын пайда болуына әкелуі мүмкін. Тек микротолқынды пешке жарамды ыдыстарды пайдаланыңыз.
Неліктен микротолқынды пеш жұмыс істемейді?
Ықтимал себептер: аша дұрыс қосылмаған, сақтандырғыш жанып кеткен, есік жабылмаған. Осы нүктелерді тексеріңіз.
Микротолқынды пешті қалай тазалауға болады?
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз. Ішкі бөлігін дымқыл шүберекпен, керек-жарақтарды ыдыс жуғыш затпен тазалаңыз. Есік тығыздағыштарын ақырын жұмсақ тазартқышпен тазалаңыз.
Микротолқынды пеште жұмыртқа пісіруге болады ма?
Жоқ, қабығы бар жұмыртқаларды және тұтас пісірілген жұмыртқаларды микротолқынды пеште қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы мүмкін.
Комбинация режимі нені білдіреді?
Комбинация режимі гриль мен микротолқынды біріктіреді. Үш деңгей бар: Combi 1 (80% Гриль + 20% Микротолқын), Combi 2 (70% Гриль + 30% Микротолқын), Combi 3 (60% Гриль + 40% Микротолқын).
Тағамдарды қалай ерітуге болады?
'Орташа төмен' (еріту) қуат деңгейін таңдап, сәйкес уақытты қойыңыз. Еріткеннен кейін тағамдарды аздап демалуға қалдырыңыз.
Микротолқынды пеш орнатуға жарамды ма?
Иә, микротолқынды пеш ас үй шкафына орнатуға арналған. Орнату нұсқаулығын монтаж парағынан таба аласыз. Шкафтың ені 60 см болуы керек.
Қандай қуат деңгейлері бар?
Мынадай деңгейлер бар: Төмен (150 Вт), Орташа төмен/Еріту (250 Вт), Орташа (450 Вт), Орташа жоғары (600 Вт), Жоғары (800 Вт), сондай-ақ үш комбинация деңгейі және Гриль (1000 Вт).
Түтін пайда болғанда не істеу керек?
Есікті жабық ұстаңыз, құрылғыны өшіріңіз, ашаны ажыратыңыз немесе электр қуатын үзіңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AMM 20BIH Hansa

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Микротолқынды пеш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AMM 20BIH - Hansa және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AMM 20BIH брендінің Hansa.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AMM 20BIH Hansa

ПАЙДАЛАНУ НУСКАУЛЫГЫ KZ

KZ Ciz сатып алған микротолқынды пеш – бүл қолдануда жеңіл заманауи бұйым. Сізге осы пайдалану нұсқаулығы сатып алған бұйыммен тез әрі тыңғылықты танысуға мүмкіндік береді. Нұсқаулықтың мазмунын муқият әрі буге-шугесіне дейін оқып, бұйым өндірушісінің ерекшелеген түсініктемелері мен кеңестеріне аса назар аударуыңызды сураймыз Біздің фирмамыздың өнімі микротолқынды пешті рахаттанып қолдануыңызга тілектеспіз!

Hansa AMM 20BIH - 1

Назар аударыңыз!

Осы буйым тек үйде қолдану үшін ғана арналған

Hansa AMM 20BIH - Назар аударыңыз! - 1

Микротолқынды пешті қолдануды бастамас бұрын пайдалану нұсқаулығын муқият оқып шығыңыз және қажет болған жағдайда қолдану үшін оны қолжетімді және сенімді жерде сақтаңыз. Сіз осы нұсқаулықтың талаптарын сақтасаңыз, бұл өзіңіздің микротолқынды пешіңіздің көп жылдық әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етесіз.

A) Микротолқынды пешті есігі ашулы күйінде қосуға болмайды! Бүл микротолқындардың ағзага зиянды әсер етуіне әкеп соғуы мүмкін. Өте маңызды – сақтандырғыш бұғаттауларды сөндірмеңіз және олармен ешқандай әрекеттер жүргізбеніз!

(Б) Микротолқынды пештің алдыңғы беті мен есігінің арасына заттар қоймаңыз және тығыздағыш беттерде ластанулар немесе тазалағыш құралдар қалдықтарының жиналуына жол бермеңіз.

(В) Микротолқынды пеш зақымдалған жағдайда оны қосуға болмайды. Микротолқынды пештің есігі дұрыс жабылғаны және:

(1) ЕСІГІ (майыскан)

(2) ІЛМЕКТЕРІ МЕН КУЛЫПТАРЫ (сынған немесе ілмектері өте бос)

(3) ЕСИКТИН ТЫФЫЗДАФЫШТАРЫ МЕН ТЫФЫЗДАФЫШ БЕТТЕРІ закымдалмағаны өте маңызды.

(Г) Микротолқынды пешті реттеуді және барлық жәндеу жұмыстарын тек өндірушінің жоғары білікті қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы ғана орындауы қажет.

Техникалық мәліметтер

Улгі АММ 20ВІМ Н
Тоқ кернеуі 230V~ 50Hz
Жұмыс жилігі 2450МГц
Шу деңгейі 61,6 [dB (A) re 1pW]
Қолданылатын қуат 1150 W
Микротолқындардың нақтылы қуаты 800 W
Грильдің нақтылы қуаты 1000 W
Микротолқынды пештің көлемі 20 литр
Айналатын төрелкенің диаметрі 245 mm
Ішкі өлшемдері (LxWxH) 595 x 313 x 382mm
Таза салмағы шамамен 16.1 кг

1) НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! ЕСКЕРТУ! Микротолкынды пеш курама режимде қолданылған жағдайда, балалар микротолкынды пешті тек ересектердің бақылауымен ғана қолдана алады, өйткені ете жоғары температура пайда болады.
2) НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! ЕСКЕРТУ! Егер есігі немесе есіктің тығыздағыштары бузылған болса, ол өндірушінің қызмет көрсету орталығындағы біліктілігі жоғары маманмен жәнделмейінше микротолқынды пешті қолдануға тыйым салынады.
3) НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! ЕСКЕРТУ! Микротолқынды энергиядан қөрғайтын қандай да бір жабындарды алумен байланысты алдын алатын күтімдер немесе микротолқынды пешті жөндєу бойынша кез келген әрекеттерді жүргізу кез келгеніңз үшін қауіпті болып табылады. Оны тек өндірушінің қызмет көрсету орталығындағы біліктілігі жоғары маман ғана жасай алады.
4) НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! ЕСКЁРТУ! Суйыктыктарды немесе баска да азықтық тағамдарды тығыз жабылған сыйымдылыктарда қыздыруга болмайды, өйткені олар атылуы мүмкін.
5) НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! ЕСКЕРТУ! Осы жабдыкты 8 және одан жоғары жастағы балалар, сонымен қатар шектеулі дене, сипап-сезу және ақыл-ой қабілеттері бар адамдар, жабдыкты қолдануға тәжірибесі жеткіліксіз адамдар, егер олар жауапты түлғаның бақылауында болған жағдайда немесе жабдыкты қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған және осы жабдыкты пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптілік туралы кулақтандырылған жағдайда ғана, қолдануға болады.
Балаларға жабдықпен ойнауға тыйым салынады!
8 жаска дейінгі балаларға буйымды тазалауға және оның күтімі бойынша алдын алу шараларын жүргізуге тыйым салынады. 8 жастан жоғары бала микротолқынды пештің күтімі бойынша алдын алу жұмыстарын тек жауапты тулғаның бақылауымен ғана жүргізе алады
6) Микротолқынды пештің жоғары бетінің үстіндегі бос кеңістіктің ең аз қажет биіктігі орнату бойынша нұсқаулықта көрсетілген.
7) Тек микротолкынды пештерде пайдалану үшін жарамды ыдыстарды ғана қолдану қажет

8) Микротолкынды пеште пластик немесе қағаз сыйымдылықтарда тағамды жылыту барысында аса назар аударған жөн, өйткені сыйымдылықтардың тутану қаупі бар.

9) Егер Сіз түтінді байқаған жағдайда жабдықты тез арада сөндіріңіз және электр желісінен ажыратыңыз, есігін жалын басылғанша ашпаңыз.

10) Микротолкындармен жылытып жаткан сусындарда қайнау үдірісінің кідірісі (сұйықтық кешігіп қайнауы мүмкін, мысалы, Сіз сыйымдылыққа қол тигізген сәтте) түындауы мүмкін, сондықтан сыйымдылықты алған кезде абай болу қажет.

11) Балаларға арналған бөтелкелердің және балаларға арналған тағамы бар шағын банкілердің ішіндегісін араластырган немесе шайқаған жән, күйіп қалудан сақтау үшін балаға тамақ берер алдында олардың кұрамының температурасын тексеру қажет.

12) Қабығы бар жұмыртқаны (шикі, соңымен қатар қабығымен пісірілген ) микротолқынды пештерде қыздыруға болмайды, өйткені олар, тіпті, микротолқындармен жылытқаннан кейін де, жарылуы мүмкін.

13) Есіктің тығыздағыштарын және оған жанасатын бөліктерді тазалауға қатысты толығырақ мәліметтер осы нусқаулықтың сәйкес бөлімінде берілген.

14) Микротолқынды пешті жүйелі түрде тазалап, онда дайындалып жатқан тағамдардың барлық қалдықтарын кетіріп тұру қажет.

15) Микротолкынды пештің тазалығын сақтауды елемеу беттердің зақымдануынаәкеп соғуы мүмкін, бұл, өз кезегінде, жабдықтың төзімділігіне кері әсер етуі және қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін.

16) Назар аударыңз! Егер жалғағыш сымжелі зақымдалса, онда қауіптіліктен аулак болу үшін, оны алмастыруды өндіруші немесе кәсіби жәндеу шеберханасының білікті маманымен жүргізілуі кажет.

17) Микротолқынды пешті пайдалануды бастамас бұрын грильдің қыздырғышын қыздырған жөн (қыздырғышты қыздырған кезде микротолқынды пештің желдеткіш саңылауларынан түтін шығуы мүмкін):

- бөлмеде желдеткішті қосу немесе терезені ашу қажет,

- микротолкынды пешті шамамен 3 минут уакыт аралығына тек грильдің жұмыс істеу режиме орнатыңыз және грильдің қыздырғышын азықтық тағамдарды жылытпай қыздыру қажет.

18) Микротолқынды пеш орнатылған сәндік жақтауы бар шкафта жұмыс жасау үшін арналған.

КАУІПСІЗДІК

Hansa AMM 20BIH - КАУІПСІЗДІК - 1

  1. Микротолкынды пеш тегіс бетте тұруы кажет.

  2. Айналатын төрелке және айналдыратын сақина жүйесі дайындау барысында микротолқынды пештің ішінде болуы қажет. Дайындалатын тағамды айналатын төрелкеге абайлап қою керек, оны сындырып алмау үшін сақтықпен қолданған жөн.

  3. Жоғарғы температураның салдарынан қызартуға арналған тағамды дұрыс қолданбау айналатын устелшенің закымдануына (жарылуына) әкеп соғуы мүмкін.

  4. Микротолқынды пештерде қолдануға арналған пакетті тек сәйкес өлшемде ғана қолданыңыз.

  5. Микротолкынды пештің есігі ашылған кезде сәулеленуден қорғайтын бірнеше кірістірілген ажыратқыштары бар. Осы ажыратқыштармен ешқандай әрекеттер жасамаңыз!

  6. Бос микротолқынды пешті қоспаңыз. Микротолқынды пешті тағамсыз немесе құрамында өте аз су көлемі бар тағаммен қосу өрттің, тағамның көмірленуінің, ұшқын түзілуінің, сонымен қатар ішкі камера жабынының закымдануының себебі болуы мүмкін.

  7. Тағамды тікелей айналатын тәрелкеде дайындамаңыз. Айналатын тәрелкенің артық қыздырылуы оның зақымдануына (жарылуына) әкеп соғуы мүмкін.

  8. Сәбилерге арналған шағын бөтелкелерді немесе тағамдарды микротолқынды пеште жылытпаңыз. Жылыту удерісі біркелкі болмауы мүмкін және дене зақымдануларын (жаракаттар) тудыруы мүмкін.

  9. Жінішке мойны бар, мысалы шәрбетке арналған шағын бөтелкелер сияқты сыйымдылықтарды қолданбаныз.

  10. Микротолкынды пеште майда және терең ыдыста куырмаңыз.

  11. Микротолқынды пеште өнімдерді үйде консервілеумен айналыспаңыз, өйткені ыдыстың ішіндегісінің барлығы әрдайым қайнау температурасына жетпейді.

  12. Микротолқынды пешті коммерциялық мақсаттарда қолданбаңыз. Осы микротолқынды пеш тек үй шаруашылығында қолдану үшін ғана жобаланған.

  13. Ьстық сүйықтықтар мен сусындардың қайнау үдерісін кідіртпеу, сонымен қатар қуйіп қалмау мақсатында ыдысты микротолқынды пешке салудан бұрын және дайындау үдерісінің ортасында сүйықтықты араластырған және. Сосын микротолқынды пеште қысқа ұақытқа қалдырыңыз және сыйымдылықты микротолқынды пештен алған кезде тағы да араластырған және.

  14. Тагамның күйіп кетуінен аулақ болу үшін оны микротолқынды пештен уақтылы алуды ұмытпаңыз.

  15. Жабдык курама режимде қолданылған кезде балалар микротолқынды пешті тек ересектердің бақылауымен ғана қолдана алады, өйткені осы режимде өте жоғары температура пайда болады.

  16. Микротолқынды пешті таза ұстаған жән, әйтпесе беті зақымдануы мүмкін, бұл микротолқынды пеш жұмысының сенімділігіне теріс әсер етіп, қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.

  17. Осы жабдыкты шектеулі дене, сипап-сезу және ақыл-ой қабілеттері бар түлғалармен және жабдыкпен таныс емес, тәжірибесі жеткіліксіз адамдармен (соның ішінде балалармен) қолдануға тыйым салынады. Жоғарыда аталған түлғалар егер олар жауапты түлғаның қадағалауында болған немесе жабдыкты қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулар алған және оның пайдаланылуымен байланысты ықтимал қауіптілік туралы құлақтандырылған жағдайда ғана жадбыкты қолдана алады. Балаларға жабдыкпен ойнауға тыйым салынады!

Hansa AMM 20BIH - КАУІПСІЗДІК - 2

Өрттің түындау, адамдардың дене жаракаттану немесе микротолқындармен сәулелену қаупінен аулақ болу үшін микротолқындыі пешті қолдану барысында төменде аталған қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн:

  1. Жабдыкты қолданар алдында пайдалану нүсқаулығын оқу қажет.
  2. «МИКРОТОЛКЫНДЫ ЭНЕРГИЯНЫЙ ШАМАДАН ТЫС ӘСЕР ЕТУІНЕН АУЛАҚ БОЛУ УШІН» бөлімінің қауіпсіздік техникасын толығымен сақтау қажет.
  3. Көптеген пештер мен такталарды қолдану жағдайы сияқты микротолқынды пештің камерасында өрт қаупінен аулақ болу үшін аса назар аудару және бақылау қажет.

Hansa AMM 20BIH - КАУІПСІЗДІК - 3

  1. Микротолкынды пештің есігін жабық күйінде қалдырыңыз.
  2. Микротолқынды пешті сөндіріңіз және электр розеткасынан істікшені ажыратыңыз.
  3. Калканнан сақтандыргышты айналдырып алу немесе шығару арқылы электр куатын ажыратыңыз.

Hansa AMM 20BIH - КАУІПСІЗДІК - 4

Келесі ережелерді әрдайым есте ұстау керек:

  1. Дайындау барысында микротолқынды пеште тағамдарды узак ұстамаңыз. Жабдыкты, әсіресе, қарапайым және тез дайындау мақсаттарында онда қағаз орамадағы, жасанды немесе оңай түтанатын материалдардағы тағамдарды дайындау кезінде мұқият қадағалаңыз.

  2. Микротолқынды пештің камерасын қойма ретінде қолданбаңыз. Микротолқынды пештің ішінде нан, печенье, қааздан жасалған бүйымдар және т.б. сияқты оңай түтанатын өнімдер мен заттарды сақтамаңыз. Егер найзағай электрмен қоректендіру желісіне тиген жағдайда, микротолқынды пеш еріксіз қосылуы мумкін.

  3. Микротолкынды пешке қағаз немесе пластик сыйымдылықтарды/пакеттерді салмас бұрын олардың орамаларынан сымды қыскыштар мен металл элементтерді алып тастау қажет.

  4. Микротолкынды пеш жерлестірілуі кажет.

  5. Микротолкынды пешті тек орнату бойынша нүсқауға сәйкес орнату қажет.

  6. Кабығы бар жұмыртқа, өсімдік майлары қосылған су сияқты кейбір өнімдер, тығыз жабылған сыйымдылықтар және жабық шыны банкілер жарылуы мүмкін, сондықтан оларды микротолқынды пеште қыздыруга болмайды.

  7. Осы жабдыкты тек осы нусқаулыққа сәйкес қолдану қажет. Микротолқынды пеште жемірілетін химиялық күралдарды қолданбаңыз. Микротолқынды пеш тағамды жылыту және дайындау үшін арнайы жобаланған. Ол зертханалық немесе өндірістік қолдану үшін арналмаған.

  8. Микротолкынды пештің жұмысы ересектердің тұрақты қадағалауымен жүргізілуі қажет. Балалардың басқару элементтеріне қолжетімділігіне жол берменіз. Балаларға жабдықпен ойнауға тыйым салынады!

  9. Егер байланыстырып туратын панель немесе істікше зақымдалса, сонымен қатар, егер микротолқынды пеш дурыс жұмыс істемесе, зақымдалса немесе қулап қалса, онда микротолқынды пешті қоспаңыз.

  10. Жабдык тек «Амика» қызметінің білікті мамандарымен ғана жөнделе алады.

  11. Микротолкынды пештің желдеткіш саңылауларын бұғаттауға немесе жабуға болмайды.

  12. Микротолкынды пешті бөлмеден тыс жинамаңыз және қолданбаңыз.

  13. Микротолкынды пешті судың, асхана қаяуының маңында, ылғал бөлмеде немесе жузу хауызының маңында қолданбаныз.

  14. Микротолкынды пештің байланыстырып түратын сымжелісін және істікшені суға салмаңыз.

  15. Сымжеліні қызатын беттерге жақын орналастырмаңыз.

  16. Микротолқынды пеш сымжелісінің үстел немесе үстелдің үстіңгі тақтайының шетінен салбыратып қоймаңыз.

  17. Тазалау:

Тазалау алдында микротолкынды пештің электрмен қоректендіру көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

а) пайдаланып болғаннан кейін микротолқынды пештің ішін ылғал шуберекпен сүрткен жөн.

б) микротолқынды пештің жабдықтарын қарапайым әдіспен сабынды суда жуыңыз.

в) есіктің жақтауын, тығыздағыш төсемді және онымен жанасқан элементтерді, егер ол лас болса, абайлап ылғал шуберекпен тазалау қажет. Есіктің жақтарын және микротолқынды пешті қолдану барысында тек жұмсақ қажақты емес сабынды немесе жуғыш құралдарын губкамен немесе жұмсақ шүберекпен тазалауға болады....

ОРАМАДАН ШЫГАРУ

Hansa AMM 20BIH - ОРАМАДАН ШЫГАРУ - 1

Жабдык тасымалдау барысында зақымданулард а н қорғалған. Жабдықты орамадан шығарғаннан кейін орама элементтерін қоршаған орта үшін қауіпсіз әдіспен алуыңызды сураймыз.

Орама үшін қолданылған барлық материалдар қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады, 100 % қайта

әндеуге жатады, бул сәйкес таңбамен белгіленген. Назар аударыңыз! Орауыш материалдар (полиэтиленді пакеттер, пенопласт бөліктері және т.б) орамадан босатылғаннан кейін балаларға қолжетімсіз болуы қажет.

ПАЙДАЛАНЫП БОЛГАННАН КЕЙІН

Hansa AMM 20BIH - ПАЙДАЛАНЫП БОЛГАННАН КЕЙІН - 1

Hansa AMM 20BIH - ПАЙДАЛАНЫП БОЛГАННАН КЕЙІН - 2

Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін осы өнімді қарапайым үй шаруашылығы қалдықтарымен бірге тастауға болмайды, оны электрлі және электронды құрылғы- ларды қабылдау және пайдаға асыру орындарына өткізу қажет. Осы туралы өнімде, қызмет көрсету нұсқаулығында немесе орамада орналасқан танба құлақ- тандырады. Бүйымда қолданылған пласт- массаларолардың белгіленулеріне сәйкес қайта қолда-нуға жарамды. Қайта қолданудың,

тозған құрылғылар-ды қолданудың немесе қолданудың басқа түрлерінің арқасында Сіз қоршаған ортаны қорғауда елеулі үлес қосасыз. Тозған құрылғыларды жоюдың сәйкес орны туралы Сізге ақпаратты қалалық әкімшілік ұсынады.

ΚΑΥΙΠΤΙΛΙΚ

Кол тигізген кезде электр тоғымен закымдану каупі: белгілі ішкі элементтер қол тигізген жағдайда ауыр жарақаттардың немесе өлімнің себебі болуы мүмкін. Осы жабдықты бөлшектемеңіз!

ECKEPTY!

Электр тоғымен зақымдану қаупі! Жерлестіруді дұрыс қолданбау электр тоғымен зақымданудың себебі болуы мүмкін. Жабдық дұрыс қосылмайынша және жерлестірілмейінше істікшені ұяшыққа салмаңыз

Hansa AMM 20BIH - ECKEPTY! - 1

Назар аударыңыз! Адамдар үшін жаракат алу қауіп-қатері! Тығыз жабылған сыйымдылықтар жарылуы мүмкін! Жабық ыдыстарды ашып, ал пластик пакеттерді жылыту алдында тесу қажет

Осы жабдыкты жерлестіру кажет. Кыска туйыкталу кезінде жерлестіру электр тоғының кейін тебілуін қамтамасыз ете отырып, электр тоғымен зақымдану қаупінің деңгейін төмендетеді. Осы бұйым жерлестіру сымы және сәйкес істікшесі бар сымжелімен жабдыкталған.

Істікше жерлестірілген дұрыс орнатылған электр розеткасына қосылуы қажет.

Егер Сіз жерлестіру нұсқауын дұрыс түсінбесеңіз немесе Сізді жадбықтың дұрыс жерлестірілгені туралы күдіктер туындаса, жоғары білікті электрикке немесе жабдықты жәндеу бойынша техникке хабарласқан жән.

Егер Bergарткышты колдану кажет болса, тек электрлі жерлестіруге арналған ұяшығы бар үшжетекті сымжеліні ғана колдану кажет.

Микротолқынды пешті жерлестіру қорғанысы жоқ немесе жерлестірудің қате қорғанысы бар электрмен қоректендіру кезіне қосудың нәтижесі болып табылатын залалдарға өндіруші жауап бермейді.

  1. Тутану жағдайының, сонымен қатар ұзын сымжеліге біреу сүрініп қалудың себебінен микротолқынды пештің кенеттен ажыратылу қауіп- қатерінен аулақ болу үшін микротолқынды пеште қысқа желілік сымжелі қарастырылған.
  2. Егер узарткыш қолданылса:
    1) Узарткыштағы электрлі деректердің нактылы белгілері жабдықтың нактылы электрлі деректеріне сәйкес болуы қажет (сондай шамада болу қажет).
    2) Узарткыш жерлестіруі бар ушжетекты сым болуы кажет.
    3) Балалардың қолы жетпеуі және біреу сүрініп, жабдықты еріксіз ажыратып алмауы үшін, үзын кабель үстелдің үстіңгі тактайынан немесе үстелден салбырап түрмайтындай етіп жүргізілуі қажет.

Микротолкынды пеште қолдануға болатын және болмайтын материалдар.

Кейбір металл ыдыстар микротолкынды пеште қолдану барысында қауіпті болуы мүмкін. Егер Сіз ыдыстың микротолкынды пеште қолдану үшін жарамдылығына күмәніңіз түындаса, онда келесіні орынданаңыз

Ыдысты тексеру:

  1. Микротолқынды пеште қолдану үшін қауіпсіз сыйымдылықты 1 стақан (250 мл) салқын су құйыңыз, дәл осындай әрекетті сіз тексергіңіз келетін ыдыспен орындаңыз.
  2. Барынша куатта шамамен 1 минут бойы кыздырыңыз.
  3. Мукият және абайлап ыдыска қол тигізіңіз. Егер ыдыс жылы болса, онда оны микротолқынды пеште қолдануға болмайды.
  4. Дайындау уакыты 1 минуттан артык болмауы кажет.

Микротолкынды пеште қолдануға болмайтын материалдар

Ыдыс Түсініктемелер
Алюминий табақЭлектрлі разрядтың туындауының себебі болуы мүмкін. Дайындалатын тағамды микротолқынды пеште қолдану үшін жарамды ыдыска қайта салыңыз.
Металл түтқалары бар қатырма қағаздан жасалған сыйымдылықЭлектрлі разрядтың туындауының себебі болуы мүмкін. Дайындалатын тағамды микротолқынды пеште қолдану үшін жарамды ыдыска қайта салыңыз.
Металл ыдыс немесе металл жақтауы бар ыдысМеталл тағамды микротолқынды энергияны әсерінен қорғайды. Металл жақтау электрлі разрядтың туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Айналдыру әдісімен жабылатын металл ыдысМикротолқынды пеште электрлі разрядтың және өрттің туындауының себебі болуы мүмкін.
Қағаз пакеттер Микротолқынды пеште өрттің туындауының себебі болуы мүмкін.
Пенопласттан жасалған ыдысПенопласт жоғары температураның әсерінен еріп, ішіндегі сұйықтықты ластауы мүмкін.
Ағаш ыдысАғаш кебеді, сондықтан микротолқынды пеште болған кезде шытынауы немесе сынуы мүмкін.

Микротолкынды пеште қолдануға болатын материалдар

Ыдыс Түсініктемелер
Алюминий жукалтыр Тек жоғарыдан жабылатын материал ретінде. Әбден пісіп кетуден аулақ болу үшін кішкентай тегіс бөліктерді еттің немесе тауық етінің үлестерін жабу үшін қолдануға болады. Егер жукалтыр микротолқынды пештің қабырғаларына өте жақын орналасса, электрлі разряд туындауы мүмкін. Жукалтыр микротолқынды пештің қабырғаларынан 2,5 см-ден кем емес ара қашықта орналасуы қажет.
Қызартуға арналған табақӨндірушінің нұсқаулығын сақтау қажет. Қызартуға арналған табақтың табаны айналатын тәрелкеден 5 мм-ден кем емес биіктікте болуы қажет. Дұрыс қолданбау айналатын тәрелкенің зақымдануына (жарылуына) әкеп соғуы мүмкін.
Түскі асқа арналған ыдысТек микротолқынды пеште қолдану үшін арналған ыдысты ғана қолдануға болады. Өндірушінің нұсқаулығын сақтау қажет. Жарылған немесе бұдырланған ыдысты қолданбаңыз.
Шыны банкілер Унемі қақпағын алып тастау қажет. Тек қажет температураға дейін тағамды жылыту үшін ғана қолдану қажет. Көптеген шыны банкілер жоғары температураға төзбейді және жарылуы мүмкін.
Шыны ыдыстар Микротолқынды пеште тек ыстыққа төзімді шыны ыдысты ғана қолдану қажет. Осы ыдыста металл жақтаулардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Жарылған немесе бұдырланған ыдысты қолданбаңыз.
Микротолқынды пеште дайындауға арналған пакеттерӨндірушінің нұсқаулығын сақтау қажет. Пакеттерді металл қысқыштармен жаппаңыз.
Қағаз тәрелкелер мен стақандарБу шығуы үшін кесіктер жасаңыз. Тек қысқа мерзімде дайындау немесе жылыту үшін қолдану қажет. Микротолқынды пешті дайындау барысында қараусыз қалдырмаңыз.
Қағаз майлықтар Майды сіңіру мақсатында жылытылатын тағамдарды жабу үшін қолдану қажет. Тек қысқа мерзімде дайындау немесе жылыту үшін қолдану қажет.
Жарғақты қағаз Тек шашыраулардан аулақ болу үшін немесе булану үшін орама ретінде тағамдардың бетін жабу үшін ғана қолдану қажет.
Пластмасса Тек «Микротолқынды пешке арналған» заттаңбасы бар, микротолқынды пеште қолдану үшін жарамды ыдысты ғана қолданыңыз. Кейбір пластик сыйымдылықтар онда тағам қызған кезде жұмсарады. Дайындауға арналған тығыз жабылған пластик пакеттерді кесу, тесу немесе орамадағы нұсқауларға сәйкес желдеткіш орнату қажет.
ЫдысТүсініктемелер
Пластик орамаларТек микротолқынды пеште қолдану үшін арналғандары. Ылғалдылықты сақтау мақсатында дайындалатын тағамдарды жабу үшін қолдану қажет. Пластик орамалардың тағаммен жанасуына жол бермеңіз.
ТермометрлерТек микротолқынды пеште қолдану үшін арналған термометрлер (Етке және қантқа арналған термометрлер).
Балауыздан жасалған қағазТек шашыраулардан аулақ болу және тағамның ылғалдылығын сақтау үшін жабын ретінде ғана қолдану қажет.
Ыдыстың материалыМикротол-қындарГриль Құрама режим
Жылуға төзімді шыны Іә Иә Иә
Жылуға төзімсіз шыны ЖОҚ ЖОҚ ЖОҚ
Жылуға төзімді керамика Іә ЖОҚ ЖОҚ
Микротолқынды пеште қолдану үшін қауіпсіз материалдардан жасалған ыдысИә ЖОҚ ЖОҚ
Асханада қолдану үшін арналған қағаз Іә ЖОҚ ЖОҚ
Металл сыйымдылық ЖОҚ Иә ЖОҚ
Металл тіреуіш (микротолқынды пештің жинағында)ЖОҚ Иә ЖОҚ
Алюминий жукалтыр және жукалтырдан жасалған сыйымдылықЖОҚ Иә ЖОҚ

Микротолкынды пеш жабдыкталған элементтердің атаулары

Микротолқынды пешті және барлық материалдарды қатырмақағазды қораптан шығарыңыз. Микротолқынды пеш келесі элементтермен жабдықталған:

Айналатын тәрелке 1

Айналатын сақинаның жүйесі 1

Пайдалану нускаулығы 1

A) Баскару панелі
В) Айналатын устелшенің білігі
С) Айналатын устелше үйкегінің түйіні
D) Шыны табак
E) Қарау терезесі
F) Жинақтағы есік
G) Сактандырғыш бұғаттаудың жүйесі

Hansa AMM 20BIH - Микротолкынды пеште қолдануға болатын материалдар - 1

1 Айналатын тәрелкені ешкашан баспаңыз және төңкеріп орнатпаңыз.

2 Дайындау барысында ўнемі айналатын тәрелкені және айналатын үстелше сақинасының жүйесін қолданыңыз.

3 Дайындау және жылыту үшін барлық тағамдарды үнемі айналатын тәрелкеге қойыңыз.

4 Егер айналатын тәрелке жарылса немесе сынса, кәсіби жәндеу шеберханасына хабарласыңыз.

Микротолкынды пеш жабдыкталған элементтер:

  1. Грильге арналған тіреуіш

  2. Айналатын тәрелке

  3. Тәрелкені орнату ұяшығы (төменгі беті)

  4. Айналатын штифті

  5. Айналатын сақина жүйесі

*Назар аударыңыз: буйым жабдықталған тіреуішті тек микротолқынды пеште «ГРИЛЬ» функциясын орнату барысында қолданған жөн.

OPHATY

  • Ораманың барлық материалдары мен элементтерін алыңыз.
  • Микротолқынды пешті есігінің майысуы, жылжуы немесе сынуы сияқты зақымдануларының бар-жоқтығын тексеріңіз.
  • Егер микротолкынде пеш бузылған болса, онда оны орнатпаңыз.

Hansa AMM 20BIH - OPHATY - 1

Магнетронды қорғау үшін қызмет ететін микротолқынды пештің ішкі бөлігіне бұрандамалармен бұралған слюдадан жасалған ашық қоңыр жабынды алмаңыз.

Орнату

  1. Жабдык тек үй шаруашылығында қолдану үшін ғана арналған.
  2. Микротолкынды пешті тек ол асхана жићазына кірістірілгеннен кейін ғана қолдануға болады.
  3. Микротолкынды пешті жићазға орнату әдісі «Орнату нұсқаулығында» берілген.
  4. Микротолкынды пеш ені 60 см шкафта және асхана еденінен 85 см биіктікте орнатылуы қажет.

Колжетімді беттер микротолқынды пеш жұмысы барысында ыстық болуы мүмкін.

Hansa AMM 20BIH - Орнату - 1

Баскару панелі және оның элементтері

Басқару панелі екі саптан тұрады: қуатты реттегіш сабы және уақытты реттегіш сабы.

Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 1

  1. Куат сабын кажет деңгейге бұру арқылы дайындау куатын орнатыңыз.
  2. Уакыттың сәйкес мәніне уақыт реттегішінің сабын бұру арқылы дайындау уақытын орнатыңыз. Уақытты орнатудың барынша көп бөлігі 35 минутты күрайды.
  3. Куат пен уакытты орнатканнан кейін микротолкынды пеш дайындауды автоматты түрде бастайды.
  4. Дайындау уакыты аякталғаннан кейін коңырау соғылады және дайындау үдерісі аякталады.
  5. Сіз микротолкынды пешті қолданбаған кезде уақытты үнемі «0» мәніне орнатқан жөн.
Функция/куат Шығыс куаты (%) Қолданылүү
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 2ТөменМикротолқындардың17 % (150 В)Тағамдардың температурасын ұстау, мүздатылғанды жұмсарту.
[yczk]Орташа-төмен(жібіту)Микротолқындардың33% (250 В)Жібіту. Уақыт сабында, сондай-ақ, жібітілетін өнімдердің салмақ межесі [кг] бар.
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 3ОрташаМикротолқындардың55% (450 В)Кремі бар қамырды жылыту, тағамдарды бұқтыру
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 4Орташа-жоғарыМикротолқындардың77% (600 В)Қүріш, балық және теңіз өнімдері, печенье, ет
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 5ЖоғарыМикротолқындардың100% (800 В)Суды жылыту, қайнату, балғын көкөністерді, тауық етін, үйрек етін дайындау, сусындарды жылыту (сүтті емес)
[4STD]Құрама 1 (жоғары)80% гриль + 20% микротолқындарСтек, қозы еті, теңіз өнімдері, шағын шужықтар және т.б.
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 6Құрама 2 (орташа)70% гриль + 30% микротолқындарҚытай бифштексі, шошка етінен дайындалған жаншымалар, тауық етінің үлестері және т.б.
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 7Құрама 3 (төмен)60% гриль + 40 % микротолқындарТауық еті, қаз еті, ет, шашыранды тағамдарды дайындау
Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 8Гриль100% грильІстікшеде дайындау, ысталған балық субесі, фри-картобы. Назар аударыңыз: тек «Гриль» функциясының жұмысы барысында микротолқынды пеш жабдықталған арнайы тіреуішті қолдануға болады.

Микротолкынды пеште өнімдерді жылыту үдерісін бағдарламалау үшін:

Hansa AMM 20BIH - Баскару панелі және оның элементтері - 9

Куатты реттегіш сабын Сіз тағамды дайындау үшін тандаған деңгейге бұраңыз.

Сосын уакытты реттегіш сабы арқылы жылыту үшін сәйкес уакытты орнатыңыз.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ: микротолқынды пеш уақытты реттегіш сабын микротолқындың пештің жұмысы үшін Сіз тандаған жағдайға бурағаннан кейін бірден қосылады.

Егер Сіз микротолкынды пештің жұмыс уақытын 2 минуттан кем уақыт аралығын таңдасаңыз, онда уақытты реттегіш сабын 2 минуттан асатын жағдайға бұраңыз, сосын оны Сіз таңдаған уақыт жағдайына қайта қойыңыз.

Өнімдерді микротолқынды пештің камерасына салмас бұрын уақыт реттегіш сабы «0» (ноль) жағдайында түрганына көз жеткізіңіз.

Ешкашан микротолкынды пешті бос камерамен қоспаңыз. Микротолкынды пештің өнімдерсіз жұмыс істеуі магнетронның (микротолқындардың сәулесін шығаратын құрылғы) қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.

Дайындау/жылыта – іс-жузіндегі ақпарат

Келесілерді білу пайдалы:

- қызыл ет пен қатты көкөністерді микротолқынды пешке тәрелкенің жиегіне, ал ақ етті, тауық етін, балықты және жұмсақ көкөністерді – ортасына саламыз (тәрелкенің жиегінде дайындалатын асқа микротолқындар тез әсер етеді).

-ас дайындалғаннан кейін құрғақ болмауы үшін оны дайындау барысында жабу қажет.

- тағамдарды микротолқынды пеште дайындау үшін майдың өте аз ғана мөлшері қажет болады, осыны өз бітімін қадағалайтын адамдар оң бағалайды.

- микротолқынды пеште металл ыдысты (және, тіпті, аз ғана металл безендірулері немесе суреті бар ыдыстың өзін) қолдануға болмайды, өйткені ол үшқын шығарады және микротолқындарды өткізбейді.

- дайындалып жаткан тағамдарда судың мөлшері негүрлым көп болса, оларды микротолқындар әсерінде соғүрлым аз дайындау қажет.

- tīntī, микротолқындардың әсер етуі аяқталғаннан кейін де, тағам әлі дайындалып жатады, сондықтан оларды жабулы күйінде әлі 1-2 минутқа қалдыру қажет.

Микротолқынды пеш теледидарлық бейнені бұзадыРадио хабар тарату және теледидарлық бейне микротолқынды пештің жұмысы барысында бұзылуы мүмкін. Осындай бұзылулар, сондай-ақ, шағын габаритті электрлі жабдықтың, мысалы миксердің, шаңсорғыштың және электрлі желдеткіштің жұмысы барысында да болуы мүмкін. Бұл қалыпты кұбылыс.
Микротолқынды пеш әлсіз жанып түрМикротолқындардың төмен қуатында дайындау барысында микротолқынды пештің жарығы әлсіз болуы мүмкін. Бұл қалыпты кұбылыс.
Бу есікте тұтылып қалады, ыстық ауа желдеткіш саңылаулары арқылы шығадыТағамды дайындау барысында бу шығуы мүмкін. Оның көп бөлігі желдеткіш саңылаулары арқылы шығады, бірақ оның белгілі бөлігі салқын жерде, мысалы микротолқынды пештің есігінде жиналуы мүмкін.Бұл қалыпты кұбылыс.
Акау Ыктимал себебі Жою
Микротолқынды пеш қосылмайды(1) Байланыстырып тұратын сымжелі электрлі ұяшыққа дұрыс жалғанбағанІстікшені алыңыз және 10 секундтан кейін қайта қосыңыз
(2) Сақтандырғыш күйіп кетті немесе қауіпсіздік сақтандырғышы қосылдыСақтандырғышты алмастырыңыз немесе ажыратқышты қосыңыз (жәндеу тек «Hansa» қызмет көрсету орталығында)
(3) Мәселе электр розеткасында болып түрЭлектр розеткасын басқа электрлі жабдықтың көмегімен тексеріңіз
Kuchenka nie grzeje. (4) Eciriдұрыс жабылмаған Есігін жақсылап жабыңыз
Szkłany stolik obrotowy hałasuje podczas pracy kuchenki mikrofalowej(5) Айналдыратын сақина жүйесі және микротолқынды пештің түбі ластанған«Микротолқынды пештің бұзылуының алдын алу» бөлімін қараңыз

Микротолқынды пешті қолдануды бастамас бұрын осы пайдалану нұсқаулығын оқып, оны сақтап қою қажет. Микротолқынды пешті өз бетіңізше жөндемеңіз. Ақаулар туындаған жағдайда, кәсіби қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Емізуге арналған шағын бөтелкелердің және балаларға арналған тағамы бар шыны банкілердің ішіндегісін күйіп қалудан аулақ болу үшін араластыру немесе шайқау қажет, тамақтандыру алдында олардың температурасын тексерген жен. Микротолқынды пеште және оның электрлі байланыстырғыш сымжелісінде зақымданулардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Егер қандай да бір зақымданулар табылған жағдайда микротолқынды пешті қолдануға болмайды.

Hansa AMM 20BIH - Дайындау/жылыта – іс-жузіндегі ақпарат - 1

Ескерту!:

  1. Егер микротолқындар энергиясынан қорғайтын жабындарды алумен байланысты қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын біліктілігі жоқ маман жүргізсе, ол қауіпсіз болып табылмайды.
  2. Егер балалар микротолкынды пешті қауіпсіз қолдануға үйренген, сонымен қатар дұрыс қолданбаудың нәтижесінде түындауы мүмкін қауіптілікті түсінген жағдайда, оларға микротолкынды пешті ересектердің бақылауынсыз қолдануға рұқсат беріледі.
  3. Егер байланыстырып түратын сымжелі зақымданса, онда оны кәсіби қызмет көрсету орнында алмастыру қажет

Hansa AMM 20BIH - Ескерту!: - 1

Есігі ашык микротолқынды пешті қосуға тырыспаңыз, өйткені осы жабдық есігі ашык күйінде жұмыс істесе, микротолқындар энергиясының әсерімен байланысты ауыр жаракаттардың себебі болуы мүмкін. Сақтандырғыш бұғаттаулар барысында сөндірмеу және ешқандай әрекеттерді жүргізбеу аса маңызды.

Hansa AMM 20BIH - Ескерту!: - 2

Есіктің тығыздағыш төсемдерін және тығыздағыш беттерді ынтамен және абайлап тазалаңыз. Егер микротолқынды пеш бұзылған немесе зақымданулары бар болса, онда оны қоспаңыз. Микротолқынды пештің есігін: (1) есігін (майыслауы қажет), (2) ілмектері мен құлыптарын (сынбауы немесе өте бос болмауы қажет), (3) тығыздағыш төсемдерді және есікті тығыздап тұратын беттерді зақымдап алмау үшін оны дұрыстап жабу аса маңызды шарт болып табылады. Ьдыстың микротолқынды пеште қолдану үшін жарамды екендігіне көз жеткізу үшін үнемі оны тексеріңіз.

Тағамдарды қағаздан жасалған сыйымдылықтарда немесе орамаларда жылытқан кезде жану қауіпінің болу мүмкін себебінен микротолқынды пешті жиі тексеріп тұрыңыз.

Сусындарды микротолкынды пеште жылыткан кезде қайнау үдерісінің кідірісі туындауы мумкін, сондыктан жылытылған сүйықтығы бар сыйымдылықты алған кезде барынша сақ болған жен.

Егер Сіз түтінді байқаған жағдайда, жабдықты тез арада сөндіріп, істікшені электр розеткасынан ажыратқан жөн, микротолқынды пештің есігін жалын басылмайынша жабық күйінде қалдырыңыз. Қабығы бар жұмыртқаны (шикі немесе пісірілген) микротолқынды пештерде жылытуға болмайды, өйткені олар жарылуы мүмкін.

Егер есік немесе тығыздағыш тесем зақымданған болса, ол кәсіби қызмет көрсету орталығында жөндөлемейінше, микротолқынды пешті қолдануға тыйым салынады. Сүйықтықтар мен тағамдарды тығыз жабылған сыйымдылықтарда жылытуға болмайды, әйтпесе олар атылуы мүмкін.

ТАЗАЛАУ

Микротолқынды пештің электрмен қоректендіру көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Микротолқынды пештің ішін жартылай ылғал шуберекпен тазалаңыз. Микротолқынды пештің ішкі жабдығын сабын қосылған суда жуыңыз. Есіктің жақтауы және тығыздағыш тесем, сонымен қатар оларға жақын орналасқан бөліктер лас болса, ылғал шуберектің көмегімен жақсылап сүрту қажет.

КЕПІЛДІК

Кепілдік

Кепілдік міндеттемелер кепілдік картасына сәйкес орындалады. Өндіруші бүйымды дұрыс қолданбаудың нәтижесінде келтірілген кез келген залалға жауап бермейді.

Өндіруши куэландырады:

Осы акпараттен өндіруші осы өнімнің төменде аталган еуропалық басшылық нұсқаулардың:
• 2006/95/WE томенгі кернеу туралы басшылық нұсқауының
- 2004/108/WE электромагниттік үйлесімділіктің басшылық нұсқауының негізгі талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Жогарыда аталганның негізінде осы бұйымда белгісі бар және бұйымга нарықты бақылайтын ұйымдармен берілетін сәйкестік декларациясы берілген.udostepniana organom nadzorującут rynek.

Hansa AMM 20BIH - Өндіруши куэландырады: - 1

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hansa

Модель : AMM 20BIH

Санат : Микротолқынды пеш