FC8455/01 - Шаңсорғыш PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз FC8455/01 PHILIPS PDF форматында.

📄 48 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice PHILIPS FC8455/01 - page 16
Нұсқаулықты қарау : Français FR English EN Қазақша KK Русский RU Українська UK

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз FC8455/01 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. FC8455/01 брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ FC8455/01 PHILIPS

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз. Жалпы сипаттама (Cурет 1)

Қуат сымын жинау түймесі «Шаң дорбасы толы» көрсеткіші Сорғызу қуатын электронды басқару құралы Қосу/өшіру түймесі Артқы дөңгелек Шланг қосқышы Шланг қосылатын ұя Қақпақты босату құлақшасы Шаң дорбасы Моторды қорғау сүзгісі Моторды қорғайтын сүзгі ұстағышы Мотор тесігі Айналмалы дөңгелек Ақпараттық тақтай Сақтап қою ойығы Штепсельдік ұшы бар қуат сымы Шығатын ауаның шағын сүзгі торы Шығатын ауаның шағын сүзгісі Уақытша қою ойығы Кілем/қатты еден параметрлеріне арналған педаль Құрама саптама Шағын турбо щетка (тек белгілі бір түрлерде) Саңылауларға арналған саптама (тек белгілі бір түрлерде) Кішкене саптама (тек белгілі бір түрлерде) Қатты бетті тазалайтын саптама (тек белгілі бір түрлерде) Жиналмалы түтік Жабдық ұстағышы (тек белгілі бір түрлерде) Сабы бар шланг Маңызды ақпарат Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Қауіпті жағдайлар -- Шаңсорғышпен суды немесе басқа сұйықтықты сорғызуға болмайды. Тұтанғыш заттарды да сорғызуға болмайды, ал күлді тек суығаннан кейін сорғызу керек. -- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз. -- Құралдың ток сымы, штепсельдік ұшы немесе құралдың өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз. Қазақша 17 -- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет көрсету орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек. -- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек. -- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек. -- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн. -- Шлангты, түтікті немесе басқа жабдықты көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз. -- Шаңсорғыштың ешбір бөлігін ыдыс жуғышта жууға болмайды. -- Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа ағынына кедергі жасауы -- Шаңсорғышты пайдаланып күл, топырақтың ұсақ түйіршіктерін, әк, цемент шаңын және осыған ұқсас заттарды сорғанда, шаң дорбасы мен моторды қорғайтын сүзгі бітеліп қалады. Сору қуатының қатты азайғаны байқалса, шаң дорбасын ауыстырып, моторды қорғайтын сүзгіні тазалаңыз. -- Шаң дорбасы немесе моторды қорғайтын сүзгі болмаса, құралды қолданбаңыз. Бұл моторды зақымдап, жұмыс мерзімін қысқартуы мүмкін. Philips s-bag® немесе Philips қайта қолданылатын шаң дорбаларын ғана пайдалану ұсынылады. -- Шағын турбо щетканы үй жануарларына пайдалануға болмайды. -- Тек FC8452, FC8454, FC8455: шу деңгейі: Lc= 84 дБ (A) -- Тек FC8450, FC8451: шу деңгейі: Lc= 83 дБ (A) Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады. Пайдалануға дайындау 1 Шлангты қосу үшін, шланг қосқышын шланг қосылатын ұяға кіргізіп итеріңіз («сырт» етеді) (Cурет 2). 2 Шлангты ажырату үшін, шешу түймелерін басып (1), шлангты қосу тесігінен шығарыңыз (2) (Cурет 3). Жиналмалы түтік Ескертпе. Сапқа немесе түтікке кез келген саптаманы немесе жабдықты жалғауға болады. Мұны орындау үшін, сапты немесе түтікті саптамаға немесе жабдықтарға аздап бұра отырып кіргізіңіз. 1 Сапты сорғызу түтігіне кіргізіп итеріңіз.  (Cурет 4) Шешу үшін, сапты аздап бұрып, түтіктен тартып алыңыз. 2 Шаң сорғанда, жиналмалы түтікті ыңғайлы ұзындыққа келтіріңіз. Түтіктегі сырғытпаны басып (1), түтіктің төменгі бөлігін астына қарай итеріңіз немесе жоғары қарай тартыңыз (2) (Cурет 5).

Құрама саптама Құрама саптаманы пайдаланып, кілемдерді (щетка қатарын ішіне кіргізіп) немесе қатты беттерді (щетка қатарын сыртқа шығарып) тазалауға болады. Қатты бетті тазалайтын саптама (тек белгілі бір түрлерде) -- Қатты беттерді тазалауға арналған саптама қатты беттерді оңай тазалайды (Cурет 6). Жабдық ұстағышы (тек белгілі бір түрлерде) 1 Жабдықтарды ұстағышта сақтау үшін, оларды ұстағыштың үстіне итеріп кигізіңіз (Cурет 7). Шағын турбо щетка (тек белгілі бір түрлерде) Шағын турбо щетка жануар жүнін тиімді түрде жинауға және жиһаздан және төсектен алуға арнайы жасалған. Саңылауларға арналған саптама және кішкене саптама (тек белгілі бір -- Саңылауларды тазалау саптамасын тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін қолданыңыз. -- Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкене жерді тазалау үшін қолданыңыз. Құралды пайдалану Шаңды сорғызу 1 Қуат сымын құралдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын розеткаға жалғаңыз. 2 Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяқпен басып, құралды қосыңыз (Cурет 8). Ескертпе. Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 9). Сорғызу қуатын реттеу -- Сору қуатын шаңсорғыштағы сору қуатының электронды басқару құралы арқылы реттеуге болады (Cурет 10). Тазалау және техникалық қызмет көрсету Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек. 1 Құралды және оның бөлшектерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Шаңсорғыштың ешбір бөлігін ыдыс жуғышта жууға болмайды. Моторды қорғайтын сүзгіні тазалау Жұмысты жақсарту үшін, моторды қорғайтын сүзгіні жылына кемінде бір рет тазалау қажет. 1 Оны ашу үшін, қақпағын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 11). 2 Шаң дорбасын жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Cурет 12). 3 Моторды қорғайтын сүзгімен бірге сүзгі ұстағышын құралдан шығарып алыңыз (Cурет 13). 4 Моторды қорғайтын сүзгіні ұстағыштан шығарыңыз және қоқыс жәшігінің үстінен сілкіп

Қазақша 19 5 Сүзгіні ұстағышқа орнатып, ұстағышты қайтадан құралға сырғытып кіргізіңіз. 6 Шаң дорбасын құралға салып, қақпағын жабыңыз. Шағын турбо щетканы тазалау (тек белгілі бір түрлерде) Шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы тазалау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. 2 Ойығы өзіңізге қарағанша, шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы бұраңыз. Щеткаға жиналып қалған шашты, жіптерді, т.б. қайшымен қиып алыңыз.  (Cурет 14) 3 Түктерді, қылдарды және басқа кір заттарды щеткадан алыңыз. Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек белгілі бір елдерде). Кейбір елдерде бұл шаңсорғыш қайта қолданылатын, жуылатын шаң дорбасымен келеді. Бұл шаң дорбасын бір жолғы шаң дорбаларының орнына пайдалануға болады. Қайта қолданылатын шаң дорбасын ауыстыру және салу үшін, «Шаң дорбасын ауыстыру» тарауындағы нұсқауларды Шаң дорбасын босату 1 Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз. 2 Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз. 3 Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан сырғытыңыз. Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек. Бір рет қолданылатын шаң дорбасын алмастыру -- «Шаң дорбасы толы» көрсеткішінің түсі тұрақты өзгеретін болса (яғни, саптама еденге тигізілмеген кезде де), шаң дорбасын ауыстыру керек (Cурет 15). 1 Қақпақты жоғары тартып ашыңыз да, шаң дорбасының ұстағышын алға қарай еңкейтіңіз.  (Cурет 11) 2 Ұстағыштан толған шаң дорбасын шығару үшін, картон тілін тартыңыз (Cурет 16). ,, Осы әрекет жасалғанда, дорба автоматты түрде жабылады. 3 Жаңа шаң дорбасының картон алдын дорба ұстағышының екі тесігіне барынша итеріп салыңыз (Cурет 17). 4 Шаң дорбасының ұстағышын артқа шалқайтыңыз (Cурет 18). Ескертпе. Егер шаң дорбасы салынбаған болса, қақпақ жабылмайды. 5 Қақпақты басып жабыңыз. Шығатын ауаның шағын сүзгісін ауыстыру Сүзгіні алмастырмас бұрын, құралды, міндетті түрде, розеткадан ажыратыңыз. Шығатын ауаның шағын сүзгісін әр 12 ай сайын ауыстырып тұрыңыз. 1 Штепсель қуат розеткасынан ажыратылған болуы тиіс. 2 Шығатын ауаның шағын сүзгі торын ашыңыз. 3 Сүзгіні шығарып, жаңа сүзгіні құралға салыңыз.

4 Шығатын ауаның торын жабу үшін, тордың төменгі жағындағы тілдерді құралдағы ұяларға туралаңыз (1). Одан кейін, тор орнына түскенше («сырт») құлақшаны құралға қарай итеріңіз (2) (Cурет 19). Жабдықтарға тапсырыс беру Бұл құрылғының жабдықтарын сатып алу үшін Philips дилеріне, Philips қызмет көрсету орталығына барыңыз немесе Philips тұтынушылар орталығына хабарласыңыз. www.philips. com/support веб-торабына кіруге де болады. Шаң дорбаларына тапсырыс беру -- Philips Classic s-bag® синтетикалық шаң дорбаларына FC8021 түр нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. -- Philips Clinic s-bag® жоғары фильтрациялы синтетикалық шаң дорбаларына FC8022 түр нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. -- Philips Anti-odour s-bag® синтетикалық шаң дорбаларына FC8023 түр нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. -- Қайта қолданылатын, жуылатын шаң дорбаларына (тек кейбір елдерде) 4322 004 93370 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. Ескертпе. s-bag дорбалары туралы қосымша ақпаратты www.s-bag.com веб-торабынан Сүзгілер мен жабдықтарға тапсырыс беру -- Шығатын ауаның шағын сүзгілеріне 4322 004 93681 нөмірі бойынша тапсырыс беруге -- Моторды қорғайтын сүзгілерге 4322 004 93671 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады. 1 Құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз және қуат сымын жинау түймесін басып сымды жинап қойыңыз (Cурет 20). 2 Құралды тігінен қойыңыз. Саптаманы құралға бекіту үшін, саптаманың шығып тұрған жағын сақтап қою ойығына енгізіңіз. Ескертпе. Жиналмалы түтікті құламайтындай етіп тұрғызу үшін, түтікті барынша қысқартыңыз. Қоршаған орта -- Жарамдылық мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін тигізеді (Cурет 21). Кепілдік және қызмет Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз. Қазақша 21 Ақаулықтарды жою 1 Сору қуаты жеткіліксіз -- Мүмкін шаң дорбасы толып кеткен болар. Қажет болса, шаң дорбасын ауыстырыңыз немесе босатыңыз. -- Сүзгіні тазалау немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін. Қажет болса, сүзгілерді тазалаңыз немесе ауыстырыңыз. -- Сору қуатының электронды басқару құралы төмен күйге орнатылған болуы мүмкін. Басқару құралын жоғары параметрге орнатыңыз. -- Саптама, түтік немесе шланг бітеліп қалған болуы мүмкін. Бітеп тұрған затты алып тастаңыз. 2 Тек кейбір түрлерде: шағын турбо щетканың ішіндегі щеткаға шаш тұрып қалады. -- Шағын турбо щетканы тазалаңыз. «Шағын турбо щетканы тазалау» бөліміндегі «Тазалау» тарауын қараңыз.

Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : FC8455/01

Санат : Шаңсорғыш