SVC216FMLBKII - Шаңсорғыш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SVC216FMLBKII GORENJE PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SVC216FMLBKII GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SVC216FMLBKII - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SVC216FMLBKII брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SVC216FMLBKII GORENJE
- Корпус, аккумулятор және шаң контейнері бар мотор блогы
- Сорғыш құбыры
- Иілгіш құбыры
- Моторы бар электр щеткасы
- Қуыстарға арналған саптама
- Шаң тазалау щеткасы
- Төсек саптамасы
- Қабырғаға орнатылатын адаптері және қуат сымы бар базасы
ЕСКЕРТУЛЕР
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс жасап тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
ҚАУІПТІЛІК
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер - аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. Зарядтау базасы (немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне байланысты). Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз. Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. Сору қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Түрбаның саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. Тұғырды немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. Аспапты әлі де суымаған күлді, жонқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Соратын саңылауды өзіңізге жақындатпаңыз. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін. Батареяны оттың немесе 60 °С жоғары температураның әсеріне ұшыратпаңыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.
| Ақаулық | Ыктимал себебі | Жою |
| Аспап жұмыс жасамайды. | Аккумулятор толықтай разрядтанғанҚол сорғысы дұрыс орнатылмаған. | Аккумуляторды зарядтаңыз.Қол сорғысын дұрыс жалғаңыз. |
| Сору қуаты төмен. | Шаң жинағыш толып қалған.НЕРА сүзгісі бітелген.Ауа беретін түтік немесе айналып тұратын щетка бітелген. | Шаң жинағышты тазалаңыз.НЕРА сүзгісін тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.Турбощетканы тазалаңыз. |
| Аспап зарядталмайды. | Аккумулятор розеткаға қосылмаған.Аккумулятор шаңсорғыш ұстағышындағы ағытпаға жалғанбаған.Қол сорғысы орнатылмаған. | Аккумуляторды розеткаға жалғаңыз.Аккумуляторды шаңсорғыш ұстағышына жалғаңыз.Қол сорғысын орнатыңыз. |
| Зарядтағаннан кейін шаңсорғыш өте қыска уақыт жұмыс жасайды. | Шаңсорғыш жеткілікті ұзақ зарядталмаған.Аккумулятор өзінің ресурсін тауыскан. | Аккумуляторды нұсқаулыққа сәйкес зарядтаңыз.Аккумуляторды ауыстырыңыз. |
ҚОРШАҒАН ОРТА
Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз.
Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және www.gorenje.com сайтынан таба аласыз.
ЕСКЕРТПЕ
Аккумулятор кепілдігі 1 жыл.
Тек тұрмыста қолдануға арналған!
EAC
GORENJE АСПАПТЫ АСҚАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН ҚОЛДАНУЫҢЫЗДЫ ТІЛЕЙМІЗ!
gorenje
Life Simplified

| SI-3- | HR / BIH-6- | SRB / BIH / MNE-9- | MK-12- | GB-15- | DE / AT-18- | RO-21- | SK-24- | HU-27- | PL-30- | CZ-33- | BG-36- | |
| UA-39- | RU-42- | KZ-45- | FI-48- | DK-51- | NO-54- | SE-57- | SQ-60- | IT-63- | ES-66- | PT-69- | FR-72- | |