VC2301SPWCY - Шаңсорғыш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз VC2301SPWCY GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Құтылы шаңсорғыш |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | VC2301SPWCY |
| Қуат тұтыну | 2200 W |
| Сорғызу күші | 400 W |
| Шаң сыйымдылығы | 2.0 L |
| Сүзгі жүйесі | HEPA 13 сүзгісі |
| Сым ұзындығы | 6 m |
| Шу деңгейі | 78 dB(A) |
| Салмағы | 6.5 kg |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 400 x 280 x 300 мм |
| Қолдану аймағы | Қатты едендер және кілемдер |
| Керек-жарақтар | Саңылау құралы, щетка құралы, жиһаз саптамасы |
| Сүзгіні тазалау | Жууға болады |
| Шаң қабының түрі | Бір рет қолданылатын қағаз қап (міндетті емес) |
| Айнымалы қуат басқару | Иә, электронды жүгірткі |
| Энергия класы | A |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - VC2301SPWCY GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы VC2301SPWCY GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз VC2301SPWCY - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. VC2301SPWCY брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ VC2301SPWCY GORENJE
- Шаңсорғыш
- Құбыршек
- Телескоптық түтік
- Еден щеткасы
- Қосымша жабдықтары
- Еден щеткасы
ЕСКЕРТУЛЕР
Аспапты пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Қолданар алдында барлық бөлшектерін дұрыс орната отырып, аспапты құрастырыңыз. Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Жұмыс жасап тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Жалғар алдында зауыттық жапсырмада көрсетілген кернеудің желідегі нақты кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз. // Шнур зақымдалған кезде оны Gorenje сервис орталығынан сатып алуға болатын жаңа шнурмен немесе орау құрылғысымен ауыстырыңыз. Желілік шнурды ауыстыруды тек сервис орталығының маманы ғана орындай алады. // Аспапты балалардың қолы жетпейтін құрғақ, жабдық ғимараттарда ғана қолданыңыз және сақтаңыз. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспап үшін сәйкес келмейтін ұзартқыштарды қолданбаңыз. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспапты 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың қандай да бір тұлғалардың қарауында болған немесе аспапты қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқауларды алған және оны пайдалануға байланысты қауіптерді түсінген жағдайларда ғана қолдануына болады. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Электр желісіне жалғанған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты қолданып болған соң және оған қызмет көрсету алдында ашаны розеткадан ажыратыңыз. // Аспапты ешқашан ашасын розеткадан ажырату арқылы өшірмеңіз. // Шаңсорғыш үйде қолдануға арналған.
Аспапты суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз. Желілік шнурды және ашаны дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Шлангты және қондырмаларын жалғар немесе ауыстырар алдында аспапты өшіріңіз. // Аспапты қапсыз немесе шаң жинағышсыз (моделіне байланысты), шығару сүзгісісіз және мотор сүзгісісіз қолданбаңыз. // Сору қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Түтіктің саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. // Аспапты шлангісінен және шнурынан тартпаңыз. Шнурдың ыстық беттерге тимеуін және майыспауын қадағалаңыз. Орау кезінде шнурды қолыңызбен ұстап тұрыңыз. // Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде аспаптың қызып кетуінің және сынуының алдын алу үшін шнурды 2/3 ұзындыққа ғана шығарыңыз. Егер аспап қатарынан бірнеше сағат жұмыс жасаса, шнурды толықтай ораңыз. // Жарақат алудың алдын алу үшін түтікті және қондырмаларды аспап жұмыс жасап тұрған кезде басыңызға және денеңізге жақындатпаңыз. // Аспапты күлді, ыстық және бықсып жатқан заттарды, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Аспапты тонерді және сол сияқты материалдарды жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін. // Баспалдақтарды жинау кезінде аса сақ болыңыз.
Аспап келесі еуропа директиваларына сәйкес келеді: 2014/35/EU; 2014/30/EU; 2009/125/ES; 2011/65/EU. 666/2013/EU (VCE03SPRCY).
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (Waste Electrical and Electronic Equipment – WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Оны одан әрі жою үшін мамандандырылған жерге жіберіңіз. Осылайша қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз.
Қосымша ақпарат алу үшін немесе қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда Пайдаланушыларды қорғау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірлері кепілдік міндеттемелеріңде көрсетілген). Авторлық құқығы бар сервис орталықтарының мекенжайлары мен телефон нөмірлері "Кепілді міндеттемелер" кітапшасында немесе кепілдік талонында көрсетілген.
Тек үйде қолдануға арналған!
GORENJE АСПАПТЫ АСҚАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН ҚОЛДАНУЫҢЫЗДЫ ТІЛЕЙМІЗ!

| SI | HR / BIH- 6 -- 12 | SRB / BIH / MNE-- 15 -- 18 -- 21 | MK- 24 -- 27 | GB-- 30 -- 9 - 3 - | DE / AT | RO | SK | HU | PL |
| CZ- 33 - | BG- 36 -- 39 | UA-- 42 -- 45 - | RU- 51 -- 54 | KZ-- 57 - | FI | DK | NO | SE |