CCTLS542WH - CCTLS 544WHN - CANDY - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil CCTLS542WH - CCTLS 544WHN CANDY au format PDF.
Téléchargez la notice de votre анықталмаған au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice CCTLS542WH - CCTLS 544WHN - CANDY et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil CCTLS542WH - CCTLS 544WHN de la marque CANDY.
MODE D'EMPLOI CCTLS542WH - CCTLS 544WHN CANDY
Жалпы мағлұматтар Аталған бұйымды сатып алғаныңыз үшін, Сізге алғыс айтамыз. Тоңазытқыш-мұздатқышты пайдаланудан алдын (əрі мəтін бойынша тоңазытқыш деп аталатын болады) пайдалану бойынша аталған нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл Сізге оның оңтайлы жұмыс істеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оны бұдан кейінгі пайдалану үшін немесе басқа бір иеленушіге берген жағдайда, барлық құжаттарды сақтап қойыңыз. Аталған бұйым тек тұрмыстық жəне төмендегідей осыған ұқсас қолданыстарға арналған: - дүкендегі, кеңседегі жəне басқа да асханалық ғимараттарда орнату; - мейманхана, қонақ үй жəне басқа да тұрғындық ғимараттардың нөмірлеріне орнату; - «жатақ, түнейтін жер жəне таңертеңгі ас» түріндегі қонақ үйлерде орнату - тамақтандыру қызметін көрсету, азық-түліктерді бөлшек сауда жасауға арналмаған. Аталған бұйым, осы нұсқаулықтың талаптарына сəйкес, тек тұрмыстық жағдайда азық-түліктерді сақтау үшін пайдаланылуы тиіс. Аталған бұйымды кез келген басқа қолданыстар, қауіпті деп қарастырылады жəне болуы мүмкін ысырап үшін өндіруші жауапты бола алмайды. Сонымен бірге кепілдік шарттарына назар аударыңыз. Тоңазытқыш қоршаған ортаның температураның төменде көрсетілген өрісінде қалыпты істейді: SN климаттық класы үшін +10 ден +32 º С дейін (салыстырмалы түрде суық); N климаттық класы үшін +16 ден +32 º С дейін (қалыпты); SТ климаттық класы үшін +10 ден +38 º С дейін (субтропикалық); Т климаттық класы үшін +10 ден +43 º С дейін ( тропикалық); Тоңазытқыштың класы тоңазытқыштың зауыт кестесінде көрсетілген.
Басқа жағдайларда пайдаланған кезде тоңазытқыштың энергетикалық сипаттамалары өндірушінің көрсетілген нұсқауларына сəйкес келмеуі мүмкін. Тоңазытқышты жатын бөлмелерде пайдалануға болмайды. Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған кезде, атқарымдық шулар мен дыбыстардың болатынын ескеру қажет. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оны сақтау немесе дүлей күш əрекеттердің (өрт, дүлей апаттар) кесірінен болған, оны пайдалану шарттарын бұзудың салдарынан пайда болған, бұйымның бүлінуі жəне ақау үшін (соның ішінде, кепілдік кезеңінде) өндіруші жауапты емес. Тасымалдау кезінде тоңазытқыштың бүлінген жерлерінің болмауын тексеріңіз. Оларды тапқан кезде жақын маңдағы Өкілетті Қызмет көрсету Орталығына телефон шалыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Тоңазытқыш қоршаған ортамен жоғары сыйымдылықты газ тəрізді хладагенттен (R600a: изобутан) жəне жылу айырғыш көбіктендіргіштен (HCFC141b) тұрады, алайда олар жанғыш заттар болып табылады. Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауға кеңес беріледі: • Ақау белгілері бар тоңазытқышты ешқашан қоспаңыз; егер бұйымның ақауы бар екендігіне сізде күмəн пайда болса, қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. •Кез келген операцияларды орындаудың алдында желілік шнурды электр розеткасынан суырып тастау қажет. •Тоңазытқыштың ішкі жағында жəне артқы қабырғасында орналасқан тоңазытқыш жүйесінде, хладагент бар. Олай болса, тоңазытқыштың тоңазыту жүйесінің трубаларына зиян келтірмеу үшін, абай болу қажет. •Егер тоңазытқыштың тоңазыту жүйесінде ағып жатқан нəрсені байқасаңыз, электр розеткасына қолыңызды тигізбеңіз жəне жақын жерде ашық жалынды пайдаланбаңыз. Терезені ашып,
бөлменің ішін желдетіп алыңыз. Содан кейін қызмет көрсету орталығына көмек сұрап, жүгініңіз. •Тоңазытқышта қатып қалған қалың мұзды пышақпен немесе басқа да үшкір затпен алмаңыз. Мұндай жағдайда хладагенттың сұлбасына залал келуі мүмкін, оның жүйеден шығып кетуі өрттің пайда болуына əкелуі немесе сіздің көзіңізге зиян келтіруі мүмкін. • Ылғалды, маймен ластанған жəне қоқыс тасталған жерлерде электр құралдары мен аспаптарын орнатпаңыз, сонымен бірге оған су мен күн сəулесінің тікелей түсуіне жол бермейді. • Оны жылытқыш электр құралдары мен аспаптарына жақын жерге немесе жанғыш материалдардың қасына орнатпаңыз. •Ұзартқыш шнурлар мен жалғастырғыш тетіктерді қолданбаңыз. •Жүйелік шнурды тым қатты тартпаңыз жəне майыстырмаңыз жəне желілік шнурдың вилкасын дымқыл, сулы қолмен ұстамаңыз. •Ақауы бар желілік шнурды жəне вилкасының ақауы бар желілік шнурды пайдаланбаңыз; бұл электр тогынан немесе өрттен зардап шегуге əкелуі мүмкін. • Желілік шнурды вилкасы таза болуы қажет, вилкада шаңтозаңның болуы өртке əкелуі мүмкін. • Тоңазытқыштың еріту үдерісін үдету үшін механикалық құрылғылар мен басқа да жабдықтарды пайдаланбаңыз. • Тоңазытқыштың еріткен кезде, ашық отты жəне электр жылытқыш, бу тазартқыш, балауыз шам, майлы жалын жəне осыған ұқсас құрылғылар сияқты, электр жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады. • Тоңазытқышқа жақын жерде жанғыш спрейлерді, мысалы, аэрозолды қорабы бар бояуды пайдаланбаңыз. Бұл өрттің шығуына немесе жарылысқа əкелуі мүмкін. • Егер өндіруші мұндай пайдалануға кеңес бермеген болса, азықтүліктер мен тамақ өнімдерін сақтауға арналған бөлімшелерінде электр аспаптарын пайдаланбаңыз. • Эфир, жанармай, сұйытылған мұнай газы, газ тəріздес пропан, аэрозолды спрейдің ыдысын, желім, таза ішімдік сияқты, жанғыш жəне оңай ұшатын заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз. Бұл жарылысқа əкелуі мүмкін.
•Дəрі-дəрмектер мен ғылыми зерттеуге арналған материалдарды тоңазытқышта сақтамаңыз. •Олардың температурасын қатаң сақтау талап етілетін, материалдарды сақтаған жағдайда, мұндай материалдардың химииялық ыдырау қауіпі бар жəне бақылау мүмкін емес химиялық реакция болуы мүмкін, бұл қауіп-қатер туғызуы мүмкін. • Тоңазытқыштың корпусындағы жəне оның ішкі жағындағы желдеткіш саңылаулар қалқаланбауы тиіс. • Тоңазытқыштың төбесіне контейнерлер мен суы бар ыдыстарды қоймаңыз. • Өз бетіңізше аталған тоңазытқыштың жөндеу жұмыстарын орындауға тырыспаңыз. Барлық жөндеу жұмыстары қызмет көрсету қызметінің білікті қызметкерлері арқылы орындалуы тиіс. • Аталған тұрмыстық электр аспаптары, ақыл-ой қабілет немесе тəндік кемістігі бар тұлғалардың (соның ішіне балалар да кіреді), сонымен бірге жеткілікті тəжірибе мен білімге ие емес тұлғалардың пайдалануына арналмаған. Тек электр аспаптарын пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып-үйренген жəне олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын, тұлғалардың бақылауымен ғана, мұндай тұлғалардың электр аспаптарын пайдалануына рұқсат етіледі. • Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, балалардың электр аспаптарына жақын жерде ойнуына рұқсат етпеңіз. • Газ плитасын қосу үшін пайдаланатын, икемді газды металл қолғаппен тоңазытқыштың артқы қабырғасына (конденсатордың торлары) жанасуға тыйым салынады. • Тоңазытқыш орнатылған ғимараттағы желдету жүйесі, жарамды болуы қажет. • Тоңазытқыштың құрылымын өзгертуге тыйым салынады. Барлық жөндеу жұмыстары кепілдікті жөндеу жұмыстарына өкілетті өндіруші, білікті қызметкер арқылы орындалады. ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған кезде, энергияны үнемеуді арттыру үшін келесі кеңестер беріледі: xQЭлектр аспаптарын жылу көздерінен алыстау орнатыңыз, оған тікелей күн сəулесінің түсуіне жол бермеңіз, сонымен бірге оны жақсы желдетілген, ауасы тазартылған бөлмеге орнату қажет. xQТоңазытқыштың ішіндегі температураның артып кетуінің алдын алу үшін жəне компрессордың ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін, тоңазытқышқа ыстық тамақты салмаңыз. xQТоңазытқыштың ішінде ауаның қалыпты алмасуын қамтамасыз ету үшін, оған тым көп азық-түліктерді салмаңыз. xQЕгер оның ішінде қалың мұз қабаты пайда болса, тоңазытқышты ерітіңіз (Ерітуді қараңыз). Бұл салқын ауаның оңай алмасуы үшін қажет. xQЭлектрмен қамтамасыз ету бұзылған жағдайда, мүмкіндігінше, тоңазытқыштың есігін жабық ұстау қажет. xQТоңазытқыштың есігін барынша азырақ ашу немесе ашық ұстау қажет. xQТермостатта тым төмен температураны белгілеуден аулақ болу. xQТоңазытқыштың сыртқы жағындағы қабырғада жиналған шаңтозаңды тазалау (Тазалау бөлімін қараңыз). xQТоңазытқыштың есіктеріне қойылған резеңкенің таза болуын жəне есікті жапқан кезде корпусқа нығыздалып жабылуын қадағалаңыз, бұл суық ауаның шығып кетуінің алдын алуға мүмкіндік береді. xQТоңазытылған азық-түліктерді тоңазытқыш камераларында еріту қажет, өйткені олардың салқындығы тоңазытқыштың электр қуатын тұтынуын төмендетеді.
КƏДЕГЕ ЖАРАТУ Оның қызмет ету мерзімі аяқталған соң, аталған бұйымды дұрыс кəдеге жарату, қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына жағымсыз жəне теріс əсердің алдын алуға көмектеседі.
Аталған электр аспаптарын дұрыс кəдеге жаратқан жағдайда құнды шикізаттық материалдарды қайтадан қалпына келтіруге болады! Аталған бұйым қарапайым тұрмыстық қоқыс ретінде тасталынбауы қажет. Оның орнына ол материалдарды екінші қайтара пайдалану жəне кейінгі кəдеге жаратуды орындау үшін электр жəне электрондық жабдықтардың өзінің қызмет мерзімін өтеп болған соң, жинақтау бекетіне жіберілуі қажет. Аталған бұйымды кəдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау бойынша жергілікті заңның талаптарына сай орындалуы тиіс. Аталған бұйымды кəдеге жаратуға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жинау жəне оның құрамындағы материалдарды екінші қайтара пайдалану үшін, жергілікті басқару органдарына, тұрмыстық қалдықтарды кəдеге жаратудың жергілікті қызметіне немесе аталған бұйымды сатып алған дүкенге жүгіну қажет болады. Желілік шнурды кесіп, одан электр вилкасын кесіп тастаңыз. Бұйымды кəдеге жаратуды орындау үшін трубаларға зиян келтірмеңіз, өйткені оларда газ тəріздес хладагент бар. Орауыш материалдарын кəдеге жаратуда жергілікті ережелерді орындаңыз.
Сəйкестік Осы өнімге белгі қойып, біз осы өнім үшін заңнамаға қолданылатын барлық еуропалық қауіпсіздік, денсаулық сақтау жəне экологиялық талаптарға сəйкестігін растаймыз.
Азық-түлікке арналған тоңазытқыш Салқындату жүйесінің жұмысының тиімділігі қалпына келуі үшін, электр аспапты қосардан бұрын кем дегенде екі сағат күтіңіз.
Аспапты басқаруға арналған термостаттың панелі тоңазытқыштың камераның ішінде оң жақ үстіңгі бұрышта орналасқан. Егер аспап тиісті түрде жұмыс істемесе, термостатты реттеуштің "0" мəніне орнатылмағанына көз жеткізіңіз.
ЖІБІТУ ЖƏНЕ МҰЗДАТУ Техникалық деректер бар табличка мұздатуға болатын өнімдердің максималды санын көрсетеді (2-ші суретті қараңыз). Реттеуіштің кез келген қалпы кезінде мұздатуға кепілдік беріледі. бұл электр аспапта тоңазытқыш камераны жібіту автоматты түрде жүреді. Су бұруға арналған ойықтардың əрқашан таза болып қалуын қадағалаңыз. Өнімдердің тоңазытқыштың артқы немесе қапталдық қабаттарына тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған уақытта тоңазытқыш камераның артқы қабырғасындағы мұздың немесе су тамшыларының аздаған көлемі қалыпты құбылыс болып табылады.
Назар аударыңыз! Бұл техникалық деректер бар табличка.Ақаулықтар жағдайында сервис бөліміне хабарласу қажет болған жағдайда, оларды осы табличкада көрсетілген мəліметтерді хабарлауды ұмытпаңыз. Бұл маңызды: Егер үй-жайдағы температура тым жоғары болса, аспап үзбей жұмыс істеуі мүмкін жəне тоңазытқыш камераның артқы қабырғасында мұз қабаты түзіледі. Ондай жағдайда ауыстырып қосқышты одан көрі төмен қалыпқа (1-2) бұрыңыз.
Е СІКШЕ НІ Ң АШ Ы ЛУ Б АҒЫ ТЫ Н ӨЗ ГЕР ТУ
Есікшенің ашылу бағытын өзгерту үшін, сіздің бұйымыңыз үшін топсалар мен төлкелерді орнатуға қатысты нұсқауларды ұстаныңыз.
. Тоңазытқышты 45° бұрышқа еңкейтуге кеңес беріледі, өйткені бұйымның астыңғы бөлігінде жұмыс істеу қажет.
Винттерді бұрап алыңыз да, оң жақ
Винттерді, шайбалар мен төлкелерді алып тастап, астыңғы топсаны шешіп алыңыз, содан кейін астыңғы есікшені шешіңз.
Керек-жарақтар жиынынан үстіңгі сол жақ топсаны аударыңыз.
Жұмыс кезінде жоғарыдан төмен қозғалып, топсалар мен есікшелерді ауыстырып қойыңыз: 1 □ 2
(А) жəне (В) бұқтырғыштарды алып тастап, винттерді босатыңыз жəне панельді ішін ара шешіңіз.
Төлкені есікшенің сол жағынан оң жағына ауыстырып қойыңыз.
Notice Facile